Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Кадет корпусы 5 page


Date: 2015-10-07; view: 503.


Орман тоғайлы жерлерді мекен еткен қазақтар ішінде ағашшылық қолөнері өріс алды.

Қазақтар көктемде 22-наурызлы күн мен түннің теңелетін кезеңін «наурыз тойы» –деп атап өтуді әдетке айналдырған.

XV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні еңбекші халық арасында терең тамыр жойған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар т.б. Сондықтан халықтың бір бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.

XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді.

Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.

Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады.

“Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысынан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шынжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Үндістанмен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады. Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген.

Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған.

“Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.

XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады.

Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады.

Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.

“Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған.

Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.

 

41сұрақ-жауап. Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889). Ағартушы, педагог, жазушы, ғалым, балалар әдебиетінің атасы - Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген. Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырайды атасы Балқожа би тәрбиеленеді. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мұнда орыс, татар, парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады.
Мектепті 1857 жылы бітіріп, атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді. Сол замандағы қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйі, құрал - аспаптардың жоқтығы да оны мұқалта қоймады. Ол ауыл - ауылды аралап, халыққа білім беретін зиялы мектептердің артықшылығын түсіндірді. Өзінің насихатын халықтың жүрегіне жеткізе білген оған халық арасынан қолдау көрсетушілер табылды. Қаржы жинауды ең алдымен өзі бастап, атасы Балқожаның еншісіне берген малын сатып, түскен ақшаны мектеп салуға жұмсады. Оқу үйі жетіспеген кезде, оқу - білім іздеген қазақ балаларын өз үйіне жатқызып оқытқан.
Сол заманның ең озық білім ордалары саналған Петербург, Қазан қалаларына барып, орыс ағартушыларының еңбектерімен, орыс үкіметінің халыққа білім беру жүйесімен танысты. Солармен таныса отырып, қазақ балаларына арналған оқулықтар жасаумен айналысты.
1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалады. Осы жылы оның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы «Қазақ хрестоматиясы» Орынбор қаласында жарық көрді. Бұл «Қазақ хрестоматиясы» оқулығына енгізілген өлеңдер мен әңгімелерінің тәрбиелік, білімдік маңызы зор болды. Мысалы, «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер - білім бар жұрттар» сияқты өлеңдері оқырман қауымның жүрегінен шықты. Сонымен қатар «Қазақ хрестоматиясындағы» бірқатар өлеңдері шәкірттерді Отанын сүюге, адамгершілікке, тәлім - тәрбиеге жетелейді.
Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қыздарды білімге тартты. 1887жылы Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашты. Ыбырай Алтынсарин сонымен қатар жазушы да. Қазақ балаларының жас ерекшелігіне лайықтап, түсінікті етіп, әңгімелер жазды. Ол орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген шығармаларды қазақ тіліне жеңіл аудара білді. Ыбырай Алтынсарин ұлтымыздың халық ағарту саласына көп еңбек етті. Ол 48 жасында ерте қайтыс болса да, болашақ ұрпаққа тәлім болар мол еңбек қалдырды. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына, алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті

42сұрақ-жауап.Тың және тыңайған жерлерді игерудің жетістігі мен салдарлары (1954-1964 жж.)
XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын. Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайған жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің көлемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның және Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіруге толық мүмкіндік бар деп санады.
Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6,3 млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған партия және үкіметтің ” Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы” каулысында аталған жерлердің аумағын 1956 жылы 28-30 млн. гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі 29,7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн.гектар қажетті.

Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:
1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;
2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды;

3)1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды;
4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1 млрд. немесе одан да артық астық өткізді.

