Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тексерген:Джекетаева Ш.Н. 7 page


Date: 2015-10-07; view: 418.


Мұстафа Шоқай. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.

Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі – Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.

Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы

Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын – 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. Аталған құрылтай 26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл санау бойынша 9-10 желтоқсан). Бұған Сырдария, Закаспий, Самарқан, Фергана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Олардың ұлттық құрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді.

Осы жиын делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ – Түркістан мұхтарияты. Аталған IV құрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан мұхтариятының «Халық кеңесін» (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына – Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына – Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады.

Түркістан үкіметінің мүшелері

Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны олар «уақытша үкімет» деп белгіледі. Сонымен Түркістан үкіметінің мүшелері мына тұлғалар: Мұхамеджан Тынышбайұлы – Үкімет төрағасы және ішкі істер министрі; Мұстафа Шоқай – Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер министрі; Шаһислам Шахиахметов Үкімет төрағасының орынбасары және қаржы министрі; Әбдірахман Оразайұлы – кейінгі ішкі істер министрі; Үбайдулла Хожаев – әскери істер министрі; Насырхан төре – халық ағарту министрі; Мірәділ Мырзахметов – әлеуметтік істер министрі; Хидаятбек Юрғули Ағаев – ауылшаруашылығы министрі; Әбитжан Махмұт – азық-түлік министрі; Саломон Гердфельд – азшылық ұлт өкілдерінің министрі. Осы кезде М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған Түркістан тағдырына және шөре-шөре болып қалған өз тағдырына ақыл көзімен қарауды сұрады. Осыған байланысты кейін бір еңбегінде Мұстафа 1917 жылы Петерборда болған бір пікірталасты есіне алыпты. Мәселе мынада екен, Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апару жайын қарайды. Сонда түркістандықтар жағдайды ушықтырмау үшін алдағы 25 жылда өлкеге жұмысшыларды әкелуді сұраған. М.Шоқай ондай күш қажет болса, «орыстардың орнына татар мен башқұртты жіберу» мәселесін күн тәртібіне қояды…

Ал енді М.Шоқай түркістандықтардан тек жақсылық көрді деу де ақылға сыйымсыз. «Бірлік туы» газетіне 1918 жылы 18 наурызда жарияланған «тау арасынан» жасырын жолданған әйгілі хатында оны Гаухана, Маймүбәрак, Құмбаста сарттары қалай өлтіре жаздағаны жазылған. Түркістан автономиясын қырған большевиктік қара күш пен жергілікті бағдарсыз оспадар күштің айырмасы шамалы еді.

Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы

1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Стамбулға аттанады.

Өмірінің соңғы жылдары

 

Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.

98-жауабы:

Ұлы Жібек жолы
Жүздесү мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б.з. дейіңгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарға басталған. Бадахшан тауынын лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары тыбылып, оларды өндіре бастаұға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.
Б.з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Кара теңіз өнірінен Дон бойына ,содан Оңтүстік Орал өніріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға,жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі ақабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек ,ұлпандар мен терілер ,иран кілемдер,асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын .
Қымбат бағалы жібек қатысқан ,осылардың дәнекерлік демеуі аркасында сол кез ушін тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.
Б.з. дейінгі ІІғ орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда –саттықтың тұрақты желісі ретінде кызмет аткара бастайды .
Б.з.ІІ-V ғғ егер Шығыстан жүре бастасақ ,Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып ,Ланчжоу манындағы Хуанхэ өткеліне баратын да одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсұға, сосын Бедел асуы арқылы Ыссық көлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан Яркенд, Бақтрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға баратын.
Б.з. VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған.
Архиология және архивтік материалдар бойынша
VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы » деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі –Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі-Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.
VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.
X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –ата жұрты бар.
X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар –Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан рабадқа ауысқан.
Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген.Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы»Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет,Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.
Тараздан «Жібек жолымен»Төменгі Барысханға,Құланға,одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып,Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент,Баба-ата,Созақ қалаларын,одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп,Кеңгір,Жезді,Нұра,сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына,қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған.Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар,жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған.Қалаларда сауда орны,ірі базарлар болған.Орта Азиядан шыны,асыл заттар,көп қолданылатын өнер бұйымдары,жылқы малы т.б шығарылып,Қытайдан жібек,фарфор,керамика әкелінетін.Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен,лазуриттен,маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.
Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.
Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде,Сырдария,Арыс,Бадам өзендері алқабында,Жетісуда,Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды.Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды.Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.
IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды.Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды.Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп,оның бір саласы Отырар қаласына келді,екінші саласы Құйрық төбе,Алтын төбе,Жалпақ төбе,Марданкүйік қалаларына барды.Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп,сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған.Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті,Аркөкті,Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен.Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам,Сайрамсу,Арыс,Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.
Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір,не шойын ұштары бар,жер жыртатын құралдармен өңделіп,егін ору темір орақпен жүргізілген.Дәнді ұнтақтау үшін тас дирмендер қолданылған.Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп,жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты,бақша және бау дақылдарын екті.Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу,Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған.Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып,гүлдеп тұрған.Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды.
Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты.

