Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери


Date: 2015-10-07; view: 2970.


.Ужымдастырудын сталиндик үлгисине карсы шаруалардын наразылыгы алуан түрлі болды:Қалалар мен құрылыстарға кету;Басқа аймақтарға, шет елдерге көшу;Белсенділерді, кеңес, партия, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру;Қарулы отрядтар құру;Көтеріліске шығу;

1929-31жж өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Семей округі- халық наразылығының ірі ошағы. 1930ж ақпан-мамыр аралығында Зырянов, Өскемен,Самар,Шемонайха,Қатонқарағай аудандарында толқулар болды. Батпаққаа көтерілісі бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, орталық, батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы көтерілісшілер ауданына айналды.Көтерілісшілер талаптары:Заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал мүлкін қайтару;Дін бостандығы;Шаруаларға үдемелі табыс салығын салу;Еріктілік ұстанымын сақтау;Дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік беру;Созақ көтерілісі табандылығымен және ұйымдастырылуымен ерекшеленді(басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. .

Күштеп әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Абыралы, Қордай, шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.1931ж көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері жазалау әрекетімен түгел қырылды.

 

92.1931-1932 жж. Қазақстандағы аштық; себептері мен зардаптары. .

Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: жылы-313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы- 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды. \ \1932 жылғы 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО Орталық Атқару Комитеті төралқасына аштық айғақтары туралы жазды: «...аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша. өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде...» 1932 жылғы шілде – аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) жазылды. Онда көтерілген мәселелер: Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.«Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.1933 жылғы наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер: «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда: Орта Волгада-40 мың, Қырғыз жерінде-100 мың, Батыс Сібірде-40 мың, Орта Азияда-30 мың, Қарақалпақ жерінде-20 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмак, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы». Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:1)• Актөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71%).2)Балқаш ауданында 1930 жылы – 60 мың адам болса, 1932 жылы – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп, 12 мыңы қалған. \ Жаппай жазалау мен аштык әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 70 мың адам (281.230 шаруа қожалығы) Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн.)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.\ Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды: 1)Қалалар мен құрылыстарға кету.2)Басқа аймақтарға, шетелге көшу.3)Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру. 4)Қарулы отрядтар кұру.5)Көтеріліске шығу. \ 1929-1931 жылдарда өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды: 1)Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.2)Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.

93.Улт зиялыларына карсы жасалган кугын сургин саясаты.

30-жылдары КСРО-да соц-к қатынастар орнығып болды.Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:

- Жазалау орг-р-ң қызметі күшейді;

- Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі кеңестер қызметі шектелді.

Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып жазалау шаралары іс жүзіне асырылды.Жазалау шаралары:

- ату жазасы;

- жер аудару;

- еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау;

- КСРО-дан тыс жерлерге қудала.

94.КРЛАГ,АЛЖИР Казакстандагы Сталиндик террордын белгиси.Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.

1927-29жж мемлекетқайраткерлері Т.Рысқұлов, Нұрмақов, Қожанов, Мырзағалиев республикадан аластатылды.Мыңбаев-Қазақстан Орталық атқау комитетінің төрағасы қызметінен;

Сәдуақасов- Ағату халық комиссары қызметінен. Сұлтанбеков- Жер ісінің халық комисары қызметінен алынды.1937ж жаппай жазалауға да Ежов белсене кірісті.1937-38жж террор жаппай сипат алды.Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар-Сейфуллин(1894-1938), Майлин(1894-1938), Жансүгіров(1894-1938),Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.

Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды:

Карлаг- ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.

ЧСИР- Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.

Алжир- Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.

Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлеріболды:

Ғалым Чижевский-салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы;

Нәдірбай Айтақов- Түркімен КСР Орталық атқару комитетінің төрағасы,

95.Улы отан согысынын басталуы.Экономиканы согыска бейимдеу. (1939-1945). Қазақстан - майданның арсеналы. 1941 ж. 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Қазақстан соғыстың бірінші күндерінен-ақ оның арсеналына айналды. Экономика соғыс қажетіне лайықтағ қайта құрылды.Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 проц. арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-уольфрам комбинаттары салынды.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрик, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген металл өңдейтін, машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар, шығарды.Қазақстан эуакуацияланған өнеркәсіптерді қарсы алды. 1941-42 жж. 220 зауыт, фабрик (Мәскеуден, Ленинградтан, Украина, Белоруссиядан келген) қайтадан жасақталды. Олар негізінен Алматыға, Оралға, Шымкентке, Семейге, Қарағандыға орналасты.Ауыл-село еңбеккерлері өздерінің ғатриоттық міндеттерін өтеді: 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың т. астық, 734 мың т. ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Ш.Берсиев тарыдан 1943 ж. гектарынан 202 ц. өнім алса, Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, осындай табысқа жетті.Қазақстанға шығармашылық және ғылыми ұжымдарда келді. Олардың қатарында Мәскеу, Ленинград киностудиялары, 20 ғылыми мекемелер, атақты ғалымдар: И.П.Вернадский, А.М.Панкратова, А.А.Скочинский және т.б. бар. Белгілі қазақ ғоэзия, ғроза өкілдері Ж.Жабаев, С.Мұқанов, Д.Снегин М.Әуезовтар өз шығармашылықтарын жеңіске жетуге арнады.Қазақстанда әскери бөлімдерде жасақталды. Барлығы 12 атқыштар, 4

кауалериялық диуизия, 7 атқыштар бригадасы құрылды.Қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып соғысты қарсы алды. Брест қорғанын К.Әбдірахманов, В.Лобанов, К.Иманқұлов, ±.Жұматов қорғады. Мәскеу үшін шайқаста қазақстандықтар даңққа бөленді. 316 атқыштар диуизиясы (Алматыда жасақталған) 8 Панфиловшы Гуардияшылар болып қайта құрылды. Мұнда аға лейтенант Б.Момышұлы (1990 ж. КСРО батыры) басқарған батальон көзге түсті. Сондай-ақ осында ерлік көрсеткендер Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллиндар болды.Ленинградты қорғауда Қазақстаннан 310, 314 диуизиялар қатысты. Қазақстандықтар теңізде де соғысты, "Киров" крейсерінде 156 қазақстандық болды. Ленинград үшін шайқаста кевдесімен дзотты жағқан Кеңес Одағының Батыры С.Баймағамбетов болатын. Жамбыл өзінің "Ленинградтық, өренім!" атты жалынды өлеңімен 1941 ж. қыркүйегінде ленинградтықтарды жігерлендірді.1942 ж. күздегі Сталинград үшін шайқас кезінде Батыс Қазақстан облысында әскери жағдай жарияланды. Сталинград оғерациясына 5 атқыштар, 1 кауалериялық диуизия, 1 теңіз атқыштар бригадасы, 1 минометті ғолк қатысты. Мұндағы ұрыста Н.Әбдіров, К.Сғатаев батыр атағын алды.Көғтеген қазақстандықтар Күрск түбіндегі, Белоруссиядағы, Украинадағы шайқастарға қатысты. Берлинге ту тіккендердің бірі Р.Қошқарбаев еді. Қазақстандықтар партизан қозғалысына (Қ.Қайсенов), Қарсыласу қозғалыстарына қатысты.Соғыстағы ерліктері үшін 499 қазақстандық (99-ы қазақ) Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Екі рет иеленгендер Т.Бегелдинов, Л.Беда, И.Паулов, С.Луганский болатын. Шығыс қыздары арасынан Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова Кеңес Одағының Батыры атанды. Шамамен 410 мың қазақстандық соғыстан оралмады.Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстанның рөлі. 1939 жылы басталған екінші дүниежүзілік соғыстың ұлы отан соғысы жылдарында соғыста да, тылда да ерліктің, ғатриотизмнің үлгісі болғандардың қатарына қазақстандықтар жатады. Алғашқы күндерден-ақ соғыс техникасын, әскерге киім-кешек, түрлі құрал-жабдықтар дайындапан Қазақстан халқы болды. Эуакуациямен, реғрессиямен келген сан мыңдаған басқа ұлт өкілдерін қарсы алып, бауырмалдық танытқан қазақ халқы еді. Ауыл еңбеккерлерінің орнын басқан әйелдер (70-80 проц.), соғыстың жеңіспен аяқталуына зор үлес қосты. Мысалы, зуено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алса, жылқышы Ш.Шұғаиғова бір мыңнан астам жылқыны шығынсыз бағығ келді.Майданға ерікті көмек ұйымдастырылды, 1941 ж. күзінен бастап ғатриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтар сатып алынды. Майдандағы солдаттарға 1600 вагон сәлем-сауқаттар жіберілді. Қазақстан артистері 1216 рет майдан шебінде концерт көрсетіп, тыл мен майдан бірлігін дәлелдеді.Тылдың майданға көмегі жауынгерлердің жағдайын жақсартығ қана қоймай, олардың жауынгерлік рухын көтерді, оларды жауды талқандау үшін мүмкін емес нәрсенің бәрін де істевге жігерлендірді.Жағонияның тізе бүгуімен Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Бұл соғыстың жеңіспен аяқталуына қазақстандықтардың үлесі зор.

Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасын әскери бағытқа көшірілді.

-бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.

-көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.

-Майданға жақын жерлерге 220 зауыт пен фабрика,цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді.

Өнеркәсіп орындарын көшіру 2 рет жүргізілді:

Көшірілген кәсіпорындардың 20-сы қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын болып қайта құрылды.

Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен мына аймақтарға орналастырылды:Алматы,Орал,Петропавл,Шымкент,Орал,Семей.

Қазақстан –КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды.1942ж Одақта өндірілген:

-қорғасынның 85%-ын,

-көмірдің 1/8 бөлігін,

-молибденнің 60%-ын,

Отандық мұнайдың 1млн.т-ға жуығын береді.

Соғыс жылдарында салынған құрылыстар:Мақат-Қосшағыл темір жолы,Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі,Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты,т

96. Казакстан – майдан арсеналы.Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Нан шақырылған жігіттер 316 атқыштар дивизиясына жасақталды. Армия қатарында әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылыды.27 әскери оқу орны 16 мың офицер дайындап шығарды.220 зауыт фабрика қазақстанға көшірілді. Көшірілген кәсіп орындардың жиырмасы қару жарақ пен оқ дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Қазақстан КСРОның негізгі өнеркәсіп базасына айналды. 1942 одақта өндірілген қорғасынның 85% , көмірдің 1/8 бөлігі, молибденнің 60% берді. 1943 ж. Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Ш. Берсиев тарының гектарына 201 ц алып, 1943 ж дүниежүзілік рекорд жасады. Дацкова тарының гектарынан 52ц жинаушы. 1942 қыркүйек комсомол деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. 1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды.

97. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.

Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін үұрыстарда.

Соғыстың алғашқы кезінде Қазақағынан КСР-інде құрамы жағынан көп ұлтты 14 атқыштар және 6 атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып майданға аттандырылды.

