|
Наркоманія 10 pageDate: 2015-10-07; view: 384. Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады. “Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысынан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шынжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Үндістанмен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады. Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген. Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған. “Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі. XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады. Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады. Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген. “Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған. Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген. 3) Тәуелсіз Қазақстан білім мен ғылымның дамуы Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Кеңес Одағы жүйесінің күйреуі барысында республика ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды. Мұның себебі бірнешеу: • Ғылыми зерттеулердің негізгі көздері мен бағыттарын белгілеу КСРО кезінде орталықтан жүзеге асырылды. Одақтық ведомстволар зерттеу институттарын көбіне республикалардың қалауынсыз жүргізіп келді; • Республика ғылыми-техникалық әлуетінің басым бөлігі жалпы-одақтық ғылыми құрылымға тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде көңіл бөлді; • Ғылым академиясы мен салалық ғылым мекемелері (КСРО энергетика және электрлендіру министрлігі 6 мұнай және газ өндірісі министрлігінің батыс қазақстандық институты, т.б.) өзара және академиялармен тығыз байланыста жұмыс істей алған жоқ; • Экономикалық дағдарыс салдарынан ғылымды қаржыландыру едәуір қысқартылды; • коммунистік қызметке арналған бағаны ырықтандыру ғылыми мекемелерді ұстап отыру мәселелерін одан сайын қиындата түсті; • 90-жылдары белең алған құнсыздану ғалымдардың айлық жалақысын төмендетті, көптеген жас та дарынды мамандар бизнеске, шетелге кетті; • XX ғасырдың 90-жылдарындағы республика ғылымының өрісі, оның жаңа технологиялармен жабдықталуы бүгінгі күн талабына жауап бере алмады. Аталған кемшіліктердің орнын толтыру бағытында Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі нақтылы жұмыстарды қолға ала бастады. Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды. Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар: • электроника мен байланыс жүйесі бойынша, • ақпаратты және есепті техника бойынша, • биотехнология, • экология, • жаратылыс ғылымдары бойынша, • минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу, • жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары. Бірақ бұл аталған шаралар дер кезінде материалдық ресурстармен қамтамасыз етілмеді. Елдегі экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған кері әсерін тигізді. Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкіл-одақтық жүйенің күйреуі мен құрылымдық құлдырауына қарамастан, өз тұрғыларын сақтап қалды. Жалпы алғанда, 1992—1994 жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен есте қалады. 1994 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі құрылды. Аталған құрылым ғылымға арналған бюджеттік ассигнадиялардан қаржыландыруға қабылданған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың бөрін дерлік сараптаудан өткізуге тиісті болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты. 1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді. • жылы республикада ғылым мен ғылыми-техникалық саланы дамыту туралы заңдар базасын жетілдіруге арналған жұмыстар атқарылды. Осыған орай, «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпарат кеңістігін құру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президент жарлығы және Үкімет қаулысы шықты. • Жылы Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі деп аталады. 2001 жылы министрлік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға көшті. Ғылыми-зерттеу институттары мұндай бағдарламаларды қорғап, конкурстық негізде жеңіп алуы тиіс. Зерттеу бағдарламалары республикадағы ғылым дамуының басым бағытына сәйкес келуі қажет. Бағдарлама зерттеушілері істелген жұмыс жайлы жылда есеп беріп, егер ол алдын ала белгіленген талаптарға сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін. Ғылымды қаржыландыруға байланысты мұндай жағдай 2001 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңда анықталған. Жаңа заң республика дамуының соңғы он жылдығында болған өзгерістерді ескере отырып даярланды. Осылайша бюджеттік қаржыландырудан басқа ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлердің өзге де қаржы көздерін тауып, қаражат тартуға мүмкіндіктері бар. Мысалы, грант түрінде арнайы ғылыми және қоғамдық қорлардан ала алады. Сөйтіп, жаңа заң қазір біздің мемлекетіміздегі ғылым мен ғылыми-техникалық саясаттағы өзгерістерге сәйкес келеді. Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді. Білім беру жүйесі Қазақстандық ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне де тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың тікелей негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді. 1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі. 1997—1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міидеттелінді. 