|
VІІ. Объективті зерттеулер (Status praesens) 8 pageDate: 2015-10-07; view: 612. 2. Ресейдегі Столыпиннің аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға жаңадан орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы. Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы 1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды. 1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды. Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді. Облыстардағы қазақстардың улесі: Ақмола облысы – 36,6% Семей облысы - 73% Жетісу облысы – 60,5% Сырдария облысы – 63,3% Төрғай облысы – 58,7% Орал облысы – 56,9% Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеми бастағанын дәлелдейді. 3 сұрақ ХХғ 80-90 ж. Қазақстанда жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы. Н.Ә.Назарбаев«Қазақстан болашағы қоғамының идеялық бірлігінде» деген 1983 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар социалистік партия, Қаз-ң Республикалық партиясы,Коммунистік партия және Қазақстан халық конгрессі. Республикада 300 ден аса қоғамдық саяси ұйымдар 68 қорлар тіркеуге алында. Саяси қозғалыстардың ішіндегі беделі жоғары Қазақстанның халық 1-одағы Назарбаев оның басшысы болуға келісім берді. Төрағасы Қ.Сұлтанов Қазақстан Халық конгрессі партиясының 1993 жылдың 19-шілдедегі 5-пленумда жоғары кеңестен саяси партияның заң жобасын бекту жөнінде заңдылау мәселесі талқыланды. ҚХК төрағасы О.Сүлейменов Ресей мен Қазақстан арасындағы байланысты орнатты. Қаз.социалистік партиясы ұйымшылдықты нығайту техникалық базаны жақсарту жолында жұмыс атқарды. Азат қозғалысы Қаз-ның Республикалық партия басшысы үкіметке қысым көрсету туралы айтты. Қазақстандағы алғашқы қозғалыстардың бірі НЕВАДА-СЕМЕЙ экономикалық қозғалыс 1989жж Сүлейменовтың ұсынысы бойынша құрылған бұл Қаз-ның мақсатын Семей және басқа полигондарды жабу. 1990жж шілдеде азат-азаматтық қозғалысы болды. Мақсаты.: егенмендік алу еді. Республика халқының славян жұртшылығымен қауымдастырған «ЛАД» қозғалысы 1993 жж соңына қарай қозғалысқа саяси қозғалыстар республикада шынайы берік күшке айналды. Олардың өз бағыт-бағдары әдіс-тәсілдері болды. 1 сұрақ Қазақстан Монғол империясының құрамында. Алтын Орданың құрылуы және ыдырау. 1155ж Тимучин біржігіт тайпасының көсемі Ясугей дүниеге келді. Кейін әкесінің орнына отырып, бытырап жатқан Моңғол тайпасының басын біріктіріп, 1206ж Омон өзенінің бойында өзін бойында өзін ақ киізге көтеріп, Шыңғысханмын деп жариялады. 1207-1215ж Шыңғыс ханның Енисей қырғыздарын, Таңғут мем-тін, Сібір тайпаларын Сиса мем-ін, Қытайладың солт-ін өзіне қаратып әскери феодалдық мем-н құрды. Ордасы-Қарақорым. 1218ж. Жетісудағы Найманға шапқыншылық жасап, Жетісуді басып алды. Сығанақ қарсылық көрсетті. Баласұғын өз еркімен берілді. 1219ж. Ш.х: Хорезм шахы Мұхамедке сауда жасау жөнінде елшілік жіберді. Бұл елшіліктерді отырар билеушісі Қайырханның өлтіруі Ш.х.-ды ызаландырып, 1219ж Отырар қаласына шапқыншылық жасауға алып келді. 5 ай соғыстан соң Отырар жермен жексен етілді. Ш.х. 1221ж. Орта Азияны жаулап алды. Ш.х. құрған мем-т Ұлық ұлыс(Ұлы ұлыс) Ордасы Сарай (Астрахань маңы). Осы ұлыстарды 4 ұлысқа бөлді. Жошы ұлысы Сол. Ертістен Орал тауы. Оңт. Сырдария, Арал, Каспий теңізі. Батыс Моңғол Аттұяғы барған жерге дейін. Шағатай ұлысы Жетісу, Мәуренахр (Сырдария, Амудария). Үгедей ұлысы Жетісудің сол. шығыс бөлігі. Төле ұлысы-Моңғолия жері беріледі. 1227ж. Жошы қайтыс болды, Ш.х.-ның өзі де қайтыс болды. Жошы ұлысына билікке ортаншы ұлы Батый келеді. 1236-1242ж. Шығыс Европаға жорық жасапМоскваға дейінгі жерді басып алды. Осы жерде, яғни Жошы ұлысында Алтын Орда мем-н қалады. Үлкен ағасы Орда Еженге берілген жер – Ақ Орда, інісі Шайбаниге берілген жер-Көк Орда, Ордасы-Сарай Бату Шыңғыс ханның орныныа Үгедей ұлы хан болды. 2. ХХғ. Басындағы Қазақстан. 1905-1907жж. Революция. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907жж. ереуілдері орыс халқының төңкеріліс күресімен тығыз байланысты еді. Өлкеде жұмысшылардың ереуілдері стачкалары, әсіресе теміржол қатынас орындарында неғұрлым кең қанат жайды. Олар поезд жүрісін тоқтатты. Өз еріктерімен 8 сағ жұмыс күнін енгізді. 1905 ж. қазан айында бүкіл Ресейлік ереуіл әсерімен Қазақстан қалаларында Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде демонстрациялар бой көтерді. «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Почта-телеграф қызметкерлеріне ереуіл жасады. Қазақ жұмыс шаруалары патша өкіметіне қарсы орыс шаруалар жұмысшыларымен бірігіп шықты. Қазақстан шаруалар жер, су, бостандық, теңдік пен тәуелсіздікүшін шықты. Семей, Торғай, Орал обл-да жер үшін толқулар болды. Патша әкімшілігі бұл аудандарға басып тастауға отрядтар жіберді. 1905 ж. желтоқсанда уыспен рудашылардың жұмыстары ереуілге шықты. 1905-07жж. революция қозғалысына байланысты Қазақстан жұмысшылары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдағы теміржолшылар кәсіподағы (1905ж. қараша) құрылды. Оған Смурнов, Покатилов, Ульянов басшылық жасады. Осы кезде халық көзін ашпақшы болған Бөкейханов, А.