Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Есім хан (1598-1628) 4 page


Date: 2015-10-07; view: 1160.


1871 жылы Ресей əскері Іле өлкесіне енгізіліп, Іле сұлтандығы Түркістан г енера л - гу б ерна т о р лығына бағындырылды. Бұл Жетісу өлкесі мен Батыс Қытай арасындағы керуен саудасын күшейткенімен, ресейлік отарлық тәртіптің орнауына да жол ашты.

1881-1883 жылдары орыс үкіметінің келісімімен ұйғыр, дүнген және қазақтардың бір бөлігінің Жетісу мен Қырғыз өлкесіне қоныс аударуы халық санының өзгеруіне, шаруашылық ынтымағының тереңдеуіне жол ашты. 1860 жылғы Пекин шарты, 1864 жылғы Шəуешек хаттамасы Ресейдің Қырғыз елі мен Жетісуды өзіне қаратып алғаннан кейін қалыптасқан ахуалды ресми түрде тануды негіздеді.

1881 жылғы Петербург сауда шарты жасалды. Шекаралық аудандардағы керуен саудасын көтеру, орыс-қытай шекарасынан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықта шайды баж салығынсыз сатуға рұқсат беру, су жолын ашу мәселелері қарастырылды. Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланыстарына кең жол ашылды.

1882 жылы Верный көпесі Вали Ахун Юлдашев пен инженер Поклевский Колпаковскийдің қолдауымен Англиядан су кемесін сатып алды. 1883 жылғы 4 мамырда 20 мың пұт астық тиеген кеме Іле өзені арқылы Қытайдың Сүйдін бекінісіне жіберілді. Қытаймен тікелей Іле су жолының ашылуы 19 ғасырдың 2-жартысындағы орыс- қытай қатынасындағы белді оқиға болды.

19 ғасырдың 80 жылдары сауда байланыстарында Ресейдің Ірбіт, Крестовск жəрмеңкелері жəне Жетісу өлкесіндегі Қарқара, Орталық Қазақстандағы Қоянды (Ботов) жəрмеңкелері ерекшеленді.

1890 жылғы 14 маусымда Шыңжаңмен сауданы ұйымдастыру үшін Түркістан округімен қатар Семей сауда округі құрылды. Бүкіл Қазақстан және Оңтүстік Сібір арқылы өтетін шекарадағы кедендердің қызметін бақылау, баж салығының қазынаға өткізілуін қадағалау жолға қойылды. 1894 жылғы 30 тамызда Сібір теміржолының іске қосылуы Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа сатыға көтерді. Сібір өлкесінің экономикалық дамуына үлесін қосты. Қытайға жақын аудандарға тауарлар жылдам жеткізілетін болды. 19 ғасырдың II жартысында Қазақ өлкесі арқылы дамыған сауда байланыстары өзара тиімді болды, екі елдің арасында тығыз шаруашылық байланыс орнады.

 

III бөлім. Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың II жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы

 

18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды. 19 ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта, Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа жəне Қоқан хандықтарының иелігінде болды. Орта Азия хандықтары ағылшын үкіметінің жасырын қолдауына сүйенді. Хиуа ханы Мұхаммед-Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылғы ақпанда 10 мың əскерімен 2 мыңға жуық қазақ ауылдарын талқандады.

1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре бастаған

қазақ шаруаларының азаттық қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып Түркістан, Шымкент, Əулиеата, Сайрам өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып кетті. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылды. 19 ғасырдың 20-30 жылдары қазақтар мен қырғыздардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілістері Түркістан, Шымкент, Сайрам, Əулиеата, Пішпек аудандарын қамтыды.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда жəне саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кіруіне алғышарттар дайындады. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған аймақ Ресей құрамына алынды. 1825 жылы Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді.

