Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Астана,2014 жыл 13 page


Date: 2015-10-07; view: 626.


Қозғалыстың Жетісудағы орталығы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу болды. Орасан зор өңірді түгелдей халықтық қозғалыстың жалыны шарпыды.

Қазақ ж/е қырғыз еңбекшілерінің қимылдары патша әкімшілігін мазасыздандырмай қоймады. 1916 жылғы 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып тағайындалған генерал А.Курпаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық н/е тайпалық араздығын пайдалануға» нұсқау берді.

Өз кезегінде Жетісудың генерал-губернаторы М.А.Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдастыру үшін- казак станицаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Қоныстанушы орыс кулактары қаруландырылды. Жазалау отрядтарының жанынан, обылыстың уездік қалалардан әскери-дала соттары құрылды.

Отаршылар «бұратаналарға» қарсы күрестің сыннан өткен тәсілдерін шебер пайдаланды. Патша әкімшілігі ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды. Жазалау отрядтарының басшыларына;»Қырғыздардың топтасып бас қосуын бүлік деп санап, оңдайларды жаныштаңдар, тоқудың алғашқы нышаны байқалғанда-ақ екінші дәрежелі басшыларын болса да тұтқынға алып, дала сотына беріңдер де, дереу дарға асыңдар», — деген нұсқау берілді.

Көтеріліске шыққан халықтың қалауымен көтерілісшілерді болыс Бекболат Әшекеев (Верный уезі), Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов(Қарқара), Ақкөз Қосанов (Мереке ауданындағы Құрақты болысы) ж/е басқалар басқарды.

Верныйдан Қытаймен шекараға дейінгі аралықта ауылдар мен қыстақтар қираған үйінділерге айналды. Қалған бөлігі-осы орасан үлкен аймақтағы қазақтар құнарсыз таулы аудандарға н/е Балқаш маңайындағы шөл далаға қуылды.

Торғайдағы көтеріліс орталығы. 1916 жылғы қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі Торғай обылысында орын алды. Мұнда қазақ шаруаларының күресі мейлінше табанды болып, ұзаққа созылды. Жергілікті ауылдық-болыстық әкімшіл басқарудан аластатылып, билік көтерілісшілердің қолын көшті. Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі, аса беделді Әбділғафар Жанбосыновты өздерігің ханы етіп сайлады. Атақты Иман батырдың немересі Амангелдіні сардарбегі етіп тағайындады.

Торғайдағы қозғалыс ошағы биліктің бір орталықта болуымен, көтерілісшілер қозғалысын басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен көзге түсті. Әскери іс мәселелеріне Әскери Кеңес баса назар аударып отырды. 1916 жылғы қыркүйекте Торғай уезінде Амангелді Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушыларды ұйымдастырды ж/е көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті. Олардың жалпы саны 20 мыңға дейін жеткен.Көтерілісшілер қатарын Ырғыздан, Қостанайдан, Ақтөбеден, Байқоңыр ж/е Шоқпаркөл кеніштерінен, Орынбор-Ташкент теміржолынан келгн жұмысшылар толықтырды.

Қазан айының соңында Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады.Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаверентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы экспедициялық корпус жіберді. Торғайға беттеген жолында жазалаушы отряд қазақ ауылдарын шапты. Торғайды ала алмайтын болғандықтан, көтерілісшілер қоршауды тоқтатып, Бетпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына ірге теуіп, партизандық күрес әдісіне көшті.

Доғал – Үрпек түбіндегі ұрыс жеңіліс пен аяқталды. Шегіне отырып ұрыс жүргізген 40 сарбазды жазалаушылар қоршап алды. Сарбаздар соңғы оғы қалғанша атысып, тірі қалғандары кешке қарай қолына найза алып, қоян-қолтық айқасқа түсті. Көтерілістің аяусыз жанышталғанына қарамастан, көп жерде бой көрсету бұдан кейінде біраз уақытқа жалғасты.

