Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Епті адам


Date: 2015-10-07; view: 1288.


Тайпа

Лек.№7

Лек.№6

Лек.№5

XIX ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілінің тарихы

Қарастырылатын мәселелер:

1. Тарихи-әлеуметтік жағдай

2. XIX ғасырдың І жартысындағы әдеби тілді танытатын үлгілер

3. XIX ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілдің лексикалық құрамы

 

І. XIX ғасырдың І жартысында Қазақстанның көптеген жері Россия империясының құрамына еніп болды. Ел басқару билігін патша өз қолына алды. Қазақ хандықтарын жойды. Әкімшілік пен сот билік жүргізудің жаңа тәртіптерін енгізді. Олар 1822 жылғы сібір қазақтары туралы устав, 1831 жылы Кіші жүзде дистанциялық басқару жөніндегі, т.т.

Қазақ халқының экономикалық жай-күйінде де елеулі өзгерістер болды. Сауда күшейді. Батыр мен бидің әлеуметтік жағдайы өзгерді. Оқу –ағарту ісі дамымады, әсіресе ана тілде оқытатын жер мүлде болмады.

XIX ғасырдың 20-30 ж.ж. Исатай мен Махамбет бастаған ұлт –азаттық көтеріліс болды. Міне, көріп отырғанымыздай, аталған кезеңдегі әлеуметтік жағдайлар тілге, әдебиетке көп әсерін тигізді. Ол әсіресе тілдің лексика саласынан көрінеді.

ІІ. Аталған кезеңде ауыз әдебиетінен ажырап, авторы белгілі болып, ілгеріден келе жатқан тарихи әдебиет XIX ғасырдың І жартысында одан әрі жалғасты.

Әдебиет зерттеушілердің айтуына қарағанда, бұл тұста жігі айқындала түскен, идеологиялық бағытты ұстанған екі қазақ әдебиеті өмір сүрген.

1. Бұқарашыл: Махамбет, Шернияз, Шөже;

2. Кертартпа реакцияшыл: Байтоқ, Дулатты жатқызды.

Осы тұрғыдан келгенде қазақ әдеби тілінің көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға қызмет еткендігі байқалады.

Аталған кезеңдегі де әдеби тіл үлгілері ауызша жетті. Сондықтан бұл үлгілердеде текстологиялық қайшылықтар кезедеседі. Дегенмен 18 ғасырға қарағанда уақыттың жақындығы жағынан тематикасы түрленіп, ауыз әдебиеті тақырыбы шеңберінің шығып, жеке авторлық сипат алғандағы әдеби тіл үлглері нақтырақ жеткендігі байқалады.

XIX ғасырдың І жартысында ауызша дамыған әдеби тілмен қоса, ресми эпистолярлық тіл үлгілері болады.

 

ІІІ. Аталған кезеңдегі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы , қазақтың сөздерінен және кірме сөздерден тұрады. Кірме сөздерді екіге бөлуге болады:

а) Араб-парсы сөздері;

ә) Орыс тілінен енген сөздер.

Әрине бұл аталған үш қабаттың үшеуінде де аталған дәуірде едәуір өзгеріс бар. Сондықтан өздері атап отырған заттың немесе құбылыстың бірте-бірте қалып бара жатқандығына байланысты кейбір сөздер әдеби тілде пассивтеніп, сирек қолданыла бастайды.

Сондықтан бұл кезеңдегі әдеби тілде архаизмдер кездеседі. Керісінше, XIX ғасырдың І жартысында жаңа әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың және тарихи құбылыстардың кезеңі болды. Сондықтан жаңа лексикалық единицаалар пайда болатындығы байқалады.

Жаңа тілдік элементтерге лексикалық тәсіл арқылы қазақ тіліне ене бастаған сөздерді, лексикалық мағынасы жаңарған сөздерді, синтетика-аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерді жатқызамыз. Алдыңғы кездердегідей қазақ әдеби тілінің сөздік құрамы көркем әдебиеттің мазмұны мен тақырыбына тікелей қатысты болды. Мәселен, аталған кезеңдегі елеулі оқиға Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі дедік.

1. Жауынгерлік лексика кездеседі: найза, қылыш, мылтық, әлі де қолданудан шыға қоймаған білтелі, садақ,т.т.

Білтеліге доп салмай деген жолдағы «доп салмай» мылтық оғынан өзгеше. Сондықтан бұл қару зеңбірек болуы мүмкін (Байқаймыз, мылтық, білтелі сөздері жаңа атаулар).

2. Эпитетпен қолданылған қару-жарақ атаулары:алты құлаш ақ найза, толғамалы найза, қималы найза, балдағы құрыш болат,т.т.

3. Көеріліске қатысушыларды білдіретін ұғым атаулары кездеседі: әскер, қол, найза ұстаған ерлер, қасыма ерген ерлер, т.т.