Тың игерудің жағымды жақтары:
1) Қазақстан елдің астық балансын нығайтуда елеулі рөл атқарды.
Республика бидайдын бағасы қатты және кушті сорттарын өндірудің орталығына айналды. Аталған бидай сорттарынын 60%-ы тың өлкесінде өсірілді
2) 1954-І977жылдараралығында республикадаауыл шаруашылығынын барлык салаларына 21,1 млрд. сом каржы жұмсалып, шығын 27,2 млрд. сом болып өтелді. 1990 жылғы акпанның 15-жұлдызында Н.Ә. Назарбаев (ол кезде республика партия ОК-нің 1-хатшысы болатын) ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде ‘Тың игеру басталғанын астык өндіру 7 есеге, ет – 5, сүт – 3 есеге кебейді. Тың көтеруге жұмсалған қаржы 1977 жылға қарай толықөтелді” – деп атап көрсетті. Сөйтіп, 20 жылдан аса уақытта шығын қайтарымын тапты;
3) әсіресе тың өлкесінде темір жолдар, электр көздері желілері және байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік жасалды.
Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды:
1) тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. гектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді;
2) Қазақстан топырағы жайындагы 50-жылғы мағлұматтар үстірт және
түзілген жер қыртысының картасы сапасыз болды. Бұл аздай, Ресейден,
Украина мен Белоруссиядан шақыртып әкелінген ғалымдар, әсіресе шаруашылық директорлығына жіберілген Мәскеу белсенділерінің басым көпшілігі республиканың жер жағдайына жетік, білікті мамандар емес еді;
3) тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бұзылуы:
• жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларына тақап жыртылды;
• егістік көлемін ұлғайтудың салдарынан жайылым жер қыскарды. Асыра сілтеушілікке бой ұрмай Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді жырту көлемі ары кеткенде 10-12 млн. гектардан аспағанда оны интенсивті даму жолына түсіру әлдеқайда оңтайлы болып, 13 млн. гектардан астам құнарлы жерлер шабындықтар мен жайылымдықтар үшін сақталып, бұл, өз кезегінде, мал басының дамуына жағдай жасар еді.
Мал шаруашылығының жағдайы күрт нашарлады:
• 1951-1965 жылдарда республикада қазақтың ежелгі түлігі – жылқының саны 365,7 мың басқа шұғыл азайып кетті, тек жылқы саны 80-жылдары ғана әсім бере бастады;
• керісінше шошқа басы 4 еседен астам өсіп, Солтүстік Қазақстан, Целиноград (қазіргі Ақмола), Қостанай, Көкшетау облыстарында ерекше қарқынмен жүрді;
• 1941-1951 жылдары соғыс және халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің алапат ауыр киыншылықтарына қарамастан, республикада қой басы 2 еседен астам өскен болса, ал тыңмен сәйкес келетін онжылдықта (1951-І961 жж.) оның басы 3 есеге азайып кетті. Себебі тын игеруге дейін әр тұяқтың дұрыс өсіп-өнуіне кажетті деп табылатын жайылым 3-4 гектардан асып жығылса, енді бұл көрсеткіш орта есеппен әр тұякқа 2 гектардан ғана келді. I 4) Мыңдаған жылдар топырақ түзілу үрдісінде пайда болған жер құнары үрленіп, шаңданып, тозаңданды, сөйтіп ұлан-ғайыр жер жел, су эрозиясына ұшырады:
• 90-жылдардыцбасындагы мәлімет бонынша, республикада 106 млн. гектар жер әртүрлі дәрежедегі жел эрозиясына ұшыраған;
• топырақ кұнарының негізі, яғни қара шірігі (гумус) тың игерілген жылдарда 15-30%-га кеміген. 90-жылдарда Көкшетау облысында топырақтың қара шірігі 4,3%-дан 3,6%-ға, Қостанай облысында – 3,7%-дан 2,7%-ға азайыпкеткен;
• бүгінгі күнде су эрозпясына бейімді жерлер Казакстанда миллиондаған гектарға жетіп отыр.
5) Тың игеру ата мекеннің халқы қазактардың үлес салмағының кемуіне
әкеліп соқтырды.
• Тың өлкесі деген аймактың құрамына кірген бес облыстың – Солтүстік Қазақстан, Акмола, Костанай, Көкшетау, Павлодар-жерін игеруге 1,5 млн. адам келді, ал жабык әскери объектілер мұның үстіне 150 мын адамды қабылдады. 1954-1956 жылдары тынды игеруге 391,5 мың механизатор әкелінді. 1959 жылғы санак бойынша казақтар республиканыц 30%-ы.н, орыстар 42,7%-ын, 1962 жылы қазақтар сан жағынан өз мекенінде жалпы тұрғыңдарының уштің бірінен де аз немесе 29 пайызды ғана қурады. 1897 жылгы мәлімет бойынша, олар өз жерінде мекендеушілердің 85 пайызына тең еді.
• Тың игеру науканы басқа одақтас республикалардағы қазақтарды ерікті түрде ата мекеніне қайтаруға жағдай жасайтын таптырмас мүмкіндік болғаны сөзсіз. Мұның өзі халықтың тұрактанып, тың өлкесінің демографиялық дамуына, мал шаруашылығының өсуіне игі ықпал жасайтын еді Сөйтіп, біріншіден, тың 2 еседей аз жыртылғанда, екіншіден, одақтас республикалардағы қазақтар өкелінгенде қазақстандықтар тыңды өздерінің күшімен-ақ игеретін жағдайда болды. Бірақ Кеңес үкіметі мұның бірін де жасамағаны белгілі.