Патша үкіметі көтерісшілерден аяусыз кек алды. 3000-ға жуық адам жазаланды. Жүздеген ауылдар өртеліп, көптеген бейкүнә адамдар атылды. Алайда тарихтың өзі тәрік еткен отаршылдық жүйені жазалау экспедициялары да, әскери-дала соттары да атып-асуда құтқарып қала алмады. Бұл қазақ халқының езілген Ресей халықтары азаттық күресінің жалпы тасқынына біржола қосылған еді.

Қозғалыстың қортындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империялизмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Ол Шығысты қамтыған революциялық дағдарыстың маңызды элементтерінің бірі еді. Қазақтардың ата қонысына Ресей мұжықтарын қоныстандыру арқылы жүргізілген отарлау саясаты қарқын алған сайын өптеген орыс – украин қныстары мен казак станицалары пайда болған аймақтардағы көтеріліс орыстарға қарсы сипат алды.

Орыс шаруаларының бір бөлігі көтерлісшілерге жанашырлықпен қарады, көтеріске қатысқандарды жасырып қалды, оларға көмектесті.

Ұлт-азаттық қозғалысты басып – жаныштау барысында патша өкіметі өзінің дала стратегиясын жүзеге асыры. Түркістан өлкесі генерал – губернаторының айтуы бойынша, Қазақстан мен Қырғыстанның отарлауға мейлінше қолайлы аудандарын “тазалау” болатын. 1916 жылы Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты млн-ға жуық кеміді.

Көтерлістің жеңіліс табуының басты себептері, оның бытыранқылығынан, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігінен, арақатынастың тұрақты болмауынан еді. Шын мәнінде өте қарапайым қарулармен қаруланған халықпен сол кездегі техниканың жетістіктерін пайдаланған империяның тұрақты армисы соғысты. Патша шенеуніктері қоныстандыру қозғалысы жеделдете жүргізіліп жатқан өңірлерде орыс украин шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылық тарды пайдалана білді.

Ұлттық – демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Кейбір бай – феодалдар , хандар көтерлісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша үкіметі тез арада көтерлісшілерді басшыларынан айыра білді. Жетісудағы қозғалдыс басшыларының бірі Бекболат ӘшекеевБоралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтерліс жетекшілерінің бірі Жәменке Мәмбетов абақтыға қамалы, басқа 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.

Көтеріліс қазақ халқының таптық сана-сезімінің өскендігін көрсетті. Мыңдаған көтерілісшілер патша билігіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті. Отаршылдық езгінің ұзақ жылдары ішінде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды, белсенді саяси қызметке құлшынып, өзін Ресей билігінің отаршылдық экспанциясына қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді.

Халықтық қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы ж/е зардаптары жағынан алғанда, ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды. Ол туралы Әлихан Бөкейханов былай деп жазды: “Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді… Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды”. Шын мәнінде, 1916 жыл-XX ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды.

 

 

3) Тарих толқынында

Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады.

Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды.

ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген мақалада.

Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева.

Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.

«Тарих ғалымдарының, саясаттанушылардың алдында Қазақстан тарихын шынайы баяндауды қалыптастыру бойынша күрделі мақсат-міндеттер тұр. Мемлекеттік хатшы Марат Тә­жин­ Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баян­дамасында: «Біз өзіміздің қазіргі тарихымыздың бас­ты мән-мағынасын жүйелі, ғылыми негізде түсініп алуға тиіспіз. Тәуелсіз егемен мемлекеттің өмірінде үшінші онжылдық басталды. Осы жылдар ішінде расында да ғасырларға тең жолдан өттік. Ойымызды жинақтайтын кез жетті. Қазақстанның өтпелі кезеңі­нің ерекшелігі неде еді, қалып­тасқан мемлекет дегеніміз не, нақты тәуелсіздіктің негізгі белестері қандай, қандай қауіп-қатерлерден өттік, қоғамның экономикалық, саяси және мәдени жүйесі қалай құрылды? Осы сұрақтардың бәріне дәйекті әрі анық жауап беру - тарихшылардың кәсіби қоғамдастығының міндеті», - деп атап өткен еді. Біздің орталықтың ұжымы алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады», - деп түйді орталық директоры.

