Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тексерген:Джекетаева Ш.Н. 2 page


Date: 2015-10-07; view: 1489.


Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады.

1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.

Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.

1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. [1]

Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.

II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».

Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».

Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес.

Шәймерден Қосшығұлұлы (1874—1937) І және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады.[1]

II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары

Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкіметі Қазақстанның байырғы халқы сайлауға қатысуға әлі дайын емес деп санады. Сондықтан да 1907—1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Костанай сияқты тағы да басқа қалаларда наразылық митингілері болып өтті. 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг үндеуіне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына қарсылық ретінде қабылданған болатын.

Келесі шақырылған Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының мүдделерін Т. Седелъников, В. Недоносков, Н. Бородин, И.И. Космодемияновский, А. Виноградов, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады. Орынбор губерниясынан сайланған депутат Т.И. Седельников Мемлекеттік Дума мәжілісінде былай деп ашық айтты: «Жүздеген мың қырғыздар... мүлде жерсіз қалып отыр, ұлтарақтай ғана болмашы жері бар қырғыздардың саны кем дегенде миллионға жетеді». Қазақтардың жерге қатысты құқығын башқұрт Ш. Сыртланов, татар депутаты С. Максудов қорғады.

Закавказьелік депутат X. Мамедов III Мемлекеттік Думаның мінберінен бүкіл мұсылман фракциясының атынан сөйлеген сөзінде Ресейдің ішкі аймағынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударуды онда қазақтардың жерге қатысты занды құқықтары шешілгенге дейін тоқтата тұруға шақырды. Қазақтың белгілі саяси қайраткерлердің бірі Мұстафа Шоқай Думаға депутат болмаса да, III және IV Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының құрамына кіріп, ондағы мұсылман депутаттардың назарын қазақтардың бастан кешіріп отырған ауыр халіне аударды.

Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы[өңдеу]

1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.

Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.[1]

1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері

Бірінші орыс революциясы кезінде патшалық тәртіпке қарсы күрескен ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді,

Қазақстан қалаларында өткен жүмысшылар мен қызметкерлердің жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жүмысшыларды 1905 ж. 9 қаңтарда аткылауға наразылық білдірді. Ереуіл кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек үшті қаржы жиналды. Өлкеде жұмысшылардың ереуілдері мен ставкалары, өсірмесе теміржол қатынасы орындарында неғұрлым кен, қанат жайды. Революция жылдарында өлкенің темір жол тораптарында поездары жүрісі талай рет тоқтатылды, теміржолшылар өз еркімен 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. 1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінін экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады.

90 жауабы:

Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деген өлең жазған еді. Қазақ жерінде үлкен өзгерістер болып жатқан кезде, ұлтжанды ақын алдағы бар болашақты жастармен байланыстырып, соларға үміт артып,

...Мен сенемін жастарға:

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін! - деп жырлаған еді.

Ал жиырма бірінші ғасырдың басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезекті ХІІІ сьезінде осы сөзді қайталап, жастарға арнайы қайырлып үн қатты.

Президент жылдағы дәстүрлі Жолдауларында, келелі жиындардағы сөздерінде жастар саясатына айрықша назар аударғаны белгілі [1]. Соңғы 10 жылда санақ қорытындысы бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 919 153 адамға өскен (1999 жылы — 3,78 млн. адам, 2012 жылы - 4,7 млн. адам) [2].

Елбасы, Н. Назарбаев жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ер жетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған [3].

Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жыл­дарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты басымдықтарының біріне айналды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығында мемлекеттік жастар саясаты базалық қалыптасу кезеңінен өтті. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдылықтары 1999 жылғы 28 тамызда қабылданған № 73 Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына енгізілген.

2004 жылы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданып, жастар жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде бөлінді, оларға белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер берілді.

Жастар саясатының «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003–2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005–2007 жылдарға арналған бағдарламасы» салалық бағдарламалары, сонымен қатар «Қазақстан Республикасында азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің 2006–2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылды [2].

Қазақстанда Елбасының бастамасымен жалпыұлттық: «Жас Отан» Жастар Қанаты, «Дипломмен – ауылға!» және «Жасыл ел» сынды жастар­дың жобалары жұмыс жасауда.

«Жас Отан» Жастар Қанаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Жас Отан» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған. Ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңесіне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді. Жастар қанатының құрамын 2012 жылғы есеп бойынша 200 мың адамды құрайды [4].

Дипломмен ауылға! 2009 жылдың шілде айынан бастап, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстанның ауыл жастары одағы мен Қазақстан студенттер альянсы «Дипломмен ауылға!» жобасын жүзеге асыруда. «Дипломмен ауылға!» жобасының мақсаты – ауыл-аймақтардың кадрлық әлеуетін қалыптастырып, қажетті еңбек ресурстары - әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік өндіріс мамандарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде қолдау көрсету. «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдарының базасында жастарды ауылға барып тұруға және жұмыс істеуге шақыру үшін іс-шаралар мен консультациялар өткізілуде.

«Дипломмен ауылға» жобасы қазақ елінің қазығы болған ауыл үшін де, жастар үшін де өзекті бастама. Бұл шара мемлекеттің ауылды қолдауға бағытталған бұрынғы іс-қимылдарынан өзгеше маңызды болып отыр. Бүгінде жастар Елбасының осы түйткілді шешуге бағыттаған бағдарламасының аясында өз кәсібінің маманы бола алады. Ауылға барған жас маман тек кадр мәселесінің шешілуіне ғана ықпал етіп қоймай, ондағы өзге де салаларға серпін береді.