Жауынгерлік лексика тобы Махамбеттен басқа XIX ғасырдан әрі сирей бастады. Бұл саладағы біраз сөздер Дулаттың «Еспембет» дастанында кездеседі: кіреуке, жеңсіз берен, адырна, алмас семсер, тұсаулап жонған оқ, т.т.

ә) Жоғарыдан байқағанымыздай қазақ даласында үлкен әлеуметтік –саяси өзгеріс болды. Ел басқару системасына қатысты мәселелерді айқын тануға болатын хан, ханзада, төре, сұлтан, қара, қара қазақ, ақсүйек,т.т. лексемалар бар. Әрі бұл ұғым атаулары актив қолданылғандығы (және әлеуметтік жік) байқалады. Мысалы, Шерниязда «қара» сөзі:

 

- Қарадан халқым сүйіп , «ханым» деген

Немесе

- Қазақтың қара жұртын быт-шыт қылған.

Немесе Махамбетте:

- Ақсүйектің баласын,

Қара ұлына тең көрдік.

б) Жоғарыда аталған кезеңде хан жарлықтары шықты, аға сұлтан, болыс, майыр, старшын, оңбасы, ұлық, тілмәш, алым-салық, шаңырақ салығы, малды қағаздату, абақты,т.т.

в) Сауда-сатыққа байланысты туған ұғым атаулары: сауда, саудагер, ақша, пұл, батпан, таразы, пайда, өсім,несие, карыз,т.т.

Қазір терминдік мағынада қолданылып тұрғандары: пайда, өсім, несие. Осы сипатта қолданылады.

 

г) Шаруашылыққа байланысты лексемалар: ылауға ат алу, ат жалдау, кіре тарту, шаруа істеу,т.т.

 

ғ) Аталған кезеңде қазақ әдеби тілінде еркін және актив ене бастаған сөздер оқу-ағарту, мәдениетке байланысты сөздер. Бұл:

1. Бір табан ілгері жылжығандығы байқалады. Қазақ қоғамында білім, рухани дүние, т.т сөз бола бастағандығы заңдылық.

2. Аталған кезеңдегі әдеби тіл өілдері (Махамбет, Дулат,Шортанбай) мұсылманша сауатты болғандықтан әрі оқу-білім, өнерге қатысты лексемаларды тура және образ үшін қолданып отырғандығы байқалады: молла, сабақ, сабақ алу, хат, сызған хат, кітап, кітап сөз, ақыл, ұстаз, әріп, өнерпаз, қалам, сия,т.т

XIX ғасырдың І жартысында қазақ әдеби тілінің лексикалық бір ерекшелігі қазіргі қазақ әдеби тілі лексикасында кездеспейтін, қолданыста жоқ сөздер кездеседі. Олардың біразын көне сөзге де, диалектіге де жатқызуға келмейді: ереуіл, қалықпан, қу толағай бастану, мінкен ер, қырқарлану, керіскен, сой, кескекті ер,т.т.

Ғалым Р.Сыздықова аталған сөздердің кейбірінің мағынасын ашып көрсетеді. Мәселен:

Ереуіл – монғол сөзі, тың,күшті деген мағынаны білдіреді, заттық ұғым атауы.

Қалықпан - көне түркі сөзі, аспан деген мағынаны білдіреді, заттық ұғым атауы.

Махамбетте:

- Мен қара туған қалықпан,

Жалаулы найза қолға алып,

Қалықпандай қолға алып.

Байқаймыз, Махамбеттің тілінде мықтылық, күштілік, тектілік мағынасында жұмсалып тұр.

Сой – жақсы нәсіл деген мағынаны білдіреді, заттық ұғым атауы.

Махамбетте:

- Мен кескекті ердің сойымын,

Кескілеспей бір басылман.

Немесе Шерниязда:

- Асыл сойдың баласы.

Есте сақтайтын жағдай:

1. Тіл ғылымында диалектілік архаизм деп аталады.

2. Диалектілік архаизм ретінде «байтақ» сөзі де танылады.

3. Қазір «байтақ» сөзі кең деген мағынаны береді, сындық ұғым атауы.

4. Аталған кезеңде «байтақ» сөзі ел, жұрт мағынасында жұмсалғандығы байқалады.

Бұларға қоса, Махамбет, Шернияз, Алмажан, Байтоқ тілінде ерекше лексемалар кездеседі:

v зәуде – кездейсоқ .

v жік жапар болу – ынтасымен кірісу.

v сыңайы – реті, шамасы.

v жандасу – өліспей беріспеу.

Бұларға қоса, бірді-екілі говорлар да кездесіп қалады. Мәселен, Дулатта:

- Бәйбіше тантық, байы арам,

Баласы бошалаң.

v бошалаң – бос, ынжық.

Немесе

- Елім десе еліріп,

Жанынан мүлде күскен ер.

v күскен – безген.

