|
Б)Орта палеолит 1 pageDate: 2015-10-07; view: 1403. Бұл дәуірде (б.з.д. 140-40мың ж.)ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батыста Сарысу өзенінің орта ағысынан шығыста Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтиды. Ерешеліктері:от алуды үйрену, алғашқы діни сенімнің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандертаоь адамның пайда болуы. Осы кезеңде тас өңдеу әдісі жетілдіріле түсті. Еңбек құралдарын жасау тәсілі нуклеустік. Дөңгелек өзектастың (нуклеус)шетінен ортасына қарай жару арқылы тас жарықщақтарын алу. Қырғыш ең негізгі құрал. Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері: Оңтүстік Қазақстан:Ш.Уәлиханов,атындағы, Тоқалы, Қызылрыспек, Үшбұлақ Орталық Қазақстан:Оьалысай, Мұзбел, Өгізтау, Үлкен Ақмая Батыс Қазақстан:Өніжек, Аққыр, Құмақаж Шығыс Қазақстан:Бөдене, Қызылсу Б)Кейінгі палеолит дәуірі Бұл кезең уақыты: бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл – 12-10мың жылдар аралығы. Бұл – адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдік топтардың құрылған кезеңі. Ерекшеліктері: қазіргі адамға ұқсас- кроманьондықтардың қалыптасуы, жеңіл найза (дротик), ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білуі, өнер мен діни сенімнің дамуы, аналық рулық қауым белгілерінің орнауы. Кейінгі палеолитте еңбек құралдарын жасау әдістері одан әрі жетілдірілді. Бір нуклеустен бұрынғыдай 2-4 қалақ емес, 10-даған жұқа тіліктер алынды(пышақ тіліктер). Тас өңдеу әдістері де жетілдіріліп, тастарды түзету(ретушь) арқылы өңдейтін болды. Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан:Ащысай, Үсіктас Орталық Қазақстан:Батпақ, Қарабас, Агренсор Батыс Қазақстан:Аққыр, Шақпақта, Өніжек Шығыс Қазақстан: Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай 2) Мезолит дәуірі: Мезолит кезеңі шамамен . мың жылға созылды. Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек(20 шақты тұрақтар). Ерекшеліктері:климат жылынып, мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң – құстар пайда болды, жебелі садақ, бумераг, балық аулау құралдары, қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Ол он мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын қару болды. Аңщылық үшін неғұрлым жетілдірілген қару түрлері қажет бола бастағандықтан жебелі садақ пен бумеранг ойлап табылды. Садақтың доғал және домалақ ұштары терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Осымен қатар уланған немесе өртегіш жебелер де кең пайдаланылды. Шебер садақшы минутына 20 оқ атты. Садақ оғы 80-100 метр, күрделі садақ оғы 450м. жетті. Садақ пен жебенің пайда болуынан бастап шағын адам топтары мен жеке аңшылар аңшылықпен айналыса алатын болды. Тас өңдеу әдісі жетілдіріліп, пышақ тілгіштерге ағаштан сап орнату шықты. Балық аулау кең тарап, қайықты ойлап тапты. Мезолит дәуірінде адам көптеген жерлерді игерді: Еуропа мен Азия, Сібір, бірте – бірте Америка материгі. Қазақстанда бұл дәуірдің ескерткіштері негізінен солтүстік және орталық аймақтарда кездеседі. Алғашқы аңшылар солтүстікте Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзенінің бойына қоныс аударды. Мезолит кезеңінің археологиялық ескерткіштері: Солтүстік Қазақстан: Мичурин, Боголюбово, Явленка, Тельман, Виноградовка, Дачная, Евгеньевка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, Екібастұз Орталық Қазақстан: Әкімбек, Қарағанды 3) Неолит дәуірі: Бұл кезеңде экономиялық және қоғамдық өрлеу бастады: · Жабайы жануарларды қолға үйрету · Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу · Шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру Ғылымда бұл құбылыс «неолит төңкерісі» дап аталды. Ерекшеліктері:жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы. Бұл кезең – тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтыра тегістеуді меңгерді. Еңбек құралдарын дайындаудағы ірі жаңалық – тас сыналар(микролиттер) жасау. Тастың тұтқыр түрлерінен балта, келте, келі, келсап, ал граниттен дән үккіштер жасады. Кен өндірудің алғашқы белгілері пайда болып, мыс, алтын, қорғасын өндіру шықты. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан табылған құралдаряшма мен кварциттен жасалған. Ботай тұрағынан (Солтүстік Қазақстан) табылған жертөледегі жылқы сүйектері жабайы жануарларды қолға үйрету ісінің бастаоғанды,ын дәлелдейді. Сексеуіл тұрағынан (Арал өңірі) табылған жылқы, сиыр мен қой сүйектері де осыны растайды. Сүйек өңдеу жетілдіріліп, біз бен ине жасап, жүннен, өсімдік талшығынан мата тоқып, киім тігуді үйренді. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің – ашық үлгідегі тұрақтар Атбасар мәдениетінің тұрақтары шоғырлапған жер – Атбасар ауданы(Ақмола обл.). Тарарлған аумағы Есіл өзенінің аңғары-Қазақстан ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік-батысы. (б.з.б. VII мың ж. аяғы – VI мың ж. басы). Келтеминар мәдениетінің(б.з.б. IV мың ж. аяғы - II мың ж. басы, Қазақстан және Орта Азия территориясындағы мәдениет) батыс-қазақстандық варианты ерекше болып саналады. Бұл мәдениетке жататын қоныстар 1989-90 ж.ж. Атырау облысынан табылған Шатпақкөл, Құлсары-II-IV, Шаңдыауыл, Қайнар, Сарықамыс т.б. тұрақтары. Мақанжар мәденитініңкөпшілігі Торғай ойпатының түбінде жатыр. Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері: Арал маңы: Сексеуіл(Арал тұрақтар тобы), Ақеспе Оңтүстік Қазақстан: Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ Шығыс Қазақстан: Нарым, Қызылсу, Сатшықыз Солтүстік Қазақстан: Қаратомар, Иман-Бүрлік, Дамсы, Ботай Батыс Қазақстан: Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шатпақкөл, Құлсары, Шаңдыауыл, Сарықамыс Орталық Қазақстан: Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай, Батпақ Солтүстік Қазақстан:Явленка, Карлуга, Боголюбово, Виноградовка, Тельман, Мақанжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Быстамақ, Аманкелді. №3 Қола дәуіріндегі Қазақстан .Металл балқытуымен адамзат өз дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңнің негізгі материалы мыс пен қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады. Қоладан әртүрлі еңбек құралдары жасалды – орақ, кетпен, әшекейлер т.б. құралдар. Қола ғасырының өзіне тән ерекшелігі – металлургия мен дамыған жер және мал шаруашылығының кешенді дамуы. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде басталды. Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді. Малдың түр құрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды. Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға жылжи көшіп отырды. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды. Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі толтырып, өзара байланысты болды. Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың маңызды көзі болды. Қола дәуіріндегі тайпалар үй маңында мал өсіруден жайлаудан мал бағуға, одан кейінгі көшпелі мал шаруашылығына көшті. Кен ісі, металлургия. Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштердің дамуында мал шаруашылығымен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті ұқсату аса маңызды рөл атқарды. Қола дәуірінде тоқыма кәсібі қарапайым тоқыма станогінің ұршықтарының табылуынан дәлелденді. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылады. Қола дәуіріндегі тайпалар отқа табынған, мұны сол дәуірде кең таралған өлікті өртеу ғұрпы көрсетеді. Ежелгі адамдардың ұғымынша, ол денені жамандықтардан тазартады және өлген адамды зұлым рухтардан қорғайды. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде шаруашылықтың жаңа түрі көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты күнге табынумен бірдей ай мен жұлдыздарға табыну пайда болды, өйткені көшпелілер түнде көшкенде соларға қарап бағыт ұстайтын болды. Қола дәуірінде тайпалардың ата-бабаларына табынуы және о дүниеге сенуі кеңінен таралды. Сондықтан қола дәуірінің тайпалары өлген құралдармен, қарумен, сәндік заттармен мүмкіндігінше жақсылап жабдықтауға тырысты. Бейіттері үйге ұқсас етіп салынды және айналасы шарбақтармен қоршалған. Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қонысты жүргізілді. Б.з.б. II мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы-қола(мыс пен қалайының қорытпасы).Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдарын ығыстырған кезең-қола дәуірі (б.з.б 2-1 мыңжылдықтар). Еңбек құралдары: тесе,тас кетпен, келі келсап, орақ, шалғы. Қола дәуірінің тайпалары табиғат күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа қаратылып, қол-аяғын бүгіп жатқызған. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға сыйынған. Ерте қола дәуірінде жерлеу салтында кремация басым болған. Бұл табиғаттың жаңартузаңдылығы, жаңа өмірге көшу түсінгі. Қола дәуіріндегі тасқа салынған суреттері-адамзаттың рухани мәдениетін, оның дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылады. Қола дәуіріндегі тайпалардың сәндік бұйымдарының ішінде жиі кездесетіні сқина тәріздес дөңгелек сырғалар. Сәндік бұйымдарды жасау өнерінің даму дәрежесі жоғары болғандығының көрінісі: 1) Айбас сағасындағы Алакөл қабірінен табылған алтын білезік.2) Мыңшұңқыр қабірінен табылған екі сырға. (Б.з.б. II мың ж.).Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін,діни ғұрыптарды атқаратын ж/е үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген.Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сыйыну және о дүниеге сену кең тарады.
№4Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштері, кезеңдері және негізгі ерекшеліктері. Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа өзіндік мәдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дәстүрін жалғастырды. Осы жергілікті мәдениеттердің бәрі көп жағдайда ұқсас болды, сондықтан оларды жаңа археологиялық мәдениетке – Андронов мәдениетіне біріктірді. Бұл мәдениет Минусин ойпатында табылған жердің атымен аталды. Ол екі кезеңге ерте және орта қола ғасыры болып бөлінеді. Андронов мәдениеті Оңт.Сібір, Қаз-тан, Орта Азияның кең алқабын мекендеген тайпалардың қола дәуіріндегі мәдениеті. Бұған тән археологиялық мұралар 1914 жылы Ачинск қ-сы маңындағы Андронов селосынан табылған, сондықтан да Андронов мәдениеті аталған. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі: 1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. 2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ. 3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. Орталық Қазақстанға Андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң келетін екі кезеңнен өтті, алдыңғысы – Нұра кезеңі, ортаңғысы – Атасу кезеңі. Соңғы қола дәуірінде (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) олар Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары, көрнекті Дәндібай-Беғазы мәдениетін құрды. Андроново селосына байл бұл кезең андронов мәден деген атау алды(1914ж.археолог Б.В.Андриановтың қазба жұмысы (А.Я.Тугаринов).1927жыл-археолог М.П.Грязнов андронов мәденң ескертін Батыс Қ\нан тапты.Бұл мәдениетті зерт қазақстандық ғалымдар-Ә.Х.Марғұлан,К.А.Ақышев,А.Г.Максимова,С.С.Черников,А.М.Оразбаев.Андронов тайпалары Қ-ның барлық аймағын мекендеген.Негізгі қоныстанған ауданы-Орт.Қаз.Бұл өңірден 30-дан астап елді мекен,150-дей қабір қазып зерт.Солт. ж/е Бат.Қаз.150-ден аса қоныс пен 200-ге жуық қорым табылды.Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. Баспаналары-жертөле ж/е жартылай жер бетіндегі үйлер.Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралған. Кейінгі қол дәуірінде Орт Қ\да пайда болған жаңа мәд.Беғазы-Дәндәбай мәдениеті. Бұл мәдениетке тән бір қасиет,ол,бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды,екінші жағынан,онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Мәйіттерді бүктеле жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қою да кездеседі.Ошақ қасиетті орын саналған.Жаңа түскен келін ошақты айналған,ал мәйітті шығарарда ошақты айналдырған. Андроновшылар шаруашылығы.Ан-дроновшылар тіршілігінде мал өсіру бәрінен де маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі малы – қой, сиыр, жылқы болды. Андронов тайпалары тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау дәстүрін енгізді. Тұрғын үйлерге жалғастырыла мал қоралары салынған. Олар қос өркешті-бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі Қаз-тан аум. орналасқан. Орталық Қазақстанға Андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң келетін екі кезеңнен өтті, алдыңғысы – Нұра кезеңі, ортаңғысы – Атасу кезеңі. Соңғы қола дәуірінде (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) олар Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары, көрнекті Дәндібай-Беғазы мәдениетін құрды.
