Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тексерген:Джекетаева Ш.Н. 4 page


Date: 2015-10-07; view: 788.


Палеоклиматология ғылымында әрбір континенттің өз ішінде ұзақ мерзімдік климаттық ауытқулармен қатар 100—200 жылдар бойы ауысып келіп отыратын климаттық-табиғи жағдайлар жиі кездеседі. Осындай табиғи-климаттық өзгерістер ұлан-байтақ жерімізді ежелден мекендеген халықтың (ал біз солардың тегін, мәдениетін жалғастырушы екенімізде шүбә болмауы керек) шаруашылық мәдени кескінінің, түрлерінің әр замандарда белгілі бір өзгерістерге ұшырап отыруына міндетті түрде әсер еткен.

Көшпеліліктің эволюциясы[өңдеу]

Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының өзіндік заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды. Ал "Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?" деген мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар: "Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты", — дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі.

Тіршіліктің көзі мал болған халық оның өнімдерін пайдалануды да үйренеді. Етін, сүтін тамаққа, терісін, жүнін киімге, үй тұрмысына, тіпті сүйегі мен мүйізін де қажетіне жаратты. Көшпелі тұрмыс қалыптасуы барысында, алдымен, сүйретпелердің, одан соң арбаның шығуының да маңызы зор. Көшпелілер баспанасының алғашқы түрі арба үстіне орнатылған басқалқа, қос, күрке. Бара-бара көшпелілер көшіқонға ыңғайлы кереге, уық, шаңырақты киіз үйді ойлап тапты. Көшпелілердің ыдысы да көшуге ыңғайлы, сынбайтын, икемді материалдан — ағаш, теріден жасалды.

Көшпелілікке өтуден бұрын мал шаруашылығы бірнеше өтпелі түрді: үй маңындағы малшылық, алысқа ұзамайтын бақташылық, жайлау бақташылығын басынан кешірді.

Құдықтың шығуы да сол 2-мыңжылдықтың соңы, 1-мыңжылдықтың бас кезі.

Көші-қон үшін дөңгелекті көліктің шығуының мөні зор. Дөңгелекті көлік суреттері қола дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында кездеседі. Алтайда зерттелген Бесінші Пазырық корғанынан күймелі арба және жүк таситын үлкен арба табылған. Бұл — сақ дәуірінің көлігі. Сақ дәуіріндегі алғашқы арбалар бір дәртелі болған, кейінірек екі дәртелі арба пайда болады.

Көшпелілік басталған б.з.д. 1-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының ортасына дейінгі аралықта малшы тайпалар алдымен шөл далалардағы сусыз аймақтарды қыстық жайылым ретінде игерді. Содан соң көшудің меридиандық, жоғары-төмен, шеңберлік, ендік түрлерін игерді. Шеңберлік немесе айналмалы көшпелілік дегеніміз — белгілі бір шеңбермен, ортадағы су көзінен алыстамай, айнала көшіп-қонып отыру. Әдетте, бұл көшпелілік малды құдықтан немесе көлден суаратын малшы тайпалар тәжірибесінде болған. Ендік көшпелілік — батыстан шығысқа, одан соң шығыстан батысқа көшіп-жылжып отыратын көшпеліліктің түрі.

Б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасына қарай көшпелі шаруашылық иен тұрмыстың жаңа жетістіктері пайда болды. Олар — темір үзеңгінің шығуы, ағаш ердің таралуы (бұрын тоқым сияқты жұмсақ ер болған), кереге, уық, шаңырағы бар киіз үйдің шығуы, т.б. Осы кезде, мөлшермен V—VI ғасырларда, көшпелі мал шаруашылығы өзінің дамуының ең жоғары деңгейіне көтерілді. Зерттеулерге карағанда, осыдан кейін де 1000 жылға таяу уақыт көшпелілер саяси билікте басымдығын көрсетті. Олар бүкіл Азия, Еуропаның жартысында, Солтүстік Африкада өзінің билігін жүргізді. Олар Еуразия континентіндегі бүкіл саяси жағдайды уысында ұстады, сауданы, керуен жолдарын бақылап отырды. Мүның бәрі олардың әскери күшінің мықтылығына байланысты болды.