 

Орыс тілінен енген сөздер

Алдыңғы кезеңнен бір айрмашылығы аталған кезеңде қазақ әдеби тіл үлгілерінде орыс тілінен сөз ене бастау дәстүрі байқалады. Қазақ елінің Ресей құрамына енуіне байланысты халықтың күнделікті өмір, тіршілігінен бастап, әкімшілік, сот, саясат, т.т. салаларға байланысты жаңа ұғым атаулары енді. Мәселен, Махамбет,Шернияз тілінде: шай, срок, солдат,т.т.

Бұларға қоса қазақтың жалпы қазақ тілінде, сөйлесу тілінде барана, пикет, хутор, чашка, поднос, комендант, поштабай, сот, т.т. сөздер.

Шаруашылық пен әскери, әкімшілікке қатысты сөздерді ғалым Ғ.Мұсабаев үшке бөлді (қарапайым, сот, әкімшілік).

 

Араб -парсы сөздері

Алдыңғы кезеңдерден бастап-ақ байқағанымыз, қазақ әдеби тілінің лексикасында араб-парсы тілінен ауысқан сөздер едәуір орын алып келеді. Оған қазақтардың мұсылман дініне енуі , мұсылманша оқу –ағартудың орын алғандығы себеп болғандығы аян. Аталған кезеңде бұл лексикалық қабаттың қолданылуы барлық авторда бірдей емес. Әрине ол ақын –жыраулардың мұсылманша сауаттылығына байланысты.

Араб-парсы сөздерінің қолданылуында сөз етіп отырған дәуірде айырмашылықтар бар. Мәселен, Дулат пен Шортанбайда төмендегідей сөздер кездеседі: шафағат, ғаран, мухмин, хақ, хақар, ғариф, әдхам,т.т.

Байқаймыз, бұл лексемалар алдыңғы кезеңдерден өзгеше. Бұған қоса фонетикалық жағынан қазақиланған мынадай сөздер кездеседі: ғазап, ақыл, әділ, әдет, біссімілә, һарам, ораза, руза,т.т.

Діни лексика – дінді арнайы сөз еткен, оны үгіттеген ақындар тілінде кездеседі. Мәселен, Шортанбайда:

- Малдан зекет бермеген,

Аузына құдай кірмеген.

-деп сараңды суреттейді.

 

Немесе

- Жәббардың екі болмайды,

Әмір қылған жарлығы

-деп ақиқатты суреттейді.

 

Немесе Шортанбайда:

- Құдай деген мұхменнің,

Ауыздан кетпес табысы.

Иманы бардың белгісі,

Тілінен тамар шарасы.

Осы тұрғыдан келгенде де Шортанбайды мұсылмандықтың жаршысы деп таниды.

Тағы бір ерекшелік мұсылманша хат таныған ақындардың шығармаларында дінге, тіліне, тарихына қатысы бар тұлғалардыңесімдері кезедеседі.Мұхаммед,Сүлеймен, Мұстафа,Софыаллаяр, Ақсақ Темір, Әзірет әлі, Лұқпан Хакім,т.т.

 

Фразеологиялық тіркестер

XIX ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілінде кездесетін тұрақты тіркестер екіге бөлуге болады.

1. Жауынгерлік тематикаға байланысты фольклор тілінде қалыптасып, тұрақталған әрі дамыған тіркестер: түн қату, түс қашу, ат үстінде күн туу, жау жағасын түсіру,т.т.

2. Ел билеу, әкімшілікке байланысты тұрақты тіркестер: шынжыр балақ, шұбар төс;бас ұсыну; еңбегі еш болу; сауық –сайран салу;шот желке,шолақ айдар,т.т.

Сонымен қатар улат,Шортанбай тілінде мынадай жаңа тұрақты тіркестер кездеседі:

· Жетесінде жігері болу

· Топқа кіру

· Көсегесі көгеру

· Сөзге құлақ салу

· Көңіл азу, тоны тозу

· Шаруа жию

· Қатесін мойнына алу

· Өрнек жаю

· Зар заман

· Пара жеу

· Насихат шашу

· Сөзге сабақ бермеу

Байқаймыз, қазақтың төл әдеби тілінде ежелден бар тұрақты тіркестер активтенген, жаңадан пайда болғандары да бар.

Аталған кезеңде де хатқа түскен әдеби тіл үлгілері аз болғандықтан оның фонетика, грамматикалық жүйесін дәл сипаттау қиын. Дегенмен әдеби тілдің үлгілері көркем әдебиет, оның ішінде өлең түрінде болғандықтан ондағы грамматикалық тұлға, тәсілдердің көп өзгермей жеткендігін ескеріп және алдыңғы дәуірдегі әдеби тілмен салыстыра отырып, аталған кезеңдегі әдеби тілдің грамматикасын біршама талдауға болады.