Қазақтардың біртіндеп Ресей қол астына өтуі Қоқан билеушілерінің қарсылығын тудырды. 19 ғасырдың 20-30 жылдары Ресей сыртқы Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалы күшейіп, әскери бекіністер салынды. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында Ақтау, Алатау, Қапал (1847ж.), Сергиополь (Аягөз), Лепсі (1855ж.) бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті. 1847 жылы Қапал бекінісінің салынды. 1848 жылғы 10 қаңтарда Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды.

Бұл оқиғалар Лепсі мен Іле аралығындағы қазақтардың және 40 мың қырғыз отбасының Ресейге өз еріктерімен мойынсұнуын жеделдетті. Орыс әскерінің Жетісуға тереңдеп енуі Орта Азия және Кіші жүз жерлері арқылы іске асырылды.

Верный бекінісі негізінің салынуы

 

Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары Қоқан билігінде болды. Қоқан хандығының басты тірегі Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек бекінісі еді. 1851 жылы 7 шілдеде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілді. 1853 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийдің басшылығымен Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қарады. Орыс əскерлерінің Іле

бойымен жылжуына жол ашылды. 1853 жылы Ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышельскийй отряды Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінде Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылғы көктемде М.Д.Перемышельскийй отряды Алматы қонысының орнына Верный бекінісін салды. 1854 жылғы күзде Верныйға Іле отрядының 470 əскері əкелінді. 1855 жылы Сібірден 400 отбасы келіп қоныстанды. Олар Үлкен Алматы станицасын мекендеді. Верный кейін Іле қонысы деп аталды.

Верный бекінісі Шу мен Талас алабына Ресей империясының экономикалық-саяси ықпалын жүргізетін басты тірекке айналды.

1855 жылғы жазда Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды. 1856 жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан және Воронежден келген қоныстанушылар көбейді. 1857 жылы тұңғыш су диірмені салынып, ал 1858 жылы сыра зауыты іске қосылды. Белгілі ғалым–саяхатшылар П.П.Семенов-Тяньшанский, Н.М.Пржевальский, И.А.Северцев, XІX ғасырдың 60 - жылдары Ш.Уəлиханов Верныйда болған. Верный бекінісінің салынуы 19 ғасырдың 50-жылдарында Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.

 

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары

 

Патша үкіметі Қоқан хандығын ығыстырып, өзінің жергілікті қазақтар арасындағы саяси билігін нығайту үшін бірқатар шараларды іске асырды. Іле өңіріндеәскери күштерді молайтып, керуен жолдарын бақылауға алуға, сауда-саттыққа зер салуға ерекше мін берілді. 800 орыс және 100 қазақтан тұратын күшті басқарған подполковник Шайтанов Шу алқабына қарай бағыт алды. Сұраншы, Шаян батырлар, Жайнақ би Ресей әскерін қоқандықтар озбырлығынан құтқарушы ретінде қарсы алды. 1859 жылы Ұлы жүз бен қырғыз елінің солтүстігінде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Орыс əскерінің Шу аңғары арқылы Қоқан бекіністері Əулиеата, Шымкент, Ташкентке қарай жүруі осы жерден басталды. 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақ, 4 қырқүйекте Қоқанның Жетісудағы тірегі Пішпек алынды. Қоқан ханы Верный бекінісіне 22 мыңдық əскер жіберді. Қазақ феодалдары екіге бөлініп, Кенесарының баласы сұлтан Сыздық тобы Ресейге қарсы шықты. Феодалдардың көпшілігі Қоқан ханына қарсы шықты.

1860 жылғы 19-21 қазанда болған Ұзынағаш шайқасында Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский əскері қоқандықтарды жеңді. Қоқандықтар - 400 адамнан, орыстар – 2 адамнан айрылды. 1863 жылы Ресей құрамына 4 мың шаңырақ қоңырат, 5 мың шаңырақ бестаңбалы рулары кірді.

Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздықтың күшеюі орыс әскерінің соғыс қимылдарын жеделдетуіне түрткі болды. 1864 жылғы көктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша əскері Шу алқабын, Мерке, Əулиеата, Түркістан бекіністерін алды. Полковник М.Черняев әскері Шымкент бекінісіне бет алды. Қоқан билеушісі Әлімқұл Хиуа, Бұхар хандықтарымен одақ жасауға тырысты. 1864 жылғы 22 қырқүйекте Шымкент алынды. 1865 жылғы шілдеде орыс әскері Ташкентті басып алды.

1866 жылдың басында Бұхар хандығының жеріне орыс əскерлері басып кіріп, хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді. Бұхар хандығының солтүстігінде қоныстанған қазақтар өзбектермен қатар Ресейдің билігін мойындады. 1868жылғы қаңтардағы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты бірқатар жер, оның ішінде Қоқан хандығына тəуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал- губернаторлығына бағындырылды. Ал 1873 жылғы Хиуа хандығының жеңілісі қазақтардың оларға тəуелділігін жойды.

Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан жері 15 ғасырдың орта кезінен бастап ерекше мәнге ие болған. Қазақ-орыс байланыстарының жолға қойыла бастауы IY Иван билік құрған кез болып есептеледі. 18 ғасырдағы князь А.Бекович-Черкасскийдің, И.Д.Бухгольцтің, И.М.Лихаревтің, П.Ступиннің әскери барлау экспедициялары қазақтарды Жоңғария шапқыншылықтарынан қорғауда елеулі орын алды. Қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі 18 ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылды.

IV бөлім. 19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Халық ағарту ісінің дамуы

Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылуы ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дəстүрі мен мəдениетінің жаңа сипат алуына әсер етті. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беруге негізінен “мұғалімдікке” куәлігі бар адамдар тартылды.

Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор, Семей, Орал қалаларында орысша білім беретін мектептердің ашылуынан көрініс тапты. Қазақ жерінде 1789 жылы Азиялық училище ашылып, монғол, маньчжур, қытай, парсы тілдерін оқытты. 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда əскери училищелер ашылып, ресейлік əкімшілік үшін шенеуніктер дайындады. Олар кейін 1837 жылы Сібір кадет корпусы, 1844 жылы орынборлық Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. 1841 жылы Кіші Ордада Жəңгір ханның ұйымдастыруымен татар, орыс тілінде оқытатын мектеп ашылды. Орынбор губернаторының ықпалымен ашылған бұл мектеп қазақ жастарына білім беру ғана емес, отаршылдық әкімшілікке берілген қызметкерлер даярлауды мақсат еткен. 1831 жылы Омбы облысының қоныстарында орысша білім беретін училищелер ашу ұйғарылды. 1831 жылғы 18 қыркүйекте Семейде орысша оқытатын училище ашылды. 1836 жылы Өскеменде интернаты бар училище ашылды. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан орыс мектептері ашылды. Мұғалімдердің, қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйлерінің талапқа сай келмеуі Қазақстанда орыс тілді мектептердің дамуына мүмкіндік бермеді.

В.И.Даль 1833-1841 жылдары Орынбор әскери губернаторының жанындағы шенеунік қызметте жүргенде Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз əдебиетінің үлгілерін жинастырды, әңгімелер жазды. 1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысқан. 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына жанашырлық білдірді. “Бикей мен Мəулен” повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.

1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мəлімет жинақтады. “Пугачев бүлігінің тарихы”, “Капитан қызының” баспадан шығуы орыс демократиялық өкілдерінің Орта Азия мен Қазақстан туралы құнды мәліметтердің тарауына септігін тигізді. А.С.Пушкин Оралда “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасымен танысқан.

19 ғасырдың 20-40 жылдары Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі басталды. 1848-1849 жылдары Г.С.Карелиннің Каспий теңізіне, А.Бутаковтың Арал теңізіне жасаған экспедициялары қазақ даласын зерттеудегі үлкен бетбұрыс болды. Олар Сырдария өзенінің жағалауларын картаға түсірді. Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі.Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин қазақ жерін топоргафиялық зерттеумен шұғылданып, табиғи байлықтарын анықтады.

Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, И.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының өмірін зерттеп, тарихи еңбектер жазды.

