|
ККККККККККККККККККККККККККККККККККККККККкDate: 2015-10-07; view: 835. Казахской ССР 1937 г. 1937ж. басталған саяси жазалау бүкіл елді қамтыды. 1936ж. Желтоқсан Пленумында, мұнан кейін 1937ж. Ақпан-наурыз пленумында Орталық Комитетінің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «екіжүзділердің, халық жауларының бәрінің тамырын шауып, жойып жіберу» қажеттігі туралы нұсқауы берілді. 1937–1938жж. жазаланған «ұлтшыл-фашистер» деп аталатындардың істерінен көрінгендей, Н. И. Ежов пен оның сыбайластары мұндай істерді қолдан жасауға көп қиналып жатпаған. Бұл «істерге» — «ұлтшыл-фашистер» және басқа «халық жаулары» дегендердің істеріне кең құлашты сипат беру үшін НКВД органдары оларды троцкишілдермен және оңшылдармен одақ жасады деген қисынды ойдан шығарды. Жер-жерде «ашық» сот мәжілістері өткізіліп, оларда сотталғандардан қажетті «мойындаулар» зорлап алынды. «Халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешілді. Қазақ КСР-інің құрылуы:Алғышарттары:РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР-і дамыған индустриялы-аграрлы республикаға айналды; Жұмыс табының көп ұлтты отряды жедел қалыптасты; Шаруалардың әлеуметтік табиғаты өзгерді; Халық зиялыларының елеулі тобы құрылды; Қазақ әйелдері қоғамдық және шаруашылық өмірге белсене араласты.Еңбекке жарамды 3,3 млн. адамның 1 млн. -ға жуығы жұмысшылар мен қызметшілер болды. Олардың 20%-ы – түсті металлургияда, 120 мыңы – тасымал жұмысында, 46 мыңы – құрылыстарда еңбек етті.Осылайша, Қазақстан 15 жыл ішінде кеңестік мемлекетті қалыптастыру жолымен жүріп өтті. l1936 жылғы 5 желтоқсан – КСРО Кеңестерінің төтенше VIII съезінде КСРО Конституциясы қабылданды. Қазақ АКСР-ы Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ КСР-і атанды (барлығы 11 одақтас республика)l 1937 жылғы наурыз – Қазақстан Кеңестерінің төтенше X съезінде Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды. Онда: Республиканың саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері; Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді.1937 жылғы желтоқсан — КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Жоғарғы Кеңеске республикадан 44 депутат сайланды. 1938 жылғы маусым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 112-сі – жұмысшы; 116-сы – колхозшы; 152-сі – қазақ; 60-сы әйел, оның 27-сі қазақ әйелі. 1938 жылғы 15 шілде – Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестер сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды. 20–30 жылдар кезеңінің қорытындысы: Тиімді жағы:1) Қазақ халқының саяси теңдікке, территортялық автономия құқығына қолы жетті.2) Индустриясы жедел дамыды.3)Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.Тиімсіз жағы: 1) Экономика мен мәдениет саласында қол жеткізген табыстар тым қымбатқа түсті;2)Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты;3)Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды. Көшпелі Ғұн империясының құрылуы. Қоғамдық құрылымы,әскери әкімшілік басқару жүйесі. Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды. Бұлардың біріншісі – қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қайтыс болған) деп атаған Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, сапалық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209 – 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді. Екінші империя — Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген. Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:1) Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді.2)Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен. Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді. Ғұндардың қоғамдық құрылысы. Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ Қазақ жүздері, этникалық аумағы. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерде мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді: 1)Ұлы жүз Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерінің бойы). Тайпалар: дулат, албан, үйсін, қаңлы, суан, жалайыр, шапырашты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.2)Орта жүз Мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы). Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат. Орта жүзді Бекарыс деп те атайды. 3)Кіші жүз Мекендеген өңірлері: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы) Тайпалар: табын, адай, шөмекей, жағалбайлы, алшын, шекті, төртқара, тама, серкеш т. б. Кіші жүзді кейде Жанарыс деп атайды. Қазақ халқының этникалық қалыптасуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдыраған кезінен басталады. Этнос – тарихи жағдайда қалыптасқан тілі, салт-дәстүрі, тұрмысы ортақ, басқалардан бөлектенген адамдар тобы. Кейбір жазба деректерде «қазақ» сөзі ескі түрік тіліндегі «еркін адамдар» ұғымын білдіретінін айтады. Тағы бір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан шыққаны айтылады.XV ғасырдағы Шайбани Әбілқайыр хандығындағы, яғни Дешті-Қыпшақтағы көшпелі халықтардың этникалық бірігу процесі тез жүрді. XV ғасырдың ортасына қарай Әбілқайыр ықпалы әлсіреді. Оған қарсы шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандар артына көп халықты ертіп, Жетісуға көшті. Міне, осы Керей мен Жәнібектің артынан ерген және осы хандардың билігіне қараған бұрынғы Шайбани хандығындағы халықтар қазақтар деп аталды. Қазақ халқының құрамына арғын, найман, дулат, керей, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, қоңырат, жалайыр, уақ тайпалары кірді. Бұл тайпалардың тілі қазақ тілі болды. Нәсілдік белгілері – моңғолоидтік. Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы. ҚАССР-дің әкімшілік-аумақтық құрылымының өзгеруі. . Қазақ КСР-інің құрылуы:Алғышарттары:РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР-і дамыған индустриялы-аграрлы республикаға айналды; Жұмыс табының көп ұлтты отряды жедел қалыптасты; Шаруалардың әлеуметтік табиғаты өзгерді; Халық зиялыларының елеулі тобы құрылды; Қазақ әйелдері қоғамдық және шаруашылық өмірге белсене араласты.Еңбекке жарамды 3,3 млн. адамның 1 млн. -ға жуығы жұмысшылар мен қызметшілер болды. Олардың 20%-ы – түсті металлургияда, 120 мыңы – тасымал жұмысында, 46 мыңы – құрылыстарда еңбек етті.Осылайша, Қазақстан 15 жыл ішінде кеңестік мемлекетті қалыптастыру жолымен жүріп өтті. l1936 жылғы 5 желтоқсан – КСРО Кеңестерінің төтенше VIII съезінде КСРО Конституциясы қабылданды. Қазақ АКСР-ы Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ КСР-і атанды (барлығы 11 одақтас республика)l 1937 жылғы наурыз – Қазақстан Кеңестерінің төтенше X съезінде Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды. Онда: Республиканың саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері; Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді.1937 жылғы желтоқсан — КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Жоғарғы Кеңеске республикадан 44 депутат сайланды. 1938 жылғы маусым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 112-сі – жұмысшы; 116-сы – колхозшы; 152-сі – қазақ; 60-сы әйел, оның 27-сі қазақ әйелі. 1938 жылғы 15 шілде – Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестер сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды. 20–30 жылдар кезеңінің қорытындысы: Тиімді жағы:1) Қазақ халқының саяси теңдікке, территортялық автономия құқығына қолы жетті.2) Индустриясы жедел дамыды.3)Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.Тиімсіз жағы: 1) Экономика мен мәдениет саласында қол жеткізген табыстар тым қымбатқа түсті;2)Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты;3)Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды. Қазақ қоғамының рухани өміріндегі Қожа Ахмет Яссауидың орны. Суфизм.Қала халқының мәдени өміріндеислам дінін уағыздаушы, сопы ақындар ішінде Ахмет Иассауидің (1103-1166) шығармалары елеулі орын алады. Оны Қожа Ахмет Иассауи деп атайды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы түрік халқының арасында ислам мен мүсылман дінінің тарауына зор әсерін тигізді. Қожа Ахмет өлеңдері көпшілік арасын кең тараған. Оның өлеңмен жазылған «Диуан-и хикмет» (Даналық жайындағы кітап) деген еңбегі ерекше бағаланады.Ақиқатты, шындықты, адалдық пен тазалықты, имандылықты уағыздаған. Ахмет Иассауидің Хакім ата деген атпен елге есімі белгілі Сүлеймен Бақырғани сияқты шәкірттеріде аз болмаған. Қожа Ахмет Иассауи Сайрамнан шыққан, оның ұстазы исламды уағыздаған белгілі Арыстан-баб болған. Ол жөнінде Қожа Ахмет өз шығармаларында атап көрсетеді. Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Йассауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Йассауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Қазақ халқының генезисі(шығу тегі), этникалық түбірі туралы ғылыми тұжырымдамалар.