|
Берілгендерді енгізу. InputBox функциясы.Date: 2014-02-27; view: 1835. End. Implementation Var Type Uses Windows, Messages, Sys Utils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
TForm 1 = class(TForm) Private {Private declarations} public {Public declarations} end; Form 1: TForm 1;
{SR *. DFM}
Интерфейс (interface) бөлімі interfaceкілттік сөзімен басталады да, оған келесі бөлімдер енгізіледі: uses –Турбо Паскальда пайдаланатын бөлім сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлімге пайдаланушы дайындаған модуль атауын кірістіріп қою да мүмкін. Одан әрі, Delphi дайындаған форма muni сипатталады (онда өрістер, қасиеттер, компоненттер сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтенрі) жарияланады, т.б). Private(жеке, дербес) бөліміне тек ағымдық модульге тиісті элементтер енгізілуі мүмкін (элемент - өрістер, әдістер, қасиеттер мен оқиғалар); Public(көпшілік) бөлімінің ішінде ағымдық модульге қол эеткізуге болатын кез келген программа не модульдің көрінетін элементтері, облыстары енгізіледі. Олар класқа енетін элементтердің пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрінеді. Implementation(іске асыру, орындау) бөліміндегі {SR*. DFM} - .dfm кеңейтілуі бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульді оған сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерінің мәндері жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерінің де сипаттамаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspectorтерезесінде көрінеді). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тілінде қажетті процедураларды қолдан кірістіру керек. Олардың ішіндегі оқиғаны өңдеуіш процедуралардың тақырыптары модульдің интерфейс бөлімінде автоматты түрде жазылып қойылады, мысалы, 3. 7. 4, 3.11 – тақырыптарда өңделетін арнайы информация үшін толық модульдер құрылған. Кейде модульдің соңында инициалдау (initialization) бөлімі енгізіледі. Бөлім модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер беріп), программаны дайындау үшін қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлім басқаруды программа денесіне беруден бұрын орындалады. Бөлім нұсқауларын begin және end кілттік сөздерінің арасына енгізу керек. Жоғарыда көрсетілген сияқты, бөлім толтырылмаса, begin сөзі жазылмай, оған текend. Сөзі енгізіледі. Ол – модульдің соңын білдіретін кілттік сөз.
1.5. Берілгендерді енгізу және шығару Типті түрлендіру функциялары Delphi-де айнымалы мәнін жадқа енгізу үшін Турбо Паскальда пайдаланылатын Read (оқу) операторы жоқ. Пограммада ол үшін басқа тәсілдердің қолданылуы мүмкін: 1) меншіктеу командасы; 2) енгізу терезесін пайдалану; 3) форманың Editкомпоненті өрісін пайдалану. Меншіктеу командасының программада жазылуы әдеттегідей, мысалы, х : =4.7;. Енгізу терезесі Delphi – дің стандартты Input Box функциясының терезесі. Программада Input Box (енгізу қорабы) функциясын пайдалану командасының жазылу үлгісі: <айнымалы>:= Input Box(‘<тақырып>’,’<түсініктеме>’,’<мән>’) мұндағы, айнымалы– мәні енгізу терезесіне енгізілетін жолдық типті айнымалы атауы (Input Box функциясының мәні әр кезде жолдық (String) типті. Мән меншіктелетін айнымалы (х) программада х: string;түрінде сипатталуы тиіс); тақырып –енгізу терезесінің тақырыбы ретінде жазылатын мәтін; түсініктеме –енгізу терезесінің ішінде жазылатын түсініктеме мәтін; мән – енгізу терезесі көрінген кезде оның енгізу өрісінде көрінетін мәтін. Әдетте оны бос символдық етіп енгізеді. Мысалы, х:= 4.7 меншіктеу командасын Input Boxфункциясын пайдаланып, мынадай түрде беруге болады: х := Input Box(‘Аргумент мәні’, ‘x=’ , ”) Команданың орындалу барысында көрінетін терезе 1.6-суретте көрсетілген. Терезенің енгізу өрісіне 4,7 мәнін енгізіп, ОК түймесін шерту керек (не КҚклавишін басуға да болады). Ескерту.Windows-тың күйге келтіріліп қойылуына байланысты нақты сан әдеттегідей үтір (,) арқылы бөлініп енгізілуі мүмкін. Ол меншіктелетін айнымалы (х) жолдық типті болғандықтан, қажет болса, оны сандық типті етіп түрлендіру керек.
Стандартты типті түрлендіру функциялары:
|