Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Шаблон для создания тестов в формате QTI v 2.0 1 page


Date: 2015-10-07; view: 668.


Жыл

Жыл

Жыл

Жыл

Жыл

Жыл

Жыл

Жыл

Жыл

7 қыркүйекте – Фурманов көшесі мен Октябрьдің 50 жылдығы даңғылының қиылысында сағат 4-тен 25 минут кеткен кезде экскаваторшы Ромсан Топаев «Средазстроймеханизация» тресінің 59-мехколлоннасынан Алматы метрополитенінің «Октябрьская» бірінші бекетінің құрылысы үшін алғашқы шөміш топырақты қазып алды​.

28 қыркүйек – В.А. Брежневтің қолы қойылған көлік құрылыс министрлігі министрінің № 156-ОР бұйрығымен Алматы қаласындағы метрополитеннің құрылысы 01.01.1989 жылдан бастап «Бамтоннельстрой» СУС жүзеге асыруына тапсырылады​.

Қазан – «Октябрьская» бекеті – «Жібек Жолы» бекеті № 13 аралық желдетпе ұңғысы жұмысқа кірісті​.

Алмалы бекетінде № 17 желдетпе ұңғысы, № 14-бис жұмыс ұңғысын, № 15-бис жұмыс ұңғысын, еңісті жол салуға кірісті. Алматы қаласындағы метрополитен құрылысы кезінде бірінші еңісті жолдың өтуі үшін СКТБ «Бамтоннельстрой» «Като» жапондық экскаватор базасында өтпелі кешені құрастырылған​.

«Октябрьская» бекеті жағынан КТ 5,6-Д2 механикаландырылған өтпелі кешенінің сол жақ аралық тоннель құрылыс жұмыстары басталды​​.

№ 110-бис, № 114-бис, № 112-бис жұмыс ұңғысын, № 19, № 15, № 113 желдетпе ұңғысын, «Жібек Жолы» бекетіне еңісті жол салуды бастады​.

«Алатау» бекеті жағынан КПЩ-12 механикаландырылмаған өтпелі кешенінің сол жақ аралық тоннель өткізу басталды​.

11 мамыр – ҚазКСРО Кеңес Министрлігі жұмыс көлемін, мерзімін және орындаушыларын анықтай отырып «Алматы қаласы метрополитенінің бірінші құрылыс желісінің бірінші учаскесінің құрылысын қаматамасыз ету туралы» № 182 Қаулысын қабылдады​​.

1991 жыл

«Алатау» бекеті жағынан КПЩ-12 механикаландырылмаған өтпелі кешенімен оң жақ аралық тоннель өтпелі басталды​.

«Райымбек» бекеті жағынан оң жақ аралық тоннель құрылыс жұмыстары басталды​.

1992 жыл
15 маусым – Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезектегі құрылысын басқарудың бірыңғай құрылымын құру және қаржы ресурстарын ұтымды қолдану мақсатында қала әкімшілігінің басшысы З.Қ. Нұрқаділовтың № 221 шешімімен Алматы қаласы метрополитенін жобалау мен құрылысын үйлестіру бойынша басқарма таратылып және тапсырыс берушінің бұрын жұмыс істеген қызметтерінің және бас мердігер «ПСО Алматыметроқұрылыс» базасында Жобалау-құрылыс бірлестігі құрылды​.

№ 111 аралық желдетпе ұңғысын салуға кірісті.

1993 жыл

1 қаңтар - «Алмаатагипротранс» институтының метро бөлімі «ПСО Алмаатаметроқұрылыс» құрамына кіретін П.В. Пашковтың басшылығымен дербес фирма «Метрожобалау» болып бөлініп шықты​.

«№ 1 тоннельдік отряд» ЖШС сол аралық тоннельді «Жібек жолы» бекетінің кіре-беріс жерімен қосты.

№ 18-бис жұмыс ұғысын салып бастады. Электрдепо бағытында оңтүстік портал жағынан Алматы-2 вокзалының теміржол жолдарының астынан аралық тоннель салу жұмыстары басталды.