Демограф ғалымдардың зерттеулері негізінде қазіргі кезеңде дүние жүзінде 5 мыңнан астам халықтар бар деп есептеледі. Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процес бір немесе екі ғасыр ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мәселен, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыстан ыдырап, ондан кейін қола дәуірмен (б.д.д.ІІ-І м.ж. кезеңі) темір дәуірі (б.д.д VII-IVғғ) кезеңдерінен немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуіне басталады. Олар негізінен Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестігінен құралған. Археологиялық деректерге сүйенетін болсақ, олар мал шаруашылығымен, егіншілікпен, металл өндіру және оны өңдеумен айналысқан. Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуір кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікіріне қарағанда, біздің жеріміздегі қола дәуіріндегі Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері мен темір дәуіріндеге өмір сүрген тайпалар сақ, сармат т.б. ирантілдес боғанын айтады. Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағына монголоидтық белгілері бар европеидтік нәсілдер екенін көрсетеді. Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы үйсін қаңлы тайпалары саналады.Ал б.з.VI ғ. Бастап үйсін, қаңлы және басқада тайпалар тарих сақынасына шығып кетеді. Оған себеп болған, бұл кезде Қазақстаның оңтүстік аймақтарына Алтай, Сібір жерлеріне түркі тайпалары келіп қоныс тепті. Олар негізінен: Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ, Едіз тайпалары болды. Осы тайпалар қазақ халқының қалыптасуына өте үлкен үлес қосты. Қазақ хандығының қалыптасуы. ХVғ. соңындағы алғашқы қазақ хандарының жер және қалалар үшін соғыстары. Этносаяси қауымдастық – белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты рөл атқарған. «Өзбек» атауының шығуы Өзбек ханның (1312–1342 жж.) есімімен байланысты. «Өзбектер» құрамы: шайбанилер – түркіленген моңғол тұқымдары. Қазақтар – қыпшақтар т. б. Маңғыттар – қарақалпақтар, ноғайлар Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XV ғғ. аяқталды. Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғасырдың екінші жартысы – XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті. XV-XVII ғасырлар – Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді. Қазақ хандығының құрылуы. XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті-Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы кезде Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халықты бастап, Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады. Моғолстан ханы Есен-Бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл фактіні Мұхамммед Хайдар Дулати растайды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады.Қазақ хандығының нығаюы. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілқайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды. Ең алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді.1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды.1486 жылы қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбаниді жеңді.XV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы күшейді. Қазақ хандығының құрамында Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары болды. Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа қосылуы: БҰҰ, ТМД және т.б. бірлестіктер.Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды. 1996 жылғы 31 қыркүйек – Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.1996 жыл, 26 сәуір — «Шанхай бестігі» құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан).Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы негізінде жүзеге асуда.Тәуелсіз алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше. (1997 ж. басы).800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.Бірқатар ірі капиталистік елдер Қазақстанға экономикалық көмек ретінде несие беруде. Ең ірі көлемдегі несиелерді беруші елдер: Германия, Түркия, Австрия, Ұлыбритания. Бұдан басқа Жапония, АҚШ секілді донор елдер үлкен қаржылық көмек көрсетіп отыр. Республика экономикасына шетел инвестициялары көптеп тартылды.Еліміздегі шетелдік бірлескен кәсіпорындарының жалпы саны – 746 (1996 ж.). Қазақстан-американ бірлескен кәсіпорындары – 325 (1999 ж.). Американ инвестициясының көлемі – 2 млрд. доллар.1997 жылғы 28 ақпан — «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданды. Нәтижесінде, Қазақстанға тартылған инвестициялық қаржы көлемі – 10 млрд. долларға жетті.Соңғы жылдары Қазақстанның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар іске асырылды. Нәтижесінде, 1999 жылдың соңында жалпы өнім өндіру – 1%-ға, өндіріс көлемін арттыру – 1,8%-ға өсті. Республиканың алтын қоры 2 млрд. долларға жетті. 2000 жылғы 26 сәуір — «Еуразия – 2000» экономикалық саммиті өтті.2000 жылғы 10 қазан – Астанада кедендік Одақ елдері басшыларының (Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) мемлекетаралық Кеңесі өткізілді. Нәтижесі: Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы құжат қабылданды.Халықаралық байланыс нәтижелерінің тарихи маңызы: Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.Қазақстан дүниежүзілік аренада беделді орын иеленді. ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан азамат соғыс жылдарында. 1918 жылы мамырда Чехославак корпусының бүлігі басталды. Антанта империалистерінің қолдауымен бұл бүлік ең алдымен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда басталды. 1919 жылы 31 мамырда Петропавлды ақ гвардишылар басып алды. Сондай-ақ ақ гвардияшылар маусымда Ақмола мен Павлодарды, Семей мен Көкшетауды, Омбы мен Қостанайды басып алады.Алашорда үкіметі ақ гвардияшылардың Кеңес өкіметіне қарсы интервенциясын қолдап, қарулы интервенцияға қосылды. Контрреволюцияға Антанта империалистері көп көмек көрсетті. Мысалы, АҚШ Колчак армиясына түрлі қару-жарақ, Англия 200 мыңдай әскерге қару-жарақ және киім берді. 1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын басып алды. 1918 жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді. «Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.)Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады. Қазақ революциялық комитетінің құрылуы (1919–1920 жж.) 1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады.Қазревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Революциялық комитеттің бірінші құрамына С. Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жанкелдин, М. Тұнғаншин, С. Мендешев, Б. Қаратаев кірді. Әртүрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті. Революциялық комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленді. 1920 жылы 9 наурызда Қазревком «Алашорда» үкіметін таратты. Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті болды. Қазревком 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың қазан айына дейін 15 ай жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның басшылығымен халық шаруашылығындағы басты сала – отын өндіру бағытында Орал-Ембі мұнай кәсіпшілігі, Қарағанды мен Екібастұздың шахталарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан аумағындағы діни жүйелер:буддизм, манихейлік, христиан,зороастризм, ислам. Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі тайпалардың діни түсініктері әр түрлі болды. Ерте ортағасырлық түріктер пұтқа табынған. Түріктер Көкке (Тәңір), Жерге, Суға (Иер-Су) табынды. Түрік қағандары Көк тәңірінің желеуімен билік жүргізді. Түріктердің діни түсінігінде Көктен кейін отбасының және балалардың қамқоршысы Ұмай құдай-ана киелі саналған. IX-XI ғасырларда Қазақстанда мекендеген тайпалар арасында буддизм, христиан, манихейлік, зороастризм діндері таралған. Бұл діндерге тән өлікті жерлеу түркі тілдес тайпалар арасында VI-IX ғасырларда болған. Буддизм діні – Түрік қағанатының ақсүйектер арасында танымал болған ерте ортағасырлық дін. Жетісудағы Суяб қаласының орнынан будда храмы, Шығыс Қазақстан өңірінен буддалық мола табылған (қимақ әйелі) Қазақстан жерінде ерте орта ғасырда христиан, манихейлік діндер болғаны анықталып отыр. Бұл діндердің таралуы VI-IX ғасырларды қамтиды. Аргу-Талас (Тараз) пен Жетісудың 4 қаласында манихейлік дін кең тарағаны жайында VIII ғасырдағы «Қос негіздің қасиетті кітабында» айтылады. Тараз, Мерке, Мервте христиан шіркеулері болған. Қазақстан аумағындағы осындай діндерді ислам діні ығыстырған. IX-X ғасырларда қазақ жерін мекендеген халықтар арасында ислам діні кең тарай бастады. Қазақстан ГУЛАГ жүйесінде. (Лагерлердің Бас Басқармасы) Қазақстан жерінде 1930 жылдан 1950 жылдардың аяғына дейін ОГПУ-НКВД жүйесіне бағынышты 60-тан астам лагерьлер және олардың бөлімшелері орналасып, мыңдаған адамның тағдырын тозақ отына салған екен. Ал енді осыншама тармақталған лагерьлер жүйенің орасан үлкен территорияны қамтып, “мемлекет ішіндегі мемлекет мәртебесінде өмір” сүргенін ескерсек, ата-қонысынан шетқақпай болған қазақ халқының қилы тағдырын көз алдымызға елестету қиын емес. Мысалы, Орталық Қазақстанда орналасқан атақты КарЛАГ 1 млн. 780 мың гектар жерге орналасып, Қарағанды облысының үш ауданын қамтып, ондағы қолында 120 мыңдай малы бар 22 мың халықты атамекенінен ығыстырып шығарды. Қылышын суырып, қаһарын төгіп келген тоталитарлық саясаттың төл туындысы ГУЛАГ жүйесі бір күнде, кенеттен орнай салған жоқ. 1950 жылдың басында КарЛАГ-тың әкімшілік-өндіріс жүйесінде 22 лагерьлік өндіріс бөлімшелері, 283 елді мекен, 148 өндіріс учаскелері, 168 мал фермасы болды. Тек шаруашылық орналасқан жер көлемі 20 800 шаршы шақырымды құрады. Міне, осындай күрделі шаруашылық өсімді де молынан берді. Мәселен, тек соғыс жылдары ғана лагерь шаруашылығынан 7 млн. 800 мың пұт астық, 4 млн. 600 мың пұт картоп өнімдері жиналды, астық өнімдерінің 16 жаңа түрі шығарылды. 