Үлгілердегі морфологиялық тәсілдің көрінісі қазіргі тілдік нормаға жақын: тәуелдеу, септеу, көпше түрде өзгерту парадигмасы, етістіктің рай, етіс категориясы, сын есімнің шырай түрері осы нормаға сай келеді.

Алайда мынадай ерекшеліктер байқалады:

Ең алдымен грамматикада варианттылық құбылыс бар. Жарыспалылық екі-үш жағдайда көрінеді:

1. Морфологиялық тұлғалардың қызметінде;

2. Сыртқы формаларында;

3. Қиысу, меңгеру амалдарында.

Мысалы,белгілі бір грамматикалық категорияның қызметін екі форма (тұлға) қатар атқарады.

Махамбетте:

- Екі кісі тең барса,

Оңды төре береді,

Ақылы жетіп би адам.

Немесе Шортанбайда:

- Алғаның жақсы жолықса,

Қадіріңді біледі.

Немесе Махамбетте:

- Өлеңді айтып толғандым,

Көкірегімді басарға.

Немесе Шерниязда:

- Бармайды ауыз, шіркін, жамандарға.

Немесе Алмажанда:

- Әке келеді мен бейбақ

Диуана болып іздеуде.

Немесе

- Шығып едік елімнен,

Хан Жәңгірді көрмеге

Ішке толы мұңды зар.

Немесе Махамбетте:

- Бір қазақпен тең едім,

Мың қазаққа ем едім.

Немесе

- Жәңгір ханды ниеттеніп қызың кетіп барады

♦ Бұған қоса, жіктеу есімдіктерінің байланысуында өзгешеліктер байқалады. Мысалы,Шерниязда:

- Біздіңмен он үш деп едік.

♦ Жақтық қиысуда өзгешелік байқалады: Мен тауда ойнаған қарт-марал

 

XIX ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы

1. Аталған кезеңдегі қазақ әдеби тілінің аффиксация тәсілі.

Бұған қоса, сөз мағынасын ауыстыру тәсілі – семантикалық.

Алдыңғы уақытпен салыстырғанда сөзжасамдық жұрнақ көбейген. Ең актив жұрнақтар: -лық, -дық ,-тық, -тік,т.т.

а) Мынадай заттық ұғым атаулары жасалған: жалғыздық, дақсылық, даналық, ептілік, шешендік, т.т

ә) Мынадай сындық ұғым атаулары жасалған: жылдық, тиындық, күндік,т.т.

- шы,-ші жұрнағы арқылы жасалған сөздер көбейген:егінші, үйші, қойшы.

-қор, -паз, -шыл, -шіл:жемқор, парақор, бүлдіршін, жетекшіл.

2. Семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерге: пысық, ұлық, аға сұлтан, елубасы, мәселе кітап, төре, несие, өсім, жол сауда.

Пысық, атқа мінер терминдік атқа ие болса, төре, ұлық сөздері бұрынғы жалпы ұғымдармен ауысып белгілі бір әкімдік дәрежедегі ұғымды атауға бейімделген.

 

XIX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілі

Қарастырылатын мәселелер:

1. XIX ғасырдың ІІ жартысындағы тарихи жағдай

2. XIX ғасырдың ІІ жартысындағы тілдік құбылыстар

3. XIX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы

4. XIX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылымы

 

І.XIX ғасырдың ІІ жартысы қазақ халқының саяси-әлеуметтік , мәдени-тарихи фактілердің, үлкен өзгерістердің, шиеленіске түскен идеологияның тартыстарының заманы болды.

Аталған кезеңде қазақ елі Ресей империясының құрамына кіріп болды. Патриархалдық кезең жойылды. Жаңа әлеуметтік іргетас қалана бастады. Қала орнады, сауда жанданды, отырықшылық , егіншілік басталды.

Мәдени,рухани өмірінде де жаңалық болып, оқу орындары пайда болды. Орынбор, Торғай, Омск, Перовск қалаларында мектептер ашылды. Жаңа оқумен қатар мұсылманша оқу да осы кезеңде жанданды. Бұқара халықтың билікке деген қызығушылығы көбейді.

Қазақ елінде баспасөз орындары да пайда болды. Қазақ тілінде кітап бастыру ісі қолға алынды. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Қазанда 400-ден астам кітап шығып, тең жартысы жарияланды, таратылды.

Орыс ғалымдары қазақ тілін зерттей бастады. Ауыз әдебиеті мұралары жинақталып баспа бетін көрді. Қазақтың жаңа жазба әдебиеті пайда болды.

XIX ғасырдың ІІ жартысында қазақ қоғамының рухани дүниесінде бір-біріне қарама-қайшы екі ағым болды.

1. Кертартпа феодалдық идеологияны жақтаушылар;

2. Прогрессивті демократияны жақтаушылар.

Әрине бұл екі тенденцияны әдеби тіл тәжірибесіне де тікелей әсері бар. Тілді пайдалануда да демократизация сипаты болды.

