Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тест тапсырмасы


Date: 2015-10-07; view: 3954.


Қазақстан тарихы пәнінен

1 курс, Барлық мамандықтың студенттері үшін

 

 


1. Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?

А) Ерте тас дәуірі

В) Орта тас дәуірі

С) Кейінгі тас дәуірі

Д) Мезолит дәуірі

Е) Неолит дәуірі

 

2. Орталық Қазақстаннан табылған ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткішін анықта.

А) Құдайкөл

В) Тегіскен

С) Қозыбай

Д) Өніжек

Е) Сексеуіл

 

3. Кейінгі палеолит дәуірінің хронологиясын ата.

А) Б.з.б. 40 мың – 12 мың жыл.

В) Б.з.б. 5 мың – 2 мың жыл.

С) Б.з.б. 10 мың – 5 мың жыл.

Д) Б.з.б. 140 мың – 40 мың жыл.

Е) Б.з.б. 800 мың – 140 мың жыл.

 

4. Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?

А) Мезолитте

В) Неолитте

С) Палеолитте

Д) Қола дәуірінде

Е) Темір дәуірінде

 

5. Кейінгі палеолит дәуірінде ежелгі адамның қайсысы қалыптасты?

А) Неандертальдық

В) Австралопитек

С) Питекантроп

Д) Синантроп

Е) Кроманьондық

 

6. Еңбек құралдарын дөңгелек өзектастан (нуклеус) жасау әдісі қай дәуірде кең тарады?

А) Мусьтер дәуірі

В) Қола дәуірі

С) Неолит дәуірі

Д) Мезолит дәуірі

Е) Темір дәуірі

 

7. Неолит дәуірінде Қазақстанның қай аймағында яшма мен кварциттен еңбек құралдары жасалды?

А) Солтүстік-Шығыс Балқашта

В) Сырдарияның төменгі ағысында

С) Қаратау жотасында

Д) Арал өңірінде

Е) Жетісуда

 

8. Кейінгі палеолит қай кезеңді қамтиды?

А) Б.з.б. 40 мың – 12 мың жыл.

В) Б.з.б. 15 мың – 5 мың жыл

С) Б.з.б. 10 мың – 5 мың жыл

Д) 50-40 мың жыл бұрынғы

Е) 10-2 мың жыл бұрын

 

9. Мезолит дәуірінің ескерткіші – Дүзбай тұрағы Қазақстанның қай жерінен табылды?

А) Солтүстік Қазақстан

В) Оңтүстік Қазақстан

С) Батыс Қазақстан

Д) Шығыс Қазақстан

Е) Орталық Қазақстан

 

10. Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі қалай аталды?

А) Жарып түсіру техникасы

В) Нуклеустік тәсіл

С) Ретушь (түзету) тәсілі

Д) Жылтырата тегістеу

Е) Қаптау тәсілі

 

11. Орта палеолит дәуірінің ең көне тұрағын ата.

А) Обалысай тұрағы

В) Сарытас тұрағы

С) Ш.Уәлиханов тұрақ

Д) Қарабас тұрағы

Е) Свинчатка тұрағы

 

12. Қай кезеңде шаруашылық еңбек қалыптасып өнім өндіру шықты?

А) Неолит

В) Палеолит

С) Мезолит

Д) Қола

Е) Темір

 

13. Рулық қауым кезінде меншіктің қай түрі қалыптасқан?

А) Ортақ меншік

В) Жеке меншік

С) Мемлекеттік меншік

Д) Ақсүйектер меншігі

Е) Меншік болмаған

 

14. «Қытай адамы» қалай аталады?

А) Синантроп

В) Неандертальдық

С) Питекантроп

Д) Австралопитек

Е) Кроманьондық

 

15. Кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіші – Шақпақ ата тұрағы Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Батыс Қазақстан

В) Оңтүстік Қазақстан

С) Орталық Қазақстан

Д) Шығыс Қазақстан

Е) Солтүстік Қазақстан

 

16. Жеңіл найза, ілмекті сүңгілер қай дәуірде шыққан?

А) Кейінгі палеолит

В) Ерте палеолит

С) Орта палеолит

Д) Мезолит

Е) Неолит

 

17. Сатшықыз тұрағы қай кезеңге жатады?

А) Б.з.б. 5 мың – 3 мың жыл.

В) Б.з.б. 800 мың – 140 мың жыл.

С) Б.з.б. 40 мың – 12 мың жыл.

Д) Б.з.б. 2 мың – 1 мың жыл.

Е) Б.з.б. 12 мың – 5 мың жыл.

 

18. Неолит дәуірінде тас өңдеу техникасының қандай тәсілі пайда болды?

А) Жылтырлата тегістеу тәсілі

В) Жарып түсіру тәсілі

С) Түзету арқылы өңдеу тәсілі

Д) Нуклеустік тәсіл

Е) Қалақтар жасау тәсілі

 

19. Ерте палеолит дәуірі мәдениетінің хронологиялық кезеңін тап.

А) Б.з.б. IV мың ж. аяғы – II мың жыл.

В) Б.з.б. VI мың ж. – III мың жыл.

С) Б.з.б. VII мың ж. – VI мың жыл.

Д) Б.з.б. VIII мың ж. – VII мың жыл.

Е) Б.з.б. I мың ж. – б.з. I мың жыл.

 

20. Мустьер деп қай дәуірді атайды?

А) Орта палеолит

В) Ерте палеолит

С) Кейінгі палеолит

Д) Мезолит

Е) Неолит

 

21. Палеолит дәуірінің кезеңін анықта?

А) Б.з.б. 2 млн – 12 мың жыл.

В) Б.з.б. 2 млн – 140 мың жыл.

С) Б.з.б. 2 млн – 150 мың жыл.

Д) Б.з.б. 2 млн – 100мың жыл.

Е) Б.з.б. 2 млн – 85 мың жыл.

 

22. Шаруашылық еңбектің қалыптасып, өнім өндіру кезеңі қай дәуірде шықты?

А) Неолит

В) Мезолит

С) Темір

Д) Қола

Е) Палеолит

 

23. Кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіші қайсысы?

А) Ащысай, Үсіктас

В) Шірік-рабат, Баланды

С) Зотобольское, Чаглинка

Д) Ініжек, Аққыр

Е) Сексеуіл

 

24. Қазақстан территориясынан қанша неолиттік және энеолиттік ескерткіштер табылды?

А) 500

В) 1500

С) 1000

Д) 950

Е) 700

 

25. Неолит дәуірінде Ботай тұрағынан не табылды?

А) Жертөледен жылқы сүйектері

В) Әйел – ана бейнесі

С) Қыш ыдыстар мен тастан жасалған

Д) Пышақ тіліктер

Е) Гемма

 

26. Кейінгі палеолит дәуірінде күрделі діни сенімнің болғандығын не көрсетеді?

А) Мәйітке қызыл бояу жағу

В) Мәйітті өртеу

С) Мәйіттің аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызу

Д) Еңбек құралдарын бірге көму

Е) Діни сенім болған жоқ

 

27. Тік жүретін адам қай дәуірде өмір сүрген?

А) Ежелгі палеолит

В) Мезолит

С) Мусьтер

Д) Неолит

Е) Кейінгі палеолит

 

28. Андронов мәдениетінің басты ерекшелігін бөліп көрсет:

А) Көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты

В) Тұрмысқа қажет ыдыстарды саздан жасады

С) Бұйымдарды былғары мен сүйектен жасады

Д) Тоқымашылық дамыды

Е) Сауда дамыды

 

29. Қола дәуірінің хронологиясын анықта

А) Б.з.б. XVIII – VIII ғасырлар

В) Б.з.б. II – б.з. I ғасырлар

С) Б.з.б. XVI – V ғасырлар

Д) Б.з.б. VIII – III ғасырларда

Е) Б.з.б. ІV – III ғасырлар

 

30. Андроновтықтар үшін ең қасиеттті орын не болып есептелді?

А) Ошақ

В) Төр

С) Босаға

Д) Діңгек

Е) Шаңырақ

 

31. Андроновтық алғашқы ескерткіштер қайсы археологтың қазба жұмысы арқылы табылды?

А) Б.Андрианов

В) А.Ақышев

С) Ә.Марғұлан

Д) С.Черников

Е) М.Грязнов

 

32. Қола дәуірінде Қаратау жартастарына ненің 49 суреті салынған?

А) Соғыс арбаларының

В) Бұқаның

С) Қос өркешті түйенің

Д) Соқаның

Е) Жауынгерлердің

 

33. Беғазы қонысы Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Орталық Қазақстан

В) Оңтүстік Қазақстан

С) Сырдария бойы

Д) Жетісу

Е) Шығыс Қазақстан

 

34. Андроновтықтар қоғамында негізгі топ кімдер болып есептелді?

А) Жауынгерлер

В) Ақсүйектер

С) Малшылар

Д) Қолөнершілер

Е) Егіншілер

 

35. Жетісу аймағындағы Мыңшұңқыр қабірінен табылған сырғалар қай кезеңге жатады?

А) Б.з.б. І мыңжылдықтың басы

В) Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы

С) Б.з.б. І мыңжылдықтың соңы

Д) Б.з.б. ІІ мыңжылдық

Е) Б.з.б. ІІІ мыңжылдық

 

36. Андроновтықтар қай нәсілге жатады?

А) Еуропалық нәсіл

В) Моңғолдық нәсіл

С) Негрлік нәсіл

Д) Түркілік нәсіл

Е) Еуропалық-моңғолдық нәсіл

 

37. Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жерлеу дәстүрі қай дәуірге тән болған?

А) Қола

В) Палеолит

С) Мезолит

Д) Темір

Е) Неолит

 

38. Қола дәуірінің Орталық Қазақстанда табылған археологиялық ескерткішін ата.

А) Ақсу-аюлы

В) Тегіскен

С) Шірік-рабат

Д) Үсіктас

Е) Қосқұдық

 

39. Кейінгі қола дәуірінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. XII – VIII ғасырлар

В) Б.з.б. ХVII – XV ғасырлар

С) Б.з.б. XV – XII ғасырлар

Д) Б.з.б. XVIII – ХVI ғасырлар

Е) Б.з.б. VIII – V ғасырлар

 

40. Батыс Қазақстандағы андронов мәдениетінің ескерткіштерін тапқан археолог кім?

А) М.Грязнов – 1927 ж.

В) А.Максимова – 1960 ж.

С) Х.Алпысбаев – 1958 ж.

Д) Б.Андрианов – 1914 ж.

Е) З.Самашев – 1998 ж.

 

41. Андронов мәдениетінің тайпалары қай жерді мекендеді?

А) Батыс Сібір мен Қазақстанды

В) Батыс Еуропа мен Қазақстанды

С) Шығыс Еуропа мен Қазақстанды

Д) Оңтүстік Азия мен Қазақстанды

Е) Қытай мен Қазақстанды

 

42. Андроновтық тайпалар қай тілде сөйлеген?

А) Үнді-ирандық тіл

В) Қытай тілі

С) Түркі тілі

Д) Моңғол тілі

Е) Үнді-еуропалық тіл

 

43. Андроновтықтар кейінгі қола дәуірінде неге табынған?

А) Ай және жұлдызға

В) Жерге

С) Аспанға

Д) Ата-баба аруағына

Е) Найзағайға

 

44. Орта қола дәуірінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. XV – XII ғасырлар

В) Б.з.б. ХV – XІV ғасырлар

С) Б.з.б. XV – XIIІ ғасырлар

Д) Б.з.б. XV – ХI ғасырлар

Е) Б.з.б. ХV – Х ғасырлар

 

45. Қола дәуірі мәдіниетінің гүлденуіне қай елдер мәдениеті әсер етті?

А) Жерорта теңізі мен Кіші Азия елдері

В) Батыс Еуропа елдері

С) Қара теңізі мен Алдыңғы Азия елдері

Д) Орта Азия елдері

Е) Жерорта теңізі мен Алдыңғы Азия елдері

 

46. Теңсіздіктің шығуы қай кезеңде болды?

А) Қола

В) Палеолит

С) Мезолит

Д) Неолит

Е) Энеолит

 

47. Қола дәуірінің Батыс Қазақстандағы қоныстарын тап:

А) Бесбай, Тастыбұтақ, Ахмет-ауыл

В) Целинный-І, Сынтас, Бәйте

С) Бөріқазған, Тәңірқазған, Арыстанды

Д) Сексеуіл, Үшбұлақ

Е) Ақмая, Обалы, Беріккөл, Атасу

 

48. Отпен уату арқылы кен өндіру әдісі қай дәуірде қолданылған?

А) Қола дәуірі

В) Тас дәуірі

С) Темір дәуірі

Д) Мыстытас дәуірі

Е) Ондай әдіс болған жоқ

 

49. Қола дәуірінің Шығыс Қазақстаннан табылған ескерткіштерді анықта.

А) Малокрасноярска

В) Садчиковское, Арқайым, Новоникольское

С) Таутары, Тегіскен

Д) Бесоба, Ақсу-аюлы, Дәндібай

Е) Кіргелді, Тастыбұтақ

 

50. Андроновтықтарда адамды көкпен жалғастырушы белгі болып не есептеледі?

А) Киіз үйдің тіреуіш діңгегі

В) Шаңырақ

С) Ошақ

Д) Биік тау шатқалы

Е) Қорған

 

51. Қола дәуірінде мыс кендері қай жерде өндірілді?

А) Жезқазған, Зырьян

В) Степняк, Ақжал

С) Атасу, Қалба

Д) Тарбағатай, Бөкентау

Е) Қаратау, Таңбалы

 

52. Қыш ыдыстарды қалыпқа салып пішіндеу әдісі қай кезде болған?

А) Б.з.б. XVІІ – XVI ғасырлар

В) Б.з.б. ХVIII – XVII ғасырлар

С) Б.з.б. XVI – XVIІІ ғасырлар

Д) Б.з.б. XV – ХIV ғасырлар

Е) Б.з.б. ХIV – ХIII ғасырлар

 

53. Қола дәуірінің ерекшелігі:

А) Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрылды.

В) Климат жылы жән құрғақ болды

С) Алғашқы мемлекеттер пайда болды

Д) Кен өндіру

Е) Жыртпалы егіншілік қалыптасып отырықышлыққа көше бастады

 

54. Андроновтықтар б.з.б. ХІІІ-VIII ғасырларда қыш ыдыстарға қандай өрнектерді көбірек салған?

А) Үшбұрыш, иірімді, ирек сызықтар

В) Таспа, бүршік тәріздес бұдырлар

С) Шырша, шаршы, үшбұрыш

Д) Геометриялық

Е) Гүлді

 

55. Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері кездесетін аймақ:

А) Минусинск-Орал-Батыс Сібір жазығы-Памир

В) Оңтүстік Қазақстан, Қаратау өңірі

С) Қаратау-Есіл-Сарысу-Ертіс өзені

Д) Шу, Талас-Қаратау-Тянь-Шань-Балқаш-Ыстықкөл

Е) Қаратау-Сырдарияның ортаңғы ағысы

 

56. Андроновтықтарда табиғат жануары дәстүріндегі мейрамның ең маңызды бөлігі не болып есептелген?

А) Алғаш жерге соқа салу

В) Құрбандық шалу

С) Үйдің тіреуіш діңгегін гүлмен көмкеру

Д) Отқа май құю

Е) Сүт тағамдарын тарату

 

57. Андроновтықтар аралас шаруашылықпен қашан айналысқан?

А) Б.з.б. І мыңжылдықтың басында

В) Б.з.б. ІІ мыңжылдықта

С) Б.з.б. ІІ мыңжылдықта

Д) Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында

Е) Б.з.б. І мыңжылдықтың соңында

 

58. Энеолит терминіне түсініктеме бер.

А) Мысты тас дәуірі

В) Ерте темір дәуірі

С) Орта темір дәуірі

Д) Тас дәуірі

Е) Қола дәуірі

 

59. Соңғы сармат кезеңіндегі Аралтөбе қорымы қай аймақтан табылды?

А) Атырау облысынан

В) Алматы қаласының шығысынан

С) Ақтөбе облысынан

Д) Қызылорда қаласының оңтүстігінен

Е) Шу өзені бойынан

 

60. Сарматтар қай тілде сөйлеген?

А) Ирандық тіл

В) Еуропалық тіл

С) Түркілік тіл

Д) Моңғолдық тіл

Е) Қытайлық тіл

 

61. Темір дәуірінде жерлеу және ғибадат ету кешені қайсы қорымнан табылды?

А) Дықылтас

В) Шілікті

С) Арқайым

Д) Есік

Е) Қазанғап

 

62. Сармат тайпалары қай елдерге жаулаушылық жорықтар жасаған?

А) Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ

В) Кіші Азия, Босфор мемлекеті

С) Оңтүстік Орал, Еділ бойы

Д) Иран, Үндістан, Қытай

Е) Орталық Азия, Персия

 

63. Сақ тайпаларында отырықшы мал шаруашылығы Қазақстанның қай аймағында кең тарады?

А) Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендері бойында

В) Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде

С) Батыс Қазақстанда

Д) Жетісуда

Е) Отырықшы мал шаруашылығы болған жоқ

 

64. Қазақстан далаларында полихромдық стиль қашан гүлденіп, өркен жайған?

А) Б.з.б. VII ғ.

В) Б.з.б. VI ғ.

С) ІІІ-V ғ.

Д) ІІ ғ.

Е) І ғ.

 

65. Шеткі Александрия қаласы қай жерде салынған?

А) Сырдария жағалауында

В) Оңтүстік Қазақстанда

С) Ертіс өзені бойында

Д) Каспий теңізі жағалауында

Е) Жетісуда

 

66. Әсемдік заттарының бірі–салпыншақ шекелікті қай тайпаның әйелдері таққан?

А) Сармат

В) Андронов

С) Үйсін

Д) Ғұн

Е) Сақ

 

67. Түгіскен, Ұйғарақ қорымдары қай ғасырда салынған?

А) Б.з.б. VІІІ – V ғасырлар

В) Б.з.б. Х – VIII ғасырлар

С) Б.з.б. X – IX ғасырлар

Д) Б.з.б. XV – ХIV ғасырлар

Е) Б.з.б. I – б.з. I ғасырлар

 

68. Сармат қоғамының дамуына қай мәдениет әсер етті?

А) Грек

В) Византия

С) Рим

Д) Иран

Е) Қытай

 

69. Савромат қорымдарының ерекшелігі неде?

А) Екі мәйітті бірінің үстіне бірін қойып екі деңгейде жерлеу

В) «Патша қорғандар» салу

С) Мәйітті тас сандықта жерлеу

Д) Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жерлеу

Е) «Мұртты обаларда» жерлеу

 

70. «Сармат» атауы қай ғасырдан белгілі?

А) Б.з.б. VII ғ.

В) Б.з.б. VI ғ.

С) Б.з.б. V ғ.

Д) Б.з.б. ІV ғ.

Е) Б.з.б. ІII ғ.

 

71. Жер-су реформасы қай жылдары жүргізілді?

А) 1921-1922

В) 1921-1923

С) 1921-1924

Д) 1921-1925

Е) 1921-1926

 

 

72. Темір дәуірінің Дықылтас, Бәйте, Терең қорымдары Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Маңғыстау және Үстірт

В) Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы

С) Сырдарияның төменгі ағысы

Д) Оңтүстік Қазақстан

Е) Жетісу

 

73. Полихромдық стильдің жасалу техникасын ажырат.

А) Инкрустация

В) Жарып түсіру

С) Өрнектермен безендіру

Д) Гүлдік әшкейлер түсіру

Е) Қиял-ғажайып бейнелерін суреттеу

 

74. Қайсы тайпада әйелдердің қабіріне қару-жарақ қойылған?

А) Сарматтар

В) Сақтар

С) Андроновтықтар

Д) Ғұндар

Е) Үйсіндер

 

75. «Патша қорғандар» қай қорымнан көп табылды?

