Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Кіріспе


Date: 2015-10-07; view: 977.


«Халықаралық туризм тарихы» оқу курсі туризм менеджерін дайындау оқу жоспарында маңызды арнайы пән. Оның зерттеп білу объектісі дүниежүзінде және Қазақмтанда ұйымдастырылған саяхаттардың даму тарихы, оның негізінде глобальді, кеңдік әлеуметтік-экономикалық оқиға ретінде қазіргі замандағы халықаралық туризмнің құрылуы және дамуы.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ДҮНИЕЖҮЗІНДЕ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

 

18 ғасырдың соңына дейінгі туризм. Туризмнің пайда болуы

«Саяхат» және «туризм» ұғымдарын байланыстыру. Туризмнің даму кезеңдері. Ерте замандағы туризм, Ежелгі Грецияда, Римде, Персияда дамуы. Діни, емдік, спорттық туризмнің пайда болуы. Орта ғасырларда және Қайта өркендеу дәуірі уақытында туризмнің дамуы. Қасиетті жерге қажылық Саяси мінездемелі миграция және студенттердің саяхаттары. Саяхатшылардың қатынас құралдары. Ұлы географиялық ашылулар. 15-18 ғасырлардағы туризм. «Гранд-тур».

19-20 ғасырларда туризм. (Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін).

19 ғасырдың бірінші жартысында туризмнің элитарлық мінездемесі. Ұйымдастырылған турлардың пайда болуы. 19 ғасырдың және 20 ғасырдың бірінші жартысында туризм дамуына әсер еткен факторлар: өнеркәсіптің және урбанизацияның дамуы; бос уақыт санының өсуі; қоғамның мәдени деңгейінің көтерілуі; туризмге көңіл бөлу бойынша мемлекеттердің саясаты. Томас Куктың қызметі. Курорттардың дамуы және курорттық урбанизациясының пайда болуы. Бірінші қоғамдық және мемлекеттің туристік ұйымдардың шығуы. Соғыстың алдындағы халықаралық туризмнің географиясы.

Қазіргі замандағы туризм. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жалпы туризмнің өркендеуінің басы. 20 ғасырдың екінші жартысында туризмнің интенсивті дамуы. Жаңа туристік аймақтардың шығуы. Шетелдік туризмнің дамуында Үшінші әлемдегі мемлекеттердің біртіндеп өсу рөлі. Халықаралық туристік ұйымдарды құру. 20 ғасырдың соңында және 21 ғасырлың басында туризм дамуында басылулар мен көтерілулер. ВТО-ның туристік аймақтарында туризмнің дамуы.

 

БҰРЫНҒЫ КСРО-ДА ТУРИЗМ ДАМУЫ

Ресейде және бұрынғы КСРО-да туризмнің даму этаптары.

Мектеп экскурсиялары- туризмнің жаршылары. 18 ғасырдың басында Ресейде туризмнің дүниеге келуі. В. Генщтің «Жоспары». Петербург жәнеМәскеу бойынша жол кітапшасының пайда болуы. 19 ғасырда Ресейде бірінші туристік ұйымдарды туристік фирмаларды құру. Орыс туринг клубы(1895ж.), оны туристердің Ресей қоғамына айналдыру. Орыс тай қоғамының пйда болуы (1901ж.). экскурсиялық қоғамдарды және коммисияларды құру. Совет уақытында және қазіргі кезеңде туризм дамуының этаптары.

Қазақстанда туризмнің дамуы. Верный қаласында орыс тау қоғамы. Соғыс уақытына дейінгі туризмнің дамуы. Туристік саяхаттарды ұйымдастыру бойынша Г.И. Белоглазовтың, Ф.Л. Савиннің, В.М. Заминнің қызметтері, Қазақстанда ОПТЭ ұйымының ұяларын құру (1931ж.) Соғыстан кейінгі уақытта туризмнің дамуы. Тәуелсіз Қазақстанда туроизм; экономикалық реформалар жағдайында туристік шаруашылықтың жаңа даму тенденциясы.; Туристік кадрлерді дайындауды ұйымдастыру. Туризмнің алдағы дамуының проблемалары және перспективалары.

 

ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

Дүниежүзілік туризм географиясының қалыптасуы және дамуы.

Туризмді географиялық зерттеудің басы. Туризм географиясының қалыптасуы. Туризм географиясының соғысқа дейінгі даму кезеңі. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында зерттеулер. Туризм географясының өркендеуі. Қазақстанда туризмнің ғылыми зерттеулердің дамуы.

 

 

Пререквизиттер: «Мамандыққа кіріспе», «Туризмология негіздері», «Туризмнің әлеуметтік психологиясы», «Туризмдегі құқықтық қатынастар», «Туризм экономикасы және ұйымдастыру», «Туризмдегі маркетинг», «Персоналды басқару», «Қонақ үй бизнесі». және т.б.
Постреквизиттер «Туризм инфрақұрылымы», «Халықаралық менеджмент», «Халықаралық маркетинг», «Көлік менеджменті», «Шет елдердің кедендік заңнамасы», «Халықаралық қаржылық есеп айрысудың формалары мен әдістері».және т.б.

 

 


Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

«5В090200 – ТУРИЗМ»мамандығының 2 курс студенттерімен


<== previous lecture | next lecture ==>
Сайдуллаев С.З., Адамбекова М.Р. _____________________ | IT 2204 Туризм тарихы
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.005 s.