5 ақпан - «Райымбек» және «Жібек жолы» екі бекетінің арасында оң аралық тоннелін «Жібек жолы» бекетімен қосу​.

31 наурыз - Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қаулысының негізінде «Алматыметрокұрылыс» ААҚ құрылды​.

Шілде - «Абай» бекетінің еңіс жолын салу жұмысына кірісті. ТНУ-4 өтпелі кешені пайдаланылды​.

2001 жыл

22 қараша –Сол аралық тоннельдің «Тұлпар» бекетінің батыс кіре-берісімен біріктірілді. «Алатау» бекетінен «Тұлпар» бекетіне дейінгі ұзындығы 1130 метрлік тоннель 11 жыл тесілді​.

4 тамыз - «Жібек Жолы» мен «Алмалы» екі бекетінің арасында сол аралық тоннель біріктірілді​.

4 қазан – «Жібек Жолы» мен «Алмалы» екі бекетінің арасында сол аралық тоннель біріктірілді​.

21 желтоқсан - «Тұлпар» бекетінің шығыстан кіре-берісімен оң аралық тоннель біріктірілді. «Алатау» бекетінен «Тұлпар» бекетіне дейін ұзындығы 1323 метрлік тоннель 13 жыл тесілді.

19 ақпан - «Бетон унд Мониербау» австралиялық компанияның мамандарымен бірлесе отырып, «Жібек жолы» бекетінің сол жақ бекеттік тоннелін салу жұмысына кірісті​.

7 қараша - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев салынып жатқан метрополитеннің «Алмалы» бекеті объектісіне келуі​.

1 қаңтар – «Тұлпар» бекетімен «Байқоңыр» бекетінің сол аралық тоннель өтпелі аяқталды. КПЩ-12 өтпелі кешені арқылы «Байқоңыр» бекетінің көлденең камерасының құрылысы басталды.

Жароков көшесінің астынан қорғаныс экранының құрылысы басталды. Экранды орнату үшін «Херренкнехт АГ» фирмасының AVN - 600 микро тоннельді өтпелі кешені (МТӨК) пайдаланылды. «Херренкнехт» қалқанын «Алмалы» бекетінде іске қосты.

9 маусым – Оң аралық тоннелдің «Байқоңыр» бекетінің көлденең камерасымен қосылуы.

7 шілде – Сол аралық тоннелдің «Алмалы» бекетіндегі конвейерлік камерамен қосылуы («Херренкнехт» өтпелі кешенінің алғашқы қосылуы).

ЖАТӘ әдісімен «Алмалы» бекетінің оң станциялық тоннелінің құрылысы, «Тұлпар» бекетінің еңіс жолының құрылысы басталды​.

2007 жыл

ЖАТӘ әдісімен «Тұлпар» бекетінің сол станциялық тоннелінің, «Алмалы» бекетінің сол станциялық тоннелінің, «Жібек жолы» бекетінің оң станциялық тоннелінің, «Байқоңыр» бекетінің сол станциялық тоннелінің, «Алмалы» бекетінің орта станциялық тоннелінің құрылысы басталды, сондай-ақ «Байқоңыр» бекетінің еңіс жолы мен кіреберіс коридорының құрылысы басталды.

25 мамыр – «Алмалы» мен «Абай» бекеттерінің арасындағы оң аралық тоннелдің «Абай» бекетінің көлденең камерасымен қосылуы.

10 маусым –«Алмалы» мен «Абай» бекеттерінің арасындағы сол аралық тоннелдің «Абай» бекетінің көлденең камерасымен қосылуы («Херренкнехт» өтпелі кешені).

«Алмалы» бекетінің оң станциялық тоннелінің негізгі қаптаудағы құрылысы аяқталды​.

Гагарин даңғылының астында құбырлардан жасалған қорғаныс экранының құрылысы басталды​.
Экранды орнату үшін «Херренкнехт АГ» фирмасының AVN-600 микро тоннелді өтпелі кешені (МТӨК) пайдаланылды.

3 тамыз – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев метрополитен объектілеріне келді​.

