Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тіл саясаты саласында


Date: 2015-10-07; view: 699.


Тіл саясаты елде үйлесімді әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құруға бағытталып, халықты біріктіру факторына айналуы тиіс. Ол мемлекеттік тілдің әлеуметтік және коммуникативтік функцияларын кеңейту мен нығайтуға; орыс тілінің сөйлесу функциясын сақтауға; басқа этностық топтардың тілдерін дамытуға бағытталуы тиіс. Аталған бағытта мынадай шаралар қабылданатын болады:

орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жүргізілетін іс қағаздарында мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің жұмысын қамтамасыз ету;

мемлекеттік тілді қолданудың құқықтық базасын дамыту, оның ұйыстырушы рөлін нығайту;

терминологиялық және онамастикалық жұмыстар жүргізу арқылы мемлекеттік тілді әрі қарай дамыту;

қазақ тіліндегі телерадиотаратудың үлесін ұлғайту, мемлекеттік тілдегі интернет-сайттарды дамыту;

іс-жүргізу, көркем және өзге де әдебиетті қазақ тіліне аудару жұмыстарын кеңейту;

ҚР азаматтығын алуды қалайтын иммигранттарға мемлекеттік тілді игеру жөнінде арнайы талаптар белгілеу, олар үшін тілдік дайындық жүйесін құру;

қала және аудан деңгейінде, жоғары оқу орындары мен басқа да мекемелерде, оның ішінде жекеменшік оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жүйесін кеңейту;

жастарды қазақ тілін терең меңгеруге ұмтылдыру жүйесін қалыптастыру, жас қазақстандықтарды қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне бейімдеу;

қазақ тілін оқыту әдістемелерін жетілдіру;

қазақ тілін мектепке дейінгі мекемелерде, мектептер мен жоғары оқу орындарында оқыту сапасын жақсарту;

«үштұғырлы тіл» мәдени бағдарламасын бұдан әрі кезең-кезеңімен іске асыру, көптілді білім беруге көшу;

этномәдени бірлестіктерді мемлекеттік тапсырыс тетігін пайдалана отырып, мемлекеттік тіл бағдарламаларын іске асыруға тарту;

мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылатын тіл ретінде орыс тілінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

этностық топтар өкілдерінің ана тілін үйренуіне мемлекеттік қолдау көрсету;

мәдениет және БАҚ саласында этностық топтар тілдерінің жұмыс істеуіне жәрдемдесу және жағдай жасау.

Қазақ тілін меңгеру әрбір азаматтың табиғи ұмтылысына айналуы тиіс. Алдағы жылдары барлық қазақстандықтар, әсіресе өскелең ұрпақ, мемлекеттік тілді меңгеруі қажет.

Мемлекеттік тілді білу азаматтың жеке бәсекелестікке қабілеттілігінің, мансаптық жылжуы мен қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңызды факторына айналуы тиіс. Мемлекет мемлекеттік тілді оқып-үйренуге барлық жағдайды жасауы тиіс.

4.3. Білім және тәрбие беру саласында

Мемлекеттегі ел бірлігін қамтамасыз етудің маңызды факторының бірі білім беру және қазақстандықтардың жас ұрпағын төзімділік пен келісім құндылықтарына тәрбиелеу болып табылады. Осы бағытта бірқатар шаралар қабылданатын болады:

үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне арналған Этномәдени білім беру бағдарламасын әзірлеу;

мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарында этномәдени төзімділікке оқытудың, өзге мәдени орта өкілдеріне қатысты орнықты оң стереотиптер қалыптастырудың интерактивтік әдістерін енгізу;

өскелең ұрпақтың дін мәселелеріндегі мағлұматы мен білімінің деңгейін көтеру мақсатында мектептерде «Дінтану негіздері» міндетті оқу курсын жүргізу үшін жағдай жасау;

педагогтардың біліктілігін арттыру және оларды рухани келісім, төзімділік негіздері және этносаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

этностық топтар жинақы шоғырланған жерлерде оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу мен алуға, мерзімді және баспа басылымдарын таратуға, олардың тілдерінде теле- және радиохабар беруге көмек көрсету;

Қазақстан халқының тарихи, соғыс және еңбек даңқы мектеп мұражайларының жүйесін дамыту;

этномәдени тәрбие беру, жас өспірімдердің азаматтық ұстанымдарын, этносаралық келісім төзімділігі және мәдениетін қалыптастыру жөніндегі сыныптан тыс іс-шаралар өткізу арқылы мектеп пен оқушылар ата-аналарының өзара іс-қимылын кеңейту;

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған және қазақстандық қоғамды ұйыстыруға, қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған «Менің елім» атты халықтық-патриоттық акцияларды жыл сайын өткізуге бастамашылық ету.

Аталған шаралар өскелең ұрпақ арасында этностық және діни төзімділік идеялары мен дәстүрлерін әрі қарай нығайтуға негіз болуы тиіс.

4.4. Рухани-мәдени салада

Этносаралық ықпалдастықты нығайтуға барлық этностардың мәдени ерекшелігін сақтаған жағдайда, азаматтарды біртұтас рухани-мәдени құндылықтар мен қазақстандық қоғамның дәстүрлеріне жұмылдыруға бағытталған шаралар ықпал етуі тиіс. Бұл үшін:

әрбір этностық топтың мәдениеті мен тілін сақтаудың және дамытудың құралы ретінде жексенбілік мектептер және ұлттық жаңғырту мектептерін ұйымдастыру нысандарын жетілдіру;

қазақстандық отбасы институтын, оның тәрбиелік рөлін, оның ішінде, ұлттық дәстүрлерді сақтау және дамыту, жастар арасында Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдени дәстүрлеріне, тілі мен құндылықтарына деген төзімділік пен құрметтеушілік көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасау;

ұлттық (этностық) театрлар мен шығармашылық ұжымдардың дамуы мен қызметіне қолдау көрсету;

қазақ халқының тарихи-мәдени мұраларын сақтауға, Қазақстан этностарының мәдениетін әрі қарай өзара байытуға бағытталған мәдени-ағарту мекемелердің жұмысын жандандыру;

Қазақстан этностарының тарихы мен мәдениеті туралы білімді кеңінен таратуға жәрдемдесу;

Қазақстанның әрбір этносының мәдениетін, тарихи мұрасын, дәстүрі мен ерекшеліктерін сақтауды қамтамасыз ету;

қазақ диаспорасы тұратын елдермен, сондай-ақ, қазақстандық этностардың тарихи отаны болып табылатын елдермен мәдениетаралық үндесу мен гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту қажет.

Осы шараларды жүзеге асыру Қазақстанның этномәдени саналуандылығын сақтау мен дамытуды, «Саналуандылық арқылы - бірлікке» формуласын әрі қарай іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

4.5. Ақпараттық салада

Маңызды бағыттардың бірі этностық БАҚ-тарға қолдау көрсету, іске асырылып жатқан ұлттық саясатты тарату мақсатындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, патриотизм және этномәдени төзімділікті нығайту болып табылады. Бұл үшін:

этностық БАҚ-тарды дамытуға, оларда қазақстандық сәйкестілік, патриотизм, этномәдени және конфессияаралық төзімділік тақырыбына арналған материалдардың шығу тәжірибесін кеңейтуге қолдау көрсету;

рухани-адамгершілік құндылықтар мен жалпыұлттық мұраттарды насихаттап, қоғамдық санаға сіңіретін оң бағыттағы ақпараттық өнімдерді (телебағдарламалар, шоу, фильмдер, жарияланымдар, роликтер және т.б.) шығаруға жәрдемдесу;

жұртшылықтың бойында Қазақстанға қатыстылық пен тағдырластық, мемлекетке деген патриоттық қатынасты дамыту, Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу, өзін қазақстандық деп сезіну қасиеттерін қалыптастыратын рәміздерді

БАҚ-та қолдануды кеңейту;

журналистердің этносаралық және конфессияаралық қатынастарды көрсету мәселелерінде этикалық нормалар мен кәсіпқойлық дағдыны сақтауы;

қолданыстағы заңнама шеңберінде БАҚ-та елдегі этносаралық жағдайды тұрақсыздандыратын материалдар шығуының алдын-алу мен жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейту;

БАҚ-та этностық тақырыпқа байланысты ұғымдар мен терминдердің қолданылуын реттеу.

Ұсынылған шаралар қоғамдық санада этносаралық және конфессияаралық мінез-құлықтың орнықты оң үлгісін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.