А) Бесшатыр қорымынан

В) Есік қорымынан

С) Түгіскен қорымынан

Д) Тасмола қорымынан

Е) Берел қорымынан

 

76. Сақ қоғамы қандай 3 топқа бөлінді?

А) Жауынгерлер, абыздар, қауым

В) Көсемдер, бектер, қауым мүшелері

С) Патшалар, жауынгерлер, қолөнершілер

Д) Көсемдер, ақсақалдар, шаруалар

Е) Патшалар, әмірлер, құлдар

 

77. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?

А) Аргепейлер, исседондар, аримаспалар

В) Дахтар, массагеттер, каспийлер

С) Аландар, сарматтар, хазарлар

Д) Ғұндар, сақтар, үйсіндер

Е) Аримаспалар, савроматтар, дахтар

 

78. Сақ тайпаларында күн күркіреу құдайы ненің бейнесінде берілген?

А) Қабанның

В) Бұқаның

С) Түйенің

Д) Арыстанның

Е) Жылқының

 

79. Шырық-рабат қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан кесенеден табылған гемма (мөр) қай ғасырға жатады?

А) Б.з.б. ІV- II ғасыр

В) Б.з.б. VIII ғасыр

С) Б.з.б. VII ғасыр

Д) Б.з.б. ІІ - III ғасыр

Е) Б.з. I ғасыр

 

80. «Мұртты обалар» қай мәдениетке тән ?

А) Тасмола

В) Беғазы-Дәндібай

С) Жетіасар

Д) Пазырық

Е) Қауыншы

 

81. Сақ тайпалары қай нәсілге жатады?

А) Еуропалық

В) Түркілік

С) Негрлік

Д) Моңғолдық

Е) Ол кезде нәсілге бөлінген жоқ

 

82. Ерте темір дәуіріндегі майемер кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. VІІ – VІ ғасырлар

В) Б.з.б. V – ІV ғасырлар

С) Б.з.б. XVІІІ – VІІІ ғасырлар

Д) Б.з.б. ІІІ – І ғасырлар

Е) Б.з. І ғасыр

 

83. «Дала жолы» атанған сауда жолы қай кезде жұмыс істеген?

А) Б.з.б. І м.ортасында

В) Б.з.б І м. соңында

С) Б.з.б. ІІ м.басында

Д) Б.з.б. ІІ мыңжылдықта

Е) Б.з. басында

 

84. Құлажорға мәдениетінің ерекшелігі неде болды?

А) Мәйітті тас сандықта жерлеу

В) Кремация

С) Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жерлеу

Д) Мәйіттің басын батысқа қарай жерлеу

Е) «Мұртты обалар» салу

 

85. «Аңдық стиль» өнері сақтарға қай аймақтан тарады?

А) Алдыңғы Азия мен Ираннан

В) Грециядан

С) Римнен

Д) Қар теңіз жағалауы елдерінен

Е) Персиядан

 

86. Темір дәуірінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. VІІІ – б.з. VІ ғасырлар

В) Б.з.б. VІІІ – ІІІ ғасырлар

С) Б.з.б. ІІІ – б.з. VІ ғасырлар

Д) Б.з.б. І – б.з. ІІ ғасырлар

Е) Б.з.б. ІІ – б.з. І ғасырлар

 

87. Темір дәуірінің Дықылтас, Бәйте, Қарамөңке, Терең қорымдары Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Маңғыстау және Үстріт аймағы

В) Жетісу

С) Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы

Д) Сырдарияның төменгі ағысы

Е) Оңтүстік Қазақстан

 

88. Сақ дәуірінің Орталық Қазақстаннан табылған қоныстарын ата.

А) Тасмола, Қарамұрын, Жыланды

В) Берел, Майемер, Құлажорға

С) Бөдене, Қызылсу

Д) Темір, Шатпақкөл, Құлсары

Е) Тегіскен, Таутары

 

89. Оңтүстік Қазақстанда таралған темір дәуірінің мәдениетін көрсет.

А) Отырар-Қаратау мәдениеті

В) Тасмола мәдениеті

С) Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Д) Алакөл, Атасу мәдениеті

Е) Құлажорға мәдіниеті

 

90. Арап әрпі латын әрпімен қашан ауыстырылды?

А) 1929

В) 1928

С) 1927

Д) 1926

Е) 1952

 

91. Құрбандыққа шалынған 13 жирен жылқы қаңқасы қай қорымнан табылды?

А) Берел

В) Есік

С) Бесшатыр

Д) Аққыр

Е) Талды

 

92. Сақ әйелдерінің қандай құқығы болған?

А) Ерлермен бірге соғысу құқығы

В) Халық жиналысына қатысу

С) Алыс жайылымдарға бірге кету

Д) Бала тәрбиелеуге

Е) Отбасын билеуге

 

93. Ұлыбай-Тасмола мәдениетінің бірінші кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. VІІІ – VІІ ғасырлар

В) Б.з.б. VІІІ – VІ ғасырлар

С) Б.з.б. VІІІ – V ғасырлар

Д) Б.з.б. VІІІ – ІVғасырлар

Е) Б.з.б. VІІІ – ІІІ ғасырлар

 

94. Сақ тайпаларының Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда табылған қоныстарын ата:

А) Қарғалы, Қадірбай-ІІ, Қарашоқы

В) Карлуга, Кеңөткел, Бірлік-ІІ

С) Қанай, Турникова, Малокрасноерка

Д) Беласар, Бұғылы, Бөрілі

Е) Жетіасар, Қауыншы, Кангюй-Қаратау

 

95. Б.з.б. VIII-V ғасырларда салынған Түгіскен, Ұйғарақ қоныстарын қандай тайпалар мекендеген?

А) Массагеттер

В) Аландар

С) Аримаспалар

Д) Сарматтар

Е) Тиграхаудалар

 

96. Еділ әскері Шығыс Рим империясына қашан жорық жасады?

А) Б.з.б. V ғасырдың ортасы

В) Б.з.б. V ғасырдың басы

С) Б.з.б VІ ғасырдың ортасы

Д) Б.з.б. V ғасырдың соңы

Е) Б.з.б. ІV ғасырда

 

97. Үйсіндердің негізгі орналасқан жерін ата.

А) Іле даласы

В) Сырдария жағалауы

С) Балқаш маңы

Д) Арал теңізінің оңтүстігі

Е) Ертіс өзенінің сол жағалауы

 

98. Қаңлылардың тайпалық бірлестігі қашан құрылды?

А) Б.з.б. ІІІ ғасырда

В) Б.з.б. ІV ғасырда

С) Б.з.б. V ғасырда

Д) Б.з.б. ІІ ғасырда

Е) Б.з.б. І ғасырда

 

99. Ғұндардың егіншілікпен айналысқаны туралы кімнің деректерінен білеміз?

А) М.Қашғари

В) М.Дулати

С) Ж.Баласағұни

Д) А.Яссауи

Е) Қ.Жалаири

 

100. Б.з.б. І ғасыр соңында Қазақстанда қандай тайпалық одақтар пайда болды?

А) Үйсіндер, қаңлылар, сарматтар

В) Сақтар, андроновтықтар

С) Савроматтар, қыпшақтар, оғыздар

Д) Түріктер, қарлұқтар, қимақтар

Е) Массагеттер, аримаспалар, исседондар

 

101. Үйсін тайпаларының ерте кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар

В) Б.з.б. ІІІ-І ғасырлар

С) Б.з.б. І- б.з. І ғасырлар

Д) Б.з. ІІ- ІІІ ғасырлар

Е) Б.з. І ғасырлар

 

102. Қаңлылар туралы кімдердің дерктерінде алғаш рет жазылған?

А) Қытай деректері

В) Грек деректері

С) Рим деректері

Д) Парсы деректері

Е) Түркі деректері

 

103. Қауыншы мәдениетінің ең жақсы зерттелген қонысын ата.

А) Ақтөбе

В) Пұшық-Мардан

С) Қаратал

Д) Талғар

Е) Қанай

 

104. Құлата қонысы ненің орталығы болған?

А) Металлургия

В) Егіншілік

С) Зергерлік

Д) Сауда

Е) Дін

 

105. Ұлы Жібек жолының Сырдария, Жайық, Еділ бойы, Кавказ, Қара теңізге өтетін тармақтарын қайсы тайпа өз бақылауында ұстаған?

А) Түріктер

В) Үйсіндер

С) Ғұндар

Д) Сақтар

Е) Қаңлылар

 

106. Б.з.б. 206 жылы Мөде шаньюй кімдерді бағындырды?

А) Қытайды

В) Қаңлыларды

С) Түріктерді

Д) Византиялықтарды

Е) Римдіктерді

 

107. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштерін ата.

А) Ақтас, Үңгірқора, Кеңсай

В) Қосқұдық, Батпақ, Қаратоғай

С) Бөдене, Қызылсу

Д) Шаштөбе, Марданкүйік, Қостөбе

Е) Баланды, Бабышмолда, Шірік-рабат

 

108. Үйсіндер қай мемлекетпен дипломатиялық-туыстық қатынаста болды?

А) Қытай

В) Рим

С) Мидия

Д) Византия

Е) Парфия

 

109. Қарғалы диадемасы қай ғасырда жасалынған?

А) Б.з.б. ІІ – б.з. І ғасырлар

В) Б.з.б. І – б.з. ІІ ғасырлар

С) Б.з.б. ІІІ – ІІ ғасырлар

Д) Б.з.б. І ғасыр

Е) Б.з. І – ІІ ғасырлар

 

110. Б.з. IV ғасырда ғұндар қай жерді қоныстанды?

А) Венгрия

В) Орталық Қазақстан

С) Орал даласы

Д) Рим

Е) Сырдария

 

111. Алаш партиясының бағдарламасы қай газетте жарияланды?

А) Қазақ

В) Үш жүз

С) Сары арқа

Д) Алаш

Е) Бірлік

 

112. Қаңлыларда сауданың дамығандығын қандай деректер дәлелдейді?

А) Мардан және Шоңқаңқа қорымдарынан табылған Қытай, Кушан, Сасани теңгелері

В) Түгіскен, Ұйғарақ қорымдарынан табылған Византиялық бұйымдар

С) Жыланды, Шілікті қорымдарынан табылған плихромдық өнер туындылары

Д) Бесоба қорымынан табылған әйелдің сәндік бұйымдары

Е) Қаңлыларда сауда болған жоқ

 

113. «Ғұн - түркілердің арғы атасы» деп тұжырым жасаған қазақ зиялысы кім?

А) М.Жұмабаев

В) Ш.Уалиханов

С) М.Қозыбаев

Д) Ә.Марғұлан

Е) С.Асфендияров

 

114. Үйсіндер Жетісуға қашан қоныс аударды?

А) Б.з.б. ІІ ғасыр

В) Б.з.б. І ғасыр

С) Б.з.б. ІІІ ғасыр

Д) Б.з.б. V ғасыр

Е) Б.з. ІІ ғасыр

 

115. Б.з.б. 1 мың жыл ортасы – б.з. 1 мың жыл ортасы аралығында Арал теңізінің шығысында қандай мәдениет болған?

А) Жетіасар мәдениеті

В) Пазырық мәдениеті

С) Тасмола мәдениеті

Д) Қауыншы мәдениеті

Е) Арыс мәдениеті

 

116. Б.з.б. ІІІ ғасырдағы қаңлы бірлестігінің территориясын көрсет.

А) Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейін

В) Ертіс бойы

С) Ыстықкөл жағалайынан Жоңғар Алатауына дейін

Д) Жетісу

Е) Еділ бойынан Сырдарияға дейін

 

117. Қазақстан тарихында "Монғолдар үстемдiгi дәуiрi" деп аталатын кезең қай оқиғадан кейiн басталады?

 

A) Қазақстан мен Орта Азияны монғолдардың жаулап алуымен

B) Монғол мемлекетінің құрылуымен

C) Шыңғыс ханның дүниеге келуімен

D) Батыйдың Шығыс Европаға жеті жылдық жорығымен байланысты

E) Алтын Орданың құрылуымен

 

118. Үйсіндердің алғашқы қоныстары қай жерден табылған?

А) Шу алқабындағы Құлан қонысы

В) Сырдария жағалауындағы Ақтөбе қонысы

С) Ертіс бойындағы Шілікті қонысы

Д) Іле жағалауындағы Бесшатыр қонысы

Е) Арал жағалауындағы Түгіскен қонысы

 

119.Шыңғыс ханды билеуші ретінде таныған Құрылтай Монғолияның қай жерінде өтті?

A) Онон өзенінің жағасында

B) Саян тауының етегіндегі жайлауда

C) Хинган етегінде

D) Алтай маңында

E) Анықталған жоқ

 

120. « Репрессия» дегеніміз не?

А) Қатаң жазалау шаралары, мемлекеттің оқшау ойлаушыларға қарсы әрекеті.

В) Нәсілдік , ұлттың және діни белгілеріне қарай халықтың жекелеген топтарын жою.

С) Қоныс аудару

Д) Халықтың шет елден қоныс аударушылар тобы

Е) Жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару

 

121. Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай деректеріндегі «көшпелі мемлекет» атауы қай тайпа туралы?

А) Үйсіндер

В) Сақтар

С) Ғұндар

Д) Қаңлылар

Е) Сарматтар

 

122. Қаңлыларда ел басқару ісін кім атқарған?

А) Уәзір

В) Хан

С) Гуньмо

Д) Бек

Е) Қаған

 

123. Үйсіндердің Қаратал кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. ІІI-I ғғ

В) Б.з.б. VI-I ғғ

С) Б.з.б. V-I ғғ

Д) Б.з.б. ІV-I ғғ

Е) Б.з.б. ІI-I ғғ

 

124. Аттила (Еділ) туралы алғаш рет ғылымға енгізген қазақ ғалымы кім?

А) Ш.Уәлиханов

В) М.Қозыбаев

С) Е.Бекмаханов

Д) С.Асфендияров

Е) К.Ақышев

 

125. Қаңлылардағы Жетіасар мәдениетінің шоғырланған жері

А) Қуаңдария

В) Отырар алқабы

С) Сырдарияның орта ағысы

Д) Жаңадария

Е) Ертіс бойы

 

126. Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропа халықтарының тарихына өзгеріс әкелген ұлы қоныс аудару оқиғасының хронологиясы.

А) ІІ-V ғ.ғ.

В) IV-V ғ.ғ.

С) ІІ-ІІІ ғ.ғ.

Д) ІІІ-IV ғ.ғ.

Е) І-ІІІ ғ.ғ.

 

127. V ғ. өмір сүрген теле тайпасының оңтүстігіндегі көшіп қону жайылымдары қай жерге дейін жетті?

А) Амударияның жоғарғы ағысы

В) Сырдарияның орта ағысы

С) Шу өзені бойы

Д) Ыстық көл бойы

Е) Іле өзенінің төменгі ағысы

 

128. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты мақсаты Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі созылып жатқан күшті мемлекетті жаулау болды. Бұл кімдердің территориясы?

А) Эфталиттер

В) Соғдылар

С) Хазарлар

Д) Қидандар

Е) Ирандықтар

 

129. Қай жылы Иран мен Византия өзара келісімге келіп, Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды?

А) 575 ж

В) 589 ж

С) 561 ж

Д) 567 ж

Е) 563 ж

 

130. Батыс Түрік қағанатын түріктің қандай тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі?

А) Ашина тайпасынан

В) Теле тайпасынан

С) Яғма тайпасынан

Д) Халаж тайпасынан

Е) Шығыл тайпасынан

 

131. Жеғүй мен Тоң-жабғу қағандар Батыс Түрік қағанатының территориясын кеңейту үшін қай жерлерге жорық жасады?

А) Тоқарстан мен Ауғанстан

В) Хорезм мен Бұқар

С) Шаш пен Исфиджаб

Д) Мәуереннахр мен Үндістан

Е) Жаңакент пен Баласағұн

 

132. 723 ж. түркештер қандай тайпамен бірігіп, арабтарға қарсы соққы берді?

А) Қарлұқтармен

В) Оғыздармен

С) Қыпшақтармен

Д) Қарахандықтармен

Е) Қимақтармен

 

133. V ғасырда жазылған деректерде қарлұқтарды қалай атанған және билеушілерінің титулы?

А) Елтебер\ Яньмо

В) Жабғу\болат

С) Хан\ чигиль

Д) Қаған/хан

Е) Күл-еркіндер/жабғу

 

134. Қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдеген географ кім?

А) Әл-Маруази

В) Әл-Якуби

С) Ибн-Хаукаль

Д) Гардизи

Е) Сыма-Цянь

 

135. Оғыз мемлекеті қай ғасырда өмір сүрді?

А) ІХ-ХІғ.ғ.

В) Х-ХІІ ғ.ғ.

С) Х-ХІІІ ғ.ғ.

Д) ХІ-ХІІ ғ.ғ.

Е) Х-ХІ ғ.ғ.

 

136. Жент, Сауран, Сүткент, Фараб қалаларының халқы қандай шаруашылықпен айналысты?

А) Егіншілік пен қолөнер

В) Сауда мен кен өндіру

С) Егіншілік пен мал шаруашылығы

Д) Мал шаруашылығ мен сауда

Е) Қолөнер мен сауда

 

137. Оғыз одағында 24 тайпа болғандығы, олардың бұзұқтар мен ұшұқтарға бөлінгендігі туралы кімнің деректерінде кездеседі?

А) М.Қашғари

В) Ж.Баласағұни

С) М.Х.Дулати

Д) Қ.Жалаири

Е) Әбілғазы Баһадүр

 

138. Х ғасырдың екінші жартысында оғыздарда халық көтерілістері жиілеп, оны селжұқтар пайдаланады. Бұл жағдай қай жабғу тұсында болған?

А) Әли-Жабғу

В) Шахмәлік

С) Тон-жабғу

Д) Қадыр хан

Е) Жеғұй қаған

 

139. «Ұлы Жібек жолы» қай ғасырларда алғаш сауда байланысы жасалған?

А) б.з.б. ІІІ – ІІ ғ.ғ.

В) б.з.б. ІІІ – V ғ.ғ.

С) б.з.б. ІІІ – І ғ.ғ.

Д) б.з.б. ІІІ – ІV ғ.ғ.

Е) б.з.б. ІІІ ғ.ғ.

 

140. Нефрит жолы:

А) Жаркентдария – Шығыс түркістан

В) Мысыр – сирия - Месопотомия

С) Бадахшатн тауы – Иран – Қытай

Д) Орал – Қаратеңіз – Дон бойы

Е) Үндістан – Жетісу – Қытай

 

141. Қазақстан жерінде Ұлы Жібек жолы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, қанша тармаққа бөлінеді?

А) төрт

В) екі

С) бес

Д) жеті

Е) он

 

142. 1253 ж. Вильгельм Рубрук қай қалада ирандық көпестердің орындары болғанын айтады?

А) Екіоғыз

В) Құлан

С) Шауғар

Д) Мереке

Е) Атлах

 

143. VIII ғ. деректер бойынша сауда байланысында «Хан жолы» деп аталатын соқпақболған. Ол Қазақстанның қай аймағында?

А) орталық - шығыс

В) солтүстік - батыс

С) оңтүстік - шығыс

Д) орталық - батыс

Е) батыс – шығыс

 

144. Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болған. Сәйгүліктер патшалығын атаңыз:

А) Түрік қағанаты

В) Иран мен Византия

С) Үндістан

Д) Қытай

Е) Аравия

 

145. Буддизм таратуда қандай тайпалар басты роль атқарды?

А) соғды - қаңлылыр

В) үйсін - ғұндар

С) оғыз - қимақтар

Д) найман – керейлер

Е) қидан – ұйғырлар

 

146. Исфиджабқа жақын жерден табылған жер асты храмы қай ғасырларға жатады?

А) VIІ – VIII ғ.ғ.

В)VI – IX ғ.ғ.

С) VIII – IX ғ.ғ.

Д) IX – XI ғ.ғ.

Е) IV – V ғ.ғ.

 

147. Жібек жолымен соғдылықтар қандай дінді таратты?