 

 

 

Діннің шығуы туралы. Әлемдік діндер. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы – мейілінше аумақты, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (құдай, тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетшизм).

Тотемге табыну – діннің ең ертедегі формаларының бірі. Алайда, оның арғы тегінде діндік ұғымнан гөрі, «нысандық» (нышандық) сипаты басымдау. Бұл сөз (тотем) – «төркінім» және «белгі» (нышан) деген мағаналарды беретін, үндіс тілінің дыбыстық аудармасы.

Рулық қоғамда санасы толыспаған әлеумет әр тайпа өз алдына белгілі нәрседен пайда болған деген нанымды қалыптастырған. Сол «нысаналы нәрсенің» көбі хайуанаттар (аң, құс, балық …) болып келеді, одан қалса, өсімдік (мұнда аздаған басқа заттар да бар) болады. Әрбір тайпа өзінің тотемдік нәрселерін ерекше қорғап, басына көтере қадірлейді.

Қазақ халқы арасындағы көне көз адамдардан бүгінде ағаш тотемнің құбылыстарын кезіктіруге болады. Осындай бір мифте: «Қазақ халқының ұғымындағы 18 мың ғаламды жаратушы «жасаған» бір «ғұмыр ағашын» егеді. Ағаш басындағы әрбір жапырақ тіршіліктегі бір адамның жанына, рухына «уәкілдік» етеді. Дүниеге бір адам келсе, бір жапырақ өніп шығады. Ал бір адам өлсе, бір жапырақ үзіліп жерге түседі. Үзілген жапырақ түсіп бара жатып, басқа бір жапыраққа соғылса, бұл жапырақ «уәкілдік еткен адам бір адамның өлгендігін естиді». Кейде, қазақ халқы: «орманаға сыйыну жөнінде, тәңірінің шапағаты ағашқа түсіп, ағашты биязы да сұлу бір қыз етіп жаратқан екен дейді. Енді бірде ағаш 9 бала туып, тоғызы тоғыз рулы ел болған екен» дегенді айтады.

Қазақ халқынан өзге ұлттарда ағаш тотемінің құдірет-характері біртіндеп өзгеріске түсе бастаған. Біреулерінде жалпы қорғаушы ретінде қаралса, енді біреулерінде шаруашылықты, тіршілікті меңгеруші ретінде қаралады. Ал, қазақ халқында ағаш тотемі бұрынғы мәнін, ежелден келе жатқан рөлін жойған емес.

Түрік тектес халықтардың барлығы да ортақ табынған киелі, тотем жануарлары әсем марал, көк бөрі, бүркіт екендігі бұрыннан белгілі. Көк түріктер мемлекетінің туында көк бөрінің, қият Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің байрағында сұңқардың суретінің болуы кездейсоқ емес. Байбөрі, (Алпамыс батырдың әкесі, Құртқа қасқыр деген сөз. Қобыландының зайыбы) секілді аттар қазақтың әдеби мұраларында көп кездеседі. «Моңғолдың құпия шежіресінде» түрік монғолдар өздерінің шығу тегін әсем Марал, Бөрте Шонадан таралғанбыз деп есептейді. Шона қасқыр деген сөз. Бұл әпсананы – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында Сарыбай досы Қарабайдың көңілін қимай буаз маралды атып, киелі аңның зауалына ұшыраған. Ол сол жерде дереу дүние салып, жалғыз ұлы Қозының тағдыр қасыретпен тамамдалатынын хиқая сюжеті айқындап, маңызын аша, әрлендіре түседі. Көшпенділер сол себепті де Ақмарал, Шона, Қасқырбай, Маралхан, Бүркіт секілді есімдерді көп қолданған.

Осымен қатар, бұған ертеден қалыптасып қалған діни салт – сана, әдет-ғұрыптар (культ), мешіт, шіркеу сияқты діни мекемелер мен молда, қожа, бақсы, ишан, поп дейтін дін иелері, тарихи діндерде адамдар орындауға міндетті деп есептелетін моральдық, этикалық қағидалар жатады.