4.6. Құқық және құқық қорғау саласында

Осы саладағы шаралар ұлттық саясат саласындағы заңнаманы жетілдіруге, этностық және діни төзбеушіліктің кез-келген нысанының алдын-алу мен жолын кесуге жәрдемдесуі тиіс. Оларда көзделетіндер:

нәсілдік, этностық және діни ерекшелігіне қарамастан Қазақстан азаматтарының тең құқығын, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңнамалық нормаларды әрі қарай дамыту;

этносаралық қатынастар саласында халықтың саяси-құқықтық мәдениетін көтеру, ксенофобия, экстремизм және тұрмыстық ұлтшылдық көріністерінің кез келген нысаны мен түріне төзбеушілік қатынасын қалыптастыру;

құқықтық жүйені және этносаралық қатынастар саласына қатысты теріс үрдістер мен қауіп-қатерді анықтау, алдын-алу және жою жөніндегі құқық қорғау қызметін жетілдіру;

этносаралық қатынастарды саясаттандыруға, азаматтарды этностық, нәсілдік, конфессиялық және өзге де уәждермен кемсітуге жол бермеу;

этностық рең алып кетуі мүмкін әлеуметтік және өзге де сипаттағы қайшылықтар мен дау-жанжалдардың пайда болуын күні бұрын айқындаудың тетіктерін құру және нығайту, сондай-ақ мұндай дау-жанжалдарды шешу жүйесін әзірлеу;

этносаралық сала мәселелері бойынша ұғымдық аппаратты қолданудың бірыңғай заңдық стандарттарын әзірлеу;

көші-қонды реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру.

Мемлекеттік ел бірлігі саясаты этносаралық және конфессияаралық қайшылық алғышарттарының пайда болу мүмкіндіктерін болдырмайтын заңнамалық және құқықтық тетіктермен берік қамтамасыз етілетін болады.

4.7. Конфессияаралық қатынастар саласында

Діннің біріктіруші бастау алар көзіне сүйену, этносаралық қарым-қатынастар жағдайына діни фактордың теріс әсерінің алдын-алу ел бірлігін нығайтудағы маңызды бағыт болуы тиіс. Бұл үшін:

дінаралық үндесу мен өзара түсіністікті дамыту, қоғамның тұрақтылығын нығайту мақсатында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы әріптестік қатынасты дамыту;

қоғамдағы адамгершілік бағдарларды нығайту, отбасының рөлін көтеру, нашақорлықпен, маскүнемдікпен, балалар, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен панасыздықтың таралуымен күрес секілді әлеуметтік міндеттерді шешудегі мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің ынтымақтастығы, бірлескен жұмысы;

қоғамның моральдық-адамгершілік негіздерін нығайту, халықтың діни сауаттылығын арттыру үшін дәстүрлі діндердің рухани құндылықтарын қолдану;

экстремизм және радикализмді таратуға қарсы тұру мақсатында халықпен, әсіресе, жастармен, жүйелі ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу;

қызметі халықты жалған діни бірлестіктер туралы хабардар етуге, ондай бірлестіктердің құрбаны болғандарға психологиялық, құқықтық және заңнамалық көмек көрсетуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдарды қолдау керек.

Аталған шаралардың нәтижесі қоғамда адамгершілік құндылықтардың дұрыс жүйесін, төзімділік, бірлік және келісім идеяларын нығайтуға жәрдемдесуі тиіс.

 

85. Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы (1991-2010 жж.). Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі.

Мәдени процестер. 1991 жылдан кейін оқу жүйесі белгілі мөлшерде дағдарысқа ұшырады. 1993 жылдың басында (1 қаңтар) Қазақстанда 154 мыңдық орны бар 303 бала бақшасы жабылды, орта мектептер саны азайды. Екінші жағынан мемлекеттік емес мекемелерінің, мектептер және жоғары оқу орындарының пайда болу процесі басталды.

1989 жылғы Тіл туралы Заңның және Конституция негізінде ұлттық білімнің жандануына мүмкіндік туды.

Елісміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 ұлттық мәдени орталықтар мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы жұмыстар атқаруда.

1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялық жоғары оқу орындары болған болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 100-ден астам коммерциялық жоғары оқу орындар болды.

Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқу бөлімдері ашылды. Соңғы жылдары 300-ден астам жалпы орта білім беретін қазақ мектептері ашылып, олардың саны– 3,3 мыңға жетті. Республикада 17 ұлт тілінде жүздеген мектеп бар. 12 тілде газеттер мен журналдар шығып тұрады, 11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле-радио қызмет етеді.

1999 жылғы 11 маусымда – Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы жарияланды. 2006 жылдың басында республика бойынша 252.800 ұстаз еңбек етуде.

Қазақстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халаралық байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту мақсатында жастарды шетелдердің беделді оқу орындарына жіберу өзекті сипат ала бастады. 1993 жылғы 5 қарашада Президенттің “Болашақ” атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді.

Қазақстан халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан Республикасының мерекелері аталып өтуде.

1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.

1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.

Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат-Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында “Алтын адам Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін” атты көрме өткізілді.

1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. Осыған орай атқарылған жұмыстар: 6 томдық “Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” І-ші томы, М. Шоқай шығармаларының екі томдығы шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. “Алпамыс батыр” жарынаң 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті.

М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, “Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.

2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.

2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті.

Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлануына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды.

1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің “Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі.

Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды.

86. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.

Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:

1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстан-Ресей байланыстары. 1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған "Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Қазақстан-Қытай байланыстары. 1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).

1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.

1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.

Қазақстан-АҚШ байланыстары. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде "Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).

Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық. КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.

1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.

Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық "Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.

2001 жылғы 29 тамызда Алматыда "ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды.

Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, "Адам және биосфера”, "Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.

ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және "Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.

ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

87. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары мен еңбектері (студенттің таңдауы бойынша).

Бүгінгі күні мен үшін «2030» Стратегиясының мерзімінен бұрын орындауға қол жеткен параметрлерінің тұтас бір қатарын іске асырудың қорытындыларын шығару үлкен абы­рой. Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шек­арасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды.

Біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтап, нығайттық. Біздің саясатымыз табысты болды. Бізде бұрын еш­қашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі күллі саяси спектрді көрсететін пар­тиялар жұмыс істейді. Бізде көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкі­мет бар.

«Қазақстан-2030» Стратегиясында басты назар экономикалық өсуге аударылды. Жан ба­сына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өс­ті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.

Біз қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз.

Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді. Елдің ІЖӨ-де мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады, ол 1997 жылғы 3,7%-дан 2006 жылы 14,7%-ға және 2011 жылы 25,8%-ға өсті.

Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық. Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде.

88. ҚР-ның Н.Ә.Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы ҚҰУ «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деген дәрісінің мазмұны мен бағыттары (2009 ж.қазан).

Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті 75 жыл ішінде талай асу­лар­дан, күрделі кезеңдер мен қилы жолдар­дан өтті. Осы жылдар ішінде мың-мың­даған қазақстандық жастар білім алды, ар­мандарын асқақтатып, қияға қанат қақты.Ел аузындағы кеше мен бүгінгі айтулы ғалымдарымыз өздерінің ұлттық тарих, экономика мен мәдениетке қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қа­быр­ғасында жазып, ел игілігіне айналдырды.Математика, физика, басқа да жараты­лыс­тану салалары бойынша ауқымды ғы­лы­ми жұмыстар осы жерде іске асырылды.Мен өзімнің сөзімде кейбір ғалымдар­ды, осы істі бастаған азаматтарды атап өт­кім ке­ліп еді, бірақ, олар өте көп. Сон­дық­тан бар­лығын бүгінгі мерейтоймен құттықтаймын.Ел тағдырына қатысты күрделі кезең­дерде университет ұжымы аса маңызды тарихи оқиғаларды да бастан кешірді.1986 жылғы 16 желтоқсанда елдің еркіндігі үшін, ұлттың теңдігі үшін жан­дарын шүберекке түйіп, кеңестік жүйеге қарсы шыққандар да осы оқу орнының оқытушылары мен студенттері болатын.Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады.Дәл қазірдің өзінде республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті ма­ман­дар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шыққандар.Университет түлектері байтақ Отаны­мыз­дың барлық түкпірінде жеңісті де же­місті қызмет етіп жатыр. Осы жиында бас қосып отырған бә­рі­ңізді, университеттің оқытушылары мен сту­денттерін, сондай-ақ әр жылдарда осы оқу орнында қызмет істеген ұстаздар мен білім алған түлектердің баршасын бүгінгі ме­рейтоймен шын жүректен құттық­таймын!Еліміздің мүддесі үшін атқарып жат­қан еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.

І. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алдыңғы шебі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Бұдан 75 жыл бұрын ол бар-жоғы шеткі аймақтағы жоо-лардың бірі еді. Алғашқы қабылданған студенттер 50 адам болып, оларды 25 оқытушы оқытқан.Ғасырдың үш ширегінде университет тәуелсіз елдің жетекші ғылыми және білім беру орталығына айналды.Мұнда 20 мыңға жуық адам оқиды. Соның ішінде 1000-ға тарта студент алыс және жақын шетелден келгендер.Студенттерге өздерінің тәжірибесі мен білімін 27 академик, 300 профессор мен доктор, 800-ден астам ғылым кандидаттары беріп келеді. Қазақстан ғылымының да­муы­на ҚазҰУ-да жұмыс істейтін ғылыми мектептер, профессор-оқытушылар ұжы­мы зор үлес қосып отыр.Үздік студенттерге арнайы тағайын­дал­ған президенттік шәкіртақы төленеді.2004 жылы менің бастамам бойынша университет кешенін одан әрі дамыту және салу бағдарламасы қабылданды.Жаңа ғана мен жалпы ауданы 27 мың шаршы метр, ең жаңа құралдармен жасақ­тал­ған химия факультетінің жаңа оқу корпусын аштым.Таяудағы уақытта тағы үш факуль­тет­тің - механика-математика, физика және гео­графия факультеттерінің жаңа ғи­ма­раттары іске қосылатын болады. 2 мил­лион оқу және ғылыми әдебиет томдарына арналған іргелі кітапхананың құрылысы аяқталып келеді. Тұтастай алғанда таяу­дағы екі жылда 100 мың шаршы метрге жуық жаңа алаңдар салынады.Университетті 2020 жылға дейінгі да­мы­тудың бас жоспарына сәйкес емханасы және стационары бар жастардың ден­сау­лық орталығын, мәдени-тұрмыстық орталық салу көзделуде.

Жаңа нысандар қиын уақытта салынып жатқаны және сапалы білім мен ғылым­сыз Қазақстанның болашағы жоқ екенін тү­сіне отырып, мемлекеттің бұл үшін қара­жат тауып отырғаны атап айтарлықтай.Біз сіздермен алғаш рет кездесіп отыр­ған жоқпыз. Біздің барлық кездесулері­міз­де елімізді дамытудың проблемалары талқыланған болатын.Бүгінде біздің бәрімізді дағдарыстан кейінгі дүние қандай болатыны толған­ды­ра­ды. Берігірек болып, кез келген қиын­дық­тарға төтеп беру үшін, Қазақстанды жаңа биіктерге көтеру үшін біз не істеуі­міз керек? Бұл жөнінде бүгінгі дәрістің аясында әңгіме қозғағым келеді

ІІ. Әлемдік дағдарыс: себептері мен көздері

ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығы аяқталып келеді. Ол бүкіл әлем үшін сы­нақ сипатында болды. Ауқымды лаңкестік шабуылдар, Ауғанстандағы, Ирак пен Кавказдағы соғыс операциялары, Таяу Шығыстағы және Африкадағы жанжал ұшқындары, әлемнің бірқатар елдеріндегі этносаралық қақтығыстар - мұның бәрі үшінші мыңжылдықтың алғашқы жыл­дары­ның мазасыз беттері.Жаһандық қаржы-экономикалық дағ­дарыс әлем үшін елеулі сынақ болды. Адам­зат тарихтың шұғыл бұрылыстары­ның себебі болған экономикалық құл­дырауларды талай рет бастан кешсе де бұл дағдарыстың ауқымы мен салдарлары бұрын-соңды болған емес.Тек соңғы жүз жылда оннан астам әр­қилы тереңдіктегі дағдарыстар болды. Бұл - жаһандық соғыстарға соқтырған ХХ ға­сыр­дың басындағы экономикалық күй­зе­лістер де, Кеңес одағының ыдырауын туындатқан бүкіл социалистік жүйенің 70-80-ші жылдардағы дағдарысы да, 90-шы жылдардың аяғындағы Азия дағдарысы да әлемдік экономиканы сілкілеп өтті.Алайда бұл жолғы дағдарыс - жаңа дең­гейдегі құбылыс. Ол бүкіл әлемнің эко­номикасын қамтып отыр. Әлемдік эко­номиканың осы жолғы жаһандық дағ­да­рыс салдарынан шеккен зардабының кө­лемі 3,5 триллион долларға бағаланып отыр.Қазір көптеген сарапшылар, талдама­шы­лар, ғалымдар дағдарыстың туындау себептерін іздестіріп, ең қайран қаларлық болжамдар жасауда. Бірақ та дағдарыстың негізінде адам­ның мәңгілік кінәраттары - ашқарақтық, иман­сыздық және жауапсыздық жатқанын мойындауға батылы жететіндер табыла қоймас. 2007 жылдың аяғында алыпсатарлық мәмілелердің жалпы көлемі 14 триллион доллардан астамды құрады. Ондаған олигархтың байлыққа құнуғышылығы миллиондар үшін қасірет болып оралды.Халықаралық мамандардың бағалауы бойынша, дағдарыспен күреске әлемде қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ доллары жұмсалған. Қазіргі кезде әлемдік экономикалық ахуалдың біршама жақсарғаны туралы белгілер беріліп жатыр. Бірақ та, тұтастай алғанда, мынаны айтуға болады, алдағы кезеңде әлемдегі экономикалық ахуал айтарлықтай әлсіз болып, дағдарыстың жаңа толқынының қатері сақталады.

ІІІ. Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шаралар

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірін­ші болып жаһандық дағдарыс салдар­лары­мен бетпе-бет келді.Еліміздің өз қарыздарымен есептесе алмаған жетекші банктерін банкрот­тық­тан дереу құтқаруға тура келді. Арзан ақ­ша­ларды тойымсыздықпен және бақы­лау­сыздықпен қарызға алып, сол арқылы бай­лық таппақ болған біздің банктер қиын жағдайда қалды. Банкирлердің кей­бірі алаяқтар мен ұрылар болып шығып, банк қаражатын меншіктеп алған. Он­дай­лар­мен қазір құқық қорғау органдары айналысуда.Қазақстанның экспорты жартысына дер­лік қысқарды. Шағын бизнес несиелік қаражатсыз қалды. Жүз мыңдаған еңбек­кер­лер жұмыс орнын жоғалту шегіне жетті.Осындай жағдайда біздің шешімдері­міз нақты да дер уақытында болды. Қазақ­станда тұрақтандырушы шаралар пакеті қабылданды, Ұлттық қордан қо­сым­ша 10 миллиард доллар бөлінді. Мем­ле­кеттің әлеуметтік міндеттемелері сақ­та­лып қана қойған жоқ, сонымен бірге ұл­ғайтылды, перспективалы инвестициялық жобалар анықталды.

"Жол картасы" және Өңірлік жұмыс­пен қамту стратегиясы қабылданды.

Бүгінде енді "Жол картасын" және дағ­дарысқа қарсы шаралардың бүкіл кеше­нін іске асырудың алғашқы қорытын­ды­ларын шығаруға болады.

400 мыңға тарта жаңа жұмыс орын­дары ашылды.

200 мыңнан астам адам қайта даяр­лық­тан өтіп, қоғамдық жұмыстарға қаты­сушылар болды. Соның нәтижесінде біз­дегі жұмыссыздық деңгейі 6 пайызға дейін төмендеді, ал көптеген елдерде ол еселеп өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым нысандарын жаңғыр­ту жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілді.

Денсаулық сақтаудың, білім берудің 1500 дерлік нысаны және әлеуметтік инфрақұрылымның басқа да нысандары жөнделді.

Мың шақырым жол салынып, қайта жарақтандырылды.

Қаражат әрбір ауыл мен селоға дейін жетті, бұрын мұндай болмайтын. Осындай бұрын-соңды болмаған шараларды ел халқы зор ризашылықпен қарсы алды.

Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанын­да шағын және орта бизнес секторындағы өндірістің көлемі 14 пайызға өсті.

Агроөнеркәсіптік кешенге қолдау білдіру егін жинау науқанын ойдағыдай аяқтауды, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің көптеген нысандарын салуды қамтамасыз етті.

Астықтың бункерлік салмақтағы жалпы жиынтығы 22 миллион тоннаға жуықты құрады. Бұл соңғы бес жылдағы екінші рекордтық орақ.

Тұтастай алғанда Қазақстанның қаржы жүйесінің жалпы тұрақтылығына қол жеткізілді.

Банк жүйесіне қолдау білдіруге 476 миллиард теңге бөлінді. Соның өтеміне мемлекет елдің жетекші банктерінің ірі акционеріне айналды.

Мемлекеттің қолдау білдіруі арқасын­да алданып қалған 40 мыңнан астам үлес­кердің проблемалары шешілуде.

