![]() |
Алматы, 2013Date: 2014-03-13; view: 1440. Выводы
1. Для большинства русских философов было характерно стремление к целостному рассмотрению мира в единстве всех духовных сил человека – чувственных, рациональных, моральных, эстетических, религиозных. 2. Мир – это не просто целостность, а, прежде всего, положительное единство, которое понимается как соединение философии с религиозным мировосприятием. 3. Согласно основным постулатам русской философской мысли, человеческая нравственность ведет к соборности, т. е. единству человечества на основах любви к Богу (славянофилы, религиозные мыслители XIX – XX вв.). 4. Абсолютными ценностями являются благо, истина и красота, образующие единство, смыслом которого является любовь (В. Соловьев). 5. Представители русского космизма Н. Федоров, К. Циолковский, В. Вернадский, А. Чижевский рассматривали космос, окружающий мир и человека как единое целое. Основной задачей философии космизма было достижение морального совершенства во Вселенной. Философы раскрывали роль биосферы и ноосферы в истории Земли и Вселенной.
Вопросы для самоконтроля
1. Каковы особенности возникновения и становления русской философии? Назовите ее характерные черты. 2. В чем сущность полемики между славянофилами и западниками? 3. Определите основные черты русской религиозной философии ХХ века. 4. Раскройте сущность философии всеединства В. Соловьева. 5. В чем суть русского космизма? Назовите основных представителей этого направления и охарактеризуйте их учения. Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының мәжілісінде талқыланған
Хаттама № _______ «____» ___________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Камалиев М.А. Тақырып 1. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ Мақсаты:Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» пәні туралы жалпы ұғым қалыптастыру, негізгі ұғымдарын, бөлімдерін, әдістерін білу. Денсаулық сақтау жалпы алғанда күрделі қоғамдық динамикалық, функциональдық, ашық және адаптивті жүйе болып табылады, қоғам өзінің даму кезеңдерінде жалпы қоғамның және ондағы әр адамның денсаулығын қорғау және жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қалыптастырып және қолданып отырады. Адамзат тарихында денсаулықты қорғау туралы қоғамдық шаралар мемлекет қалыптасуымен байланысты жүргізіле бастады. Олар қоғамдық-экономикалық формацияның, өндірістік тәсілдер мен өндірістік қатынастардың, мемлекеттік құрылыстардың ауысуына байланысты өзгеріп отырды. Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) – тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі. Қоғамдық денсаулықтың оқу көзі болып қоғамдық өмір сүру жағдайларының денсаулыққа әсерін және халықты медициналық қамтамасыз етуді зерттеу болып табылады. Қоғамдық денсаулықтың әдістемелік негізі болып қоғамдық денсаулықты зерттеу және анықтауда жүйелі тұрғыдан қарастыру жатады. Қазіргі жағдайда пәннің мазмұны қайта қарауды және толықтыруларды, сонымен қатар денсаулық сақтаудың заң шығару негіздерін өңдеу, өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қоғамдық денсаулықтың тенденциясын зерттеу, денсаулық сақтау іс-әрекетін экономикалық негіздеу, медициналық көмек сапасын басқару және т.б.қажет етеді. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау (1995 ж.) бойынша жаңа денсаулық сақтау – бұл денсаулықты нығайту, аурудың алдын алу, әлеуметтік әділеттілікті қолдау интеграцияланған денсаулық сақтау саясатын дамытуға бағытталған қоғамның ұйымдасқан күш салуы. Денсаулық анықтамасы және оны бағалау денсаулық сақтау тарихында өзгеріп отырғандығын айта кеткен жөн. Қазіргі кезде денсаулық ұғымының жалпы қабылданған бірегей анықтамасы жоқ. Денсаулықтың қандай да бір аспектілеріне арналған әдебиеттерде осы категорияның көптеген анықтамалары бар, олар әр түрлі критерилер мен жүйелерге негізделген. Денсаулық (Health) – БДҰ Уставы бойынша, тек қана аурудың немесе дене ақауларының болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман есендік (ДДҰ Устав, 1948). Анықтамада келтірілгендей, денсаулық сипаттамасында үш компонент біріктірілген: физикалық (биологиялық), психикалық (рухани) және әлеуметтік денсаулық. Физикалық денсаулық (Physical health) – бұл өмір сапасына қол жеткізуді, қоғамның салауаттылығы мен қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтуды қамтамасыз ететін жеке индивидуумның, адамдар тобы немесе жалпы қоғамның физикалық даму деңгейімен, физикалық мүмкіндіктермен және бейімделу қабілетімен сипатталатын жағдай. Психикалық денсаулық (Mental health) – бұл психикалық құбылыстардың детерминациялығы, нақты жағдайларды бейнелеу мен индивидуумның оған көзқарасы арасындағы үйлесімді байланыс, ағзаның әлеуметтік, психологиялық және физикалық (биологиялық) өмір сүру жағдайларына адекватты реакциясымен, жеке тұлғаның өз іс-әрекетін басқара білуі, микро- және макроәлеуметтік ортада өзінің өмір жолын жоспарлап, жүзеге асыра білу қасиеттері тән психикалық іс-әрекеттің қозғалмалық үрдісімен сипатталатын жағдай. Әлеуметтік денсаулық (social health) – қоғамдағы адамның орны мен ролі бойынша анықталатын әлеуметтік бейімделу өлшемі. Адамның денсаулық жағдайы туралы айтқанда біз осы үш компоненттің үйлесімді тіркесін айтамыз. Осылардың біреуінің бұзылысы дисгормония, үйлесімсіздік, ақыр соңында ауруға алып келеді. БДҰ анықтамасы бойынша ауру (illness) – бұл сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен ағза құрылымы мен қызметінің зақымдалуымен жүретін өмір. Ауру ағзаның бейімделу-компенсаторлық (адаптациялық) мүмкіндігінен артатын ішкі және сыртқы орта факторлары әсерінің нәтижесінде туындайды. Денсаулықтың бірнеше деңгейлерін ажыратады: жеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы; топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы басқалар; аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір сүретін адамдар денсаулығы сипппатамасының жиынтығы және қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық потенциал. БДҰ денсаулықты адамның негізгі құқықтарының бірі ретінде қарастырады. Барлық адамдарға денсаулықты қамтамасыз ететін қажетті ресурстар қол жетімді болуы тиіс. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы ХХХ сессиясында (1977ж) негізі әлеуметтік міндет болып «2000 ж қарай жер шарындағы барлық адамдардың денсаулығы әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан өнімді өмір сүруге мүмкіндік беретін деңгейге қол жеткізуі» анықталды. Осы қойылған міндетті шешуге Денсаулық барлығына (Health for all) БДҰ саясаты бағытталған. Кейінірек «Денсаулық 21: Европалық аймақта денсаулық барлығы үшін жетуге бағытталған саясатының негіздері» құжаты қабылданды (1999ж.). «21-ші жүзжылдықта Денсаулық барлығы үшін» стратегиясы әр елде әлеуметтік және экономикалық сипаттамасына , халықтың денсаулық жағдай мен өлім көрсеткішіне, денсаулық сақтау жүйесінің статусы мен дамуына сай жүзеге асырылуда. Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау тарихы КСРО-дағы мемлекеттік социализм дамуының негізгі кезеңдеріне сай. Кеңес өкіметінің орнауынан бастап денсаулық сақтаудың профилактикалық принципінің теориялық және практикалық нұсқауын жасау мемлекеттік денсаулық сақтаудың негізгі міндет етіп қойылды. Сонымен қатар халықты ақысыз жалпы қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінді. . Ұлы Отан соғысы жылдарында барлық көңіл фронтты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету және тылдағы госпитальдарды дамыту сұрақтарына бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдарда халық шаруашылығын қалпына келтіру және санитарық салдарларды жою қолға алынды. Кейінгі жылдарда ғылыми –практикалық қызығушылық социалистік құрылыстың идеологиясына жауап берді, соның ішінде ең көлемді шаралардың бірі халықты жалпы диспансеризациялау болды. 1978 ж Алматыда өткен БДҰ/ЮНИСЕФ Халықаралық конференциясында социалистік денсаулық сақтау жүйесі (Н.А. Семашко моделі) әлемдік мойындау алды, ал қабылданған Алма-Аталық декларация ХХ ғасыр денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясы болып аталды. Тәуелсіздік алумен және нарықтық қатынастардың орнауына сай Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезеңді денсаулық сақтауды ұйымдастыру сферасында қазіргі принциптер мен стандарттарға өтуді қоса алғандағы денсаулық сақтау жүйесінің жеделдетілген модернизациясы кезеңі деп анықтауға болады, Қазіргі жағдайларға сай пәннің мазмұны қайта қаралулар мен толықтыруларлы қажет етеді. Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд. Әдебиет: 1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001.– 100 с. 2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с. 3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с. 4. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999.– 1049 с. 5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с. Бақылау сұрақтары: 1. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауға анықтама беріңіз. 2. Денсаулықтың компонентері. 3. Денсаулықтың деңгейлері. 4. Пәннің негізгі бөлімдері. 5. Пәннің негізгі әдістері. Тақырып 2. ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРЫ Мақсаты:Студенттер қоғамдық денсаулықтың әлеуметтік детерминациясы туралы білуі тиіс. Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің біріне халық денсаулығына қоршаған орта (әлеуметтік және табиғи) факторларының кешенді әсерінің сипатын анықтау, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып халық денсаулығының қалыптасуы тенденциясы мен заңдылықтарын зерттеу жатады. Қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы факторлардың кешенді әсер етуімен байланысты, оларды келесідей негізгі топтарға бөлуге болады: - саяси (мемлекеттік әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау саласындағы саясат, денсаулық сақтауды мкемлекеттік реттеу, денсаулық сақтау саласындағы құқықтық актілер және т.б.); - әлеуметтік-экономикалық (бір тұрғынға шаққандағы ІЖӨ, денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландырылуы, еңбек және тұрмыс жағдайы, тамақтану, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы, өмір сүру салты және т.б.); - табиғи-климаттық, эклологиялық (қоршаған орта жағдайы және ластануы); - биологиялық (жас, жыныс, тұқым қуалаушылық, ұлты, дене бітімі, жүйке жүйесі типі және т.б.б). ХХ ғасырда денсаулықтың әлеуметтік негізділігі мойындалды, бұл Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау Уставында бекітілген. Осы денсаулықтың анықтамасымен адам ұйымдасуының биологиялық және әлеуметтік компонентіне қарсы келетін шектеулер жойылды. Түрлі аурулар кезіндегі әлеуметтік және биологиялық факторлардың ара қатынасы біртекті емес, дегенмен негізгі роль әлеуметтік компонентке: жағдайлар мен фактоларға беріледі. Әлеуметтік жағдайлар- бұл өндірістік қатынастардың көріну түрі, әлеуметтік-экономикалық құрылыс және қоғамның саяси құрылымы Әлеуметтік факторлар - әр адам үшін әлеуметтік жағдайлардың көрінісі: еңбек және демалыс жағдайы, үй тұрмысы, тамақтануы, білімі, тәрбиесі және т.