|
Туризм туралы Гаага декларациясы.Date: 2015-10-07; view: 5302. Гаагада 1989 ж. 10-14 сәуір аралығындағы өткен туризм бойынша парламентаралық конференцияда барлық мемлекеттер мен ұлттардың әлеуметтік – экономикалық өмірінде туризмнің алатын орны анықталмағандықтан, Гаагалық декларация қабылданды. Онда саяхаттар мен жорықтарды жеңілдету және туристік формалдылықтарды жеңілдету және дамыту бойынша мемлекеттердің координацияланған саясаты болып табылатыны айтылған. Туралмасу бойынша формалдықтарды реттеу – бұл сәйкес келісімдердің жасалуы туристерді қорғау проблемаларын шешу, туристік сақтандыру, туристер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, мемлекеттердің мемлекеттік-әкімшілік қызметінің құралдарын орналастыру арқылы жүзеге асады. Туризм бойынша Парламентаралық конференцияда туризм және қоршаған орта арасындағы байланысқа көп көңіл бөлініп, сол жерлердің туристерді өькізу мүмкіндігінің деңгейі анықталған болатын. Сонымен қатар соңғы жылдары туризм және саяхаттардың жылдам өсуіне байланысты «туристік формалдылықтарды жеңілдету» түсінігі кеңейе түсуде. Гаагалық декларацияда: «туризмді дамыту жолында туристерге қатысты және туристік бизнеске қатысты 2 негізгі кедергі түрі бар» деп жазылған. Туризмді дамыту жолындағы кедергілерді жою дегеніміз – алғашқыда шекаралық және кедендік шаралар болып табылатын туристік формалдылықтарды жеңілдету болып табылады. Әрбір адам ішкі және сыртқы туризмге қатыса алуы, жыл сайын демалу жүйесін дұрыс орнату, жастар, қарттар және мүгедектер үшін туризм түрлерін дамыту – бұл туризмге позитивті түрде адамдарды ынталандырады. Соңғы жылдары туристік формалдылықтарды жеңілдетуге есірткі заттарын тарату, терроризм, қылмыстық істердің көбеюі кері әсер етуде. Өйткені, шектеулі иммиграциялық заңнама мен дискриминациялық шаралар халықаралық туризмді жеңілдетуге үйлеспейді. 3. Көлік туралы заң Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Теміржол, теңіз, ішкі су, әуе және автомобиль көлігі көліктік логистика қағидаттарын қолдана отырып және көлік инфрақұрылымын пайдалана отырып, тікелей аралас қатынастар жүйесін құрайды. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
4. Жібек Жолы ұлттық бағадарламасы Қарашаның 7 күні Астанада өткен «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» атты ІІ-ші Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумының жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Грузия, Қытай, Балтық жағалауы елдері Латвия, Литва темір жол компанияларының жетекшілері, ЕО мен ТМД елдерінің жетекші көліктік және логистикалық кәсіпорын жетекшілері т.т. барлығы үш жүзден астам делегат қатысты. Форум барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Аскар Мамин шетелдік әріптестерімен екі және үшжақты он шақты меморандумға қол қойды. Дөңгелек үстел форматында өткен маңызды жиын беташарында «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» бейнеролигі көрсетілді. Алғашқы сөз кезегін алған Қазақ елінің Үкімет басшысы Серік Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына жолдаған жеделхатын оқып берді. «Қазақстанда мұндай үлкен ауқымдағы көліктік-логистикалық форумның өткізілуі – шығыс пен батысты байланыстырған өркениеттің басты символы – Жаңа жібек жолының өркендеу үдерісінің айтулы оқиғасы. Біздің мемлекетіміздің жағрафиялық орналасу ерекшелігін және еуразия кеңістігінде тауар ағынына қолайлы негізгі бағдарларды ескере отырып, Қазақстанды ірі іскер транзиттік хаб ретінде қалыптастыру бойынша бастама жасалды. Осы бағыттағы айқын мақсаттарды сәтті жүзеге асыру біздің мемлекетімізге әлемнің мейлінше дамыған 30 елінің қатарына қосылуы үшін сенімді инфрақұрылымдық іргетасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан экономикасының серпінді дамуы, масштабты индустрияландыру және өндірісті жаңғырту сыртқы экономикалық байланыстарды жетілдірумен қатар, еліміздің транзитті-көліктік әлеуетін күшейтуге ықпал етеді. Бұл бағыттағы маңызды қадам ретінде ҚТЖ негізінде Қазақстан – Жаңа Жібек жолы бағдарламасының базалық операторы – халықаралық деңгейдегі ұлттық көліктік-логистикалық компанияның құрылуын атар едік. Қарқынды жаһандану жағдайында көлік саласы біздің еліміз үшін және жалпы еуразия аймағы үшін экономикалық өсімнің маңызды драйвері болуда. Сондықтан форум шеңберінде талқыға салынатын идеялар мен жобалар халықаралық көліктік-логистикалық жүйені жетілдіруге жаңа серпін беретініне сенімдімін. Жемісті жұмыс тілеймін!» – делінген Елбасы хатында. –Транзиттік инфрақұрылымды қалыптастырып отырған континенттер арасында тауар ағынын тұрақты өсіріп-жетілдіру жағдайы Қазақстанның бәсекелестіктегі артықшылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің Президент еліміздің транзиттік әлеуетін жетілдіруге қатысты Қазақстан – Жаңа Жібек жолы жобасын жүзеге асыру идеясын ұсынды. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкіметпен 2020 жылға дейін республиканың көлік жүйесінің инфрақұрылымын интегралдау және дамыту бағдарламасы әзірленді. Бүгінде порттық және аэропорттық инфрақұрылымды қоса алғанда, бірыңғай көліктік-логистикалық активтер кешеніне интегралдау бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Жаңа автомобиль, темір жол желілері салынуда. Олар батысты шығыспен, солтүстікті оңтүстікпен қосуға бағытталған. Бүгін бизнес-форум шеңберінде талқыланатын мәселелер көліктік-логистикалық қызметтердің әлемдік нарығында аймақтар мен елдердің белсенді интегралданып, ортақ істе жұмыла жұмыс істеуіне серпін береді деген сенімдеміз, – деді Серік Ахметов.
5. ҚР туристік қызмет туралы заңы 1. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 1. Туристiк қызмет субъектiлерiне: 1) туристiк операторлар (туроператорлар); 2) туристiк агенттер (турагенттер); 3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар; 4) туристер және олардың бiрлестiктерi; 5) экскурсанттар; 6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер; 7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органдар жатады. 2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер. 1. Туристiк индустрия - туристердi орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы. 2. Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi: 1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету; 2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету; 3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету; 4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету; 5) көлiк қызметiн көрсету; 6) ойын-сауық 7) өзге де туристiк қызмет көрсетулер.