«Алмалы» бекетінің сол станциялық тоннелінің құрылысы, «Тұлпар» бекетінің сол тоннелінің негізгі қаптаудағы құрылысы аяқталды​.

2008 жыл

16 қаңтар - «Алмалы» бекетінің орта станциялық тоннелінің негізгі қаптаудағы құрылысы аяқталды​.

2 наурыз - ЖАТӘ әдісімен «Абай» бекетінің оң станциялық тоннелінің құрылысы басталды​.

10 наурыз - ЖАТӘ әдісімен «Тұлпар» бекетінің оң станциялық тоннелінің құрылысы басталды​.

15 ақпан - «Абай» – «Байқоңыр» бекеттерінің оң аралық тоннелінің бөлшектеу камерасымен қосылуы. Осы қосылумен «Райымбек» бекетінен «Алатау» бекетіне дейінгі оң аралық тоннельдің өтпелі аяқталды.

25 шілде - «Абай» мен «Байқоңыр» бекеттерінің арасында соңғы қосылу жұмыстары жүргізілді. Бірінші кезектегі аралық тоннельдерің құрылысы аяқталды​.

 

1 желтоқсан - жалпы ұзындығы 8,6 км болатын метрополитеннің бірінші кезегі іске қосылды. Оның құрамына; "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Әуезов театры" және "Алатау" бекеттері кіреді.

Жолдар және тоннельдік имараттар қызметі

Жолдар және тоннельдік имараттар қызметі «Метрополитен» КМК-нің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қызмет бастығы басқарады және «Метрополитен» КМК директорының пайдалану жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.

Жолдар және тоннельдік имараттар қызметі — құрылымдық бөлімше, оның жауапкершілігіне метрополитенді техникалық пайдалану ережелеріне және белгіленген жылдамдықтары бар поездардың қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз еткен кезде метрополитеннің басқа басқарушы құжаттарына сәйкес имараттарды пайдалану, жөндеу және қайта жаңарту бойынша тапсырмалары кіреді. Қызмет басқарылуында үлкен жерасты және жерүсті кешені бар, оның ішінде 17,055 км тоннельдер, 7 бекет, 9 вестибюль, 17,055 км бас жолдар, 4,038 км парк жолдары, бас және парк жолдарында бағыттамалы бұрмалардың 40 кешені, бас жолдарда айқаспалы тоғысулардың 2 кешені, парк жолдарындағы тармақтар үстінде жол жүру эстакадасы, желдеткіш киоскілер жердің бетінде, көше астындағы жол жүру өткелдері, жерасты тазарту құрылыстары, жерүсті ғимараттары және электрдеподағы парк жолдары.

Қызметте 2 бөлімше – бұл жол дистанциясы және тоннельдік имараттар дистанциясы​.

Жолдар дистанциясын белгіленген кезеңділікпен, жол, бағыттамалы бұрмалар, түйіспелі рельс және жол құрылғыларының жағдайын бақылаумен сәйкес жүзеге асырады, бұл ретте түнгі технологиялық «терезелер» кезінде жөндеу жұмыстарының шағын және орташа көлемдерін орындайды. Метрополитенде рельстік шаруашылықтың бұзылмауын бақылаудың негізгі диагностикалау әдісі ультрадыбыстық дефектоскопия болып табылады. Жол дистанциясындағы дефектоскопты-жолөлшегіш құралдар учаскесінің қызметкерлері 2 шешілмелі, тасымалды дефектоскоптардың және белгіленген кезеңділікпен 1-жол өлшегіш арбаның көмегімен жолдың, рельстердің және рельстік бекітпелердің жағдайын, сондай-ақ бағыттамалы бұрмалардағы элементтерді тексереді. Дефектоскоптарды кезеңдік техникамен қайта қаруландыру рельстер ақауларын олардың дамуының бастапқы кезеңінде уақтылы айқындауға мүмкіндік туғызады, ал оларды уақтылы ауыстыру поездар қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлата отырып, жолдағы ақаулар санын азайтады. Шешілмелі, тасымалды дефектоскоптарға және жол өлшегіш арбаға тәжірибелі операторлар мен олардың көмекшілері қызмет көрсетеді. Белгіленген кезеңділігімен дефектоскоптық-жолөлшегіш құралдар учаскесінің операторлары мен көмекшілері ТМД елдерінің арнайы оқу орындарында біліктілігін көтеретін оқудан өтеді.