Алдыңғы кездерде жазба тілді (Орта Азиялық түрки тіл немесе шағатай тілі немесе кітаби тіл) орыс чиновниктері, хандар концеляриясы пайдаланса, аталған кезеңде тілдің бұл формасын көпшілік қолдануға мүмкіндік алды. Әрі кімге болсын ойды анық айту сипаты болды. Мысалы, Сүйінбайдың Тезек төреге айтқаны немесе Шөженің балтаға айтқаны,т.т.

Сонда тілді қолдануда демократиялық сипат болды.

Орта Азиялық түрки тілдің бұлайша қолданысына орай, аталған кезеңде жазба тілдің екі типінің қатар өмір сүруіне әкелді.

Бірі – кітаби тіл, екіншісі – қазақтың ежелден келе жатқан, төл әдеби тіліне негізделген жазба тіл.

Жазба тілді қазақ филологиясында жаңа жазба әдеби тіл немесе ұлттық жазба әдеби тіл деп аталды.

 

ІІ. Аталған кезеңде төмендегідей үлгілер болды.

1. Халықтың бай ауыз әдебиті шығармаларының тілі. Басым көпшілігі бұрыннан келе жатқан, бірақ ауызша сақталып, ауызша жеткендіктен. Бұған қоса, «Айман –Шолпан» жыры, «Бекет батыр» жыры.

2. Қазақтың поэзияға қызмет еткен байырғы ауызша әдеби тілі. Оның өкілдері: Сүйінбай, Шөже, Біржан, Майлықожа, Базар, Ақан, т.т.

3. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі. Бұл үрдіс Абай,Ыбырай шығармаларының тілінен көрінеді.

4. «Дала уәлаяты» , «Түркістан уәлаяты», «Торғай», «Ауыл шаруашылығы» листоктары.

5. Ресми кеңсе қағаздарының тілі (кітаби тіл немесе Орта Азиялық түрки тіл)

6. Аудармалар: «Шахнаме», «Жүсіп –Зылиха», «Шәкір –Шәкірат», «Сейфіл – Мәлік»,т.т.

7. Ислам дінін уағыздап кітаби тілде жазылған қиссалар: «Сал –сал», «Қырық қадис», «Жұм - жұма»,т.т.

8. Тұңғыш пайда болған қазақ тілінің хрестоматиясы, екі тілдік сөздіктер.

9. Медицина , ветиринария тақырыбына арналған кітапшалар.

10. Христиан дінін уағыздап, миссионерлік мақсатпен жазылған кітаптар.

Бұл аталған әдебиет үлгілері мазмұны мен мақсаттарыжағынан аталған екі топқа (тілі жағынан) жинақталды. Олар:

1. Орта Азиялық түрки тіл;

2. Қазақтың төл әдеби тілі. Ол іштей екіге бөлінді:

а) Қазақтың ауызша әдеби тілі;

ә) Қазақтың жаңа жазба әдеби тілі.

 

Лексикалық құрамы

Аталған кезеңдегі әдеби тілдің лесикалық құрамы үш қабаттан тұрады:

1. Негізгі бөлігі жалпыхалықтық тілдің лексикасынан;

2. Араб –парсы сөздерінен;

3. Орыс сөздерінен.

XIX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілінің сөздіік құрамы қазақ өмірінің әр алуан жақтарын суреттей алатын дәрежеде көбейіп, тұрақталды.

Ел билеу, сот системесы, жаңа экономикалық қатынастар,саудада, оқу –білім, ғылымда жаңа сөздер пайда болды.

1. Әкімшілік , сот системасына қатысты сөздер. Хан, төлеңгіт, құл сөздерінің қолданысы сиреді.

а) Сұлтан, төре, би сөздерінің мағыналары жартылай өзгерді.

ә) Мысалы, «би» сөзі – билік айтып, үкім шығаратын адам деген ұғымды білдіріп келсе, аталған кезеңде шешен, тапқыр, кеңесші деген қосымша мағына үстелді.

Мысалы,Біржанда:

- Сегіз би съезіне бердім.

Осыған байланысты «билер съезі» деген сөздер пайда болды.

XIX ғасырдың ІІ жартысында жаңа қоғамдық-әкімшілік құрылысты көрсететін терминдер: сенат, болыс, старшина, ауылнай, атқамінер, әкім, пошташы, шен, кедей, жатақ, қоңсы, тамыр.

б) Патша үкіметі сотына байланысты сөздер: «с, арыз, абақты, тінтуші, тұтқын,т.т.

Мысалы, Біржанда:

- Жанбота,осы ма еді өлген жерің,

Көкшетау боқтығына көмген жерің.

Адамын бір болыстың біреу сабап

Бар ма еді статьяда көрген жерің.

Немесе Майлықожада:

- Законмен жөн сұрамақ атақ болды.