1934 жылдың 24 шілдесінде 58-ші бапқа толықтыру енгізіліп, “Отанын сатқандардың отбасы мүшелері” (ЧСИР) деген айдармен айыпты болған отбасы мүшелері жаппай қамауға алына бастады. Оларға арнап, арнайы лагерьлер құрылды. Солардың бірі – қазіргі елордамыздың іргесінде орналасқан, тарихта АЛЖИР (Акмолинский лагерь жон изменников родины) деген атпен белгілі болған лагерь еді. 1937 жылдың 3 желтоқсанында КСРО Ішкі істер Халық Комиссариатының №758 бұйрығымен ашылған мұнда 1938-1946 жылдары 4482 әйел тұтқында болған екен. Осынау тозақ отында қуғынға ұшыраған КСРО-ның көрнекті партия, мемлекет қайраткерлерінің, ірі әскери қолбасшылардың әйелдері, туыстарымен қатар қазақ зиялыларының аяулы жарлары, ет жақындары зардап шекті. Солардың ішінде Қазақ өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы С.Қожановтың, РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың, Қазақ өлкелік партия комитетінің бөлім меңгерушісі З.Темірбековтың, атақты Халық комиссары Т.Жүргеновтің, атақты жазушы Б.Майлиннің зайыптары болды.Тоталитарлық саясаттың құрбаны болып, қасірет шеккен адамдардың бұл шамалы бөлігі ғана. Кейбір деректерге жүгінсек, 40-шы жылдардың орта шенінде ГУЛАГ жүйесінде 1 млн. 800 мыңдай адам болған екен. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы: тармақтары, сауда және мәдени байланыстар.Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған. Сонымен қатар VII ғасырда будда ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған жібекті сыйға бергені айтылады. Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы — 7 мың шақырымнан астам. Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді. Қазақстандағы Жібек жолы.Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы артқан. Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды. Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай. Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай. Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы). Жібек жолындағы тауарлар. Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға, піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген. Жібек жолының маңызы. Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы. Қазақстан Республикасы Конституциясы: тарихи маңызы. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызында референдум арқылы қабылданған Конституциясы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында маңызды әрі шешуші оқиға болып келеді. Себебі, Конституция еліміздің негізгі заңы қазақ мемлекеттігі тарихының жаңа бетін ашып, еліміздегі барлық азаматтарға шыққан тегіне, дініне, саяси көзқарасына қарамастан бірдей құқықтық кепілдік беріп, сонымен бірге құқылы мемлекет құрып, азаматтық қоғам қалыптастыру үшін біздің міндеттерімізді де нақты анықтап берді. Қазақстан Республикасының Конституциясы арқасында елімізде адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген, әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған және заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Қазақстанда Конституция негізінде құқықтық мемлекет құру жолына тоқталар болсақ, құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру бұл ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан халқының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады. Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайту болып келеді. Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады. Біздің Конституциямыз – бұл біздің Ата заңымыз және таңдаумыз, оны әрдайым құрметтеу керек. Конституциямен өмір сүру – бұл дегеніміз демократияның ең жоғары мектебі, оның сабақтары мен тәжірибесін біздер игеруіміз керек. Қазақстан Республикасындағы рухани даму.« Мәдени мұра» бағдарламасы. ХХI ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық өркендеу қарқыны мәдени процестердің дамуына оң әсерін тигізуде. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев пен Қазақстан Үкіметінің егеменді мемлекеттегі нық және тұрақты қоғамды құруға бағытталған көптеген бастамалары мен іс-шаралары бұған алғышарт болды. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы мемлекет пен қоғам арасындағы жемісті келіссөз бен ынтымақтастықты шын мәнінде қамтамасыз етуші – 2004-2008 жж. «Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы», ал 2009 жылдан бастап «Ұлттық стратегиялық жоба» деп аталатын мәдени-рухани саладағы мемлекет пен қоғам арасындағы диалог көпіріне айналған қазақстандық брендті есептеуге болады. Бұл Ұлттық стратегиялық жоба өзінің көлемі, мазмұндылығы жөнінен тек қазақстандық қана емес, жалпы бүкіл адамзаттық мәдениет пен рухани дамуға қосқан үлесімен айрықша. Оны жүзеге асыруға отандық және шетелдік ғылымның, білім мен мәдениеттің өкілдері жұмылдырылған.Қазақстандағы «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық жоба нәтижелерінің қайталанбас тарихи маңызы бар. Этникалық өзіндік сипат пен ерекшелікті жойып жіберу қаупімен және біртұтастану үрдістерімен сипатталатын ХХІ ғасырда олар ұлттық мәдениет пен руханилылықты сақтап қалуға тиіс. Сонымен бірге қазақстандық қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарды сақтап, көбейту жолындағы қамқорлығы ғаламдану жағдайына бейімделу моделінің өзіндік үлгісі болып табылады. Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың алдыңғы кезеңі (2004-2007 жж.) бұрынғы дәуірлердегі аға ұрпақтың материалдық және интеллектуалдық құндылықтарын сақтау мен оны одан әрі дамытуға мемлекеттің үлкен қамқорлығының қажеттілігін көрсетті. Ұлттық деңгейден биік тұрған іскерлік кәсіпкерлік пен этникалық шекаралардың жойылуы барысында өзінің тарихи мұрасын сақтауға барынша ұқыптылықпен қарау қазақ қоғамындағы моральдық-этникалық құндылықтардың басымдыққа ие екеніне және бұл бағытта мемлекеттің айқын саясат ұстап отырғанын, халықаралық аренада өзінің ұлттық беделін нығайтуды көздейтінін аңғартады. Қазақстанның мәдени мұрасының байлығы оның әлемдік тарихтың қазынасына қосқан үлесі бойынша ғана өлшенбейді, ол сонымен қатар болашаққа деген ұмтылысының қуатты серпінін айқындайды. Бұл жөнінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тарих «ұлттық руханияттың дамуына өзінің игі ықпалын тигізеді» деп атап көрсеткен еді. Қазақстан тәуелсіздік жолында: негізгі кезеңдері. Егемендік пен тәуелсіздік еркіндік сүйген халқымыздың ежелден аңсаган арманы. Бүгінгі таңда тәуелсіздікке қол жеткізген еліміз талай асудан өтіп, небір қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешіп, етек – жеңі жиылган, әлемнің түкпір – түкпіріндегі елдерге танылган, өз мақсаты мен міндетін анық байыптаган жас мемлекеттердің қатарына кірді. Тарихшылардың айтуынша бодандыққа түскен қазақ халқы еркіндік пен тәуелсіздік жолында 300-ге жуық көтеріліс жасапты. Біреуі Кенесары ханның бастауында мемлекеттік деңгейде болса, енді біреулері Аллақұл көтеріліс немесе Адай көтерілісі сияқты жергілікті, аймақтық сипатта болған. Жаңағы айтып отырған Желтоқсан көтерілісінің де ұраны мен мүддесі – ұлт азаттық бағытта болғаны белгілі. Қазақ елінің «Тәуелсіздік» ұғымына бұлардың енбеуі мүмкін емес. Кеңес Одағының орыстандыру идеологиясы дүрілдеп тұрған уақытта «Жас тұлпардың», «ЕСЕП» пен «Сарыарқа» ұйымдарының дүниеге келуі, студент жастардың жандарын шүберекке түйіп қазақтың болашағы үшін шамасы жеткендерінше күресуінің Тәуелсіздікке қатысы жоқ деп кім айта алады? Кешегі «Азат» қозғалысының 90-жылдардағы саяси-қоғамдық іс-әрекеттері Қазақ елінің Тәуелсіздік жолында жасалмады деуге кімнің аузы барады? Кейбір елдерде бұндай батырлар болмаса, ұрпақты отаншыл, ұлтшыл етіп тәрбиелеу үшін қолдан жасар еді, ал біздің мемлекет (билік!) болса бодандықтан шығу жолында шамалары жеткен әрекеттерін жасап, Тәуелсіздікті жақындатқан жандарды көргісі де, мойындағысы да келмейтін секілді. 