Тоннельдік имараттар дистанциясы метрополитеннің тоннельдік имараттарының, бекеттердің және жерүсті имараттарын пайдалану мен жөндеуді жүзеге асырады. Дистанцияның негізгі қызметі метрополитен имараттарын ағымдағы күтіп-ұстау мен жөндеуге бағытталған.

Метрополитен қызметтері жұмыс істеу кезінде жолдар және тоннельдік имараттар қызметі өзінің жұмысын жетілдіру бойынша, барлық озық және жаңа материалдарды қолдану бойынша, жаңа техниканы ендіру бойынша алдыңғы орындарда болды​.

Жолдар және тоннельдік имараттар қызметінің жұмыскерлері жолдың беттік салынуының, рельстік бекітпе және басқа да көптеген түрлері сияқты жаңа типтерді құру сияқты жобалық әзірлемелерге белсенді қатысты​.

 

Құрылыс жөнінде ақпарат

Құрылыс және техникалық жабдықтау​

Алматы қаласы метрополитенінің бірінші желісін жобалау Метрогипротранс институтымен (Москва қаласы) КСРО МПС 07.04.82 ж. №Ш-11294 бекіткен ТЭН, сондай-ақ КСРО МПС 20.04.82ж. бекіткен жобалау тапсырмасының, КСРО МПС 25.12.00 ж. бекіткен жобаны түзету бойынша және Қазақ КСРО Министрліктер кеңесінің 20.12.90 ж. №18-30/17 қосымша тапсырманың негізінде жүзеге асырылды.

Құрылыстың өзгерген шарттарын есепке ала отырып, жобаға Алматы қалалық әкімшілігі Басшысының 06.10.95 ж. хаттамасына сәйкес объектінің атауы және шығындар жинағы құрамы бөлігінде өзгерістер енгізілді​.

«Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезегін түзету» жобасын 2003 жылы «Метрожобалау» Мекемесі келесі негіздемеде әзірледі:

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары 2001 ж. 19 қазанда бекіткен Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезегін түзету тапсырмалары.

Алматы қаласы Метрополитенінің бірінші кезегі жөнінде жалпы мәліметтер​

Метрополитеннің бірінші кезектегі трассасы терең қазылған жермен қаланың орталық бөлігі арқылы Райымбек даңғылынан Фурманов көшесі бойымен Абай даңғылына дейін, одан әрі Гагарин даңғылына дейін өтеді. Трассаның алыстағы учаскелері – деподағы тармақтар, Райымбек батыр бекеті және Алатау – терең қазылмаған​.

Бірінші кезектің жалпы ұзындығы - 8,56 км, бірінші және соңғы бекеттердің осьтерінен пайдалануы - 7,5 км, бекеттердің саны - 7.

Бекеттер арасындағы орташа арақашықтық 1,25 км, ең үлкені - 1,596 км, ең азы - 0,99 км​.

Алмалы – Абай – Байқоңыр аралықтары жоспарында қисықтардың ең аз радиусы – 300м​.

Аралықтар бойынша трассаның максимал еңісі – 40 %.

Трассаның барлық ұзындыққа қатысты қисық сызықты учаскелері 23% құрайды.

Алатау бекеті платформаның бүйірлік орналасуымен, платформалары бар қалған бекеттер остров типті. Терең қазылған бекеттер еңісті эскалаторлық тоннельдер бетімен байланысты, онда төрт таспалы эскалаторлар орналасады​.