б. Қоғамдық денсаулық сақтаудың қол жеткізген жетістіктерінің ішінде медициналық-әлеуметтік және зпидемиологиялық зерттеулерді айта кету керек, осы зерттеулер нәтижесінде халық денсаулығына әсер ететін факторлар (қатер факторлары) тобы және олардың үлесі анықталды. - өмір сүру салты және жағдайлары – 49-53%, барлық әсердің орташа 50% (темекі тарту, ішімдікті шамадан тыс қолдану, үйлесімсіз тамақтану, стресстік жағдайлар, зиянды еңбек жағдайлары, гиподинамия, нашар материальдық-тұрмыстық жағдайлар, наркотик қолдану, дәрі-дәрмектерді артық қолдану, семьяның тұрақсыздығы, жалғыздық, төмен мәдени және білім деңгейі, урбанизация және т.б.) - генетикалық факторлар - 18-22%, орташа 20% (тұқым қуалаушылық ауруларға бейімділік) - қоршаған орта - 17-20%, орташа 20% (климат, ауа, су, топырақтың зиянды заттармен ластануы, жоғары гелиокосмостық, радиациялық, магниттік және т.б.б сәулеленулер) - денсаулық сақтау - 8-10%, орташа 10% (профилактикалық шаралардың тиімсіздігі, медициналық көмек сапасының төмендігі, медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмеуі). Барлық БДҰ тарихындағы ең ірі зерттеу проектісінің нәтижесінде (2002 ж) жалпы деңгейде халық аурулығы мен өлім көрсеткішінің деңгейін анықтайтын 10 негізгі қатер факторы белгіленді: тамақтану жеткіліксіздігі, темекі тарту, артериялық гипертензия, сумен қамтамасыз ету, санитария, сонымен қатар жеке және тұрмыстық гигиенаның қанағаттанарлықсыз жағдайы, гиподинамия, кәсіби зияндылықтар, қауіпті секс, ішімдікті артық қолдану, атмосфералық ауауның ластануы. Сонымен, қоғамдық денсаулықты қалыптастырудағы әлеуметтік факторлардың негізгі ролі өмір сүру жағдайлары мен салты арқылы жанама түрде әсер етеді. Қазіргі зерттеушілер денсаулықтың қалыптасуы ғылыми түсінігінде медициналық-әлеуметтік жағдайлармен шектеліп қоймай, өмір салтын философиялық және әлеуметтік түсіндірулерді қолдана отырып кең түрде қоғамдық бағытта қарастыруда. Өмір салты – тарихинақты әлеуметтік қатынастарға тән жеке немесе топтық өмір сүру формасы, немесе белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациямен анықталатын адамның күнделікті өмір сүруі ерекшелігін сипаттайтын түсінік. Жалпы алғанда, өмір салты 4 категориядан тұрады: - өмір деңгейі – адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын және сандық бейнеленетін экономикалық категория (жалпы ұлттық өнім мөлшері, халықтың нақты табысы, медициналық көмектің өол жетімділігі және қамтамасыз етілуі, жұмыс күнінің ұзақтығы және т.б.) - өмір сапасы - адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын өмір стандарты немесе деңгейімен салыстыра отырып сапалық сипаттайтын әлеуметтік категория (еңбекпен, тамақтану сапасымен, медициналық көмек деңгейімен қанағаттандырылу және т.б.) - өмір стилі – жеке тұлғаның немесе адамдар тобының белгілі бір мінез-құлық типін сипаттайтын, ұдайы өндірілетін ерекшелік, манера, дағдылар, ұнатушылық, әуестілікпен бейнеленетін әлеуметтік-психологиялық категроия. - өмір тәртібі – қоғамдық-саяси формацияда өндірістік қатынастардың жүйесін сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық категория. Өмір салты критерилері мен бағалаудағы ерекшеліктерге қарамастан халық денсаулығын қалыптастыруда әлеуметтік факторлардың ролі барлық халықаралық денсаулық сақтаумен мойындалған. Өмір салты бойынша әр түрлі ауруларға бейім келетін әлеуметтік топтар ажыратылады, олар қатер топтары деп аталады: - демографиялық: балалар, қарттар, жалғыз бастылар, жесірлер, мигранттар, қашқындар; - кәсіби қатер: денсаулыққа зиян келтіретін өндірістерде жұмыс жасайтын жұмысшылар (ауыр машина жасау, химиялық, металлургиялық өнеркәсіп, транспорт және т.