Тұтастай алғанда ел экономикасына дағ­­дарысқа қарсы мақсаттарда 2,7 трил­лион теңге немесе ІЖӨ-нің 14 пайызы жұмсалды.

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Доминик Стросс-Кан біздің елімізде болып, былай деп атап өткен еді: "егер барлық шаралар іске асатын болса, онда 2009 жылдың аяғында сіздердің экономика өз проблемаларын еңсере алады". Осындай пікірді көптеген сарапшылар ұстанады.

Бастысы, дағдарысқа қарсы шаралар қо­ғамнан қолдау тапты. Мен еліміздің көп­теген өңірлерінде болдым. Сонда бар­лық жерде халықтың қолдауы мен Қазақ­стан­ды дамытудың жаңа алып жоспар­ла­рын орындауға кірісуге әзірлігін сезіндім.

"Нұр Отан" партиясының ХІІ съезінде Қазақстанды жедел индустриялық-инновациялық дамыту міндеті қойылды.

Мен инновациялық индустрияландыру­дың жеті басымдығын анықтадым. Олар:

- аграрлық секторды технологиялық қайта жарақтандыру және кең ауқымда жаңғырту;

- құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту;

- мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту;

- металлургияны және дайын металл өнімдерін өндіруді дамыту;

- химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібін дамыту;

- "таза" энергетиканы жасауды қоса алғанда энергетика саласын жаңғырту және дамыту;

- көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.

Осының нәтижесінде 7 триллион тең­ге­ден астам немесе біздің ұлттық өні­мі­міздің 50 пайызы дерлік көлемінде жылдық қосымша құн қосымша жасалатын болады.

Бұл - өршіл, қажетті де лайықты мін­дет. Осының арқасында біз қазақстан­дық­тардың әл-ауқаты одан әрі жақсаруы үшін жағдай жасаймыз.

 

ІV. Әлемді дамытудың дағдарыстан кейінгі трендтері

 

Меніңше, осы дағдарыс бүкіләлемдік тарихтың бетбұрыс оқиғасына айналады. Әлемді дағдарыстан кейінгі дамытудың мынадай трендтері барынша айқын болып табылады.

Бірінші - әлемдік валюта жүйесінің трансформациясы.

Өз көзқарасымды мен бүкіл әлемнің сарапшы топтарында айтарлықтай қызы­ғушылық туғызған "Дағдарыстан шығу кілті" және "Бесінші жол" атты мақа­ла­ларымда егжей-тегжейлі баяндадым.

Жаһандық дағдарыс себептерінің бірі қазіргі әлемдік қаржы жүйесінің ақаулығы болып табылады деп санаймын. Ол соңғы 50 жылда іс жүзінде ауыстырылған жоқ және әлемдік дамудан қалып қойды.

Жаһандық дағдарыстан шығу жаңа қар­жы құралдарына міндетті түрде көшуде екендігіне сенімдімін. Таяудағы болашақ­тың өзінде әлемдік өңірлік валюталардың сапалық жаңа санаты енгізілетін болады.

Мәселен, 2010 жылдың 1 қаңтарынан Америка үшін Боливар Альянсы елдерінің ұлтүстілік электрондық есеп айырысу-төлем бірлігі - "сукренің" айналымға енгізілуі жоспарланған.

Бразилия мен Аргентина МЕРКОСУР ұйы­мы аясында өңірлік валюта құруды ұсы­нуда. АСЕАН елдері өңірлік валюталар се­бетіне байланған валюта бірлігін ұсынады.

Дағдарыстан кейінгі сценарийлердің бірі бойынша әлемдік экономика энерге­ти­калық байланыстар мен туризмді ғана сақтай отырып, өңіршілдік соққысынан ыдырап түсуі мүмкін.

Мен сондайлық пессимист емеспін. Меніңше сайып келгенде әлем адамзат тарихындағы тұңғыш заңды және жария бірыңғай жаңа әлемдік валютаны жасауға келетін болады.

Бұл идея әлемде барған сайын бел­сен­ді таралуда. Көптеген саясатшылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар оған қолдау білдіруде.

Мысалы, олар - экономика бойынша нобельдік лауреаттар Эдмунд Фелпс пен Роберт Манделл, мен олармен жуырда Астанада әңгімелестім.

Олар - жетекші ресейлік ғалымдар, экономистер және басқалары. Бұл мәселе G8 және G20-ны қоса алғанда саммиттер мен форумдардың күн тәртібіне қазірдің өзінде енгізілуде.

Мұндай жаһандық проблеманы шешу интеллектуалдық күш-жігер мен уақытты та­лап етеді. Бұл ретте қазіргі валюта жүйе­сінің пайдасына үйреніп қалған элиталардың зор қарсылығы болады.

Әлемнің таяу уақыттарда осынау кө­кей­кесті мәселеге бірегей көзқарас қалып­тас­тыратынына менің сенімім мол. Оның әлемдегі жаһандық дағдарыстардың жиі­лі­гі мен өткірлігін төмендететіні айдан анық.

Дағдарыс алдындағы екінші тренд - күштерді әлемдік жаңаша орналастыруды қалыптастыру.

Жаһандық басқару дағдарысы қазіргі эко­номикалық сілкіністердің зардап­тары­ның біріне айналып отыр.

Белгілі тарихшы Чарльз Киндлбергер Ұлы депрессия себептеріне талдау жасай отырып, шиеленісті маңызды кезеңде әлемдік көшбасшылықтың болмауын солардың бірі ретінде атады.

Көптеген факторлар тарихтың бүгінде қайталанып отырғанын көрсетіп отыр. АҚШ пен өзге де ірі мемлекеттерге әлемдегі ықпалдылықты жаңа күштердің орталығымен бөлісуге тура келеді.

Мынадай дәйек келтірейін. 2001 жылы "Голдман сакс" банкінің жетекші эко­но­мисі Джим О Нил БРИК атты қысқар­тыл­ған сөзді өзінің талдамалық жазбаларында тұңғыш рет қолданды.

Бразилияның, Ресейдің, Үндістанның және Қытайдың басшылары өз ұстаным­дарымызды үйлестірген жаман болмас еді деген ұйғарымға келді. Сөйтіп 2009 жыл­дың мамырында Екатеринбургте БРИК-тің алғашқы саммиті өтті.

Жиырма жылдан кейін БРИК елдерінің жиынтық ІЖӨ-сі "Үлкен жетілік" елдері­нің жиынтық ІЖӨ-сінен асып түседі деп күтілуде.

2050 жылға қарай экономикалық да­мы­ған елдердің алғашқы бестігінде батыс елдерінен тек АҚШ қана қалады. Оның өзі де - қазіргі дағдарыс кезеңінде тұрақ­ты­лықтың өзіндік бір аралына айналған Қытайдан кейінгі екінші орында.

Үндістан да дағдарыстан салыстырма­лы түрде қолайлы жағдайда өте алады. Ел­дің сыртқы капиталға күшті тәуелділігі жоқ және өзінің даму бағдарламасын жүзеге асыруда.

Бразилия да дағдарысты сәтті жеңе білуде. Бразилияның қуатты табиғи және интеллектуалдық ресурстарға ие, үлкен және ырғақты дамып келе жатқан ел екенін айту қажет.

Ресей де дағдарыстан нығайып шығады.

Бейжің Олимпиадасы қарсаңында "Уолл стрит джорнал" газетінде Ұлы­британияның экс-премьер-министрі Тони Блэрдің мақаласы жарық көрді. Онда "Бір­не­ше ғасырлар бойы күштер Батыста шо­ғыр­ланды... Енді бізге ықпалдылықты Шы­ғыспен бөлісетін әлемде өмір сүру жағ­дайларымен келісуге тура келеді" деген қо­рытынды жасалған. Осынау саясаткердің пікірінше, бұл тәжірибе Батыс үшін бей­таныс, тіпті өкінішті де болмақ.

Осылайша, дағдарыс әлемдік эконо­миканың трансформациялану үдерісін айтарлықтай тездетті.

Дегенмен, саясат болмаған жерде эко­номика тек ғылым ғана болар еді. Сон­дықтан бұл үдеріс әлемдегі шынайы гео­сая­си көптүрліліктің қалыптасуымен қоса қабат жүретін болады.

Дағдарыс алдындағы әлемнің үшінші тренді - экономикада энергия үнемдеуге көшу.

Бүгінде неғұрлым дамыған елдер қауіпсіз, таза және сарқылмайтын дамуға көшу міндетін қойып отыр.

Америка Президенті Барак Обама айт­қан­дай, "ХХІ ғасырда таза энергия өндіру­де әлемдік көшбасшылыққа жеткен ел, ХХІ ғасырдағы жаһандық экономикада да көшбасшы болады". Бұл айтылғанмен келіспеу қиын.