 

19 ғасырдың I жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті

 

19 ғасырдың I жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым қалыптасты. Еңбекші бұқара мүддесін көздеген және ірі ақсүйектер мүдделерін жақтаушылар.

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туды. 20 жасынан Жəңгір ханның ұлы Зұлқарнайынмен бірге 1824-1829 жылдары Орынборда тұрды. 1829 жылы шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет Калмыков түрмесінде отырды. Ақын өз шығармаларында үстем таптың озбырлығын айыптады. Ол поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен орыс солдаттарын азат етуіне көмектескен. Махамбеттің өлеңдері 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісінің себептерін, мақсаттарын айқындайды. Ол шығармаларында езілген еңбекшілер өмірін, билеуші таптың озбырлығын суреттейді. 1846 жылы 20 қазанда Баймағамбет сұлтанның жендеттерінен қаза тапты.

Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) – Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туды. 1836-1838 жылдардағы Кіші Ордадағы көтеріліске қатысты. Шернияздың əдебиет саласына қосқан жаңалығы–суырып салма өнерді жетілдіруі. Өлеңдерінде феодалдардың оғаш мінездерін əжуалап, əшкереледі.

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895) – Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып өскен. Жастай екі көзінен айрылып, ақындық өнері күн көрудің негізі болды. Шөже – ірі эпик ақын, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының ең көркем нұсқасы оның айтуымен тараған. Шоқан Уəлиханов Шөженің суырып салма өнерін жоғары бағалады.

Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 ) – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракəстек ауылында дүниеге келді. Тілге жүйрік Сүйінбай 14-15 жастан ақындық өнерге машықтана бастады. Оның өлеңдерінде өмір шындығы, еңбекшілердің ой-арманы айқын сезіледі. Сүйінбай – Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанып, Жамбылдың ұстазы болған.

19 ғасырдың музыкалық мəдениетінде елеулі із қалдырған көтеріліс - 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Әр түрлі музыкалық аспаптардың ішінде халық арасына кең тарағаны – домбыра. Өнерімен халыққа жағымды болғандарға сал, сері деген құрметті атақтар қосылып айтылатын болған. Ауқатты қазақтар айбалта, жебесі мен қорамсағы бар садақ ұстады. Белгілі әскербасылар мен батырлардың сауыты, қалқаны, қылышы, металмен ұшталған найзасы болды. Қазақ жасақтарының ішінде мылтық ұстайтындары да кездесетін. Мылтықты негізінен Орта Азия саудагерлерінен малға немесе шикізатқа айырбасқа алатын.

Қазақтың киіз үйлері өлкеге келген орыс және шетел жиhангездерін таң қалдырды. Ал орманды өңірде алты қырлы ағаш құрылыстар мен орыс қонысы типтес бір бөлмелі үйлер кеңінен тарады. Хан, сұлтандар ортасынан шыққан дәулетті ақсүйектер кептірілген бөренеден бірнеше бөлмелі үйлер салдырған. Ресейге қосылу барысында көшпелі өмірден отырықшылыққа ойыса бастауының әсері қазақтардың тұрғын-жайларынан көрінген.

 

V бөлім. 19 ғасырдың II жартысындағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар

 

1822, 1824 жылдардағы жарғылар жаңа капиталистік қарым-қатынастарға, өрістей бастаған өлкенің шаруашылық даму талабына қайшы келді. 19 ғасырдың 60 жылдары қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын Батыс және Шығыс облыстарға бөлу көзделді. Бұл ұсыныстар қабылданбады. Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған “Дала комиссиясына” жүктелді. Ғалым Шоқан Уәлиханов Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті. Алайда комиссия феодалдық топ өкілдері ірі бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уəлиханұлы, аға сұлтан Сейдəліұлынан жиналған мəліметтерге сенім артты. 1867 жылғы 11 шілдеде “Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді. 1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор жəне

Батыс Сібір генерал- губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша

Ереже” бекітілді.

Қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан - орталығы Ташкент, Орынбор – орталығы Орынбор, Батыс Сібір – орталығы Омбы. 1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахан губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Түркістан генерал-губернаторлығына Қытай және Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат етілді.

1867-1868 жылдардағы реформаның түйінді жері әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы болды.

Генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға жіктелді. Орынбор генерал-губернаторлығына Орынбор және Торғай облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына Жетісу және Сырдария облыстары, Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары біріктірілді. Облыс басында тұрған әскери губернатор сонымен қатар, сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді. Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол шаруашылық, сот істері, жарлықты жүзеге асыру бөлімдерінен тұрды. Облыстық басқарма істерін қадағалау вице-губернаторларға тапсырылды. Уездер аумақтық принципке негізделген болыстарға, ал болыстар 100 -200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. Сұлтандар үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды. Реформаның таптық мазмұнын, отаршылдық бағытын осыдан көруге болады. Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар өкілдер жиынында 3 жылға сайланатын. Болыстық және ауылдық старшындар сияқты ақсақалдарға да қоладан құйылған арнайы белгі мен мөр тапсырылатын. Сот ісін басқару құрылымы үшке бөлінді. Əскери – сот комиссиялары, уездік соттар, билер мен қазылар соты. Сырдария облысында қазылар соты сақталса да, әскери уездік соттардың дауларды шешудегі әсері басым болды. Әскери губернатор бекіткен билер мен қазылар соты патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды.

1867-1868 жылдардағы реформалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды. Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. Феодалдық - патриархалдық қатынасты əлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады, яғни кедейленген қазақтардың өндіріс орындарына шоғырлануы. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды. Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы реформаның

теріс жақтарын өз шығармаларында мысқалдап, сынады.

 

19 ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі

 

1867-1868 жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті. Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі етіп жариялады. Жаңа бекіністер салуға шаруалардың жері тартып алынды. Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілді. Осы ауыртпалықтар қазақ шаруаларын азаттық күреске көтерді.

1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазаны аралығында болған Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы жəне антифеодалдық сипатта болды. Көтерілісті басқаруға артықшылықтарынан айырылған ру басылары қатысып, кейін көтерілістің бұқаралық, таптық бағытынан сескеніп ауытқыды. 1869 жылғы 6 мамырда Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында фон Штемпельдің 200 атты және бір рота жаяу әскер тобына көтерілісшілер шабуылдады. 20000 көтерілісші фон Штемпельдің тобын 7 күн бойы қоршап, жазалаушылар шайқаспай əскери шепке қайтып кетті. 1869 жылғы наурыз, маусым айларында 3 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Орал облысындағы азаттық күресті басуға ірі әскери күш жіберілді. Ақсүйектер опасыздығынан, нашар қаруланған, ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген көтеріліс талқандалды.

1870 жылы Маңғыстау түбегінде шаруалар көтерілісі басталды. 40 мыңдық шаңырақтан тұратын адай руы екі жылда 160.000 сом салық төлеуге тиіс болды. Бұл адайлықтардың қарсылығын туғызды.

Жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы көтеріліске түрткі болды. 1870 жылы наурыздың ортасында Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин тобы “Ережелерге” қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінде Досан, Тəжіұлы, Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады. Подполковник Рукин атылып өлді. Жеңіс көшпелілерді рухтандырып, қозғалыс бүкіл Маңғыстауға тарады. Шаруалардың көтерілісін басқа да әлеуметтік топтар қолдады. Николаевск станицасы мен Александровск форты cлободкосының балық аулау кəсіпшілігіндегі ауқаттылардан тартып алынған қайықтардан “флотилия” құрған көтерілісшілер тобы 10 мыңға жетті. 1870 жылғы 5 сəуірде қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Алексанровск фортына шабуылдады.


<== previous lecture | next lecture ==>
Есім хан (1598-1628) 3 page | Есім хан (1598-1628) 5 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.232 s.