Студопедия

Мы поможем в написании ваших работ!




Блиц тест

1. Жүйенің фазалық күйінің геометриялық көрсеткіші бұл-

A. салқындату қисығы

B. диаграмма

C. диаграммадағы сызық

D. эвтектика

E. перектектика

2. Шеті тепе-теңдік фазасымен шектелген горизонталь қима-

A. ликвидус

B. солидус

C. канода

D. эвтектика

E. эвтектоид

3. Канода бойынша қанша параметр анықтауға болады?

A. 3

B. 4

C. 5

D. 6

E. 7

4. Балқымадан бір уақытта екі не одан да көп фазаның кристалдануынан, механикалық қосылысынан тұратын қорытпаның құрылымдық бөлігі –

A. эвтектоид

B. перитектика

C. эвтектика

D. ликвидус

E. солидус

5. Екі компоненттік жүйедегі құрылыстың методикасын жасаған кім?

A. Курнаков

B. Гиббс

C. Биллберг

D. Гуляев

E. белгісіз

Қосымша

Күй диаграммасын құру үлгісі («қалайы – мырыш» жүйесі)

Термиялық анализ әдісімен диаграмма тұрғызу үшін таза металдық салқындау қисығы мен қорытпа тізімін алу керек. Бұл жағдайда таза қалайы - мырыш металл алу зерттелген, сондай-ақ оның қорытпалары доэвтектикалық (4 % Zn + 96% Sn), эвтектикалық (9% Zn + 91% Sn) және екі заэвтектикалық (50% Zn +50% Sn) құрамы.

Термиялық анализ жүргізген соң критикалық нүктесін алу үшін олардың кристалдану қисығын тұрғызу керек. Алынған мәліметпен жүйенің Sn - Zn күй диаграммасы тұрғызылады.

Тұрғызылған күй диаграммасымен салқындау қисығының дұрыстығын теориялық анықтау үшін фаза ережесі қолданылады:

С = К – Ф + 1,

мұндағы, С – бостандық дәрежесінің саны, яғни ішкі және сыртқы факторды өзгертетін сан (температура , концентрция, қысым); К – компонент саны; Ф – фаза саны.

Жүйенің бостандық дәрежесі санының астында тәуелді өзгермелі фактор саны ұғымы түсіндіріледі, оны жүйедегі фаза санын сақтау арқылы өзгертуге болады.Үлгі ретінде жүйелік қорытпаның Sn - Zn кристалдануын қарастырамыз.

Эвтектикалық құрамды бұл жүйенің кристалдануы (9% Zn + 91% Sn) тұрақты температурада өтеді және жүйеде үш фаза болады (сұйық + мырыш кристалл + қалайы кристалл). Фаза ережесіне байланысты бостандық дәрежесінің саны нольге тең:

С = К – Ф + 1 = 2 – 3 + 1=0,

яғни, жүйе нұсқасыз және кез келген температураның немесе сыйымдылықтың өзгерісі тепе- теңдіктің бұзылуына әкеледі. Көлденең алаңда қорытпаның салқындату қисығының болуы тұрақты температураны көрсетеді. Бір фазаның толық жоғалуына дейін температура тұрақты болады, яғни ол фаза – сұйық. Доэвтектикалық және заэвтектикалық қорытпаның кристалдануы температураның ликвидус пен солидус

Сурет. П1.Sn-Zn қорытпаларының күй диаграммасы мен қисық салқындатулары.

сызығындағы интервалмен өтеді. Бұл кезде қорытпа қалайы мен мырыш кристалынан және сұйықтың тәуелділігінен тұрады, яғни Ф=2. Бостандық дәрежесінің саны бірге тең. С = 2 – 2 + 1 = 1. Бұл жүйе бірнұсқалы , ол қорытпаның тепе-теңдігін сақтай отырып, не температураны (концентрацияға өзгермелі тәуелді) не концентрацияны (температураға өзгермелі тәуелді) өзгертуге мүмкіндік береді.