Осы мәселеге калам тартқан авторлардың пікірінше, 954-1964 жылдарда тың өлкесі құрамына енген 5 облыста Ақмола каласын Целиноград және аудандық, облыстық атауларды қоспаған күннің өзінде, тек 200-ден астам селолық және ауылдық Кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертіліп аталған. Осылардың барлығы қазақ тілі аясының тарылуына, кейіннен тұрғылықты ұлт өкілдерінің ана тілінен гөрі орыс тіліне бейімделуіне, қазақ мектептерінің жабылып, орыс тіліндегі мектептердің қанат жаюына әкеліп соқты.

43 сұрақ-жауап) 9-12ғтүркі халқының рухани мәдениеті (Әл-Фараби,Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А.Яссауи)

Кең байтақ қазақ даласын ежелден мекендеген, болашақ «қазақ» деген халықтың (этнос) құрамына кіріп негізін қалаған түрік тілді тайпалар шығыс орта ғасырларында (9-12 ғғ.) дүниеге талай ғұлама ойшылдары алып келді.. Орта Азия мен Түркістан Араб халифатына қарағаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі дамыған шаруашылықтан, мәдени-саяси өмір орталықтарының біріне айналды. Еуразияның Қазақстанға қарастиы оңтүстік шығыс аймағында көптеген ірі қалалар орналасты. Олардың ішінде Отрар (арабша фараб), Сайрам, Ясы (Түркістан), Мерке, Сығанақ, Тараз, Аспара, Баласағұн сияқты т.б. Ұлы Жібек Жолында орналасқан қалалар елдерімен экономикалық, рухани, мәдени байланыса болды. Бір Отрардан ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фарабиден басқа оннан астам ғұлама ойшылдардың шығуы тегіннен-тегін емес еді. Ғылым тарихында аса үлкен мәнді, араб халифатының астанасын әлемге әйгілі еткен Бағдат мектебімен байланыс ерекше болды. Бағдатқа жан-жақтан (Батыстан, Шығыстан) асқан білімпаз қымыстар шақыралғанда олардың ішінде орта Азиямен Қазақстаннан шыққан ғалымдар болды. Осылардың бірі – ұлы ғалым, Шығыстың Аристотелі Әбу Наср Әл-фараби (870-950) толық аты-жөні: әбу Наср мухаммед, ибн Мухаммед, ибн Ұзлаг Тархани, әл-Фараби ат-түрк. Туған жері Отрар (фараб), ежелден келе жатқан түркі халықтарының, оның ішінде қыпшақ тайпаларының, орталық қаласы. Әл-Фарабидің «Ұзлаг Тархани» ныспысы, біріншіден, оның түркі екенін (өзінің жазуынша қыпшақ) көрсетеді, екіншіден, оның аталары, әкесі кезінде белгілі адамдар атақты қыпшақтың (әскери басшы) бірі болғанын аңғартады. Көп тілдерді, оның ішінде грек тілін жете білген Әл-Фараби Аристотельдің шығармаларында араб тілінде түсіндірме (трактат) жазып қалдырады. Ұлы ғалымының философиялық ойлапрын бұлдырмау жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіргендіктен әл-фарабиді Шығыс философтары «екінші Аристотель», «екініш ұстаз» деп атаған. Әл-Фарабидің алғаш білімді қыпшақ тілінде Отырарда, осы қаланың мектебімен дүние жүзіндегі ірі кітапханалардың бірінен алғанын ескеру керек. Араб халифатының (мемлекетінің) астанасы Бағдат қаласында, Шам (Дамаск), басқа да ірі қалаларда тұрып, ғылыммен айналысқанда Шығыспен Батыстың көп тілдерін білген. Үш тілде – түркі, парсы, араб тілінде жүзден астам ғылыми еңбектер қалдырған. Өз заманындағы ғылымдардың барлық салаларынан (математика, физика, химия, астрономия, жаратылыстану, медицина, мсоциология, философия т.