2001Жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды. Республика мектептерінде аталған барлық тілдер бойынша керекті оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді басып шығару баяғысынша ең маңызды мәселенің бірі ретінде күн төртібінде тұрды. Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін сыбайлас жүргізуде. 1995—1998 жылдар аралығында жеке меншік оқу орындары 41-ден 88-ге дейін өсті. 2001 жылы жеке меншік мектептер мен олардағы оқушылар саны 1996 жылғымен салыстырғанда үш есеге артты. Мектептер мен жоғары оқу орнындағы жастардың білімін жетілдіру мақсатында республика көлемінде әр түрлі деңгей- дәрежедегі оқу орындарын лицензиялау мен аттестациялаудың нормативі белгіленді. Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында1 993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда шетелге барып білім алу мәселесімен басқа да мемлекеттік емес білім ұйымдары, орталықтар, қорлар айналысуда. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім берудің қыры мен сыры, мазмұны айқындала түсіп, оларды қаржыландыру мен басқару негізі едәуір өзгерді. Бұл салада жаңаша құқықтық-нормативтік база құрылып, қалыптасты. Білім берудің қосымша және баламалық мекемелері өмірге келді. Осыған орай мемлекеттік оқу орындарын қолдап-қуаттаудың мүлдем жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім алу мен білім берудің ықпалдастық дәрежедегі әлемдік кеңістігі ұлғайды. XXI ғасырда білім адамзаттың даңғыл даму жолын анықтайды, сондықтан республикада білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ең бастысы, білім беруді ұлттық экономика мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз ету қажет. Бұл талаптарға сай бүгінде Қазақстан Республикасы білім беру саласында халықаралық ақпарат кеңістігі жүйесіне қосылу әрекеті жүзеге асырылуда. Республиканың оқу орындары, қаржыландыру формаларына қарамастан, бүгінде халықаралық кәсіптік білім беру саласының коммерциялық жәнеи нновациялық қызметін қабылдауда. Дүниежүзілік білім беру үдерісіне сәйкес Қазақстанда үздіксіз білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл бүгінде кадрларды даярлау, қайта даярлау және мамандығын жетілдіру жүйесін құрудан көрініс табуда, жекелеген жағдайларда бұл жүйе тұрғындарды еңбекпен қамту қызметімен бірлікте әрекет етеді. Нарықтық экономика маман кадрлар даярлаудың әр түрлі жүйесін талап етуде.
4) Қарлұқ мемлекеті: этникалық-саяси тарихы, аумағы, билік жүйесі Шың 33бет Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығынталқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон Йабғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-ок бодун) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар 8 – 9 ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саяси және әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы да елеулі орын алды. Олар, негізінен, Алтайда(Ертіс алабын), содан соң Ыстықкөл, Шужағалауларын, Талас өңірін жайлады. Ыстықкөл алабында, сондай-ақ, шігілдердің де иеліктері болды. 10 – 11 ғасырда Іленің орта ағысында яғмалар тұрды. Тараз қаласысының іргесінде Яғма қыстағы болған. Қарлұқ қаласының құрамындағы негізгі тайпалар – көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптың өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында 8 – 9 ғасыр Атлах, Хамукет, Шельджи, Сус, Куль, Такабетсияқтықалалары болған. Жергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар (алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды. Іле аңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды. Әсіресе, Тараз, Құлан (Құлан сайдың қасындағы мекенжай), Мирки (Меркі), Ашпара (Шалдавар а-на таяу осы аттас өзен бойындағы қираған мекенжайдың орны) қалалары көбірек белгілі болды. 8 – 10 ғасырда Жетісу қалалары құрылысы, үйлерінің орналасуы жағынан Орта Азия қалаларынан өзгеше болды. Олар бір жағынан көшпелілерден қорғанатын бекініс еді. Қағандықтың экономика өмірінде Соғды қалалары үлкен рөл атқарды, олардың халқы, негізінен, Самарқаннан, Бұхарадан, Орта Азияның басқа да қалаларынан келгендер еді. Ірі де бай соғды мекендерінің сауда-экономика қуаты аса зор және дипломатикалық мүмкіндігі күшті болды. Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі Бұхара, Самарқан,Шаш (Ташкент), Тараз, Құлан, Суяб (қазіргі Тоқмақ маңы) арқылы өтіп, Ыстықкөл ойпатымен Қарқараны, Текесті басып, Шығыс Түркістанға қарай бойлаған. Отырықшы халық көшпелілермен тығыз байланыста болып, сауда жасап, тауар алмасып отырды. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетін өсірумен бірге сырттан басқа діннің де енуіне жағдай жасады. Халықтың басым көпшілігі ата-бабалар дінін ұстанған (тәңірлік, шаман). 940 жылы Шығыстан келген «мәжусилік түріктер» қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу халықтарының арасында әлеуметтік-экономикалық, этнограф және саяси бірлесудің берік негізі қаланды. Мемлекеттің құрылуы Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер кеп болған. Талас өзеніндегі шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды» Қарлұқ тайпаларынын мекені Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Kөшпелі және отырықшы мәдениет Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын. 11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды.
|