6. Статистикалық ақпараттар 2020 жылға қарай шығу туризмі бойынша көшбасшы елдер
2020 жылға қарай кіру туризмі бойынша көшбасшы елдер
2-тақырып. Әлемдік тәжірибедегі туризм түрлері Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.Көптеген көп адамдар таулардыңтсұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, таушаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа жақын белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және табиғатта көлікті қолданудан. Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау жәе демалу барысында қолданылатын құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді. Қарапайым туризм түрі: экскурсиялық туризмімен, қонақүй туризмімен және т.б. туризм түрлерімен қатар, ерекше танымал болып келе жатқан – белсенді туризм болып табылады. Көптеген адамдар ауасы тар қаладан шығуға көптеген күш жұмсайды және кішкене уақытқа ғана табиғи табиғаттың сұлулығына және ғажайыптылығына ауысқысы келеді. Белсенді туризм, қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан, осы амалды орындауға дайын болып саналады. Белсенді туризмнің алуан түрлілігіне біз таң қаламыз. Себебі, қазіргі уақытта белсенді туризмнің мынандай түрлері бар: Жердегі туризм Таудағы туризм Судағы туризм Экзотикалық туризм 1) Белсенді туризмнің жердегі түрі: Жаяу туризм немесе треккинг; Спелеотуризм (үңгір ішіндегі саяхат); Спелестология (қолмен жасалған жер асты жерлермен саяхат); Велотуризм; Маунтинбайкинг; 2) Таудағы туризм: Альпинизм (техникалық және физикалық дайындықты қажет етеді); Таулы шаңғы және сноуборд; 3) Судағы туризм: Виндсерфинг (парустық тақтада жүзу); Судағы шаңғы; Вейкбординг; Кайтинг; Рафтинг; 4) Экзотикалық туризм: Ғарыштағы туризм; Джайлоо-туризм; Солтүстік және Оңтүстік полюстегі туризм және басқа да экстремальды орындарда;
7. Алғашқы ғарыштық саяхаттар Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ.Ғарыштың әлі де ашылмаған сырлары қызықты.Ерте кезден-ақ грек ғалымдары ғарыш туралы түрлі болжамдар жасаған.Олардың ғарышқа саяхат жасағысы келгендерін осыдай байқауға болады. Ең алғаш ғарышқы саяхатты 1969 жылы ағылшындар бастаған болатын.Міне,содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келедіүБіздің елемізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар.Мен оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймын.Өйткені,барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады.Ғарыш кеңістігінде 9 ғаламшар бар. «Жер » планетасы үшінші орында тұр.Біздің планетамыз тоғыз ғаламшардың ішіндегі өмірқолайлы ау қабаттары бар ғаламшар.Бірақ,менің ойымша,тіршілікке қолйлы басқа ғаламшарлар да бар.Неге десеңіз,өзге планеталықтар туралы қауесеттер көп тараған.Сонымен қоса,олардың адам баласымен байланыстары болғанын да айтқан.Егер өзге планеталықтар бар болса,олар да басқа планетада өмір сүріп жатуы әбден мүмкін.Дегенмен,ғарыш әлемі алдамшы.Адамның қарапайым көзімен қараған кезде басқа,ал ғылыми тұрғыдан қарағанда мүлдем басқаша.Күн-ғарыштың жүрегі.Соның ішінде біздің планетамыздың жылу көзі. Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді.Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық.ғарыш туралы көп мәліметтер керек.Осымен менің ғарышқа саяхатым аяқталды.Осыдан 46 жыл бұрын – 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан Спутник атты бірінші жасанды жер серігі ұшырылған болатын. Мереке шеңберінде бірқатар үздік қызметкерлер космостық техниканы игеру мен ғарыштық бағдарламаларды дамытуда жеткен табыстары үшін медалдар мен ескерткіш белгілермен марапатталатын болады. Еліміздің стратегиялық маңызы зор нысаны саналатын Байқоңыр ғарыш кешенінің тіршілігі жалдық сипат жағдайындағы ерекшеліктермен тыныстауда. Ресейдің құзырындағы Байқоңыр қаласы мен іргелес Төретам кенті және Ақай қыстағын қоса есептегенде бұл өңірде елу мыңнан астам Қазақстан азаматы тұрады. Кеңес Одағының ғарышкері Гагарин Юрий Алексеевичтің өмірінен сыр шертсек. Юрий Гагарин 1934 жылдың 9 наурыз күні Смоленс облысы, Гжатск қаласында дүниеге келген. әкесі Алексей Иванович, ал анасы Анна Тимофеевна Гжатск ауданына қарасты Клушино ауылынан, қарапайым ауыл еңбекқорлары болған. Олар Юрийді еңбеқорлыққа тәрбиелеген. Неміс басқыншылығының қиын кезеңдерін бастан өткізе отырып Гагарин отбасы 1945 жылы Клушино ауылынан Гжатск қаласына қоныс аударған. 1949 жылы мектепті бітіре отырып, осы жылы Люберецкое училищесіне ұшқыш мамандығы бойынша түсті. Одан кейін Саратовский техникумына оқуға түседі. 1954 жылдың 25 қазанынан бастап Саратовской аэроклубында жаттыға бастайды. 1957 жылы 3 қарашада ғарышқа ұшу арқылы адамзатқа жол ашып берген жануар – Лайка есімді төбет ит. Ол мінген кеменің түсу аппараты болмағандықтан, атмосфераның жоғарғы қабаттарының бірінде спутникпен бірге жанып кеткен болатын. 40 жылдан кейін тұңғыш ғарышкер-иттің құрметіне Әуе және ғарыш медицинасы институты зертханасының алдында ескерткіш тақтайша қойылды. Лайкадан кейін мамандар төрт жыл бойы ғарышқа жануарларды ұшырып жүрді. Қос-қостап тышқан, қоян, жәндіктер де ұшқан болатын. Белка мен Стрелка есімді иттердің сапары сәтті болған соң ғана ғарышты игеруге алғашқы адам Ю.Гагарин кеткен болатын. Сонымен қатар маймылдар да бұл тәжірибеден табылды. Оларға арнайы еркін созылуға арналған киім тігілді. Өйткені олар, нысананы танып, көз, аяқ, қол арқылы жұмыс істеп, дабыл дыбысына тез арада басу арқылы жауап бере алу керек болған. Осындай тәжірибеден тритондар, қара қоңыздар, жеміс шыбындары, ұлулар, төмен және жоғары өсімдіктер өткен болатын. Дайындық барысында ғалымдар тек маймылдардың ғана тапсырманы екі айда игеріп, адамға жетеғабыл іс істейтіндігін анықтаған. Мысалы, жылдамдығын тексеруде, «нысананы өшіруде» маймылға 19 минут, ал адамға бір сағат уақыт кеткендігі белгілі болған. 8. Экзотикалық бағдарламалар 9. Америкалық ғарыш компаниялары 10. Ғарыштық турлар жобалары 11. Байқоңыр космодромы Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1] Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.[2] Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді. ҚР альпинистік клубтары 3-тақырып. Туризм тиімділігін арттыру жолдары 13-14. Әлеуметтік туризм, Экономикалық туризм әлеуметтік туризм - жұмыс берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын туризм; Экономика және туризм өзара тығыз байланыста дамиды. Экономикаға туризмның әсер етуі мүмкін, сонымен қатар керісінше туризм дамуына кең көлемде, зор ықпалды экономика жасайды. Осыдан экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Жоғарыда аталып кеткендей, экономикалық факторлар оң және теріс ықпал көрсетеді. Туризм дамуына оң әсер тигізетін факторлар: — нақты табыстың өсуі; — табыстың тең бөлінуі; — валютаның тұрақтылығы; — тиімді конъюктуралық жағдай. Туризм дамуына теріс әсер тигізетін факторлар: — экономикадағы дағдарыс құбылыстары; — өндірістің құлдырауы (жұмыссыздықтың өсуі, жалақының қысқаруы, уақытша жұмыс жасау); — валютаның тұрақсыз болуы; — тиімсіз конъюктуралық жағдай. Елдің экономикалық дамуымен , оның азаматтарының ұлттық табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен (дәулетімен) тура тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады Мемлекеттің экономикалық жағдайынан тек қана халықтың табысы ғана емес, сонымен қатар материалдық-техникалық база және туризм инфрақұрылымы да тәуелді. Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты валют айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағымның көлеміне әсер етеді. Туризмның дамуы тек қана ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік экономика экономикалық циклдың қай фазасында — өркендеу немесе құлдырауда – болуына да сезімтал. Бұған мысал ретінде , айтып өтетін жайт XX ғасырдың 80-жылдары экономикалық күйреу кезінде әлемдік туристік саяхаттар едәуір қысқарды. Әлеуметтік факторлар ішінен бірінші кезекте аталып өтілетін, бұл халықтың бос уақытының артуы (жұмыс уақытының қысқаруы, жыл сайынғы демалыс ұзақтығының артуы), бұл халықтың өмір деңгейінің артуымен қосылып келе жаңа әлеуетті туристердің ағымын арттырады. Бос уақыттың артуы қазіргі заманғы ғылыми – техникалық төңкеріспен байланысты, бұнда ой еңбегінің маңыздылығы артады да өндірістік және тұрмыстық кернеулер күшейе түседі. Бұның бәрі адамдардың дене тұлғаларының және психологиялық шаршауына әкеледі. Бұл қабілеттілікті арттыру үшінқосымша шараларды қабылдауды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруға көбіне туризм өз септігін тигізеді. Халықтың бос уақытының ұзақтығы артуына байланысты туризмде екі тенденция байқалды – демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді саяхаттардың артуы. Туристік сапарларұзақтығы жағынан азайғанмен, жиілігі артты. Шетел әдебиеттерінде бұл құбылыс “аралықты саяхат” (“путешествия с интервалами”) деген атауға ие болды. Жылдағы бір ұзақ саяхат орнына, көптеген адамдар бірнеше рет қысқа мерзімді (жаз айында – екі апталық теңіз жағалауына саяхат; қыс айында – бір апталық тау шаңғылы саяхат; демалыс және мерекелердегі отбасылық сапарлар) саяхатты таңдайды. Бұндай саяхаттар туристердің белсенділігі мен қозғалысының (мобильділігінің) артуын көрсетеді. “Қысқа мерзімді” келушілер әдетте бір күнде, келген елді-мекенінде бір күн ғана болатындықтан, ұзақ мерзімді сапар шегуші туристерден гөрі көп шығындалады. Сонымен қатар “аралықты сапарлар” бір жыл аралығында болғандықтан, туризмның ең бір негізгі қиындықтарының бірі – сұраныстың маусымдық өзгерісін жеңілдетуге көмектеседі. “Аралықты сапарлар” үшінші мыңжылдықтағы туризм дамуын анықтайды. Бұндай қортындыны “Ховат УК” ағылшын консалтингтық фирмасы жасады. Олар Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) тапсырмасы бойынша туристік шығынның 70% келетін келетін әлемдегі 18 елдің демалыс уақыты динамикасының зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде, XXI ғасырдағы туристік сапарлар ұзақтығы 3-4 күнге дейін қысқарады, бірақ демалысқа деген үзіліс және адамның өмірлік күшін қалпына келтіруге құштарлық артады деген болжам жасады. Әлеуметтік факторлар қатарына, сонымен қатар білім деңгейінің, мәдениет, халықтың эстетикалық қажеттіліктерінің артуы жатады. Зерттеулерге жүгінсек, адамдардың білім деңгейі мен саяхатқа деген икемділігі арасында тәуелділік бар. Бұл мәдениет және білім деңгейі жоғары адам өзінің бос уақытын туризм көмегімен қоршаған ортаны тануға, басқа елдер мен халықтардың тарихы, өмірі, тұрмысы, фольклоры және өнерімен танысуға рациональды жұмсайды . Соңғы уақытта, яғни XX ғасырдың соңғы онжылдығында экономикалық және әлеуметтік факторлар әсерінен батыс Еуропа елдерінде қоғамдық сана елеулі өзгерістерге ұшырады: рухани құндылықтар материалдық құндылықтардан маңыздырақ. Қазіргі таңда адам материалдық игілікті тұтынудан бұрын, жақсы әсер, өмірден ләззаталуға талпынады. Осыдан шығар қортынды, қоғамның тұтынушылық құрылымында туризмның орны және рөлі өзгерді. Туристердің қажеттіліктері де өзгерді: төменгіден-жоғарыға, жұмысқа қабілеттілікті арттырудан – адамның өзінің жекелей қабілеттерін жүзеге асыру және интеллектуалды сұранысын қанағаттандыру. “Үш S” (Sea – Sun — Sand; теңіз-күннің көзі-жағажай) қағидасы бойынша пассивті демалыс орнын “Үш L” формулалы (Lore — Landscape – Leisure; ұлттық дәстүрлер — пейзаж – бос уақыт) демалыс түрі басты. Бұл қазіргі заман саяхатшысының жаңа құндылықтарына сай келеді және өз орнын осы мезеттегі туризм дамуынан тапты.Туристік сұраныс көпшілікті және әлеуметтік категория. Ол көптеген оң не теріс нәтиже беретін факторлар әсеріне тәуелді болып келеді. Ең маңыздыларының қатарына жалпы экономикалық факторлар жатады: -тұтынушының материалдық әл-ауқаты; -жұмыспен қамтылған халықтың еңбек және бос уақытының қатынасы. әлеуметтік-демографиялық факторлар, жасы, жынысы, кәсібі, білімі, әлеуметтік тобы, жанұялық жағдай, мүліктік жағдайы, жанұя құрамы, тұратын аймағы, қала/ауылды мекен,кәсібі. Әр оқулықта туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік және экономикалық факторларды әр түрлі қасиеттерімен сипаттайды. Көбінде оларды топтастыра қарастырады, мысалы. әлеуметтік-демографиялық және қаржылы-экономикалық . Әлеуметті-демографиялық факторларды тұрғылықты халықтың жасы, бос болу деңгейі, жеке басты адамдардың болуы , баласыз отбасылар, неке қиюдағы жастық тенденция, зейнетақы жасы, білім, мәдениет деңгейі, тұрғындардың эстетикалық талғамы, қоғамдағы материалдық және рухани қажеттіліктердің қатынасы, урбанизация және тағы да басқа көрсеткіштер құрайды. Бұл көрсеткіштер туризм үшін зор ықпал иесі. Қаржылы-экономикалық факторларға мыналарды жатқызады: елдегі, мемлекеттегі экономикалық жағдай, қаржылық тепе-теңдік, тұрғындардың табыс деңгейі, қоғамның туристік шығынға жұмсауға бөлінген қаржы үлесі, тауар бағасы. Тұрғындардың табыс деңгейі немесе қоғамдық байлықтың өсуі. Соғыстан кейінгі жылдары дамыған елдерде жан басына шаққандағы табыс артты: мысалы, ФГМ –де 4500 маркадан 1950 жылы, 19500 маркаға 1987жылы өзгерді. Осы кезде тамақтану мен байлық заттарына шығын азайып, туризмға шығын үлесі артты. Жұмыс уақытының қысқаруы. Көп елдерде кәсіпорындардағы жұмыс уақыты 2350 сағаттан 1950жылы, 1716 сағатқа дейін 1987 жылы қысқарды. Орташа статистикалық демалыс бұл кезеңде 12 күннен 31 күнге өсті. Сонымен қатар еңбек интенсивтілігі артты, бұл стресстық жағдайларға және адам организмінің демалысқа қажеттілігінің артуына әкелді. 15. Халықаралық туризм форумы. жапония-1995 Ал 2005 жылы Жапонияның Нагоя қаласында өткен ЭКСПО көрмесінде келетін қонақтар саны 8 миллион болады деп жоспарланса да, шын мәнінде олардың жалпы саны 22 миллионнан асып кеткен. 