V—VI ғасырларда басталған көшпеліліктің "алтын заманы" XV—XVI ғасырларда қайта құлдырай бастады. Мылтықтың шығуы көшпелілердің соғыстағы басымдылығын әлсіретті. Ендігі жерде көшпелілер шөлді далалы аймақтарда өзімен-өзі оқшауланып, отырықшы елдерге әсері әлсіреді.

93.жауабы:ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ саяси қуғын – сүргін ЗАРДАПТАРЫ

(1920 - 1930 ЖЖ.)

Ұлт мүддесі ұлт зиялыларының деңгейіне қарай қорғалмақ. Қазақ зиялылары әрқашанда ұлт мүддесін қорғай білді. Сондықтан да олар сталиндік саяси қуғын – сүргін құрығына жаппай ілікті. 1917 жылғы қазан төңкерісінен басталған ұлт саясатының қудалануы КСРО ыдырағанға дейін жалғасын тапқандығы да тарихтан мәлім. Қазақ зиялыларының көрген қасіретін, рухани жан азабын жеткізу өте ауыр. Сталиндік саяси қуғын – сүргін қоғам өмірінің барлық саласын қамтығандықтан, тіпті оның құрығына әйелдер мен балалар да ілікті. Осы тұста кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің қазақ әйелдерінің теңдігі мәселесін мемлекеттік деңгейде көтеріп, оны өз саяси мақсат – мүддесіне орай шешкендігіне де ерекше назар қажет.

Кез-келген мемлекеттің негізгі мақсаты - ұлттық рухы биік тұлғаларды қалыптастыру проблемасы екендігі де шындық. Ұлттық рухы биік жан тұлғалық деңгейге жетіп игілік пен ізгіліктің шапағатын өз айналасына тигізіп қана қоймайды, ұлтын өрге сүйрейді, келер ұрпақтың есті болып жетілуіне өзіндік үлесін қосады. Ұлттық рухы биік түұлғаны қалыптастыру үшін өткен тарих даналығына зер саламыз. Өкініше орай, кеңестік тоталитарлық жүйе дәуірлеп тұрған өз уақытында, КСРО құрамындағы ұлттардың өздік санасын өзінің «идеологиясына» сай қалыптастыруға барлық күшін жұмсады. Соның салдарынан бірнеше ұрпақ этникалық өздік сана жадынан айрылып, «кеңес өкіметінің балалары» санасымен тәрбиеленді. Оның салдары әлі күнге дейін күнделікті өмірден көрініс беріп те жататындығы ешкімге құпия емес.

Қазақстан тарихының өркениетті көзқарас шеңберімен зерделейтін өзекті мәселелері жеткілікті. Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің ұлт санасына салған «жаралары» жеткілікті. Одан арылу үшін уақыт ғана емес, уақыт ағынымен бірге ұлтшылдық келбетті қалыптастырып үлгеруіміз қажет. Осы мақсатта өткен тарихымыздың өзекті мәселелерін ақылмен пайымдауға да күш саламыз. Соның бірі 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық рухымызды тұншықтырған тұстары. Ұлт еңсесін түсіріп, тексіздікке жол ашқын кеңестік билікті ақылмен зерделеу қазақ тарихының кісілік келбетін дәйектемек.