А) манихейлік

В) христиан

С) ислам

Д) будда

Е) несторияндық

 

148. Манихейлерлдің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон қай қаладан табылған?

А) Тараз

В) Шілікбалық

С) Алмалық

Д) Мерке

Е) Шаш

 

149. Зороастризм Қазақстанға қай ғасырда келді?

А) б.з.б. VII – VІ ғ.ғ.

В) б.з.б. V – IV ғ.ғ.

С) б.з.б. VIII – VI ғ.ғ.

Д) б.з.б. VII – V ғ.ғ.

Е) б.з.б. VI – III ғ.ғ.

 

150. Қарлұқтарға ислам діні қай жылдары тарады?

А) 760 ж.

В) 756 ж.

С) 840 ж.

Д) 795 ж.

Е) 960 ж.

 

151. Қазақсанда исламның таралуына орай мешіттер, кесенелер тұрғызу қай ғасырда басталды?

А) X - XIII ғ.ғ.

В) XII ғ.басы

С) IX - X ғ.ғ.

Д) XI - XIІ ғ.ғ.

Е) VIII - IX ғ.ғ.

 

152. Х ғасырға жататын Бабаджа хатун кесенесі қай қалада салынған?

А) Тараз

В) Баласағұн

С) Исфиджаб

Д) Ақмешіт

Е) Шаш

 

153. Айша бибі мазары қай ғасырға жатады?

А) ХІ ғ.

В) Х ғ.

С) ХІV ғ.

Д) ХІІІ ғ.

Е) VІІІ ғ.

 

154. Қарахандықтар қай жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады?

А) 960 ж.

В) 993 ж.

С) 1024 ж.

Д) 1209 ж.

Е) 1113 ж.

 

155. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында қандай ойын – сауықтар өткізілген?

А) маскалы өнер

В) айтыс

С) күрес

Д) ән

Е) би

 

156. VII – VIII ғасырларда қай қалада будда храмдары табылды?

А) Ақбешім

В) Менкент

С) Жаркент

Д) Шауғар

Е) Қоялық

 

157. Цзюйлень деп қай қаланы атаған?

А) Құлан

В) Шауғар

С) Екіоғыз

Д) Кедер

Е) Мерке

 

158. «Шындық сыйы» дастанының авторы кім?

А) Жүгенеки

В) Әл - Фараби

С) Бақырғани

Д) Ясауи

Е) Баласағұни

 

159. Қимақ қағанатының құрамына қанша тайпа кіреді?

А) 7

В) 9

С) 14

Д) 11

Е) 4

 

160. Қимақтар қай ғасырда Алтайдың солтүстігінен Ертіс бойына қоныс аударды?

А) VII ғасыр ортасында

В) VII ғасыр басында

С) VIIIғ. ІІ жартысында

Д) ІХ ғ. басында

Е) Х ғ. аяғында

 

161. Қимақтардың туыстас тайпасы кімдер болған?

А) Құмандар

В) Қарлұқтар

С) Ұйғырлар

Д) Қырғыздар

Е) Оғыздар

 

162. Әл-Идриси еңбегі бойынша қимақтардың Ертіс өзені бойында қанша қаласы болған?

А) 12 қала

В) 16 қала

С) 13 қала

Д) 9 қала

Е) 14 қала

 

163. Қарахан мемлекеті қашан 2-і қанатқа бөлінді?

А) ХІ ғ. 30ж.

В) Х ғ. 20ж.

С) ХІІ ғ. 50 ж.

Д) ХІІ ғ. басы

Е) ХІ ғ. аяғы

 

164. 1089 ж. Қарахандар кімдердің вассалдық тәуелділігіне түсті?

А) Селжұқтар

В) Қарақытайлар

С) Оғыздар

Д) Ұйғырлар

Е) Қыпшақтар

 

165. VI-XIII ғасырларда негізгі шаруашылық көшпелі және жартылай көшпелі болды. Жайылымдылық жерлер кімдердің қолында болды?

А) Ақсүйектердің

В) Шонжарлардың

С) Хандардың

Д) Қағандардың

Е) Байлардың

 

166. Х-ХІІ ғғ. Түрік тайпалары егіншілікпен айналысты. Сол уақыттағы суармалы егіншіліктің ең ірі орталығы?

А) Отырар

В) Алтынтөбе

С) Жетіасар

Д) Суяб

Е) Испиджаб

 

167. Қарлұқтар мен қимақтар тамаққа қандай дәнді дақылдарды пайдаланды?

А) Бұршақ, күріш, арпа

В) Бидай, тары, жүгері

С) Арпа, тары, күріш

Д) Бидай, күріш, арпа

Е) Тары, ноқат, күрікш

 

168. Ағылшын тюркологы Клоусонның болжамы бойынша алғашқы түркеш теңгелері VIIІ ғасырда қай қалада соғылған?

А) Ақбешім

В) Тараз

С) Будукет

Д) Исфиджаб

Е) Отырар

 

169. ІХ-Х ғғ. Халықаралық валюта ретінде қандай ақша қолданылды?

А) алтын динарлар

В) қарахан теңгелері

С) соғды теңгелері

Д) мыс теңгелер

Е) күміс дирхемдер

 

170. Орхон-Керулен аралығын монғол тайпалары қай ғасырда мекендеді?

А) ІХ ғасыр

В) Х ғасыр

С) ХІІ ғасыр

Д) ХІІІ ғасыр

Е) ХІІІ ғасырдың аяғы

 

171. Монғол әскерлері санына орай ондыққа бөлінді. Түменде қанша әскер болды?

А) 10 мың әскер

В) 1 мың әскер

С) 500 әскер

Д) 100 әскер

Е) 10 әскер

 

172.Қай деректе Жошы хан қайтыс болғаннан кейін, оның ұлдарының Шыңғыс ханға барғаны және Жошы ұлысын үш бөлікке бөліп алғандығы туралы айтылады?

A) "Шыңғыс намада"

B) "Тарихи Рашидиде"

C) "Бабырнамада"

Д) "Фатх намада"

E) "Жылнамалар жинағында"

 

 

173. 1218 жылы қай қала монғолдарға соғыссыз берілді?

А) Баласағұн

В) Алмалық

С) Жент

Д) Ашынас

Е) Баршынкент

 

174. Шыңғыс хан Отрырар әкімі Қайыр ханға қанша адамнана тұратын сауда керуенін жіберді?

А) 450 адам

В) 146 адам

С) 800 адам

Д) 317 адам

Е) 697 адам

 

175. Әл-Жувейнидің айтуы бойынша монғолдар 9 күн бойы қаланы тонаған. Бұл қандай қала?

А) Жент

В) Сығанақ

С) Сауран

Д) Ашынас

Е) Отырар

 

176. Сырдария бойындағы қалалардың алынуы Шыңғыс ханға қай мемлекетті алуға жол ашты?

А) Мәуереннахр

В) Араб елдері

С) Үндістан

Д) Иран

Е) Мысыр

 

177. Бұхар мен Самарқандты, Хорезмді Шыңғыс хан әскерімен қосылып кімдер жаулап алды?

А) Шағатай мен Үгедей

В) Жошы мен Төле

С) Сүбедей мен Жебе

Д) Жошы мен Шағатай

Е) Үгедей мен Сүбедей

 

178. Қай жылы Калка өзені бойындағы шайқаста орыс-қыпшақ әскері жеңіліп, орыс жерінің оңтүстігі бағындырылды?

А) 1223 жылы

В) 1220 жылы

С) 1225 жылы

Д) 1221 жылы

Е) 1224 жылы

 

179. Шыңғыс хан өзінің жаулап алған территориясын ұлыстарға бөлді. Жошы ұлысының жері:

А) Ертістің батысынан Жетісудың солтүстігі, Дешті-Қыпшақ жері, Хорезм, Сырдария.

В) Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан, Мәуереннахр, Хорезм

С) Батыс Монғолия, Тарбағатай, Жоғарғы Ертіс бойы

Д) Монғолия, Енисей бойы, Қытайдың солтүстігі

Е) Тобыл, Есіл өзендері, Мұғалжар-Қаратау бойы

 

180. Қай ғасырда Алтын Орда Монғол империясынан дербес хандық болып бөлінді?

А) ХІІІ ғ. 60ж.

В) ХІІІ ғ. 20 ж.

С) ХІІІ ғ. 30 ж.

Д) ХІІІ ғ. 50 ж.

Е) ХІІІ ғ. 90 ж.

 

181. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы бойынша беклербек қандай қызмет атқарды?

А) әскери және дипломатиялық

В) салық жинаушы

С) ең жоғарғы органды

Д) шаруашылық және мәдени

Е) сот билігі

 

182. Ұшыр салықтың қандай түрі?

А) мал салығы

В) егіншілерден жиналатын салық

С) егін және мал салығы

Д) қолөнершілер мен саудагерлерге салынатын салық

Е) әскерге берілетін салық

 

183. Алтын Орда мемлекетінде 1357-1380 жж. Хандық билік үшін күресте қанша хан ауысты?

А) 25 хан

В) 17 хан

С) 14 хан

Д) 29 хан

Е) 9 хан

 

184. Бұхарда Махмұд Тараби бастаған билеушілерге қарсы халық көтерілісі қашан болды?

А) 1238 жылы

В) 1270 жылы

С) 1262 жылы

Д) 1259 жылы

Е) 1240 жылы

 

185. Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер қалай аталды?

А) Інжу

В) Ихта

С) Сойырғал

Д) Түтік

Е) Ұлыс

 

186. ХІІІ – XIV ғасырларда жазба деректер бойынша Алтын Орда халқын «татарлар» деп атаған, ал тілі қандай болған?

А) қыпшақ тілі

В) татар тілі

С) монғол тілі

Д) славян тілі

Е) араб тілі

 

187. Монғол шапқыншылығының зардаптары қандай?

А) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

В) Халық жаппай қырылып, өндіргіш күштер әлсіреді

С) Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қала мәдениеті жойылды

Д) Шаруашылық құлдырады

Е) Қазақ халқының қалыптасу процесін тежеді

 

188. Шығыс Дешті-Қыпшақ жерінде ХІІІ-XV ғасырдың басында өмір сүрген мемлекетті атаңыз?

А) Ақ Орда

В) Алтын Орда

С) Моғолстан

Д) Әбілхайыр хандығы

Е) Ноғай ордасы

 

189. Ақ Орда Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуді ойлады. Ақ Орда қай хан тұсында тәуелсіз хандық болып жарияланды?

А) Орыс хан

В) Орда Ежен

С) Ерзен хан

Д) Мүбәрәкқожа хан

Е) Сасы-бұха хан

 

190. Ақ Орда мемлекетінің ханы Тоқтамыс кезінде 1389, 1391, 1395 жылдары кімдермен соғыс басталды?

А) Әмір Темірмен

В) Астрахан хандығымен

С) Мәскеу княздықтарымен

Д) Ноғай Ордасы әмірлерімен

Е) Моғолстан хандарымен

 

191. «Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс-Көкшетеңіз-Түркістан-Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу – бұл Моғолстан жері» - деп кімнің еңбегінде жазылды?

А) М.Дулати

В) О.Кухистани

С) А.Яссауи

Д) С.Бақырғани

Е) М.Қашғари

 

192. Моғолстан мемлекетіндегі халықтар арасындағы ең қуатты тайпа:

А) Дулат

В) Арғын

С)Керей

Д) Үйсін

Е) Қаңлы

 

193. 1361 жылы Тоғылық-Темір Мәуереннахрды түгел басып алып, қай баласын билеуші етіп қойды?

А) Илияс қожа

В) Есен Бұға

С) Уаис

Д) Сұлтан Саид

Е) Мұхаммед

 

194. 1388 жылы Темірдің Иранға жасалған жорығынан кейін, Хорезм халқын қырғынға ұшыратып, астанасы Үргенішті тонауына не себеп болды?

А) Халық бүлік шығарды

В) Алтын Орда күшейді

С) Тоқтамыс хан Әмір-Темірге қарсы шықты

Д) Ақ Орда мен Моғолстан одақтасты

Е) Алтын Орда мен Моғолстан одақтасты

 

195. Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайының тұрақты болмауының себептері?

А) Берілген жауаптарының барлығы дұрыс

В) Мемлекет бір орталықтан басқарылмады

С) Ұлыстарға бөлініп, Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарды

Д) Билік үшін Жошы ұрпақтар арасында өзара қырқыстар болды

Е) Толассыз соғыстар тоқтамады

 

196. Әбілхайыр хан қашан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аркөкті жаулап алды?

А) 1446 жылы

В) 1429 жылы

С) 1457 жылы

Д) 1462 жылы

Е) 1468 жылы

 

197. Ноғай Ордасының ең үлкен тайпасын атаңыз:

А) Маңғыт

В) Арғын

С) Қарлұқ

Д) Алшын

Е) Тама

 

198. Ноғай Ордасына кірген тайпалар қай ғасырда қалыптасқан Ноғай халқының негізін құрады?

А) XV ғасыр аяғы

В) XIV ғасыр аяғы

C) XIV-XV ғасыр

Д) XIV ғасыр ортасы

Е) XV ғ. ІІ жартысы

 

199. 1321 жылы Кебек ханның ақша реформасына байланысты ақшаның қай түрін «кебеки» деп атады?

А) күміс динар

В) алтын динар

С) мыс тенге

Д) қара дирхем

Е) гитрифий дирхемы

 

200. «Көшпелілер философы» атанған жырау:

А) Асан қайғы

В) Қодан-тайшы

С) Жиембет

Д) Шалкиіз

Е) Марғасқа

 

201. Оның жеке мөрінде: « Құдай – аспанда, ха-хан- жердегі құдайдың құдіреті. Адамзат әміршісінің мөрі»-деп жазылған екен.Бұл жазу кімге арналған?

А) Шыңғыс ханға

В) Әмір Темірге

С) Берке ханға

Д) Атиллаға

Е) Едіге биге

 

202. Әр кезде Қазақ хандығының билеушілері дағдылы құқықтар жинағы- адатты кодификациялауға талпынды. Өкінішке орай, қазақ қоғамында ХУІ және ХУІІғғ., басына қарай қабылданған заң жинақтары бізге жеткен жоқ.ХУІІғ., заңдар жинағын ата.

А) «Есім ханның ескі жолы»

В) «Қасым ханның қасқа жолы»

С) «Жеті жарғы»

Д) «Ұлы Яса»

Е) «Уақытша ереже»

 

203. Рузбихан Исфаханидің пікірінше, «бай» терминінің Дешті-Қыпшақ және моғол тайпаларындағы мағынасын анықта.

А) Кез-келген дәулетті көп малы мен қозғалмалы мүлігі бар адам

В) Соғыстар мен жорықтарда ерлік танытқан кез келген батыл адам

С) Сот билігін жүргізген кез келген беделді адам

Д) Мал сатумен және өсімқорлықпен айналысқан кез келген ықпалды бай адам

Е) Көшпелі және егін шаруашылығымен айналысатын кез келген адам

 

204. Қазақстан территориясында орта ғасырларда қалың бұқараның бас көтеріп, қарсылық білдіруінің бір түрін көрсетіңіз.

А) Көршілес мемлекеттерге немесе территорияларға көшіп кету

В) жағымсыз ханды басқа ханға ауыстыру талабы

С) жағымсыз хан ордасына қарулы көтеріліс ұйымдастыру

Д) халық сайлаған адамдардың сюзеренінің көзін жою

Е) қарапайым халық арасында бүлік ұйымдастыру

 

205. Сырдария маңындағы қалаларды бағындыру үшін Қасым хан Шайбани ханға қарсы кімдермен одақтасты?

А) Маңғыт пен Моғолдармен

В) Қырғыз бен Моңғолдармен

С) Моңғол мен Орыстармен

Д) Орыстар мен Өзбектермен

Е) Маңғыттар мен Ойраттармен

 

206. Әмір Темір Орта Азияны билеген жылдары және қанша уақыт биледі?

А) (1370-1405) 35 жыл

В) ( 1370-1400) 25 жыл

С) ( 1370-1395) 45 жыл

Д) ( 1370-1390) 65 жыл

Е) (1370-1325) 15 жыл

 

207. Төменде М.Х.Дулатидің « Тарих-и-Рашиди» еңбегінен үзінді келтірілген. Онда сипатталған мемлекеттің атын көрсет. «.... Шығыс шеті Қалмақтармен шектеседі және оның құрамына Баркөл, Емел, Ертіс кіреді. Солтүстік жақта ол Көкше теңізбен, Буммен және Қара тал мен, ал батысында Түркістан және Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана вилаятымен, Қашғармен, Ақсумен,Чалыш және Турфанмен шектеседі. ... барлық жолдың ұзындығы 7-8 айлық жолды құрайды».

А) Моғолстан мемлекеті

В) Көшпелі өзбектер мемлекеті

С) Ақ Орда мемлекеті

Д) Ноғай мемлекеті

Е) Қазақ мемлекеті

 

208. ХУ-ХУІІ ғғ.-да қазақ қоғамында хан атағы:

А) Ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде берілді

В) Құрылтай жиналысында сайлау нәтижесінде берілді

С) орыс патшаларының сыйы ретінде берілді

Д) мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде берілді

Е) бай ақсүйектерге берілді

 

209. М.Х.Дулатидің еңбегінде: « бүкіл Дешті-Қыпшақтың толық әміршісі және оның атағы мен құдіретіне Жошы ханнан кейін ешкім жете алмаған», деп қай хан туралы сөз еткен?

А) Қасым хан

В) Хақназар хан

С) Есім хан

Д) Тәуке хан

Е) Абылай хан

 

210. ХУІІ ғ., ақ киізге көтеріп хан сайлау дәстүрі өткізілетін жер?

А) Хан ордасында

В) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде

С) Жошы хан кесенесінде

Д) Сығанақ сарай алаңында

Е) Берке сарай алаңында

 

211. Есім хан тұсындағы әрі батыр, әрі жырау кім?

А) Жиембет

В) Қазтұрған

С) Досмамбет

Д) Шалгез

Е) Бұхар

 

212. ХУІІғ.20-шы жылдарының бірінші жартысында Солтүстік Қазақстан арқылы төменгі Еділге, Каспий маңы далалықтарға көшіп келген ойрат тайпаларын қалай атаған?

А) Торғоуыттар

В) Хошоуыттар

С) Чоростар

Д) Дербеттер

Е) Қалмақтар

 

213. Шыңғысшылар арасындағы тарихи қалыптасқан иерархия бойынша, Қазақ хандығындағы жоғарғы билік мұрагерлігі қайтыс болған немесе қаза тапқан ханның ең алдымен ең жақын қай туыстарына көшуі тиіс?

А) Алдымен оның інілеріне

В) Алдымен оның ұлдарына

С) Алдымен оның әкесінің інілеріне

Д) Алдымен оның үлкен ұлдарына

Е) Алдымен оның әйеліне

 

214. Қай Орта Азия билеушілері ХУІ ғ., Түркістан территориясында қазақ хандығының күшеюіне қарсылық білдірді?

А) Шайбанидтер

В) Аштраханидттер

С) Тимуридтер

Д) Джанидтер

Е) Шағатаидтер

 

215. Ақ Орда ханы Барақ қаза тапқаннан кейін, хандыққа Дәулет-шейх оғланның баласы 17 жасар Әбілхайыр таққа отырды. Билік құрған жылын көрсет.

А) 1428-1465жж.

В) 1426-1469жж.

С) 1435-1478жж.

Д) 1445-1495жж.

Е) 1429-1469жж.

 

216. Көшпенділердің дәстүрлі түсініктері бойынша, қазақ төрелері (сұлтандар) Шыңғыс хан ұрпақтарының қай аға буынынан тараған?

А) Жошылықтардан

В) Шағатайлықтардан

С) Үгедейліктерден

Д) Төлеліктерден

Е) Батыйлықтардан

 

217. Дешті Қыпшақтағы түрік халықтарының- қазақтар, өзбектер, қырғыздар, қарақалпақтар, ноғайлардың-этногенезі қалыптасуының соңғы сатысын көрсет.