Бұл орайда балама, төмен көміртекті энер­гетика перспекивалы бағыт болып та­бы­лады. Бүгінде әлемде көмірқышқыл газын отынға және мұнай-химия өнім­де­рі­не айналдыру жөніндегі жобалар бел­сен­ді талдануда. Таяу уақыттарда шыға­рын­дылары нөлге тең электр станса­лары­ның пайда болатынына сенімім мол.

"Сутегі энергетикасын" дамытуда да зерттеулер жүргізілуде. Оңтүстік Корея қазірдің өзінде "Сутегі экономикасына" көшу жоспарын жүзеге асыруда және 2040 жылға қарай ІЖӨ-нің 8 пайыз өнімін сутегінен өндіруді жоспарлап отыр. Үндістанда, АҚШ пен ОАР-да да белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Күн, жел, геотермальды, гидроэнергия және биомасса сияқты энергияның қайта қалпына келетін көздері отынның дәстүрлі түрлеріне қатысты барған сайын құнды бәсекелестік қабілетке ие болуда.

Бірақ, сонымен бірге, көмірсутегі энергия тұтынудың жалпы құрылымында әлі де жетекші рөл атқара беретін болады. Сондықтан әлем өндіріске инновациялық технологиялар енгізуде, мұнай мен газ өндіру мен пайдаланудың экологиялық зардаптарын қысқартуда неғұрлым белсенді іс-қимылдар күтіп отыр.

Осы технологиялардың бәрі әрбір жеке адам үшін нені білдіреді?

Ең алдымен, біз көп ұзамай энергия үнем­дейтін өмір салтына көшетін боламыз. Біз болсақ, елде әлі электр энергиясын, жы­л­уды, суды және басқаларды шындап үнем­деуге әлі көшкен де жоқпыз. Мұны таяу уақыттарда жүзеге асыруға тура келеді.

Энергияның арзан көздері келмеске кетуде. Болашақта күн батареялары, энер­гия үнемдейтін шамдар, сутегі отынымен жүретін автомобильдер, электромобильдер пайдаланылатын болады. Сондықтан ком­паниялар мен кәсіпорындардың барлық басшылары, елдің барлық азаматтары осы ағымды ескеріп, энергияны қалай сақ­тауға болатындығы жөнінде ойланулары керек.

Энергия үнемдеудің өсуі әлемдік экономикада энергия сыйымдылығының төмендеуіне, ал оның соңы оның дамуы мен тұрақтылығына апаратын болады.

Дағдарыс алдындағы әлемнің төртінші үрдісі - экономикадағы мемле­кеттің рөлі мен маңызының артуы.

Қазіргі дағдарыс көптеген адамдарды экономикадағы мемлекеттің рөлі туралы ойлануға мәжбүрледі.

Францияның бұрынғы премьер-ми­нистрі Лионел Жоспен енгізген "химия­лық таза капитализм" термині балағат сөзге айналды.

Кейнстің беделі өсіп шықты, эконо­мис­тер оның "Жалпы теориясының" ескі даналарын сөреден қайтадан алуда. Карл Маркс қайтадан оқылуда. Тіпті ықпалды "Ньюсуик" апталығының өзі "біздің бәрі­міз де енді социалистерміз" дегенді өз беттерінде жазып жатыр.

Еш жерде және ешқашанда мемлекеттің шешуші түрде араласуынсыз модернизация­ның болмағандығын тарих та растап отыр. Дағдарыс оны тағы да дәлелдеді.

Нарық экономикасы, меншікті қорғау және шағын бизнесті дамыту біздің эко­номикамыздың негізі болып қала береді.

Бірақ дағдарыс қарсаңындағы кезеңде мемлекеттің рөлі өнеркәсіптен бастап әлеу­меттік салаға дейінгі салалардың бәрін­де де күшейетін болады.

Сол арқылы мемлекеттік басқарудың са­пасына және мемлекеттік функция­лар­ды жүзеге асыратын адамдарға қатысты талаптар өсе түседі.

Неғұрлым кеңірек мағынада алғанда бұл, яғни бүтіндей алғанда адами капи­тал­дың сапасына талапты күшейту - дағ­да­рыс алдындағы әлем дамуының бесінші тренді.

Адами капиталға айтарлықтай инвес­ти­циялар салмайынша ешқандай эко­но­ми­ка табысты дами алмайды. 1943 жыл­дың өзінде-ақ "ақыл империясы болашақ империясы болмақ" деген болатын Уинстон Черчилль.

Оңтүстік-Шығыс Азия тәжірибесі көр­сетіп отырғандай, адами капиталды да­мыту саласындағы кейін қалушылықты қысқа мерзімде жоюға болады. Бүгінде бәсекеге ең қабілетті деген әлемнің 25 ақ­параттық компанияларының 14-і Азияда орналасқан.

Бүгінде жоғары бәсекелестік басым­дық­тары жоқ елдер таяу болашақта ғылы­ми зерттеулер, инновациялық және жоғары тех­нологиялар рыногында табысты бәс­екелестікке түсе алмайды.

Осылайша, әр азаматтың денсаулығы, ин­теллектісі және білімі қаншалықты са­па­лы болса, мемлекеттің әлемдік қоғам­дас­тық жүйесіндегі жоғары бәсекелестікке қабілеті де соншалықты болмақ.

Мен дағдарыс қарсаңындағы әлем да­м­­уының тек айқын деген тренділерін ғана атап көрсеттім.

Өмір сан-салалы және күрделі, сон­дық­тан біз өзімізді күтіп тұрған жәйт­тер­дің бәріне де дайын болуымыз керек.

Біздердің қандай шара қабылдауымыз қажет?

 

 

V. Интеллектуалды ұлт

 

Қазақстанның алдында экономиканы жеделдете модернизациялау, шикізаттық экономикадан индустриялық экономикаға көшу міндеті тұр.

Қазіргі уақытта республикалық маңыз­дағы инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру аяқталып келеді.

Олар барлығы жалпы сомасы 7,5 мил­лион теңге болатын 97 жоба. Оның ішінде 380 миллиард теңгені құрайтын 26 жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жос­пар­ланып отыр. Олар - жаңа кәсіпорындар, білім беру мен денсаулық сақтау саласы­ның жаңа нысандары.

Біз дамыған елдерден озық техноло­гия­ларды тартып, бірлескен өндірістер құ­рудамыз, инновациялық жобаларға қолдау көрсетілуде. Бірақ егер біз экономикасы тұрақты дамыған елдер клубына өтеміз десек, бұл жеткіліксіз. Оның сыртында аса озық технологияларын бізге ешкім де әншейін бере салмайды.

Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуе­тін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет.

Өкінішке қарай, өмір сүру үшін қара­жат керек. Бірақ, Артур Шопенгауэр айт­қан­дай, үлкен дәулет пен билік адамды ба­қытты ете алмайды. Ондай адамдардың әр­қайсысында да "өзіне тән қам-қарекеті мен мұқтаждары бар кедей жасырынып жатыр".

Біздің ендігі міндет - қазақстан­дық­тардың, бірінші кезекте жастардың білім­ділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту.

АҚШ пен Еуропада Нобель сыйлығын алған ғалымдарды тек еңбегі мен ашқан жаңалықтары үшін ғана құрметтемейді. Олар барша үшін де үлгі болып саналады. Олардың үлгісін жастарға өнегелеп, сол арқылы күш-жігердің, еңбек пен талант­тың әркезде де табысқа бастайтынын көрсетеді.

Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қа­жет, бізге халықаралық деңгейде бәсе­ке­ге түсе алатын эрудициялы адамдар керек.

"Болашақшылармен" кездесіп, "Ин­тел­лектуалды ұлт-2020" жобасын ұсын­ған­да мен осындай мақсаттарды көздедім.

Жоба негізінде үш аспекті бар.

Бірінші. Қазақстанның білім беру жүйесіндегі серпіліс.

Бүгінде білім беру үдерісіне мүмкінді­гін­ше кеңірек қарауға болады. Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре бі­луге үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қа­лып­­тастырған "білім берудің төрт тағаны".

Ұзақ жылдар бойы біздегі білім беру­дегі басты проблема ақпараттарға қол жет­кізу болды. Кітап күткен ұзыннан-ұзақ ке­зектер, мыңдаған беттік конспектілер, бір кітапты бірнеше адамның жабыла оқуы сияқты жәйттер аға буынның әлі де есінде.