б.); - функциональдық, патологиялық жағдайлар: жүкті әйелдер, дене салмағы аз шала туылған балалар, генетикалық қатері бар, туа пайда болған ақаулары бар адамдар, бала жастан мүгедектер; - төмен материалдық, кедейллік, қайыршылық өмір деңгей: кедейлер, аз қамтылғандар, жұмыссыздар, жартылай жұмыс күнімен еңбек ететіндер, «тұрақты орны жоқтар»: - девианттық мінез-құлқы бар, психопаттық, әлеуметтік-психологиялық және т.б. коллизий адамдар: алкаголиктер, нашақорлар, токсикомандар, проституткілер, сексуальдық ауытқулары бар адамдар, психикалық денсаулығы және тәртібінде ақаулары бар адамдар (невропаттар, психопаттар және т.б.); психикалық және физикалық ақаулары бар діни және т.б. сектанттар; Барлық аурулардың ішінде әлеуметтік маңызды аурулардың орны ерекше, олардың тізімін медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша немесе жеңілдетілген шаралар қабылдау мақсатында үкіметпен белгіленеді: онкологиялық және қатерлі қан аурулары, диабет, ревматизм, жүйелі қызыл жегі, балалар церебральді параличі, психикалық аурулар, миокард инфаркті және т.б. . Денсаулықтың әлеуметтік детерминациялығын мойындау денсаулық мәселесін әлеуметтік тұрғыдан кең түрде қарастыру қажеттігіне негіз болды, сонымен қатар денсаулықты қамтамасыз ету денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарының тікелей жауапкетшілігі мен міндеті аясынан шығып кетеді. Денсаулықты сақтау және нығайту мемлекеттің, жұмысберуші және әр азаматтың ынтымақтастық жауапкершілігі болып табылады, ол халықтың тікелей белсенді араласуы арқасында сектораралық қарым –қатынас жолымен жүзеге асырылады. Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдардамасында 10 слайд Әдебиеттер: 1. Доскалиев Ж.А., Диканбаева С.А., Аканов А.А. Управление организацией и проведением мероприятий по профилактике наиболее значимых заболеваний. - Алматы, 2004. – 47 с. 2. Лисицын Ю.П., Сахно А.В. Здоровье человека – социальная ценность. – М.: Мысль, 1989. – 270 с. 3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с. 4. Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: Учебное пособие для вузов. – М.: ГЭОТАР-медиа, 2008. – 64 с. 5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с. Бақылау сұрақтары: 1. Халық денсаулығына әсер ететін факторлар. 2. Денсаулықтың қалыптасуына қауіп факторларының үлесі. 3. Денсаулықтың әлеуметтік байланыстылығы. 4. Өмір салты мен оның категорияларына анықтама беру. 5. Аурулардың әлеуметтік қауіп топтары. Тақырып 3. ДЕМОГРАФИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ Мақсаты: Студенттер медициналық-демографиялық жағдайды бағалауды және есептеу тәсілдерін білуі керек Демография (грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Демографиялық статистика (тұрғындар статистикасы) ежелгі уақыттан бері белгілі, біздің эрамызға дейін ежелгі Египетте, Вавилон, Қитай, Рим және басқа елдерде тұрғындар санын тіркеу жүргізілген. Медициналық демография – бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым. Демографиялық статистика көрсеткіштері тұрғындар денсаулығын бағалауда; көбею заңдылықтарын; тұрғындар саны мен құрылымы негізінде денсаулық сақтау кадрлары мен ұйымдарын жоспарлау, орналастыру және болжауда; медициналық-әлеуметтік шаралардың тиімділігін бағалауда кеңінен қолданылады. Демография статика (халықтың сандық және сапалық құрамын), динамика –халықтың өзгерушілігін: механикалық (миграция) және табиғи (көбею) зерттейді. Статика белгілі бір уақытқа сәйкес халық санын, орналасуын, жасы, жынысы, ұлты, әлеуметтік және кәсіптік тобы және т.