Брест қамалың қорғаушылар арасында Қазақстандықтар А.Нағанов, В.Фрусов, Қ.Тұрдиев, Ш.Шолтыров және т.б. болдв.

Дивизия комиссары, Оңтустік батыс майдан Әскери Кеңесінің мушесі.

Е.П.Рыков басқарған 800 жауынгер 1941 жылғы 20 қыркүйекте уш тәулік бойы күші басым жаумен соғысып қаза тапты.

Мәскеу тубінде генерал майор И.В.Панфилов басқарған 316 атқыштар дивзиясы ерлікпен шайқасты.

1941 жылғы қарашада Дубасскова түбінде 1075 атқыштар полкінің танк жоюшылары ерекше ерлік көрсетті. Осы топта ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочковтың: < Рессей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу> деген сөзі ұранға айналды.

 

Мәскеу үшін шайқаста И.В.Карлов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше ерлік көрсетті.

Мәскеу түбіндегі ерлігі үшін 316 атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қазал Ту орденімен марапатталады. Жауынгерлердің өтініші бойынша дивизия И.В.Панфилов есімімен аталатын болды.э

Мәскеу ушін шайқаста ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бородино селосында көрсеткен ерлігі ушін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген Төлеген Тоқтаров. Ұлы Отан соғысының аты аңызы айналған қаhарманы, белгілі жазушы Б.Момышұлы.

Соғыстың алғашқы күндерінде бірінші болып таран жасаған А.Масловтың экипажы. Оның құрамында жерлесіміз Бақытораз Бейсекбаевта бар еді. Оған 1998 жылы Халық Қаhарманы атағы берілді.

Балтық флотында қызыл тулы бір ғана <Киров > крейсерінеде 156 қазақстандақ жауынгерлік сапта тұрды.

Ленинград ушін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының аузын жауып қаза тапты. Сол ушін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ориенбаум алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дуйсенбай Шыныбеков шайқасты.

1941 жылғы қыркуйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтықтарға Ленинградтық өрендерім деген жырын арнады.

1942 жылдың күзінде ауқымы адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград тубінде ұрыс жүріп жатты.Каспий өніріне соғыс жағдайы енгізілді.

Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас еді. Сондықтан Сталинград майданына Батыс Қазақстанның ресурстары кен ауқымда тартылды.

Қазақстанның Еділ бойындағы қахарман қаланы қорғаушыларға жолдаған үндеуінде: < Сталинград -Шығыстың кілті>, деп көрсетілді.

Батыс қазақстандақтар Сайхан мен Ордада әскери әуежайлар құрылысына жұмылдырылды. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды.

Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі ғана жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойды.

Сталинград майданында шайқасқан 29-шы және Алматының 38 атқыштар дивизияларының даңқы шықты, екеуі кейін 72-ші, 73 гвардиялық дивизиялыққа айналды. Ерлігі ушін 73-гвардиялық дивизия <Сталинградтық> деген құрмет атақ алды.

Қарағандының өкілі, ұшқыш Нуркен Әбдіров 1942 жылғы 19 желтоқсанда Боковская Пономоревка ауданында таран жасап ерлікпен қаза тапты.

Атақты <Павлов үйі> үшін соғыстың бір мүшесі Толыбай Мырзаев еді.

Еділ бойындағы қаһарман қала түбінде минометші Қарсыбай Сыпатаев өшпес ерлік жасады.

300 фашистің тегеуріне 11 қаһарман төтеп берді. Ержурек жауынгерлер қорғаған төбе <Шығыстың 11 батырының төбесі> деп аталады.

Дон мен Еділ бойында Қазакстандықподполковник Т.С.Позолотин басқарған 17-гврадиялық танк полкі ерекше көзге түсті.

Днепр үшін ұрыста 18 жасар Ж.Елеусізов қазақтар арасыындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанды.Қазақстандық партизадардың жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Шетелдердегі Қарсыласу қозғалысына қатысқан қазақстандықтар, солардың ішінде Кеңес Одағының батыры А.С Егоров, З.Х Құсайынов.2-ші дүние жүзілік соғысындағы еә ірі операциялардың бірі – берлин операциясы 1945 жылы 16 сәуір-2 мамырда бо кеңес Армиясы Берлинді толық билігіне алды.Берлин үшінұрыстарға қатысқан Кеңес Одағының Батыры С. Нұрмағамбетов. Жас офіцер Р. Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірже Рейхстаг терезелерінің біріне алғашқылардың бірі болып жеңіс тун қадады.Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген екі марте кеңес одағының батыры Сергей Луганский. Екі марте Кеңес одағының батыры атағын алған жер лес ұшқыштарымыз Леонид Беда және Иван ПавловКеңес одағының батыры атағын әйелдер арасында 100-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулиметшісі Мәншүк маметова және 54 атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды.

500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес одағының батыры атағын алды.

98. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.

Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернациолдану барысы мейлінше күшті жүргізілді. Тұрғындарды жаппай көшірудің салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі, Кенді Алтай, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешендермен ингуштер еңбек етті. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді. Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мың неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді.Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашай, ингуш,шешен балкар, қарам татарлары, месхет түріктері көшіріліп әкелінді.

КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті III Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2млн 464мыңға жуық адам болғанын айғақтайды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншылықтарға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.

99.Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.

Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалпына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті.1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы қатарға қосылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді.Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады.

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды. Ұйғыр жазушысы Х.Абдуллин Гүлстан повесін жазды. К.хасанов ұйғыр драматургиясын жасауда көп еңбек етті. Ким Кван Хан бастаған корей жазушылары көзге түсе бастады.

100. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.

Тың игеру кезіндегі еңбекші бұқараның ерен ерлігі нәтижесінде Қазақстанда астық өндірудің көлемі артты. 1940-1950 жылдар ішінде 15 жаңа қала, 86 қала типтес поселка, 100-деген елді-мекендер пайда болды. Өзге республикадан адамдармен қосы қыруар техника келді. Жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін орасан зор жерлер жыртылып, экологиялық тепе-теңдік бұщылып, жер эрозияға ұшырады. Мал шаруашылығы шығынға ұшырап, бұл жағдай ет,сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды. Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтустігіндегі алты облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жузеге асырылды.

Тың игеру елдегі ауыл шаруашылық өнімін өндірудегі қарқынның шұғыл төмендеуіне алып келді. Жетіжылдыққа (1959-1965) белгіленген. жалпы өнімді 70% - га өсірудің орнына 15% ғана өнім алынды.

Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық ерекшеліктері ескерілмеді. Игеріліге тиісті жер қазақтардың сан ғасырғы ата-мекені екендігі айтылмады. Мал шаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі өз кезегінде республикадағы ет-сүт енімдерінің тапшылығын туғызды. 1951-1952 жылдары республикада мал басының шығыны көп болды. Тың жерлерді игеру басқа республикалардан халықтың кешіп келуіне жәрдем жасады, ұлттық салт-дәстүрлердің рөлі төмендеді, қазақ мектептерінің саны құрт азайып, ұлттық әдебиет пен мерзімдік баспасөз басылымы кеміді. Қазақ халқының әдет-ғүрпына, салт-дәстүріне, оның мәдени ескерткіштеріне «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды. Тың игеруді желеу етіп 2 млн-ға жуық орыстардың, украиндардың т.б. ұлт өкілдерінің көшіп келуі Қазақстанның солтүстік облыстарында тілдік және демографиялық проблемаларды ушықтырды. Сол жылдары Теміртауда салынып жатқан металлургия комбинаты Бүклодақтық комсомолдық екпінді құрылыс деп Жариялаған болатын. 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам, келесі жылы 170 мың адам бірнеше жылдың ішінде 300 мың адам қоныстандырылды. Оларды әлеуметтік жағынан қамтамыссыз ете алмау салдарынан тәртіпсіздікке жол берілді. Қала халқының үлесі 1939 жылғы 28%-дан 1959 жылы 44%-ға артты.

1939 дылмен салыстырғанда тұрғындардың саны 3млн 216 мың адамға өсіп, 1959 жылы 9млн 295 мыңға жетті. Аталған мерзім ішінде Одақ халқы 9,5 %-ға көбейгенде, Қазақстанда бұл көрсеткіш 52,8% болды. 1959 жылғы санақ бойынша жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2млн 787 мың, 29%-ын құрады. Халық санының, қалалар мен өндіріс орталықтарының өсуі астық қажеттігін арттырды.

1960 жылдарының басына дейін Қытайда тұратын қазақтандың 200мыңы Қазақстанға оралды.

101. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және ХХ ғ. соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.

КОКП Орталық Комитеті жеке адамға табынушылық пен оның зардаптарын жою жөнінде соңғы уақытқа дейін партияның жүргізген жұмысы қазірдің өзінде-ақ жақсы нәтижемен берді деп санайды. Партияның XX съезінің шешімдеріне сүйене отырып, КОКП Орталық Комитеті барлық партия ұйымдарын мынаған шақырған.

1.тарихтың жасаушысы, адамзаттың барлық материалдық, рухани байлықтарын жасаушы болып табылатын халық туралы марксизм-ленинизм ілімінің қағидасы жұмысымызда сақталсын;

2.партияның нормасын сақтау, сынмен өзара сынды өрістеу жөнінде соңғы жылдары партияның Орталық комитеті жүргізіп отырған жұмыс қажырлықпен онан сайын әрі жүргізілген.

3.Кенес Одақтық Конституцияда жазылған социалистік демократизмнің принциптерін толығымен қалпына келтірілді.

4.6-5 жылдық жоспардың міндеттерін практикада жүзеге асыру жолындағы күреске кадрларымыз, коммунистер, еңбекші бұқара жұмылдырылсын делінген.

102 Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан теңізі. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Арал апатына себеп болған факторлар:

• жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

• ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

• суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

• жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

• табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 %, Қазақстанда – 60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады

Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'– Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді.Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды

103. Қонаев Д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер

Қонаев Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітірген.

Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942—52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Дінмұхамед Қонаев 1955—60 және 1962—64 жылдары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960—62 және 1964—86 жылдары. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол бірнеше мәрте [[КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКПның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылы СОКП Орталық комитетінің мүшесі.

Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.

Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960 жылдар басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.

1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.

104 Қазақстан қайта құру кезеңінде: алғашқы қадамдар, қиыншылықтар.

Қазір мәлім болғандай, КСРО мемлекетінің ұзаққа бармайтындығы туралы батыс саясаткерлерінің 80-жылдардың бас кезіндегі болжамдары расқа шықты. Өйткені, 80-жылдардың басына таман КСРО-дағы барлық республикаларда сас ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты. 1985 жылы қоғамның жаңа басшылығының елді дағдарыстан алып шығу жөніндегі қайта құру деп аталған бағыты да еллдегі жағдайды тұрақтандыра алмады. Аталған қайта құру бағыты терең терең ойластырылған ғылыми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді.