Бұған қоса мүлде активтенген сөздер: пара, парақор,т.т.

2. Сауда-сатыққа байланысты байланысты сөздер. Бұл кезде халықты қанаудың жаңа түрі пайда болды.

а) Феодалдық ренталардың кейбір түрлері бұрыннан бар болғанымен, енді олардың түрі өзгерді.

Мәселен,сауын салығы, жүн беру, ат майын беру, ортақ, ортақтасу, т.т.

ә) Сондай-ақ ресми алым-салықтың түрі:түтін салығы, қарашығын, бедерлі қағаз,т.т.

Осының бәрі әдеби тілден орын алып, әр құбылыс өз атымен аталған.

б) Жаңа кәсіпке байланысты: кіре, кіреші, алып-сатыр, қарыз, көтерме сауда, қалашы, арбашы.

Мысалы,Майлықожада:

- Атершіден алғаны, айна, тарақ,рең болды.

Сарада:

- Пұлындай берекесіз сауданың.

Айта кететін жағдай, бұрын келген жәрмеңке, сауда, базар тіпті бұл кезде активтеніп туынды сөздер жасауға негіз болғандығы байқалады: базарға салу, базарлау, саудагерлік, жәрмеңкелеу, таразыға тарту,т.т.

3. Егін шаруашылығына байланысты сөздер: егінші, диқаншы, масақ теру, соқа, жер айдау,т.т.

Негізінен экономикалық жағдайға байланысты ғалым И.Буниннің 1883 жылы шыққан орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздігінде берілген.

4. Оқу-ағарту, білім-ғылымға байланысты сөздер:кітап, қалам, медресе, молда,т.т.

Бұған қоса, дәптерхат, насихат, әріп,т.б. сөздер пайда болы.

- Азғантай мен жазайын ақыл дәптер.

Оқу-ағартуға қастысты лексиканың молайып нормалануы жаңа жазба әдеби тіл кезеңінде.

 

 

Жаңа фразалық тіркестер

1. Саудаға байланысты: базарға салу, бәстесу, борышқа қалу, құл болу,т.т.

2. Әлеуметтік –әкімшілкке байланысты: жер аудару, басының билігі, закон сұрау, шеніне келу,т.т.

3. Еңбекке, адамгершілікке байланысты:

v Деміне нан пісу

v Нан тауып жеу

v Кіре тарту

v Шаруа жию

v Қызмат қылу

Ерекше оралымдар немесе синтенциялар:

Ақан серіде: ғашықтықтың оты, көңілдің қамалы, көкейінде көзі болу;

Шәңгерейде : ақ ниеті тотығу;

Майлықожада : дүниеге мейман көңіл.

Араб-парсы сөздері

Аталған кезеңде араб-парсы сөздерінің көп енуіне мына жағдайлар себеп болды:

1. Ислам дінінің кең тарауы;

2. Мұсылманша оқу;

3. Ақындардың мұсылманша сауатты болуы;

4. Кітаби тілдің ықпалы.

Мынадай жаңа сөздер: ыбырат, ләззат, сүннәт, парық, перизат, ыждихат,т.т.

Қазақ әдеби тіліне енген орыс сөздері

Аталған кезеңде орыс тілі арқылы шетел тіл элементтері көптеп ене бастаған кезең. Көркем әдебиеттің тіліндегі, баспасөздегі, сол кезде жарияланған әдебиет үлгілеріндегі орыс сөздері өмірдің түрлі жағдайына, барлық салаларына байланысты қамтиды. Мысалы:

Шөжеде: Алтын медаль

Біржанда: Он екі звод жіберейін; әрген – орган.

Ақандағы: фамильный шай;бриллиант; серебро; именной; сватья.

Бұдан орыс сөздерін жатсынбай пайдаланғанын көреміз. Әдеби тілге енген сөздернден басқа велосипед, шкаф, стол, кәзит, семинария, школ,т.т. орыс лексемалары кездеседі.

Оны баспаның тілін зерттеген ғалым Б.Әбілқасымовтың еңбегінен көруге болады (Б.Әбілқасымов. «Дала уәлаяты» газеті, автореферат, Алматы. 10-бет).

 

 

XIX ғасырдың ІІ жартысындағы жаңа жазба әдеби тіл

Қарастырылатын мәселелер:

1. Ежелгі қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтерілуіне әсер еткен фактор

2. Жаңа жазба әдеби тілдің структуралық құрылымы

І.Байырға қазақ әдеби тілі XIX ғасырдың соңғы ширегінде синтезделіп, демократиялық сипаттағы, жаңа мазмұндағы әдебиетке ұштасты (жалпылық сипатта).

Ол ерекшелік немесе жаңалық Абай,Ыбырайдың мол әдеби-педагогикалық мұраларынан, баспасөз беттерінен әр түрлі бағыттағы ақындардың шығармаларынан, әлі де туып және ауыз әдебиеті үлгілерінің тілінен көрінеді.