90-жылдардағы осы жұмыстарға тікелей қатысқан адам ретінде «Азат» қозғалысына кірген азаматтардың қаншасының жұмысссыз қалғанын, қаншасының пәтер ала алмағынын, бала-шағаларының болашақтарының байланғанын, отбасының бұзылғанын, одан қалды сол уақыттағы жазалушылардан тікелей таяқ жегендерін мен жақсы білемін. Бұл да Тәуелсіздіктің бағасы! Демек Тәуелсіздік жолында күрес болмаса – Тәуелсіздік де болмайды. Қоғамның осы аксиоманы ұмытпағаны, ал биліктің осы ақиқатты халыққа ұмыттырмағаны жөн болады деп ойлаймын. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін КПСС-тің Орталық Комитеті саяси бюросының мүшесі Ю. Соломенцевтің бұйрығымен қазақтардың бұрынғы батырларының, ұлттың тәуелсіздігі үшін күрескен ұлыларының аттарын мектептерге, т.б обьектілерге бергізбеу науқаны жүргізілген болатын. Бұл - ұлттың патриоттық сезімін жою мақсатында жасалған идеологиялық шабуыл болатын. Егер Тәуелсіздікке тікелей қатысы бар азаматтарды көзге ілмеу саясатын ұстанатын болсаңыздар, Сіздердің де сол Соломенцевтің жұмысын жалғастырушы болғандарыңыз. Осындай ұқсастықтарды көрген кездері менің басыма «мүмкін, біздің билік басындағылар да бұрын КПСС мүшелері болған шығар» деген арам ой да келеді. Себебі, тәуелсіздік үшін қызмет еткен азаматтарды көзге ілмеу – бұрынғы коммунистік партияның, тоталитарлық жүйенің ұлтсыздандыру саясатының нақты жалғасы. Қазақстандағы индустрияландыру: міндеттері, ерекшеліктері, қорытындылары. Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде (1928–1932 жж.). Индустрияландыруға бағыт алу. Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928–1932 жылдары өтті. 1928–1932 жылдары халық шаруашылғын дамытудың бірінші бесжылдығы болды. Бұған дейін қазақстанда Қарағандыдағы көмір кен орындары, Ембідегі мұнай өндірісі, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана өнеркәсіп орындары болды. Жалпы, өнімінің 84,4%-ы ауыл шаруашылғына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды. КСРО индустрияландырудың жоспарына Қазақстан да енгізілді. Индустрияландыруды жүзеге асыру жолында әкімшіл-әміршіл саясат қатты бұрмаланды. 1925–1933 жылдары Қазақстан коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекин болды. Ф. И. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы болған жоқ, сондықтан қайтадан революция жасау керек деп шешті. Осы ойын іске асыру мақсатында ол «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұсынды. Бұл ұсынысты И. В. Сталин қолдады. Ф. И. Голощекин қазақстанды одақтық шикізат базасы ретінде индустрияландыру бағытын ұстанды. Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясына алғашқы болып С. Сәдуақасов қарсы шықты. С. Сәдуақасов Қазақстанды шикізат базасы ретінде пайдалануға ашық түрде қарсы тұрды. Индустрияландыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат байлықтарын зерттеу басталды. Н. С. Курнаков бастаған геологтар Орталық Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеді. И. М. Губеин Орал-Ембі ауданында мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеді. Қ. И. Сәтбаев жезқазған мыс кен орнының мол байлығын анықтады. Индустрияландыруды жүзеге асыру. Түркісіб құрылысы 1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол құрылысы басталды. Түрксіб теміржол құрылысының басшылары: В. С. Шатов – құрылыс бастығы, Н. Нұрмақов – құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы, Т. Рысқұлов – РКФСР үкіметі жанындағы құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы. Теміржол құрылысында 100000 адам жұмыс істеді. Түркістан-Сібір теміржолы 3 жылдың ішінде салынып бітті. 1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында жолдың екі жағы түйісті. 1931 жылы қаңтарда Түрксіб теміржолы пайдалануға берілді. Түркістан-Сібір теміржолы Орта Азияны сібірдің экономикалық өңірімен байланыстырды. Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді. Соғысқа дейін Қазақстанда ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты т. б. ірі кәсіпорындар салынды. Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті. Қазақстанды индустрияландырудың басты міндеттері орындалмады. Себебі Қазақстанда көбінесе өндіруші өнеркәсіптер салынғанымен, өңдеуші өнеркәсіп дамытылған жоқ. Индустрияландырудың ерекшеліктері. Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен, жоғарыдан жүргізілді. Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады. Шикізатты, негізінен, Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды. Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қала халқының үлесі 29,8% болды. 1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар болды. 1939 жылы республикадағы қала халқының саны 375000-ға дейін жетті. Индустрияландырудағы жұмысшылар еңбегі. Қазақстан өнеркәсіп орындарына Мәскеу, Ленинград, Донбасс т. б. ірі өнеркәсіп орталықтары мен жұмысшы топтары көмек көрсетті. Жаңа техниканы меңгеріп, жаңадан салынған өнеркәсіпте істейтін мамандарды даярлау керек болды. Бұл үшін көптеген қазақ жұмысшылары кәсіби білім алу үшін Мәскеу, Ленинград, Донбасс, Баку өнеркәсіп орындарына жіберілді. Алғаш Түрксіб құрылысына қара жұмысшы ретінде қатысқан Д. Омаров кейіннен Түрксіб бастығы, ал Т. Қазыбеков «Қазақ көлік құрылысы» тресінің бастығы болды. Жаңа техниканы меңгеру барысында Донбасс забойшысы А. Г. Стахановтың рекорды насихатталды. Стахановтың қазақ жеріндегі ізбасары Қарағанды кеншісі Түсіп Күзембаев болды. Сәфи Өтебаев, Мелдебек Сағымбеков, Ахметжан Сафин, Зағира Табылдинова – Қазақстандағы индустрияландыру ісінің үздіктері. Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты. Қазақ халқын отырықшылыққа көшірудегі экономикалық және саяси мақсат. Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты (1925–1933 жж.) Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында ЖЭС-ті жүзеге асыру мәселесі шаруашылыққа біраз өзгерістер әкелді. Ең алдымен кооперативтік қозғалыс дамыды.Ұжымдастыру қарсаңында 1072 ұжымдық шаруашылық жұмыс істеді. 1929 жылы республикадағы мал саны 40,5 миллионға дейін жетті. Бірақ Ф. И. Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» бағыты игі нәтижелерге кері әсер етті.1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдары конфискелеу және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шаруалар байлардың қатарына жатқызылды. «Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мен көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру» атты екінші тарауда кеңес мемлекетінің аграрлық саладағы әсіре таптық науқаны баяндалады. Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатында көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды жалпы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру негізінде отырықшыландыру көзделгенді. Жалпы отырықшыландыру науқанын іске асыруда арнайы басқару және үйлестіру құрылымдары болғанын айту қажет. Олар алдын ала әр аймақтағы шаруашылық сипатын анықтады. Мысалы 1928 ж. Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының Қазақстанды аудандастыру материалдары бойынша көшпелі шаруашылықты аймаққа мына жерлер жатқызылды: Орал губерниясының оңтүстік шығысындағы Бөкей губерниясының шығыс жағымен теңіз жағалауы, Гурьев уезінің орталық және солтүстік бөліктері, Темір ауданы, Адай округі, Торғай және Ырғыз аудандары, Қарақұм, Қазалы және Қызылорда уездері, Бетпақдала, Балқаш ауданы, Ақсола және Атбасар уездерінің орталық және оңтүстік бөліктері, Қарқаралы уезі, Павлодар уезінің шығыс бөлігі. Отырықшыландыру барысында ұжымдастыру негізінде ондай шаруашылықтарға 100 үй (шаңырақ) қамтылуы жоспарланды. Бұл негізінен 20 шақырым шеңбердегі қазақ қыстауларында отырған шаруалар болатын. Олар біріккен ұжымдарға қатысты егіншілік және жайылымдық жер көлемі де анықталатын болды. Қазақстанды зерттеудегі орыс ғалымдарының қосқан үлесі. (XVII-XIXғғ.) 17 ғасырдың соңы — 18 ғасырдың басынан бастап Ресейдiң және Батыс Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мәдениетiн, тұрмысы мен салтын зерттей бастады. Осы өлкенi алғашқы зерттеушiлердiң бiрi орыс картографы С.У. Ремезов болды, ол “Сiбiр халықтары және олардың шекаралары туралы сипаттама” деген еңбек жазып қалдырды. 18 ғ-дың алғашқы ширегiнде Қазақстанда И.Д. Бухгольцтың (т.-ө. ж. б.), С.Лихаревтың, И.Унковскийдiң (т.