А) ХІУ-ХУғғ.

В) ХІІ-ХІІІғғ.

С) ХІ-ХІІғғ.

Д) ХІІІ-ХІУғғ.

Е) Х-ІХғғ.

 

218. Орталық Қазақстан территориясында Шыңғыс хан балаларының біріне арналған кесене бар.Ол баласының атын көрсет.

А) Жошы

В) Үгедей

С) Шағатай

Д) Төле

Е) Берке

 

219. Қазақ қоғамында ХІХғ. ортасына дейін дала аристократиясы- ақсүйектердің рөлі өте зор болды. Ақсүйектердің жоғарғы сатысанда тұрғандарды көрсет.

А) Сұлтандар

В) Билер

С) Қожалар

Д) Төрелер

Е) Батырлар

 

220. Шариғатқа негізделген хан мен сұлтандар пайдасына жиналатын мал салығы .

А) Зекет

В) Тағар

С) Купчур

Д) Харадж

Е) Садақа

 

221. Амударияның төменгі ағысында Хиуа хандығы (Хорезм) орналасқан болатын. Оны ағайынды Ильбарс пен Билбарс негізін салды. Шайбани тұқымдарының бұл дербес мемлекетті құру уақытын көрсет.

А) 1511ж.

В) 643ж.

С) 1490ж.

Д) 1526ж.

Е) 1528ж.

 

222. Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары Алтын Орда хандары дәуірі туралы баяндайтын түрік тіліндегі бірегей дерек көздерінің бірі «Шыңғыс наме» еңбегінің авторын көрсет.

А) Утемиш -хаджа ибн Маулан

В) Мухаммад Салих

С) Захир-ад-дин Мухаммед Бабыр

Д) Абдаллах бин мухаммед.

Е) Абылғазы Жалаири

 

223. Ойраттардың Моғолстан территориясына шапқыншылығы болған жылды көрсет.

А) ХІУғ. 90ж.

В) ХУғ. 20ж.

С) ХУІғ.30ж.

Д) ХУғ70-90жж.

Е) ХІІІғ. 90ж.

 

224. Тауке хан өз әкесінен тек хан атағын ғана емес, бас дұшпандарын да мұра етті. Бүкіл жастық шағын Тәуке хан жоңғар әскерлерімен шайқастарда өткізді.Басты жауларын көрсет.

А) Галдан Бошокту және Цеван Рабдан

В) Цеван Рабдан және галдан Церен

С) Эрдени Батур және Цеван доржи

Д) Батур хунтайджи

Е) Цеван Доржи мен Голдан рабдан

 

225. Ортағасырлық деректерге сүйенетін болсақ, Керей ханның үш ұлы болған, үлкені әкесі қайтыс болғаннан кейін хан тағына отырып 30 жыл билік еткен ханды көрсет.

А) Бұрындық

В) Уәли

С) Қасым

Д) Барақ

Е) Жәңғір

 

226. ХУ ғ.70-90жж., қазақ хандары мен Шайбанидің арасындағы Сырдария маңындағы қалалар үшін жүргізілген үздіксіз соғыстың нәтижесінде Қазақ хандығының құрамына енген қалаларды көрсет.

А) Созақ, Сығанақ, Сауран

В) Яссы, Сығанақ, Арқұқ

С) Отырар, Сығанақ, Сауран

Д) Үзгент, Созақ, Сығанақ

Е) Сығанақ, Сауран, Түркістан

 

227. Мырза Хайдардың мәліметтері бойынша, Тақыр ханның билік құрған жылдарын көрсет.

А) 1533-1534жж.

В) 1518-1523жж.

С) 1523-1532жж.

Д) 1511-1532жж.

Е) 1516-1565жж.

 

228. Қазақ хандығының құрылу кезеңі көрсетілген, соның ішінеде Хақназар ханның Сырдария маңындағы қалалар үшін жүргізген соғыстары орын тапқан алғашқы Еуропа дереккөзі болып саналатын кітапты көрсетіңіз.

А) Ағылшын көпесі А.Дженкинсон саяхатының күнделігі

В) Венеция дипломаты И.Барбароның кітабы

С) Дипломат С. Герберштейнның саяхатының күнделігі

Д) Голландия географы Н.Витсеннің кітабы

Е) Плано Карпинидің саяхат күнделігі

 

229. Үнемі әскери қақтығыстар мен соғыс жағдайында болған Шығай хан 1582ж. қай билеушімен вассалдық қарым-қатынасқа түсуге мәжбүр болды?

А) Бұқара әміршісі шайбанид Абдоллах ІІ

В) Ташкент шайбаниді Баба сұлтан

С) Орыс патшасы Федор Иванович

Д) Жоңғар хунтайшысы Ерден-батур

Е) Моғолстан ханы Абддаррашид

 

230. 1404ж. әмір Темір өзінің немересі Ұлықбекке Түркістан және таластағы иеліктерін берді. Алайда Орыс ханның қай баласы Сығанақ және Сырдария бойындағы иеліктердің өзіне тиісті екенін жазып Ұлықбек ханға жолдау жіберді?

А) Барақ хан

В) Шәдібек хан

С) Қойыршақ хан

Д) Болат сұлтан

Е) Орда Ежен хан

 

231. Қазақ хандарымен экономикалық қатынастар орнату үшін ІУ Иван 1573 жылы Қазақстанға жіберген елшісін көрсет.

А) Борис Домажиров

В) Третьяк Чебуков

С) Семен Мальцев

Д) Вельямин Степанов

Е) Тевкелев

 

232. Замандастарының есептеулері бойынша, Қасым ханның қол астына қараған адамдардың санын көрсет.

А) 1 млн-нан астам адам

В) 200 мыңнан астам адам

С) 1,5 млн-нан астам адам

Д) 2 млн-нан астам адам

Е) 500 мыңнан астам адам

 

233. Бұл беклербек 15 жыл бойына өзі қойған хандар арқылы шын мәнінде Алтын Орданы өзі билеген дәстүр бойынша, бірде-бір Шыңғыс ұрпағы оның, ұрпақтарынының ықтиярынсыз таққа отыра алмаған адамды көрсет.

А) Едіге

В) Мамай

С) Құтты кий

Д) Мансұр

Е) Темір

 

234.Монғол жаулауы қарсаңында Орта Азия мен Қазақстанда болған үш мемлекетті көрсетіңіздер?

A)Қыпшақ хандығы, Найман хандығы, Хорезм мемлекеті

B) Қарақытай мемлекеті, Керей мемелекеті, Оғыз мемлекеті

C) Найман хандығы, Керей хандығы, Самани мемлекеті

Д) Хорезм, Хиуа, Моғолстан

E) Ноғай, Найман хандықтары, Хорезм мемлекеті

 

235. Монғолдардан қашқан меркіт тайпалары ХІІІ ғ. басында Қазақстанның қай бөлігіне көшіп келді?

A)Орталық Қазақстанға

B) Жетісуға

C) Сыр бойына

Д) Батыс Қазақстанға

E) Солтүстік Қазақстанға

 

236. Қазақтарда байлық, бақыт, береке сыйлаушы болып есептелетін аруақты көрсет.

А) Қыдыр баба

В) Иса пайғамбар

С) Тәңір

Д) Ұмай ана

Е) Мұхаммед пайғамбар

 

237. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бір ханның қанша байрағы болуы мүмкін?

А) 9

В) 11

С) 5

Д) 7

Е) 1

 

238. «Қазақ» терминінің Дешті-Қыпшақта қандай мағынасы болды?

А) еркін адам

В) қаз+ақ=ақ қаз

С) қазы+ақ=ақ өлім(сенім үшін)

Д) Қасақ терген =арба

Е) Нағыз сақ= қазақ.

 

239. Моңғол дәуірінде Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда жерді, суды, хан берген территориядағы адамдарды шартты түрде иемдену құқығы, сондай-ақ салықтардан босатылу құқығы болды.Ол қандай атпен белгілі?

А) Икта

В) Мильк

С) Инжу

Д) Иль

Е) Уқыф

 

240. Қазақстан территориясы бойынша неғұрлым толық мәлімет беретін орыс картографиялық еңбегін көрсет.

А) «Сібірдің сызба кітабі»

В) «Үлкен сызбаға арналған кітап»

С) «Үлкен сызба»

Д) «Россия ,Московия,Татария»

Е) «География еңбегі»

 

241. Қазақстан тарихшыларының көпшілігі қазақ хандығының құрылуына байланысты қандай жылға сүйенеді?

А) 1466ж

В) 1456ж

С) 1458ж

Д) 1459ж

Е) 1457ж

 

242. Арбаша- үйлер негізгі тұрғын жай және көлік ретінде Дешті-Қыпшақ көшпенділерінің қолданысынан шыққан уақытты көрсет.

А) ХУІІғ.

В) ХУғ.

С) ХУІғ.

Д) ХУІІІғ.

Е) ХІХғ.

 

243. Есім ханды ержүректілігі үшін «Сымбатты батыр» деп атаса, «Таймас»деген ат кімге қойылды?

А) Жәңгір ханға

В) Тәуке ханға

С) Хақназар ханға

Д) Тақыр ханға

Е) Шығай ханға

 

244. Ресей жылнамаларында «князь Сейдектің билігінің сол кезде күшеюі оның жанында Қазақ Ордасының ханзадасы ( Ораз Мұхаммед) және Қараша... мырзаның болуына байланысты,-делінген Мұнда Қараша мырза деп аталған кім еді?»

А) Қадырғали Жалаири

В) Қазыбек би Келдібек ұлы

С) Кичик Мехмед

Д) әл-Қалқашанди

Е) Қасым хан

 

245. 1592 ж. Федор Иванович патша шведттермен және Қырым хандығымен соғыста көрсеткен ерлігі үшін Ораз-Мұхаммедке Ока жағалауындағы жерлерді сыйға тартты, ал 1600 жылы Б.Годунов оны қай хандықтың ханы етіп тағайындады?

А) Қасым хандығы

В) Қазан хандығы

С) Қазақ хандығы

Д) Хазар хандығы

Е) Сібір хандығы

 

246. Қазақстан тұрғындарының мұсылмандыққа дейінгі көзқарастары мен дінінде Тәңір құдайы нені білдірді?

А) Аспан

В) От

С) Жер

Д) Су

Е) Күн

 

247. ХУІ ғасырдың Іжартысында қазақ хандығы территориясының кеңеюі қай ханның есімімен байланысты?

А) Қасым

В) Хақназар

С) Есім

Д) Шығай

Е) Тәуке

 

248. Көшпенді қазақтар күнделікті еңбек әрекетерінде әр түрлі наным-сенімдері болды. Халық сенімі бойынша, жылқы қамқоршысын көрсет.

А) Қамбар ата

В) Ойсыл қара

С) Сексек ата

Д) Шопан ата

Е) Зеңгі баба

 

249. XVIIIғ. бірінші 30-жылдығы қазақ тарихында қандай айрықша оқиғалармен ерекшеленеді?

А) Жоңғарлармен күреспен

В) Хиуалықтармен күреспен

С) Орыстармен күреспен

Д) Қоқандықтармен күреспен

Е) Қырғыздармен күреспен

 

250. Жәңгір ханның Орбұлақ шайқасында жеңіске жетуінің негізгі себептерінің бірін көрсетіңіз.

А) Жәңгір әскерінің сан жағынан басым болуы

В) Жоңғар әскерлерінде соғыс тәжірибесінің болмауы

С) Самарқан әміршісі бастаған 20 мың адамнан тұратын қолдаудың келуі

Д) Жәңгір әскерлерінің мықты қару-жарақтармен жабдықталуы

Е) Жәңгір әскерлерінің тәртібінің мықты болуы

 

251. Қазақ халқының өмірінде цикілдік күнтізбенің мәні зор. Бұл күнтізбе бойынша қазақтар уақытты циклдарға бөліп санады. Цикл қалай аталатын еді?

А) Мүшел

В) Наурыз

С) он екі жылдық

Д) әшел

Е) жұлдызнама

 

252. Бастапқыда бұл мемлекеттік бірлестіктің аты «Маңғыт жұрты» деп аталды, кейін- Ноғай ордасы деген атпен тарихта белгілі болды. Бұл өзгеріс енген кезеңді көрсет.

А) ХУІғ.,аяғында

В) ХУғ., басында

С) ХУІғ.,ортасында

Д) ХУІғ., ІІ жартысында

Е) ХУғ., ІІ жартысында

 

253. Малды азықтандыру үшін шөп дайындау мүмкіндіктері шамалы болғандықтан, көшпенді қазақ мал шаруашылығының бір еркешелігі жыл бойына малды жайылымдық шөппен қоректендіру болды. мұның себебі неге байланысты болды?

А) Аталғандардың барлығы

В) мал азығының жетіспеушілігі

С) су ресурстарына зәрулік

Д) өнімділіктің төмен болуынан

Е) Өсімдік шабындысының біркелкі өспеуінен

 

254. Қай ханның тұсында Алтын Ордада ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланып, ал мемлекеттің өзі барынша құдіретті болды?

А) Өзбек ханның

В) Бердібек ханның

С) Жәнібек ханның

Д) Шибан ханның

Е) Батый ханның

 

255. Қасым қайтыс болғаннан Хақназар ханға дейінгі кезең Қазақ хандығы тарихында қалай деп аталады?

A) уақытша әлсіреу

B) уақытшакүшею

C) дүрбелең

Д) әмірлер билігі

E) нығаю

 

256. ХУғ., бас., Сығанақ қаласы уақытша Ұлықбектің қол астына көшті, бірақ 1446 ж.қаланы кім басып алып, өз өмірінің ақыр аяғына дейін сонда билік жүргізді?

А) Әбілхайыр хан

В) Барақ хан

С) Орыс хан

Д) Мүбәрәк хан

Е) Уайыс хан

 

257. Әр заманда билеушілер өз елдеріндегі қаржы мәселесін шешу үшін ақша реформаларын жүргізген. Мәселен, ХІУғ.,б., Кебек ханның реформасының нәтижесінде жалпы мемлекеттік күміс ақша-« кебектер»-енгізілді. Оның салмағы неше грамды құрады?

А) 8 грамм

В) 2 грамм

С) 6 грамм

Д) 10 грамм

Е) 15 грамм.

 

258. 1559 жылдың наурызында Құл-Мұхаммедтің елшілік сапарына жауап ретінде Мәскеуден Тәуекел ханға келген елшіні көрсет.

А) В.Степанов

В) Б.Доможиров

С) Т.Чебуков

Д) С.Мальцев

Е) Тевкелев

 

259. Қазақ билеушілерінен екі мәрте ұлы хан болып (екі билігінің арасы 12 жылдай), екінші рет хан тағында 1 жыл ғана болған кім?

А) Хақназар хан

В) Есім хан

С) Тәуекел хан

Д) Шығай хан

Е) Қасым хан

 

260. Қазақтар суға, ағашқа табынған. Мыс: бейіт басында өсіп шыққан ағаш жерленген адамның қасиеттілігінің белгісі деп санаған. « Қасиетті ағашқа» байлатын заттың түрі.

А)Түрлі-түсті мата қалдықтарын

В) Қағаздан жасалған гирляндалар

С) Тұмарларды

Д) Тамақ түйірлерін

Е) Шамдар қойған

 

261. 1241 ж. Монғол империясының саяси тарихында қандай оқиға болды?

A) Үгедей қайтыс болды

B) Шағатай Ұлы хан болып сайланды

C) Үгедей Ұлы хан болды

Д) Мемлекеттік төңкеріс болды

E) Шыңғыс хан қайтыс болды

 

262. Жетісудағы қала мәдениетінің жалпы құлдырауы қай мезгілде байқалды?

А) ХІІІғ.,ортасында

В) ХУІғ.,басында

С) ХІУғ., басында

Д) ХУғ., басында

Е) ХУІ ғ., аяғында

 

263. Араб жылнамашысы әл-Омари моңғолдар туралы: « Олар Дешті-Қыпшаққа келіп, қыпшақтармен араласып, туыстасып кетті, өздері де қыпшақтардай болып кетті»,-деп жазды. Ғылыми тілде бір халықтың екінші бір халыққа сіңісуі қалай аталады?

А) Ассимиляция

В) Диссмиляиця

С) Депортация

Д) Миграция

Е) Мимикрия

 

264. 1556 жылы қандай оқиғадан кейін Ресей Қазақ хандығының іргелес көршісі болды?

А) Астраханды жаулап алып, Ноғай қоныстарына баса-көктеп енгеннен кейін

В) Сібір хандығын жаулап алып, Тобол қамалын тұрғызғаннан кейін

С) Қазан хандығын жапулап алып, қазақ қоныстарына жақындағаннан кейін

Д) Ноғай Ордасын талқандағаннан кейін

Е) Сібір хандығын талқандағаннан кейін

 

265. «Жылу», «немеурін, «уме» терминдерінің мағынасы бір, бірақ мөлшері жағынан айырмашылығы бар ұғымды білдіреді» Ол қандай ұғым?

А) Туыстар арсындағы өзара көмек

В) Салық түрі

С) Мал басының саны

Д) Қазақ киіз үиі

Е) Жан басынан алынатын салық.

 

266. Археологтардың есептеуінше, Отырар,Сығанақ, Созақта ХУІғ., аяғы –ХУІІғ., соңғы ширегінде орташа есеппен қанша адам тұрған?

А) 5500 адам

В) 7560 адам

С) 9180адам

Д) 11000 адам

Е) 1200 адам

 

267. Орта ғасырдың керемет тарихи- әдеби ескерткішіне бір империяның негізін қалаушысының «Бабыр-наме»-деп аталатын еңбегі жатады. Оның мемлекеті қалай аталды?

А) Ұлы Моғолдар империясы

В) Осман империясы

С) Дели сұлтанаты

Д) Мысыр сұлтанаты

Е) Кашмир сұлтанаты

 

268. Моңғол әскерлерінің Қытайға басып кіргеннен кейін қай жылдары қабырға жаратын, тас лақтыратын, от тастайтын техникасы пайда болды?

А) 1211-1215жж.

В) 1205-1211жж.

С) 1215-1221жж.

Д) 1221-1225жж.

Е) 1227-1243жж.

 

269. Тәуке ханның билік құрған жылдарын белгіліңіз.

А) 1680-1718жж.

В) 1523-1532жж.

С) 1580-1583жж.

Д) 1598-1628жж.

Е) 1565-1597жж.

 

270. Ораз-Мұхаммедтің Қирман (яғни Қасимов) қаласында таққа отырғаны Қадырәлі бектің шығармасында толық баяндалған. Қасимов қаласының орналасқан жерін анықтаңыз.

А) Рязань облысындағы Ока өзенінің жағалауында

В) Мәскеу облысындағы Клязьма өзенінің жағалауында

С) Калуга облысындағы Угра өзенінің жағалауында

Д) Татарстандағы Свияга өзенінінің жағалауында

Е) Еділ өзененінің жағалауында

 

271. «Баж» термині нені білдіреді?

А) Салық түрін

В) суғару жүйесін

С) бөгде дін өкілін

Д) жау

Е) Бойдақ салығы

 

272. Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы:

А) Ш.Уалиханов

В) Ы.Алтынсарин

С) С.Сейфулин

Д) А.Құнанбаев

Е)Ш.Құдайбердиев

 

273. Қазақ жеріндегі әкімшілік басқаруды өзгерту үшін құрылған 2- комиссияны Ішкі істер Министрлігі Кеңесінің мүшесі Гирс басқарып, ол:

А) «Дала комиссиясы»-деп аталды

В) «Азиялық комиссия»-деп аталды

С) «Қырғыз комиссиясы»-деп аталды

Д) «Әкімшілік комитеті»-деп аталды

Е) «Отарлау комиссиясы»-деп аталды

 

274. Орынбор генерал -губернаторлығының құрамына кірген облыстар.