Құрылыс учаскесіндегі

инженерлік-геологиялық жағдайлар туралы мәліметтер​

Алматы қаласы метрополитенінің бірегейлігі аса күрделі геотехникалық факторлар кешенімен анықталады​:

1. Солтүстік Тянь-Шаннің күрделі өңірлік геодинамикасы​;

2.Аумақтың MSK шкаласы бойынша 9-10 балдық жоғары сейсмикалылығы.

3. Тау аралық шұңқыр болып табылатын еңісті рельефпен тау алдындағы аумақ​.

4. Топырақтардың әртүрлі болуы, беріктігі әлсіз, майда тасты топырақтар олардың құрамында диаметрі үш метрге дейін қойтастары бар​.

5. Аралық және станциялық тоннельдердің 11м-ден 60м-ге дейін тереңдікте әртүрлі тереңдікте орналасуы​.

Метрополитеннің бірінші кезектегі құрылыс ауданы Іле Алатауының солтүстік бауырында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің конусын шығару шектеулерінде орналасқан​​.

Құрылыс учаскесіне майда тасты топырақтар олардың құрамына өлшемі 200 - 400 мм дейін қойтастары бар және құмды толтырғышымен төселген. Толтырғыш кварцполевошпат құрамдағы әртүрлі түйіршіктегі құммен толтырылған​.

Петрографиялық майда тасты топырақтар граниттердің сынықтарымен, гранодиориттермен ұсынылды. Диориттер, сиениттер, сұр түсі басым кварциттер, берік, қатты түрлері сирек ұсынылады. Кейде балшықтар да кездеседі.

Топырақты сулар трасса бойынша метрополитендегі қазбалар деңгейінен төмен 4 - 100 метр тереңдікте орналасады​.

Инженерлік–геологиялық жағдайларды жалпы бағалау метрополитен құрылысы үшін шартты қолайлы болып қабылданды.

Құрылыс үшін жабдық пен технологиялар

Бекетті жаңа австриялық әдіспен салу

Бірінші желідегі метрополитеннің бекетін пайдалануға уақытылы қосу үшін «Алматыметроқұрылыс» АҚ мамандары заманауи жабдықты және құрылыстың жаңа технологиясын қолданды. ТМД елдерінің аумағында бірінші рет «Жібек жолы» пилонды типті бекетті салу кезінде жаңа австриялық тоннельдік әдіс (ЖАТӘ) енгізілді. Бұл технология қалған төрт терең қазылған бекет құрылысы кезінде де қолданылды​.

«Жібек жолы» пилонды типті бекет құрылымын жобалық әзірлеу кезінде станциялық тоннельдерді қаптаудың күштеліп деформацияланған жағдайына тексеріс жүргізілді, сондай-ақ физикалық модельдеудің анағұрлым анықталған және әмбебап әдісін – балама материалдарды қолдана отырып, құрылыстың әрбір кезеңінде оның топырақпен әрекет ету сипаттамасы жасалды. Эксперименталдық зерттеулер ПМКжҚУ (Санкт-Петербург қаласы) "Тоннельдер және метрополитендер" кафедрасында профессор Д.М. Голицынскийдің басшылығымен тоннельдерді модельдеу зертханасында жүргізілді. Бұл әрлеуде созатын және қысатын күштеулердің анағұрлым үлкен мәндерімен орындарды белгілеуге және мұны армирлеу кезінде ескеруге мүмкіндік туғызды​.

ЖАТӘ технологиясы қысқа мерзімде терең қазылған бекеттердегі негізгі көтергіш құрылымдарды құрылыстың дәстүрлі әдісімен салыстырғанда және күндізгі беттегі минимал шөгулермен көтеруге, сондай-ақ тесіп өтушілердің еңбегін барынша қауіпсіз етуге және механикаландыруға мүмкіндік туғызды​.

Осы технология кезінде айына 24 п.м астам уақытша бекітуде станциялық тоннельдердің өту жылдамдығына қол жетті, ал тұрақты қаптауды жасау айына кем дегенде 30 м орындалды​.