-ө. ж. белгiсiз) және басқа ғалымдардың экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Олар Ертiс өз-нiң алабын Зайсан к-не дейiн, Тарбағатай тауының және Жетiсу Алатауының сiлемдерiн зерттедi. А.Бекович-Черкасскийдiң ғыл. экспедициясы Арал т-н және Каспий т-нiң аумағын картаға түсiрдi, сондай-ақ қазақ халқы туралы кейбiр этногр. мәлiметтер жинады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейiн (1731) оны ғыл. тұрғыда зерттеу iсi неғұрлым кең түрде және жедел қарқынмен қолға алынды. 1725 ж. құрылған Ресей ҒА Қазақстан өлкесiн геогр., геол. және этногр. тұрғыда зерттеу үшiн 1733 жылдың өзiнде-ақ экспедиция ұйымдастырды. 1733 жылдан 1771 жылға дейiн Бат. Қазақстанға академияның көптеген экспедициясы келiп қайтты, бұл экспедицияларды С.П. Крашенинников (1711 — 1755), И.Г. Гмелин (1709 — 1755), И.И. Лепехин, П.С. Паллас, И.П. Фальк, П.И. Рычков, т.б. басқарды. Орынбор тұрақты экспедициясы құрылды, оған И.К. Кирилов, П.И. Рычков, В.Н. Татищев (1686 — 1750) сияқты белгiлi орыс ғалымдары жетекшiлiк жасады. “Ерте заманнан бергi Ресей тарихы”, т.б. еңбектерiнде В.Н. Татищев қазақтардың тарихына зор көңiл бөлдi, олардың этногр. тегi, тұрмысы, мәдениетi мен әдет-ғұрпы жөнiндегi мәселелердi тұңғыш рет ғыл. әдебиетте баяндауға талпынды. Рычков, Паллас, И.И. Георги, Фальк, И.Г. Андреев, Г.И. Спасский, Н.Я. Бичурин, С.Б. Броневский, В.И. Даль (1801 — 1872), А.И. Левшин өздерiнiң еңбектерiнде қазақтардың тарихын, материалдық және рухани өмiрiн егжей-тегжейлi баяндады. Қазақстанның тәуелсіздігінің алғашқы жылдары: саяси жүйесі, қарулы күштері. Қазақстан Республикасының, оның саяси жүйесінің қалыптасуы, экономиканы қайта жаңғырту, әлеуметтік басымдықтарды таңдау осы кезеңде сенімді әскери қауіпсіздік жүйесін құру мәселесін алдыңғы қатарға шығарды.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің құқықтық негізі қаланды. Қысқа мерзім ішінде қорғаныс, әскери қызмет, әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуы туралы мәселелерді қамтыған бірқатар заңдар қабылданды.Әскери саясаттың негізгі мазмұны, бастапқы кезеңдегі әскери құрылыстың бағыттары 1993 жылы қабылданған Қазақстанның алғашқы Әскери доктринасында айқындалды. Ол құжат заңнамалық және нормативтік құқықтық актілермен қатар, егемен мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі әскери қауіпсіздікті, әскери құрылысты қамтамасыз етуде оң рөл атқарды.Аталған құжатты жүзеге асыру кеңес әскері тұсында жинақталған игі дәстүрлерді сақтап қалу арқылы ең басты байлығымыз – адамдарды топтастыра білгеніміздің арқасы. Дәл сол уақытта Қазақстан Қарулы Күштері офицерлік корпусының негізі қаланды. Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы. Әбілқайыр хан – мемлекеттік және саяси қайраткер. Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілқайыр ханның мақсаттыры:1) Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.2)Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.3)Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.4)Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.5)Ең басты мақсаты – жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.Әбілқайыр хан 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы: Ресеймен әскери одақ құру. Әбілқайыр хан талабы: Ресейдің құрамына кіру. 1730 жылғы қыркүйек – Петербургке аттанған елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпан – Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады. Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сәтсіз аяқталды. 1731 жылғы 10 қазан – Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Кіші жүздің Хиуа хандығымен, қарақалпақтармен шектесіп жатқан аудандары Ресей империясына қосылмады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714–1720 жылдары бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен. Патша үкіметінің мақсаты – қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу. Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне, казак-орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізе бастады.Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1734 жылы мамырда Сенаттың хатшысы И. К. Кириллов басқарған экспедиция жабдықтады: Ор өзені бойында бекініс тұрғызу; Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту; Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын игеру; Сырдария бойында қала тұрғызып, Өзен флотилиясын құру. Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары түгел іске аспады. 1735 жыл – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды. Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И. И. Неплюев (1742 ж.) Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді. 1743 жыл – Орынбор қаласының негізі қаланды.1735–1737 жылдары болған башқұрттардың көтерілістері кезінде Әбілқайырдың башқұрт билеушілерімен бірігіп кетуінен сескенген патша үкіметі екінші рет ант алуды көздеді. 1738 жылғы тамыз – Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В. Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізді. Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60-қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді. 1740 жыл – Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның ант беруі саяси жағдайдан туған айла болды. Ресеймен жақындасып, Орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын әлсіретуді көздеді. 1734 жылғы 10 маусым – императрица Анна Иоанновна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды. Қазақстанның ТМД елдерімен қарым-қатынасы. Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде. Қазіргі кездегі Қазақстанның әлеуметтік – саяси даму бағыттары. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап алған болатын. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы үш кезеңі белгіленді: 1991–1992 жылдар; 1993–1995 жылдар, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді; 1996–1998 жылдар.Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т. б.Мемлекеттің алдында дағдарыстан шығудың жолдары қарастырыла бастады. Оның ең бастысы – бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 жылы мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді.Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс – жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті тезірек жойып, бәрін жеке меншікке айналдырсақ, халық жұмыла жұмыс істеп, өндіріс жанданып, ел байып, бәрі де орнына келеді деп ойлады. Тәжірибе жүзінде олай болмай шықты. Жекешелендіру барысында елімізде үш бағыттағы (шағын, жаппай және жеке жобамен) кәсіпорындар құрылған. Нәтижесінде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңде де (1991–1992 жж. және 1993–1995 жж.) мүліктің үлкен талан-таражға түсуіне жол берілді.1994 жылдың қаңтарында экономикалық реформаны жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы Президент қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994–1995 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бағдарламада Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың ерекшеліктері, елдің өндіргіш күштері, өндірістік қатынастар, өндірістік аппарат, игерілетін қазба байлық, елдегі 7 миллиондай еңбекке жарамды адам күші ескерілді. 1993 жылы қараша айының 15-ші жұлдызында мемлекеттің өз ақшасы – теңге енгізілді. 1994 жылы наурызда Президент Жарлығымен ауыл кәсіпорындарының өтей алмаған 2,2 млрд. сомдық несиесінің мерзімі екі жылға ұзартылды.Реформаның барысында Қазақстанда 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны төмендеді.Нарықтық экономикаға көшудегі жіберілген қате – ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Столыпин реформасынан, одан бері Қазақ төңкерісінен кейінгі индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі өзгерістерге революциялық сипат беру.1992 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%, 1993 жылы – 28%, 1994 жылы – 48%, ал 1995 жылы – 45% жетті.Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996–1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. 1999 жылы басталған төртінші кезең қазіргі уақытқа дейін жалғасып, мемлекеттік меншікті басқару мен пайдалану мәселелерінде мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жаңаша көзқарастармен сипатталады.1997 жылдың қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаев Республика халқына «Қазақстан-2030» деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе «Қазақстан барысын» қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Қазіргі Қазақстандағы демографиялық даму. 2000-жылдың бес айында республика өлімінің өсуі байқалған. Тіркелген өлімдер саны-1999 жылдың қаңтар-мамырында 64,6 мың адам болса, 2000 жылдың осы кезеңінде-67,5 мың адам қайтыс болыпты. Осы кезең ішінде өлімнің жалпы коэффициенті тұтас республика бойынша 1000 адамға 10,9 болды. (1999 жылдың қаңтар-мамырында-10,5). Бұл көрсеткіштің ең жоғары мәні (13 промилледен 13,8-ге дейін) Қарағанды, шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Өлімнің жалпы коэффициентін әрбір 1000 адамға шаққанда қалалық мекемелерде-12,2 селолық жерлерде-9,3 адам болған.