|
Кадет корпусы 13 pageDate: 2015-10-07; view: 624. 1861—1885 жылдар; 1886—1905 жылдар; 1906—1917 жылдар. Қоныс аударудың бірінші кезеңі[өңдеу] Жүз мыңдаған орыс, украин, беларусь шаруаларының Сібір, Қазақстан және Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды. Ресей самодержавиесі жер мәселесін помещик-дворяндардың пайдасына шешіп берді. Помещиктер шаруаларды «азат ету» барысында олардың бұрын пайдаланып келген жерінің басым бөлігін тартып алды. Себебі 1861 жылғы реформадан кейін помещиктер өз пайдасына шаруалардың реформаға дейін өңдеп келген жерінен үлес алуға құқықты болды. Кейбір губернияларда шаруалар жерінің 1/3, тіпті 2/5 бөлігін помещиктер тартып алды. Сонымен қатар жер үлесі үшін тым жоғары өтемдік төлемдер талап етілді. Жер тапшылығынан шаруалар помещиктерден, қазынадан жерді жалға алуға мәжбүр болды. Жер тапшылығының шиеленісуі, «азаттық» алған шаруалардың қайыршылық күйі, құрғақшылық, орта шаруалардың кедейленуі, өтемдік төлемдер мен салықтардың ауыртпалығы шаруалардың туған жерлерін тастап, Оралдың арғы жағынан жер мен «жақсы өмір» іздеп кетуге мәжбүр етті. Зерттеуші А.А.Кауфман қоныс аударудың басты себебін жаңа шаруашылық жүйесіне бейімделе алмаудан, жер құнарлылығының төмендігінен деп түсіндіреді. Ал шаруаларда топырақтың құнарлылығын тыңайтқышпен қайта қалпына келтіруге қаржы да, құрал-сайман да жоқ еді. Әуелгі кезде патша үкіметі шаруалардың шет аймақтарға қоныс аударуына карсы болып, шектеулер койып көрді. Алайда 1891— 1892 жылдардағы Ресейдегі аштыққа байланысты өз бетімен еркін қоныс аудару көлемінің өсуіне орай, патша үкіметі қоныс аударуды заңдастырып, өз ырқында ұстауға тырысып бақты. Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің басшы- лығымен 1868 жылы «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша Ережелер» жобасын жасады. Ереже бойынша жан басына (ер адам) 30 десятина мөлшерде жер белгіленіп, 15 жылға алым- салықтардан босатылды. Ал 1883 жылы қабылданып, 1885 жылы бекітілген Ережеде Жетісу облысына жаңа келушілер мен Шығыс Түркістаннан қоныс аударған үйғырлар мен дүнгендер үшін жаңа нормалар бекітілді. Енді жан басына берілетін жер үлесі 30 десятина емес, 10 десятина болып белгіленді, біркатар жеңілдіктер енді 3 жылға дейін ғана сақталды. Ресми деректер бойынша 1861—1885 жылдары Орал арқылы 300 мың қоныс аударушы келген. Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер[өңдеу] 1889 жылғы 13 мамырдағы «Уақытша Ережеде» ауыл тұрғындары мен мещандарын Тобыл, Том губерниялары мен Жетісу, Ақмола, Семей облыстарына өз еркімен қоныстандыру белгіленді. Үкімет қоныс аударуға шектеулердің кейбіреулерін алып тастады. Дегенмен ресми түрде қоныс аударғандардан гөрі өз бетімен келгендердің ағыны үздіксіз арта түсті. Шаруаларды қоныстандыру Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталып, 1892 жылы Сібір темір жол комитеті құрылғанға дейін жалғаса түсті. Ақмола облысында 1870—1895 жылдары 87 шаруа қоныстары пайда болып, отырықшы халық саны шаруа-қоныс аударушылар есебінен 2 есеге артты. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Еуропалық Ресей мен Украинадан қоныс аударушылардың келуі есебінен халықтың ұлттық құрамы өзгерді. Қазақ, қырғыздармен бірге орыс, украиндар, татарлар, тәжіктер, түрікмендер, башқұрттар, чуваштар, қараноғайлар, армяндар саны өсе түсті. XIX ғасырдың 70-жылдарында орыстар мен украиндар барлық Қазақстан мен Қырғызстан тұғындарының 8%-ын (246,9 мың) құрады. Бұдан барлық облыстарда жергілікті тұрғындардың бірден-бір жоғары үлес салмағын анық байқауға болады. 