|
Билет №13Date: 2015-10-07; view: 984. 1) Оғыз мемлекеті аумағы,этникалық құрамы,шаруашылығы Оғыз мемлекеті (9 ғасыр—11 ғасырдың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашқари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук). 8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды. 9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады. Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады. Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті. 10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.[1][2] Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтын арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-саяси одағы олардың саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады. Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шөнжарлары ездерінің малына жайылымға, Дон және Қара теңіз маңындағы далаларға оөе мұқтаж болды, ал оған жетуге Хазария бөгет жасады. Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерінің бай рыногына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі. 965 жылы Хазария жеңілгенге дейін оғыздар хазар қағандарымен ұзақ уақыт күрес жүргізді. Оғыздардың хазарлармен қан төгіс шайқастары, Маңғыстауға батыс жағынан іргелесетін далаларда өткен болса керек. X ғасырдың орта кезінде Каспий теңізінін солтүстік-шығыс жағасына дейін жеткен Хазар державасының шекарасы осы жерден басталатын еді. Хазар қағанатының талқандалуы оғыз державасының саяси қуатынын өсуіне себепші болды. X ғасырдың аяғында оғыз жабғулары орыс князьдерімен біріге отырып, Еділ Бұлғариясын да күйрете женді. Орыс шежірешілері 985 жылы князь Владимирдің торқтармен (оғыздармен) одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтады. Князь әскерлері Еділмен немесе Камамен қайықпен жүзді, ал тұрқтар жағамен өздерінің жауға мінетін аттарымен жүріп отырды. X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың жыртқыштыкпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. Оғыз мемлекетінің құрылуы Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың батысы болды. Түркештер мұрасы үшін болған қарлұқтар мен оғыз тайпаларының арасындағы күрес нәтижесінде Жетісуда билікке қарлұқтар келіп (756 жылы), оғыз тайпалары батысқа Сырдарияға қарай қоныс аударды. Бұл кезде Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар тайпалары мекендеген еді. VIII ғасырда кангар атауының орнына жаңа печенег деген атау қалыптасты. VIII ғасырдың басында Сырдария алқабы печенег - кангар тайпаларының басшылығымен біріккен саяси конфедерацияға енді. Саяси орталығы Отырар қаласы болды. VIII ғасырдың 2- жартысында печенег- кангарлар Жетісудан ығысқан оғыз тайпаларымен кездесіп Сырдария алқабы үшін күрес басталды. Нәтижесінде, оғыз тайпалары печенег - кангарларды талқандап Сырдарияның орта, төменгі ағыстарын Арал өңірін тұтастай иеленді. IX ғасырдың соңында оғыз шонжарлары Аралдың солтүстік өңіріндегі билікті өз қолдарына алып, Жайық, Еділ өзендерінің бойына қоныс тепті. Қаратау бөктері, Шу бойы, Балқаш маңы, Орал, Ырғыз, Ембі, Ойыл, өзендері тұтастай оғыздар мекеніне айналды. Бұл оқиғалар оғыздардың саяси топтасуына себепші болды. Араб деректерінің мәліметтеріне қарағанда, IX ғасырдың соңы - X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты. Оғыз конфедерациясына кангар печенегтер, Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді. Оғыздармен бірге Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағр, шарұқ тайпалары да кірді. Шығыс Түрік тайпаларының кейбір топтары да болды. Олардың ішінде имек кимек тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары бар. Махмұд Қашғари «Диуани лұғат – ат түрікте» XI ғасырда оғыздарда 22 тайпа болды деп, олардың тізімін береді. Әл- Марвази 12 тайпадан тұрды деген пікірді ұстанады. Келесі бір дерек «Джами ат– Тауарих» оғыздар екі үлкен тайпалық топтан- бұзұқтар мен ұшұқтардан тұрғандығын мәлімдейді. Оғыз мемлекеті кең байтақ аумақты алып жатты. Батыста Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл, Арал маңын, Шығыста Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі жерлерді, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу өңірін мекендеді. Оңтүстікте Хорезм, Мәуереннахр, Хорасанмен шектесті. Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды. Янгикент өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Қала Хорезм, Мәуереннахрмен шектесіп, Кимектер даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде орналасты. Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымына ие болды. Жабғу билігі мұрагерлік жүйеге негізделді. Жабғу мұрагерлері «Инал» атағына ие болған. Жабғудың «Күл-еркін» лауазымына ие орынбасарлары және «Сюбашы» аталған әскер басшылары сарай өмірінде үлкен роль атқарды. Сонымен қатар, оғыз мемлекетінің бір ерекшелігі жабғудың әйелі – «хатун» билікке араласты. Мүліктік теңсіздік малға жеке меншікке негізделді. Ибн Фадлан «бай оғыз он мың бас жылқысы бар оғыз»,- деп көрсетеді. Деректерде мұндай бай топтар бай, бек, әмірлер деп аталады. Кедей топ М.