Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Кадет корпусы 7 page


Date: 2015-10-07; view: 503.


Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:
1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).
3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді. Сонымен, Қасым хан тұсында қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды . Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Европаға, Руське мәлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр.

3. Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі . Хақназар хан (1538-1580 жж).

Қасым ханнан кейінгі қазақ хандығының саяси жағдайы.Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды.Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп ұзамай қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.). Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты.Ішкі саясатта халыққа рақымсыз қаталдық істеу, сыртқы саясатта дос пен қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске ұшыратты.1533 жылы Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстардың ауыртпалығы және күн санап күшейген феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да әбден әлсіретті.

Хақназар (Ақназар) хан. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді.Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады* (Вельяминов –Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах, ч.2, с.333). Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған. XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай ордасына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұл Қазақ хандығының қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында Хақназар ханның жасаған жеңісті қадамдарының бірі еді.Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың Батыс – солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен Қазақ хандығы арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ хандығының үнемі жауласып келген МауараннахрдағыШайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып, өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды. Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дәуірлей түсті.

4. Тәуке хан және оның билік құрған жылдары (1680-1718). «Жеті жарғы» заңдары.

Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды. Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді. 1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді. Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды. Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.

XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе түті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы душпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады.
«Жеті жарғы» заңдар (Тәуке ханның заңдары).XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі.«Тәуке хан ережесінің» негіздері туралы қайсы бір тиянақты пікір айту қиын, кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. Тегінде, «Жеті жарғының» негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі байырғы правосын, сондай – ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери – саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер енді.«Жеті жарғыны» жасау қолданылып келген әдеттегі правоның нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал ақсүйектердің мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тәуке ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ қоғамының сол замандағы әлеуметтік және құқық нормалары заң жүзінде баянды етілді.«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.

«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:
1. Жер дауы заңы (земельный закон)
2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон)
3. Әскери заң (военый закон)
4. Сот заңы (судебный закон)
5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)

6. Құн заңы (закон о Куне)
7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)

Тәуке ханның сыртқы саясаты.Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді .Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады

. 47 сұрақ-жауабы:)Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы

Қазақ интеллигенциясының қалыптасу процесі соңғы ғасырлар аралығында жеделдей түсті . Ол мезгіл жағынан Ресейдегі азаттық қозғалыспен тұспа-тұс келді және оның ықпалында болды. Әсіресе күшті әсер еткен оқиға 1905-1907 жылғы Ресейдегі тұңғыш революция. Осы оқиғаның әсерінен қазақ қоғамының рухани және саяси өмірінің оянуы, ұлттық сананың сезіле басталуымен көзге түсті.Ал ұлттық сананың оянуы қазақ интеллигенциясының қалыптасуының тікелей нәтижесі болды. Дәл сол тарихи бет бұрыс кезеңінде интеллигенция арасынан топ жарып суырылып шыққан аса талантты ақындар , жазушылар, тарихшылар, журналистер, қоғам қайраткерлері біршама болды. Олар қоғамдық сана- сезімнің , мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты.

Қазақстанның егемендігі мен тәелсіздігі тарих сахнасынан шеттетілген қазақ зиялыларының ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қызметі мен саяси күресін терең зерттеуді қажет етеді. Қазақ зиялыларының күрес тәжірибесін , ел үшін жасаған үлкен қызметін байыпты талдау мен са-раптау.Айналысқа түспеген құжаттармен тарихи деректерді қолдану арқылы тарих ақтаңдақтары ақиқатын көрсету зерттеу тақырыбының өзекті мәселесі. Қазақ зиялыларының тарихтағы орны мен рөлін көрсету негізінде өткен тарихи кезеңді түсіну мен талдау өзекті мәселесінің басты нысанасы. Қазақ демократиялық интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 80-жылдардың соңына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер Одағын қамтыған қайта құру процесі. Сталиндік жазалау құрбаны болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасы 1988 жылдан бастап жарық көре бастады. Саяси күрес жолына түсе бастаған ұлттық интеллигенцияның ендігі кезеңі – империя өмірінде үлкен саяси оқиға болған Мемлекеттік Думаның жұмыс жасай бастауы еді. Қазақ зиялылары алғашқы кезеңде Дума , белгілі дәрежеде , қазақ елінің өзекті мәселелерін шешуге көмегін тигізеді деп түсінді. Ә.Бөкейханов I Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. Сайлауға әйелдер , сондай –ақ 26 жастан төмен адамдар , барлық оқу орындарының оқушылары , әскери қызметшілер , шетелдік бодандар , «кезбе бұратаналар» және басқалары жіберілмегені белгілі. Мемлекеттік Думаға облыстан бір депутат сайланды. «Мемлекеттік Думаға орыс тілін білмейтін адамдар сайлана алмайды» деген ереже қазақ халқының кең жұртшылығы үшін үлкен кедергі болды. Ақпан революциясының хронологиялық шегі қысқа болғанмен, саяси оқиғаларға толы кезең болды. Қазақ зиялылары Ақпан революциясын патша самодержавиесінің келмеске кеткені ретінде қабылдап , Ресейде демократиялық негіздегі қайта құрулар жүзеге асатын болады деген үмітпен қарсы алды. Мәселен , Әлихан ,Мұстафа , Міржақып деп қол қойып «Қазақ» газетіндегі «Алаш ұлына» деген үндеуде : « Азаттық таңы атты. ... Ресей қол астындағы халықтардың бәріне дін , ұлт, тіл айырмасына қарамай азаттық әперді. Енді бәрің теңеліп , түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп , төбеміз көкке жетіп отыр », -деп қуана хабарлады. Қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы –ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі Алаш қозғаласы , Алаш орда үкіметімен бірге тарих қойнауында көміліп қала берді. Тек жетпіс жылдан астам уақыттан соң Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жарияланып , қазақ елі ұлы арман жолына қайта бет бұрды.Большевиктік – революциялық идеяны жақтаушы қазақ зиялылары болғанымен , олардың қирату мен қан төгуге бағытталған іс-әрекеттері қазақ қоғамынан аса қолдау таппады. Міне , сондықтан да, көптеген білімпаз алаш зиялылары Ақпан революциясын қуанышпен қарсы алып , Қазан төңкерісіне теріс пікірлерін білдірді.


<== previous lecture | next lecture ==>
Кадет корпусы 6 page | Кадет корпусы 8 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.058 s.