1897 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 4 млн 150 мың адамға жетті. Солардың ішінде қазақтар 3 млн 400 мың адамды құрады. Қалған 750 мыңдай адам басқа ұлт өкілдері болды. Орыс шаруаларының көбі Ақмола облысына қоныстанған. Сондай-ақ ең көп орыс және украин тұрғындары Омбы, Петропавл, Көкшетау, Қостанай уездерінде тіркелген. Торғай облысында да өзге ұлт өкілдерінің саны да айтарлықтай еді. Жетісу облысында басқа ұлт өкілдерінің үлес салмағының өскендігі әсіресе Верный, Пішкек, Пржевальск, Пішпек уездерінде ерекше байқалды. Ал Сырдария облысында орыстар мен украиндардың үлесі жалпы халық санынан ең төменгі деңгейде болды. Өлкенің негізгі тұрғындары — қазақтардың үлес салмағы төмендеп, 1897 жылдары шамамен 81,7%-ға жетті. Ал орыстардың үлес салмағы жоғарыда көрсетілгендей — 10,9%-ға, украиндар — 1,9%-ға өсіп, татар, ұйғыр, өзбек сияқты ұлттардың да үлес салмағы арта түсті. XIX ғасырдың 80-жылдарында Жетісуға Құлжа өңірінен ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударды. 1897 жылғы санак бойынша ұйғырлар мен дүнгендердің саны 71 мың (56 мың үйғыр, 15 мың дүнген) адамға жетті. Қоныс аударудың үшінші кезеңі[өңдеу] Ресей экономикасындағы аграрлық дағдарыс патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатын күшейте түсті. Қазақстан аумағындағы артық жерлерді есепке алу мақсатында Ф.Щербина, В.Кузнецов, П.Румянцевтің экспедициялары жұмыс істеді. Экспедициялардың барлығы көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы казак тұрғындарына қатысты жер көлемін азайтып, болыстардың иелігіндегі «бос жерлерді» есепке алумен айналысты. Ресей орталығындағы аграрлық қайшылықтардан шығудың жолын Министрлер кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин ойлап тапты. Ол 1906 жылы 6 қарашада шаруалардың қауымнан шығып, хуторға енуі туралы жарлық шығарды. Ол Ресейдің ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығару үшін шаруалар қауымын таратты, сөйтіп қауымдық жерлерді кулактардың басып алуына жағдай жасады. Помещиктік жер иеленуді сақтауға тырысқан үкімет қоныс аударуға бостандық берді. Қоныс аудару саясатындағы бұл жаңа бағытқа көшуге 1905—1907 жылдардағы бірінші революция мен аграрлық толкулар өз ықпалын тигізді. Столыпиннің жарлығы негізінде шаруа өз үлесін сатып, еркін түрде басқа жаққа кетуге мүмкіндік алды. Осылайша Ресейдің орталық аудандарындағы әлеуметтік жіктелудің тереңдей түсуі күйзелген, жерден айырылған шаруалардың көші-қон ағымының кең қанат жаюына әкелді. 1905 жылы қоныстандыру мәселесін реттеу мақсатында қоныстандыру мекемелерінің Басқармасы құрылды. 1905—1917 жылдардағы мекеменің 12 жылғы қызметі нәтижесінде бір миллионға жуық қоныс аударушылар жерге орналастырылды. 1908 жылы қоныс аударушылар толқыны ең жоғары деңгейге жетті. Жылына 665 мың қоныс аударушы келді. Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты қазақтардың шаруашылығына орасан нұқсан келтірді. Тек 1906—1915 жылдары Жетісу мен Сырдария облысындағы қазақтардан 2,5 млн десятина жер тартып алынып, қоныс аударушыларға бөліп берілді. Қазақстанда тартып алынған жер XX ғасыр басында 17 млн десятина, ал 1917 жылға қарай 45 млн десятинаға жетті. Жүздеген жеке меншік хуторлар бой көтерді. Патша офицерлері, кулактар, көпестер көлемді жер төлімдеріне ие болды. 1905—1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революциядан кейін үкімет барлық шектеуді жойып, барлық шет аймақтарға қоныс аударуға жол ашып берді. Осылайша XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан тұрғындарының көп ұлтты құрамының қалыптасуы белсенді түрде жүргізілді. Патша өкіметінің көші-қон саясаты әскери-казактық және әскери-әкімшілік отарлау саясатынан басталып, шаруалардың жаппай қоныс аударуына ұласты.Барлық қоныс аударушылардың 56,2%-ы Ақмола облысына келуінен шаруалардың саны 6 есеге өсті. Халықтың жалпы санының өсуіне табиғи өсім емес, көші-қон қозғалысы күшті ықпалын тигізді. XIX ғасырдың соңында Украинадан ғана келгендердің рөлі арта түсті. 