Дегенмен, кеңес саяси жүйесіндегі реформалар ұлт республикаларында әртүрлі бұқаралық ұйымдардың құрылуына жол ашты. 1989 жылдың көктемінде «Невада–Семей» қозғалысы дүниеге келсе, 1990-1991 жылдары «Азат» азаматтық қозғалысы, «Желтоқсан» партиясы, Қазақстан социал-демократиялық партиялары құрылды. Бұл партиялар мен қозғалыстар да Қазақстанның егемендігі үшін күресті. Сөйтіп, Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.

1989 жылы мамыр-маусым айларында өткен КСРО халық депутаттарының І съезінде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір, сыни және табанды талдау жасалды. Кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеті жасалынды. Съезде барлық дәрежедегі партиялар және мемлекеттік органдар қызметтерінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталынды.

Қоғамдық-саяси өмірдің аса маңызды мәселелері төңірегіндегі тартыс бір-біріне қарама-қарсы ұстанымдағы депутат топтарының құрылуына алып келді. Халық депутаттарының І съезінің жұмысын бастасымен-ақ аймақаралық депутаттық топтар құрылды. Депутаттарды саяси және кәсіптік мүдделері бойынша біріктірген басқа топтардың бар екендігі сезілді.

Халық депутаттарының І съезінің қабылдаған шешімдердің көпшілігі жүзеге асқан жоқ. Соған қарамастан ол партия комитеттерінің билігін едәуір әлсіретті. Е. Лигачев, П. Соломенцев тәрізді КОКП және мемлекет басшыларының, тіпті, КОКП ОК Бас хатшысы М. С. Горбачевтің де қызметтері үздіксіз сынала бастады. Кеңестер, кәсіподақтар, комсомол бірте-бірте КОКП өктемділігінен арыла бастады. Демократиялық сайлау кезінде партия комитеттерінің лидерлері ірі жеңілістерге ұшырады. Бірақ сонымен қатар қоғамда, саяси қарсыластар арасында ымырасыздық, егесулер, атақ танулар күшейді. Демократиялық сенімдегі адамдар көбіне «күйе жаққыштығы», «сатылғыштығы», «екі жүзділігі» үшін айыпталды. ҚАЙТА ҚҰРУ САЯСАТЫ – 20 ғ-дың 80-жылдарының орта тұсында пайда болған саяси-экономикалық атау. КСРО-дағы әміршілдік жүйені реформалау мақсатында жүргізілді. 1970 – 80 ж. Кеңестік саяси-экономикалық жүйе тоқырауға ұшырады. Сондықтан Кеңес Одағында саяси-экономикалық реформалар жүргізу қажеттілігі пісіп жетілді. Осыған байланысты жаңа басшы М.С. Горбачев бастаған КОКП ОК 1985 ж. сәуір пленумында саяси жүйені реформалау қажет деп санап, қайта құру саясатын енгізді. Қайта құру саясаты КСРО-да, кейін басқа да социолистік даму жолына түскен елдерде үлкен өзгерістерге жол ашты (жариялылық, саяси плюрализм, “қырғи-қабақ соғыстың” аяқталуы, т.б.). Бірақ, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе сақталған жағдайда, қоғамдық өмірді демократияландырудың мүмкін еместігін кейінгі оқиғалар көрсетіп берді. 1986 ж. Алматыда болған Желтоқсан оқиғасынан кейін Тбилисиде, Бакуде, Вильнюсте бірінен соң бірі баскөтерулер орын алды. 1989 – 90 ж. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (ГДР, Польша, Чехословакия, Болгария, Венгрия, Румыния, т.б.) соц. даму жолынан бас тартып, нарықтық қатынастарға көшті. Қоғам өмірінің барлық салалары дағдарысқа ұшырады. Нәтижесінде 1991 ж. Кеңес Одағы тарап кетті. Қайта құру саясаты аяқталмай қалды

105. 1986ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Қазіргі көзқарас.

1986жылдың желтоқсанында жастар бұлқынысының басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспай, Ресейдің Ульянов облысы партия комитетінің 1-хатшысы Геннадий Колбинді Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Сондай-ақ Қазақстандағы барлық билікті уысынан жібермей ұстаған шовинистік жүйе, күшпен орыстандыру саясаты, интернационалистік у-шу тасасында ұлттық тіл мен мәдениетті жою әрекеті, ауру мен балалар өлімінің көбеюі, теңсіздік, саяси бостандықпен санаспау, ұлттық намыс пен ар-ұжданды табан асты ету, жергілікті халықтың қайыршы жағдайда өмір кешуі. Сол күні Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін олардың саны әлденеше мыңға жетті. Ереуілге шыққан жастардың қолдарында «Өзімізді-өзіміз билеуді талап етеміз!», «Әр халыққа ─ өз көсемі!», «1937 жыл қайталанбауы керек!», «Ұлы державалық ессіздік дереу тоқтатылсын!» деген ұрандар, транспоранттар болды. Бірақ алаңға жиналғандардың қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, «бұзақыларды» күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО Ішкі істер министрлігінің №0385 бұйрығы негізінде дайындалған "Құйын- 86" операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. Желтоқсанның 18-і күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Жастардың қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер желтоқсанның 19-ы күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, жаншып таратты. Алаңдағы көтерілісшілер күшпен таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2 мың 401 адам жеткізілді. (Алматы түрмелеріне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталды).

Желтоқсанның 19-23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілері республиканың Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Желтоқсан көтерілісіне Кеңес одағы коммунистік партиясы Орталық комитетінің қаулысымен "қазақ ұлтшылдығының көрінісі" деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. . Көтерісшілер қатаң жазаланды. Көпшілігінің өміріне де, көңіліне де жазылмас жара түсті. Ләззат, Сәбира, Қайраттай гүлдеріміз ерте солды. Олар желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпынған, шындық жырын жырлаған, халқымыздың жас өркені еді.

Міне осылайша, бұл демократия жолындағы алғашқы қозғалыс әділетсіз түрде басып-жаншылған азаттықтың бейбіт шеруі болды. Тіпті, бұрын қызыл империяның құрамында болып, қазір егемендік туын желбіретіп отырған мемлекеттердің барлығы дерлік белгілі бір деңгейде осы желтоқсан көтерілісіне қарыздар. Шын мәнісінде халықтық сипат алған аталмыш жастар қозғалысының тәуелсіз еліміз үшін маңызы зор болғандығы ақиқат. Желтоқсан пәлен жылдар бойына мызғымас қамал саналып келген Кеңестік империяның іргесін мүжіп, көбесін күйретіп, ақыры жер бетінен жойылып тынуына ұрындырған пәрменді соққы болып тиді.

Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Сонау қылышынан қан тамған „колбинизм заманының” өзінде-ақ «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, баспасөз бетінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын-жазушыларының есімін бүгінде бүкіл әлем таниды.

1986 жылғы желтоқсанның 31-і күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинмен жазушылар одағында болған кездесуде Жұбан Молдағалиев: «Мен – қазақпын, өз халқымды мақтан етемін!» деп , жастарды жазықсыз жазалаған өкімет адамдары екенін ашық түрде беттеріне айта келіп, «Мен сондай ұят оқиға және оның артынша не болғанын естігенде, жасырып қайтейін, осы күнге дейін өмір сүргеніме өкіндім» - деді. Міне, үлкен мінбеден қазақ жастарын жақтап сөйлеген азаматтың Ақ Жайықтың перзенті болғанын бүгінде біз мақтан тұтамыз.

106- КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы.Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (ТМД) қурылуы. Кеңес Одағындағы экономика, әлеуметтік-құрылымдық, қоғамдық және саяси салаларындағы жүйелік дезинтеграция үрдістері 1991 жылғы 26 желтоқсанда КСРО-ның ыдырауына алып келді. КСРО-ның ыдырауы оның құрамында болған 15 республиканың тәуелсіз мемлекеттерге айналуына және олардың әлемдік саяси аренада өздерінің дербес мемлекеттер ретінде дамуына алып келді.1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды. Президентті бүкілхалықтық сайлау. Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау. Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.

107-билет ҚазКСР-дің мемлекеттік егемендік туралы декларациясы.

Егемендік - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіздік болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық Заң

1991 жылғы 16 желтоқсан - республика жоғарғы Кеңесінің 7-сессиясында "Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қабылданды.

Бұл құжаттың бірінші бабында ҚР - тәуелсіз, демократиялықб құқықтық мемлекет деп сипатталады.

ҚР:

-Ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді.

- Барлық мемлекеттермен халықаралық ұстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтырады.

-Территория шекарасы біртұтас, бөлінбейді және қол тигузіге жатпайды.

Құжаттың екінші тарауында республика азаматтары тең құқылы деп көрсетілген. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі - республика азаматтары. Басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері тұратын елдің заңы қайшы келмесе Қазақстан азаматтығына қоса алу құқығы берілді. Республикадан тыс жерге кеткен қазақтардың елге оралуына қолайлы жағдай туғызылды.

Құжаттың үшінші тарауында мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталған. ҚР және оның атқарушы өкіметінің басшысы - президент.

Құжаттың төртінші тарауындамемлекеттің экономикалық негіздеріне анықтама берілді.

ҚР әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі болып жарияланды. Республиканың төл меншігі болып табылатын мәселелерді шешуге басқа елдің араласуы оның мемлекеттік тәуелсіздігне қол сұққандық болып табылады.

108-билет Қазақстан Егемен, тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті.

Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз; жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз».

Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара қарым-қатынастарды дамытуды көздейді.

«Қазақстан өзінің геосаяси орналасуына және экономикалық әлеуетіне қарай тар аймақтық проблемалармен шектеліп қалмауы тиіс, - деді Президент. - Бұл біздің көпұлтты халқымызға ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа да түсініксіз болар еді. Қазақстанның болашағы - Азияда, Еуропада, Шығыста және Батыста. Нақ осындай саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстанның қауіпсіздігіне қандай да болмасын қатерлердің пайда болуына жол бермейміз». Өмір көпвекторлық ұстанымын толығынан ақтап шықты, республиканың өзінің ұлттық мүдделерін тиімді жақтай отырып, халықаралық аренада дербес және ықпалды ойыншы болуына мүмкіндік берді. Бірде Француз Республикасының Президенті Жак Ширак Қазақстан туралы былай деген болатын: «Франция 1991 жылы болған өзгерістерді маңызды және шешуші деп бағалайды. Белгісіз және күрделі жағдайда Сіздің еліңіз мемлекет құрудың қайтпас жолына түсті, өзінің ұлттық құндылықтарына және ұзақ тарихына адалдықпен қатар демократия мен құқықтық мемлекеттің жалпыадамзаттық ұстанымдарын. жақтайтындығын мәлімдеді. Қазақстан 15 жыл ішінде тұрақты институттары және серпінді экономикасы бар елге айналды».