Sn - Zn жүйесінде бөлме температурасында екі қатты фаза болады, қалайы және мырыш кристалдары.Бұл металдардың еруі қатты күйде маңызы жоқ . Сондықтан, қалайы және мырышты тәжірибе жүзінде бір- бірінде ерімейді деп есептейді. Құрамы мен құрылымы бойынша берілген жүйе доэвтектикалы және заэвтектикалы болып бөлінеді.

Доэвтектикалы қорытпа құрылысы (9% Zn төмен) өте көп қалайы кристалы мен эвтектикадан тұрады. Эвтектикалық қорытпаның микроқұрылымы 9% Zn және 91% Sn құрайтын , екі фаза - қалайы және мырыштың механикалық ұсақ қоспасынан тұрады. Заэвтектикалық қорытпа құрылысы ( 9% Zn жоғары) өте көп мырыш кристалынан және эвтектикадан тұрады.

 

Жеке тапсырмаларды орындауға арналған қос жүйелі қорытпалардың күй диаграммалары

 

Сур. П1. Ti – Mn күй диаграммасы Сур. П2. Al – Si күй диаграммасы

 

 

Сур. П3.W – Re күй диаграммасы Сур. П4.Al - Cu күй диаграммасы

Сур. П5.Cu – Be күй диаграммасы Сур. П6.Ti – Cr

 

Сур. П7.Zr – Mo күй диаграммасы Сур. П8.Cr – Ni күй диаграммасы

 

 

Сур. П9.Ti – Ni күй диаграммасы Сур. П10.Mg – Pb күй диаграммасы

 

Сур. П11.Ti – Ni күй диаграммасы Сур. П12.Mg – Pb күй диаграммасы

 

Сур. П13.Ca – Pb күй диаграммасы Сур. П14.V – Si күй диаграммасы

 

Лабораториялық жұмыс №6

«Темір - цементит» жүйелі қорытпаның фазалық тепе-теңдік диаграммасын анализдеу

Терминдер мен анықтамалар.

Тәжірибелік жұмыстың мақсаты – «темір - цементит» күй диаграммасының өзгеруін, осы жүйедегі балқыманың пайда болуын, құрамы мен фазаның салмақтық өлшемін берілген температурада есептеу.

Аустенит– γ -темірде енгізілген көміртектің қатты ерітіндісі (көміртектің – темірде еру шегі – 2,14 %).

Ледебурит – теміркөміртекті қорытпаның құрылымды толықтыруы (эвтектика), негізінен аустент пен цементит кристалдардың механикалық қоспасын келтіретін шойын. Қорытпада 2,14 дан 6,67%-ге дейін көміртек бар.

Перлит- теміркөміртекті қорытпаның құрылымды толықтыруы (эвтектоид) феррит пен цеменитттің пластинкасын кезектестіретін механикалық қоспаны келтіретін барлық қорытпа жүйесінде де аустениттің көміртек концентрациясында 0,02% жоғары, t = 727 С-та түсуін қорытады.

Болат- теміркөміртекті қорытпа, оның құрамында 0,02-2,14% көміртегі бар. Көміртегінің болуы және құрылымды толықтыруына байланысты былай бөлінеді : доэвтектоидты (0,02-0,83% көміртек) эвтектоидты (0,83% көміртек), заэвтектоидты (0,83-2,14% көміртек) болат.

Феррит- a - темірге енгізілген көміртектің қатты етінідісі. Көміртегі 0,02% дейін еритін төменгі температуралы a - феррит және көміртегі 0,1% еру шегіндегі жоғарытемпературалы δ - феррит деп екіге бөледі.

Цементит Ғе3С- көміртегі концентрациясы 6,67% болатын темір мен көміртектің химиялық қосылысы (темір карбиді).

Шойын– 2,14% көп көміртегі құрайтын теміркөміртекті балқыма. Көміртек пен құрылымды толымдылықтың болуына байланысты шойынды мына топтарға бөледі: доэвтектикалық (2,14-4,3% көміртек), эвтектикалық (4,3% көміртек) заэвтектикалық шойын (4,3-6,67% көміртек)

Ақ шойындар– Ғе – Ғе С күй диаграммасына сәйкес көміртекті болат ретінде кристалданатын шойын (көміртек цементит түріндегі химиялық байланыста болады, ақ жылтыр түске ие)


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Теория негізі | 

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 658; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.659 сек.