Ежелгі қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтерілуіне бірнеше жағдайлар әсер етті.

1. Жазба әдебиет дамыды. Түрлері көбейді, тек поэзия емес, проза, ғылыми педагогикалық шығармалар,т.т.

Көркем әдебиет жазба түрге көшті. Қаламгерлердің көбі мұсылманша сауатты болды. Абай,Ыбырай,Шәңгерейлер орыс тілінде білім алып, сол әдебиетті үйренетін дәрежеге жетті.

· Жазба әдебиет ежелгі әдеби тілдің қызметін атқарды.

Бұл тілді жаңа сатыға көтерген бірінші фактор.

2. Қоғамдық жаңа ой, сана әдебиеттің жаңа ағымын демократиялық бағыттағы шыншыл реализм бағытындағы әдебиетті туғызды. Бұл тілді жаңаша пайдалануды талап етті.

Тілге қойылатын талап тілді жаңаша сауатты пайдалану талабы. Бұл тілді жаңа сатыға көтерген екінші фактор.

3. Көркем әдебиет дамып, проза жанры пайда болды. Поэзия жанры түрленді. Әдебиеттің тақырыбы кеңейді. Кең тақырып мол лексикалық байлықтың болуын талап етті. Тілде сапалық өзгеріс пайда болды.

Тілде болған сапалық өзгеріс қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтерген үшінші фактор болып табылады.

4. Әдебиет дүниесінде әлеуметтік публийистикалық, ғылыми шығармалар көбейді. Осының нәтижесінде тіл жаңа сатыға көтерілді, қызмет аясы, мазмұны жаңа сатыға көтерілді, жаңа белгілерге ие болды.

Ежелгі қазақ әдеби тілінің стильдік, жанрлық сипатының өзгеруі тілді жаңа сатыға көтерілетін төртінші фактор болып табылады.

5. Әдеби тіл эволюциясының жаңа сатыға көтерілуіне себепкер болған алғышарттар пісіп-жетілді. Олар:

а) Қоғамның саяси-экономикалық құрылымының жаңа сатыға көшуі;

ә) Халықтың мәдени-рухани дүниесінің жаңа сатыға көшті (баспасөз, мектептер пайда болды);

б) Оқу-білім, баспасөздің дамуы;

в) Тіл жанашырларының, қоғам қайраткерлерінің пайда болуы.

Осы аталған саяси, рухани құбылыстар қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтерген бесінші фактор болды.

Міне, осындай жағдайлар қазақтың ежелгі әдеби тілін жаңа сатыға көтерді.

Ұлттық жазба әдеби тілдің сипаттары, белгілері мынадай:

1. Әлеуметтік қызметі, стильдік тарамдалу жағынан ауызша дамыған әдеби тілден де, кітаби тілден де өзгеше;

2. Лексика-грамматикалық құрылымы жағынан, нормалану процесі жағынан өзгеше.

Біз білеміз, әдеби тілдің басты белгілері тек жазу арқылы таралуында ғана емес. Осы тұрғыдан келгенде де ғалым Б.Әбілқасымов хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланған әдеби тіл үлгілері бола бола алмайды дегенді айтады.

Әрі әдеби тіл туындыларының көпшілікке ауызша таралу факторы бар. Тіпті, ұлы Абайдың өлеңдерінің өзі 1909 жылы жарық шыққанынша, ауызша таралған.

ІІ. а) Жазба әдеби тіл өзіне дейінгі тілдің бар байлығын пайдаланады.

Сонымен қатар қоғам табиғатының сан алуан жағдаларын суреттейтін жаңа ұғым атаулары келіп қосылды.

Жаңа жазба әдеби тілдің сөздік құрамы:

1. Қазақтың төл әдеби сөздері;

2. Араб-парсы сөздері;

3. Орыс сөздерінен тұрады.

 

 

Қазақтың төл сөздері

1. Шағым, арызға байланысты сөздері: өтірік, арыз, өтірік шағым,т.т.

2. Сот, әкімшілікке байланысты сөздер: адвокат, партия, тергеу, зәкөншік, партияласу,т.т.

3. Оқу-білімге байланысты сөздер:білім-ғылым, надандық,білімділік (ғылым табу, ғылым іздеу, әлім кісі, сурет салу).

Жаңа жазба әдеби тілдің лексикасын сөз еткенде екі жағдай ерекше көзге түседі:

1. Абстракт ұғым атауларының көбейіп, тұрақталуы;

2. Сөздердің терминделу процесінің активтенлуі.

Әсіресе, -лық, -лік,-дық,-тық,-тік жұрнақтары арқылы жасалған абстракт сөздер кездеседі:ғашықтық, софылық, өрлік,т.т.

Мәселен,Абайда:

- Жақсылық пен достықты тұрсың мақтап.