Н.Ә.Назарбаев алдын кеңінен шолып, халықаралық өмірдің негізгі мегатрендтерін практикалық саясатында ескеріп, ұрымтал сәттерді өзіне тән сезімталдықпен байқап отырады. Кейбір бұрынғы кеңестік көшбасшылар біздің Президенттің 1994 жылғы наурыздың 29-ында ММУ-да сөйлеген кезіндегі айтқан еуразиялық бастамасын дер кезінде ұғынып, бағамдай алмады. Алайда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастардың одан кейінгі бүкіл даму қисыны еуразиялық идеяның өміршеңдігін қуаттады.

109- Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы

Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялық тың өрістеуіне жол ашты.

1993 жылдың соңы - 4 саяси партия тіркелді:

- "Қазақстанның социалистік партиясы" (ҚСП). 1991 жылы 7-қыркүйек .Құрамында 47 мың мүше. Төрағасы - А.Әлімжанов, кейін П.Своик.

- "Қазақстанның Республикалық партиясы" (ҚРП). 1991 жыл қыркүйек. "Азат" негізінде құрылды. Төрайымы - С.Ақатаев.

- "Қазақстанның халық конгресі партиясы" (ҚХК).1991 5 қазан. Мүшесі - 30 мың адам. Төрағалары - О.Сүлейменов және М.Шаханов.

-"Қазақстанның коммунистік партиясы" (ҚКП) 1991 күз. Бұрынғы Компартия мүшелерінің көпшілігі партия атының социалистік болып өзгертілуіне наразылық білдірді. Мүшесі 55 мың адам. Төрағасы - Б.Төлепбаев, кейін - С.Әбділдин

Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 1990 жылғы 24 сәуірде ҚазССР Жоғарғы Советінің сессиясында жасырын дауыс берудің нәтижесінде сайланып, ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау арқылы билікке келген болатын. Бұл Қазақстанда саяси бір жүйеден екінші жүйеге көшудің алғашқы жылдары еді. Қоғам өмірінде, елді басқару саласында президенттік билік комунистік партия және кеңестер билігімен қатар өмір сүруі.

1991 жылғы қыркүйекте Қазақстан Компартиясы мүшелері Социалистік партияға айналу туралы шешім қабылдады да бүкіл қызметінің мән-мағынасын түбегейлі жаңартуға тиісті болды. Социалистік партия мемлекет басындағы билеуші партияның сипатынан айрылып, сол кезеңнен бастап, халық арасында өз күшімен бедел жинауға тиіс болды. Социалистік партия съезінің шешімімен келіспейтіндер өз партияларын құрып, ресми тіркеуден өткізуге мүмкіндік алды.

1992 жылы «Қазақстан Халық Конгресі» партиясы құрылды. 1993 жылдың басында «Қазақстанның Халық бірлігі» одағы құрылып, бұл кейін партияға айналды.1994 жылы наурызда Әділет Министрлігі Қазақстан коммунистік партиясын тіркеді. 1995 жылы Қазақстанның демократиялық партиясы дүниеге келді. Саяси партиялар мен қозғалыстардың саны жылдан-жылға көбейе бастады, солардың қатарында 1997 жылы Қазақстан либералдық қозғалысы қосылды.

Ең бір қиын күндерде шын мәніндегі халық өкілеттілігінің, ұлттық демократияның органы ретінде «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» дүниеге келді. Бұндай ерекше маңызды, күшті қоғамдық ұйым ТМД елдерінің ешбірінде жоқ. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың, ұлттық топтардың азаматтарын саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ органы- Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылғы желтоқсанда өткен қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағыконсультативті-кеңесші орган дәрежесі берілді. Ол ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізумен бірге, халық арасында күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізуде. Мысалы, 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында Ассамблея квотасы бойынша түскен аз ұлттардың өкілдері оқи бастады.

110-билет Мемлекеттік биліктін рәміздері:Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген.

Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГЕРБІ – Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен (24.1. 1996 ж.) белгіленген. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекетттің түп негізі – отбасының негізі.

Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

Кеңестік дәуірде 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылды. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары: М. Төлебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловский. Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.]Қазақстан Республикасының әнұраны 2006 жылдың 7 қаңтарынан бастап мемлекеттік мәртебеге ие болу дарежесіне сәйкестендіретін өзгерістер енгізілгеннен кейін, атақты болған, 1956 жылда жазылған «Менiң Қазақстаным» («Мой Казахстан») әні болды. Әннің мәтініне өзгерістерді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев енгізгендіктен мәтіннің соавторы ретінде көрсетіледі. Сондай-ақ, әнұранды тыңдау ережесі өзгертілді. Ресми церемонияларда әнұран орындалу барысында тыңдаушылар тұрып, оң қолының алақанын көкірегінің сол жағына қояды. Музыкасы: композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөздері: Жұмекен Нажімеденовтікі (1956), Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005)

111. Қазақстан - халықаралық қатынаста тәуелсіз субъект.

1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды. Олардың арасында мынадай елдер болды: Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Пәкстан, Швейцария, Канада. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түрік Республикасы таныды.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың басында Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру идеясын ұсынды. Сол жылы маусымда «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба баспасөзде жарияланды. Бұл жаңа құрылым құжаттарда тең құқықты тәуелсіз мемлекеттер одағы ретінде анықталды. Оның қызметі әрбір қатысушы елдердін, ұлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға бағытталатыны айқындалды. Одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестерін ойдағыдай қамтамасыз ету деп жарияланды. Одақты ұйымдастыру барысында мұндай бірлестіктердің демократиялық принциптері қарастырылды. Қазақстан сыртқы саяси-экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастарда әлі де болса Ресейге бұрынғыдай айрықша орын берді. Республика тәуелсіздігінің аз ғана кезеңінде Ресеймен ынтымақтастыктың барысында үлкен істер басталды, екі жақтың экономикалық қарым-қатынастарын реттейтін, ғарыш кеңістігін игерудегі ынтымақтастық, жаңа типтегі армия құру сияқты бірнеше келісімшарттарға қол қойылды. Азаматтық мәселесіне ерекше мән берілді. Екі жақты қатынастар деңгейінде Украинамен, Белоруссиямен, Кавказ елдерімен, сондай-ақ Балтық жағалауы мемлекеттерімен ынтымақтастық жандандырыла түсті. Қазақстанның байланыстары әсіресе Орта Азия аймағындағы жақын көршілер - Өзбекстан, Қырғызстанмен, ал экономикалық блок шеңберінде - Түркіменстан, Тәжікстанмен қарқынды түрде дамыды.

Қазақстан дипломатиясы Азия бағытында елеулі табыстарға жетті, бұл аймақта экономикалық жағынан жақсы дамыған Қытай, Үндістан, Вьетнам, АСЕАН-ға кіретін елдер бар. Бұл жағдайда Қазақстанға планетаның осы үлкен кеңістігіндегі экономикалық даму динамикасынан қалып қоймау зор маңызға ие болды. Қазақстанның азиялық Тынық мұхит процесіндегі интеграцияға араласуы оның Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы қызметіне қатысуына маңызды жағдай туғызды. 1995 жылы Индонезия, Пәкстан, Түркия басшыларымен жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Қазақстанның Түркиямен байланысы кең көлемде дамыды. Мысалы, Қазақстан аумағында жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Алматыда қысқа мерзім ішінде «Анкара» қонақ үйі тұрғызылды. Қазақстан делегациясы Түркияда өткізілетін конференциялар мен кездесулердің тұрақты қатысушыларына айналды. Жүздеген жігіттер мен кыздар Стамбұл жәнө Анкара университеттерінде оқыды. Қазақстан телеарнасынан түрік тіліндегі хабарлар тұрақты түрде жүргізіле бастады.

Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен де өз байланыстарын жемісті дамытып келеді. 1993 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақстан Республикасы Президенті мен Германия және Франция басшылары арасындағы келіссөздер Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағытты жандандырды. Мәселен, Герхард Шредер Астанаға келген сапарында: «Қазақстан Орта Азиядағы маңызды ел және Германияның басты әкономикалық әріптесі» деп атап көрсетті. 2003 жылға қарай республикада неміс банкі және ірі компанияларының 145 өкілдігі мен бөлімшелері жұмыс жасады, ал тіркелген Қазақстан-герман біріккен кәсіпорындарының саны 266-ға жетті. Танымал неміс компаниясы «Сименс» пен «Қазақтелеком» арасында байланыс және халықаралық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолымен» құрал-жабдық тасымалдау, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының бірнеше министрліктері арасында қазақстандық менеджерлердің біліктілігін көтеру және негізгі экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.Республика Президентінің Германия үкіметінің басшысы Гельмут Кольмен, Франция президенті Жак Ширакпен жүргізген келіссөздері Қазақстанның Еуропа бағдарындағы сыртқы саяси бағытын жандандыруға елеулі үлес қосты.1995 жылы тамызда Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқасында республика Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев атап еткеніндей, «Шығыс Еуропа елдеріндегі Қазақстан сыртқы саясатының қамалы рөлін Венгриядағы елшілік атқарды». Қазакстан Республикасы Президентінің Венгрияға сапары барысында екі ел арасындағы саяси және экономикалық тығыз ынтымақтастыққа берік негіз қаланған көптеген келісімдерге қол қойылды. Қазақстан Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен екіжақты тиімді қарым-қатынастар орнатты.Қазақстан Республикасы үшін АҚШ-пен ынтымақтастық аса маңызды, олардан республика экономикасына көптеген инвестициялар алынды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында да үлкен қолдау көрсетті. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан студенттері АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды.Қазақстан Республикасы мәртебелі халықаралық ұйымдар мен қауымдастық мүшесі. Қазақстан 1992 жылдан бастап беделді халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ) байланыстарын нығайтты. Мәселен, ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуі арқасында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы тойланды. Орталық Азиядағы осы ұйымның бір ғана өкілдігі Алматыда ашылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды.

112-билет Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.

Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі – Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейдегі танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады. Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастырыу қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Әлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мәдениеті мен өмір салты бойынша әркелкілене (әр түрлі бола түсуде) түсуде. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің интернационалданрылуының, халықаралық және ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен некенің санының артуының нәтижесі. Бұл заңды процесс болып табылғанымен, өкінішке орай көп жағдайда ұлтаралық шиеліністің күшеюіне, кейде тіпті қан-төгіске әкеленетін ашық дау-жанжалдарға да алып келіп ұрындыруда. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр. Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген хылықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді. Сонымен қатар, қоғамдағы демократияландыруды одан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың басты проблемаларын шешу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы даму жағдайлардың барлығында да ең алдымен, Қазақстан халқының біртұтастығының сақталуы, әр ұлттың өзінің жеке мүдделерімен қатар жалпыұлттық, мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет. Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді. Қазіргі Қазақстан – бұл бұрынғыдан өзге, жаңа саяси-басқару және әлеуметтік-экономикалық құрылымы қалыптасқан, дүниежүзі мойындаған тәуелсіз мемлекет. Мұнда жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінде бостандықты, еркіндікті, өзара келісімді қоятын көптеген ұлт өкілдері бейбіт және тату-тәтті өмір сүруде. Аса жоғарғы руханият пен ой-өріс жоғарылығы үйлесім тапқан қазақстандықтардың күш-қайраты қоғам өмірін батыл да түбегейлі қайта құруда шешулі фактор болып табылады. Тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстан үшін сол тәуелсіздік пен егемендіктің, бостандық пен еріктіліктің негіздерін қалай отырып, оны одан әрі сақтап қалу – өмірлік маңызды мәселе болып саналады. Әрине, қазір басқа да елдердегідей, бізідің қоғамымыз да өзінің тарихи дамуындағы ауыртпалықты кезеңнің бірін басынан өткеріп отыр. Бұл жағдай дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағларыстың салдарымен байланысты екендігін әрбір саналы ел азаматы түсінеді. Бүкіл қағамды шарпыған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс еліміздегі жұмыссыздық мәселесін одан әрі шиеленістіріп, жұмыспен қайту өзекті мәселеге айналып барады. Сондықтан, жұмыссыздыққа тап болған адамдар нәсіліне, ұлтына, діни наным-сеніміне қарамастан мемлекеттің тарапынан әлеуметтік тұрғыдан қорғалуға құқығы бар. Яғни, ұлтына, шығу тегіне қарамастан адамдарды әлеуметтік қорғау ұлт саясатындағы өзекті проблеманың бірі болып табылады. Себебі, қоғамдағы ұлттық қаныстарға теріс ықпалын тигізетін фокторлардың бірі – осы жұмыссыздық. Бұл тұрғыдан алғанда елімізде біліктілікті арттыру, қажеттілікке сай кадрларды қайта даярлау сияқты бірқатар шаралар жасалынып жатқаны анық. Қазақстанды мекендейтін әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар ұлттық-мемлекеттік құрылысқа қатысуына қарай және өздерінің мәдени даму қарқынын айқындайтын ерекше жағдайларға қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Соған сәйкес мемлекетіміздің негізігі міндеті – барлық ұлттар мен этникалық топтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қорғау үшін тиімді жолдары қолдану. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан қоғамының тұтастығы мен тұрақтылығын сақтаудың бірден-бір жолы – бұл барлық қазақстандықтардың саяси санасын жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптастыру мен жетілдіру болып табылады. Дағдарысты қоғамның қиыншылықтарына қарамастан Қазақстандағы ұлтаралық қаныстар мен саясаты тұрақты қарқынмен дамуда. Әрбір ұлт, әрбір этнос қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін осындай сәттерден таныта білу керек. Әлемдегі қазіргі кездегі демократиялық көпұлтты мемлекеттердің жамуына зер салып қарасақ, онда олапрдың барлығының қоғамдағы ұлты әр түрлі адамдардың бірлесіп өмір дің әр түрлі салаларындағы демократиялық тетіктерді нығайту мен полиэтникалылықтың сақталуының және ұдайы өндірілуінің арасындағы қарама –қайшылықтарды үнемі шешіп отырудың шешіп отырудың қиын жолдарынан өткендігін байқаймыз. Дүниежүзінің тарихи тәжірибесінің көрсетіп отырғандай, ұлт саясатының қандай кезеңде, қандай жағдайда болмасын мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды проблеманың және болып қала бермек. Сондықтан елімізде іске асырылып отырған ұлт саясаты ұлттық өмірде бейіт жолмен реттеудің және дамытудың маңызды фокторы болып табылады. Бұл бағыттағы Қазақстанның тәжірибесі, атқарып жатқан іс-шаралары әлемнің көптеген елдерінде болып өткен конференцияларда халықаралық сарапшыла тарапынан жоғары бағалауға ие болып отыр. Жалпы алғанда, біздің елеміздегі ұлт саясаты төмендегідей принциптерге сүйенеді: адам құқықтары мен ұлт құқықтарының мен ұлт құқықтарының парасаты түрде үйлесім табуы; ұлттар, ұлыстар мен халықтар арасындағы ізгілік, ұлтаралық келісім мен ынтымастық қатынастары, өзара көмек пен бірін-бірі қолдау; қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығы; ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлестірілуі; конструтивті ұлттық-ерекшелікті мүдделердің жүзеге асырылуы; елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуының теңдігі мен теңестіріуі. Барлық ұлттар мен халықтарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр олардың ортақ мұраттар мен құндылықтарлдың қалыптасуына да себепші болады. Біздің еліміздің жүргізіп отырға ұлт саясаты өзінің бағыт-бағдары бойынша демократиялық және келісімшілідік, прогрессивті және жасампаздық сипатымен ерекшеленіп келеді. Сондықтан, еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлік қазіргі кезеңде орын отырған қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты еңсеруде де маңызды роль атқарған факторлардың бірі бола алады деп ойлаймыз. Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани құрылым дәне дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі – ұлттық ынтымастық пен бірлік. Дүниежүзілік озық технология мен интеллектіге сүйенген саяси-экономикалық және әлеуметтік құрылыс қазақ халөымен бірге барлық қазақстандық халықты өркениетті өмірге әкелетіндігі сөзсіз. Халықтар АссамблеясыҚазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.Ассамблея:мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.

ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды.

2007 ж. Конституцияға еңгізілген түзетулер бойынша ҚР Парламент Мәжілісіне ҚХА 9 депутат сайлайды.

114. ХХ ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы

Астана — қазақ елінің төртінші астанасы (1998) ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі (1994ж. 6 шілде, 106-қаулысы) және Мин. Каб-і (1996 ж. 6 шілде) ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникация, инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлеуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктілігі сияқты факторлар еді. ҚР Президентінің жарлығымен арнайы Ақмола экон. аймағы (ААЭА) құрылды (1996 ж. 9 қазан). 1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Астана — қала, Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы.Астана қалалық екі ауданға (Алматы, Сарыарқа) бөлінеді. Тұрғыны 500 мыңнан астам адамды құрайды. Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан. Астана — мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала.Қәзір қаланың аумағы 200 шаршы км., астам аумақты алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және оның келешегі зор.Тәуелсіз Қазакстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзак ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердегі астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстырудың негізгі себептерін былайша түйіндейді: Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындайды. Сондыктан елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады.

Екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәселесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс.

Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Облыс орталықтары дами бастады, экономиканың құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. Тұрғын үй құрылысы бұрын-сонды болып көрмеген қарқынмен дамуда.

Төртіншіден, астананы көшіре отырып, құрамы жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық мемлекетті құру, Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау бағытын да есте ұстадық.Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 6 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы» қаулысы тәуелсіз мемлекетіміз астанасының тағдырын шешті. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заң күші бар Жарлығы, 1997 жылдың 20 қазанында «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлығы шықты.1997 жылдың 10 желтоксанында Президент Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен Парламент пен Үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды.1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті.

115. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.

1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.

1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.

Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.

Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.

Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен күрес бірте-бірте ғаламдық проблемалар болып отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы технологиялары бар компанияларға ішінара және толық бере отырып, өздері оларды жасаудан бас тартады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады.

Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр.

116. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы рөлі

Қазақстанның егеменді мемлекет болуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи көрінісі болып саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1990 жылдардың бас кезіне дейін Қазақстанда бір ғана коммунистік партия үстемдік етсе, 1993 жылдың соңына қарай 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республткалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі, Коммунистік партия. Кейін біртіндеп басқа да партиялар-халық бірлігі партиясы, Демократиялық партия, халықтық-кооперативтік партия, Дәуірлеу партиясы, Отан, Аграрлық партия, т.б құрылды.

Келешекте Қазақстандағы саяси партиялар сан жағынан да, сапа жағынан да елеулі өзгеріске ұшырағалы отыр. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Параментінің 20020ж 26маусымда «Саяси партиялар туралы» Заң қабылдауына байланысты туындады. Бұл заң бойынша саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның құрамында партияның Қазақстан Республикасының барлық облыстарындағы, респуьликалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кем дегенде 700партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің атынан өкілдік ететін кем дегенде 50 мың мүшесі болуы керек. Осы заңда атап көрсетілгендей, мұндай нормалар қоғамдағы плюрализмді қорғайды және ынталандырады. Бұрын құрылған саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу, оларды құрудың және қызметінің тәртібін, барлық саяси партиялар үшін міндетті жаңа Заңның талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған. Сөйтіп, бұрын құрылған және жаңадан құрылатын партиялар осы заң арқылы тең құқықтық жағдайға қойылады.

Кейінгі жылдары саяси партиялардың бір-бірімен қосылып, ірілену үдерісі жүріп жатыр. 2006 жылы «Отан» партиясына «Асар» партиясы, сәл кейінірек Азаматтық, Аграрлық партиялар қосылып «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясы д.а болды.

117.Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты

Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясаты: бүгіні мен болашағы

Біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.

Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады. «Қазақстан жастары» 2005-2007 жылдар аралығындағы жастар саясатына арналған бағдарламада мемлекеттік бюджеттен 3,8 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл көршілес Қырғызстанмен салыстырғанда 7 есеге асып түседі. Көршілес Өзбекстан Республикасында атышулы жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу түгілі, мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсудің өзі қат мәселе. Коледждер саны шектеулі. Ал бізде ше? Грантта бағын жанбаса ақылы негізде білім алуға мол мүмкіндік бар. Ол мүмкіндік егер үздік оқуынмен көзге түссен мемлекет тарапынан бөлінген гранттар мен несиелердің иегері болуға да жағдай жасалуда. Көрші Ресей Федерациясында 1 тамыз 2007 жылы шәкіртақы көлемінің өсуі 1,25 есені көрсетті. Бізбен салыстыратын болса, тек қана былтырғы жылдың өзінде мемлекетімізде Елбасы қолдауымен магистранттарға 3 есеге ұлғайтылған шәкіртақы тағайындалған болатын. Ресей Федерациясының 2008-2010 жылдарға арналған 3 жылғы мемлекеттік бюджетінде білім беруге қаражат небәрі 19 пайызға ғана көтерілмек, оның ішінде 2009 – 9,5 пайызды құрайды екен. Ал бізде 2009 жылдың өзінде бұл қаражат 25 пайызды көтеріліп отыр. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы жастардың әлеуметтік жағдайына нақты қолдау көрсетілетіндігін дәлелдейді.

Сонымен қатар, 2007 жылғы Қазақстан Халқына арналған Елбасы Жолдауында жұмыс жасайтын аяғы ауыр әйелдер үшін аналық, жүктілік және туу кепілдігі міндетті әлеуметтік сақтандыру еңгізілді. Бұл көмектің еліміздің жас отбасылы инабатты келіндері үшін қаншалықты маңызды екені жақсы түсінікті. Себебі мұндай жүйе жұмысынан айырылып қалмай мемлекеттің кәсіби дамуына үлес қосумен қатар жақсы ана, аяулы жар болуға мүмкіндік береді.