120 мемлекет қатысқан бұл көрменің жұмысын дүниежүзілік ақпарат құралдары үш ай бойы назардан қалдырмай, насихат жасаумен болды. Жергілікті ақпарат көздеріне жүгінсек, ЭКСПО көрмесі өткеннен кейін, Жапония экономикасында едәуір ілгерілеу байқалған. Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінде Қазақстанның көк байрағы алғаш рет 2005 жылғы 25 наурыз бен 25 қыркүйек аралығында Жапонияның Аичи префектурасында өткен көрмеде желбіреді. ЭКСПО-2005 көрмесінің қалашығы Жапонияның Токио және Осаки қалаларынан кейінгі үшінші ірі өнеркәсіптік орталығы болып саналатын Нагоя қаласының маңындағы биіктікте бой көтеріп, Нагакута, Тойото және Сето қалаларында орналасты. ХХІ ғасырда өткізілген бұл бірінші Бүкіләлемдік көрме болды. «Табиғат кемеңгерлігі» ұранымен өткізілген бұл көрменің негізгі мақсаты техногендік заманның ең жаңа технологияларының қоршаған ортаны қорғауға тигізетін игі ықпалын көрсету болды. Көрменің ең басты аймақтары «Адам және табиғат арасындағы жаңа қарым-қатынас» және «Мәдениетаралық ұлы симфония» деп аталды. 170 гектар жерді алып жатқан бірінші аймақ Нагоя қаласының шығыс жағындағы биіктікке қоныс тепті. Ол 2 жеке аймаққа бөлініп, бұл аймақтар өзара аспалы жолдармен байланыс жасайтын болды. Бүкіләлемдік көрменің негізгі шаралары өткізілетін аймақ 157 гектар жерге созылып, Нагакута қаласында қоныс тепсе, 15 гектарға созылған екінші аймақ Сето қаласында қоныс тепті. Негізінен табиғаттың ерекшеліктеріне басымдық берілген екінші аймақта туристердің тірі табиғатпен етене араласуына барлық жағдай жасалды. 185 күнге созылған Жапониядағы «ЭКСПО-2005, Аичи» көрмесінде Қазақстан алғаш рет өзінің экспозицияларын қойды. Көрмедегі Қазақстан экспозициялары екі қабатты стенд тақталардан, ұлттық киіз үй және басқа мұражай жәдігерлерінен құралды. Бүкіләлемдік көрмеге қойылған Қазақстан жәдігерлері халқымыздың ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі және қолөнері туралы мол мағлұмат беріп, көрмені тамашалауға келген туристерге Қазақстанды жан-жақты таныстыруға жағдай жасады. Бүкіләлемдік көрме алаңдары табиғат аясындағы ашық сахналарды елестетеді. Бұл сахналарда көрме өткен 185 күн бойы спектакльдер мен сахналық қойылымдар көрсетіліп тұрды. Ашық аспан астында қанат жайған сахналардағы спектакльдер арнайы жасалған зор экрандар арқылы көрсетілді. Осы экрандар арқылы жүргізілген трансляциялар бүкіл дүние жүзіне тарап жатты. Жапонияның Аичи префектурасында өткен ХХІ ғасырдың алғашқы Халықаралық көрмесіне әлемнің 125 мемлекеті және 4 халықаралық ұйымдары қатысты. «ЭКСПО-2005, Аичи» көрмесінің жалауы жарты жыл бойы желбіреп тұрды. Осы кезеңде бұл көрмені 22 миллионнан астам туристер тамашалады. Қазақстанның Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесіне қатысу дәстүрі бұдан кейін Испания Корольдігіндегі «ЭКСПО-2008, Сарагосада», Қытай Халық Республикасындағы «ЭКСПО-2010, Шанхайда», Оңтүстік Кореядағы «ЭКСПО-2012, Есуда» жалғасын тапты. Замананың лебін сездіретін әлемдік деңгейдегі шара – ЭКСПО көрмесін өткізбес бұрын оның бұған дейінгі тарихына шолу жасау артықтық етпес. Өйткені қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы туралы түрлі ақпараттық-насихаттық материалдар көп болса да, оның халықаралық маңызы, жалпы мазмұны, мақсат-мүддесі жайлы мәлімет жеткіліксіз. Осы орайда, «ЭКСПО-ны өткізудің Қазақстан үшін қандай тиімділігі бар?» деп күмәнданушылар халықаралық көрмелердің соңғы 160 жылда дүниежүзілік даму бағдарына, ғаламдық экономикалық саясатқа және жаһандастыру үрдісіне қалай әсер еткенін түсіну үшін оның кешегісіне көз жүгірткен жөн болар. Жалпы алғанда, Бүкіләлемдік көрме жұмысы өнеркәсіптік төңкерістің қарқын алған тұсында басталды. Алғашқы халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесі 1851 жылы Лондон қаласында Гайд-паркте өтті. Оның «Барлық халықтардың өнеркәсіптік жұмыстарының ұлы көрмесі» деп аталуы тегін емес. Тұңғыш көрменің бас көркі темір мен шыныдан жасалған Хрусталь сарайы болатын. Осы көрмелерді ұйымдастыруға жауапты мекеме – Халықаралық көрмелер бюросы 1928 жылы ғана құрылды. Құрамында 166 мемлекет кіретін халықаралық ұйымға Қазақстан 1997 жылдан бері мүше. Осы ұйымға мүше болуының 20 жылдығында Қазақ елі өз жерінде кезекті мамандандырылған көрме өткізуді мойнына алып отыр. Ресейдің өзі бұған дейін ЭКСПО көрмелерін өткізуге бірнеше мәрте талпынып, енді 2020 жылдан үмітті екенін ескерсек, мұны Қазақстанның халықаралық деңгейдегі ірі жетістігі деп бағалауға болар. Біріншіден, ЭКСПО көрмелері қашан да тыңнан түрен салған ғылыми жаңалықтардың, тосын ойлы өнертапқыштықтың ордасы бола білді. 1904 жылы Сан-Луисте өткен көрмеде қонақтар алғашқылардың бірі болып мұз қосқан шәй, ыстық бұршақ, түтікті балмұздақ жеп, шала туған нәрестелерге арналған инкубаторды тамашалады. Қазір бұл тағам түрлері мен медициналық құрылғы ешкімге таңсық болмаса да, сол кезде елді елең еткізерлік жаңалық еді. Сондай-ақ 1967 жылы Монреалда израильдік архитектор Моше Сафди құрастырған Фуллердің геодезиялық күмбезі мен «Хабитат 67» жобалары, 1970 жылы Осакадағы «Күн мұнарасы» мен 1962 жылғы Сиэтл көрмесіндегі «Ғарыш инесі» шын мәнінде аңызға айналған жобалар. Монреал көрмесінде АҚШ павильонында ғарыш кемелері таныстырылды. «Аполлон-2012» ғарыш кемесінің астронавтары әкелген Ай тасы тамашалуға қойылды. 2005 жылы Жапония «Табиғат даналығы» деген ұранмен Нагоя қаласының шығыс жағында Нагакута, Тойота және Сето қалаларында ЭКСПО қонақтарын қабылдады. Жапония бұған дейін де көрмелер өткізген. Бірақ бұл – ХХІ ғасырда өткізілген алғашқы халықаралық көрме болатын. Осы көрмені дүниежүзі ақпарат құралдары 25 наурыз бен 25 қыркүйек аралығында жіті назарда ұстап, насихаттаумен болды. 125 мемлекет қатысқан, 170 гектар ауқымды алып жатқан көрменің әлем жұртшылығын тамсандырар жаңалығы көп еді. Бұл көрменің басты кейіпкерлері – роботтар болды десек, артық айтқандық емес. Вакамару деген робот көрмеге келушілерді босағадан күтіп алып, қолын қысады. Ағылшынша амандық сұрасады, нендей көмек бере алатынын сұрайды. «Роботтар станциясы» деген павильонда үй тазалайтын, күзетші, жүргізуші, екі динозавр робот және басқа да құлтемірлер болды. Олардың ішіндегі ең танымалы бала бағушы робот PaPeRo болды. Ол адамдардың түр-түсін ажыратып, ән салып, сұрақтарға жауап беріп, ата-анамен телефон немесе бейнекамера арқылы сөйлесіп, пәтер ішінде қозғала алады. Солтүстік Америкада 70 миллион жыл бұрын өмір сүрген екі динозаврды жапон роботжасаушылары қайта «тірілтті». 1,3 миллион еуро тұратын робот-динозаврлар көрменің басты көркіне айналды. Бұл көрме 185 күн бойы жалғасты. Көрме алаңынан барша әлемге осы жерде болып жатқан қойылымдар, спектакльдер мен фестивальдар тікелей эфир желісінде көрсетілді. Осы көрмеде алғашқы электронды қағазға басылған қабырға газеті шығарылды. 173 гектарды алып жатқан көрмені аралау үшін қонақтарға әрқилы көлік түрлері ұсынылды. Такси, фуникулер, батареямен жүретін трамвай, қысымдалған сутегімен жүретін автобустарды аз ғана ақымен пайдалануға болатын. 