Тәуелсіздік алғаннан бері Отандық тарих ғылымында кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғам тұсындағы саяси қуғын – сүргін зобалаңы зерттелінуде. Кеңес өкіметінің саяси ұстанымы өз ұлтының мүддесін ойлағандарды «ұлтшылдар», «тап жаулары», «жікшілдер», «оңшылдар», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деп бөлшектегені де тарихтан мәлім. 1917 жылғы қазан төңкерісінен басталған ұлт саясатының қудалануы КСРО ыдырағанға дейін жалғасын тауып, жұртын сүйгендердің тағдырын кеңестік биліктің «шешкендігі» де мәлім. Қазақ ұлты өмірінде «ел-жұрт» атты категориямен берілетін даналық бар. Ел-жұрт ұғымымен бірге өскен қазақ баласында елдік түсінігі жоғары болды. Саяси қуғын – сүргін шаралары қазақты елдік санадан айыруға жол ашты. Саяси қуғын-сүргін салдарынан тексіздікке жол ашылғанымен, сталиндік зобалаң ұлт болмысының тамырын қиюға шамасы жетпеді. Оның түп-төркінін қазақ тарихының кісілік келбетінің биіктігінен, рух үндестігінің қуаттылығынан іздейміз. Әрине, бұл өз алдына бөлек зерделенетін іргелі тақырыптардың бірі екендігі де даусыз.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын – сүргін құқық қорғау органдарының қолымен жасалды. Осы мақсатта ең алдымен қуғындаудың заңдық негізі әзірленді. Оған дәлел ретінде сол жылдары қабылданған заңдарды алға тартамыз. Кеңес мемлекетінің заңдары қазан төңкерісінен бастап –ақ тоталитарлық жүйенің орнығуына жол ашты. Кеңестік құқық «биліктен айырылған қанаушы таптарға» қарсы бағытталғандықтан, адамдар шыққан әлеуметтік тегі үшін жазаланды. Кеңестік заңдар «кеңестік тәртіпті» нығайтуға, социалистік экономиканы құруға, еңбекшілер бостандығы мен демократиялық құқықтарын қамтамасыз етуге, бұқараны коммунистік санамен тәрбиелеуге тиіс болды [1]. Сөз жүзінде заңдардың сипаты демократиялық бағытта болғанымен, іс жүзінде адамдарды жікке бөліп «таптар арасындағы күресті» өмірге әкелді. Бұл адам баласының мәдениетіне, адамзат өркениетіне аса қауіпті еді. Кеңестік тоталитарлық тәртіпті жамандау мақсат емес, алайда оның миллиондаған адам өмірін құрбандыққа қиған саясаты ұлт санасына ізін салып та кетті. Кеңестік жүйеде өмір сүрген халықтардың саяси қуғын – сүргін зобалаңына ұшырамағаны кемде кем.

Кеңестік тоталитарлық жүйе билік тармақтарын бір – бірімен байланыстырып, сот билігін саясаттың құралына, коммунистік партияның қолшоқпарына айналдырды. Сол арқылы репрессиялық шаралар жүргізілді. Сот билігі өзіндік мәртебесінен айырылған тұста өрескел заңсыздықтар етек алып, адам құқықтары аяққа басылды. Ең алдымен халықты идеологиялық өңдеу ісі қарқынды қолға алынды. Ср. А. Хайек тоталитарлық қоғамда билік басына қабілетсіз тұлғалардың келетіндігін және ол қоғамның азаматтары идеалға шын берілгендіктен де аморальды істерді жасайтындығын жазған еді. Р. Конквест өзінің «Большой террор» деген еңбегінде КСРО – дағы тоталитарлық тәртіпті зерттеп, репрессияның көлемі туралы пікір – таластардың бастамасын жасаған болатын. Сонымен кеңестік тоталитаризм тұсындағы саяси қуғын-сүргін шындығын ең алдымен шетелдік зерттеушілер көрсетті. Алайда, осы тұста КСРО – да КОКП - ның ХХ сьезінен кейін түрме мен еңбекпен түзету лагерлерінде болған тұлғалардың естеліктері мен әңгімелері шыға бастағандығын да ескеруіміз шарт. Сталиндік саясат біржақты сынға ие болды. Саяси қуғын – сүргін туралы еңбектер Л.И. Брежневтің басқару жылдарында кенет азайған. М.С. Горбачев тұсында сталиндік қуғын-сүргінді әшкерелеген еңбектер көп жазылса, ал одан кейінегі жылдары Сталинге дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін тарихы жазыла бастады. КСРО –ның өзінде қуғын – сүргін тақырыбы туралы тек қана диссиденттер жазған-ды. Олар өз шығармаларын шетелдерде бастырған. Бірақ, олар саяси қуғын-сүргін мехнизмін дәл ашып көрсете алмады. Ол үшін саяси қуғын – сүргіннің жүргізілу барысын көрсететін мұрағат құжаттарын жүйелі түрде зерттеу керек еді.