Қашғаридің «Диуани лұғат –ат түрікінде» ерлер деп аталған. Олар малға қарау, киім тігу, тамақ даярлау сияқты үй жұмыстарымен айналысқан. Махмұд Қашғари «Оғыз кедейлері ятуктер соғыстарға қатыстырылмаған», - деп жазады. Кедей ауырып қалған жағдайда, оларды құлдар сияқты қараусыз далада қалдырған. М. Қашғари оларды йоксул, джиған деп атайды. Оғыздардың Хорезммен, Хорасанмен экономикалық байланыстары интенсивті,яғни қарқынды түрде жүріп, олардың малдары Хорасанда үлкен сұранысқа ие болды. Ірі сауда орталығы- Сырдарияның орта ағысындағы Сауран қаласы.. Хорасаннан оғыздар еліне лазуритке ұқсас малахит пен азурит әкелінген. Мазмұны [жасыру] 1 Шаруашылығы 2 Этникалық және тайпалық құрамы 3 Оғыздар Қазақстан аумағында 4 Сілтемелер 5 Дереккөздер Шаруашылығы[өңдеу]
Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы Егін шаруашылығы Кәсіпшілік пен қолөнер Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси әскери тарихында елеулі роль атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы әскери одақ құрылып, Хазар қағанатын талқандайды. Бұл одақ екі жақтың да көздеген мақсаттарынан, сауда-экономикалық мүдделерінен туындады. Егер Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері үшін Шығыс елдерінің бай базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз маңындағы далалар мен мал жайылымдары қажет болды. 985 жылы князь Владимирмен одақтасып, Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл , бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әлиханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді. Этникалық және тайпалық құрамы[өңдеу]
Ертедегі оғыз тобының орныға бастауы Батыс Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи аңыздары да осы пікірді қуаттайды, оларда оғыздардың алғашқы ата-бабаларының бірінін Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Бұл арада жетісулық (ежелгі оғыздық) рулық-тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек, олар кейін калыптасқан оғыз тайпалар одағына кірген болатын. Атақты Оғыз ханның Таластан Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап алғаны туралы тарихи аңыздарда, онын әскерлерінде өздерін «октуғра-оғызбыз» деп атайтын бірнеше мың үйдің болғаны айтылады90. Бұл атаудағы «оқ» деген термин назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Айтарлықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұктардың — оғыз әскерінің сол қанатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды. Махмуд Қашқари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Алайда неғұрлым кейінгі авторлар оның ішінде Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана айтады. Деректемелердің айырмашылықтарын оғыздардың екі экзогамиялық фратрияға: тиісінше олардың әскерлерінің оң және сол қанатына кірген бұзұктар мен үшұқтарға бөлінуімен түсіндіруге болар. Әрбір топта 24 тайпадан болды, бұлардың өзі де тепе-тең екіге бөлінеді. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұзұқтар оң қанатқа, «аға» тайпалар қатарына жатады да, ал ұшұқтар сол канаттың «кіші» тайпаларына жатады. Жоғарғы ханды «сайлағанда» бұзұктардың (ұшұқтарға қарағанда) көп артықшылықтары болған. Жалпы алғанда оғыз мемлекеті этникалық құрамы жөнінен ала-құла болып ерекшеленбеген.[3] Оғыздар Қазақстан аумағында[өңдеу] Огыз тайпалары кең-байтақ жерді мекендеді. Оғыздардың қоныстары Ырғызда, Жайықта, Жемде, Ойылда, Аралсор көлінің оң жак жағасында болды, шығыста оғыздардың кейбір топтары Балқаш көлінің оңтүстік жағасына дейін барды, мұнда олардың Ғорғұз деген бекінісі болды. Оғыздар, сондай-ак Арал маңын, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу оңірін мекендеді; бірақ олар бұл жерлердің бәрінде бірдей көп болған жоқ. Олар Каспийдің солтүстік өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысында мейлінше тутас қоныстанды. Огыздар билеушілерінің бірінің бекіністі ордасы Дахлан каласы болды. «Нұзхат әл-мүштақ» шығармасында оғыздардың әскері көп болғаны және олардың Таразға жасаған шапқыншылықтары туралы айтылады. Соғыстардан кейін бітім жасалып, сауда жүргізіліп тұрды. Мұнда Шаштан мұсылман көпестері келіп, мал, негізінен түйе мен жылқы сатып алып жүрген.[3]