Бүгінде жағдай басқаша. Сарапшылар барлық кездерде жазылған кітаптарға қарағанда, ақпараттардың 2006 жылы жаһандық ауқымда 3 миллион есе көп шығарылғанын есептеп шыққан. Баспа түрінде ол Жерден Күнге дейінгі биіктіктегі 12 үйме кітап. Болжам бойынша 2010 жылы ақпараттың бұл көлемі тағы да алты есе ұлғаймақ. Ақпараттың мұндай көлемінде жоғалып кетуге де болады.

Сондықтан қазіргі заманғы білім берудің перспективалық міндеті - ол сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ісі бастапқы интеллектуалдық әлеует пен жас қазақстандықтардың жақсы ден­сау­лығын қалыптастыра білуі керек. Олар терең ақылымен, шексіз қызығу­шы­лы­ғы­мен және өмірлік күш-қуатымен ерек­шеленуге тиіс.

Орта білім белсенді, білімді және та­быстарға бағдарланған тұлғаларды тәр­бие­леуге жауап береді. Оқушылар "ешқашан бас­тауды тоқтатпа, ешқашан тоқтауды бас­тама" деген ақиқаттан адаспаулары тиіс.

Осы жылы менің тапсырмам бойынша Астана мен Семейде интеллек­туал­дық мектептер ашылды. 2011 жылға дейін мұндай мектептер еліміздің әр ай­ма­ғында ашылатын болады. Олардың мін­деті - дарынды балаларды, олардың та­лант­тарының бағытын тауып, мақсатты дайын­дықтарын бастау. Дарынды балалар бізде бар.

Бұл мектептердегі негізгі екпін нақты және табиғи ғылымдарды оқытып, сындарлы және креативті ойлау қабілетін дамытуға түсірілетін болады.

Мен бұл мектептерден үлкен нәтиже­лер күтемін. Олар Қазақстанның интел­лек­туалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болулары тиіс.

Бұл мектептер түлектерінің әлемнің кез келген университетінде оқуға мүмкін­діктері болулары тиіс.

Бірақ бұл басқа мектептерді дамыт­пай­мыз дегенді білдірмейді. Ауылдағы білім беру мәселесі ерекше маңызға ие.

Мен жас педагогтарды ауылдарға қоныс аударуға шақырамын. Біз олардың қаладағы мектептерден кейін қалуын, оның ішінде қашықтықтан оқыту әдістері есебінен еңсеруге міндеттіміз.

"Болашақ" интеллектуалды мектеп­тері, Астанадағы Халықаралық универси­тет - біздің білім беру жүйемізді әлемдік стандарт­тарға жақындату міндеті қойылып отырған аса маңызды элементтер, міне, осылар.

Алдағы жылы Астанада ашылуы жос­пар­ланып отырған әлемдік деңгейдегі Ха­лықаралық университет инженерлік және техникалық кадрларды, генетика, био­химия, физика мамандарын дайындайтын болады. Онда заманалық зертханалар, Ұлттық биотехнологиялық орталық және басқалары жұмыс істейтін болады.

Біз басында ҚазҰУ, ҚМЭБИ және ҚБТУ тұрған тоғыз ұлттық университетке үлкен үмітпен қараймыз.

Олар отандық жоғары білім берудің негізгі жон арқасы болулары тиіс.

Бір сөзбен айтқанда, біз алдағы жыл­дары білім беру жүйесінде серпінді іс-қимыл танытуға бел шеше кіріспекпіз.

"Интеллектуалды ұлт" жобасының екінші аспекті - ғылымды дамыту және елі­міздің ғылыми әлеуетін арттыру. Ғылым ин­новациялық экономиканың негізі болуы тиіс.

1990-шы жылдары біздің ғылыми инс­титуттар аса ауыр жағдайда қалды. 2000 жылдан бастап ахуал өзгере бастады.

Соңғы бес жылда қазақстандық ғы­лым­ды қаржыландыру төрт есеге жуық ұл­ғайып, үстіміздегі жылы 18,5 миллиард тең­гені құрады. Ғылымды дамытудың 2012 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Осының арқасында Қазақстан жаһан­дық бәсекелестік рейтингінің "Иннова­ция­лық даму" индексі бойынша өзінің орнын 13 позицияға жақсартты.

Бірақ қазақстандық ғылым әзірше біз­дің экономикамыздың нақты талабынан алыс жатыр. Көптеген ғылыми зерттеу­лер­дің нәтижесін бизнес соншалықты қа­же­тсінбейді. Орташа 100 қазақстандық ға­лымға шет елдерде жарияланған бір ғана ғы­лыми мақаладан келеді. 15 мың ғалым­нан тек бір-екеуі ғана халықаралық патент­тер ала алады.

Сондықтан басқарудың моделін ғана емес, сондай-ақ ғалымдардың өздерінің қызметіне деген көзқарасын өзгерткен маңызды.

Жақында мен бірқатар нақты шаралар қабылданған ғылымды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткіздім.

Ғылыми жүйеге қатысушылардың бар­лық шешуші функциялары оңтайлан­ды­ры­латын болады.

Қолданыстағы жүйе бойынша ғылыми жобаны қаржыландыруға тапсырыс алу­дың өзі ғана кем дегенде 5 баспалдақ - институт басшылығы, ғылыми орталық, ғылым жөніндегі комитет, салалық министрлік, Үкімет арқылы өтеді.

Қазір артық буындар қысқартылуда. Ғалымдар қаржыландыру үшін тікелей мамандандырылған ғылыми кеңестерге жүгінетін болады.

Оларға ғылыми жобаларды іріктеу және гранттар беру туралы шешім қабыл­дау функциясы бекітіп беріледі.

Білім және ғылым министрлігі мен Ғылым комитетінде қаржылық, материал­дық және техникалық аспектілерді қамта­ма­сыз етудің әкімшілік функциясы сақ­талып қалады.

Сондай-ақ ғылыми қызметті қар­жы­лан­дырудың базалық, бағдарламалы-мақ­саттық және гранттық - үш компо­нент­тен тұратын жаңа жүйесі енгізіледі.

Ғылыми мақсаттардағы барлық шы­ғын­дар мемлекеттік сатып алулар жүйе­сінен шығарылады. Үкімет НИОКР-ды қар­жыландыру үшін бизнес-құрылымдарды тарту жөнінде шаралар қарастырып жатыр.

Көріп отырғандарыңыздай, мемлекет ғы­лымды дамытуға қажетті барлық шара­лар­­ды қабылдауда. Бірақ мұның барлығы егер білікті кадрлар болмаса, бекер болар еді.

Сондықтан мен жастарға елімізге ең алдыңғы қатарлы ғылым салаларында жұмыс істейтін талантты ғалымдар қажет деп үндеу тастаймын. Ғылымға барыңдар, құлшыныңдар, өздеріңнің зерттеу таланттарыңды жүзеге асырыңдар!

Қазір Қазақстан үшін үлкен мүм­кін­діктер бар. Тұтастай алғанда алдағы ке­зең­де мына төрт бағыт әлем картасының ғылыми-технологиясына үлкен ықпал ететін болады.

Бірінші - биотехнология және био­хи­мия. Бұл - азық-түлік қауіпсіздігін сақ­тау, адамның иммундық жүйесін нығайту, интеллектуалдық жүйе құрудағы маңызды ба­ғыт. Сондықтан қазір біз Астанада Ұлт­тық биотехнологиялық орталық құрдық.

Екінші - экоэнергетика. Бұл - энер­гияның қайталама көздері, "жасыл энер­ге­тика", отын элементтері, жоғары өткіз­гіш­тер, көміртегі қосындысын ұстау мен сақтау, энергияны аз тұтынатын жарық көздері.

Үшінші - экология. Парникті газдар шығарындыларын азайту, су тазарту, түрлі био­субстанцияларды тез анықтау, био­ло­гиялық тұрғыдан ыдырайтын пластиктер енгізу, бактериялар құру, қоршаған орта­ны ластандырғыштарды жою техно­ло­гиялары белсенді дамитын болады.

Төртінші - антиэйджинг (антикәрілік). Бұл өмірді ұзарту мен жасаруды зерттеу.

Бұл зерттеулер қаншалықты күрделі көрінгенімен, адамзат ерте ме, кеш пе бұл мәселелердің бәрін шешеді. Біздің ға­лым­дарға да адамзаттың осы проблема­лары­мен неге айналыспасқа? Бұл жастар үшін қосымша рух беретін міндеттер емес пе?

"Интеллектуалды ұлт" жобасының үшінші аспекті - бұл инновация жүйесін дамыту.

АҚШ-та бір мегаватт электр энергия­сы мен бір тонна темір рудасынан 10 ком­пьютер жасар еді, КСРО-да - 10 рельс, ал Ауғанстанда - ештеңе де. Бәрі де қара­пайым - қолда бар ресурстардан пай­да барынша мол болуы үшін техно­логиялар, ноу-хау қажет.