А) Торғай мен Орынбор

В) Сырдария мен Жетісу

С) Ақмола мен Семей

Д) Ақтөбе мен Семей

Е) Орал мен Торғай

 

275. 1905-1907жж. Қазақстандағы революцияның алғышарттарын көрсетіңіз:

А) Патшаның отарлық аграрлық саясаты

В) Қоныс аударушылардың жағдайының нашарлығы

С) Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы

Д) Өлкеге орыс революционерлерінің көптеп келуі

Е) Ауыршаруашылық еңбек құралдарының көптеп жетіспеуі

 

276. 1915ж. жүргізілген санақ бойынша соғыс кезінде тұтқынға түскен7490 адам Қазақстанның қай қалаларына орналастырылған?

А) Павлодар, Семей

В) Ақмола, Тараз

С) Ақтөбе, Қостанай

Д) Орал, Атырау

Е) Петропавл, Қостанай

 

277. ХУ-ХУІғғ. Қазақ хандығының тарихы, ХУІІІғ. Кіші жүз тарихы туралы жазған орыс ғалымы:

А) Вельяминов-Зернов

В) Григорьев

С) Мейер

Д) Левшин

Е) Радлов

 

278. ХІХғ.І жартысында Қазақстанда ашылған орыс-қазақ мектептерінің негізгі мақсаты қандай болды?

А) Халық арасынан Ресей отарлау әкімшілігіне мамандар даярлау

В) Халық арасынан дипломатиялық қабілетті мамандар даярлау

С) Халық арасында әскери мамандар даярлау

Д) Халық арасынан ғылыми мамандар даярлау

Е) Ол мектептерге жергілікті халық өкілдері қабылданды

 

279. Халық арасында кең тараған батырлар жырының түпнұсқасын кім насихаттады?

А) Н.Байғанин

В) С.Аронұлы

С) Шернияз

Д) Жамбыл

Е) Ақтамберді

 

280. 1916 жылғы көтеріліс туралы жазылған шығарма:

А) «Қилы заман» М.Әуезов

В) « Қалқаман -Мамыр» Ш.Құдайбердиев

С) « Көкшетау» С.Сейфуллин

Д) «Шұғаның белгісі» Б.Майлин

Е) «Батыр -Баян» М.Жұмабаев

 

281. Қай уақытта Ташкент пен Түркістан қалалары кезекпен-кезек хандықтың орталығы мен қазақ хандарының отырған жерлері болды?

А) ХУІІ-ХУІІІғғ.-І жартысы

В) ХІУ-ХУ ғғ- ІІ-жартысы

С) ХУ-ХУІғғ –І-жартысы

Д) ХУІ-ХУІІғғ

Е) ХУІІІ-ХІХ ғғ

 

282. Аңыздарға сай, «Тәуке ханның заңдарын» хан кеңесінде қай тау шатқалында қабылдады?

А) Күлтөбе

В) Майтөбе

С) Маңғыт төбе

Д) Ордабасы

Е) Қазығұрт

 

283. Отырарда қандай ақшалар шығарылған жоқ?

А) Теңгелер

В) Фельстер

С) Динарлар

Д) Дирхемдер

Е) Мусеябтар

 

284. XVII Ғ.І-ширегінде Қазақ хандығының саяси өмірінде басты роль атқарған екі ханды атаңдар?

A) Есім хан мен Тұрсын хан

B) Жәңгір хан мен Есім хан

C) Тұрсын хан мен Жәңгір хан

Д) Тәукел хан мен Тұрсын хан

E) Тәуекел хан мен Есім хан

 

285. Төмендегі логикалық қатарда өзі билік жүргізген кезде ислам дінінің кең тарауына үлкен үлес қосқан Дешті-Қыпшақ билеушілері берілген тізімнен исламды уағыздамаған ханды көрсетіңіз.

А) Батый хан

В) әмір Едіге

С) Берке хан

Д) Өзбек хан

Е) Мөңке хан

 

286. Қазақ генеологиясы қайда көрсетілген?

А) Шежіре

В) Ата тегі

С) Тізім

Д) Аңыз

Е) Ертегіде

 

287. Шыңғыс ханнан соң Монғол империясында кім Ұлы хан болды?

A) Үгедей

B) Шағатай

C) Жошы

Д) Төле

E) Батый

 

288. 1216 жылы қазіргі Қазақстан территориясындағы (Торғай даласында және Ырғыздың жанында) Моңғол және мұсылман әскерлерінің бірінші кездесуінде әскерлерді кім басқарды?

А) Жошы хан және Хорезмшах Мұхаммед сұлтан

В) Жошы хан және Арслан қара-хан

С) Шыңғыс хан және Хорезмшах Мұхаммед сұлтан

Д) Хұбылай ноян және Арслан қара-хан

Е) Сүбедей ноян және Қайыр хан

 

289. М.Х. Дулатидің «Тарих-и- Рашиди» атты еңбегінде үш қайтара ХУІғ., І ширегінде Қазақтардың саны қанша болғаны туралы айтылады?

А) 1млн. адам

В) 2млн. адам

С) 500 мың адам

Д) 1,5 млн. адам

Е) 2,5 млн. адам

 

290. Ойраттар Сырдария жағалауына алғаш рет ХУ ғ., 50-ші жылдарында аяқ басты. Қай жылы Көк-қашан маңында (Сығанақ қаласының төңірегінде)Әбілхайыр бастаған көшпелі өзбектермен Ойраттардың арасында шайқас болды?

А) 1457ж.

В) 1450ж.

С) 1453ж.

Д) 1459ж.

Е) 1465ж.

 

291. Моңғол аңыздары бойынша, Темучин қият-боржігін руындағы Есугей батырдың отбасында дүниеге келген. Оның анасы қай рудан шыққан?

А) Қоңырат

В) Барлас

С) Керей

Д) Оқлақшы

Е) Маңғыт

 

292. Марко Поло: «Батыс татарларының бірінші патшасы Саин болған: ол күшті және құдыретті еді»- деп жазған екен. Алтын орда хандарының қайсысын қыпшақтар Саин (Дана хан) деп атаған?

А) Батый ханды

В) Өзбек ханды

С) Берке ханды

Д) Тоқтамысты

Е) Мамай ханды

 

293. Дәстүр бойынша, ет тағамы –қазы неден жасалады?

А) Қабырға етімен омыртқа майынан

В) Мойынның жоғарғы жағындағы тері астындағы майдан

С) Сауыр еті мен іш майынан

Д) Әр-түрлі ет бөліктерінен шұшық түрінде

Е) Жанбас еті мен қабырғадан

 

294. Зайын-ад-дин Васифи қай мешіттің тербелмелі мұнараларын «Әлем ғажайыптарының бірі»деп атаған?

А) Сауран медресесінің

В) Ұлықбек медресесінің

С) Ташкент медресесінің

Д) Отырар мешітінің

Е) Сығанақ мешітінің

 

295. Есім хан қай жылдары билік жүргізді?

А) 1598-1628жж.

В) 1523-1532жж.

С) 1580-1583жж.

Д) 1680-1718жж.

Е) 1525-1562жж.

 

296. Азаматтық, әкімшілік, соттық және әскери билікті қолына жинақтаған кім?

А) Хан

В) Әскер басшы

С) Уәзір

Д) Дін басылары

Е) Билер

 

297. Қазақ хандығында ата-аймақты кім басқарған?

А) Ақсақал

В) Хан

С) Уәзір

Д) Билер

Е) Сұлтандар

 

298. Алтын Ордада "Дүрбелең жылдары" билікке Жошының қай ұлдарының ұрпақтары таласты?

A) Орда Ежен, Шайбан, Тұқай Темір

B) Тұқай Темір, Буал, Берке

C) Батый, Шайбан, Орда-Ежен, Мөңке

Д) Шайбан, Батый, Орда Ежен

E) Берке, Батый, Буал

 

299. Парсы тілінен енген апта күндері атауларының ішінде бір араб сөзі бар, ол қай сөз?

А) Жұма

В) Дүйсенбі

С) Сенбі

Д) Жексенбі

Е) Бейсенбі

 

300. Ш.Уалиханов қай ақын- жырауды «даланың ұлы философы» деп атаған?

А) Асан қайғы

В) Шалкиіз жырау

С) Доспамбет жырау

Д) Қазтуған жырау

Е) Бұхар жырау

 

301. «Эль» деген түрік сөзінің мағынасы қандай?

А) Ұлыс халқы

В) Сусын

С) Кішкене отбасы

Д) Үй-арба

Е) Ұлық

 

302. «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің авторы кім?

А) М.Х.Дулати

В) Фазлалах Рашид-ад-дин

С) М.Қашғари

Д) Қадырғали Жалаири

Е) Ж.Баласағуни

 

303. Моғолстан мемлекетінің өмірсүрген жылдары.

А) 1346-1514жж.

В) 1346-1504жж.

С) 1348-1514жж.

Д) 1348-1545жж.

Е) 1348-1565жж.

 

304. ХУІІ-ХУІІІ ғғ., қазақ қоғамында өз бойындағы ерекше қасиеттерінің арқасында кім батыр атана алар еді?

А) Қазақ қоғамындағы кез-келген мүшесі

В) Тек қана ақсүйектер

С) тек қана қарасүйек ұрпағы

Д) тек қана қатардағы қауым мүшелері

Е) тек қана ханның қасында жүргендер

 

305. Бату хан тұсында Жошы ұлысы оң және сол қанатқа бөлінді. Оң қанаттың басында Батый мен оның ізбасарлары, ал құрамына Қазақстанның үлкен территориясы кірген сол қанаттың басында Батыйдың бауыры болды, ол кім?

А) Орда Ежен

В) Шығай

С) Тоқа Темір

Д) Берке

Е) Ноғай

 

306. Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу арқылы өткен Ұлы Жібек жолы қай уақытқа дейін қызмет етті?

А) ХУғ.

В) ХІУғ.

С) ХІІІғ.

Д) ХІІғ.

Е) ХУІ ғ.

 

307. ХУІ-ХУІІ ғғ., бойына қазақ билеушілері Жәнібек ханның тоғызыншы баласының ұрпақтары болды.Атын ата.

А) Жәдік

В) Өзбек

С) Қасым

Д) Уәли

Е) Жәнібек

 

308. М.Х.Дулатидің еңбегінде Қазақ хандығының құрылу жылдары деп хижра жыл санауы бойынша 870 жыл дейді. Григорян күнтізбегі бойынша бұл қай жылдар?

А) 1465-1466жж.

В) 1448-1449жж.

С) 1458-1459жж.

Д) 1452-1453жж.

Е) 1456-1458жж.

 

309. Берілген тізімнен сүт тағамы болмайтын өнімді атаңыз?

А) Талқан

В) Қымыз

С) Айран

Д) Ірімшік

Е) Шұбат

 

310. Отырар территориясынан табылған мыс қоймаларының бірінде қай патшаның тұсында құйылған орыс мыс тиындары табылды?

А) Алексей Иванович

В) Петр І

С) Иван Грозный

Д) Борис Годунов

Е) Иван ІІІ

 

311. Болашақ хан Тәуекел 1583 жылдың жазында Абдолла ханнан күдіктеніп, қай жерді тастап кетеді?

А) Мәуренахр

В) Қазақ даласы

С) Жетісу

Д) Сарыарқа

Е) Сауранды

 

312. Орта Азия мен Қазақстанның қай аймағы қарсылық көрсетпей, Шыңғыс ханның қоластына көшті?

А) Жетісу

В) Мәуренахр

С) Солтүстік –Шығыс Қазақстан

Д) Сарыарқа

Е) Отырар

 

313. Қазақ қоғамында малға қандай меншік болған?

А) Қауымдық меншік

В) Мемлекеттік

С) жеке меншік

Д) кооперативтік меншік

Е) Үлестік меншік

 

314. Қазақ хандығы мен Ресей мемлекетінің арасындағы сауда-саттық және дипломатиялық қатынастар қашан орнады?

А) ХУІғ.

В) ХУІІІғ.

С) ХУғ.

Д) ХУІІғ.

Е) ХІХғ.

 

315. Кресттағушылар мен парсы моңғолдарын жеңген бірегей тұлға.

А) Сұлтан Бейбарыс

В) Сұлтан Жалаңтөс

С) Захир-ад-дин Мухаммед Бабыр

Д) Елбарс хан

Е) Сұлтан Һұммаюн

 

316. Қазақтардың діни өмірінде шамандылықтың мәні зор болды.Болашақты жорамалдау үшін домбырамен қатар тағы қандай аспапты қолданды?

А) Қобыз

В) Асатаяқ

С) Шертер

Д) Сыбызғы

Е) Сазсырнай

 

317. ХІІІ-ХІУ ғғ., Қазақстанды исламдандыру қандай түрде өтті?

А) Сопылық

В) Шиизм

С) Вахаббизм

Д) Суннизм

Е) Шаманизм

 

318. Шыңғыс хан «Ұлы Яссысының» бірінші бөлігі қалай аталады?

А) Білік

В) Бірлік

С) Байлық

Д) Билік

Е) Жасақ

 

319. « Қырымның қырық батыры»қандай жанрдағы жыр?

А) эпикалық

В) лирикалық

С) дастан

Д) шежіре

Е) Бұқар жыраудың толғауы

 

320. Алтын Орданың қаржысын, салық жүйесін, ішкі өмірін қадағалайтын атқару үкіметінің орталық органы-диуанға кім басшылық етті?

А) Уәзір

В) Беклербек

С) Даруға

Д) Ұлысбек

Е) Тархандар

 

321. Моғолстан билеушілері әулетінің басын бастаған кім?

А) Шағатай тұқымынан Тоғлық- Темір

В) Жошы тұқымынан Орда Ежен

С) Тоғлық-Темір тұқымынан Ілияс Қожа

Д) Шайбан тұқымынан Әбілхайыр

Е) Мұхамед Бабыр тұқымынан Камран мырза

 

322. Қожалар өздерін кімнің ұрпақтарымыз деп санайды?

А) Мұхаммед пайғамбар мен оның сақабалары

В) Аспан дүниеге келтірген Шыңғыс ханның

С) Сопы Қожа Ахмет Яссауи

Д) Атақты шейх Арыстан баб

Е) Иса пайғамбардың

 

323. «Миграция» дегеніміз не?

А) Халықтың шет елден қоныс аударушылар тобы

В) Нәсілдік , ұлттың және діни белгілеріне қарай халықтың жекелеген топтарын

жою.

С) Қоныс аудару

Д) Түрмелерге қамау

Е) Жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару

 

 

324. «Үш жүз» партиясының лидері-

А) Көлбай Тоғысов

В) Ш. Әлжанов

С) Ә. Досов

Д) Міржақып Дулатов

Е) М. Айтпенов

 

 

325. Моңғолдардан кейінгі дәуірде Қазақстан территориясында кең тараған салықтық және сот-әкімшілік иммунитеті бар мұрагерлік жер иелігінің түрі қалай аталады?

А) Сойырғал

В) Иқта

С) Інжу

Д) Мильк

Е) Уақыф

 

326. «Самарқанға, Темір сарайына бағытталған сапардың күнделігін» (1403-1406жж) кім жазды?

А) Испан елшісі Руи Гонсалес де Клавихо

В) Дипломат Сигизмнд Гильберштейн

С) Ағылшын дипломаты Антоний Джексон

Д) Швед дипломаты Энгельберт Кемифер

Е) Рим саяхатшысы Плано Карпини

 

327. Қалың сымнан бөлшектеніп кесілген ақша қай жерге тән болып еді?

А) XVII ғ. Оңтүстік Қазақстан қалаларына

В) XVIIІ ғ. Орта Азия қалаларына

С) XVII ғ. Орталық Қазақстан қалаларына

Д) XVIIІ ғ. Жетісу қалаларына

Е) XVII ғ. Батыс Қазақстан қалаларына

 

328. Кімнің жеке нұсқауы бойынша XІV- XV ғ.ғ. аралығында Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауиге арналған «Хазрет сұлтан» кесенесі салынды?

А) Әмір Темір

В) Әмір Ұлықбек

С) Мұхаммед Шайбани

Д) Қара хан

Е) Шыңғыс хан

 

329. 1643 ж. Арал маңындағы қазақтар Әбілғазы Бахадурды (1603-1664) өзінің ханы етіп сайлайды? Хиуаға қарсы жүргізілген екі жылдық соғыстан кейін, ол Хиуа ханы болды. Бірақ өз еркімен тақтан бас тартып, кітап жазуға кірісті. Сол кітаптың аты?

А) «Шежіре-и Түрік»

В) «Тарих-и Рашиди»

С) «Жами ат-тауарих»

Д) «Шыңғыс-наме»

Е) «Диуани Хикмет»

 

330. Әбілқайырдың қай немересімен күресте тимуридтер XVI ғ. қарай Мәуереннахрдағы билігін жоғалтты?

А) Мұхаммед Шайбани

В) Шайбанид Жұмадық

С) Мұхаммад Мазид

Д) Шайық Хайдар

Е) Шағатай

 

331. Жошы ұлысының билеушісі Берке ханның астанасы Сарай-Берке қазіргі қай қаланың маңында орналасқан?

А) Астрахань

В) Волгоград

С) Орал

Д) Касимов

Е) Орынбор

 

332. «Жеті Жарғыға» сай, жазаның кең тараған түрі құн болды, кісі өлтірген адам да талапкердің келісімімен кұн төлеп, өз өмірін сақтап қала алатын болған. Сұлтан немесе қожаның өлімі үшін қандай құн белгіленген?

А) Жеті мың қой

В) Үш мың қой

С) Бес мың қой

Д) Он мың қой

Е) бес жүз қой

 

333. Қазақ хандығының әскери тарихы жылнамаларында Сан–таш шайқасы қай жылы болды?

А) 1537 ж.

В) 1567 ж.

С) 1587 ж.

Д) 1547 ж.

Е) 1527 ж.

 

334. Ресей империясының қазақ жерлерін толығымен отарлау кезеңі қай жылдары болды?

А) ХІХ ғ. 50 ж. аяғы – ХІХ ғ. 60 ж. басы

В) XVIIІ ғ. 30-40 ж.ж

С) XVIIІ ғ. 50 ж. – ХІХ ғ. басы

Д) ХІХ ғ. 20 ж. – ХІХ ғ. 50 ж. ортасы

Е) XVIIІ ғ. 20 ж. – XVIIІ ғ. 50 ж

 

335. Бүкіл қазақтардың соңғы ұлы ханы кім болды?

А) Абылай

В) Әбілхайыр

С) Тәуке

Д) Нұралы

Е) Уәли

 

336. 1850 ж. дейін Қазақстан территориясында қандай әскери бөлімшелер болған?

А) Орал, Сібір, Орынбор казактарының

В) Орал, Сібір, Орынбор, Жетісу казактарының

С) Орал, Сібір, Жетісу казактарының

Д) Жетісу, Орынбор казактарының

Е) Орал, Сібір, Орынбор, Жетісу казактарының

 

337. 1726 ж. атақты Ордабасындағы кеңесте жалпы қазақ әскерінің қолбасы болып, кім сайланды?

А) Әбілхайыр хан

В) Қанжығалы Бөгенбай батыр

С) Қаракерей Қабанбай батыр

Д) Тәуке хан

Е) Наурызбай батыр

 

338. 1867-1868 ж.ж. реформаның басты мәнін көрсетіңіз?

А) Қазақстандағы басқару жүйесінің түпкілікті өзгеруі

В) Патша әкімшілігі үшін сот жүйесінің енгізілуі

С) Қазақстанда хандық биліктің жойылуыжәне сот жүйесінің енгізілуі

Д) Қазақстанда бірыңғай салық жүйесінің енгізілуі

Е) Қазақстанда отарлау саясатының нақтылануы

 

339. Тарихи деректер тұрғысынан қарағанда қай оқиға дұрыс көрсетілмеген?