Халықтың өлімі негізінен қан айналымы жүйесінің ауруларынан өсіп, барлық тіркелген өлімнің жартысынан астамы осы аурудың еншісінде.Қазіргі кезеңде халықтың, ел-жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды бәсеңдету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік объектитік факторларға байланысты. Ең бастысы, өндіріс, шаруашылық орындарының жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай жолдармен халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық – тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсарту, табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау, мекемелерінің жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет. Қазіргі Қазақстанның мәдени дамуы. Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды. Білім жүйесі.Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде талқыланды. Гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылды. Тарих, ана тілі 1–5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8 109 болды. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин, ал 2008 мектеп аралас, қазақ-орыс тілдерінде сабақ жүргізген. 2001 жылы елде орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келді. «Интернет – мектепте» бағдарламасы аясында 1 414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылды. Үкіметтің 2002–2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдірді, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделді. 2003/2004 оқу жылында Қазақстанда жұмыс істейтін мектептердің саны – 8260-қа жетіп, онда 3 026,2 мың оқушы білім алды. Мектептердің 3 687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2 069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді. Мектептерде 270 мыңнан астам педагог жұмыс істеді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі болды. 2005/2006 оқу жылында Қазақстан білім және ғылым министрлігіне қарайтын 8 222 мектеп жұмыс істеді, онда 3 млн. оқушы білім алды. Оларға 300 мыңдай мұғалім сабақ берді. 2006 жылы жалпы білім беретін мектептерде 31 оқушыға 1 компьютерден келді. Мектептердің 89 пайызы интернетке қосылды. 2007 жылғы тамыз айында Қазақстанда «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу белгіленді. Оның негізгі мақсаты – жаңа кезеңнің талаптарына сай жастарды өмірге баулу үшін оларға бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру. Қазақстан мектептерінде сапалы білім алуды қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді. Ғылым.Егемендік алған жылдары еліміздің ғылымын дамыту салаларында үрдіс өзгерістер байқалды. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми ізденістерінің тақырыптары жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археологиялық институт, Ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу т. б. институттары ұйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы құрылып, жұмыс істейді, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан Ұлттық академиясының құрамына енгізілді. Ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекіту үшін республика Жоғары аттестациялық комитеті құрылды.2000 жылы Республика бойынша 400-ден аса ғылыми институттар мен ғылыми орталықтарында 17 мыңнан астам ғалымдар қызмет етті. Бұлардың 1000-ы ғылым докторлары болса, 2800 ғылым кандидаттары еді. Ғылыми мекемелердің 42 пайызы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, 21 пайызы – білім және ғылым министрлігінің, 10 пайызы денсаулық сақтау министрлігінің қарауында болды. 2003 жылғы 22 қазанда бұрынғы ҚР Ұлттық ғылым академиясының 109 мүшесі қатысқан құрылтай жиналысы өткізіліп, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы бекітілді.Егемендік алған уақыттан бері ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде 5 мың авторлық куәлік, 1354 шетелдік патенттер және 13 лицензиялық келісім куәландырылып бекітілді. Республика ғалымдарының белсене қатысуымен Алматыда – ақпараттық технологиялар, Оралда – машина жасау, Қарағандыда – металлургия жөніндегі парктер ашылды. Астанада биотехнологиялық кешен салынды. Курчатовта және Астанадағы Еуразия университетінің жанында ядролық технологияларды зерттеу қолға алынды. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің арасында бірінші болып космосқа өзінің жер серігін ұшырды.Қазақстанның егемендік алған уақыт ішінде халыққа білім беру, ғылымды дамытуда біршама табыстарға қолы жетті. Ғылым мен білім экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекет әуелетін арттыруға өзінің тиісті үлесін қосты. Қайта құру жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық- саяси өмір (1985-1991 жж.). Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер. 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады. Қоғамдық – саяси қозғалыстар. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның экономикалық даму бағыттары. Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнай бастады, әр түрлi кооперативтер, жеке меншiк фирмалар мен шағын кәсiпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылауының әлсiреуi салдарынан, шет елдермен тiкелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкiндiк туды. Қазақстан бұрын да өз өнiмдерiн шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикiзаттар, материалдар мен жартылай шикiзаттар болатын.Экономикаға түбiрлi реформа жасау және меншiктiң көп түрлiлiгi негiзiнде нарықтық қатынастар орнату үшiн бiрқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезiнде Қазақстанда “Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-iндегi шет ел инвестициялары туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика министрлігі құрылды, Сыртқы экономика банкi ашылды. Әр түрлi экономикалық қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуi өзара әрiптестiк сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көлемі 1990 ж. 1,5 есе өстi. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен бiрге адамдардың iскерлiк белсендiлiгi артты. Бiрлескен кәсiпорындар мен банктер ашыла бастады. 1990 ж. қарашада Сауд Арабиясыменбiрiккен “Әл-Барака банк Қазақстан” банкi құрылды Оңтүстік Кореяның “Самсунг” корпорациясымен iскерлiк байланыс орнатылды. Сеулдiк кәсiпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан — Қытай әуе жолы мен Жаркент — Құлжа (Инин) автожолы жұмыс iстедi. 1991 ж. Қазақстанда әлемнiң 25 елiнiң қатысуымен құрылған 35 бiрiккен кәсiпорын ресми түрде тiркелдi. Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердiң экономикалық және технологиялық көмегiнсiз қалпына келтiру қиын едi. Шет ел капиталын тарту үшiн республика жаңа заңдар қабылдап, инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты. Қаңлы мемлекетінің этносаяси тарихы. Шаруашылықтың түрлері мен ерекшеліктері.Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Мемлекет аты алғаш Қытай жылнамасы «Шы Жи»-Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар»-Ферғана тарауы) жазылған «Қаң жүй го» деген атаудан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әдебиетінде «кангюй»), го — «мемлекет» деген мағынаны білдіреді. Ғалымдардың көпшілігі қаңлылардың түркі тілдес халық болғандығына күмән келтірмейді. Қаңлы мемлекетінің б. з. б I ғасырында дәуірленген кезеңінде халқының саны 600 мың адамды құрап, әскерінің саны 120 мыңға жеткен. Қаңлылар астанасы – Битянь қаласы. Байланыс жасаған елдер – Қытай, Рим, Кавказ т. б. Қаңлы бейлеушісінің жеке иелік шекарасы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құрған сармат-алан тайпаларының одағы түгелдей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мемлекеті өз алдына дербес саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларына қарсы тойтарыс беруіне көмектесіп отырған. Қаңлы патшасы өзі мекендеген солтүстік өңірді (Талас өзенінің аймағы) жеке басқарады. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен көсемдердің қолында болған. Шаруашылығы.Тайпа халқы негізінен мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысты. Басты байлығы мал болды. Көбінесе жылқы, қой, оған қосымша сиыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақылдар еккен және бау-бақша өсірумен де айналысқан. Жерді тас, металл кетпендермен өңдеді, сондай-ақ сүйектен жасалынған егіншілік құралдары да пайдаланылды. Жиналған өнім жерден қазылған ұраларда немесе қыш құмыраларда сақталды. Көптеген бөгендер мен тоғандар тұрғызылды. Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, арқар, киік және су құстары — үйрек, қаз ауланды. Ет, балық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар тамаққа жабайы алма, алмұрт, өрік, долана, пісте жемістері, тау жуасы пайдаланылды. Қарахан мемелекетінің құрылуы және саяси тарихы. Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді:Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. Мәуеренахр жерлері – Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды.Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Исфиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші мукта деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери – үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі – коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс. Қарахан мемлекетіндегі басқарудың әскери-тайпалық және әкімшілік жүйесіндегі ерекшеліктер. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Исфиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші мукта деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери – үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі – коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы, әскери-әкімшілік басқару жүйесі. Қарлұқ қағанаты (756–940 жж.) Қарлұқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бұл кезде қарлұқтар Моңғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. VI-VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының құрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық – бұлақ, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлұқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп аталды.742 жылы Моңғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның – қарлұқтардың, ұйғырлар мен басымалдардың біріккен одағы күйретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уақыт басымалдардың қолына көшіп, олардың көсемі қаған болады. Қарлұқтар басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады. Алайда, бұлардың арасында талас-тартыс басталып, 744 жылы басымалдарды ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Орталық Азияда жаңа мемлекет Ұйғыр қағанаты (744–840 жж.) құрылады. Ұйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болады да, қарлұқтар көсемі жабғы атағын алады. Бірақ қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы, олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізеді. 746 жылы қарлұқ тайпалары Жетісу жеріне қоныс аударады. Сыртқы жаулардың шабуылынан және өзара қырқысқан күрестерден әлсіреген түргеш қағандары қарлұқтарға қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргеш қағанының екі ордасы – Тараз бен Суяб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолына көшті.Қарлұқ тайпалары VIII-X ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньннің баурайларын мекендеді. Қарлұқтардың бір тобы 766–775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасырдың бас кезінде қарлұқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды. Бұл кезде Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер, шарухтар, аргулар, барсхандар кірген. Қарлұқ жабғуы IX ғасырдың басында арабтарға қарсы Ферғана және Жетісу қарлұқтарының күрестерін қолдап отырды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан (қазіргі Луговой стансасы) қаласына жетеді. 812 жылы арабтар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтарды жеңеді. Олардың жабғысы Қимақ еліне қашып кетуге мәжбүр болады. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлұқ қағанатына кіретін бір бөлігінде араб билігі орнайды.791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің біріккен әскерлерін талқандайды. 812 жылы олар қарлұқтарды жеңеді. 840 жылы Енесей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандап оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала құлап, халқы ислам дінін қабылдайды.Қарлұқ феодалдық қоғамы байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір құқы жоқ тобы – құлдар-тын. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес қалалар да болатын. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлақ, Тұзын, Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пенчуль т. б. Қалаларда қолөнер мен зергерлік кеңінен дамыды. X ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы нашарлай түсті. Оған Орта Азиядағы саманилер әулеті мен арабтардың шабуылы күшейді. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның береке-құтын қашырды. Міне осындай қиын жағдайда қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады. Қасым хан. Хандықтың гүлденуі. Қазақ хандығының аумағының кеңеюі. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы (1512–1521 жж.) Қазақ хандығы ең жоғарғы қуаттылығына XVI ғ. бірінші ширегінде, Қасым хан тұсында жетті. Қасым Әз Жәнібектің ұлы, анасы Жағанбегім – Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмуд сұлтанның анасының сіңлісі. Қасым хандығына Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайлықтар, шығыстағы түрік тайпалары, дулат, үйсін, қаңлы және Моғолстанның батысындағы тайпалар енді. Қасым хан ел бірлігі және қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін белсене күресті. Аумағы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі, Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендері. Астанасы – Түркістан. Қасым хан тұсындағы хандықтың алғашқы әкімшілік, сауда-экономикалық орталығы – Сығанақ. Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу. Ол бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қырғыздарға билігі жүрген жоқ. Соғыс жорықтары: 1503, 1505, 1506 жылдары – Шайбани хан қазақ жеріне тонаушылық жорықтар жасады. 1509 жыл – Қараталға шабуылдап, тонады. 1510 жыл – Мұхаммед Шайбани Сығанаққа шабуыл жасап, жеңіліп Самарқанға қашты. 1510 ж. аяғы – Мұхаммед Шайбани Мерв түбіндегі Хорасанда Иран шахымен болған шайқаста қаза тапты. Сырдарияда берік орнығу үшін Қасым хан Орта Азиядағы саяси жағдайды тиімді пайдаланды. 1513 жыл – Қасым хан Сайрамды алды. 1513 жыл – Бабырдың ізбасары Қаттабекпен одақ жасасып, Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға соғыс ашты. Ташкент түбінде қасым хан жараланып, Сайрамға шегінді. 1513 жыл – Моғолстан ханы Сұлтан Сайдпен одақтас болып, Ташкентке бірігіп жорық жасауға келісті. Алайда қыстың таяп қалғандығына байланысты, бұл жорық кейінге қалдырылды. 1514 жыл Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ ханының Жетісудағы билігі нығайды.Ноғай Ордасындағы саяси дағдарысқа байланысты көптеген ру мен тайпа Қасым хандығына көшіп келді. Моңғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет барлық дерлік қазақ рулары мен тайпалары бір мемлекетке бірікті. Қазақ хандығындағы халық саны 1 млн. жетті. Алғаш рет орыс мемлекетімен (Василий III, 1505–1533 жж.) дипломатиялық қатынас орнатылды. Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы «Қасым ханның қасқа жолын» шығарды. Заң 5 бөлімнен тұрады: Мал-мүлік және жерге байланысты қатынастар; Қылмыс пен оларға қолданылатын жазалар; Әскери қызметті, әскери міндетті атқару ережелері және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазалар; Елшілік қатынастарды реттеу; Халықтық дәстүрлерді өткізу тәртібі (ас беру, той-думандарды өткізу т. б.). Қасым билігінің соңғы кезеңдері тыныштық заман болды. Ол халыққа хан билігін мойындата отырып, ел бірлігін сақтай білді. Сауран қаласы сауда орталығына айналды. Орта Азиямен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда, дипломатиялық байланыс жасады. Қасым хан тұсында қазақтар Орта азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болған. Қимақ қағанаты: құрылуы, тайпалық құрамы, құлау себептері. Кимек қағанаты (IX-XI ғғ. басы) Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII ғасырдан басталады. Ондағы аталатын яньмо тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Моңғолияны мекендеген, ал VII ғасырдың ортасына таман кимектер Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Кимек тайпаларының басшысы "шад татұқ” деп аталған. VIII ғасырдың екінші жартысы – IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сырдария аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүстік Шығыс Жетісу аймағына қарай қоныс аударады. 