КСРО-дағы қайта құру курсына байланысты 1988-1991 жылдары кеңстік тарихшылардың сталиндік қуғын-сүргін саясаты мен кеңестік тоталитаризмді терең зерттеуіне жол ашылды. Осы кезеңде жапай қуғын – сүргін көлемі, заңсыздықтар туралы құнды фактілерге толы монографиялар, мақалалар жинағы көптеп жарияланды. Кейін тоталитарлық жүйе құлаған Қазақстанның зерттеушілері қуғын-сүргін саясатының алғышарттарын, жүргізілу барысын, салдарын қарқынды зерттеді. Әлі де зерттеу жұмыстары жалғасуда. Себебі, сталиндік зобалаңның ауқымы кең болғандықтан, оны 5-10 жыл көлемінде зерттеп болу мүмкін емес. Тәуелсіздіктің арқасында шаң басқан мұрағаттардағы зерттеушісін күтіп сарғайып жатқан деректерге қолымыз жетіп, сол уақыттың шындығын көре бастадық. Зерттеушілер «құпия» қорларды зерттегендіктен де, көптеген жаңа еңбектер жарық көрді.

Кеңестік тоталитарлық қоғам ұлт мүддесін аяққа басу, ұлт рухын әлсірету мақсатында саясат жүргізіп, «кеңес халқын» қалыптастыру ісін қарқынды қолға алды. Енді саяси қуғын-сүргіннің адам құқығын аяққа басқан заңдық негіздерін зерделесек: КСРО-да 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргін социалистік құрылысты орнықтырудағы шаруашылық механизмінің ажыратылмас бөлігіне айналды. 1920 жылдан бастап ВЧК-ГПУ-НКВД халық арасынан «кеңестерге қарсы мәліметтерді» жүйелі түрде жинаған[2]. Жак Росидің айтуынша 1920 жылдың басынан бастап-ақ «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» іс-әрекеті үшін 6 айдан жоғары мерзіммен бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Ал, 1930 жылы РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-10 бабымен 10 жылға сотталғандар саны миллионға жетіп, ГУЛАГ халқының 25 процентін құраған. Осы баппен сотталғандар түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде «агитатор» деген атты иеленген[3].

1920-1930 жылдары кеңестік сот жүйесі қайта құрылып, саяси қуғын-сүргін шараларын жүргізуге бейімделді. Кеңестік заңдар халық шаруашылығын дамытуға есептелген жаңа экономикалық саясаттың тиімді тетігі болғандығын да көптеген зерттеушілер дәлелдеді[1, С.677]. Сол кезеңдегі КСРО Конституциясының 157-бабында сот мәжілістері ашық жүргізіледі, ал 155-бапта судьялар мен халық заседательдері дербес, тәуелсіз болып, тек қана заңға бағынады деп жазылғанмен, іс жүзінде жағдай басқаша болды. Конституция тұжырымдары мен шынайы өмір арасындағы алшақтық адамдардың өз қоғамынан жаттануына (отчуждения от общества) әкелді. Саяси қуғын – сүргіннің қалыптаса бастаған жүйесіне сталиннің болмысы сәйкес келген. Ол тіпті, генералдарды да ғайбат (донос) айтуға мәжбүрлеген: « ... Плохо сигнализируете. А, без ваших сигналовни военком, ни ЦК ничего не могут знать», деп жеткізілген ақпараттың 95 проценті жалған, ал 5 проценті шындық болса да қанағаттанған[4].