118.Ұлттық құрамы Дін

Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 11008,0 мың адамды, орыстар — 2962,1 мың, украиндар — 444,7 мың, өзбектер — 433,5 мың, ұйғырлар — 231,4 мың, татарлар — 229,1 мың, немістер — 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар — 58,9% және орыстар — 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады.

2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер — 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар — 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар — 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар — 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және алмандар — 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды. 2009 халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең.

Діні

Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса алғанда), 25 % христиандар. Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар болса да, ҚР зайырлы мемлекет.

діни ағым

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫНАСТАРЫ

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді.

Мемлекет – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық:

1. Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал

Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ойғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе, IV Кәрім Ага Ханның (1936- ) елімізге жасаған сапарлары және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары елімізде үгіт-насихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі уә 1534 мешіт жұмыс істейді. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі діні екенін және халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы һәм біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек...

Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен салыстырғанда тым күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс береді. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие жамағаты (приход) болса, бүгінгі күні 240 діни бірлестік уә 8 монастыр жұмыс істейді. Қазақстандағы православие шіркеуінің тікелей Мәскеу Патриархтығына және Қасиетті Синодына бағынатын митрополиттік деңгейіндегі бөлім екенін ескерелік...

Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары мен басылымдары бар екенін айта кетелік.

Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркелуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған протестант мәзһәбтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917-1991) қоныс аударған келімсектер арқылы елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық ретінде таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде.

Протестанттықтың жаңа формалары, әсіресе, тәуелсіздік жылдарында елімізде өте белсенді миссионерлік іс-қимылдарды жүзеге асырып, бір сыпыра азаматтарымызды өз қатарына тарта білді. Олар негізінен АҚШ-та орналасқан протестант миссионер ұйымдары. Елуліктер, Методистер (Біріккен Методист шіркеуі – АҚШ, Флорида уилаяты), Мун сектасы (Оңтүстік Корея), Меннондар, Пресвитериандар (АҚШ), Жаңа апостолдар шіркеуі (АҚШ), Әлемдік Қырман Шіркеуі (АҚШ, Колорадо Мемлекет және дін қатынастары

119.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі, оның құқықтық негіздері.

Қоғамның саяси жүйесі - бұл нақты саяси функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Бұндай институттарға мыналар жатады: мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және ядросы билікті басып алу, ұстап қалу және пайдалану болып табылатын қоғамдық өмірдің сол сферасына қатысатын кәсіподақтар мен басқа да ұйымдар мен қозғалыстар. Саяси жүйе ішкі және сыртқы саясатты жүргізуге ықпалын тигізеді, әлеуметтік жіктердің мүдделерін қалыптастырады, көрсетеді және қорғайды.

Саяси жүйелердің түрлері: пайда болған қандай да бір әлеуметтік ортасының сипатына қарай тоталитарлық, либеральды-демократиялық және аралас саяси жүйелерге бөлінеді; өзара әрекет ету сипаты бойынша - ашық және жабық саяси жүйелерге бөлінеді. ҚР қазіргі уақытта саяси жүйесі демократиялық болып табылады.

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі. Мемлекет саяси жүйеге саяси, территориялық (аумақтық), құрылымдық бірлестік ретінде кіреді және өз функцияларын басқа да әлеуметтік инстиуттармен, партиялармен, кәсіподақтармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші орын алады.

Әдетте, саяси жүйені, бірлесіп әрекет ететін номалар, идеялар және соларға негізделген саяси институттар, мекемелер және саяси билікті ұйымдастыратын әрекеттер жиынтығы, азаматтар мен мемлекеттердің өз ара байланысы ретінде қарастырады.

Саяси жүйе мемлекеттің Конституциясымен белгіленеді. ҚР-ң Конституциясы (5 бабында) саяси жүйенің элементтерінің өзара және мемлекетпен қарым-қатынасын, мемлекеттің саяси жүйедегі орталық орнын (5 бап) және принциптерін (1 бап) белгілейді.

Мемлекеттің саяси жүйедегі негізгі ролі оған тән белгілермен байланысады. Ондай белгілерге Конституцияда белгіленген мемлекеттік билік, биліктің егемендігі (2, 3 баптар) тағы басқалары жатады.

Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, халқымыздың әр түрлі топтарының мүддесін қорғайды.

Саяси жүйемен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктері мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне негізделеді, өйткені саяси жүйенің орталығы – мемлекет, заматтың, қоғамның отралығы – адам. ҚР-ң Конституциясының 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.

Қоғамның саяси жүйесін саяси функциялар атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттар құрайды. Мұндай институттарға мемлекет, партиялар, кәсіби одақтар және тағы басқа ұйымдар мен қоғамдар жатады. Олардың бәрінің ортақ мақсаты – мемлекеттік билікке қол жеткізу.

120 Нарықтық экономикаға көшу және экономикалық реформаны ұйымдастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның 2030 жылға арналған даму стратегиясы.

Президенттің жолдауында 2030 Қаз-ың дамуына қолайлы географиялық жағдайы сияқты сыртқы фактор септігін тигізетіні аталды. Президенттің халыққа жолдауындағы 2030 пікірі бойынша Қаз. Еуразияның орталығы бола отырып Қытай,Ресей ж/е мұсылман әлемі арасындағы экономика мен мәдениеті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.Ғылыи техникалық прогресті жаппай жұмылдырупроцесі:1. ғылыи техникалық прогресті қолдау.2. ғылыи техникалық прогрес жетістіктерін өндіріске енгізу жоспарын жасау.3.біздің қоғамда жаңа технологияның дамуын топтастыру.4.дамыған капиталистік елдердің дайын техналогиясын сатып алу.5.жоғарғы білікті мамандарды дайындауы көрсетеді.Президенттің халыққа жолдауы бойынша қазіргі кездегі біздің мемлекетіміздің басты тірегі мен тұрақтандырушы факторы орта тап болып табылады.Президенттің халыққа жолдауы бойынша Республикадағы макроэкономиканы тұрақтандыру процесі дегеніміз-мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту,қатал монетарлық ж/е несие саясатын жүргізу.Президенттің халыққа жолдауы бойынша қазіргі кездегі республикада ауыр жүктерді тасуда темір жол транспортының рөлі зор.Президенттің халыққа жолдауы бойынша аул шаруашылығын туризм,инфраструктураны құру,жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту экономиканың тек құрылымын ғана емес,жұмыссыздық пен кедейшілік мәселелерін де шешеді. Президенттің халыққа жолдауында тұжырымы бойынша 25 жылдан кейін жаңа ұрпақтар:әлемге әйгілі елдің патриоттары болады,біліктілігі жоғары мамандар болып,жоғары ақылы жұмыс атқарады,сондай-ақ салауатты өмір сүреді.

121.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Н тәуелсіз ҚР-ның сыртқы саясатын қалыптастырудағы еңбегі

Қазақстанның сыртқы саясаты Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында іпі трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең іпі мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддеціне қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мемлекетіміздің әлемнің жетекші державалары мен көршілес ТМД мемлекеттепі арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы.1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады: 1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету. 2.Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.Қазақстан-Ресей байланыстары. 1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған “Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

122. Президенттің Қазақстан халқына үндеуі – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі» (29.02.10ж.)АСТАНА. 2010 ж Қаңтардың 29-ы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялады. ҚазАқпарат ҚР Президенті Жолдауының толық мәтінін ұсынды.Президенттің айтуынша, республикаға бірінші кезекте экономиканы дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындау, содан кейін инфрақұрылымды жетілдіру, индустриализацияны арттыру арқылы тұрақты экономикалық өсімге алып шығу, адам ресурссын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды сапалы әлеуметтік тұрғын үй-коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету қажет.«Дағдарысқа дейінгі кезеңде Қытай, Үндістан секілді басқа, экономикасы қарыштап алға басып келе жатқан мемлекеттердің қарқыны сияқты Қазақстанның экономикасы да көтерілді», – деді президент.Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруды бастағандығын атап көрсетті.Сонымен бірге, президент 2010 жылдан бастап Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылатын трансферт көлемі 8 млрд доллар болатындығын мәлімдеді. Назарбаевтың айтуынша, «бұл трансферт, ең бірінші кезекте, индустриализацияны жүзеге асыру мақсатына жұмсалуы тиіс. Ұлттық қордан бюджетке басқа да қарыздар, қосымша трансферттер бөлінбейді».Назарбаевтың жоспары бойынша, «2020 жылы Ұлттық қордың активтері 90 млдр долларға дейін өсуі тиіс, бұл ІЖӨ-нің кем дегенде 30 пайызын құрайды».Президенттің жолдауын тыңдаушылар бюджет қызметкерлерінің жалақысы өсетіндігі туралы хабарды қуана қарсы алды. Оның айтуынша, өткен жылғы экономикалық өсімнің жақсы болуы бюджеттегілердің айлығын үш ай бұрын өсіруге мүмкіндік береді. Бұған дейін бюджет саласындағылардың жалақысы 2010 жылы 1-шілдеде көтеріледі деп жоспарланған еді.Қаралған мәселелер:1.2010 Стратегиялық жоспарын іске асыру - ел дамуының аса маңызды шебі;2. Дағдарыс кезеңі - дұрыс шешімдер қабылдау уақыты;3. 2020 Стратегиялық жоспары -көшбасшылыққа қазақстандық жол;4. Адам - елдің басты байлығы;5. Ішкі саяси тұрақтылық - 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың сенімді іргетасы;6. Сыртқы саясат

123 Ұлттық бір лік туралы Доктрина

26.10.2009 / 10:58

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Ұлттық бірлік доктринасын жалпыхалықтық талқылауға шығарды. доктрина орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік ұлттық саясаттың негізі .оның негізгі ережелері біздің еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының жоспарына, енген болатын.

Ол Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Президенттің доктринаны қабылдау туралы бастамасы дер кезінде қолға алынған өзекті дүние екенін атап кө Қазақстандағы Ассамблеясының ХIҮ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық бірлік доктринасының жобасын дайындауды тапсырған болатын. Осы дайын болған жобаны көпшілікке талқылауға ұсынылып отыр.Жобада қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық қатынастарын нығайту мәселесі қозғалып отыр. Бұл дегеніміз Қазақстандық қоғамның барлық әлеуметтік- саяси және рухани –адамгершілік қызметінің негізі болатын құжат болып отыр.Ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар этносаралық іс-қимыл институттарын нығайтуға, тіл саясатына, білім беру мен тәрбие, рухани-мәдени, ақпараттық, құқық және құқық қорғау салаларын қозғап отыр.

Тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы- Ассамблея екенін білеміз. Осы еліміздің беріктігі осы көпұлтты халықтың бірлігінде жатыр. Қазіргі таңдағы қол жеткізген табыстарымыз осы бірліктің арқасында ,яғни Ассамблеялардың арқасында іске асуда. «Бірлік доктринасы» бұл құжат болып қабылдануы мені өте қуантты. Өйткені бұл көпұлтты Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі өміріне қорытынды , ал келешектегі өмірінің даму стратегиясы болып табылады. Елдегі тұрақтылық, бірлік пен келісімді одан әрі нығайту , ұлт саясатына жатқызамын.

Ұлттық бірлік доктринасы үш сұрақты басты тақырып қылып алып отыр.Бұл ұлттық бірлік мәселесі. Демек біздің елімізде тұрақты топтасқан этностық, діни және әлеуметтік –мәдени топтарының қоғамдастығының болу мен оның іс-қимылдары қазіргі заманға сай әлемде ұлттық бірлікті -ортақ мемлекетті бірлесіп құру әрекеттерін айқындайды.Оның ішінде азаматтық және мемлекет тілін білу шарттары қолға алынған.Ұлттық бірлікті нығайту маңыздылығы елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сөз. Бастысы Қазақстанның ХХI ғасырда қазақтар мемлекетқұрушы ұлт ретінде жаңа белеске шығуы көзделген. Қазақстан халқының бірлігі мен беріктігі , алға нық сеніммен баратынына көз жеткіземіз.Қазақстан мемлекетін құрушы көпұлтты ұлттар қауымдастықтарының ортақ тарихын құруы көзделген. «Мың өліп –мың тірілген» қазақтың көрген көп азаптарынан қажетті сабақ ала білуі маңызды болып отыр. Түрлі этностардың бұрын орын алған азаптары мен ащы тағдыры болашақта қайталанбас үшін оларды еске алу күндері де аталып өтілуде. Ендігі тарих беттерінде ұлттық бірлігі жарасқан қазақстан халқы деген жалында сөздерге толы болуын менде қалаймын. Елбасының ұстанып отырған көзқарасы да осы.

Соның ішінде басым бағыт ол болашаққа арналған ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы қазақстандық жас ұрпақын төзімділік пен келісім құндылықтарына тәрбиелеуде мектеп басты роль атқарады. Осы бағыттарда мектеп алдына қойған бірқатар шаралары да қабылданған екен. Соның ішінде өскелең ұрпақтың дін мәселелеріндегі мағлұматы мен білімінің деңгейін көтеру мақсатында енгізіліп отырған «Дінтану негіздері» оқу курсын қолдаймын.

Бұл жоба дамып келе жатқан бірлігі мен білімділігі артқан Қазақстан халқы үшін дер кезіндегі ұсынылған жоба ретінде менде өз қолдауымды көрсетемін.

124.ҚР – ОБСЕ-ге төраға мемлекет. Жаңа халықаралық белсенділік.

Жиырма жылға да тола қоймаған тәуелсiздiк тарихында Қазақстан талай-талай тамаша табыстарға қол жеткiздi. Солардың арасындағы ең шоқтықтысы – ТМД мемлекеттерi арасынан, Азия елдерiнiң арасынан, мұсылман әлемi арасынан, түркi тiлдес мемлекеттер арасынан бiрiншi болып Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының төрағалығына сайланғандығы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың мәлiмдемесiнде айтылғанындай, биылғы 3 тамызда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы iстер министрлерiнiң кеңесi 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада осы аса iрi халықаралық ұйымның Саммитiн өткiзу жөнiнде түпкiлiктi шешiм қабылдады. – Ұйым саммиттерiнiң қай-қайсысы да маңызды. Әрине, ядролық қарудан өз еркiмен бас тартқан әлемдегi тұңғыш мемлекет ретiнде Қазақстанға ядролық қаруға ие үш елдiң – АҚШ-тың, Ресейдiң, Ұлыбританияның тарапынан қауiпсiздiк кепiлдiгi берiлген Будапешт саммитiнiң бiз үшiн орны ерекше. Сол Саммиттен соң көп ұзамай мұндай кепiлдiктi Қытай мен Франция да берген. 1992 жылы Финляндия астанасында өткен саммитте Елбасымыз Хельсинки Қорытынды актiсiне қол қою арқылы Қазақстанның осы атақты құжатта көрсетiлген құндылықтарды қуаттайтынын бiлдiрдi. Әйгiлi Париж Хартиясын (“Жаңа Еуропа декларациясы”) қабылдаған саммиттiң де маңызы бөлекше. Бiз биылғы төрағалық тұсында бұл Хартияның 20 жылдығына да тиiсiнше көңiл бөлiп отырмыз. 1996 жылғы Лиссабон саммитiнiң алғашқы мәжiлiсi бiздiң Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткенiмен де есте қалды. Ал ендiгi жерде бiз үшiн ең маңызды саммит Қазақстан елордасындағы осы Астана Саммитi болатыны өзiнен өзi түсiнiктi. Елбасымыз Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ның төрағалық қызметiне кiрiсуiне орай қаңтарда жолдаған Үндеуiнде: “Нақ бүгiн ЕҚЫҰ-ға мүше елдердiң көшбасшышары саяси ерiк-жiгер танытып, өз халықтарының алдында тұрған күрделi де түйiндi мәселелерге жауап беретiн уақыт келдi. Саммит ЕҚЫҰ-ның осы заманғы қауiп-қатерлердiң алдын алуға бейiмделуiне қуатты қарқын берiп қана қоймай, сонымен қатар бiздiң халықтарымыздың осы Ұйымға деген сенiмi мен құрметiн де арттыра түседi”, деп мәлiмдеген. Сондықтан да төрағалықтың алғашқы күндерiнен бастап бiздiң басшылыққа алған басымдығымыз Президенттiң осы стратегиялық халықаралық бастамасын жүзеге асыру болды, ол бастама бүгiнде еуратлантикалық және еуразиялық кеңiстiктегi шын мәнiнде тектоникалық өзгерiстер туындатқан объективтi қажеттiлiк. – Мұндай Ұйым төрағалығына дайындық жұмыстары жылдар бойы жүргiзiлетiнiн жақсы бiлемiз. Жұртшылыққа Астананың төрағалыққа жетер жолдағы белестерiн, бұл мақсатқа бiздiң не үшiн ұмтылғанымызды әңгiмелеп беруiңiздi сұраймыз. – Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығына ұмтылатынын сонау 2003 жылғы 18 ақпанда жария еткен. Сонда, Ұйым Тұрақты кеңесiнiң Венадағы мәжiлiсiнде елiмiздiң осы жөнiндегi өтiнiмi алғаш рет хабарланған. Содан бергi уақытта бүкiл елiмiздiң, оның iшiнде ең алдымен дипломатиялық қызметтiң күш-жiгерi осы мақсатқа қол жеткiзуге жұмсалды. Ал ендi бiздiң бұл төрағалыққа өз кандидатурамызды не үшiн ұсынғанымызға келейiк. Алдымен бiз ұлттық мүдделерiмiз тұрғысынан Орталық Азиядағы, соның iшiнде Ауғанстандағы нағыз әрi ұзақ мерзiмдi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге септесудi мақсат еттiк, мұның өзi Қазақстанның үдемелi дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Сонымен қатар бiз Қазақстанның Батыс пен Шығыс арасындағы үнқатысуда өзiндiк бiр өркениеттiк көпiр ретiндегi орнын күшейте түсудi көздедiк. Мұның бәрi елiмiздiң табысты әлеуметтiк-экономикалық және демократиялық дамуымен, азаматтарымыздың арқаулық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен, олардың әл-ауқатының артуымен тиянақталып отырылды. Бiз төрағалыққа кiрiскен кезге қарай ЕҚЫҰ-ның өзiн күшейтудiң, Венаның шығысы мен батысындағы елдер арасында сенiм деңгейiн көтерудiң зәру қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi. ЕҚЫҰ-ны реформалау, оның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде сын пiкiрлер талай рет айтылған. Ұйымның тоқырауы немесе жойылып кетуi еуратлантикалық кеңiстiктегi өте қауiптi вакуумның пайда болуына әкелiп соғуы мүмкiн екенiн Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның төрағалық қызметiне кiрiсуiне орай жасаған Үндеуiнде де ескерткен едi. Қазақстан төрағалық тұғырында осы Ұйымның беделi мен әлеуетiн арттыруға, оны халықаралық қауiпсiздiк пен ынтымақтастықтың пәрмендi тетiгi ретiнде сақтап, нығайтуға барынша септесуге ұмтылады. Ал тiптi бiр сөзбен түйiп айтар болсам, Астана Саммитi Хельсинки рухын жаңа тарихи жағдайда қайта өрлетудi мақсат тұтады дер едiм. – Қазақстан төрағалығы экватордан өтiп, сегiзiншi айға да аяқ басты. Осы кезеңнiң тәжiрибесi ненi көрсеттi? – ЕҚЫҰ төрағалығын Мемлекет басшысы стратегиялық ұлттық жоба деп атағанын бiлесiз. Бұл жобаның бiздiң елiмiз үшiн, оның болашағы үшiн дәуiрлiк маңызы бар. Бiз қазiрдiң өзiнде ЕҚЫҰ төрағалығы елдiң демократиялық дамуына қуатты қарқын қосқанын, қазақстандықтардың өмiр сапасын жақсартуға қозғау салғанын көрiп отырмыз. Ұйымға төрағалық ету Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайтып, патриотизмiн арттыра түседi. Төрағалыққа дайындық барысында қолға алынған “Еуропаға жол” мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру тәуелсiз Қазақстанның дамуындағы сапалық жаңа белес болатындығы талас тудырмайды. Қазақстан төрағалығының түйiндi қағидаттарының бiрi Ұйымның үш “қоржынының” бiрдей етiп толтырылуы. Ол үш “қоржынның” бiрiншiсi – әскери-саяси өлшем. Бiз қауiпсiздiктiң кеңiстiгiн емес, қоғамдастығын қалыптастыруға әуел бастан күш салып келемiз. ЕҚЫҰ-ның екiншi өлшемi ретiнде ұзақ мерзiмдi бейбiтшiлiк, қауiпсiздiк пен тұрақтылыққа қол жеткiзу, болуы мүмкiн экономикалық және экологиялық қауiп-қатерлерге дер кезiнде және баламалы жауап беру Қазақстан төрағалығының ерекше назарында тұр. Ал үшiншi – гуманитарлық өлшем бойынша бiз адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге атсалысудамыз. ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымыздың жетi айы өткен шақта бiз мүше елдердiң Қазақстанның осы қадiрлi халықаралық ұйымдағы саяси көшбасшылығына оңды бағалар берiлiп жатқанын разылықпен айта аламыз. Әрiптестерiмiз бiздiң халықаралық ұйымдардың күш-жiгерiн кеңестен кейiнгi кеңiстiктегi қақтығыстық жағдаяттарды реттеуге сәтiмен жұмылдырып отырғанымызды айрықша атап көрсетуде. – Кеңестен кейiнгi кеңiстiктегi қақтығыстық жағдаяттарды реттеу дегенде көршiлес Қырғызстанда қалыптасқан ахуал айтылып тұр ма? – Ол ғана емес. Бiз төраға ел ретiнде бұрынғы КСРО аумағындағы ұзақ уақыт шешiмiн таппаған қақтығыстарды реттеуге де көп күш-жiгер жұмсадық. Приднестровье, Таулы Қарабақ, Грузия-Осетия, Грузия-Абхазия қақтығыстары оңайлықпен, төрағалықтың бiр жылында шешiле салатын түйiндер емес. Бiрақ, үнқатысуға, текетiресiп тұрған жақтардың арасында мәмiлеге келу жолдарын iздеуге барша қажыр-қайратты жұмсау, қақтығыстарды тарқатуға оңды алғышарттар жасауға болады және солай ету қажет. Бiз осыған ұмтылудамыз. Көршiлерiмiзге келсек, бәрiнен бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың, АҚШ және Ресей президенттерi Барак Обама мен Дмитрий Медведевтiң бiрлесе отырып, Қырғызстандағы дағдарыстық жағдайды жақсартуға жұмсаған күш-жiгерi осы елдiң азамат соғысының от-жалынына орануына жол бермедi. Дүрбелеңге толы сол күндер мен түндерде бiздiң Елбасымыздың осы өңiрдегi де, одан сырт жерлердегi де биiк беделi, асқан абыройы айшықты көрiндi. Күндер мен түндер дегендi әдейi айтып отырмын. Қырғызстандағы жағдай оқыс шиеленiскен тұста Президентiмiз Вашингтондағы ядролық саммитте жүрген едi. Сонда күндiз саммитте талқылауға қатысып, сөз сөйлеп, сұхбат берiп, өзге елдер басшыларымен кездесiп жүрiп, түнде (бұл кезде бiзде күндiз ғой) осы Қырғызстан мәселесi бойынша қайта-қайта Астанамен, Бiшкекпен сөйлесiп, тапсырмалар берiп жатты. Дағдарысты сәтте АҚШ пен Ресей басшылары шиеленiскен түйiндi тарқату, елдегi азамат соғысының алдын алу жөнiндегi аса ауыр жұмысты атқаруды дәл Нұрсұлтан Назарбаевтан өтiндi. Бауырлас ел ретiнде де, ЕҚЫҰ төрағасы ретiнде де бiздiң Қырғызстанға көмек беруде атқарар iсiмiз әлi де көп. Қазақстан ұйым тізгінін қолға алған мезетте жаңа ғасырда бір де бір рет ұйымдастырылмаған ЕҚЫҰ-ының саммитін өткізіп, қазіргі заманауи қауіп-қатерлерді анықтау, алда не істеу, қайда бағыт алу қажеттігін айқындап алу керектігін көтерген еді. Содан бері қыруар іс тындырылды. Нәтижесі мінеки – жалпы аумағы жарты әлемді қамтитын осыншама елдің басшылары Астанаға ат басын тіреді, тұтас дүниенің назары Астанаға ауды. Қонақтардың ішінде БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ги Мун, Еуропа Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Петрос Эфтимиу, ЕҚЫҰ-ының Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Ресей президенті Дмитрий Медведев, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия канцлері Ангела Меркель, Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони және басқа көптеген танымал тұлғалар бар. Осындай ауқымды шараларға тән хаттама рәсімі бойынша қол алысып, амандасу рәсімі жасалғаннан кейін саммитке қатысушылар естелік суретке түсті.

