|
ХронологияDate: 2015-10-07; view: 876. 70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді. 1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды. 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді. 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды. 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді. 70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Өйткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады. Сонымен Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті. Құрылтай — түркі-моңғол ақсүйектерінің ресми кеңесі. Түркілерде, кейін Шыңғыс хан империясында Құрылтай үлкен рөл атқарған. Онда, негізінен, ұлы хан сайлау, жауланған жерлерге иелік ету және әскери жорық бағытын белгілеу мен оған әскербасы тағайындау мәселелері шешілді. өлыстарда да жыл сайын Шыңғыс хан әулеті мен әскери-көшпелі ақсүйектердің Құрылтайы шақырылды. 1259 ж. Мөңке ханның өлімінен кейін жалпы моңғолдық, яғни ұлы Құрылтай шақырылмайтын болды. 15 — 18 ғасырларда түркі мемлекеттерінде, соның ішінде қазақ хандығында аса маңызды мәселелерді шешу үшін Құрылтай шақырылған (қ. Қарақұмдағы халық құрылтайы,Ордабасы құрылтайы). 1920 ж. Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан секілді Орталық Азия елдерінде мемлекеті биліктің жоғары органы Құрылтай болды. ҚазіргіМоңғолияның заң шығарушы органы — ұлы халық хуралы. Моңғол және түркі елдерінде бұл жиналыс, кеңес деген мағынаны білдіреді; Құрылтай — партиялардың, қозғалыстардың, т.б. өзге де қоғамдық бірлестіктердің аса маңызды мәселелерге байланысты бастапқы басқосу жиылысы Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.[1] 1-нші құрылтай 1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты. Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады: · Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы. · Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары. · Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері. · Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай 2-нші құрылтай 2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 3-нші құрылтай 2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты. Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды. Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.
30 – жылдары КСРО – да социалистік қатынастар орнығып болды. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс – құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл - әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды. Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО – дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды. Қазақстанда ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары: Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т. б. ұшырады. Жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің меңгерушісі Н.И. Ежов зор «үлес қосты». Атап айтсақ 1927–1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан аластатылды. Ж. Мыңбаев – Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінен, С. Садуақасов – Ағарту Халық комиссары қызметінен, Ж. Сұлтанбеков – жер ісінің Халық Комиссары қызметінен алынды. 1937 – 1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:. Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтив, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешев, С. Арғыншаев, А. Асылбеков т. б. - Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, К. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т. б. - Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, С. Жақыпов т. б. - Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Аспандиаров, К. Жұбанов, М. Төлепов т. б. - Орталықтан Қазақстанға жіберілген қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. М. Рафальский, В. Н. Андроников т. б. Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты. Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг, ЧСИР – отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь. Кейінннен ол «Алжир» - халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселок – обсервацияда Россиядан «халық жауы» ретінде жазалағандар орналастырылды. 1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корейлер, Әзірбайжан мен Армениядан 2 мың 400 отбасы жер аударылып Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды. 30–40 жылдар мен 50–жылдарда контреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті. 101 мың Қазақстандық ГУЛАГ–қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазір де сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды. Сталиншілдіктің басты қылмысы: 1) әміршіл - әкімшіл жүйені қолдану, 2) лагерьлер жүйесін құру, 3) халықтарды күштеп көшіру, 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу (31 мамыр – Ұлттық қаза күні болып белгіленді). Қазақ КСР – інің құрылуы. 1936 жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. Он бір Одақтас республикасының социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикадан одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да енді. 1937 жылдың наурыз айында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі қабылдаған Конституциясында - Республикасының саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері: - Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал – жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді. Қазақ КСР – і КСРО құрамына ерікті негізде енді және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болды. Қазақстан жалпыодақтық еңбек бөлісінде өз орнын алды. 1937 жылғы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңестің сайлауы өткізілді. Оған республикадан 44 депутат сайланды. 