А) 1889 ж. Жетісудағы көтеріліс

В) 1869 ж. Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер

С) 1870 ж.- Маңғыстаудағы көтеріліс

Д) 1856-57 жж.- Сырдария қазақтарының көтерілісі

Е) 1870 ж. Адайлар көтерілісі

 

340. Ұлттық-саяси ұйым - «Үш жүз» партиясы қай жылы құрылды?

А) 1917 ж күзінде

В) 1917 ж қысында

С) 1917ж жазында

Д) 1917ж көктемде

Е) 1918ж күзінде

 

341. Е.Пугачевтің көтерілісі бірден хан тұқымдарының арасында қолдау тапты. Солардың бірі Пугачевпен белсенді түрде хат алмасып, патшаның жазалаушы отрядтарына көмектесуден бас тартқан. Бұл кім еді?

А) Абылай хан

В) Ералы хан

С) Әбілқайыр хан

Д) Кенесары хан

Е) Нұралы хан

 

342. Қазақ даласынан шекаралас жерлерге революцияға дейін экспортталған тауарлардың басты түрін көрсетіңіз.

А) Мал өнімдері

В) Астық өнімдері

С) Пайдалы қазбалар

Д) Былғары өнімдері

Е) Сүт өнімдері

 

343. «Орынбор қазақтары туралы Жарғының» жобасын жасаған кім?

А) П.Эссен

В) О.Игельстром

С) М.Сперанский

Д) Г.Гасфорт

Е) А.Калпаковский

 

344. 1897 ж.Ресей империясының І жалпыға бірдей халық санағына сай, бүкіл Қазақстан бойынша қазақтардың саны қанша болды?

А) 81,7 пайыз

В) 90,7 пайыз

С) 67,7 пайыз

Д) 50,7 пайыз

Е) 35,7 пайыз

 

345. Алаш партиясының бағдарламасы қай газетте жарияланды?

А) Қазақ

В) Үш жүз

С) Сары арқа

Д) Алаш

Е) Бірлік

 

346. Тарихшылар Тоқтамыс хан билігі тұсындағы Алтын Орданың тарихына қандай баға береді?

A) "Уақытша күшею"

B) "Күшею кезеңі"

C) "Құлдырау кезеңі"

Д) Ыдырау кезеңі

E) Бытыраңқылық кезеңі

 

347. Әбілхайырдың өлімінен кейін, 1749 ж. Кіші жүзде екі дербес хан сайланды. Қай ханды қазақтар қолдап, Ресей қолдамады?

А) Батыр

В) Барақ

С) Ералы

Д) Нұралы

Е) Мөңке

 

348. Сырдария өзенінің бойындағы Ақмешіт бекінісі 1853 ж. орыс әскерлері басып алғаннан кейін қалай аталатын болды?

А) Перовск

В) Черняев

С) Коряков

Д) Колпаков

Е) Эссен

 

349. ХІХ ғ. ІІ-жарт. орыс кәсіпкерлері бай кен орындарын өте арзан бағамен сатып алып жатты, Жезқазған кен орыны қанша сомаға сатып алынған еді?

А) 100 сом

В) 114 сом

С) 255 сом

Д) 375 сом

Е) 240 сом

 

350. Қазақ өлкесін кешенді зерттеудің алғашқы талпынысы кімнің атымен байланысты?

А) М.В.Ломоносов

В) А.И. Левшин

С) П.С. Паллас

Д) И.В.Мушкетов

Е) Л.И.Мейер

 

351. 1911-1915 жж. басылып шығарылған «Айқап» журналының редакторы және баспагері кім болған?

А) М.Сералин

В) Ж.Сейдалин

С) Б.Қаратаев

Д) С.Сейфуллин

Е) М.Жұмабаев

 

352. «Көктөбенің басында күнде кеңес» сөздері қай ханның тұсында дәстүрлі болып кеткен?

А) Тәуке

В) Әбілмәмбет

С) Барақ

Д) Әбілхайыр

Е) Қасым

 

353. Орал-Ембі ауданы 1914 ж. мұнай шығарудан Ресейде нешінші орын алды?

А) 3 орын

В) 1 орын

С) 4 орын

Д) 2 орын

Е) 5 орын

 

354. 1917 ж. шілдесіне дейін Әлихан Бөкейханов қай партияда болды?

А) Кадеттер партиясында

В) Эсерлер партиясында

С) Социал-демократтар партиясында

Д) Мұсылмандар партиясында

Е) Большевиктер партиясында

 

355. Әбілхайыр ханның оның негізгі қарсыластары Барақ және Батырмен қайшылықтары 40-жылдардың аяғында қатты шиеленісіп, неге ұласты?

А) Кіші жүздің ханын өлтіруіне

В) Екі қарама-қарсы жаққа қарасты қазақ руларының қарулы қақтығысына

С) Барақтың Орынбор генерал-губернаторы И.Неплюевке өзінің тегі жағынан Әбілхайырдан жоғары тұратындығы жөнінде хат жолдап, хан тағына отыруға лайық екендігін білдіруіне

Д) Әбілхайырға қарасты қазақ ауылдарына жазалау шараларын қолдануына

Е) Әбілқайыр ханның орыс империясына көшіп кетуіне

 

356. «Қырғыз мектептеріне» кең түрде ендірілген ағарту жүйесінің авторы белгілі миссионер, Қазан діни академиясының түлегі кім?

А) Ильминский

В) Ушинский

С) Алтынсарин

Д) Гаспринский

Е) Көлбаев

 

357. 1922 ж. Жарғы бойынша Сібір қырғыздарының (қазақтарының) облыстарын сыртқы және ішкі округтерге бөлген. Сыртқы округтерге қайсысы жатқызылды?

А) Ертіс өзенінің арғы жағында көшіп-қонатын қазақтар

В) Іле өзенінің арғы жағында көшіп-қонатын қазақтар

С) Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында көшіп-қонатын қазақтар

Д) Шу өзенінің арғы жағында көшіп-қонатын қазақтар

Е) Талас өзенінің арғы жағында көшіп-қонатын қазақтар

 

358. Ірі қара малға және түйелерге қандай жайылымдық жерлер бөлінген?

А) Түйелерге – алыстағы, ірі қара малға – жақындағы

В) Ең алыстағы жайылымдар

С) екеуіне де – жақындағы

Д) жүйесіз жайылды

Е) Ірі қара малға – алыстағы, түйелерге – жақындағы

 

359. 1824 ж. Жарғыға сай кіші жүз қалай бөлінді?

А) Үш бөлікке: Батыс, Орта және Шығыс

В) Төрт бөлікке: Батыс, Орта, Шығыс және Бөкей

С) Үш бөлікке: Алимола, Байлы, Бөкей

Д) Екі бөлікке: Батыс және Шығыс

Е) Екі бөлікке: Бөкей және Байлы

 

360. 1860 ж. басында Ресейдің Орта Азияға қатысты саясаты неғұрлым шешімді, табанды болуының себебі неде?

А) Орта Шығыс пен Орта Азия мемлекеттеріне билік жүргізу үшін күрескен Англия мен Ресейдің арасындағы бәсекенің шиеленісуі

В) Жоңғар хандығы тарапынан қауіп төнуі

С) Хиуа хандығы тарапынан қауіп төнуі

Д) Қазақ өлкесіне Цинь империясының ықпалы күшеюіне байланысты орыс-қытай қарым-қатынстарының шиеленісуі

Е) Қарақалпақстан мемлекетінің тарапынан қысым көрсету

 

361. ХІХ ғ. Қазақ ауылында «сауын қатынастары» кең тарады. Сауын дегеніміз не?

А) Малды жайылымға жалға беру

В) Жерді жалға беру

С) Кедейдің бай қожалыққа жұмыс істеуге жалдануы

Д) Батырақты мерзімді жұмысқа бай шаруашылыққа жалдану

Е) Жерді мұрагерлікке алу

 

362. Патша шенеуніктерінің пікірінше, Ресей империясының бүкіл Қазақстан территориясына заңды түрде билік жүргізуінің куәсі ретінде не істеу керек?

А) Нақты белгіленген салық енгізу

В) Жалпыхалықтық санақ өткізу

С) Қазақстан жерін қоса алып, Ресей империясының шекарасын дүниежүзілік картаға енгізу

Д) Әрбір қазақ азаматына Ресей империясының төлқұжатын беру

Е) Әрбір қазақстан азаматына Ресей империясына адал болуға ант қабылдату

 

363. Қазақ билері дәстүр бойынша сот шешіміне байланысты төленетін құнның 1/10 бөлігін өз пайдасына алған. Бұл қалай аталған?

А) Билік

В) Байлық

С) Би сыйлық

Д) Би салық

Е) Зекет

 

364. Кезінде Түркістандағы уақытша үкіметтің комиссары болып, кейін Францияға эмиграцияға кетіп, Германияда белгісіз жағдайларда қайтыс болған қоғам қайраткері.

А) М. Шоқай

В) Б. Хайт

С) М. Сұлтанғалиев

Д) Ғ. Тоғжанов

Е) С. Сейфуллин

 

365. 1868 ж. 21 қазандағы «Уақытша ережеге» байланысты болыстар «Болыстық съез» барысында сайланатын. Сайлау принципі қандай еді?

А) Болыстағы әр елу шаңырақтан бір адам

В) Жүз әкімшілік ауылдан бір адам

С) Әр он әкімшілік ауылдан бір адам

Д) Болыстағы әр жүз шаңырақтан бір адам

Е) Болыстағы әр он шаңырақтан бір адам

 

366. ХІХ ғ. Ұлт-азаттық көтерелістердің негізгі шығу себептері қандай?

А) Жер мәселесі

В) Хан билігін жою

С) Салықтарға байланысты

Д) Жергілікті шенеуніктердің сыбайлас жемқорлығына байланысты

Е) Жергілікті сұлтандардың езгісіне қарсы

 

367. Кіші жүз қазақтарын Ресей қол астына алу туралы Анна Иоанновнаның грамотасы қашан құрастырылған?

А) 19 ақпан 1731 ж.

В) 9 ақпан 1731 ж.

С) 29 ақпан 1731 ж

Д) 19 қазан 1731 ж.

Е) 30 қазан 1731 ж.

 

368. Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану жүйесіне байланысты жайылымнан қалған шөптермен қай мал қоректенген?

А) Қой және ешкі

В) Түйелер

С) Жылқылар

Д) Шошқалар

Е) Ірі қара мал

 

369. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияда қай өңірді 1218 жылы бағындырды?

A) Жетісуды

B) Хорезмді

C) Ферғананы

Д) Бадахшанды

E) Хорасанды

 

370. Кіші және Орта жүзге протекторат берілген кезде Ресей үкіметі өзінің стратегиялық мүдделерін және дәстүрлі саяси-құқықтық доктриналарын жүзеге асыру мақсатында нені көздеді?

А) Қазақтардың патшаға бағынуын іс жүзінде және заң жүзінде рәсімдеу

В) Қазақтарды патша үкіметіне іс жүзінде бағындыру

С) Қазақ қоғамының билеуші элитасын патша әкімшілігіне күштеп бағындыру

Д) Қазақтардың патшаға бағынуын заң жүзінде рәсімдеу

Е) Қазақтардың жерлеріне келімсектерді көшіру арқылы бағындыру

 

371. Ш.Уәлихановтың 1858 ж. Қашқарияға саяхаты сипаты жағынан қандай болды?

А) Барлау, өйткені орыс әкімшілігіне бұл ел жөнінде жан-жақты ақпарат қажет еді

В) Ғылыми-зерттеу, себебі оның зерттеу нәтижесінде кіші Бұқара туралы кітап жазғысы келді

С) Патриоттық, өйткені бұрын соңды ешбір қазақ зерттеушісі бұл өңірге аяқ баспаған еді

Д) Дипломатиялық, себебі ол Ресей мен Қашқарияның арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату керек еді

Е) Геологиялық, себебі Қашқария жерінің кен-байлықтарын зерттеу керек еді

 

372. ХІХ-ХХ ғғ. тоғысында Қазақстанда құрылған акционерлік қоғамдардың номиналды капиталының жалпы сомасы 110 млн.сомды құрады. Бұл сомадан Ресей капиталының үлесі қандай еді?

А) Осы соманың 1/4 бөлігі 27 млн.сомға жуық

В) Осы соманың 1/2 бөлігі 55 млн.сомға жуық

С) Осы соманың 1/10 бөлігі 11 млн.сомға жуық

Д) Осы соманың 1/3 бөлігі 37 млн.сомға жуық

Е) Осы соманың 1/5 бөлігі 22 млн.сомға жуық

 

373. ХІХ-ХХ ғ.ғ. тоғысында Қазақстан шаруашылығына шетел капиталы негізінен қай салалар бойынша құйылды?

А) Тау-кен және мұнай өнеркәсібі

В) Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі

С) Тау-кен және былғары өнеркәсібі

Д) Тау-кен және химия өнеркәсібі

Е) Химия және мұнай өнеркәсібі

 

374. «Патронимия» термині нені білдіреді?

А) Бір атадан тарап, шаруашылық және қоғамдық бірлігін сақтаған отбасылық туыстық топтар

В) Өз отанына, өз халқына немесе ру-тайпасына шын берілу сезімін қалыптастыру бағытындағы шаралар

С) Қоғамдағы тапалық немесе ұлттық сепаратизм

Д) Кез-келген әлеуметтік ағзадағы иерархиялық құрылым

Е) Өз отанын шексіз сүю, ұлтжандылық

 

375. Революцияға дейінгі Қазақстанның басты теміржолын белгілеңіз?

А) Орынбор-Ташкент

В) Троицк-Қостанай

С) Түркістан-Сібір

Д) Қостанай-Сібір

Е) Транссібір магистралі

 

376. 1914 ж. дейін Батыс Сібір мен Қазақстанның сауда қалаларынан шетелге ең көп (200 мың пұттай) сары май жіберіп отұрған қай қала еді?

А) Петропавл

В) Семей

С) Орынбор

Д) Өскемен

Е) Верный

 

377. Сібір қазақтары облысының құрамында округтер құрылды. Төменгі берілген бір округтің аты дұрыс емес:

А) Верный

В) Аягөз

С) Көкшетау

Д) Көкпекті

Е) Арқалық

 

378. Жоңғар әскерінің қазақ жасақтарына қарағанда әскери жабдығы бойынша қандай артықшылығы болды?

А) Шырақты мортерлер

В) Қоршаудағы қару (катапульта)

С) Арбалеттер мен аркебуздар

Д) Пистолеттер мен зеңбіректер

Е) Бомбалар мен миналар

 

379. Ақмола бекінісі қирағаннан кейін Қ.Қасымов Кіші жүзге, Торғай өзені маңына көш ауыстырады. Мұнда қосылған отрядттардың басшысын көрсет?

А) Жоламан Тіленшиев

В) Сырым Датұлы

С) Жанқожа Нұрмұхамбетұлы

Д) Есет Көтібарұлы

Е) Махамбет Өтемісұлы

 

380. ХІХ ғ. басында Кіші жүз территориясында орыс әкімшілігінің қолшоқпары Жантөре билік жүргізді. Нұралы ханның баласы қайратты және намысқой сұлтан қарсыластық білдірді, ол кім?

А) Қаратай

В) Арынғазы

С) Шерғазы

Д) Шералы

Е) Серғазы

 

381. 1775 ж. Пугачев көтеріліснен кейін ІІ Екатерина «Жайықтағы қайғылы оқиғаны мүлдем ұмыту үшін» қандай жарлық шығарды?

А) Жайық өзенін Орал деп өзгерту туралы

В) Сарайшық қалашығының атын Орал қаласы деп өзгерту туралы

С) Жайық әскери қолын Орал әскері деп өзгерту туралы

Д) Казак әскерлерін басқаруды Уфа наместнигіндегі Орал басқармасына тапсыру туралы

Е) Е.Пугачевті жазалау туралы

 

382. Алтын Ордадағы "дүрбелең жылдар" қай ханның таққа келуімен аяқталды?

A) Тоқтамыстың

B) Бердібектің

C) Барақтың

Д) Ұлығ Мұхаммедтің

E) Кішік Мұхаммедтің

 

383. 1822 ж. Жарғы бойынша округтік приказдарды басқарған аға сұлтандар осы лауазымы үш рет қатарынан сайланса, қандай диплом ұсынылды?

А) Дворянин

В) Коллегия асессоры

С) Стат кеңесшісі

Д) Помещик

Е) Аға старшын

 

384. Қауымдастықпен байланысын үзіп, жер өңдеумен айналысқан немесе мерзімді жұмысқа жалданған кедей шаруалар қалай аталды?

А) Жатақ

В) Байғұс

С) Кедей

Д) Егінші

Е) Малшы

 

385. Қара сиыр өңірінде жоңғарлар мен біріккен қазақ әскерлерінің қандай шайқасы болды?

А) Бұланты шайқасы

В) Аңырақай шайқасы

С) Аягөз шайқасы

Д) Орбұлақ шайқасы

Е) Қалмаққырылған шайқасы

 

386. Кіші және Орта жүз халқының сыртқы істер министрлігінен ішкі істер министрлігі құзіретіне көшіру туралы арнайы жарлық қашан қабылданды?

А) 1859 ж.

В) 1867 ж.

С) 1868 ж.

Д) 1886 ж.

Е) 1892 ж.

 

387. « Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі Ережесінің» (1867ж.) жобасы уақытша тәжірибе ретінде неше жылға кушіне енгізілді?

А) 3 жыл

В) 4 жыл

С) 2 жыл

Д) 1 жыл

Е) 5 жыл

 

388. 1856 жылғы Жанқожа Нұрмұхамбетовтың бастауымен болған егіншілер көтерілісінің басты себебі неде?

А) Төменгі сыр бойына бекіністердің салынып, казактар отаршылдығының басталуы

В) Ауыр жол салығының енгізілуі және керуендерге қызмет көрсетудің басталуы

С) Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты

Д) Қоныстандырушылардың артықшылықтары

Е) Өзбектердің су жолын жауып тастауы

 

389. Қазақ жерлеріне және Ресейдің Азия халықтарымен қарым-қатынастарына қатысты мәселелермен ХУІІІ ғ., б.,(1819-1837жж.) кім айналысты?

А) Сыртқы істер министрлігі жанындағы Азия департаменті

В) Ішкі істерминистрлігі жанындағы Азия комиссиясы

С) Сыртқы істер коллегиясының Орынбор комиссиясы

Д) Ішкі істер министрлігінің Азия департаменті

Е) Ішкі істер коллегиясының Орынбор комиссиясы

 

390. Негізгі бөлігі К.Қасымов бастаған азаттық қозғалысқа арналған «Қазақстан ХІХғ. 20-40 жылдарында» атты еңбектің авторы кім?

А) Е.Б.Бекмаханов

В) М.П Вяткин

С) С.Д.Асфендияров

Д) С.З.Зиманов

Е) С.Т.Сұлтанов

 

391. Қазақ тіліндегі мерзімді баспаның бірі «Дала уалаятының газеті» кімнің ресми органы еді?

А) Дала генерал-губернаторлығының

В) Түркістан генерал-губернаторлығының

С) Жетісу генерал-губернаторлығының

Д) Қазақ демократиялық интелегенцияның

Е) Орынбор генерал-губернаторлығының

 

392. 1396-1411 ж.ж. Алтын Орданың саяси өмірінде жетекші ролді атқарған тұлға кім?

A) Едіге

B) Әмір Темір

C) Мамай

Д) Барақ

E) Тоқтамыс

 

393. Қай патшаның тұсында қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси өміріне бұрынғыдан гөрі белсендірек түрде араласу байқалады?

А) Екатерина ІІ

В) Александр І

С) Анна Иоанновна

Д) Елизавета Петровна

Е) Петр І

 

394. Абылай хандықты басқарған кезде қай атақты бидің тарапынан қысым көріп, оның патша әкімшілігімен қатынастарына кедергі жасап, ықпалын шектегісі келді?

