Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Температура.


Date: 2015-10-07; view: 1389.


Организмдегі зат алмасу процестерінің интенсивтлігіне әсер ететін аса маңызды экологиялық факторлардың бірі – температура. Ол тірі организмдердің биосферада таралуына үнемі әсер етуші фактор. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы болмайды. Олардың жылу реттунің анатомо- морфологиялық және физиологиялық механизмдері ағзаны қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған. Ылғалдылық жетіспейтін жоғары температуралы белдеулерде тарихи даму барысында жапырақ бетінің ауданы кіші немесе жапырақтары болмайтың өсімдіктердің морфологиялық типі қалыптасқан. Көптеген шөл өсімдіктерінде ақшыл-түкті (белесый- волосяной) жабыны болады. Бұл бейіделушілік күн сәулелерін шағылыстырып, өсімдікті шектен тыс қызып кетуден қорғайды (құм қарағайы) (...........).

Пойкилотермді ағзалардың (грек. тілінен аударғанда poikilos - алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температурасы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жок. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады. Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер жатады.

Гомойотермді ағзаларға (грек. тілінен аударғанда homoiosбірдей) –зат алмасу денгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы түрде турақты болуын қамтамасыз етеді.

Салқынқынды жануарлардың зат алмасуының жылдамдылығы сыртқы ортаның температурасына тура пропорционал, ал жылықанды жануарларда керісінше, температура төмендегенде жылу бөліну артады, яғни зат алмасу процестерінің жылдамдығының артуы жылу өндірудің артуына әкеледі

Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура аутқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады. Пойкилотермді жануарлар температура бірден төмендеп кеткен жағдайда анабиоз жағдайына өтеді. Анабиоз вирустарда, бактерияларда, омыртқасыздарда, қөсмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, қыналарда, мүктерде байқалады.

Гомойотермді ағзаларда жылу реттеулінің механизмдері химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық механизмді ағзадағы реакциялардың интенсивтілігі қамтамасыз етеді де, рефлекторлық жолмен жүзеге асады. Жылу реттеулінің физикалық механизімін жылу сақтау жабыны (қаурсындар (перья), жүн, май қабаты), тері бездерінің қызметі, тыныс алу кезіндегі ылғалдың булануы, қан айналудың қан тамырлық реттелуі қамтамасыз етеді.

Пойкилотермді және гомойотермді жануарлар арасында аралық жағдайда гетеротермді жануарлардың орналасады. Оларда белсенді жағдайда дене температурасы салыстырмалы түрде жоғары және тұрақты болса, ал тыныштық қүйінде дене температурасының сыртқы орта температурасынан айырмашылығы болмайды. Бұл жануарларда ұйқыға кеткен кезде зат алмасу деңгейі төмендейді де, денесінің температурасы қоршаған орта температурасынан аздап қана жоғары болады. Гетеротермді жануарлардың өқілдері (представители) ретінде –сарышұнақ (грызуны), кіріп (ежик), жарғанат (летучая мышь), аю, үйректұмсық (утконос), кенгурулар мысал бола алады.

 

4.3. Ылғалдылық.

Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық фактор және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады.Қоршаған ортаның ылғалдалығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды фактордың бірі. Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындарының өткізгіштігі маңызды рөл атқарады. Су режиміне баланысты өсімдіктер мен жануарлардың мынадай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдылықты сүйгіш деп бөліп қөрсетуге болады.

Ылғалды қажеттілгіне қарай өсімдіктер төмендегіндей топтарға бөлінеді:

1. Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда hydratorсу) – су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе тлығынан суға батып тұрады(элодея, тұңғиықгүл (..............) т.б.).

2. Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда hydorсу) –құрлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ (стрелолист)).

3. Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда hydrosылғалды) – ылғалдығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда – батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.

4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesosорташа, аралық) – қоныржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапыпақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арам-шөптер жатады.

5. Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xerosқұрғақ) – құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

а) суккуленттер(латын тілінен аударғанда succulentus – шырынды) – ұлпаларында суды көп мөлшерде қоға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава).

б) склерофиттер (грек тілінен аударғанда sklerosқұрғақ, қатты) – құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ (верблюжья колючка), жусан (полынь), боз селеу (серебристый ковыль)). Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа (чешуя) айналған.

Қурлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:

1.Гидрофилдер ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері (моллюски) мен амфибиялар).

2. Мезофилдер –орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер (насекомые), құстар, сүтқоректілер).

3. Ксерлофилдер – жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырмен жорғалаушылары). Бұл жануарлардың өзіндік бейімделушіліктері пайда болған. Мысалы, шөл тасбақалары суды қуығында қорға жинайды. Кейбір сұтқорктілер май қабатының тотығ – нәтижесінде пайда болған метаблиттік суды пайдалануға бейімделген. Метаболиттікуы судың есебінен қөптеген бунақденелілер, түйе, құйрықты қой, тышқандар тіршілік етеді.

Өзіндік бақылау сұрақтары.

1. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.

2. Ағза және мекен ету жағдайлары. Экологиялық факторлар және олардың классификациялары.

3. Антропогендік факторлар әсерлерінің спецификалық ерекшеліктері.

4. Либихтың минимум заңы.

5. Шелфордтың толеранттылық заңы. Толеранттылық диапазоны.

6. Стенобионтты және эврибионтты ағзалар.

7. Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні

8. Температураның экологиялық мәні.

9. Жарықтың экологиялық мәні.

10. Судың экологиялық мәні.

 

Дәріс 4,5 (2 сағ.).


<== previous lecture | next lecture ==>
Даралар экологиясы- аутэкология | Популяциялар экологиясы – демэкология.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.28 s.