Көне замандардан бастап-ақ небір ғұлама ойшылдар, көреген елбасылары бір отаға бірігіп, өмір сүрген адамдардың өзара жақсы қарым-қатынаста болуына және түсінікпен тіршілік етуіне кедергі болатын жәйттердің алдын алып отырған. Тыныштық, бейбітшілік үшін көп нәрселерге шек қоюға мәжбүр болған. Оны бұзғандарға түрлі жазалар белгіленген. Сонымен қатар, жаратушымыз мұндай бір ортаға бірігіп өмір сүруші адамдарға өзінің нағыз өміршең қағидаларын алға тартты. Оның аты бәрімізге аян – дін болатын. Дін – адам өміріне қажетті рухани байлықтарды реттеу үшін түрлі заңдар мен ереже – қағидалар белгіледі. Ислам дініндегі қағидалармен тәрбиленбеген адам біреуге жаманшылық тілемейді және міндетті адалдықпен орындайды. Осы орайда, Мұхаммед пайғамбардың мына сөзін әр уақытта жадымызда ұстаған жөн: «Өз нәпсіңіз қалаған нәрсені басқалар үшін қаламаған тұста және өзіңіз жаман көрген нәрселерді басқалар үшін де жаман деп білмеген тұста сіз нағыз иманды жан бола алмайсыз». Осылайша хазырет Мұхаммед пайғамбар өзі өмір сүрген қоғамын шапағаттықа шақыра отырып, өзі де оның нұрына бөленген.

Осы орайда, жалпы адамзат өркениетіндегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдай көшпелілер мекенімен жапсар өңірлерде дүниеге келіп отырғанын кездейсоқтық деуге болмас. Басқасын былай қойғанда, Зәрдеш (зороастризм), Будда (буддизм), Яхуда (иудаизм), Мұхаммед (ислам) бастаған әлемдік діндердің көшпелілер мекенімен шекаралас өңірлерде дүниеге келгенін қалайша кездейсоқтық деуге болар? Және, осынау әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің (Тенгирианство) өзекті қағидаларының арқау болғанын қайтерсіз? Ал, Тәңірлік дін дегеніміз, түптеп келгенде, уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным – түсінігі еді. Бұл орайда Тәңірдік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болды, өмір салтына айналды.

Үнді, Парсы, Ислам, Қытай, т.б. мәдениеттердің түркі халқының мәдениетіне әр түрлі жолмен іргелінді-кейінді ықпал етіп келгені белгілі. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын парсылар мен сақтар тайпалары түрлі мәдени байланыста болғаны ғылымда анықталған. «Парсының» Зороастр діні Қазақстан қалаларында VI – VII ғасырларда соғдырлар арқылы енеді. Алайда оның элементтері Оңтүстік Қазақстанда бұдан да көп бұрын сақ-массагет тайпалары кезінде-ақ қалыптаса бастаған болатын. Ал, қытай жазбаларында жыл санауымыздың ІІ ғасырында Будда діні қазақ халқының негізін құрушы үлкен рулардың бірі қаңлылар ішінде таралап қана қоймай, сонымен оны қаңлылардың монахтары қытайларға таратқаны туралы мәліметтер бар. Христиан дінінің де өте ерте кезден бастап түркілерге ықпал көрсеткендігі белгілі. Керей, Найман қатарлы қазақ тайпалары христиан дінін бір мезетте қабылдағандығы туралы парсы тарихшысы Рашид-Эддин өзінің «Жамихаттауарих» деген еңбегінде мол деректер жазады. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан да оны «Таңбалы тас жазуы» деген еңбегінде дәлелдейді. Шыңғыстау алыбы В.Бартольд те оны өз еңбегінде айтып Еуразияның көшпелілерінің соңғы тұяғы болып табылатын қазақтар күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінге уақытты беске бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Осы дәстүр Сырдария бойында туған Зәрдеш діні арқылы Яхуда дініне ауысты, одан ислам дініндегі бес уақыт намаздың орнығуына себепші болды. Уақыт пен кеңістік туралы белгілі бір таным-түсінік қалыптастырмай тұрып, көшпелілер өмір салтына ойысу мүмкін емес еді. Бір жыл ішінде күн мен түннің теңелетін мерзімдерін білу, сол бір жылдың төрт маусымының ерекшеліктерімен санасу көшпелілер үшін өмір сүрудің қажеттілігі болған. Осы орайда, отырықшылардың негізінен жаз бен күзге тәуелді екенін айта кетуге болады. Күні бүгінге дейін қазақтар әрбір маусымды өз ішінде үшке бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы, қыстың ортасы, қыстың аяғы т.б. Осынау өмір салттың өзегінен бір жылды 12 айға бөлетін таным – түсініктің бастау тегі аңғарылады.