1928-1931 жылдары жалған айып пен жала жабу әдісі күшейіп, айыпкерді «мойындатудың» әдіс – тәсілдері жетілдіріліп, ОГПУ – дің қолында репрессияны жүргізудің даяр механизмі болған. Осы механизм 1930 жылдары толықтай күшіне енген. Нәтижесінде саяси қуғын – сүргін жалпылама бағыт алды. Сот – тергеу органдарының жазалаушы қызметі саяси – шаруашылық науқандар барысында қарқынды деңгейде жүрді. Астық, ет дайындау, бай – кулактарды тап ретінде жою, социалистік меншікті қорғау науқандары кезінде жоспарды орындай алмаған халыққа қарсы қолданылған репрессиялық шаралар өте көлемді. Юстиция халық комиссариаты екі апта сайын сот – тергеу органдарынан экономикалық науқандарға қатысты қылмыс туралы мәліметтерді сұрап отырған.Сол кезде азаматтар үстінен қозғалған қылмыстық істердің басым көпшілігі заңсыз болған. Дәлел келтірсек: «... 1928 жылы сотталған шаруалар өз өнімдерін сатпаған және алыпсатарлықпен айналыспаған. Оларлың көпшілігінде астықты сату туралы рұқсат қағаз болғанымен, олардың үстінен заңсыз түрде түрде қылмыстық істер қозғалған» [5], - деген мазмұндағы деректер мұрағаттарда жиі кездеседі. Мәселен, Қылмыстық Кодекстің 61 бабының 3 тармағы науқан жоспарын орындамау мақсатында ұйымдасқан топты жазалауға бағытталғанымен, осы бап бойына жеке адамдар да сотталған. Айыпқа тартылған тұлғаны «қылмыскер» атандыру үшін бірін – бірі танымайтын, әр ауылдан шыққан «айыпкерлерді» топтап, байланысы жоқ бірнеше істер біріктірілген. Ал, астық жинау науқанында кеңес өкіметіне наразылық білдіргендерді «террористік іс – әрекет» жасады деп айыптаған. Олар Қылмыстық Кодекстің 58 бабының 8 тармағымен ату жазасына кесілген. Тіпті, ауылдарында бай – кулак қаламағандығын айтқан ауылдық кеңес төрағалары да атылған. Ал, «науқан жоспарын орындауға шамамыз жетпейді» деп шындықты айтқан тұлғалар Қылмыстық Кодекстің 58 бабының 10 тармағымен сотталған. Нәтижесінде түрмелерге адам сыймай, сотталғандар адам төзгісіз жағдайда «жазаларын» өтеген. Түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде азапты өмір туралы мұрғаттарда көптеген құжаттар сақталған. Түрмелерде адам санының шамамдан тыс болуын билік «таптық күрестің шиеленісуінен» деп түсіндірген. Кейбір түрмелерде қылмыстық іс қозғалмай сотталған азаматтар да болған. Мысалы, 1931 жылы 112 орындық Қызылорда түрмесіндегі 325 адамның 203 – і ешқандай айыпсыз қамалған. Ал, 300 адам түрме қабырғасының жанында ашық аспан астында «қамауда» жатқан[6]. 1930 жылдан бастап өлім жазасына кесілгендер туралы ақпарат мемлекеттік құпияға айналады.

1934 жылы С. М. Кировке жасалған қастандықтан соң репрессиялық саясат жедел дамыды. Нәтижесінде әскери емес адамдарды әскери алқа соттап, әрбір қылмыстық істі қарауға 15 минут уақыт «кеткен». Тергеушілер жауап алудың хаттамасын алдын ала дайындап, айыпкерге қол қойдыртқан. НКВД органдарына тән ерекшелік тұтқынға алынған тұлғаның әлеуметтік тегіне, мүлкіне ерекеше назар аударатындығы. Сол жылдары сот – тергеу органдарына кәсіби біліміне қарамай, тек қана бұйрықты дәл орындайтын кадрлар іріктелген. Шала, сауатты, озбыр тергеушілер репрессиялық саясаттың нәтижесі. Егерде 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын – сүргін болмаса, осындай құбылыс өмірге келер ме еді? Адам құқын аяққа басқан заңсыздықтардың салдарынан ел арасында сот – тергеу органдарына үрей, сенімсіздікпен қарау үрдіс алған. Күні кешеге дейін КСРО бұғауынан шыққан елдер сот – тергеу органдарына сенімсіздікпен қарады. Өйткені, сот – тергеу органдары партияның айтқанын орындап, биліктің құралы ғана болды. Саяси қуғын – сүргінге ең алдымен ұлтжанды зиялылар ұшырады. Мұрағат құжаттары зиялылардың көзін жоюдың астарында саяси мән жатқандығын дәлелдейді. Тіпті, «халық жауы» атанып, атылған, лагерге айдалған тұлғалардың отбасы мүшелеріне дейін репрессияға ұшырады. Өйткені, кеңестік саясаттың түпкі мазмұнына кедергі болар отбасы құндылығы еді. Билік құрылымдары кез – келген отбасы мен жеке адам өміріне белсене араласты.

Қазақстандық әйелдерді, оның ішінде қазақ әйелдерінің саяси, құқықтық және әлеуметтік жағдайын өзгерту шаралары саяси қуғын – сүргінге ұласты. Саяси шаралар мен экономикалық науқандар барысындағы саяси қуғын – сүргін құрығынан әйелдер де аман қалмады. Саяси қуғын – сүргінге қазақтармен қоса, Қазақстанда өмір сүрген өзге ұлт өкілдері де ілікті.