б.) мұралар қалдырды. Әл-Фарабидің мұраларынан ерекше орын алатыны – қоғамдық ғылым, мемлекетті басқару туралы саяси ой-пікірлер. «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы» т.б. еңбектерінде айтылатын негізгі ой-пікірі қысқаша мынадай: адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш-ақыл-парасат; нақтылап айтқанда – адам ақыл-ойынның жан-жақты дамуы; халық бақытты өмір сүру үшін елді жақсы әкім; бүкіл халық бақытқа жетудің бірден-бір жол-ғылымды, білімді игеру. Әл-фараби ұлы гуманист ретінде соғысқа, ел-жұрты тонауға, тақ пен пәж үшін болған қан төгістерге, әділетсіздіктерге қарсы шықты, өзінің бар өмірін адамның негізгі. Ең басты мақсат-тілегі, бейбіт өмірге деген құқықығын қорғауға арнады. Әл-фарабидің шәкірттері мен оның артынан ілесе шыққан, жолын құған ғалымдар көп болған, солардың қатарынан Орта Азияның энциклопедист ғалымдары Әбу Әли ибн Сина (980-1037) мен Әбу Райхан Мухаммед Бируниді (973-1050) атап өткен жөн. Әл-фарабиден кейін қазақ даласында (Отырар, сайрам, Түркістан, Баласұғұн өлкелері) туған ірі ойшылдар қатарына Жүіп Баласағұни, Махмұт Қашари, Қожа Ахмет Яссауиның көптеген шәкірттері жатады. Жүсіп Баласағұни аты-жөнінде қарағанда Шу алқабындағы ежелгі түрік қаласында туып, ұзақ жылдар осы жерде өмір сүрген. Ақын, ойшыл ғалым, шығармаларын түрік тілінде жазған. Бізге жеткен ең ірі туындысы 13 мың жолдық ғибарат-өнеге поэмасы (дастан) «Құдатғу білік». Бұл – саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық, трактат, басқаша айтқанда саясаттанулық құнды еңбек. Дастан негізгі кейіпкерлердің әділеттілік, бақыт, ақыл-сана, қанағат туралы диалогтары түрінде жазылған. Шығарманың тіл, теңеулері, кейіпкерлері көшпелі елдер тіршілігіне тым жақын. Шығыс ғалымдары бұл дастанды «Мемлекет қауіпсіздігі жайлы кітап», «Әміршілер үшін әбзел», «Патшаларға ақыл-кеңес кітабы» өте жоғары баға беріп таныған. Кітаптың «Әміршінің міңдеттреі жайлы» таруында юылай делінген: «халыққа шығарған заңын дұрыс (әділ) болсын», «Жұрт сенің әміріңе қадыр-құрметпен қарайтын және оны тез орындайтын болсын». Жұсіп Баласағұни шығармасының кейбір тарауларынан Әбу Наср әлфарабидің «Қайырымды қала тұрғындары атты трактаты мен үндес кееді, мінсіз адамзат қоғамы болуын аңсайды. Қорқытып айтақанда, «Құдатғу білік» Орта Азия мен Қазақстан джерін мекендеген түркі тайпаларының бір кездегі өркендеген мәдениетін, саяси ойларын танытарлық құнды тарихи ескерткіш. Махмұд Қашғари. Әкесі Хусейн ибн Мұхаммед Ыстықкөл жағасындағы Барсхан қаласының әмірі болған. Махмұд Қашғари Жүсіп Баласағұнидың тұстасы, замандасы. Жас кезінен бастап түркілер даласын аралап шыққан, ұзақ жылдар өмір сүрген жері Баласағұн. Тегі жағынан оғыз-қыпшақ тайпасынан, Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген түркі халықтарының ортақ перзенті. Сондықтан да өз еңбегін мазмұн-саясатына сай «Диуани лұғат ат-түрік» деп атаған. Махмұд Қашғари алғаш білімді өз заманындағы түркі халықтарының мәдени-саяси ортаықтарының бірі Қашғарда алады, кейін білімін толықтыру мақсатымен Бұхарада, Нишапүрда, Бағдатта болады. Ол өз заманының аса білімді тіл маманы, тарихшысы, этнографы ретінде танылды. Аталмыш еңбегінде оғыз тайпасының ұсақ руларына дйін атап көрсетеді. Басқа халық өкілдеріне түркі тілін үйренуге кеңес береді. Қоғам өмірінде, мемлекетті басқару ісінде ана тілін жоғары қою, таза пайдалану Махмұд Қашғаридің негізгі идеясы «Диуанида» әскери, табиғат, адамгершілік, махаббат, рухтық-этикалық, тұрмыстық оқиғалар да сөз болады. Махмұд Қашғаридің шығармаларынан түркі тайпаларының 11 ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағаны, мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор мән ьергені көрінеді. Қожа Ахмет Ясауи (1093-1157), Сайрам қаласының маңында туып, Түркістанда жерленген. Қазақстан мен Орта азиядағы философиялық поэзияның көрнекі өкілі. Бала кезінен Яссы (түркістан) қаласын мекен еткен, кейіннен осы қаланың атымен Ясаум атанған. Ахмет Асауидың басты еңбегі «Диуани Хикмет» («Данылық жайындағы кітап») көне-қыпшақ тілінде жазылған, 4 мың 400 жолдан тұратын әдеби-философиялық мұра. Осы шығармасында ол әділдік, шапағаттық, мейірімділік, шыншылдық, ойлылдық, тазалық, секілді игі, істерге, яғни, Абай айтқандай «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» болуға шақырады. Өмір мен тұрмыс, тіршілік, адамгершілік, парасаттылық туралы бір сөзінде былай дейді: « Ғаріп пақыр, жетімдердің көңілін көтер, Қамқоршы бол, жаныңды да пида етер.» Ахмет Ясауи даналық жырларында кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа, қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ, дүние жалған ешкімгеде опа болған емес дейді. Сопылық көзқараста Мұхаммед пайғамбардың өмір жолын қысқаша көне қыпшақ әдеби шеберлікпен суреттеп берген. Ахмет ясауи парасатты, өнегелі өз еңбегімен, ақылғөй даналығымен, әділдігімен ел ішінде аты шыққан құрметті адам болған. Сонлықтан да жергілікті халық, ақынның ізбасарлары, шәкірттері оның денесін қазігі Қожа ахмет Ясауи ғимараты тұрған жерге жерлеген. Кең байтақ қазақ даласынан 9-11 ғғ. шыққан әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи сынды ұлы ғұлама халықтарының рухани жұртының ғана емес, барлық түркі халықтарының рухани жебеушісі, әсіресе қыпшақ тайпаларының мақтанышы болса, бүгінгі заманда да Орта Азия мен Қазақстанда тұратын түрік тілдес халықтардың (өзбек, қазақ, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ, түрікпен) да ұлттық мақтанышы саналады.


<== previous lecture | next lecture ==>
Кадет корпусы 4 page | Кадет корпусы 6 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.047 s.