б. белгілеріне сәйкес таралуын сипаттайды, оларды тіркеу кезеңді түрде жүргізілетін халық санағы арқылы жүзеге асырылады. Негізінде халық санағы он жылда бір рет жүргізіліп отырады. Халық санағына қойылатын негізгі талаптарға жатады: жалпылылық, санақ бағдарламасының болуы және оның бірлігі, әрбір жеке адамнан белгіні тіркеу, мәліметті тікелей халықтан жинау, бақылаудың экспедициялық әдісі, санақтың біркезділігі, санақтың орталықтандырылуы, мәліметтерді автоматы түрде өңдеу, мәліметтерді тұтас жинау әдісін мәліметтердің қосымша іріктелген жинау әдісімен тіркестіру, санақ құпиясын сақтау. Жас-жыныстық құрамы халық денсаулығын мен халықтың көбеюін сипаттауда маңызды орын алады. Халық құрылымында қандай да бір жас-жыныстық топтардың басым болуы өлім, туу, өлім себептерін, еңбекке қабілетті немесе еңбекке қабілетсіз жастағы адамдардың үлес салмағын, алдағы өмір сүру орташа ұзақтығын анықтайды. Халықтың жасқа сай құрылымының типі 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағын 50 жас және одан жоғары халықтың үлесімен салыстыру арқылы анықтайды. Жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалардың басым болуы үдемелі (прогрессивті) халық типін көрсетеді. Ересек жастағы топтардың 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардан басым болуы халықтың регрессивті типін көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балалардың 50 жас және одан жоғары топтармен тең болуы халықтың стационарлық типін көрсетеді. Егде жастағы адамдар үлесінің басымдылығымен сипатталатын халықтың қартаю процессі туу көрсеткішінің төмендеуімен және өмір сүру ұзақтығының артуымен байланысты, бұл қазіргі кезде кеңінен байқалуда. БДҰ пікірі бойынша? Ересек жас индикаторы болып 65 жас таңдалып алынды. БҰҰ қартаю шкаласы бойынша, егер 65 жас және одан жоғарылардың үлесі 4%-дан төмен болса – жас халық; 4-7 % - халық қартаю табалдырығында; 7% және одан жоғары болса – қарт халық деп аталады. Халықаралық бағалауға сәйкес, Қазақстан халықтың қартаю процесі жеделдетілген елдер қатарына кіреді (2050 жылға қарай 25% қарт адамдар). . Алдағы өмір сүрудің орташа ұзақтығы – гипотетикалық жыл саны, егер де өмір сүруі бойында әр жас тобындағы өлім көрсеткіші есептеу жүргізілген жылдағы өлім көрсеткішімен бірдей болады деп алынғандағы берілген ұрпақтың немесе белгілі бір жастағы топтардың алдағы өмір сүру ұзақтығы. Қазақстанда әйелдер мен еркектердің орташа өмір сүру ұзақтығы арасында нақты диспропорция байқалады. Халық миграциясы – бұл халықтың әкімшілік территория ішінде орын (ішкі миграция) немесе одан тыс жерлерге (эммиграция, иммиграция) ауыстыруы. Миграциялық процестер келесі түрде болуы мүмкін: жеке немесе жалпы көшу; ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған (стихиялық) көшу; қайтымсыз және тұрақты мекен-жайын уақытша өзгерту; маусымдық миграция (белгілі бір жыл мезгіліде көшу, жиі жазда); маятник тәрізді миграция (басқа елді-мекеннен оқуға немесе жұмыс орнына күнделікті бару). Халықтың табиғи қозғалысы- бұл туу және өлу, халықтың табиғи өсімі, неке және ажырасулар тәрізді демографиялық құбылыстардың жиынтығы. Туу көрсеткіші календарлық жылда тірі туылғандардың санын бір жылдағы халықтың орташа санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. БДҰ анықтамасы бойынша тірі туылған деп жүктілік ұзақтылығының мерзіміне байланыссыз ана ағзасынан ұрықтандыру өнімінің толық шығарылуы немесе алынуын айтады, осындай жолмен бөлініп алынған ұрық бұдан соң тыныс алады немесе жүрек соғуы, кіндік пульсациясы немесе ерікті бұлшықет қимылы тәрізді тіршілік белгілерін көрсетуін атайды. Тіршілікке қабілетті деп жүктіліктің кез келген мерзімінде туылған ұрықты есептейді. Өлі туылған деп жүктілік мерзіміне байланыссыз ана ағзасынан ұрықтандыру өнімінің толық шығарылуға немесе алынуға дейінгі өлімін есептейді. Қазақстанда БДҰ критериіне өту 2008 ж жүзеге асырылды. Тірі туылған деп жүктіліктің 22 аптасынан немесе одан жоғары мерзімдегі, дене салмағы 500 грамм және одан көп ана ағзасынан ұрықтың толық шығарылуы немесе бөлінуін есептейді, ана денесінен бөлінген ұрық бұдан соң тыныс алады немесе жүрек соғуы, кіндік пульсациясы немесе ерікті бұлшықет қимылы тәрізді тіршілік белгілерін көрсетуіні, туғаннан соң 7 тәуліктен (168 сағат) көп өмір сүруін есептейді. Тіршілікке қабілетті деп туылу кезінде тыныс алу белгілері бар нәрестені есептейді. Тыныстың болмауы немесе реанимациялық шаралардың нәтижесінде 15 минут ішінде қалпына келмеуі өлі туылуды көрсетеді. Өлі туылған деп жүктіліктің 22 аптасынан немесе одан жоғары, дене салмағы 500 грамм және одан көп, өмір белгілері жоқ ұрықтың ана ағзасынан толық шығарыулға немесе бөлінуге дейінгі өлімін есептейді. Тірі және өлі туу критерилерінің әркелкілігі басқа елдермен мәліметтерді салыстыру мен сараптауды қиындатады. Туу көрсеткішін терең сипаттау үшін арнайы көрсеткіштер қолданылады. Әйелдердің бала туу көрсеткіші бір жылдағы тірі туылғандар санын бала тууға қабілетті жастағы (15-49 жас) әйелдер санына бөліп, 1000 көбейту арқылы анықтайды. Жасқа сай бала туу көрсеткіштері басқа жас тобындағы әйелдер үшін де есептеледі. Сонымен қатар некеде тұрған әйелдерге қатысты некелі әйелдердің бала туу көрсеткіші және некеден тыс туу көрсеткіштері есептеледі. Өлім көрсеткішін бір жылдағы өлгендер санын халықтың орташа жылдық санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Өлім көрсеткішін талдағанда, жалпы көрсеткіштермен бірге арнайы көрсеткіштер де есептеледі, мысалы жасына , жынысына, кәсібіне және т.б. байланысты өлім көрсеткішін есептеген кезде белгілі бір жастағы (немесе жынысы, кәсібі) өлгендер санын сол жастағы (немесе жыныс, кәсіп) халықтың орташа жылдық санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Қазіргі кезде экономикалық дамыған елдердегі халық өлімі себептерінің құрылымында қан айналым жүйесі аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар басым. Қан айналым жүйесі ауруларынан ер адамдардың өлуі барлық жас топтарында жоғары. ЮНИСЕФ анықтамасы бойынша балалар өлімі балалардың салауаттылығын сипаттайды және бір жыл ішіндегі 1 жастан 5 жасқа дейінгі өлген балалар санынын тірі туылғандар санына қатынасы, 1000 көбейту арқылы есептейді. Балалар өлімінің негізгі себептеріне жатады: тыныс алу жүйелерінің аурулары және инфекциялар, оның ішінде басты орында ішек инфекциялары, сепсис және менингиттер. Балалар өлімі мен тамақтанудың бұзылуы, анемия, емшекпен қоректендірдің болмауы немесе ерте тоқтату арасында байланыс анықталған. Қайғылы оқиғалар – жол-көлік жарақаттары, термиялық және химиялық күйіктер, биіктен құлау үлесі орасан. Көп жағдайда қайғылы оқиғаларға ер балалар көбірек ұшырайды. Осы жас кезеңінде ауылдық жерлерде өлім жағдайының жоғарғы көрсеткіші тіркелген. Сәбилер өлімі халықтың әлеуметтік