766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тайпадан: эймур, кимек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын кимек федерациясы құрылды. Кимек тайпаларының басшысы "байгу” (жабғы) деп аталады. Бұл атақ өзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған. IX ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды. Бұл жерде олар қарлұқтармен одақтасып, Сырдария бойындағы және Арал өңіріндегі қаңғар-печенег тайпаларын талқандайды. Печенегтерді бұл жерлерден ығыстырып, осында қоныс аударған оғыз тайпаларына оларды батысқа қарай қуып жіберуге пәрменді көмек береді. Мемлекет ішінде тайпалар ақсүйектерінің өкілдерінен билеушілерді тағайындап отырған. IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың бас кезінде, яғни Кимек қағанатының құрылған уақытынан бастап, олардың ханы түріктердің ең жоғарғы лауазымы хакан деп аталған, немесе хандардың ханы деген мағынаны білдіреді. Хаканнан кейінгі билік Қимақ мемлекетінің құрамына енген тайпалар бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардан кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад-түріктер билеген. Кимек мемлекетінің қалыптасып өсуіне қарай, олардың тайпаларының құрамы да өзгеріп отырған. Тарихи деректердің көрсетуі бойынша, бұл кезде қағанат құрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен. Кимектердің 16 қаласы болыпты, бастылары Кимекия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамында мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Қимақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сиынған. Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып, "өзен – адамның тәңірі” деген. Өлгендерді өртеп жіберген. Оларға тас сымбат (мүсін) қойып, оған табыну салты кеңінен тараған. XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азиядан шыққан тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Бұдан басқа қағанаттың өз ішінде де билік үшін талас-тартыс күшейді. Сондықтан оның құрамына кірген қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшуге мәжбүр етті. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақ хандары күшейе түсті. Осы оқиғалардың барысында қимақтар саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Қимақтардың бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты. Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы материалдық және рухани мәдениеттің жаңа деңгейі (еңбек құралдары, шаруашылықтың түрлері, әлеуметтік жіктеліс) Б. з. б. II мыңжылдықта мыс пен қалайының құймасы – қоланың шығуына байланысты тас құралдар металмен ауыстырыла бастады. Тас ғасыры аяқталып, қола дәуірі басталды. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б. з. б. 4- мыңжылдықтың аяғы мен б. з. б. 1 – мыңжылдықтың басын қамтиды. Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған жерлердің атымен – Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Қазақстандық археологтардан қола дәуірі бойынша Орталық Қазақстанды Ә. Марғұлан мен К. Ақышев, Солтүстік Қазақстанды А. Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С. С. Чернигов пен А. Г. Максимова зерттеп, әр аймақтардағы өзгешеліктерді ашып көрсетті. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә. Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңі – ортаңғы; өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасу сатылары; соңғы кезеңі – өтпелі сәт пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінен тұрады. Қола дәуірінде мекендеген тайпалардың әр түрлі материалдан (металл, тас, сүйек, қабыршақ) алуан түрлі заттар (еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар) жасауда жоғары шеберлікке жеткені аңғарылады. Олар соғу, құю, қақтау, қысып өрнектеу, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, қатты материалдан жасалған заттарға өрнек сала білді. Қыш ыдыстарын жасаумен, негізінен, әйелдер шұғылданды. Ыдыстар қолмен жапсырылып жасалды. Қола дәуірінің алдыңғы кезеңінде бүйірі тік немесе біраз шығыңқы, мойны ішке қайырылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Тұрғын үйлері жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі үйлер болып бөлінеді. Қола дәуірінде әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшелер пайда болды. Материалдық игіліктерді өндіруде ерлер рөлі күшейді. Туыстық әке жағынан есептеле бастады. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде ру ыдырап, одан жеке отбасы шаруашылықтары бөлініп шықты, айырбас кең өріс алды. Тайпалар тұрмысы мен әл-ауқаты табиғатқа тәуелді болғандықтан, адам табиғат күшін құдірет деп білді. Олардың отқа табынғандығын мәйітті өртеу ғұрпы, қабірге күл мен көмір қалдықтары салынғаны дәлелдейді. Тайпалар арасында ата-бабаға сыйыну, о дүниеге сену кеңінен тарады. Құрбандық күнге, отқа, айға, жұлдыздарға арнап шалынды. Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары негізінде ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасты. Андронов мәдениеті (б. з. б.XVIII – VIII ғғ.) «Андронов» мәдениеті Ачинск маңындағы Андронов деревнясының түбінде 1914 жылы табылды. Қола дәуірінде Сібірдің, Орал бойының, Қазақстан мен Орта Азияның кең байтақ далаларын шыққан тегі жағынан туыстас, тарихи тағдырлары сабақтас, арттарына өзіндік жарқын мәдениет қалдырған тайпалар мекендеген. «Андроновтықтар» кетпенмен жер өңдеп, өсірілген астықты қола орақпен орып алған. Олардың тұрақтарынан тастан жасалған дән үгіткіштер жиі табылады. Орта ғасырдың жартастағы бейнелеріне (петроглифтерге) қарағанда олар өгіз жеккен соқаларды да пайдаланған. Қос үкіметтің орнауы және оның ерекшеліктері. 1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу және т. б. мәселелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан әрі жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне көшуге бұрынғысынша тыйым салынды. Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы «Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін» — деген ұранды пайдалана отырып, Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға айналдырды. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда (7 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталып, Уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды.Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік – бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды. Қыпшақ мемлекетіндегі басқарудың сатылы жүйесі және әскери ұйымдасуы. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер "Дешті қыпшақ”, яғни қыпшақ даласы деп аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа деректерінде құмандар, орыс жылнамаларында половцылар деп көрсетілді.XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара – Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақа, бек, байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретінде пайдаланылды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы тұрғындар — жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ хандығының саяси тарихы. Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.) Қыпшақтар туралы алғашқы хабар Қытайдың жазба деректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы телэ тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. VII-X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжұқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы салжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. 1096 жылы "Құдіретті” хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.XI ғ. аяғы – XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Хорезмшах Атсыз (1127–1156 жж.) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді. Бұл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мұхаммед жан-жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен оның немере інісі Алып-Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты пайдаланды. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласын басып алуға әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172–1200 жж.) өз ойын іске асыру үшін Сығанақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан құрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралады. 1198 жылы Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерекке көшті. Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуінен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандырды. Шайқастың барысында Алып-Дерек әскерлері жеңіліске ұшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезмшахқа тәуелді болып шықты. Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Хорезм шахы Мұхаммед (1200–1220 жж.) өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресін жалғастыра берді. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қайырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп моңғол басқыншылығының дәуірі басталады.
|