2005 жылы Аити көрмесінің қонақтар саны 15 миллион болады деп болжанса да, іс жүзінде олардың саны 22 миллионға жеткен. Ал 2008 жылы 14 маусым мен 14 қыркүйек аралығында Испанияның Сарагос қаласында «Су және тұрақты даму» атты халықарлық көрме өтті. 25 гектар аумақты алып жатқан жерде испандықтар архитектуралық жетістіктермен талайды тамсантты. Еуропадағы ең үлкен тұщы сулы аквариум да, цунами императоры да осында еді. Екіншіден, ЭКСПО көрмелері ғылыми жетістіктер мен жаңа стандарттарды тамашалаудың мүмкіндігі ғана емес, туристер үшін сейіл құрып, көңіл көтеретін орын болатын. Мысалы, ХХ ғасырдың екінші жартысында халықаралық көрме кешендері жалпыға ортақ сауық-сайран алаңына айналды. Осакада өткен «EXPOland», Монреалда ашылған «Ла Ронд» саябағы – осының дәлелі. 1967 жылы Монреалда көрмеге қатысушылар Роман Кройтердің 4,5 миллион долларға түсірілген «Лабиринт» фильмін тамашау мүмкіндігіне ие болды. 2005 жылы 14 шілдеде «The New York Times» газеті жапон көрмесіне арналған мақаласында жапондық павильон алдында қардан жасалған төбешік орнатылғанын жазды. Нагакутэ павильонының алдындағы алаңда 100 тоннадай кәдімгі қар төгіліп, одан балаларға арналған сырғанақ жасалған. Шілденің шіліңгір ыстығында жас балалар сырғанақ теуіп, қар атысып ойнап, мәз-мейрам болды. Гифу префектурасында сақталған қарды сегіз жүк тасығыш көлікпен бір кеште әкеліп төгіп, биіктігі екі метр сырғанақ жасаудың өзі – адамзаттың табиғатты аялауға деген ынтасы мен технологиялық мүмкіндіктерді ұштастырудың мысалындай еді. Жалпы алғанда, жапондық көрме таңғажайып жаңалықтарға, оқиғаларға толы болды. Кәріс павильонында кішкене бала мен роботтың достығын баяндайтын 3D фильм көрсетілді. Ал Тойота павильоны Жапонияның бас павильонына қарағанда тартымдырақ болғандай. Оны көруге келген адамдар бірнеше сағат бойы тікесінен тік тұрып, кезек күтуге даяр болған. 800 адамдық залда роботтар шоуы ұйымдастырылды. Роботтардың бір тобы оркестр құрып, әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, өнер көрсетсе, екінші бір тобы би билеп, көрермендердің ықыласына бөленді. Қытай ұлттық радиосы 2010 жылы 1 шілдеде берген репортажында сол жылғы көрмеде ресейлік павильон туралы әңгімелеген. Ресейліктер 6000 шаршы метр аумақта орыс ертегілерінен алынған сюжеттер мен балалар суреттерінен алынған көріністер қойып, ерекше әсер қалдырды. Мұнда қабырғаларға балалар байқауының жеңімпаздарының шығармалары ілінген. Балалардың көзімен болашақтың қаласын көз алдыңа әкелетін көріністер келушілерді бейжай қалдырмады. Мұның дәлелі – ресейлік павильон сол жылы 2 миллион қонақты қабылдаған. Осылайша, ЭКСПО көрмелері ғажайыптар мен ертегілер әлеміне айналуға жақын. 2010 жылы «Тюнити» газетінің жазуынша, жапон астронавты Соити Ногути ғарыштан бейнетелефон арқылы 17 қыркүйекте ЭКСПО көрмесіндегі Нагакутэ кешеніне қатысып, жерлестерімен сөйлесті. Үшіншіден, ЭКСПО өткізетін қожайын ел өзінің осындай сый-құрметке лайық екенін дәлелдеуге тырысып бағады. 1970 жылы Осакада өткен көрмеде Жапония өзінің әлемдік держава ретінде насихатын жасады. Фестивальдер алаңына салынған Күн мұнарасы осы көрменің ең айшықты символына айналды. Қытай да 2010 жылы өткен Шанхай көрмесін өзінің әлемдегі ықпалының артып келе жатқанын көрсету үшін барынша пайдаланды. Оған қоса экономикалық қуатын танытуға тырысты. Шындығында, Шанхай – Қытайдың ең бай әрі бақуатты қаласы. Ресми деректерге қарағанда, Қытай үкіметі осы көрмені дайындауға 4,2 миллиард доллар жұмсаған. Бұл дегеніңіз, Пекинде 2008 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу шығынынан екі есе көп. Соңғы жылдары ЭКСПО көрмелерінің абыройы аздап түсіп кеткен болса да, Қытайдың орасан көп қаржы жұмсап, барын салуы халықаралық көрмелердің даңқын қалпына келтіріп, мерейін асырды. Ал қытайлық басылымдардың жазуынша, Шанхай қаласында көрме кешендерін салу мен оның ифрақұрылымын жасау шығындары 58 миллиард долларға жеткен. Не де болса, Қытай – ЭКСПО көрмесін өз жерінде өткізген тұңғыш дамушы мемлекет. Мұның өзі халықаралық экономикалық басымдықтың таразысы Азияға ауа бастағанының белгісі еді. Төртіншіден, ЭКСПО көрмелері қай кезде де сол дәуірдің тынысын сездіретін, халықаралық жағдайдың айна-қатесіз көрінісін дөп басатын әлемдік деңгейдегі оқиға еді. Мысалы, 1992 жылы Севильеде өткен көрме қырғи-қабақ соғыстың аяқталуынан кейін өткен бірінші көрме болатын. Сол жолы энергетикалық дағдарыс және экология мәселелері халықаралық деңгейде сөз болды. Германия осы жолы біртұтас павильон жасады, осының өзі халықаралық жағдайдың өзгергенінің белгісі еді. Ал Балтық елдері сол жылы тұңғыш рет тәуелсіз мемлекеттер ретінде төл павильондарын құрды. Севилье көрмесінің басты ерекшелігі қоршаған ортаны қорғауға, табиғи қорларды сақтауға әлем жұртшылығы назарын аудару еді: осы мақсатта көрме қалашығында Андалузия аптабынан құтқарар жанға жайлы арнайы микроклимат жасалды. Бесіншіден, 160 жылдық тарихында ЭКСПО көрмелері адамзаттық мәселелерді шешуде ортақ шешім іздеудің, белгілі бір ортақ жол ұсынудың оңтайлы құралына айналды. 2000 жылы Ганновердегі көрме «Адамзат, табиғат және технологиялар» деп аталды. Бұл көрме Аляскадан Гавайға дейінгі аралықта әлемдік әріптестік жобалардың дүниеге келуіне себепкер болды. Ал 2005 жылы Айчиде «Табиғат даналығы» тақырыбы аясында өткен көрме Жапониядағы сағыздай созылған дағдарыстан жергілікті халықтың назарын басқаға аударды. 2008 жылы Сарагоста «Су және байыпты даму» тақырыбымен өткен көрме көлемі онша үлкен болмаса да, кез келген қаланың халықаралық деңгейде назар аударуға лайық екенін көрсетті. Ал 2010 жылы 11 мамыр мен 31 қазан аралығында 184 күн бойы Қытай Халық Республикасында «Қала жақсарса – өмір де жақсарады» атты халықаралық көрме өтті. 198 мемлекет және 27 халықаралық ұйым қатысқан көрмені жалпы саны 70 миллион қонақ тамашалайды. Хуапу өзенінің екі жағалауында орналасқан көрменің басты көркі – «EXPOpark», яғни жасыл желекке орнаған кешен болатын. Көрменің жаңалығы – «Қала салудың ең озық тәжірибелері» атты аймақта қалалық өмір сүру деңгейін арттыру идеялары ұсынылды. Былтыр Оңтүстік Кореяның Есу қаласында 12 мамыр мен 12 тамыз аралығында өткен халықаралық мамандандырылған көрме тақырыбына «Тірі мұхит пен оның жағалауы» атты ұраны таңдалыпты. 250 000 шаршы метрді алып жатқан аумақта ЭКСПО қалашығы, саябақтар, жасыл желектер, мейрамханалар, мұражайлар орналасты. Көрме кешенінің теңіз жағалауында орналасуы оның абыройын асырды. Алтыншыдан, ЭКСПО кейде заманауи өнер сахнасына да айналады. Оның үстіне, ЭСКПО көрмелері сол елдің мәдениетін, дәстүрі мен тарихын насихаттау үшін кеңінен пайдаланылады. Мысалы, 2005 жылы жапондық көрмеде 185 күн бойы жыр оқушы ансамбль күніне 20 рет табиғатпен етене өмір сүру жайлы өлеңдер оқыды. Бұдан бөлек, белгілі театр режиссеры Роберт Уилсон адамзат пен табиғаттың қарым-қатынасын бейнелейтін, жарық, дыбыс, түрлі түстер мен судың жарқылын пайдаланып естен кетпес шоу-бағдарлама қойды. Жарты сағаттық қойылымға арнап айналасын су қоршаған шағын арал жасаған. Әлемге әйгілі музыкант Ватанабе Садао жапон экспозициясына арнап барша адамдарды біріктіруге үндеген гимн жазып шықты. 