салауаттылығығын, медициналық-әлеуметтік көмектің деңгейі мен сапасын, акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық көмектің тиімділігін бағалайтын оперативті критерий және индикатор болып саналады. Сәбилер өлім көрсеткіші осы календарлық жылдағы 1 жасқа толмай өлгендер санын осы жылдағы тірі туылғандар санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Туу көрсеткішінің айқын тербелісі кезінде былтырғы туылғандар санына нақты есептеу жүргізіледі – 1 жасқа толмай өлгендер санын биыл туылғандардың 2/3 мен былтыр туылғандардың 1/3 қосындысына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Қазақстан Республикасындағы сәбилер өлімінің себептері: перинатальды кезеңде туындайтын жағдайлар; туа пайда болған ақаулар; тыны салу жүйесінің аурулары; қайғылы жағдайлар; улану және жарақаттар, инфекциялық және паразитарлық аурулар. Сәбилер өлімі деңгейін бағалау үшін бала өмірінің әр түрлі кезеңіне сай көрсеткіштер есептеледі: перинатальды, неонатальды, ерте неонатальды, кеш неонатальды, постнеонатальды злім көрсеткіштері. Табиғи өсім- 1000 тұрғынға есептегендегі туу және өлім көрсеткіштерінің айырмашылығы. Егер туу көрсеткіші өлім көрсеткішінен басым болса оң деп бағаланады; теріс, егер өлім туу деңгейінен жоғары және нольдік. Егер туу көрсеткішінің төмендеуі фонында өлім көрсеткішінің деңгейі артса, онда депопуляция процесі немесе «демографиялық қиылысу» деп атайды. Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд. Әдебиеттер: 1. Девятко В.Н., Исаев Д.С., Абылкасимов Е.А. Основы социальной медицины в охране здоровья матери и ребенка. – Алматы, 2002. – 299 с. 2. Исаев Д.С., Бейсембекова Г.К. Проблемы репродуктивного здоровья в современных условиях. - Алматы, 1995. - 129 с. 3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с. 4. Сакбаев О.С., Вагнер А.В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья населения. – Алматы, 1995. – 364 с. 5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с. Бақылау сұрақтары: 1. Медициналық демографияның зерттеу пәні. 2. Халық статикасының құрайтың бөліктері. 3. Халықтың табиғи қозғалысының құрайтың бөліктері. 4. Халық өлімінің құрылымы. 5. Сәбилер өлімінің себептері. Тақырып 4. ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ. ХАЛЫҚ АУРУШЫЛДЫҒЫ. Мақсаты: Студенттер тұрғындар денсаулығының есеп, талдау және бағалау әдісін медициналық-демографиялық жағдайды, халық аурулығын бағалауды және есептеу тәсілдерін білуі керек Әдетте тұрғындар денсаулығын кешенді бағалау демографиялық үдерісті, ауруды, дене бітім тұрғысынан дамуды және мүгедектікті сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде танылады. Тұрғындар денсаулығының жай-күйін бағалауда қолданылатын әдістемелік тәсіл санақ есептерінің аясында әзірленетін әр түрлі ақпарат көздерін пайдалану болып табылады. Негізгі мәселе біркелкі көрсеткішті таңдаудан тұрады, ол денсаулық сынды көп қырлы құбылыстың әр түрлі қырын жеткілікті дәрежеде көрсететіндей болуы тиіс. Қазіргі таңда денсаулықты толығымен сандық тұрғыдан бағалаудың әдістері әлі әзірлене қойған жоқ, ол жеке сипаттары бойынша қарастырылуда. Оларға тұрғындар өмірінің орташа ұзақтығы, өлімі, ауруы, дене бітімдік дамуы және т.б. жатады. Өмірдің орташа ұзақтығы - әр түрлі жайттардың әсеріне байланысты адамдар денсаулығының жалпыланған жай-күйінің белгілі деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш. Өмірдің орташа ұзақтығын есептеу әдісі белгілі уақыт аралығында өмір сүрген немесе өлген адамдардың санынан тұрады. Өмір сүріп жатқан адамдардың саны туу деңгейімен есептеледі, ал ө
|