Бүгінде жобаға байланысты жұмыстар осы кездің өзінде-ақ қолға алынып, студенттердің арасында ауылға аттануға ниет білдірушілер саны уақыт өткен сайын арта түсуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында өңір жастарын жұмыспен қамту жұмыстары бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Мәселен, 2010 жылы 568 маман жұмыспен қамтылса, 2011 жылы бұл көрсеткіш бір шама артып, 623-ке жеткен. Олар бүгінде білім беру, медицина, мәдениет салаларында еңбек етуде. Мамандарға бағдарламаға сәйкес көтермелеу жәрдемақысы беріліп, бірқатары тұрғын үй алуға бюджеттік несие алған.

Ендеше, «Дипломмен ауылға» жобасы кадр біліктілігіне қатысты көзге көріне бермейтін, бірақ маңызы зор мәселелердің шешімін табуға ықпал ететіні сөзсіз [5].

«Жасыл Ел» бағдарламасы.Мемлекет басшысының бастамасымен 2005 жылдан бастап «Жасыл Ел» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. «Жасыл Ел» еңбек жасақтары құрылды. Бүкіл республика бойынша 114 мыңнан астам жастар осы жасақтарға мүше болып отыр. Жасақтардың мүшелері өңірді көгалдандыру, көріктендіру және тазалау жұмыстарын атқарады.

Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп, өркендеуі қазіргі жастарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Міне, сондықтан да Елбасымыз қазақстандықтарға білім берудің жаңа сапасына көшуді тапсырған болатын.

Қазіргі уақытта жастардың басты «әлеуметтік сатылары» сапалы білім болып табылады. Жалпы, білім-деңгейі бойынша 718 мың жастар жоғары білімге ие (15,9%), 306 мың жастың аяқталмаған жоғары білімі бар (6,8%), 728 мың жастардың білімі - арнайы орта (16,2%).

Мемлекет жас ұрпақтың осы заманғы біліммен сусындауына барынша жағдай жасап отыр.

Болашақ – Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы. 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.

1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

Мемлекет басшысының 2005 жылғы халыққа Жолдауында айтылған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінің санын арттыру жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.

Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді [6].

Назарбаев Университеті.Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды. Бұл университет Қазақстан көшбасшысының бастамасы бойынша еліміздің болашақ интеллектуалдық элитасын қалыптастыру мақсатында құрылған.

Жаңа университет инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

Сондай-ақ, мемлекет жастарды жұмыспен қамту және баспана беру мәселлелеріне баса назар аударуда. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге азайып, ТМД елдері мен Еуропаның дәл сондай көрсеткіштерінен төмендеген. 2001 жылы жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,6%-ды құрады. Биылдың өзінде мемлекет 95 мың жас қазақстандықтың жұмысқа орналасуына жәрдем берді.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жыл сайын жас отбасыларға 3 мыңға тарта пәтерлер беріледі.2020 жылға дейін жас отбасыларға арнап 1 млн. 200 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.

Жақында 2012 жылы 16-қарашада өткен «Жас Отан» ЖҚ ІІ съезінде Президент жастар саясатына байланысты бірқатар жаңа ұсыныстар жасады.

Астанада Жастар сарайын салуды, Жастар бастамасы қорын құруды, жастарға арнап электронды еңбек биржасын ашуды ұсынды.

Осы съез барысында «Жастар - Отанға!» атты 2020 жылға дейінгі стратегиясы қабылданды. «Жастар - Отанға!» 2020 стратегиясы 6 бөлімнен тұрады [7].

Соңғы он жылда жастар саясаты жобаларына жұмсалған қаражат 10 есеге артты.

Бүгінгі таңда, еліміздегі азаматтық қоғам­­ның дербес, белсенді және жауапкершілігі мол бөлігінің бірі – жастар.

Жастар қоғамдағы қозғаушы күшке айналды. Мұның себебі де бар, Елбасы жастар саясатына соңғы жылдары үлкен маңыз берді. Олармен нақты жұмыс істеудің үлгісін көрсетті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, мiндеттерi және принциптері

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:

1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;

3) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты:

1) ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн тану;

2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;

3) тән саулығын сақтау және нығайту;

4) адамгершілік және рухани даму;

5) қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

6) азаматтықты қалыптастыру;

7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру;

8) жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділік;

9) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe acыруға жастардың тiкелей қатысуы принциптерiне негiзделедi.

4-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының

мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі құзыреті

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) мемлекеттік жастар саясатын әзiрлейдi;

2) мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды бeкiтеді және оларды iске асыруды қамтамасыз етеді;

3) уәкiлеттi органның функцияларын, өкiлеттiгi мен құрылымын бекiтедi;,

4) мемлекеттiк жастар саясаты саласында нормативтiк құқықтық актілердi қабылдайды;

5) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөніндегi консультациялық-кеңесші органын құрады.

2. Уәкiлеттi орган:


<== previous lecture | next lecture ==>
Тексерген:Джекетаева Ш.Н. 1 page | Тексерген:Джекетаева Ш.Н. 3 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.421 s.