2005 жылғы көрме туралы әдеби шығарма да жазылды. Жапондық «Иомиури» газетінің жазуынша, Францияның бас комиссары Бернар Тестю бүкіләлемдік көрмеге арналған хикаят жазып, сол жылы 20 шілдеде арнайы баспасөз мәслихатын өткізген. Ол 1998 жылы Лиссабондағы көрмеде, 2000 жылы Ганновердегі көрмеде Францияның бас комиссары болған екен. Жетіншіден, ЭКСПО көрмелерінің ел экономикасына тигізер оң ықпалы бар. Бұған халықаралық көрмені лайықты деңгейде ұйымдастырған мемлекеттердің тәжірибесі дәлел. 2005 жылғы халықаралық көрме жұмысына 121 мемлекет пен төрт халықаралық ұйым қатысты. Жарты жылға созылған көрмені 21 миллион адам тамашалаған екен. Көрменің жабылу салтанатын көру үшін 40 мың адам кезекке тұрған көрінеді. Әйтсе де, бұл Жапонияда бұрын өткен көрме қонақтарының санынан әлдеқайда аз еді. 1970 жылы Осакада өткен көрмеге 64,22 миллион адам келген екен. Жапония көрмесіне келушілердің жалпы санының 10 пайызы шетелдіктер болады деп жоспарланған екен, бірақ олардың саны 4 пайыздан аспаған. Бас павильонда Якутиядан табылған мамонттың басы қойылды. Кейбір қонақтар осы ЭКСПО павилондарын 50 рет аралаған екен. Ресми деректерге қарағанда, ЭКСПО-2005 көрмесінің жалпы пайдасы 57,5 миллиард иен немесе 550 миллион долларды құраған. Ресей ЭКСПО көрмелерін өткізуге біраз жылдан бері құлшыныс танытып жүр. Мәскеу 2010 жылы халықарлық көрмені өткізуге ынталы болған, ал Петербург әкімшілігі 2015 жылғы ЭКСПО-ны өткізу мәселелерін талқылаған болатын. Мәскеу ЭКСПО көрмесін өткізуге жалпы шамасы 2 млрд. доллар жұмсауды жоспарлаған еді. Біздің тәжірибе – Қазақстан бұған дейін ЭКСПО халықаралық көрмелеріне төрт рет қатысқан. Солардың бірі – 2008 жылғы Сарагостағы көрмеге арнайы барып қатысқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу идеясын айтқан болатын. Сол жылы 104 мемлекет қатысқан көрмеде «С» категориясы бойынша Қазақстан ішкі және сыртқы безендіру жұмыстары үшін үшінші орынға ие болып, қола медальмен марапатталды. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан Шанхай көрмесіне қатысты. «Азия» деп аталатын аймаққа орналасқан қазақ павильоны Жапония мен Оңтүстік Корея кешендерінің жанына жайғасқан еді. ЭКСПО-2010 көрмесінде Қазақсан ұлттық экспозициясы «Астана – Еуразия жүрегі» атты тақырып аясында жасалды. Ресми деректерге қарағанда, қазақ павильонын 1 миллионға жуық адам тамашалаған. Қазақстан былтыр ЭКСПО көрмесінен де тыс қалмады. Ғылым мен мәдениет, бизнес пен туризм салаларындағы инновацияларды пайдаланған қазақ павильоны суға байланысты экспозиция құрды. Бұған қоса қазақ мемлекетінің кешегісі мен келешегі, тарихы мен салт-дәстүрі де таныстырылды. Павильон қонақтары интерактивті шоуларға қатысты. Алты аймаққа бөлінген қазақ павильоны Астана тақырыбын тағы насихаттады. Бұл көрме өтіп жатқан кезде Астана әлі ЭКСПО өткізуге үміткер ғана болатын. 2017 жылғы көрмеге дейін әлі төрт жыл бар. Қазақстан бұған дейінгі өзінің де, өзгенің ЭКСПО тәжірибелерін ескеріп, халықаралық деңгейдегі көрмені лайықты деңгейде өткізуге дайын болады. Осылайша, Астана өз мәртебесін тағы да әлемге паш етеді. – ЭКСПО – 2005-тің басты кейіпкерлері – роботтар болды дегенді әлемдік басылымдар бір-бірімен жарысып жазған. – Солтүстік Америкада 70 миллион жыл бұрын өмір сүрген екі динозаврды жапон роботжасаушылары қайта «тірілтті». Қойылымдар мен фестивальдар тікелей эфир желісінде көрсетілді. Осы көрмеде алғашқы электронды қағазға басылған қабырға газеті шығарылды. 173 гектарды алып жатқан көрмені аралау үшін қонақтарға әрқилы көлік түрлері ұсынылды. 2005 жылы Аити көрмесінің қонақтар саны 15 миллион болады деп болжанса да, іс жүзінде олардың саны 22 миллионға жеткен. Демек, ЭКСПО-2017-де тақырыбында жапон ғалымдарының идеясы жайлы бұрын естімеген жаңалықтардан құлағдар боламыз. 16. Әлемдік туризм индустриясы Туризм индустриясының әлемдік экономикада алатын орны жылдан жылға артып келеді. Әлемде болып жатқан қаншама дағдарыстарға қарамастан бұл сала өзінің даму қарқынын Екінші Дүние жүзілік соғыстан соң осы күнге дейін әлі бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Ал бүгінгі күнде ақша айналымы мен тиімділігі жөнінен мұнай өндіру және көлік құрастыру салаларымен толық бәсекеге түсе алады. Қазіргідей даму қарқынына туризм саласы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап түсті. Дәлірек айтсақ Екінші Дүние жүзілік соғыстан соң барша мемлекеттер (әсіресе еуропалықтар) өздерінің құлдыраған экономикасын тығырықтан алып шығатын барлық салаларды дамытуды қолға алды. Соның ішінде өз-өзін ақтау және тиімділік тұрғысынан туризм саласы ерекше көзге түсті. Осы себептен туризм индустриясы инвестиция тарту бойынша алдыңғы салалрдың бірі болды және бүгінгі күнге келіп ол «Жүз жылдықтың феномені» деген атқа ие болды. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың ) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды. 4-тақырып. Әлемдік туризмдегі Қазақстанның рөлі 17. ДТҰ және Қазақстан 18. Отандық туризм Туризм – әлем елдерінің экономикалық көркеюінің бірден-бір себепкері, бастаушысы, яғни туризм – экономиканың басты дамытушы факторы. Туризм әлем елдері үшін өте маңызды сала болып табылады, себебі бірқатар елдер туризмді дамыту арқылы әлемдік аренада өз позицияларын ұстап отыр. Мысалы, Мальдив Республикасында туризм мен оған бағдарланған салалар жиынтық ішкі өнімнің 25%-ын береді; Кубада мемлекет қазынасына түсіретін пайдасы жағынан халықаралық туризм 1-орында тұр. Сонымен қатар, соңғы жылдары туристік ағыммен әлемді таңқалдырып келетін Біріккен Араб Әмірлігінің ең үлкен қаласы – Дубайды да осы тұста атап өтуге болады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша туризм саласы әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді, табыс әкелу коэффиценті бойынша мұнай өнімдері мен көлік шығару саласынан кейін туризм саласы әлем деңгейінде 3 орында табан тірейді [1]. Жалпы шетел туристерін қабылдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның үлесіне барлық туристердің 60%-дан астамы тиесілі. Америкаға шетел туристерінің 20%-ы, Азияға 10%-ы келеді. Туризмнің қалыптасуына, дамуына, көркеюіне, жаңа деңгейге көтерілуіне әр мемлекет тарапынан жылдан жылға көптеген қаражаттар бөліну үстінде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Ресей Федерациясы «2013-2020 жылдары мәдениет және туризмді дамыту» атты жоспарлы бағдарламасында туризм саласына жалпы мемлекет бюджетінен 865 миллион рубль, оның ішінде 786 миллион рубль ішкі туризмді дамытуға, ал қалған 79 миллион рубль – халықаралық туризмді дамытуға қолданамыз деп жоспарлады. [2] ДТҰ-ның мәліметтеріне сәйкес, Ресей Федерациясы 2012 жылдың бастапқы 8 айында туризм саласынан табысын 16%-ға ұлғайтты, соған сәйкес әлемнің туризм саласынан жетекші елдердің қатарында 8 орынға келіп тұрақталды. Алдыңғы 7 елді атап өтетін болсақ, мынадай көрсеткіштерге ұлғайған: Жапонияда (48%), Швецияда (26%), Оңтүстік Африка (26%), Корея Республикасы (26%), Үндістанда (23%), Гонконгта (17%), Тайландта (17%). Тағы да туризм саласынан жетекші елдер қатарына тұрақталып отырған елдердің бірі – Түркия. 