Фрэнсис Бэкон: "Білім - ел мен халыққа пайда әкелгенде ғана күш", деген екен. Егер экономикалық пайда әкелмесе, ғылыми-техникалық прогрестен еш пайда жоқ.

Инновация - бұл қашанда сезгілікті тауар өндірісі өсіміне әкелетін, пайда мен бәсекеге қабілеттілікті күрт ұлғайтатын идеялар тоғысы мен бизнес.

Бүгінде Қазақстанға инновациялық қызметтің "жарылысы" қажет. Бизнес перспективалы жобаларды іздеп, оларды жүзеге асыру үшін бейімделуі және жұмыс істеуі тиіс.

Дамыған елдерде шағын бизнес бар­лық инновациялардың 50 пайызынан астамын және жұмыс орындарының 70 пайы­зын қамтамасыз етеді! Иннова­ция­лық идеялар иелері, инновацияларды жасаушылар, олар компаниялар немесе жекелеген ғалымдар болса да, сол күннің батырлары болулары тиіс. Олар туралы бұқаралық ақпарат құралдары тұрақты түрде айтып отырулары керек.

Қоғамда мінез-құлықтың инновация­лық, креативтік үлгісі үстемдік құруы тиіс.

Еліміздің барлық компаниялары, әсі­ре­се инвесторлары заңнамалық деңгейде өз пайдаларының бір бөлігінен иннова­ция­лық, ғылыми жаңалықтарға және қыз­мет­керлерді оқытуға қаржы бөліп тұруға міндетті болулары қажет.

Қазақстанда "Инновациялық қызметті мем­лекеттік қолдау" туралы Заң қабылданды.

Мен Үкімет алдына инновациялық қызметті белсенді ету міндетін қойдым. Бәрінен бұрын технологиялар трансферті мен білімнің кешенді жүйесін құру қажет.

Инновациялық-технологиялық дамуды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыр­ған жөн. Бұл үшін салалық министрліктер мен ұлттық компанияларда ғылыми-тех­никалық бөлімшелер құру, барлық жүзеге асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобаларға сараптама жүргізу үшін жауаптыларды тағайындау маңызды.

Инновациялық инфрақұрылымдарды белсенді сапқа қою ісін жалғастыру - Алма­тыда Ақпараттық технологиялар паркі құрылысын аяқтау, өңірлік техно­ло­гиялар мен индустриялы аймақтар құру маңызды.

Қазақстандықтардың жаңа гене­ра­ция­сын қалыптастыруға бағытталған "Интеллектуалды ұлт - 2020" жобасының мәні осындай. Мұнсыз біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыра алмаймыз.

Мен бүгін барлық ғалымдарды, педа­гог­тар мен студенттерді оны жүзеге асыруға бел­сенді қатысуға шақырамын. Біріге оты­рып біз алдымызға қойған барлық мақ­сат­тарымызға қол жеткіземіз және Қазақ­стан­да интеллектуалды ұлт құратын боламыз.

89. ҚР-ның үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік Бағдарламасы: мақсаты мен міндеттері.

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтің төрағалық етуімен өткен облыстық әкімдік алқасының кезекті отырысында қаралған басты мәселе – Жетісу жеріндегі үдемелі индустриялды-инновациялық дамуға қатысты болды. Отырыстағы негізгі тақырып – Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялы-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы республикалық және аймақтық индустрияландыру карталарына кіретін облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы» баяндаманы облыс әкімінің орынбасары Болат Тәкенов жасады.
– Елбасының жоғарыда келтірілген Жарлығымен бекітілген бағдарламаны жүзеге асыру үшін Үкіметпен іс-шаралар жоспары бекітіліп, соның негізінде «Бизнестің жол картасы-2020», «Дамудың сапалық» бағдарламалары қабылданып, индустрияландыру картасы әзірленген. Осыларды басшылыққа алған Алматы облысы әкімдігі де «Аймақтық үйлестіру кеңесін» құрып, «Облыс аумағын дамыту» бағдарламасын қабылдады, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын әзірледі. Облыс аумағы бойынша республикалық және аймақтық индустрияландыру карталарына 33 жоба енгізілсе, оның сегізін жүзеге асыру республикалық органдарға, қалғанын орындау облыс әкімдігі жауапкершілігіне жүктелген. Биыл жүзеге асырылуға тиісті 10 жобаның алғашқы жарты жылдықта жалпы құны 7 млрд. теңге болатын алтауы пайдалануға берілді. Жалпы сомасы 10 млрд. 940 млн. теңге болатын төрт жоба жыл соңына дейін жүзеге асырылады. Алдағы 20 желтоқсанда Елбасының қатысуымен өтетін тікелей телекөпір кезінде осы төрт жобаның тұсауы кесіледі, – деген облыс әкімінің орынбасары индустрияландыру картасына жалпы құны 1 млрд. доллар болатын нысандар енгізілгенін, олардың толық қуатымен жұмыс істеуін ҚР Президенті Әкімшілігі қадағалап отыратынын, сондай-ақ қосымша резервтік нысандар тізімі әзірленгенін, онда қазір 600 млрд. 440 млн. теңге болатын 49 жоба барлығын да айта кетті.
Бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 52 жоба қаралып жатса, олардың ішіндегі құны 7 млрд. 750 млн. теңге тұратын 11 жоба тиісті орындармен келісіліпті. Соның арқасында қазіргі кезде облыс республика көлемінде сандық және қаржылық көрсеткіштер бойынша алғашқы үштікке еніпті.
Талдықоған және Қапшағай қалаларындағы өнеркәсіптік секторды дамытуға зор көңіл бөлінуде. «Талдықорған қаласындағы оңтүстік өнеркәсіптік аймақты дамыту» жобасы Экономика министрлігі тарапынан толық қолдауға ие болып, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландырылуда. Тура осы сияқты Қапшағай қаласындағы «Арна» өнеркәсіптік аймағының жобасы жасалуда. Дегенмен, индустрияландыру картасы облыс аумағында толық шешім тауып отыр деуге келмейді. 2014 жылға дейінгі индустрияландыру картасында Қарасай, Ақсу, Сарқан, Кербұлақ аудандарынан бірде-бір жоба жоқ.
Үстіміздегі жылдың он айында Ескелді ауданы мен Қапшағай қаласында тартылған инвестиция көлемі барынша азайып кеткен. Балқаш, Ескелді, Кербұлақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарының кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына мүлде қатыспай отырған көрінеді. Балқаш–Алакөл бассейндік инспекциясы жер телімін бөлуге келісім бермей отырғандығы салдарынан бірқатар шағын электр стансыларының жобалары аталған бағдарламаға кіре алмай отыр. Биыл «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша облысқа 1 млрд. 482 млн. теңге бөлініпті, келер жылы 5,5 млрд. теңгені игеру қажет. Оны мақсатты түрде іске асыру үшін әрқайсысы 1 млрд. теңге болатын 15 немесе әрқайсысы 100 млн. теңге болатын 150 жоба қажет. Егер шамамыз жетпейді деп, қаржыдан бас тартсақ, облысты дамыту бағдарламасының негізгі міндеттерін орындай алмасымыз тағы анық. Игерілмей қалған қаржы туралы айтқанда, мұнда аудан әкімдерінің жұмысындағы кемшіліктер етектен тартып отырғанын естен шығармаған абзал. Нақтырақ айтқанда, кейбір аудандарда үйлестіру кеңестері де құрылмаған, бірқатар аудандарда инвестициялық жобалар тізімі мен оларды жүзеге асыру жоспарлары жоқ. Облыстық салалық басқармалар, оның ішінде бірінші кезекте даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үйлестіруші болып табылатын кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жұмысының тиімсіз болып отырғанын да атап өткен жөн.
Баяндамашыны мұқият тыңдаған облыс әкімі индустрияландыру картасы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы сынды шарапатты шаралардың барлығы Елбасының бастамасымен дүниеге келіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне ықпал жасауға арналғанын айта келе, үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын орындаудағы кемшіліктерді тез арада қалпына келтіру қажеттігін ескертті.
– Әр аудан, қала әкімінің жұмысы бірінші кезекте өзі басқаратын өңірге инвестиция тартумен өлшенеді. Өкінішке қарай, соны әлі күнге жете сезіне алмай отырған басшылар бар. Осыған орай айтарым, индустрияландыру картасына кірген жобаларды жүзеге асыруға қатысты жұмыстардың қарқынын арттырып, мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты мақсатты жұмсауды есте ұстау қажет. Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау үшін аса үлкен жеңілдікпен беру қарастырылған қаржының толық игерілмеуі де алаңдатады. Мұнда меніңше, жергілікті кәсіпкерлер өздерін қаржылық тұрғыда қолдауға қатысты жаңалық жайлы толық мәліметтерді білмей отыр. Сондықтан, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары және тағы басқа органдар мен қорлар арқылы бизнесмендерге арналған семинар-кеңестер және тағы басқа да түсіндіру шараларын ұйымдастыру қажет.
Бірқатар аудандар әлі күнге өздерінің аса қолайлы мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отыр. Әсіресе, Талдықорған аймағындағы аудандар мен қалалар бұл мәселе төңірегінде Алматы аймағындағылардан біраз қалып қойды, – деген Серік Әбікенұлы бірқатар аудан әкімдері мен облыстық басқармалар басшыларын орындарынан тұрғызып, нақты тапсырмалар берді.
Бұдан кейін үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Қарасай, Талғар аудандарының әкімдері тыңдалды. Мойнақ су-электр стансысы бас директорының орынбасары, бас инженері Қалаубек Баймұхамбетов келер жылы желтоқсанда пайдалануға берілетін ғасыр құрылысы – Мойнақ су-электр стансысында бүгінге дейін жүзеге асқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады. Оның айтуына қарағанда, жобаны жүзеге асыруға арналған қаражаттың барлығы заемдық. Қазақстан Даму банкінен 51,06 млн. доллар, Қытай Мемлекеттік Даму банкінен 200 млн. доллар алынған. Сонымен бірге 29,8 млн. доллар меншік қаражат салынған. Қазіргі кезге дейін жоба бойынша жұмыстардың 62 пайызы орындалыпты. СЭС құрылысына 1200 құрылысшы-құрастырушы жұмылдырылған. Пайдалануға берілгеннен кейін 127 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Алқа отырысын қорытындылаған облыс әкімі отырыста бірінші мәселенің мүмкіндігінше егжей-тегжейлі талқыланғанын, сонда айтылған кемшіліктерден тез арада қорытынды шығару қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, Елбасының осыдан біраз бұрынғы мәртебелі жиында өзінің көз алдында тұсауы кесілген нысандардың айлар бойы тұрып қалатыны туралы қынжыла айтқанын жиналғандар есіне салып, осы тұрғыда мұқият болу керектігін де қадай айтты. Жалпы облыстағы жобалардың дәл қазіргі жүзеге асуы ойдағыдай екендігіне де тоқталды.

90. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес мақсатты жұмыстар жүзеге асырылуда.

Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңғырту мақсатында білім берудің интерактивті түрлері кеңінен пайдаланылып, он-лайн режиміндедәрістер, сабақтар, семинарлар өткізілуде. Қазіргі таңда облыс мұғалімдерінің35%-ға жуығы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларымен жұмыс жүргізеді

Облыстық білім басқармасы мен оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы сайттары ашылып, педагогтарға виртуалдық режимде арнайы қашықтықтан оқыту курстары, виртуалды тренингтер ұйымдастырылуда.

Биылғы оқу жылында 6 үздік мұғалімнің сабақтары республика көлемінде өткізілетін он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтар кестесіне енгізілді. Облыс көлемінде ең үздік мұғалімдер әр ай сайын он-лайн режимінде оқытудың жаңа технологиялары бойынша сабақтар өткізеді.

Білім беру қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы оқу жылынан бастап облыстағы 45 білімнысанында e-learning электронды оқыту жүйесі енгізіледі.

Сонымен қатар, осы оқу жылынан бастап 3 мектеп (облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты, облыстық «Дарын» мектеп-интернаты, Тараз қаласындағы №1 гимназия) «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» озық тәжірибесін таратуға арналған эксперимент алаңы болып бекітіліп, он-лайн режимінде зияткерлік мектептерімен тәжірибе алмасып, мұғалімдер мен мектеп басшылары үшін тренингтер, семинарлар жүргізілуде.

2012-2013 оқу жылынан бастап облыстағы барлық гимназиялар мен мектеп-гимназияларда, лицейлерде оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен «Акмеология»», «Қазақстан құқығы» және «Өлкетану» атты таңдау курстары енгізілді.

«Үш тұғырлы білім беруді» жүзеге асыру мақсатында осы оқу жылынан бастап 4 мектепте республикалық деңгейде(Талас ауданындағы А.Байтұрсынов, А.Пушкин атындағы және Тараз қаласындағы №7, 53 мектептерде) ағылшын тілі эксперимент ретінде 1-сыныптан бастап «Кембридж Университетінің» оқулықтарымен оқуды бастады. Облыстың жаңа типті мектептерінде ағылшын тілі 1 сыныптан бастап оқытылуда.

Сондай-ақ, «2012-2013 оқу жылына арналған мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығы мен оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспары» бекітіліп, жаңа оқу жылынан бастап жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жоспарға сәйкес 2012 жылғы ҰБТ-де республикалық орташа көрсеткіштен төмен нәтиже 204 орта мектептің 11 сыныптарына негізгі пәндерден (қазақ тілі, орыс тілі Қазақстан тарихы, математика) сабақ беретін 898 мұғалім және 2623 бітіруші тестинг-бақылауға қатысатын болады.

Тестинг-бақылау ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап он-лайн режимінде жүргізілуде. Тест тапсырушының тестинг-бақылаудың нәтижесімен танысуына толық мүмкіндігі бар. Ал, оның нәтижесін білгісі келген кез-келген тұлға базалық мектептегі скайп-адресінен көре алады.

Елбасының бағдарламалық мақаласында «орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет» деген тапсырмасын орындау мақсатында, облыста ағымдағы жылдың тамыз айында «Білім беру менеджерлерінің клубы» құрылып, өз жұмысын бастады. Клуб отандық, шетелдік білім беру жүйесінің жетістіктерін тарату, мектеп басшыларының резервін құру, білім мекемелері басшыларының корпусын қалыптастыру, оларға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарымен айналысатын болады.

Жақында ғана Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназиясына конкурстық негізде тағайындалған директорды клуб мүшелері кадрлар резервінен ұсынды. Осы жылдың 21 ақпанында Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау туралы» жаңа Қағидаға сәйкес 8 мектептің директорына облыстық білім басқармасының келісімі берілді (Байзақ – 1, Жамбыл -1,Т.Рысқұлов – 3, Тараз – 3).

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының желісі артуда. Биылғы оқу жылында 3 техникалық шығармашылық орталықтары ашылып, 2 мыңға жуық оқушы қосымша біліммен қамтылса, облыс әкімдігінің қолдауымен демеушілер есебінен ашылған спорт алаңдары мектеп жасындағы балалардың 2,8%-ы бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

Кәсіптік-техникалық білім беру сапасын жақсартуды талап ету – білім басқармасының басты назарында. Кәсіби білім беруді дамыту мақсатында биылғы оқу жылында 3 колледжде эксперименталдық алаң ретінде дуалдық оқыту жүйесі енгізілді.

Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің санын оңтайландыружәне кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында колледждерді квалификациялық талапқа сәйкестендіру жұмыстарына бақылау орнатылды. 2012 жылы мемлекеттік аттестациялау қорытындысы бойынша 2 колледж (мемлекеттік №12 «Тараз» колледжі, мемлекеттік емес «Білім» колледжі)қайта аттестаттауға қалдырылды.

Кәсіби біліктілікті жетілдірудің ұлттық жүйесін құру мақсатында «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналаған іс-шаралар жоспарының 115 пунктіне сәйкес кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша Атырау қаласында мұнайгаз саласы үшін, Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін 2 өңіраралық орталықтар ашылды. Алдағы уақытта Өскемен қаласында машина жасау саласы үшін,Шымкент қаласында өңдеу саласы үшін 2 өңіраралық орталықтар ашылады. Облыстағы колледждердің оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері кәсіби біліктіліктерін жоғарыда аталған орталықтарда арттыратын болады.

Колледж түлектеріне арналған біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстар әр сала бойынша салалық министрлік пен ірі қазақстандық компаниялар тарапынан жүргізіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі мұнай-газ саласындағы мамандардың біліктілігінің сәйкестігін растау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, «KazEnergy» қауымдастығы базасында пилоттық режимдегі тәуелсіз орталықтарды құру жұмыстарын жүргізуде.

Облыстық білім басқармасы Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық мақаласында орта және кәсіптік-техникалық білімді дамыту бағытында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жоспарлы жұмыстарын жалғастыра беретін болады.

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Жалпы ережелер | Шаблон для создания тестов в формате QTI v 2.0 1 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.685 s.