Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






TScrollBar компоненті


Date: 2014-02-27; view: 686.


Begin

Begin

Begin

Begin

TRadioButton компоненті. Калькулятор программасы

 

TradioButton – байланысты ауыстырып қосқыш компоненті. Формада кемінде оның екеуі орнатылуы тиіс. Олар Checked (тексеру) қасиеті арқылы анықталатын тек екі күйде болуы мүмкін: True және False. Проект іске қосылып, көрінген формада қай ауыстырып қосқыш шертілсе (Check қасиетіне True мәні меншіктелсе), программада осыған сәйкес серия орындалады.

Формада екі санды қосу және азайту амалдарын орындайтын калькулятор моделін дайындау керек болсын.

Программаны түрлі нұсқалы етіп дайындауға болады, оның бір түрін дайындау тәсілі. ( 2-түрі 2.10-тақырыпта берілген):

  1. Жаңа форма ашу;
  2. 2. Формаға Label1,... Label5, Edit1,..., Edit3, RadioButton1, RadioButton2, Button1, Button2 компоненттерін 2.3-суреттегідей етіп орнату;
  3. Компоненттерге қасиеттердің мәндерін меншіктеу:
Компонент Қасиет Мән
Form1 Caption Калькулятор
Label1 Label2 Label3 Label4 Label5 Edit1 Edit2 Edit3 RadioButton1 RadioButton2 Button1 Button2 Caption Caption Caption Caption Caption Text Text Text Caption Caption Caption Caption 1-сан 2-сан Нәтиже + - Бос ету Бос ету Бос ету Бос ету Бос ету OK Close

 

  1. ОК түймесін шертіп, түйменің onClick оқиғасын өңдеуіш процедурасын құру:

 

Procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

var x,y,z : real;

x:= StrToFloat(Edit1.Text);

y:= StrToFloat(Edit2.Text);

If Form1. RadioButton1. Checked = true then

z:=x+y;

Edit3.Text:= FloatToStr(z)

end;

If Form1. RadioButton2. Checked = true then

z:=x-y;

Edit3.Text := FloatToStr(z)

end;

end;

 

  1. Close түймесін екі рет шертіп, процедура соңына программа жұмысын аяқтау процедурасын қосу:

 

Procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

Close

end;

 

  1. Проектіні сақтау;
  2. Проектіні іске қосу. 2.3-суретте бейнеленген форма көрінеді.
  3. Edit1, Edit2 өрістеріне екі сан енгізіп, сәйкес RadioButton ауыстырып қосқышын шерту. Ол орнатылып қойылған (•);
  4. ОК түймесін шерту. Edit3 өрісіне нәтиже жазылады.

Мысалы ретімен Edit1, Edit2 өрістеріне 4.8, 5 сандарын енгізіп, + таңбасы қатарындағы

RadioButton ауыстырып қосқышы, одан әрі ОК түймелері шертілсе, көрінетін нәтиже: 9.8.

Тапсырма: Екі санмен қосу, азайту, көбейту орындайтын калькулятор программасын құрыңыз.

 

Компоненттер палитрасының Standard бетіне енгізілген TscrollBarкомпоненті сандық шама мәнін басқаруға арналған Windows-тың басқарушы элементі. Оның формада орналасқан кездегі түрі –терезе белдеушесіне ұқсас. Белдеушенің сырғытпа түймешесін жылжыту арқылы қажетті мәнді шамамен пайдалануға болады. Компонентің негізгі қасиеттері:

Kind (әр түрлі) - sbVertical, sbHorizontal (белдеушенің сырғытпа түймесінің тік не көлденең жылжуы үшін таңдалатын мәндер).

Position-сандық шаманың ағымдық мәні (0<= мән <= 100).

Max- сандық шаманың өзгеру аралығының ең үлкені (100).

Min-сандық шаманың өзгеру аралығының ең кішісі (0).

 

Max және Min қасиеттерінің мәндері автоматты түрде орнатылып қойылады. Формада сырғытпа түйме жылжыған кезде position мәні min және max мәні арасында автоматты түрде өзгереді. Positionмәнінің өзгеруі кезіндеOnChange оқиғасы өндіріледі.

Мысал. Тікұшақтың жылдамдығы берілетін газ мөлшеріне байланысты. Оның ағымдық жылдамдығын форма терезесінде көрсетіңіз. Егер жылдамдық мөлшері 350-ге жетсе, «Газды төмендет, жылдамдық артық!» ескертуі ShowMessage терезесіне шығарылсын.

  1. Ортаны ашып, формада ScrollBar1 және Label1 компоненттерін орнату.
  2. Компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктеу:

 

 

Компонент Қасиет Мән
Form1 Name Тікұшақ
    ScrollBar1   Label1 Width   Kind Align Min Max Position   Name Font Caption Left     sbVertical alRight (оң жақта)   Label1 Times Kaz, 11 <бос ету>

 

  1. Ретімен ScrollBar1 компоненті мен форманы екі реттен шертіп, ScrollBar1Change, FormCreat процедураларын құру:

 

Procedure Tform1. ScrollBar1Change (Sender : TObject);

var jld, gaz : integer;


<== previous lecture | next lecture ==>
Еlse begin | Goto, Label операторлары. Бос оператор.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.112 s.