2006 жылы Түркияға 19,8 млн. шетел азаматтары сапар шегіпті. Көптеген туристер саны Германия, Болгария, Иран, Ресей, Греция, Грузия, Әзірбайжан елдерінен келді. Түркия елінің статистикалық мәліметтеріне сүйене отырсақ, 2011 жылы шетел туристері елдің мемлекеттік бюджетін 23 млрд долларға, яғни алдыңғы жылға қарағанда 10,6% көбейді [3]. Жылдан-жылға әлемді таң қалдырып, жоғары көрсеткіштер көрсетіп келе жатқан – БАӘ-нің ең үлкен қаласы Дубай. Дубайды туризм эпицентрі деп атауға болады. Себебі Дубайдың мемлекеттік қаржысына туризм саласынан түсетін пайда бір жыл ішінде-ақ 3,6 млрд.доллардан астам қаражатқа жетті. Дубай туризм департаментінің жариялаған мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылы Дубай қонақ үйлерінде 8,6 миллион саяхатшылар болды, ал 2009 жылы олардың саны 7,8 миллон болатын [4]. Біздің елімізде, Қазақстан Республикасында, туризм саласы даму үстінде. Оған дәлел ретінде төмендегідей статистикалық мәліметтерді ұсынуға болады, мысалы, Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы бойынша бірінші жылдың қорытындысына сәйкес даму динамикасының біршама жоғары көтерілгенін, тұрақталғанын байқауға болады, яғни 2007 жылы сырттан келушілер саны 12,8% өсті және келушілердің жалпы саны 5310,6 мың адамды құраған, сонымен қатар ішкі туризм бойынша туристер саны 12,5% өсті. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53863,0 млн теңгені құрады, ал сатылған жолдамалар құны 13890,7 млн теңгені құрап алдыңғы жылдармен салыстырғанда 1,9% өскендігін дәлелдейді [5]. Ал соңғы жылдары туризм саласының мемлекет бюджетінде алатын орны, маңызы артып келе жатыр. Туризм саласына мемлекет тарапынан төмендегідей қаржы бөлінуі қажет екендігі жайлы өзінің «ҚР-да спорт және туризмнің даму келешегі» атты онлайн-конференция барысында ҚР-ның туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Ускенбаев 2020 жылға дейін $4-5 млрд инвестициялау қажет екендігін атап өтті. Сонымен бірге өзінің сөзінде Қайырбек Ускенбаев соңғы жылдары Қазақстанда туризм саласынан табыс мөлшерінің ұлғайып келе жатқанын, дәлірек, 2008 жылы туристік қызмет көрсетуден табыс көрсеткіші - 66 млрд теңге, 2009 жылы - 82 млрд теңге. 2010 жылдың өсу динамикасы бойынша бұл тенденцияның жоғары дәрежеге көтеріліп жатқандығын, жылдан жылға ілгері дамып келе жатқанын байқауға болатындығын статистикалық мәліметтерге сүйене отырып атап өтті. Қазақстан Республикасының халықаралық бірден-бір танымал туристік ел атануына мүмкіндігі жоғары. Себебі, Қазақ елінде көптеген атақты тарихи орындар, табиғаты көркем де әсем жерлер, қорықтар, көптеген жайлы да, жанға тыныш жерлер көп. Қазақ елі Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан болғандықтан тарих беттерінен-ақ Қазақстанның туризм саласына қосар үлесі көп екендігін аңғаруға болады. Мысалы, табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, Қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан. Қазақстанда тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археологиялық туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады. Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданында – Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында – Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі орындар бар. Бірақ, өкінішке орай, әлемдегі туризм саласы бойынша жетекші елдердің қатарында Қазақстанға әзірге табан тіремеді. ДТҰ-ның мәліметтері бойынша, 2011 жылы әлем бойынша барлығы 983 млн. шет елдерге туристік саяхаттар болған, 2010 жылдың қорытындысымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,6% өскен, яғни 2010 жылы 940 млн. туристік саяхаттар орын алған. 2011 жылы туристер арасында ең атақты халықаралық туристік бағыттар бойынша мына үздік 10 елді атап өтуге болады:
Азия және Океания елдері бойынша ДТҰ классификасынан мынадай елдерді үздік ондық ішінде көре аламыз:
2011 жылы шет елден Азия және Океания елдеріне 217 млн. астам туристік келулер тіркелген. 2010 жылдың қорытындысы бойынша 6.1% көрсеткішіне өскен. Ал, біздің еліміздің туризм саласы бойынша статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ [5],
Жоғарыда көрсетілген статистикалық мәліметтен байқап отырғанымыз, алғашқы жылдары Қазақстан Республикасына келуші туристтер саны құлдырау мен өрлеуді бастан кешірді, яғни 2003 жылы – 44990 туристер келсе, 2004 жылы бұл көрсеткіш 13623 турист санына азайған. Кейінгі жылдары көрсеткіштердің біршама жоғарлаған байқауға болады, әсіресе 2006 жылы – 56203 турист саны және 2007 жылы – 62117 турист саны болғандығын көрсетеді. Бірақ, одан кейінгі жылдары, яғни 2008-2009 жылдары көрсеткіштердің қайтадан төмендегенін байқап отырмыз. 2010-2011 жылдары көрсеткіш біршама тұрақталғандығын, бірақ, сонда да біршама айырмашылығын көруге болады. Бұл көрсеткіштердің төмен құлдырауы немесе өрлеуінің негізгі себепкері – елімізде туризм саласының жетік дамымағаны болып табылады. Қазақ еліне туристердің келу көрсеткіштері халықаралық конференциялар, келіссөздер, кездесулер, түрлі көрмелердің есебінен болып отыр, бірақ біздің еліміздің басқа ел азаматтарына көрсетер, таңғаларлық табиғатымыз жоқ емес. Сонымен қатар, келу туризмі аяққа нық тұрмағанымен, Қазақстан әлемдік аренада өзінің позицияларын ұстап отыр, яғни Қазақстан өзінің өнімдерін, спорт және туризм саласы бойынша да біршама жетістікке жетті. Атап айтар болсақ: 2008 жылғы Испанияда өткен EXPO-2008 Бүкіл Әлемдік туристік көрмесінде Қазақстан 3-ші орынды иеленіп, жоғары бағаға ие болған болатын. 