Atlas Copco Rocket Boomer 352 S қондырғысымен қорғаныс экранының құбырларын бұрғылау

 

Станциялық тоннельдің топырағын әзірлеу​ бетонды шашырату құрылғысы​

Liebherr R932 тоннельдік экскаватормен​ «Meyco Suprima» машинасымен бекіту

 

Өздігінен жүретін станциялық қалып және бүйірлік станциялық тоннельдерді тұрақты қаптау​

 

Жинақ және монолиттік темірбетон тоннельдік конструкциялар​

Метрополитен қауіпсіздігі ТМД аумағындағы жетекші институт ОҒЗИС «ҒЗО» «Тоннельдер және метрополитендер» ААҚ (Мәскеу қаласы) әзірлеген сейсмикалығы берік тоннельдік конструкцияларды қолданумен және станциялық тоннельдерді салу кезінде «Бетон унд Мониербау» (Австрия) фирмасының прогрессивтік әзірлемелерді енгізумен қамтамасыз етілген.

Тоннельді жоғары дәлдікте т/б төсеу​

 

Өздігінен жүретін көлік машиналарын қолдану​

Алматы қаласының метрополитені құрылысында рельстік көлікті қолданбай жүргізгендердің бірі. Топырақты шығару, материалдарды жеткізу бойынша барлық жұмыстар өздігінен жүретін техника - жүк көтергіштігі 12т КамАЗ автосамосвалдарымен, шағын габаритті ТСШ-4Б, PAUS автомобильдер-самосвалдармен және ПД-2, ЛК-1 тиеу-жеткізу машиналарымен жүргізілді. Бетонды жеткізу және төсеу ТСШ-4б базасында бетонкөлік машиналарымен жүзеге асырылды​

«PAUS» көлік машинасы ТСШб автосамосвалы​

 

Фронталды жүк тиегіш​ Бетонкөлік

«Daewoo Dasan» ТСШ-4б базасындағы машина​

 

Станциялық кешендерді салу барысында жаңа австриялық тоннельдік әдістің топырақты конвейерлік тасымалдаумен өнімділігі жоғары тоннельден шығатын кешенді қолдану Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезектегі құрылысын едәуір қысқартуға мүмкіндік туғызды​.

 

Алматы қаласы метрополитенінің келешекте дамуы

Үлкейту үшін суретті басыңыз

Метрополитеннің екінші кезектегі бірінші желісінің құрылысы Алатау бекетінен Әуезов көшесіне дейін Қалқаман поселкесінде созылып жатыр​.

Негізгі құрылыс шешімдері​

Метрополитен учаскесі – Алатау бекетінен жаңа автобекетке дейін​.

Метрополитен трассасы Абай даңғылы мен Гагарин даңғылының қиылысынан (Алатау бекеті) Абай даңғылының астындағы батыс бағытында Қалқаман ықшам ауданы және жаңа автобекетке дейін салынатын болады.

Абай даңғылының жүретін жолының астынан, терең қазылмаған аралық тоннельдер мен бекеттер орналасқан​.

Құрылыс учаскесінің ұзындығы – 8,62 км, пайдалану ұзындығы– 7,64 км.

Бекеттерің арасындағы орташа арақашықтық ​ – 1,53 км.

Қисықтағы ең төменгі радиус​ – 300,0 м, ең жоғарғы – 1000,0 м.

Трассаның қисық сызықты учаскелері учаскенің барлық ұзындығына қатысты 20,3%. Бойлық пішін еңістері 0,003-тен 0,035 дейін өзгереді​.

Учаскеде алты терең қазылмаған бекет орналасқан: Сайран бекеті; Мәскеу бекеті; Сарыарқа бекеті, Достық бекеті; Қалқаман бекеті​ және Автовокзал бекеті.

Барлық бекеттерде екі жерасты вестибюлі және ұзындығы 104,0 м остров типті отырғызылатын платформасы бар​.

2015 жылға ұзындығы – 2,9 км бірінші іске қосу учаскесінің «Сайран» мен «Мәскеу» бекеттерінің пайдалануға беруі жоспарланған.


<== previous lecture | next lecture ==>
Кластерлік туризм | Шаблон для создания тестов в формате QTI v 2.0 2 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.009 s.