2) Сырым датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-97) - Кіші жүздегі патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған азаттық күрес. 18 ғасырдың 80-жылдарының басына қарай Кіші жүздегі жағдай қиындай түсті. Ресей өкіметі тарапынан отаршылдық режім күшейтілді. Саяси шектеулер мен көпе-көрінеу тонау арқылы жүргізіліп отырған саясатпен қатар, Ресейдің өкімет орындары кешпенділердің дәстүрлі шаруашылық құрылысын жоюға барынша күш салды. Бұл Жайықтың арғы бетіндегі ішкі жаққа қазақ- тардың өтуіне тыйым салынып, көші-қон өрістерінің күштеп бұзылуынан көрінді. Оның үстіне хан билігі енді патша үкіметінің іс-шараларына қарсы әрекет ете алмады. Саяси сахнада билердің, батырлардың салмағы арта түсті. 1783 жылы Жайықтың арғы бетіне өткен қазақтардың 4 мың жылқысын орыс-қазақтар айдап әкетті. Осындай жағдайда Кіші жүзде халық толкуы стихиялы түрде басталды. Көтерілісшілер бұқарасының басшысы Сырым Датұлы болды. Ол Верхнеуральск бекінісі мен Елек қалашығы арасындағы шепке шабуыл жасады. Осы шабуыл барысында Сырым батыр Орал казактарының түтқынына түсті. Оны Нұралы хан 70 жылқы жэне 350 сом толеп босатып алды. Нұралы ханның мұндай қадамға баруына Сырым батырдың халық арасындағы беделі ықпал етті. 1784 жылғы қарашаға қарай Сырым батыр Сағыз өзінде 1000 адамнан тұратын ірі жасақ жинады. Сырымның өз бетімен әрекет етуі Нұралы ханмен алшақтасуды туғызды. Сырым батыр Кіші жүздегі қазақ руларының денін өз жағына тарта білді.1785 жылдың басында Сырымды қолдаған Барақ батырдың жасағында 2000, Тіленші батырдың жасағында 1500 адам болды. Осы жылдың көктемінен бастап Кіші жүздің барлық рулары тарапынан өкімет орындарына қарсы қимыл оріс алды, ал байбақты, табын және тама рулары қоныстанған жер қарсыласу орт-на айналды. Патшалық Ресейдің Әскери коллегиясының төрағасы Г.А.Потемкиннің Кіші жүз қазақтарының көтерілісін басу туралы бүйрығымен 1785 жылы ақпанда ген. Смирнов әскер- лерімен Орынбордан Елек бағытына аттанды. Олармен бірге бір мөз гілде Оралдан Жемге қарай екі зеңбірегі, 1250 казағы бар әскер старшиналары Колпаков пен Пономаревтің отрядтары шықты. Бірақ патша әскерлері қөзғалысты баса алмады, өйткені котерілісші ауылдар Жемнен шалғай көшіп кеткен еді. Смирнов пен Колпаковтың отрядтары көтерілісшілердің шогырланған жерін іздеп жүрген көз де Сырым батыр 500 жігітімен олардың тылына өтіп кетті. 1785 жылдың наурызында ол Антонов форпосына, содан ке- йін Жайықтың том.бойында орналасқан Сахарная қамалына шабуыл жасады. Бекіністердің гарнизондары шабуылды тойтаруға дайын еді. Котерілісшілердің түтқиылдан тиісуі ақталмай, олар шегінуге мэжбүр болды. Бірақ Сырым батыр басқа форпостар мен бекіністерге шабуыл жасап, патша жазалаушыларын кері оралуға мәжбүр етті. 1785 жылы 3 наурызда Нұралы хан Орал әскерінің атаманы Донсковқа табын руының кейбір ауылдары өзіне дұшпандықпен қарайтынын хабарлап, оларды жазалауын отінді. Сахарная бекінісінің Каршинск форпосты ауданында көшіп жүрген ауылдарға ханның өтініші бойынша м-р Назаров бастаған эскери команда жіберілді. Жазалаушылардың көрсеткен жәбірі халықтьщ ашу-ызасын күшейтті. Сол көзге дейін көтеріліске қатыспаған көптеген ауылдар көтерілісшілерге қосылып, Нұралы ханнан халық сырт айналып кетті. 1797 жылдың тамызында Хан кеңесі жұмысын бастады, оның төрағасы болып Айшуақ сұлтан тағайындалды. Алайда сұлтандар өз бетімен, халық өкілдерін қатыстырмай Қаратай сұлтанды хан етіп сайлады, бұл қайтадан наразылық туғызды. Осы көз де Сырым ақсақалдармен татуласуға ыңғай танытып, Сырдарияның төм. ағысына көшіп барды. Кейіннен бұл арадан оны Қаратай сұлтан жасақтарымен ығыстырып, Хиуа жеріне өтуге мәжбүр етті. Осылайша бұл қөзғалыс жеңіліспен аяқталды. Дегенмен Сырым датұлы бастаған ¥лт-азаттық қөзғалыс ұлттық сана- сезімнің артуында өзіндік терең із қалдырды 3) Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшелігі, нәтижелері мен сапалары
23-сұрақ.Қазақстандағы Индустрияландырудың ерекшелігі,нәтижелері. Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалалардажұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшінтттіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады. 1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның XIV съезінде қабылданды. Индустрияландыру жөнінде съезде жалпы түрде ғана айтылды.Индустрияландыруға қаржы табу мақсатымен мемлекет шаруаларды астығын рыноктық нарықтан арзан бағамен сатуга мәжбүрледі. Бұл міндетті орындаудан бас тарткандар қуғын-сүргінге ұшырады. 1928 жылдың қазанынан 1929 жылдың желтоқсанына дейін 56 498 адам қылмыстық жазаға тартылып, 277 адам ату жазасьша кесілді. Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру. Қазақстанда индустрияландырудың басталуымен бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазба қорларын жоспарлы түрде анықтап отыруға негіз салған Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашкы тұрақты геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі басталды. Индустрияландырудың жетістіктері. 1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның үшінші көмір ошағына айналды.
|