А) Қазыбек би

В) Айтек би

С) Төле би

Д) Майқы би

Е) Нияз би

 

395. Қазақ жерлерінің Ресей патшалығының қол астына кіруі қандай шарттар негізінде құжаттарда белгіленді?

А) Ресейдің Қазақстанға протектораты

В) Ресейдің қазақтарға Паритеті

С) Үшінші тарапты бақылаушы ретінде

Д) Қазақстанның Ресейге протектораты

Е) бірінші тарапты бақылаушы ретінде

 

396. Ғалымдардың пікірінше «Жоңғар» этнонимі моңғолдардың қай сөзінен шыққан?

А) «Сол қанат»

В) «Оң қанат»

С) «Орталық»

Д) «Көшпенді»

Е) «Отырықшы»

 

397. Машһүр-Жүсіп Көпеев бұл атақты қазақ жырауының, Тәуке хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі, кейін Абылай ханның кеңесшісінің өмірбаяншысы болған. Кім туралы айтып отырмыз?

А) Бұқар жырау

В) Ақтамберді жырау

С) Қазтуған жырау

Д) Шалкиіз жырау

Е) Доспамбет жырау

 

398. 1823ж. патша үкіметінің саясатына наразы қазақтардың батыры Жоламан Тіленшиевтің жетекшілігімен бас көтеруіне не себеп болды?

А) Жаңа Ішім жолын салу

В) Казактардың қазақ ауылдарының, соның ішінде Жоламан ауылын талқандалуы

С) Ресейдің Қоқанға қарсы әскери қимылдары

Д) Орыс шенеунігінің батыр Жоламанға тіл тигізуі

Е) Өзбектердің қазақтарға қысым көрсетуі

 

399. 1745жылғы Жоңғариядағы саяси дағдарыстың себебін тарихшылар кімнің атымен байланыстырады?

А) Галдан Церен

В) Эрдени Батур

С) Цеван Рабдан

Д) Цеван Доржи

Е) Лама Доржи

 

400. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы қашан аяқталды?

А) ХІХғ., 60жылдарына қарай

В) ХІХғ., 70 жылдарына қарай

С) ХІХғ., 50 жылдарына қарай

Д) ХІХғ., бірінші жартысында

Е) ХУІІІғ., ІІ жартысына қарай

 

401. 1822 жылғы Жарғы бойынша округтік приказдарды кім басқарады?

А) Аға сұлтандар

В) Әскери губернаторлар

С) Уез бастықтары

Д) Ру ақсақалдары

Е) Болыстар

 

402. Орыс әкімшілігінің қазақ малшыларына салған қай салығының негізінде прогрессивтік салық принципі жатты?

А) Жасақ

В) Харадж

С) Алым

Д) Таңба

Е) Сойырғал

 

403. Абылай хан ресми түрде үш жүз өкілдері жиналған съезде Түркістан қаласына қай жылы хан болып сайланды?

А) 1771ж.

В) 1778ж.

С) 1759ж.

Д) 1772ж.

Е) 1776ж.

 

404. 1886-1891жж. реформалардан кейін әр шаңырақтан ақшалай жиналатын салықтың мөлшері қандай еді?

А) 4 сом 50 тиын

В) 2 сом 75 тиын

С) 5 сом 20 тиын

Д) 3 сом 15 тиын

Е) 1 сом 30 тиын

 

405. БК(б)П Өлкеліке Комитетіне Голощекин жолдасқа бесеудің хаты қай жылы жолданды?

А) 4шілде,1932 ж

В) тамыз,1932 ж

С) 29 қыркүйрек,1932

Д) 11наурыз,1933

Е) 9 наурыз,1933

 

 

406. 1900ж. Қазанда басылып шығарылған «Қырғыздар туралы кітап, журнал, газет мақалаларының көрсеткіші» атты еңбек ерекше бағаланатын библиографиялық кітап қатарына жатады. Оның авторы кім?

А) А.Алекторов

В) Г. Потанин

С) А.Диваев

Д) В.Бартольд

Е) А.Бернштам

 

407. Қазақстанды шикізат өндірушіге және тауар өткізу нарығына айналдырудың бір белгісі ретінде ненің құрылысын айтуға болады?

А) Темір жолдар, су жәнге жол транспорты

В) Былғары, сүт өңдеудің ірі нысандары

С) Тау-кен метталургиясы өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары

Д) Қазақстанның ірі қалаларында жергілікті тұрғындардыңтұрақтануы

Е) Жұмысшы кадрларды өсіру мақсатында тұрғын үйлдер салу

 

408. Кирилловтың комиссиясы 1734ж. Ор өзенінің бойында салған қамалы қалай аталады?

А) Орынбор

В) Троицк

С) Қызыл Уфалық

Д) Орск

Е) Омбы

 

409. Бірінші орыс революциясы кезіндегі қазақ және орыс жұмысшыларының бір кәсіпорындағы ең ірі интернационалды бас көтеруін көрсетіңіз.

А) Орталық Қазақстандағы Успенск кенішіндегі ереуіл

В) Семейдегі жаппай ереуіл

С) Семейдегі пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілі

Д) «Атбасар мыс кеніші» акционерлік қоғамындағы жұмысшылардың ереуілі

Е) Оңтүстік Қазақстан темір жолшыларының ереуілі

 

410. ХІХғ. аяғындағы «Орыс Түркістанының» сауда-экономикалық өмірінің орталығы қай қала болды?

А) Қазалы

В) Шымкент

С) Перовск

Д) Түркістан

Е) Әулие- Ата

 

411. 1714-1718жж. Ресеймен шығыс елдерін тікелей байланыстыратын су жолдарын іздеу мақсатымен Каспий теңізіне, Хиуаға және Ертістің бас жағына ұйымдастырылған 4 әскери-барлау экспедициясының екеуі А. Бекович- Черкаскийдің, ал үшіншісі-И.Бухгольцтің басшылығымен жүргізілді. Төртінші экспедицияны кім басқарды?

А) И.Лихарев

В) К.Миллер

С) И.Ступин

Д) А.Тевкелев

Е) С.Чебуков

 

412. Қоқан хандығына бағынған қазақ қоныстарында ХІХғ., бірінші жартысында полиция билігі кімдердің қолында шоғырланды?

А) Құрбасы

В) Құсбегі

С) Мұхтасиб

Д) Басбегі

Е) Ханның

 

413. Оңтүстік Қазақстан қазақтарына билік жүргізе алатындығын дәлелдеу үшін Хиуаның қойған хандары арнайы грамоталар алған еді. Бұл құжаттың аты қандай?

А) Фирман

В) Манифест

С) Әлпари

Д) Патент

Е) Диплом

 

414.Алғашқы рет «Қырғыз қоныстарының жері мемлекеттік болып есептелінді және қырғыздардың қоғамдық пайдалануына берілді»,-деп қайда жазылған?

А) 1868ж. «Далалық облыстарды басқарудың Уақытша Ережесінің» 210 бабында

В) 1891ж. «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару Ережесінің» 1 бабында

С) 1886ж. «Түркістан өлкесін басқару Ережесінің» 210 бабында

Д) 1867ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқарудың Уақытша Ережесінің»210 бабында

Е) 1892ж «Орынбор және Сібір өлкесін басқарудың Уақытша Ережесінің»210 бабында

 

415. ХІХғ., 30-50 жылдары Қазақстанда көтерілістердің жиі болуының себебі?

А) Патша өкіметінің отарлық езгісі күшейді

В) Қазақтар арасында Хиуа мен Қоқан хандығы өршітіп отырған орыстарға қарсы көзқарастың күшеюі

С) Қазақтар арасында ру ақсақалдары өршітіп отырған орыстарға қарсы көзқарастың күшеюі

Д) Бұл жылдары бұрынғыға қарағанда көтерілістер сирек болды

Е) Жергілікті үстем тап өкілдерінің езгісінен

 

416. Қырғыз(қазақ) комитетінің бірінші төрағасы кім?

А) С. Пестковский

В) Ә.Әйтиев

С) С.Меңдешов

Д) Ә.Жангелдин

Е) С.Арғыншиев

 

417. Орынбор губернаторы И.И Неплюев өзінің орталық саясатында Әбілқайыр хан мен кімнің арасындағы қайшылықтарды тиімді пайдаланды?

А) Барақ сұлтан

В) Абылай сұлтан

С) Әбілмамбет хан

Д) Нұралы сұлтан

Е) Шерғазы хан

 

418. 1819ж., қазақтармен қарым-қатынастардың деңгейін зерттеп, келешекті болжау Сібірдің қай генерал-губернаторына тапсырылған еді?

А) М.М.Сперанский

В) И.И Неплюев

С) К.К Родоплюев

Д) П.Эссен

Е) Г.А.Колпаковский

 

419. ХІХ-ХХғғ., басында Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты нәтижесі қандай болды?

А) Жеке өнеркәсіп ошақтарының салынуы

В) Темір жолдар торабының салынуы

С) Қазақ пролетариатының қалыптасуы

Д) Экстенсивті ден интенсивті түрге көшу

Е) Жұмысшы күшінің арзан болуы

 

420. Шыңғыстық идеология бойынша, кейбір қазақ хандары бірден қырғыз, башқұрт, қарақалпақтардың ханы болып есептелген. Төмендегі хандардың қайсысы бір уақытта қазақ пен қырғыздың ханы аталған?

А) Хақназар

В) Сәмеке

С) Әбілқайыр

Д) Абылай

Е)Айшуақ

 

421. «Ақылы жағынан атасына жете алмаса да, әкесінен мінезінің қайраттылығы асып түскен» деген сөздер кім туралы айтылға?

А) К.Қасымов

В) С.Қасымов

С) М.Өтемісов

Д) Н.Әбіқайыров

Е) А.Иманов

 

422. Бейбітшілік туралы деректің негізінде қандай идея жатты?

А) Аннексиясыз және контрибуциясыз бейбітшілік туралы идея

В) Болашақ дүниежүзілік пролетарлық революциялр үшін бейбітшілік идеясы

С) «Күркерлерге- тыныштық, сарайларға-соғыс!» ұранында бейнеленген идея

Д) Бүкіл дүниежүзілік бейбітшілік идеясы

Е) Контрибуциясыз соғыс идеясы

 

423. Ұлы Отан соғысы жылдарында бүкіл мемлекеттік билікті қолына шоғырландырған жоғарғы мемлекеттік органды көрсетіңіз.

А) Мемлекеттік қорғаныс комитеті

В) Жоғарғы бас командованиесінің ордасы

С) Еңбек және қрғаныс Кеңесі

Д) Мемлекеттік қорғаныс Кеңесі

Е) Сыртқы істер министрлігі

 

424. 1915-16 жж. қазақ интеллигенциясы «Қазақ» газеті беттерінде қазақтардың І Дүниежүзілік соғысқа қатысуы жайлы қандай пікірлер білдірді?

А) Компромисті шешімге келу туралы

В) Жаяу әскер бөлімдерін құру

С) Майдандағы қара жұмысқа тарту

Д) Ешқандай мәселе көтерілген жоқ

Е) Атты әскерде әскери бөлімдер құру

 

425. КСРО халық әртісі атағын тұңғыш алған қазақ мәдени қызметкері кім?

А) Күләш Байсеитова

В) Шара Жиенқұлова

С) Қанабек Байсеитов

Д) Әмре Қашаубаев

Е) Нұрғиса Тілендиев

 

426. 1917ж. аяғында Құрылтай жиналысына сайлаудың нәтижесінде Қазақстанның көпшілік уездерінде қай партия жеңіске жетті?

А) «Алаш» партиясының өкілдері

В) Социал-революционерлер(эссерлер)

С) Социал-демократтар (эсдектер)

Д) «Үш жүз» партиясының өкілдері

Е) Буржуазияшыл-революционерлер

 

427. Ә .Бөкейхановтың кадет партиясының қатарынан кетуіне не себеп болды?

А) Уақытша үкімет ұлттық мәселені шеше алмады

В) Уақытша үкімет Қазақстанда патша үкіметінің саясатын жалғастырды

С) Уақытша үкімет аграрлық мәселені шеше алмады

Д) Кадеттер партия мүшелігіне тек Еуропалықтарды ғана тартты

Е) Уақытша үкіметке сенуден қалды

 

428. Ұлттық-мемлекеттік межелеу кезінде Қазақстанға Қарақалпақстан мен қазақтардың тарихи қоныстанған оңтүстік аймақтарының қайсысы берілді:

А) Сырдария мен жетісу

В) Самарқанд, Жетісу, Сырдария

С) Ферғана, Сырдария және Жетісу

Д) Ыстықкөл, Самарқанд, Жетісу

Е) Жетісу мен Ферғана

 

429. 1919 ж. 4 сәуіріндегі ВЦИК қаулысында кеңес өкіметіне қарсы күрескен Алаш Орда мүшелеріне байланысты не айтылды?

А) Рақымшылық жасау

В) Қуғындау және сот арқылы жазалау

С) Елден қуып жіберу (депортациялау)

Д) Сотсыз және тергеусіз түрмелерде ұстау

Е) 25-30 жж. бас бостандықтарынан айыру

 

430. «Сұлтандар мен бүкіл қырғыз-қайсақ халқы барлық уақытта әскери міндеткерлікке тартылмасын» делінген грамотаға қол қойған патша кім?

А) Николай ІІ

В) Александр ІІ

С) Елизавета Петровна

Д) Александр І

Е) Петр ІІІ

 

431.Қазіргі концептуалды қағидаларға сай, 1934ж. 1 желтоқсандағы С.М. Кировтың өлімінен кейін қандай өзгерістер болды?

А) Сталиннің жеке билігінің басталуы

В) Оппозиционерлерді дискредитациялау және партия қатарынан шығару

С) Контрреволюционерлерге өлім жазасын қолдану

Д) ОГПУ және НКВД құрылымдарын қайта ұйымдастыру

Е) Контрреволюционерлерді ақтау

 

432. ЖЭС кезеңінде жеке тұлғаларға жалға қандай кәсіпорындар берілді?

А) Ұсақ кәсіпорындар

В) Ірі кәсіпорындар

С) Орташа кәсіпорындар

Д) Мемлекеттік кәсіпорындар

Е) іске жарамсыз кәсіпорындар

 

433. «Седентаризация» (отырықшылық) термині нені білдіреді?

А) Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың отырықшылыққа көшуі

В) Ауа райы өзгермелі аймақтарда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды ұжымдастыру

С) Бір аудан аймағында көшпелі мал шаруашылығымен айналысу

Д) Отырықшылық шаруашылыққа көшуіне байланысты мал санының азаюы

Е) Егін шаруашылығына көшуіне байланысты жайылымдардың азаюы

 

434. 1921-22жж. Жер-Су реформасына байланысты не істелінді?

А) Патша өкіметі тұсында тартып алынған жерлердің бір бөлігін қайтарды

В) Бүкіл Қазақстан аумағы облыстар мен ауылдарға, болыстарға, округтерге бөлінді

С) Жайылым жерлер қайта бөлініп берілді

Д) Қазақтарға барлық қазыналы жерлер қайтарылды

Е) Қазақтарға ешқандай жер қайтарылған жоқ

 

435. Қазіргі концептуалды қағидаларға сай,(мысалы, ҚР ҰҒА академигі М.Қозыбаев) Қазақстандағы 1916 жылғы оқиғалар қалай бағаланды?

А) Ұлт-азаттық соғыс

В) Ұлт-азаттық қозғалыс

С) Ұлт-азаттық көтеріліс

Д) Ұлт-азаттық революция

Е) Ұлт-азаттық шеру

 

436. 1936ж. КСРО конституциясы бойынша Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

А) Он бір одақтас Республикалардың бірі болды

В) Он одақтас Республикасының бірі болды

С) Он төрт одақтас Республикалкрдың бірі болды

Д) Он үш одақтас Республикалардың бірі болды

Е) Он екі одақтас Республикалардың бірі болды

 

437. 1928 жылы Қазақстан жерін жаңадан аудандастыру жүзеге асырылды, ол бойынша басқару жүйесі қандай болды?

А) төрт буынды (ауыл,село,-аудан-округ-орталық)

В) бес буынды (ауыл,село-болыс-уез-губерния-орталық)

С) төрт буынды (ауыл,село-аудан-облыс орталық)

Д) үш буынды (аудан-облыс-орталық)

Е) екі буынды (Губерния-ауыл)

 

438. «Тауарсыз социализм» моделіне не қайшы келді?

А) Экономиканы басқаруда рынокты механизмдерді пайдалану

В) Жүйелі жоспарлау ұстанымы (принципі)

С) Экономиканы жоспарлы түрде директивалы негізде басқару

Д) Бөлу механизмнің үстемдігі

Е) Сапа емес сан қуу

 

439. Индустрияландыру барысында Ф. Голощекин Қазақстанға қандай рөл берді?

А) Орталық өнеркәсіптің шикізат базасы

В) Индустриялды- аграрлы республика

С) Арзан еңбек күшімен жабдықтаушы

Д) Ресейдің индустриалды шет аймағы

Е) Орталық өнеркәсіп ретінде артта қалушы

 

440. Одақтастардың ІІ Дүниежүзілік соғыстағы жеңісіне байланысты мәселелерді реттуе үшін үйымдастырылған конференция қай қалада өтті?

А) Потсдам

В) Ялта

С) Тегеран

Д) Сочи

Е) Нюрнберг

 

441. 1926ж. санақ бойынша қазақтардың саны қанша болды?

А) Қазақстан халқының 43,8 пайызы

В) Қазақстан халқының 58,2 пайызы

С) Қазақстан халқының 61,5 пайызы

Д) Қазақстан халқының 83,1 пайызы

Е) Қазақстан халқының 90 пайызы

 

442. М.Шоқайдың бұл кітабы алғашқы рет 1928 ж. француз тілінде, 1935 жылы орыс тілінде Парижде басылып шығарылған.Кітаптың аты қандай?

А) «Түркістан Кеңес билігінде»

В) «Жетісу большевиктер билігінде»

С) «Түркістандағы Қазан революциясы»

Д) «Ұлы Түркістан идеясы »

Е) «Отрлыққа қарсы революция»

 

443. Ұлы Отан Соғысы кезінде Шымкент қаласында болған Чугуевск әскери әуе училищесінің түлегі болған кім?

А) И.Кожедуб

В) Л.Беда

С) С.Луганский

Д) Т.Бегелдинов

Е) Р.Қошқарбаев

 

444.Орыс хан тұсында Ақ Ордада болған маңызды оқиға?

A) Ақ Орда дербестеніп, нығайды

B) Исламды ресми дін етіп жариялады

C) Орталық Сыр бойына көшірілді

Д) Орыс жерлеріне жорық

E) Орта Азияға жорық

 

445. Р.Коквест «Үлкен террор»деп атаған 1937-1938 жж-дағы жаппай саяси қуғын сүргін кезеңін халық арасында қалай атаған?

А) «Ежовшылық»

В) «Берияшылық»

С) «Сталиншылық »

Д) «Абакумовшылық»

Е) «Голощекиншылық»

 

446. «Әскери Коммунизм» саясатының басты талабы қандай болды?

А) Нарық және тауар ақша қатынастарын жою

В) Социализм «адамға адам дос және туыс» қоғамында мүмкін

С) Барлық өнімдер тегін болып, тұтыну теңестірілу керек

Д) Тауар айналымын қатаң орталықтандыру

Е) «Буржуй», және «кулак»өз өнімін экспроприациялау қажет

 

447. О.Сүлейменовтың «Аз иЯ» еңбегінде екі этникалық мәдениет-славян және түркі мәдениетерінің туйіскен жерінде пайда болған ежелгі орыс мәдениетінің ескерткіші зерттеу нысаны болды. Бұл қай шығарма?

А) «Игорь полкі туралы жыр»

В) «Царьградты басып алу туралы»

С) «Жылдар хикаяты»

Д) «Қайырымды қала тұрғындары»

Е) «Жылнамалар жинағы»

 

448. ҚР Конституциясына сай Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларын тең дәрежеде қолдануға бола ма?