1938 жылғы маусым - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 112 – сі жұмысшы; 116 – сы колхозшы; 152 – сі қазақ; 60 – сы әйел, оның 27 – сі қазақ әйелі. 1938 жылғы 15 шілде - Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестерінің сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды. 20 -30 жылдар кезеңінің қорытындысы: Тиімді жағы: Тиімсіз жағы: Қазақ КСР – і соғыс алдындағы жылдарда. 1939 жылы Коммунистік партияның XVIII съезі болып өтті. Онда КСРО – ның индустриялық қуатын кеңейту, қорғаныс қабілетін нығайту бағыты көрсетілді. Үшінші бесжылдықта (1938 – 1942 жж.) Қазақ КСР – іне көрнекті орын берілді, ол түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын) өндіру жөніндегі ірі базаға, көмір, мұнай өндіретін ауданға, сондай – ақ ауыл шаруашылығы (етті мал шаруашылығы, дәнді және техникалық дақылдар) дамыған ауданға айналуға тиіс еді. 1938 – 1941 жылдары іске асырылатын шаралар: Осы жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тәжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күнінен, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді. 1940 жылдың аяғында мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі пайда болды. Әйелдер ірі өнеркәсіп жұмысшыларының 26,1 % -ын кұрады (1940 ж). Жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды: М. Д. Рогозина – ұңғылау машинасы, Р. Бүкірова – электровоз машинасы, Б. Досбаева – Байшонос мұнай кәсіпшілігінің аға операторы. 1941 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі МТС – те істеген П. Ангелинаның «Тракторды меңгеріңдер» бастамасын 26 мыңнан астам әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді. Тұрақты механизаторлар кадрлары қалыптасты, 116 мың маман даярланды. Соғыс қарсаңында Халық шаруашылығында 11 мыңнан астам инженер, техниктер еңбек етті. Стахановшылар мен өндіріс жаңашыларының қозғалысы өрістеді. Риддердегі алғашқы стахановшы – шахтер Б. Ықыласов болды. Соғыс алдындағы жылдарда құрылыстарды салу жеделдеді. 1940 ж. басы – ұзындағы 806 шақырымдық Ақмола – Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде салынды. Бұдан басқа Атырау – Қандығаш, Қандығаш – Орск, «Шығыс Орамы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Семей облысы), Алматы – Сарыөзек, Жамбыл – Алакөл темір жолдары (2681 км.) салынды. 1938 – 1940 жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді. Үшінші бесжылдықтың 3,5 жылындағы өнеркәсіптегі тасымал мен байланыстағы күрделі қаржы – 3,1 млрд. сом болды. Республика өнеркәсібінің жалпы өнімі – 57,3 % -ға артты. Түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент, Қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл заводтары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеністері. Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту заводы, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары. Шымкент қорғасын заводының қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп танылды. 1939 жылы завод ұжымы одақта 1 – орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды. Химия өнеркәсібі, радиохабары және радиоландыру жоғары қарқынмен дамыды. Қазақстан Одақ көлемінде қорғасын өндіруден бірінші орын, Мұнай мен көмір өндіруден 6 – орынға шықты. 1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, индустрияның жалпы өнімі 1940 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 7,9 есе өсті. Олардың бірі Кеңес өкіметі жылдарында салынған еді. 1940 жылы Қазақстан Одақ бойынша: көмірдің – 4,2% -ін; мұнайдың – 2,2% -ін; қорғасынның – 87% - ін; мыстың – 21% - ін өндірді. Соғыс алдындағы жылдарда Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті шикізат аймағы қалыптасты. Соғыс алдындағы жылдарда колхоз құрылысы дамыды. 1940 жылы колхоз бен совхоздарда: 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың комбайн, 14 мың жүк автомобилі жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық техникасы 330 МТС және 194 совхозға шоғырландырылды. 116 мың механизатор, тракторшы, комбайыншы даярланды. 1940 жылы жоғары және арнаулы орта білімі бар 4 мың 600 агроном, зоотехник, мал дәрігері, орманшы болған. 1938 – 1940 жылдары 1338 ТОЗ ауылшаруашылық артельдерінің жарғысына көшіп, 6 мың 900 мыңға көбейді. Халықтық құрылыс әдісімен 100 мың колхозшы каналдар мен суландыру жүйелерін салуға қатысты. 1938 – 1940 жылдары 145 мың га – дан астам жаңа суармалы жер игерілді. Батыс Қазақстанда Орал – Көшім каналы салынды. 1940 жылы әлеуметтік – мәдени шараларға мемлекеттен бөлінген қаржы – 1 млрд. сомға жақындады. (1932 жылмен салыстырғанда 12,5 есе көп). 1938–1940 жылдары республикада тұрмыстық қызмет көрсету орындары салынды: 3100 – ден астам дүкен, 600 – ден астам асхана, ресторан, 200 жаңа емхана, 120 аурухана. Үшінші бесжылдықтың жарты жылында тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаржы – 876 млн. сом болды (екінші бесжылдықта 351 млн. сом болды). 1938 – 1940 жылдардағы шешілмеген проблемалар. - Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. - Колхоз өндірісінде материалдық ынталандыру төмен болды. - Ауылшаруашылық мамандары тұрақтамады. - Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады. - Тұрғын үй қоры социалистік құрылыс қорынан кейін қалды. Сонымен, елде орын алған кейбір келеңсіз процестерге қарамастан, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы бүкіл тарихи даму барысымен соғыс жылдарында зор ауыртпашылықтың бір бөлігін өз мойнына алуға және Жеңіс ісіне елеулі үлес қосуға әзірленген еді.
Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші 80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
Менталитет немесе діл (лат. menta — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтыңэтникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға беруі, әлеуметтік ұстанымы әзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады.
Сталинград Шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылмауын пайдаланып, кеңес-герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігнде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экономика маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23-інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару-жарақтың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. ҚаланыҚызыл Армияның 62-(қолбасшысы – ген.-лейтенант В.И. Чуйков) және 64- (қолбасшысы – генерал-майор М.С. Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қорғауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары, тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1942 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбіне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемл. Қорғаныс к-ті 12 тамызда Бас штаб бастығы ген.-полковник А.М. Василевскийді, 29 тамызда армия ген. Г.К. Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солт. жағынан ғана емес, оңт. тұстан да басып кірді. Неміс-фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Батыс Қазақстан станциялары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына тартылды. 1942 ж. 1 қыркүйекте Атырау қорғаныс көтерісті құрылды. 15 қыркүйекте облыстың мемл. қорғаныс к-ті соғыс жағдайын енгізді. Сталинград майданы әскери кеңесінің нұсқауы бойынша 1942 жылы 16 қазанда Орал майдан өңіріне, ал 10 күннен кейін КСРО ХКК-нің арнаулы қаулысымен әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Чапаев, Ушаков, Тайпақ,Зеленов аудандарында 10 әуежай салынды. Ақтөбе облысының Байғанин, Жұрын, Шалқар, Ключев аудандарында қорғаныс құрылыстары іске қосылды. Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 км ішкері орналасты.Сайхан, Жәнібек және Шұңғай станцияларында авиация бөлімдерінен басқа 1-танк армиясы мен 57-армияның қоймалары орналасты.Орал қаласында ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды. Атыраудан бастап, Жайық өзен бойлай Сталинградтан әкелінген “Волготанкер” кемелері, Каспий және Еділ флотилияларының әскери катерлері жүзіп жүрді. Жау Қазақстан аспанында 30-ға жуық ұшағынан айрылды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 72 және 73-гв. атқыштар дивизиялары, 292 және 387-атқыштар дивизиялары, 81-атты әскер дивизиясы, 74-теңіз атқыштар бригадасы, 152-атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және 156-жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. Даңқты 62-армияның құрамында 4 мыңға жуық қазақ болды. 64-армияның құрамындағы қазақстандық 29, 38-атқыштар дивизиясы сталинград шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаїармандығы үшін 72, 73 гв. атқыштар дивизиясы атанды, 73-гв. атқыштар дивизиясына “Сталинградтық” құрметті атағы қоса берілді. 1942 ж. 22 желтоқсанда “Сталинградты қорғағаны үшін” медалі тағайындалып, онымен 750 мың солдат пен офицер марапатталды. 112 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның төртеуі қазақстандық – ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С. Позолотин, взвод командирі Г.Г. Рамаев және минометші Қ.Сыпатаев. 1945 жылы 1 мамырда Сталинград(қазіргі Волгоград) қаїарман қала атағына ие болды. Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963 – 67 жылы Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, 1982 жылы “Сталинград шайқасы” музей-панорамасы ашылды. 67 Модернизация(франц.-жаңғырту) - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Мазмұны [жасыру] · 1 Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық · 2 Ресей Федерациясымен ынтымақтастық · 3 Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық · 4 Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық · 5 Мұсылман елдерімен ынтымақтастық · 6 Еуропа Одағымен ынтымақтастық · 7 ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері · 8 Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық · 9 Дереккөздер Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтыңӨзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық, саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. Ресей Федерациясымен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы,Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді. Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді. Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды. Мұсылман елдерімен ынтымақтастық Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алғашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскіде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фарабимен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскідегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат құруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады. Еуропа Одағымен ынтымақтастық Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймақтық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады. ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРОреспубликаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрынғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтық, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңғы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕҚЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕҚЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия құрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалог арқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті. Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны аңғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтын валюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтын валюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқы саяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көзқарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мүмкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмкіндігі мен мемлекеттің табиғи байлықтары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.