«Ер адамдармен бірдей тең құқықты иеленген» (әйел теңдігі саясаты айтып отырмыз) әйел – аналар ер адамдармен бірдей дәрежеде қудаланды, ату жазасына кесілді, түрмеге жабылды, 8-25 жыл аралығында еңбекпен түзету лагерлерінде «жазаларын» өтеді. Өйткені, оларға ЧСИР (Отанын сатқандардың отбасы мүшелері) деген жалған айып тағылды. Міне, отандық тарихтың ең қайғылы, қасіретті беттерінің бірі. Қазақ тарихында мұндай сұмдық бұрын – соңды болмаған-ды. Қазан төңкерісіне дейінгі оқыған, зиялы қазақ қыздары қоғамдық қызметтерден әдейі шеттетіліп, ғасырлардан ғасырларға жалғасқан отбасы құндылығына саяси мән берілді. 1928 жылы тұрмыстық қылмысқа қатысты заңдардың барлығы бір жүйеге келтіріліп, РСФСР Қылмыстық кодексінің «Рулық тұрмыс қалдықтарын құрайтын қылмыстар туралы» деп аталатын 10-тарауында жинақталған. 1926-1929 жылдардағы тұрмыстық қылмыс түрлерін талдағанда оның шамамен 60 проценті қазақ қыздары мен әйелдеріне қатысты қозғалған[7]. Қазақ әйелдерін социалистік құрылысқа тарту саясаты мақсатты түрде жүргізілген. 1927 жылы жарияланған «Қазақстан кәсіподақтарындағы әйелдер арасындағы жұмыс туралы» деп аталатын кітапта «Партияның басты мақсаты жұмысшы табының ішіндегі әйелдердің ерекше мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Теңдік туралы, әйелдерді дамыту туралы мәселелерді біз ортақ мақсат, шешімдерден шығара отырып шешуіміз қажет» деп жазылған жолдар кеңестік биліктің әйелдерге бағытталған саясатының негізгі мазмұнын көрсетеді. Әрбір ұлттың мінезін ескере отырып, оны өзіне тиімді тұрғда идеологиялық өңдеуден өткізуге тұрғысында белсенді шаралар жүргізілді. Осы мақсатта кітапшалар, газет – журналдар көптеп шығарылған («Жетісу әйелдері», «Әйел теңдігі», «Азат әйел» және т.б. айтуымызға болады). Әйелдерді партияға кіргізу арқылы, олардың қызметін өсіріп, социалистік құрылысты нсихаттатқызды. Сонымен қатар, партия өзінің жүргізген шапраларының орындалу деңгейін қатаң бақылап отырған.

1920-1930 жж. Қазақ өлекелік БК(б)П комитетінің жанындағы әйелдер бөлімі, әйелдердің саяси – құқықтық және экономикалық жағдайын өзгертуге бағытталған саясатты жүргізетін, партия нұсқауын орындаушы органға айналады. Қазақстандағы делегат әйелдердің жиналыстары әйелдерді республиканың өндірістік және қоғамдық өміріне тарту ықпал етіп, нәтижесінде жылдан жылға делегат әйелдердің саны артқан. Әйелдер клубтары мен жиналыстарының негізгі мақсаты мен міндеті «ескі тұрмыс қалдықтарымен күресу» ісіне қазақ қыздары мен әйелдерін тарту болатын. 1925 жылдан бастап құрылған қызыл отаулар да әйелдер арасында кеңес билігінің саясатын «ұғындыру» жұмысымен қарқынды айналысқан. Сонымен қатар, олар әйелдер арасында «кеңестерге қарсы» көңіл-күйді үнемі қадағалап, жоғарыға мәлімдеп отырған. Мәселен, 1926 жылы республикада 13 көшпелі қызыл отау болса, 1930 жылы олардың саны 74 – ке өскен. Мұрағаттардағы партия құжаттарында «мұсылман әйелдері үгіт – насихат жұмыстарына онша назар аудармайды, олардың арасында кеңестерге қарсы көңіл – күй басым» деген жолдар жиі кездеседі. Кеңес өкіметі қазақ қыздарының «надандығын» нағыз ұлтжанды зиялылардың басын біріктірген Алашорда үкіметіне кінә етіп те артқандығы тарихымыздан белгілі.


<== previous lecture | next lecture ==>
Тексерген:Джекетаева Ш.Н. 3 page | Тексерген:Джекетаева Ш.Н. 5 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.564 s.