1906—1912 жылдары тек Украинадан барлығы 300 мың қоныс аударушылар келген. Жалпы алғанда, Қазақстан XX ғасыр басында көші-қон бойынша Сібір мен Қиыр Шығыстан кейінгі екінші орынға шықты.[1] 57 жауабы: 1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнері Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы[өңдеу] Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды: қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т.б. мәселелерін қарастыру; І ұлттық өнерді зерттеу; қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу; қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру; қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету. Қоғам құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М Дулатұлы, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.
Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин жөнө т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді. Сәкен Сейфуллин 1925 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, «Едіге», «Қобыланды батыр» реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті. Басқа жанрлардың арасында бірінші орына саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. ҚазАПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады. Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922—1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды. 1934 жылы 12—18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының I съезі өтіп, онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды. Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846—1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нүрпейіс Байғанин (1860—1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900—1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды. Жамбыл Жабаев 20—30-жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І.Жансүгіров «Жолдастар» романын жазды, С.Мұқанов «Байдың ұлы», «Достар», «Ботагөз» романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты. Ресми билік құптаған негізгі тақырып — кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т.б. болып саналды. 1934 жылы республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды. Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері — И.Шухов, П.Кузнецов, Г.Шарипов, т.б. жазушылар көпшілікке танылды. Д.Снегиннің «Шығыстан соққан жел», «Жетісу» жөне «Менің қалам» атты жинақтары жарық көрді. Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының «Таңғы сәуле» атты өлеңдер жинағын құрастырды. Сонымен бірге Коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшеюіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937—1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды. Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері — Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ө.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, т.б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері — С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б. да қудаланған болатын. Саяси қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиянын тигізді. Қазақстан бейнелеу өнері[өңдеу] Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары елге көрнекі үгіт аса қажет болды. 1920 жылы Верныйда басты міндеті — саяси плакаттар шығаруға арналған көркемөнер шеберханалары ашылды. Көркемөнер плакаттар түрінде көшелерге ілініп, адамдарды революциялық рухта болуға үндеді. Н.Хлудов, А.Пономарев сияқты суретшілердің шығармашылығы көпшілікке кең танымал болды. 1928 жылы Қазақ АКСР Ағарту халкомы Қазақстан, Сібір және Урал суретшілерінің жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. 1932 жылы жарық көрген «Әдеби-көркем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулыға сәйкес республикада 1933 жылы Суретшілер одағы құрылды. 