Ұлтшылдық[1] - саяси және ұлттық бірліктер сәйкес келуі керек дейтін саяси принцип. 1983 жылы бұл анықтаманы Э. Геллнер ұсынды және ол әлі күнге дейін қолданыста. Көрсетілген "бірліктер" ұлттық мемлекет пен ұлтқа сәйкес келеді. Бұл идеалға жетудің екі негізгі жолы бар. Біріншіден, мемлекет халқын азаматтарға айналдыру. Азаматтық ұлтшылдықтың бұл түрінде азаматтық ұлтпен сәйкес келеді, ал, азаматтар жиынтығы ұлтпен сәйкес келеді. Осылайша, мемлекет ұлттық мемлекетке айналады. Екіншіден, этникалық ұлтшылдық шеңберінде белсенді топ діні, тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен анықталатын этникалық шығу тегіне негізделген ұлттық қозғалыстар құруы мүмкін. Ұлтты құрушылардың айтуынша, ұлтты қандай да бір этнос құрамына кіретіндер (кіреді деп саналатындар) құрайды. Егер халықтың осы бөлігі бұл көзқараспен келіссе, ол ұлтқа айналады. Ұлтшылдық идеологиясы бойынша ұлт пен ұлттық мемлекет әлеуметтік- саяси ұйымдасудың ең занды әрі қалаулы бірліктері болып табылады және осы бойынша бүкіл әлеммен қабылдану керек. Адамдар игілікке, тұрақтылыққа, бақытқа тек ұлт құрамында, ұлттық мемлекеттерде қол жеткізеді деп түсіну қалыптасқан. Тарихи тұрғыдан бұл халықтың мемлекетпен байланысы біртіндеп саяси құрылымның бұрынғы түрлерін тықсырып шығарды. Басқа жағынан, ұлттық мемлекет идеалына тек онда бір ұлт қалған жағдайда жетуге болады. Ұлтшылдық мемлекеттілік институтын нығайтты.[2]
- Бүгінде біздің еліміз бүкіл әлемдік қоғамдастыққа өзінің әлеуметтік-экономикалық табыстарымен танымал, белсенді сыртқы саясатымен жоғары халықаралық беделге ие болды. Алайда басқа да бұрынғы кеңестік елдер сияқты бұдан 15 жыл бұрын жұмыссыздық деңгейі жоғары және өмір деңгейі төмен ел болған еді. Тарих өлшемімен алғанда осынау қысқа мерзімде елде қандай өзгерістер болды? Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз; жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз». Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара қарым-қатынастарды дамытуды көздейді. «Қазақстан өзінің геосаяси орналасуына және экономикалық әлеуетіне қарай тар аймақтық проблемалармен шектеліп қалмауы тиіс, - деді Президент. - Бұл біздің көпұлтты халқымызға ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа да түсініксіз болар еді. Қазақстанның болашағы - Азияда, Еуропада, Шығыста және Батыста. Нақ осындай саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстанның қауіпсіздігіне қандай да болмасын қатерлердің пайда болуына жол бермейміз». Өмір көпвекторлық ұстанымын толығынан ақтап шықты, республиканың өзінің ұлттық мүдделерін тиімді жақтай отырып, халықаралық аренада дербес және ықпалды ойыншы болуына мүмкіндік берді. Бірде Француз Республикасының Президенті Жак Ширак Қазақстан туралы былай деген болатын: «Франция 1991 жылы болған өзгерістерді маңызды және шешуші деп бағалайды. Белгісіз және күрделі жағдайда Сіздің еліңіз мемлекет құрудың қайтпас жолына түсті, өзінің ұлттық құндылықтарына және ұзақ тарихына адалдықпен қатар демократия мен құқықтық мемлекеттің жалпыадамзаттық ұстанымдарын. жақтайтындығын мәлімдеді. Қазақстан 15 жыл ішінде тұрақты институттары және серпінді экономикасы бар елге айналды». Н.Ә.Назарбаев алдын кеңінен шолып, халықаралық өмірдің негізгі мегатрендтерін практикалық саясатында ескеріп, ұрымтал сәттерді өзіне тән сезімталдықпен байқап отырады. Кейбір бұрынғы кеңестік көшбасшылар біздің Президенттің 1994 жылғы наурыздың 29-ында ММУ-да сөйлеген кезіндегі айтқан еуразиялық бастамасын дер кезінде ұғынып, бағамдай алмады. Алайда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастардың одан кейінгі бүкіл даму қисыны еуразиялық идеяның өміршеңдігін қуаттады. 2000 жылғы қазанның 10-ында Қазақстан, Ресей, Беларус, Қырғызстан және Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕурАзЭҚ) құрды, ол бүгінгі таңда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең табысты және тиімді ықпалдастық жобалардың бірі болып табылады. Н.