№5 Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
Б.з.д. 1 мың. ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар «сақ» атауымен белгілі. Герадот және басқа ертедегі тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп атаған. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга сақтары, тиграхауда сақтары, парадарайа сақтары туралы баяндалады. Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы түрлі болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш, Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда сақтары мекендеген, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген. Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, каспилер, аргипейлер және т.б. ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді:массагеттер Сырдарияның төменгі бойы мен арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар- Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар- Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты мекендеген. Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты; көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды. Б.з.б. 5 мыңжылдыққа жататын Бесшатыр қорымының тянь-шань қарағайлары бөренелерінен тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері. Жетісу жерінде сақ дәуірінің керемет бір ескерткіші – Есік қорғаны. Ол Алматының шығысында, км. жерде Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. Қорғанның диаметрі 60 м. биіктігі 6 м. Үйілген топырақтың астында екі бейіт бар – 1-уі орталық, 2-сі жанынан табылған. Орталық мүрде тоналған, ал жанындағы аман. Тянь-Шань қарағайларын сүргілеп, қима моланың көлемі 2,9 м., тереңдігі 1,5. Еденінде жақсылап 10 тақтай төселген. Анықталғандай, мәйіт жатқан еденінің үстінде көрпе жайылып, алтын қаптамалармен безендірілген. Оның үстінде басын батысқа қаратып, бай киімдерін киіп, қару асынып мәйіт жатты. Антропологтардың айтуынша, өлген адамның жасы 17-18-де , бойы 165 см. Қазір көп ғалымдар оларды Иран тілдес дейді. Дәлелдеулер көрсеткендей, көне көшпелілер Қазақстанның қазіргі жергілікті халқының ата-бабасы бола алмайды. Бірақ, б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ. жерленген адамдардың бас сүйегін зерттеген антропологтар оларда монголоидты нәсілдің араласқанын байқайды. Монголоидты элементтердің таралуы үндоевропалық тілдің емес, түрік тілінің таралуымен байланысты болды. Археологиялық мәліметтерге қарағанда, Қазақстан тайпаларында күн мен отқа табыну болған, ол жөнінде антикалық та, ерте деректер де толық дәлел. Сонымен қатар бұрыннан қалған антимизм, тотемизм, магия сияқты нанымдар да орын алған. №6 Ұлы Жібек жолының тарихи – мәдени маңызы. Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань Цзяннің қолжазбаларынан білеміз . Б.з.б III-II ғасыр жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұ.ж.ж Шығыс пен Батысты байланыстырып Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды. Лазурит жолы: Бадахшан тауы Иран Месопатамия Мысыр Сирия Қытай. Нефрит жолы: Жаркентдария, Шығыс Түркістан, Қытай. Дала жолы: (б.з.б I мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы Дон, Оңтүстік Орал, Ертіс, Алтай , Зайсан көлі. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді;1)Батыстан шығысқа бағытталған жол;2)Іле бағыты;3)Еуропа бағыты; 4)Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты.Ұлы жібек жолының VI-VII ғасырдағы ең гүлденген бағыты Қытайдан Жетісу және Оңт. Қазақстан арқылы батысқа баратын жол. Ұ.ж.ж қалалар: Құлан, Ілебалық, Екібұғы, Отырар, Шадғар, Тараз, Испиджаб. Ұ.ж.ж арқылы тасылған тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар т.б. V-II ғасыр Қазақстан территориясында феодалдық өндірістік қатынастар қалыптаса бастады. Ерекшелігі көшпелі өндіріс әдісіне негізделу және рулық патриархалдық құрылыстың кейбір белгілерін сақтап қалу. Әуелгі ортағасырлық мемлекеттердің қалыптасуының ағышарттары: Қоғадық қатынастардың өзгеруі;Таптың қатынастардың пайда болуы Мәдениет пен діннің таралуы. Ұлы Жібек арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византия түрік арабтарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын-сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан Х-ХІ ғғ жататын саздан жасалған маска табылды.
|