1934 жылы 8 мамыр күні Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында «Кеңестік Қазақстан өнері» көрмесі ашылды. Онда Н.Крутильников, Қ.Қожықов, Ө.Исмаилов, т.б. суретшілердің шығармалары қойылды. 1935 жылы «Қазақстандағы Кеңес өкіметіне 15 жыл» көрмесінің базасында Қазақ мемлекеттік Көркем өнер галереясы құрылды. Әбубәкір Исмаилов қазақ бейнелеу өнерінің алғашқы өкілдерінің бірі. 1927 жылы ол Бейсембай Сәрсенбаев екеуі Омбыдағы Врубель атындағы көркем өнер училищесінің жанынан қазақ жастары үшін ашылған біржылдық студияға түседі. Келесі жылы ол Мәскеуге оқуға жіберіледі. XX ғасырдың 20-жылдарының соңына қарай Әбілхан Қастеевтің де шығармашылық жолы басталады. Ол алғашқы кәсіптік дағдыларын Н.Г.Хлудовтан оқып-үйрену арқылы алған. Бейнелеу өнері саласында маман кадрлар даярлау ісімен Алматыдағы театр-көркемөнер училищесі айналысты. Қазақстанның суретшілері өз шығармаларында өткен өмір суреттерін бейнелеуге ұмтылды. Ә.Қастеев революцияға дейінгі Қазақстандағы әлеуметтік жанжалдар төркінін ашып көрсетуге тырысқан суреттер сериясын жасады. «Қызды зорлықпен әкету», «Садақа жинаған молла», «Құрғақшылықта тасаттық беру», «Кәрі байдың құда түсуі» суреттері әйелдердің бас еркі жоқтығын, қарапайым халықты, алдап-арбау көріністерін көз алдыға әкелді. Бейнелеу өнерінің шеберлері өздері өмір сүріп жатқан кезең, әсіресе 30-жылдар тақырыбына көбірек мән бергені байқалады. Суретшілер кеңес адамын, олардың ерлігі мен коммунистік идеяға адалдығын бейнелеуге көңіл бөле бастады. Бұл жылдары партиялық идеологияның Қазақстан суретшілері шығармашылығына әсері анық байқалды. Музыка өнері[өңдеу] Тіпті азамат соғысы жылдарында-ақ музыка жаңа тақырыптармен толыға түскен еді. Алғашқы революцияшыл қазақ әндері туды. Ақындар мен әншілер Кеңес өкіметі идеяларын насихаттауда маңызды рөл атқарды. Әсіресе С.Сейфуллиннің «Жас қазақ марселъезасы» атты революциялық рухтағы әні кең таралды. Қазақстанның уездік орталықтарында жергілікті органдар Музыкалық мекемелерді ұйымдастыруға баса көңіл бөлді. Бұл халықты саяси ағарту міндеттеріне байланысты еді. 1919 жылы Ақмолада музыкалық мектеп, ал келесі жылы театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі ашылды. Осы жылы Верныйда жергілікті гарнизонның мәдени ағарту коллегиясы жанынан П.М.Виноградовтың бастамасымен Қызыл әскерлер хоры ұйымдастырылды. Ұзамай-ақ қалада әскер пәлімдері мен парктерде ойнайтын симфониялық оркестр жұмыс істей бастады. 1920 жылы Орынборда музыка мектебі мен музыка кітапханасы, сондай-ақ халық аспаптары оркестрлері үшін көркемдік репертуар құрастыратын комиссия ұйымдастырылды. Петропавлда осы жылы халықтық консерватория ашылды. Бұл жылдары ұйымдастырылған музыкалық мекемелер радио мен теледидардың орнына халыққа идеологиялық тәрбие беруде маңызды рөл атқарды. Халық арасынан талантты орындаушыларды іздеп тауып, кеңестік музыкалық ұжымдарға тарту үшін слеттер мен байқаулар өткізіле бастады. Қазақстанның көптеген аудандары мен облыстарында әншілер, ақындар, музыканттар байқауы тұрақты өткізіліп тұрды. 1922 жылы Қарқаралыда өткен байқауда бірінші орынды талантты әнші Ғаббас Айтпаев иеленді. 1924 жыды Петропавлда ірі ақын, сазгер әрі әнші Ыбырай Сандыбаев қатысқан слет өтті. 1923 жылы Мәскеуге Ә.Қашаубаев, И.Байзаков, Е.Өмірзақов, Ғ.Айтпаева, Қ.Байжанов, Қ.Жандарбеков, т.б. қазақ әншілері мен музыканттары шақырылып, концерт қойды. 1925 жылы жаңа астана Қызылордада Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, т.б. қатысуымен қазан халық музыкасының үлкен концерті өтті. Қазақ музыка мәдениетін зерттеу және насихаттау ісінде қазақ музыка фольклорын қажымай жинаушы сазгер Александр Викторович Затаевичтің (1869—1936 ) рөлі үлкен. Орынборға 1920 жылы келген ол 3 жыл ішінде 1500-ден астам қазақ әндері мен күйлерін жазып алды. Республика үкіметі А.