Ә.Назарбаевтыің беделі мен ықпалының арқасында Қазақстан еуразиялық ықпалдастықтың локомотивтерінің біріне айналды. Ресейлік сарапшылардың атап көрсетуінше, Қазақстан қазіргі кезде Ресейдің тең дәрежедегі стратегиялық әріптесі болып қана қоймай, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі оның табиғи бәсекелесі болып отыр. Сонымен қатар мамандар ЕурАзЭҚ бойынша әріптестерімен бірге, Қазақстан ГУАМ елдері - Грузиямен, Украинамен, Әзірбайжанмен және Молдовамен қатынастарды ойдағыдай дамытуда. ҚР-ның бұл жолдағы маңызды жеңісі әзірге Ресей, Беларус және Қазақстан кіріп отырған Кеден одағының құрылуы болып табылады. 2010 жылдың басында бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. Үш елді бірыңғай кеден аумағына біріктірген нағыз одақ жақында ғана шындап жұмыс істей бастады. «Әртүрлі күрделі жағдайларға қарамастан, біз ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне шықтық, - деп мәлімдеді жақында РФ Президенті Дмитрий Медведев. - Бұл аса күрделі келіссөздердің нәтижесінде туған өте маңызды, көптен күткен оқиға болды». Нұрсұлтан Назарбаев көпполярлы әлемге кәміл сенген жақтаушы. 1992 жылдың өзінде өзінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасу және даму стратегиясы» деген еңбегінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық қауіпсіздігін құруға ұмтылады деп айқын мәлімдеген болатын. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ЕҚЫҰ маңызды рөл атқаруы тиіс, оның әлеуеті әлі де түгесілген жоқ. Ішкі және сыртқы саясат саласында елеулі табыстарға қол жеткізген Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұсынары да жеткілікті, сондықтан да біздің еліміз осы беделді Ұйымға төрағалыққа өзінің кандидатурасын ұсынды. Бүгінде бұл төрағалық нақты шындыққа айналғаны белгілі. Ол жөніндегі шешім Қазақстанның демократиялық қоғам және ырықтандырылған нарықтық экономика құрудағы нақты жетістіктерін тану болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы лауазымына сайлануы Батыс пен бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасындағы өзара қарым-қатынастардағы бетбұрысты алғашқы қадам болып табылады деп санайды. Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау режімін нығайтуға да елеулі үлес қосты. КСРО тарағаннан кейін Қазақстанның иелігінде әлемдегі төртінші әскери ядролық арсенал қалды. Н.Назарбаевтың қажымас жігерінің арқасында Қазақстан ядролық қарусыздану жолына ерікті түрде және белсенді қосылды. 1991 жылғы тамыздың 29-ының өзінде Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылды, ал 1992 жылы біз Лиссабон хаттамасын ратификациялап, ядролық қаруы жоқ ел ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға міндеттендік. 1993 жылғы желтоқсанның 13-інде Қазақстан Ядролық қаруды таратпау шартын ратификациялады, ал 1994 жылғы ақпанның 14-інде МАГАТЭ мүшесі болды. Өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы тұрақты диалогтың қажеттігін Н.Назарбаев басқалардан гөрі терең сезіне отырып, оның белсенді жақтаушысы болып келеді. Қазақстанда 130-ға жуық ұлт пен 46 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Үш жылда бір рет мұнда ғаламшардың «ыстық нүктелеріндегі» дінаралық шиеленісті бәсеңдету тетіктерін қалыптастыру және өзара түсіністікті іздеуге жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізілуде. 