2009 жылы Германияның Берлин қаласында өткен туристік көрмеде біздің еліміз 1-ші орынға қол жеткізді. Бұл біздің елде туризмнің қарқыны дамып келе жатқанын байқатады. ЭКСПО-2017-ны өткізу үшін бәсекелес болған елдерге, яғни, Қазақстан мен Бельгияға 161 мемлекет дауыс беріпті. Соның ішінде Қазақстанның 103 дауыс жинап, шашасына шаң жұқтырмай кеткеніне бауырлас түркі елдерінің барлығы да қуанады деп есептеймін. Қазақстан қазіргі таңда жоғары қарқынмен дамып келе жатқан елдердің бірі. 07.03.2013 жылдың Бүкіләлемдік экономикалық форумның есеп беруіне сүйенсек Қазақстан 1 жылдың ішінде Әлемдік туристік рейтинг бойынша 5 орынға жоғарылады, яғни 88 орынға тұрақтады. Мен - болашақ туризм саласының маманы ретінде, Қазақстан Республикасында туризм саласының дамуы үшін мынадай іс-шараларды атқаруды ұсынар едім: Еліміздегі туристік кластерді дамыту Жеке брендті туристік өнім ойлап табу Туристік сервисті дамыту, осы арқылы жоғары деңгейде қызмет көрсететін қонақ үйлер, туристік агенттіктер санын арттыру, яғни туризм саласындағы қызметкерлерді кәсіби сынақтан өткізу Жарнама деңгейін көтеру, яғни түрлі жарнамалар арқылы шетел азаматтарының қызығушылығын ояту Жаһандану кезеңінде экономиканың басты факторы – туризм болып табылады. Туризм индустриясы қызмет көрсету саласы ретінде табыс көзі. ДТҰ мәліметтері бойынша туризм салысы әлем елдерінің жиынтық ішкі өнімнің 10% құрайды, біздің елімізде бұл көрсеткіш саны төменірек. Сондықтан еліміздің Туризм саласын дамыту біздің, мына жастардың қолында екенін есте сақтауымыз қажет. Әлемдік Бренд, жаңа технология, туристік сапалы сервис қалыптастыру болашақтың ісі деп айтар едім. Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) – бүгінгі күні туристік әлемдегі ең атақты және ең танымал ұйым. ДТҰ туризмді дамыту мақсатында құрылған үкіметаралық сипаттағы халықаралық ұйым болып табылады. Штаб-пәтері Испания астанасы Мадрид қаласында орналасқан. ДТҰ-ның Мадридтегі штаб-пәтері Тарихы. Ұйым алғашында Ресми туристік ассоциалардың халықаралық конгресі ретінде 1925 жылы Гаага қаласында құрылған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұйымның атауы Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағы деп өзгертілді және штаб-пәтері Женева қаласына ауыстырылды. Халықаралық одақ құрамында 109 ұлттық ұйым мен 88 ассоциациялық мүшесі бар техникалық үкіметтік емес ұйым болды. Туризмнің қарқынды түрде дамуы мен заманауи өмірдің ажырамас бөлігіне айналуына байланысты оның халықаралық мағынасы өсе бастады. Осыған орай, бұл мәселеде ұлттық үкіметтердің рөлі арта бастады, себебі, олар инфрақұрылымнан бастап реттеушілікке дейінгі кең диапазонды мәселелерді шеше алатын еді. 1960 жылдардың ортасында туризмнің дамуын бақылауға алатын және үкіметаралық байланыстарды орнатып, азаматтардың орын ауыстыруын, туристік саясатты және туризмнің елдердің дамуына әсерін ретке келтіріп отыратын ұйымның қажет екені айқын бола бастады. 1967 жылы Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағының мүшелері өз одақтарын халықаралық масштабта туризмге қатысты барлық мәселелерді шеше алатын және БҰҰ-ның құрамына кіретін ұйымдармен бірге қызмет атқара алатын үкіметаралық ұйым ретінде қайта құруға шақырды. 1969 жылдың желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы қайта құрылған Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағы туризм саласында орталық және шешуші рөл атқаратындығын мойындайтын резолюцияны қабылдады. Сол резолюцияны орындау мақсатында 1975 жылы ресми туристік ұйымдары Халықаралық одаққа мүше мемлекеттер ДТҰ-ның жарғылық құжаттарын қабылдады. Осылайша, Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағы Дүниежүзілік туристік ұйым ретінде қайта құрылды. Ұйымның алғашқы Бас Ассамблеясы 1975 жылы Мадрид қаласында өтті. 1976 жылдың басында ұйымның секретариаты, штаб-пәтер орналастыруына ғимарат берген, Испания мемлекетінің астанасы Мадрид қаласына келіп орналасты. 1976 жылы ДТҰ БҰҰ-ның Даму бағдарламасының атқарушы агенті статусын иеленсе, 1977 жылы ДТҰ мен БҰҰ арасында ресми келісімге қол қойылды. 2003 жылы ДТҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы бөлімшесі статусын алу арқылы өзінің халықаралық туризм саласындағы маңызды рөл атқарып отырғандығын көрсетті. ДТҰ-ның Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы бөлімшесіне айналуы оны толыққанды БҰҰ жүйесіне кіретін ұйымға айналдырды. ДТҰ қызметіндегі ең атақты оқиға – 1980 жылы 27 қыркүйекте Манилада (Филлипины) болған туризм бойынша дүниежүзілік конференцияның өткізілуі. Конференцияға 100 астам мемлекеттің өкілдері қатысты. Туризм бойынша дүниежүзілік конференцияға шақыру туралы шешімді ДТҰ-ның 2-ші сессиясының Бас Ассамблеясы (мамыр 1977ж.) қабылдады. Конференцияда туризмнің дамуына мемлекеттердің жауапкершілігінің сұрақтары (әлеуметтік-экономикалық шарттар, мақсаттары және міндеттері, факторлар) және адам — өзінің демалысын ұйымдастырушы; сұраныс пен ұсынысты реттеу; туризм саласында ғылыми-техникалық ыңтымақтастық, туризм индустриясына кадрларды дайындау сияқты өзекті мәселелерді қарастырылды. Қорытынды құжатта талқылау барысында бірлесе өңделген ұсыныстар сипат алған. Бұл құжат әлемдік туризм бойынша Манила декларациясы деп аталды. 1975 жылы 27 қыркүйекте Мехико қаласында қабылданған ДТҰ-ның Жарлығы мемлекетаралық келісім болып табылады және осы Жарлықта ұйымның алға қойған мақсаттары мен ұйымдық құрылымы бекітілген. Бұл Жарлықты Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағына мүше болған 51 мемлекеттің өкілдері қол қойып қабылдаған. 1980 жылдан бастап Жарлыққа қол қойылған күн «Дүниежүзілік туризм күні» деп есептелінеді. Жыл сайын дүниежүзілік туризм күні белгілі-бір ұранмен өтеді. Қызметі. ДТҰ-ның қызметі негізінен туризмнің ақпараттық жылжуына, оның маңыздылығы мен артықшылықтарын кеңейтуге, сондай-ақ жаңа материалдық-техникалық базаны құруға шоғырланады. Ұйым халықаралық туризм саласында белгілі-бір қағидаларды өңдеу және енгізу жолымен туризмдегі әртүрлі ұлттардың іс-әрекетін тәртіптендіруге ұмтылады. ДТҰ Біріккен Ұлттар Ұйымындағы туризмнің негізгі өкілдігі болып табылады және әлемдік туризмнің ең беделді органы ретінде әрекет етеді. Одан басқа ДТҰ халықаралық құжаттарды (актілерді) өңдейді және олардың орындалуын бақылайды. Туризмнің дамуына әсерін тигізетін мемлекеттер арасында ынтымақтастықты ұйымдастыру және ынталандыру арқылы мемлекеттер дамуына көмектесу ДТҰ қызметінің бір бөлігіне жатады. ДТҰ-ның маңызды міндеттерінің бірі – халықаралық туризм бойынша статистиканы зерттеу, жаңа өлшеу әдістерін жасау, болжау, өңдеу және маркетингтік зерттеулер жүргізу. Мұның бәрін туристік ұйымдар өз қызметінде қолдана алады. ДТҰ-ның зерттеуші қызметі статистика әдістерінің артуына әкеледі. ДТҰ әлемдік туризмнің жағдайы туралы тұрақты есеп беріп тұрады, онда туристік индустрияның әрі қарай дамуының жетістіктері мен кедергілері ескеріледі. ДТҰ халықаралық туризмге үкіметтік араласуын болдырмау немесе шектеу арқылы әлемдік туризмге әрекет етуге талпынады. ДТҰ БҰҰ –ға мүше елдерге техникалық қолдауды қамтамасыз етеді. Құрылымы. ДТҰ-ның қызмет атқарушы органдары: - Бас Ассамблея; - Атқарушы кеңес; - Секретариат; 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
5-тақырып. ҚР-дағы Кластерлік туризм дамуы 19. ҚР-дағы туризм дамыту концепциясы Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, туризмді маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі ретінде дамыту бөлігінде бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.
|