А)Қазақстан Республикасы және Қазақстан атаулары тең мағыналы

В)Қазақстан -географиялық атау, ал Қазақстан Республикасы – саяси атауы

С)Қазақстан Республикасы және Қазақстан атаулары тең мағыналы емес

Д) Қазақстан атауы елімізлдің бұрынғы тарихына қатысты,ал ҚР кеңес дәуірінен ке йінгі атау

Е) Тек қана Қазақстан Республикасы атауының қолдануы заңды

 

449. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет қашан жарияланды?

А) 1928ж 27-тамыз

В) 1928ж 3-ақпан

С) 1928ж 1- қараша

Д) 1928ж 29-маусым

Е) 1929ж 1-ақпан

 

450. КСРО ауыл шаруашылығының тиімсіздігінің негізгі себебі неде?

А) Шаруалардың өз еңбегінің жемістерін көрмеуі

В) ауылшаруашылық техникасының жетіспеушілігінен

С) минералды тыңайтқыштардың жетіспеушілігінен

Д) колхозшылардың жалақысы төмен болуынан

Е) гидро-химия- агро-мелиорация жұмыстарының нашар жүргізілуінен

 

451. Ш. Айтматовтың қай шығармасында әскери- өнеркәсіптік кешенінің Қазақстан адамдарына жасаған зұлымдығы көрсетіледі?

А) «Ғасырдан ұзақ күн»

В) «Ана-жер-ана»

С) «Ақ кеме»

Д) «Жанпида»

Е) «Отан»

 

452. Қазақстан ядролық қаруды сынауға қарсы күресіп, қай жылы ядросыз мемлекет болды?

А) 1994ж.

В) 1996ж.

С) 1995ж.

Д) 1992ж.

Е) 1990ж.

 

453. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Мәжілістің (1975ж.) құжаттарында басты негізгілердің бірі ретінде не туралы мәселе көтерді?

А) Адам құқықтарын сақтау

В) Еуропадағы шекараларды делимитациялау

С) Мәжіліске қатысушы елдердің ішкі істеріне араласпау

Д) Халықаралық мәселелерді шешуде күш қолданбау

Е) Мәжіліске қатысқан елдердің сыртқы саясатына араласпау

 

454. Г. Колбин республикаға басшылық еткен кезде қандай кең көлемді құрылыс бағдарламасы жарияланды?

А) «Тұрғын жай-2000»

В) «Тұрғынжай-2030»

С) «Тұрғынжайбесжылдығы»

Д) «Әр Қазақстандыққа лайық тұрғынжай»

Е) «Тұрғын үй бағдарламасы»

 

455. Қазақстан « Бейбітшілік жолындағы серіктестік»бағдарламасының мүшесі болып табылады. Бұл бағдарлама қай ұйымның құзырында?

А) Солтүстік Атлантика келісімі ұйымы (НАТО)

В) Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ)

С) Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ОЭС)

Д) Еуропадаға қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымы ( ОБСЕ)

Е) Тәуелсіз мемлекеттер достығы (ТМД)

 

456. Кеңестік тарихнамада «Қырғи қабақ соғысы» кезеңінің басталуын немен байланыстырады?

А) Черчильдің Флунтондағы сөзі

В) Маршал жоспары

С) Трумен доктринасы

Д) Берлин қабырғасының салынуы

Е) Берлин қабырғасың бұзылуы

 

457. 1993ж. қабылданған Қазақстан Конституциясы 4 бөлім 21 тараудан тұрады. ҚР Конституциясының 3 тарауында не туралы айтылады?

А) Мемлекет және оның органдары қызметінің құқықтық аспектілері

В) ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттері

С) Қазақстанның қоғамдық дамуының ерекшеліктерін сипаттайтын ауыспалы ережелер

Д) Конституцияға бағыну және оның ережелерін қорғау

Е) Қазақ тілі- мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі

 

458. Қазақтың атақты тарихшы-ғалымы Е. Бекмаханов РСФСР ҚК-ның 58-10 бабы бойынша 25 жылға сотталған. Бұл не үшін жазалайтын бап?

А) Кеңес мемлекетіне қарсы үгіт-насихат үшін

В) Контрреволюциялық саботаж үшін

С) Отанды сатқаны үшін

Д) Белгілі болған контрреволюциялық қылмыс туралы хабарламағаны үшін

Е) Кеңес үкіметіне қарсы шыққан үшін

 

459. 1990ж. көктемінде Кеңес Конституциясының 6 бабы күшін жойды. Ол не туралы еді?

А) КОКП-ның қоғамдағы басшылық және бағыттаушылық ролі жөнінде

В) Оппозициялық партияларға тыйым салу жөнінде

С) Кеңес қоғамының түпкі мақсаты-КСРО-да коммунизм құру жөнінде

Д) КСРО азаматтарының жаңа қауымдастығы-«Кеңес халқының»қалыптасуы жөнінде

Е) Кемелденген Социализмге жеткені жөнінде

 

460. Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін Қазақстан дүние жүзінің 117 елінен қолдау тапты. Олардың ішінде нешеуімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды?

А) 100 елмен

В) 110 елмен

С) 105 елмен

Д) 117 елмен

Е) 125 елмен

 

461. ҚР-ң қай құжаты бойынша қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды?

А) Тіл тураы Заңдар

В) ҚР Конституциясы

С) ҚР Тәуелсіздік туралы деклорация

Д) ҚР Мемлекеттік тілі туралы Заң

Е) ҚР Егемендігі туралы Заң

 

462. «Қырғи-қабақ соғыс», яғни соғыс қимылынсыз соғыс жүргізу терминін кім енгізді?

А) АҚШ мемлекеттік хатшысы Д.Ф. Даллес

В) Ұлыбритания премьер министрі У.Черчиль

С) АҚШ президенті Г. Трумэн

Д) КОКП ОК бірінші хатшысы Н.С.Хрущев

Е) Италия мемлекет басшысы Муссалини

 

463. Қазақстан территориясында Неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қай қалада қарсылық демонстрацияларына әкеп соқтырды?

А) Целиноград қаласы

В) Жаңа өзен қаласы

С) Теміртау қаласы

Д) Шымкент қаласы

Е) Алматы қаласы

 

464. 1995ж. Конституциясына сай, ҚР неше жастағы азаматы Парламент мәжілісінің депутаты бола алды?

А) 25 жасқа толған азамат

В) 21 жасқа толған азамат

С) 18 жасқа толған азамат

Д) 30 жасқа толған азамат

Е) 35 жасқа толған азамат

 

465. Кеңес дәуірінде нені «Рекордтар ұстаханасы» деп атады?

А) «Медеу» мұз айдынын

В) Республикалық балалар спорт мектебін

С) Республикалық жоғарғы спорт шеберлігі мектебін

Д) Төрт мәрте чемпион атағына ие болған Айрихтің мектібі

Е) «Балуан Шолақ» спорт сарайы

 

466. 1987 ж. басында КОКП ОК қаулысы шықты. Онда 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары ненің көрінісі деп бағаланды?

А) «Қазақ ұлтшылдығының»

В) «Қазақ сеператизімінің»

С) «Қазақ трайбализімінің»

Д) «Қазақ экстремизімінң»

Е) «Қазақ надандығының»

 

467. Кеңес әскерінің «шектеулі контингенті» Ауғаныстанда 10 жылға дейін болды. Уақытын көрсет.

А) 1979-1989жж.

В) 1977-1987жж.

С) 1987-1988жж.

Д) 1980-1990жж.

Е) 1975-1985жж.

 

468. Жалпы халықтық қазақ тілінің қалыптасуы қашан аяқталды?

А) ХУғ.,аяғы-ХУғ.,басы

В) ХУғ, басы-ХУІғ.,аяғы

С) ХУғ., аяғы –ХУІІғ., басы

Д) ХІУғ.,аяғы –ХУғ., басы

Е) ХІІІғ., ортасы-ХІУғ., басы

 

469. ҚР-дағы ең ірі инвестициялық жобаға Батыстың 6 ірі мұнай компаниясы және ТМД-ның екі компониясы- Қазақ ойыл және Лукойл қатысады. Бұл қандай жоба?

А) Каспий мұнай құбыры консорциумы

В) Каспий теңізінің түбімен жүретін құбыр

С) Ақтөбе-Қытай-Қиыр Шығыс құбыры

Д) Қарашығанақ газ конденсаты кенорындарындағы жоба

Е) Атырау-Каспий-Ақтөбе құбырлары

 

470. 2002ж. маусымында Азиядағы өзара әрекеттесу және сенім шаралары Мәжілісінің алғашқы басқосуы болып өтті. Бұл шараны өткізу жөнінде бастама көтерген кім?

А) Н.Назарбаев

В) Э.Рахмонав

С) В.Путин

Д) А.Ваджапай

Е) И.Каримов

 

471. «Социализм көбірек болса, демократия көбірек болады» кеңес адамдарының санасына кімнің атына байланысты мықты орнады?

А) М.С.Горбачев

В) Н.С.Хрущев

С) К.У. Черненко

Д) Л.И.Брежнев

Е) В.И.Ленин

 

472. ҚР Қарулы күштерінің ұйытқысы- құрылықтағы әскерлер қандай негізде құрылды?

А) Ауғаныстаннан шығарылған 40-шы ауғанның армиясынан

В) Орта Азия әскери округінің әскерлерінен

С) Қазақстандық шекара әскерлерінен

Д) Қазақстанда орналасқан құрылық әскерлерінің барлық бөлімшелерінен

Е) Ресей әскерлерінің негізінен

 

473. Байқоңыр космодромының бүкіл тарихында қанша қазақстандық ғарышқа ұшты?

А) Бес

В) үш

С) екі

Д) бір

Е) алты

 

474. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңға» Президент Н.Ә.Назарбаев қашан қол қойды?

А) 1991ж.16 желтоқсанында

В) 1991ж. 21 желтоқсанында

С) 1991ж. 12 желтоқсанында

Д) 1991ж. 14желтоқсанында

Е) 1990ж. 25 қазанында

 

475. Қазақстандағы бейресми қоғамдық қозғалыс (1987ж.) бастамасын неден алды?

А) Экологиялық ұйымдардан

В) Ұлттық мәдени орталықтардан

С) Тарихи- ағарту ұйымдарынан

Д) Желтоқсан оқиғаларының негізінен

Е) ҚР тарихын зерттеуден

 

476. ҚР Конституциясына сай, Қазақстан Републикасының ел басқару билігі қандай?

А) Президенттік билігі бар унитарлы мемлекет

В) Президенттік билігі бар конфедеративтік мемлекет

С) Президенттік билігі бар Федеративтік мемлекет

Д) Президенттік Республика

Е) Президенттік билігі бар көп ұлтты мемлекет

 

477. 1990-1991жж. елде КСРО-ның болашағы туралы мәселе талқыланды. Бұл мәселе бойынша Қазақстанның көзқарасы қандай болды?

А) Жаңарған федерация және республикалардың егемендігі негізінде Одақты сақтау

В) КСРО-ның статус-квосын сақтау

С) Бірыңғай экономикалық және қаржылық жүйесі бар тәуелсіз мемлекеттер одағын сақтау

Д) КСРО-ның 15 тәуелсіз мемлекетке бөлінуі

Е) Тәуелсіздігін алып ТМД елдерін құру

 

478. ҚР елтаңбасының басты бөлігі не?

А) Шаңырақ-киіз үйдің төбесі

В) Алтын қанатты қиял тұлпары

С) Бесбұрышты жұлдыз

Д) Уықтар

Е) Керегелер

 

479. 1991ж. тамызында Төтенше жағдай бойынша Мемлекеттік Комитетті кім басқарды?

А) КСРО вице президенті Г.Янаев

В) КСРО МҚК Төрағасы В.Крючков

С) КСРО Ішкі Істер министрі Б.Пуго

Д) КСРО премьер-министрі В.Павлов

Е) КСРО Президенті М.Горбачев

 

480. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туы жобасының авторы кім?

А) Ш.Ниязбеков

В) Ш. Уалиханов

С) Ж.Мәлибеков

Д) А.Уалиханов

Е) Н.Назарбаев

 

481. 1991жылдан басталған ҚР мемлекеттік меншікті жекешелендіру қанша кезеңнен тұрады?

А) Үш кезеңнен

В) бір кезеңнен

С) екі кезеңнен

Д) төрт кезеңнен

Е) бес кезеңнен

 

482. Еуразиялық экономикалық Одақ қай жылы құрылды?

А) 2000 ж.

В) 2001 ж.

С) 2002 ж.

Д) 1999 ж.

Е) 1998 ж.

 

483. 1997 ж. ресми мәліметтер бойынша, Ресейдегі қазақ диаспорасын қанша адам құрады?

А) 740 мың адам

В) 1 млн адам

С) 1 млн 500 мың адам

Д) 2 млн 200 мың адам

Е) 500 мың адам

 

484. 1993 ж. аяғына қарай Қазақстанда ресми тіркеліп, әрекет еткен үш партия болды. Бұл қандай партиялар?

А) Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы және Қазақстанның халық конгресі партиясы

В) Демократиялық партия, Коммунистік партия, Қазақстанның қайта өрлеу партиясы, патриоттар партиясы

С) Социалистік партия, Демократиялық партия және Қазақстанның халық конгресі партиясы

Д) Социалистік партия, Қазқстанның халық бірлігі және Қазақстанның халық конгресі

Е) Желтоқсан партиясы, Демократиялық партия және Социалистік партиясы

 

485. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы БҰҰ-на кім ретінде енді?

А) Толық мүше ретінде

В) Бақылаушы ретінде

С) Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде

Д) Құқығы шектеулі БҰҰ-ның мүшесі ретінде

Е) Тәуелсіз мемлекет ретінде

 

486. Қазақстанда Коммунистік партияны тарату туралы шешім қашан қабылданды?

А) 1991ж. 1 қыркүйекте

В) 1990 ж. тамызында

С) 1991 ж. желтоқсанында

Д) 1990 ж. маусымында

Е) 1990 ж. ақпанында

 

487. 1991 ж. Желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы туралы келісімге қол қойды. Алматы декларациясына қанша елдің басшылары қол қойды?

А) Бұрынғы КСРО-ның 11 тәуелсіз мемлекеті

В) бұрынғы КСРО –ның 10 тәуелсіз мемлекеті

С) бұрынғы КСРО-ның 9 тәуелсіз мемлекеті

Д) бұрынғы КСРО-ның 4 тәуелсіз мемлекеті

Е) бұрынғы КСРО-ның 8 тәуелсіз мемлекеті

 

488. ҚР жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ішінде алтын өндірісі бойынша нешінші орын алады?

А) үшінші

В) бірінші

С) екінші

Д) бесінші

Е) төртінші

 

489. 1986ж. Тәуелсіздіктің жаршысы – Желтоқсан оқиғасына қазіргі уақытта тарихшылардың көзқарасы бойынша қандай баға берілуде?

А) Желтоқсан оқиғасы емес, көтеріліс

В) Желтоқсан оқиғасы емес, бүлік

С) Желтоқсан оқиғасы емес, қылмыстық қимылдар

Д) Желтоқсан оқиғасы емес, ұлтшылдық

Е) Желтоқсан оқиғасы емес, шеру

 

489. Н.Ә.Назарбаевтың «1986ж. 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» жарлығы қашан шықты?

А) 1991ж.

В) 1992ж.

С)1993ж.

Д)1995ж.

Е)1996ж.

 

490. Желтоқсан оқиғасы қандай сипатта болды?

А) Бейбіт және саяси

В) Ұлтшылдық

С) Бұзақылық

Д) Қылмыстық мипатта

Е) Орыстарға қарсы

 

491. «Халық қаһарманы»атағын алған желтоқсан құрбандары кім?

А) Қ.Рысқұлбеков

В) Л.Асанова

С) Р. Қожабергенов

Д) Ш. Қарабаев

Е) Е.Сыпатаев

 

492. 17 желтоқсан Республикада қандай күн деп аталады?

А) Ұлттық аза тұту

В) Демократиялық жаңару

С) Халықтар достығы

Д) Президентті сайлай

Е) Қазақ тілі мәртебесін көтеру

 

492. Президенттің Халыққа Жолдауында «лизинг» деген не?

А) Қымбат тұратын өндіріс құралдарын жалға алу

В) Авиацияны жеке меншікке беру

С) Әуе қозғалысының басқару жүйесін ұйымдастыру

Д) Тез арада техниканы алу

Е) Авиакомпаниялардың бірігіп жұмыс істеуі

 

493. Президент өз Жолдауында «Ресейдің соңынан біз де демографиялық тұйыққа түсуіміз мүмкін»деп нені айтты?

А) Халық санының табиғи жолмен азаюы

В) Миграцияны тоқтату керектігін

С) Сәбилердің дүниеге келуінің азаюы

Д) Әлемдік елдердің саяси жағдайының шиеленісуі

Е) Демографиялық жағдайдың шиеленісуі

 

494. Президенттің пікірі бойынша шет елдермен байланыста неге қатты көңіл бөлу керек?

А) Экологияға

В) Мәдениетіне

С) Инвестицияға

Д) Алынған салыққа

Е) Халықтың тұрмыс жағдайына

 

495. Президенттің халыққа жолдауындағы өзекті сөздерді атаңыз:

А) Халықтың өсіп өркендеуі

В) Әлеуметтік, шындық, кәсіби патриотизм.

С) Кәсіби мемлекет, қоғамдық тұрақтылық

Д) Экономикалық тұрақтылық

Е) Қоғамдық топтасу

 

496. 1997-1998жж. Кентау, Жаңатас тау-кен өнеркісібі жұмысшыларының ереуілдерге шығып, аштық жариялауының себептері:

А) Шетелдік инвесторлардың еңбекақыны уақытында төлемеуі

В) Жұмысшылардың жалпы санынң қысқаруы

С) Өкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие саясаттарының жетілдірілмеуі

Д) Өндірістің техникалық базасының төмендеуі

Е) Өндірістің жалпы құлдырауы

 

497. Қазақстан социалистік партиясының мақсаты:

А) Еңбекшілерді әлеуметтік жағынан қорғау

В) Социализм ұғымдарына негізделген әділетті қоғам орнату

С) Ұлттық-патриоттық күштерді орнату

Д) Қазақ ұлтын өркендету

Е) Экономикалық бостандыққа жету

 

498. Ірі капиталистік елдердің ішінде Қазақстанға экономикалық көмек ретінде 800 млн. доллар несие берген елді атаңыз:

А) Германия

В) Түркия

С) Австрия

Д) Англия

Е) Италия

 

499. 1993 жылы 9 қазанда Н.Ә.Назарбаевтың қандай еңбегі жарияланды?

А) «Қазақстанның болашағы- қоғамның идеялық бірлігінде»

В) «Сындарлы он жыл»

С) «Әділеттің ақ жолы»

Д) «Тарих толқнында»

Е) «Қазақстанның егемен ел ретіндегі қалыптасуы мен даму стратегиясы»

 

500. Жамбыл қаласына тарихи Тараз атауы қай жылы қайтарылды?

А) 1997жылы 8 қаңтарда

В) 1999 жылы 11 тамызда

С) 2000 жылы 14 сәуірде

Д) 1995 жылы 14 желтоқсанда

Е) 1999 жылы 11 наурызда

 


 

Тест тапсырмасын құрастырған _______________ _______________

/қолы/ /аты-жөні/

Тест тапсырмасы «Қазақстан тарихы» кафедрасы мәжілісінде бекітілген

 

№ _____ хаттама «_____» ____________20___ ж.

 

Кафедра меңгерушісі _____________ ____________________

/қолы/ /аты-жөні/

 

Тест тапсырмасы ЕҰӨБ қабылданды

 

БӨМ сектор меңгерушісі ________________ ____________________

/қолы/ /аты-жөні/

 

«_____» __________ 20___ ж.

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Коммуна дегеніміз не? | Лек. №1
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 3.338 s.