2003 жылы АҚШ Президенті Джордж Буш: «Өзі де көпұлтты және көп конфессиялы ел болып табылатын Құрама Штаттар үшін мұндай кездесулер демократия негіздерін қалыптастыратын толеранттық пен құрмет құндылықтарын алға жылжыту үшін Орталық Азиядағы достарымызбен ынтымақтастықтың маңызын атап көрсетеді», деген еді. Еліміз Президенті жүргізіп отырған ішкі саясат та ойдағыдай болып отыр. Соның арқасында 90-жылдардың басында да Қазақстанда ұлтаралық шиеленістің ұшқыны да болған жоқ. Басқалар, әсіресе көбіне дамыған мемлекеттердегі сияқты қазіргі экономикалық дағдарыстың салдарын да біз аса көп сезе қоймадық. Біз экономика өсімі қарқынының шұғыл бәсеңдеуіне және отандық қаржы жүйесінің дағдарысына жол берген жоқпыз. Екінші деңгейлі банктерді мемлекеттік қолдау елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді, ал мұның өзі өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізі болды. Мемлекет екінші деңгейлі банктердегі халықтың барлық салымдарын кепілдендірді, стресстік активтер қорын құрды. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етті: елдің барлық аймақтарында азық-түліктік бидай, күріш, өсімдік майы, құрғақ сүт, ет пен сары май бойынша тұрақтандыру қорлары құрылды. Құрылыс нарығының проблемалары табысты шешілді, үлестік тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтау үшін бюджеттен жүздеген миллиард теңге бөлінді. 2010 жылғы қаңтардың 29-ында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Онда былай делінген: «Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ». Мемлекет басшысының айтуынша, біз ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығына белгілеген барлық міндеттерді шештік. Президент 2009 жылы көптеген дамыған елдер рецессияны бастан кешіріп жатқанда, Қазақстанда экономика өсімі 1,1 пайызды, өнеркәсіпте - 1,7 пайызды құрағанын еске салды. Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті. «Менің басты мақсатым - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев. Таяудағы онжылдықтағы бүкіл елдің жалпыхалықтық міндеті индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы болуы тиіс. Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ене аламыз. Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасына қатысты Президент әңгіме жалпы көлемі 6,5 триллион теңге инвестицияны құрайтын 162 жобаны жүзеге асыру жайында болып отырғанын атап өтті: бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 40 пайыздан астамын құрайды. Мұның бәрі Қазақстанға таяудағы үш жылдың ішінде 200 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстанның саяси жүйесін дәйекті жаңартуда таяудағы ондылдықтағы құқықтық реформа маңызды рөл атқарады. Құқық қорғау жүйесін реформалау жөнінде елеулі жұмыс атқаруға тура келеді, оның негізгі бағыттары Елбасының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» Жарлығында белгіленді. Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке 2010 жылдан бастап аймақтарда кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыңғай бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға тапсырма берді. 2020 жылдың соңына дейін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға дейін артуы тиіс. Қазақстан бизнес ахуалы ең қолайлы 50 елдің қатарына кіруі тиіс. «30 елдің қатарына кіру міндетін де алдымызға қоюға болады, өйткені ол да қолымыздан келетіні кәміл», - деп атап өтті Н.Назарбаев. Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы жобаларын қаржыландыру үшін Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, сондай-ақ француз, итальян және ресей компанияларынан жалпы сомасы 20 миллиард доллар инвестициялар тартылатын болады. 2010 жылғы сәуірдің 1-інен бастап бюджет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақыларын және жоғары оқу орындары студенттерінің стипендияларын арттыру басталды. Президент балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша «Балапан» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуге тапсырма берді. Жоғарыда айтылғандарды қорытып айтар болсақ, нақ Қазақстанның сындарлы көпвекторлы сыртқы саясаты, сондай-ақ сарабдал ішкі саясаты және орнықты экономикалық дамуы бүгінде әлемде біздің еліміздің жоғары беделін қамтамасыз еткенін айтуға тиіспіз.
|