Немесе Ыбырайда:

- Надандықпен өсірдік иектегі сақалды,

«Өнер жігіт көркі» деп, ескермедік мақалды.

 

 

Араб-парсы сөздері

Жазба әдеби тіліндегі бұл сөздерді үшке бөлуге болады:

1. Қазақ әдеби тіліне еніп, қалыптасқан сөдер: өмір, айла, есеп, қадір.

2. Сирек қолданылатын сөздер: аят, кәмалат, иждихат.

3. Жаңадан енген сөздер: ғибрат, хайла, хәрәкәт, нәфратлі.

Мысалы, Абайда:

- Қылып жүрген өнері харекет.

 

Орыс тілінен енген сөздер

Аталған кезеңде орыс сөздерін қолдану активтенеді.бұған жол ашқан баспасөз тілі болды.

Жаңадан енген орыс сөздерін бұрынғыдай фонетикалық өзгеріске ұшыратпай түп нұсқада тұлғасын сақтап қолдану принципін ұстанды. Әсіресе, бұл үрдіс Абай,Ыбырай тілінде кездеседі.

Қазақ тұрмысында болмаған бұйым атаулары (паднос, стакан, рюмка, фонарь) көп өзгермей қолданылған.

Жаңа жазба әдеби тіл алғашқы кезеңде орыс сөздерін енгізген оны халықтандыруда белгілі бір амал-тәсілдер, жүйеліліктер (заңдылықтар) болғаны байқалады. Мысалы:

1. Бұрын мүлде қолданылмаған сөздерді алғанда қазақ тіліндегі мағыналас сөздерен түсіндіре пайдалану:университет – медресе;дознание – тергеу.

2. Сөйлеу тілі мен әдеби тілде бұрыннан қолданылып келе жатқан сөздерді түсініктемесіз қолдану.

3. Орыс тілінен енген сөздерден туынды сөздер жасау: шенді, партиялас, законсіз.

4. Орыс сөздерін стильдік еркешелікте қолдану.

 

Фразеологиялық тіркестер

Аталған кезеңде әдеби тілде қалыптасып ертеден келе және фразеологиялық тіркестер де байқалады. Бұған қоса, мынадай жаңа тобы да бар: күлкі сату, сақалын сату, еңбегін сату, арын сату.

Абайда:

- Мәлім сауда секілді күлкі сатып

Бұған қоса семантикалық сағыналары жуыспайтын сөздер: үрпиген жүрек, жүйрік уақыт, жүректің түбіне сүңгу,т.б.

а) Грамматикалық құрылымы.

Негізгі грамматикалық категориялар қазіргі кезге өте жақын. Дегенмен бірді-екілі ерекшеліктер байқалады.

1. –мақ, -мек, -бақ,-бек

Абайда:

- Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ.

2. Мақсатты келер шақ жасауда есімшенің -ар жұрнағының өзгеше қолданысы байқалады.

Абайда:

- Сенісерге жан таба алмай,

Сенделеді ит жүрек.

3. Септік жалғауларының алмасып қолданылуы бақалады.

Абайда:

- Адаммен содан бері болды кекті.

Ыбырайда:

- Азға қанағат ету.

ә) Сөйлемнің құрылысында да ерекшеліктер бар.

1. Өлеңнің құрылымы, өлшемі, ырғағы жағынан түрленіп жаңа ырғақ, өлшем, құрылымы пайда болды.

Мәселен, Абайда:

- Алыстан сермеп,

Жүректі тербеп,

Шымырлап бойға жайылған.

Қиядан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.

2. Бірыңғай мүшенің жалғаулық шылаумен де, жалғаулық шылаусыз да қолданысы байқалады. Мысалы,

Абайда:

- Кейде паң, кейде көнгіш орныменен.

Немесе

- Жалға жүр,

Жат жерге кет, мал тауып кел.

б) Төл сөзді сөйлемдер кездеседі.

- Әлім айтты: «Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен

желден, жел мен таудан үйрен», - деді.

XIX ғасырдың ІІ жартысында-ақ қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық жүйесі орнығып, осы күнгі әдеби тілдің нормаларына жақындаған.

 

 

 

 

 

Қоғамда алғашқы ірі еңбек болінісін туғызған жағдай?

Мал шаруашылығының дамуы

Ғалымдардың ең ежелгі адамға қойған атауы?

Ең ежелгі “епті адамның” мөлшерімен өмір сүрген мерзімі? 1 млн. 750 маң жыл бұрын.

Ең ежелгі адамның еңбек құралы Үшкір тас

Ежелгі “тік жүретін адам” өкілі Синантроп

Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл өмір сүрген жандар Неандерталь

Мөлшерімен 40-35 мың жыл бұрын қалыптасқан жандар атауы Саналы адам

Ежелгі адамдардың алғащқы кәсібі


<== previous lecture | next lecture ==>
IV. Стилистикасы | Тесіктас
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 4.503 s.