 

 

99-жауабы:

Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.
Нарықтық экономикада маңызды орын алатын «жекешелендіру» болғандықтан, оған тоқталып кетсек:
Жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекшелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту.
Қазіргі таңда еліміздің экономикасы әлеуметтік-экономикалық модернизация мен дамуының алғашқы сатысында. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылы 28 ақпанда қабылдаған «Жаңа Әлемдегі –Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті: «Үлкен жауапкершілікпен айтуға болады: еліміз ауыспалы кезеңіді сәтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа кезеңіне нық басып келеді. Әрине, бұл оңай бастама емес, оны жүзеге асыру үшін экономикада біртұтас жүйені қалыптастырып, жаңа білімді дүниежүзілік рынокта бәсекеге қабілетті бола алатындай инновациялық техника мен технологияға, тауарлар мен қызметтерге, мекемелерді басқарудың формалары мен әдістеріне бұру қажет. Және бәсекелестік күресте маңызды роль атқаратын «Жеке меншік институты және контрактілік қатынастарды дамыту» болатын. Айта кетсек, «Жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарды жан-жақты нығайтып, жекешелендіру жүмысын жалғастыру және барлық деңгейде жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет сезімін тәрбиелеу. Ол бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің ережесін айқын анықтайтын контрактілік қатынастарды жетілдіруге қажетті тиісті шаралар қолдануға тиіс»[2, 2б].
Яғни, жекешелендірудің мақсаты - өндірісті монополиясыздандыру, бәсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызмете мемлекеттік монополияны бірте-бірте жоюды және жекешелендіру елге шетелдік инвестициялар мен импорттың қажетті мөлшерін әкелуді қамтамасыз ету.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жекешелендіру теориясының мән-мағынасын толығымен ашу, жекешелендіру институттарын дамытуды реттейтін заңнамалық актілерге түсінік беру, жекешелендіруді жүргізудің әдістерін анықтау арқылы жетістіктері мен кемшіліктерін атап көрсету.
Аталған мақсаттарды ескере отырып, курстық жұмысқа мынадай міндеттерді шешу көзделді :
§ Жекешелендіру теориясының әртүрлі анықтамалары мен көзқарастарын талдау арқылы мән-мағынасын толық ашу;
§ Дүние жүзі елдеріндегі жүргізіліп отырған жекешелендіруді қарастырып, саралау;
§ Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздерін талдау;
§ Қазақстандағы жүргізіліп отырған жекешелендірудің кемшіліктері мен жетістіктерін қарастыру
§ Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасына тоқталу.

Жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекшелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту.

Жекешелендіру

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.


<== previous lecture | next lecture ==>
Тексерген:Джекетаева Ш.Н. 6 page | Тексерген:Джекетаева Ш.Н. 8 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 3.725 s.