В.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалап, оған 1923 жылы 9 тамызда Қазақ АКСР-нің Халық әртісі атағын берді. Ол барлығы — 2300 шығарма жазып алған, оның ішінде ұйғыр, дүнген, өзбек, қарақалпақ, татар, кәріс ұлттық музыкалары да бар. «Қазақ халқының 1000 әні» деген алғашқы жинағы 1925 жылы Орынборда, ал «Қазақ халкының 500 әні мен күйі» деген екінші жинағы 1931 жылы Алматыда жарық көрді. Ол жинаған қазақ халқының бай музыкалық қазынасы дүние жүзі елдерін Қазақстанның өзіндік музыка өнерімен таныстырды. 1926 жылы Қызылордада қазақ театры ашылып, Қазақстанның музыкалық орталығына айналды. Ол өзінің алғашқы онжылдығы бойында негізінен музыкалық театр болды. Қазақ көрермендерін тарту үшін театрда спектакльден кейін концерт берілетін. 1931 жылы Алматыда қуатты радио тарату станциясы жұмыс істей бастады. Радиоорталықта түңғыш қазақ кәсіпқой хоры ұйымдастырылды. Ұлттық өнер кадрларын даярлау үшін Алматыда 1932 жылы театр-музыка техникумы ашылды. Бұл республикадағы тұңғыш өнер оқу орны еді, сондықтан онда жұмыс істеу үшін қазақ тілін білетін және музыкадан теориялық білімі бар жігерлі адамдар қажет болды. Сондай мамандардың бірі — Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді. 1933 жылы 29 сәуірде ғылыми-зерттеу кабинеті мен Алматы музыкалық-драмалық техникумының музыкалық-тәжірибелік шеберханасына музыкалық фольклорды зерттеу және қазақ халық аспаптарының үнін жетілдіру міндеті жүктелді. Жұмысқа А.Жұбанов басшылық жасап, Е.Брусиловский және ағайынды Прокофий мен Эмануэль Романенколар сияқты мамандар тартылды. Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Тәттімбет, Қазанғап, Ықылас, Сармалай, Сейтек, т.б. күйшілердің көптеген күйлері жазылып алынады. А.Жұбанов кәсіби музыкалық білім жүйесінде домбырада және қобызда нотамен ойнауды үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтерді. Жемісті еңбек нәтижесінде көлемі және дыбысталуы әр түрлі домбыралар квартетін: прима, тенор, альт және бас домбыраларын жасап шығарды. А.Жұбановтың басшылығымен техникумның 11 студенті кішігірім домбыра оркестрін құрды. 1934 жылы маусымда халық өнер қайраткерлерінің I слеті болды. Домбыра ансамблін есепке ала отырып, Қазақ ОАК-нің төралқасы «Ағарту халкомы жанынан халық өнері қайраткерлерінің I слетіне қатысушылардан халық аспаптарының ұлттық оркестрін құру... Оркестрді республикалық бюджеттен қаржыландыруға қосу туралы» қаулы қабылдады. Оркестр құрамына техникум студенттерімен катар халық музыкасының шеберлері енгізілді. Дирижері және көркемдік жетекшісі А.Жұбанов болды. 1935 жылы осы оркестрдің негізінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Филармония республикадағы музыкалық-концерттік жұмыстың ұйымдастырушы орталығы болды. 1935 жылдың жазында халық аспаптары оркестрі Қазақстан бойынша тұңғыш гастрольге шықты. Оркестрдің репертуарындағы Кұрманғазының «Сарыарқа», «Серпер», «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйлерін халық жылы қабылдады. 1936 жылы мамырда Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті. 23 мамырда Үлкен театрда өткен қорытынды концертте партия мен үкімет басшылары қатысты. А.Жұбанов басқарған оркестр өзінің ең таңдаулы шығармаларын орындады. 1936 жылы 3 қарашада Қазақ АКСР ОАК-нің қаулысымен А.Жұбановқа және солист әншілер У.Қабиғожин мен Л.Мұхитовқа республикаға еңбек сіңірген әртіс атағы берілді. А.Жұбанов оркестрге орыс және шетел классикасын, М.И.Глинканың «Руслан мен Людмила», П.И.Чайковскийдің «Қарғанын мәткесі», Ф.Шуберттің «Музыкалық сәт» операларынан үзінділер енгізді. 1938 жылдың қазан айынан бастап оркестрге Латиф Хамиди жетекшілік етті.
|