Байтұрсынов және т.б. 3Сұрақ. XX. 90- шы жж. Саяси процестер. КСРО ның ыдырауы . ТМД ның құрылуы РСФСР, Белорусь, Украина басшылары желтоқсан айлық басында Белорусь астанасы Минск қаласында бас қосты. Бқл келіссөзден соң 1922ж КСРО ны құлатып ТМД құруға келісімге қол қойылды. Бұл кездесуде Қазақстан Президенті басқа Орта Азиялық Республиканың Президенті шақырылды. 1991 ж 13 желтоқсанда Орта Азия Қазақстан басшылары Ашхабад қаласында бас қосты. 20 желтоқсанда тәуелсіз елдер одағы төңірегіндегі мәселелерді талқылау үшін Әзірбайжан Армения Белорусссси Қазақстан Қырғызстан Молдава РСФСР Тәжікстан Түркіменстан және Өзбекстан басшылары Алматыға жиналды. Оған Грузия бақылаушы есебінде қатысты. 1991жылы 21 желтоқсанда сағат он бір отызда тәуелсіз елдердің басшысы ҚР ның президентінің резиденциясына жиналды. М.С.Горбачев бұл жиынға қатысқан жоқ. Оған шақырылмады. Сағат он бесте әзірленген құжаттарды дайындау аяқталды. Сағат он жетіде он бір респуубликаның басшылары қол қойды. Осы сәттен бастап КСРО өмір сүруін тоқтатып ТМД өмір есігін ашты. Хаттамаға қол қоған соң кейінгі пресс конференциясы Н.Ә.Назарбаев ашты. 1 СҰРАҚТЫ ТОЛЫҚТЫРУ 1 сұрақ. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы. Шыңғыс хан найман керей жалайыр сияқты монғол жеріндегі түркі тілдес хандықтарды қол астына қаратып, көрші жатқан елдерді жаулап ала бастады. 1207-1208жж Жошы Енисей қырғыздарын жаулады. 1207-1209жж Ұйғырларды бағындырды. 1211 -1215жж қытайды басып алды. Шыңғысхан енді Орта азия мен Қазақстанға көз тікті. 1217 жж Күшлік Жетісуға аттанды. 1218 жж Монғолдар жнтісу жеріне енді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды жаулаған соң Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. 1218 жж Отырар апаты. Жошы- Сырдарияны бойлап, Қыпшақ даласына бағытталды. Шағатай мен Үгедей Отырарды қоршауға алды. 1219 жж -1220жж Сыр бойындағы қалалар бағынды. 1219-1221жж Орта Азияны басып алды. 1219-1224 жж Орта Азия мен Қазақстанды толығымен басып алды. 2. Бірінші дүнижүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері. Бірінші дүниежізілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай құрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатыныц шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты. Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті. Дегенмен, германдық сауданың өсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп, одан ағылшын бұйымдарын ығыстыра бастауы Англия мен Германия арасындағы қатынасты қиындата түсті. Германияның қуатты әскери-теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы Англияның сыртқы саясатына күрт өзгерістер енгізді. 1904 жылы бұл елде Франциямен жақындасу үшін ірі қадамдар жасалды. Бұл Англия мен Ресей арасындағы қарым-катынастардың жақсаруына алғы шарт жасадьі. Патша өкіметі Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның шет елдерге борышы 8 миллиард сомға тең болды. Оның үстіне Ресей Англия меи Францияның көмегі арқасында бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери күшін пайдаланбақ еді. Бірақ ағылшын-орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа түсті. Ең алдымен олар өздерінің Иран, Ауғанстан, Тибеттегі бақталасты істерін реттеді. Ақырында орыс-француз одағы мен ағылшын–француз Антантасы бірігіп, үштік келісімге айналды. Екі империалистік блоктардың арасындағы күрес 1912–1913 жылдары Балқан соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуын тездетті. Бірінші Балқан соғысы (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан одағы мен Түркия арасында болды. Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Греция және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Түркиядан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Түркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балкан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балкан түбегінде Антанта бағыты күшейді. Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Македония және Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік берді. Балкан соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория 11,9 мың, Греция 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Түркия 156 мың адамынан айырылды. Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-бірінс айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ (бейтараптық сақтайды деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итсрмеледі. 3 сұрақ . Семей ядролық пологоны. Арал қасіреті. Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды. 1. Моғолстан мемлекеті. Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы. Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кешқаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді. 1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады. Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен. Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген. Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң, Моғол хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратып қайтады.
|