 

125.Н.Ә.НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлткөшбасшысы

НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ (1940), мемлекет қайраткері. Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы (1991), Қазақстан Республикасының Жоғары Әскери Қарулы Күштерінің басшысы (1992), экономика ғылымдарымың докторы (1992), профессор (1993), Халықаралық инженерлік академиясының академигі, (1993), Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі

(1994), Ресей әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1995), Ресей Федерация Президенті жанындағы Ресей мемлекет қызметі академиясының құрметті докторы, Ломоносов атындағы ММУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің құрметті профессоры, Белоруссияның Ғылым Академиясының қурметті мүшесі. «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде дамуы мен қалыптасу стратегиясы» (1992), «Нарық және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы» (1994), «XXI ғасыр табалдырығында» (1996), «Еуразиялық кеңістік: интеграциялық потенциал мен оның жүзеге асырылуы» (1994), «Тарих толқынында» (1999) және тағы басқа ғылыми еңбектердің авторы. Қазақстан Республикасының және бірқатар шетел ордендерімен, оның ішінде "Алтын қыран" (1993) ордені және көптеген медальдармен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елдің елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Бүгінгі күні Назарбаевтың есімі дүние әлемінің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің қатарында бірге аталады. Бұл тегінен болмаса керек. Және де Түркияның астанасы Анкарада Назарбаевтың ескерткішінің орнатылуы, Иорданияның астанасы Амман қаласындағы бір көшенің Назарбаевтың есімімен аталуы қазақтың бір ұлы, қазақтың перзенті, тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз дәуірінің және бүгінгі кезеңнің ұлы көшбасшысы екендігін айқын дәлелдесе керек. Назарбаевтың есімі мен ісі адамзат тарихының беттеріне мәңгі жазылғандығын айтқан да ләзім.

1992 жылы Қазақстан БҰҰ мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық қоғамы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып, дүниежүзі елдерімен тығыз байланыс орнатты.Біздің еліміз сыртқы саясатында Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысқа жол бермеу, ядролық қаруды қолданудан бас тартуға баса көңіл аударып отыр. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан елдердің бірі. Осы мәселені БҰҰ аясындағы жиын- мәжілістерде үнемі көтеріп, басқа мемлекеттерге үлгі көрсетуде. Қазақстан Азиядағы беделді халықаралық ұйым- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құрушылардың бірі және онда белсенді қызмет атқарушы ел болып саналады. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін және басқа да көрші және алыс-жақындағы мемлекеттермен дипломатиялық достық, ынтымақтастық және өзара көмек қатынастарын орнатты

126. Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ !»Қазақстан халқына үндеуі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың халыққа «Болашақты бірге құрайық!» жолдауында (Астана қ., 28 қантар 2011 жыл) аталып өткендей, Дүниежүзілік банктің баяндамасында 2010 ж. Қазақстан бизнес мүддесі үшін өткізіліп жатқан реформалардың жетекшісі болып танылған. Әлемдік елдер рейтингінде («Doing Business» «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша) Қазақстан 183 әлем елдерінің арасында 59 орынға ие болған.

Келтірілген рейтингте Қазақстанның ұстанымына әсерін тигізіп отырған факторлардың бірі, заңды тұлғаны құруына тиісті рәсімдер саны мен осыған жұмсалатын уақыты болып табылады, жаңадан құрылған заңды тұлғаларды тіркеу рәсімдерінің жеңілдетуі көзделіп отыр.

Осылай, Дүниежүзілік банктің («Doing Business» «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша Қазақстанның ұстанымын көтеру үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеуіне қатысты қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу ұсынылады.

Заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеуіне қатысты сұрақтар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (ары қарай – ҚР АҚ) реттеледі,оның ішінде бір қатар заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеуге арналған нормалар: Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 17 сәуіріндегі № 2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеу туралы» және басқа ұйымдастыру- құқықтық нысанасына байланысты заңдар қамтылған.

Заңды тұлғаларды құру рәсімін жеңілдету мақсатында заң жобасымен ұсынылады:

- мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін қысқарту;

- заңды тұлғаны электрондық тіркеу мүмкіндігі;

- қатысушы заңды тұлға болып табылған жағдайда, салық берешегі жоқтығы туралы анықтаманы талап етуден бас тарту;

- жеке кәсіпкерлік субъектілердің жарғысы мен олардың құрылымдық бөліністері туралы ережелерді талап етуден бас тарту және бірқатар түзетулер.

Сонымен қатар, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу рәсімін жеңілдету үшін заң жобасымен шаруашылық серіктестіктердің алғашқы тіркеу кезінде құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) міндетті түрде нотариалдық түрде куәландырудан бас тарту көзделіп отыр, ол заңды тұлға қатысушыларының, құрылтай құжаттарын рәсімдеудегі шығындарын төмендетеді.

Шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын нотариалдық түрде куәландыру, бастапқыда рейдерліктен (әрекет етіп тұрған бизнесті заңсыз тартып алу) қорғаныс ретінде енгізілген болатын. Бірақ, бұл механизм тек заңды тұлғаның қызметін іске асыру барысында, әсіресе, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар, және заңды тұлғаның ҚР АК-нің 42 бабының 6 тармағында көрсетілген, барлық қайта тіркеулері кезінде қажет.

Осыған байланысты, заң жобасымен қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қайта тіркеу кезінде, шығып жатқан қатысушының мүліктегі (жарғылық капиталдағы) өз үлесін иеліктен шығаруын нотариалдық түрде растайтын құжатты талап ету көзделіп отыр.

ҚР Салық кодексі 37-бабының 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, құжаттардың тексеруі аяқталып, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегін толық өтегеннен кейін, таратылатын заңды тұлға сонымен қатар орналасқан жері бойынша салық органына тарату балансын табыс етілуі қажеттігін ескере отырып, қызметін тоқтатқан, заңды тұлғаның таратылуын тіркеу рәсімін жеңілдету үшін, заң жобасымен тіркеуші органға тарату балансын, оларды бекіту туралы шешімін, филиалдар мен өкілдіктерінің есептік тіркеуден шығарылғандығы туралы құжаттарын талап ету нормаларын алып тасталуы қарастырылған.

ҚР қолданыстағы заңнамалық актілерде заңды тұлғалардың қайта ұйымдастырудың нақты тәртібін реттейтін нормалары жоқ.

Осыған байланысты, заң жобасымен ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына, заңды тұлғаларды қайта ұйымдастырудың нақтыланған тәртібін реттейтін түзетулер енгізілуде.

Қолданыстағы заңнамалармен заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына және филиалдар мен өкілдіктердің ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты тіркеу рәсімдері қарастырылмаған. Осылай, заң жобасымен аталған рәсімді заңды жүзінде коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі реттеу көзделген.

Бүгінгі таңда, «Сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімдері туралы» Заңының 11-бабының талаптары және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 11- бабының талаптары, тіркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға шектеу қояды.

Бірақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары әр-бір азаматқа, оның құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік беруге міндетті.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған заң актілеріне, жалпы қолжетімді ақпараттардың критерияларын белгілейтін түзетулер енгізу көзделіп отыр, ол өз кезегінде, заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Заң жобасын қабылдау жағымсыз құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға соқтырмайды, өйткені болжанып отырған өзгертулер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасын іске асыруға мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындары талап етілмейді.

Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарастыруына енгізеді.

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Aлаш автономиясы жане алаш орда укимети | ІІ Екатерина
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 4.025 s.