Қазақ қауымы осы күнге дейін қалыптасып үлгерген өзінің рухани қазыналарын түгелдеп, бір жүйеге салып, оның шынайы құндылығын әлі анықтай қойған жоқ. Коммунистік идеологияның көлеңкесінде қалып қойған қазақ халқының іргелі дүниелерінің ішіндегі діни болмысымызға жаңаша мән беріп, оның бір тұтас жүйесін жасап шығару үлкен қоғамдық-ғылыми жетістік болар еді.

Соңғы жылдары республикамызда ислам дінінің жанданып, мәдени-рухани өмірімізге ықпал етіп, тіпті саяси-әлуметтік мәселелерге араласа бастағаны белгілі. Осынау әрекет-тірліктеріміздің мәні неде? Мәселенің мәні – қоғамдық санадағы болмашы өзгерісінің ұлт тағдырына қарай ықпал ететінін бажайлап отыруда болса керек. Себебі, ұлттық болмысқа қоғамдық-әлеуметтік күштердің әсер ететінін, нендей үрдістердің күшейіп бара жатқанын тап басып біліп отыру арқылы және нақты әрекетке көшу арқалы ғана рухани шыңдалуға болатыны ақиқат.

Діннің пайда болуы адам өмірінде, қоғамда болып жатқан әртүрлі өзгерістерден туындайтыны тарихи анықталған жай. Дін шыққан уақытынан бері қарай адамның бүкіл өмірінде реттеуші күшке айналуына көптеген тарихи деректер куә. Сонымен бірге, діннің қоғамдық сананың белсенді формасы ретінде сақталып отырғандығы да рас. Қазір дін көптеген жылдар бойы насихатталып келген адамгершілік ережелерінің әділетсіздіктің жетегінде кеткенін сынау үстінде күшейіп отыр. Өйткені, дін қоғам өмірінде жіберілген саяси экномикалық қателерге, рухани адасушылыққа жауапты емес. Дін тарихын тиянақты зерделеуші оны алдамшы деп бағалаудың қате пікір екендігін біледі. Діннің мәдени дамуының жемісі екендігін оның тарихи, танымды, психологиялық тамырлары шыққандығын мойындау қажет. Діни шешімдер адамдардың күнделікті өмір салтын, қоғамдық заңдарды ескере отырып уағыздалады.

Ислам дінінің моральдық-этикалық нормалары және Қазақстандағы даму ерекшеліктері. Кез келген дін сияқты ислам діні де адам қоғамына тән моральдық-этикалық, кісілікті нормаларға сүйінген. Оған қоса, ислам діні өзі дүниеге келген ортаның сұранымымен үндесіп жатады. Ислам діні тек қана наным – сенім аясымен шектелмей, сол діндегі елдердің өмір салтына, моральдық-этикалық нормаларына, дәстүріне айналып отыр. Сондықтан біз бүгінгі таңда жер бетінде миллиардқа тарта адамның зейінін өзіне тартқан ислам дінін ең алдымен рухани құбылыс ретінде құрмет тұтамыс. Ал, қазақ халқының тарихында ислам дінінің толық дами алмағанына көшпенділік тұрмысының салты мен ғұрпы кедергі болса керек. Қазақ исламы, қазақ мұсылманшылдығы догмалық исламнан әлде қайда өзгеше, тұрмыс ауқымынан алысқа бармайтын діни наным.


<== previous lecture | next lecture ==>
Астана,2014 жыл 12 page | Астана,2014 жыл 14 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.169 s.