![]() |
ТапсырысDate: 2015-10-07; view: 1760. Тапсырыс – келісімшарттың негізінде мекемеаралық қатынаста, көлемді заттарды алуға сұраныс жасау үшін жасалатын ісқағаздарының бір түрі. Тапсырыстың аса маңызды түрі өнім өндіру мен беру, соның ішінде экспортқа шығару жөніндегі мемлекеттік тапсырыс деген болады. Тапсырыс қызметіне қарай 3 түрге бөлінеді: · сатып алу, · алмастыру, · коммерциялық ұсыныс. Тапсырыс мәтіндік тұрғыда сипатталады. Мысалы,техникалық құрал-жабдық, жиһаз, құрылыс материалдары, медициналық дәрі-дәрмек т.б. Тауардың нақты атаулары жазылады. Мысалы, компьютер, үстел, шкаф т.б. Тауардың бағасы мен саны берілген тапсырыстың көлеміне байланысты «ең аз» немесе «ең көп» екендігі көрсетілуі қажет. Жеткізілім шарты екі жақтың келісуіне байланысты көрсетіледі. Мысалы, сатып алушы өзі жеткізіп алады немесе сатушы жеткізіп береді. Төлем шартында оның қандай жолмен жүзеге асырылатындығы туралы көрсетіледі. Мысалы, қолма-қол немесе банк арқылы есептесу (теңге, рубль, сом, доллар т.б.). Жеткізілім мерзімі нақты көрсетіледі. Мысалы, 5 қазан 2009 жыл. Ұсынысқа қосымшада (құжаттар) келісімшарт көшірмесі көрсетіледі. Мысалы, 2010 жылдың 25 сәуірінде жасалынған №777келісімшарт негізінде. Тапсырыс беруші төлем жүргізу қабілеттілігіне (сатып алушы үшін), тауардың болуына (сатушы үшін) кепілдік береді. Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер туралы Өндірістік-коммерциялық орталыққа дереу хабар беруге міндетті. Құрылымы: 1. Тапсырыс түрі 2. Тапсырыстың мәтіндік сипатталуы 3. Тауардың атауы 4. Тауардың бағасы 5. Тауардың саны 6. Жеткізілім шарты 7. Төлем шарты 8. Жеткізілім мерзімі 9. Ұсынысқа қосымшалар (құжаттар). Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Тапсырыс дегеніміз не? 2. Мемлекеттік тапсырыс дегеніміз не? 3. Тапсырыстың қанша түрі бар? 4. Тапсырыс ненің негізінде жасалады? 5. Тапсырыс берушінің міндеттеріне нелер жатады? 6. Тапсырыстың электрондық түрінің қандай жеңілдігі бар? Еңбек келісімі Еңбек келісімі – тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат. Еңбек келісімі екі жақтың (әдетте «жұмыс беруші» және «жұмысшы» деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы заңмен рәсімделген келісімі жазылатын ісқағазының бір түрі. Жеке еңбек келісімі «жұмыс беруші» және «жұмысшы», ал ұжымдық еңбек келісімі «жұмыс беруші» мен «жұмысшылар тобы» арасында еңбек қатынасын реттейтін құжат. Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді: · Тұрақты түрде жұмыс істейтіндер; · Уақытша жұмыс істейтіндер; · Негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер; · Қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер. Еңбек келісімі жазбаша түрде жасалуы тиіс. Бұл екі тарап үшін де келісім шарттарын орындаудың кепілдігі болып табылады. Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар. Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы өтініші негіз болады. Еңбек келісімі 2 дана етіп жасалынады. Оған «жұмыс беруші» мен «жұмысшының» қолы қойылып, мөрмен куәландырылады. Оның бірі – мекемеде, екіншісі – жұмысшыда сақталады. Мекеме мөрімен куәландырылады.
Құрылымы:
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат. 12. Еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет. 13. Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет. 14. Демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет. 15. Келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (келісім кей кезде бұзылуы я болмаса, қайта қаралуы мүмкін). 16. Келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі. 17. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері. 18. Екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура). 19. Келісімге қол қойылған күн. 20. Келісім қосымшасы (егер бар болса).
Енді еңбек келісімінің жазылуына нақтылай тоқталайық. 1.Құжат атауы: Құжаттың толық атауы мен нөмірі парақтың жоғарғы шетінен 3-5 интервал қалдырылып, орта тұсына үлкен әріптермен жазылады. Мысалы: №4 ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ
2.Келісімнің жасалған орны мен күні: Елді мекеннің аты мен типі, келісім жасалған күн, ай және жыл көрсетіледі. Құжат атынан бір интервал төмен елді мекеннің атауы сол жаққа, дата оң жаққа жазылады. Мысалы: Алматы қаласы23 қазан 2000 жыл
3.Екі жақтың толық және шартты атауы: Келісім жасаушы екі жақтың әрқайсысының ресми атауы және келісімде алынған шартты атауы жазылады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті атынан университет ректоры профессор Е.Н. Нүсіпов, бұдан былай қарай келісімде «жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан техника ғылымдарының кандидаты А.Бердібеков бұдан былай қарай келісімде «жұмысшы» деп аталады.
4.Жұмыстың сипаты мен мазмұны және оны орындауға қажетті біліктілік дәрежесі: Мұнда жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны атқаруға қажетті квалификация дәрежесі атап көрсетіледі. Жұмысшының мекеменің қай бөлімінде, кім болып істейтіндігі анық жазылады. Мысалы: Жұмысшы Бердібеков Азамат Оспанұлы қазіргі теориялық механика кафедрасына доцент болып қабылданады. 5.Келісім типі: Мұнда жұмысшының негізгі жұмыс орны ретінде істейтіндігі, я болмаса басқа жердегі негізгі жұмыс орнына қосымша істелетін жұмыс орны ретінде кіріп, келісім жасап отырғаны анық жазылады. Мысалы: «Бұл еңбек келісімі, негізгі жұмыс келісімі, қосымша істейтін жұмыс келісімі» (керектісінің асты сызылады). 6.Келісім түрі: Мұнда жұмысшы уақытша әлде тұрақты жұмысқа қабылданғаны жөнінде жазылады. Келісім уақытша жасалса, себебі көрсетіледі. Мысалы: «Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады». 7.Келісім мерзімі: Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. Даталар санмен де, жазбаша да, я болмаса 2 нұсқада да көрсетіледі. Мысалы: «Келісім (2000 жылдың 20 мамырында) екі мыңыншы жылдың жиырмасыншы мамырында күшіне енеді». «Келісім (2001 жылдың 20 мамырында) екі мың бірінші жылдың жиырмасыншы мамырында өз күшін жояды». 8. Сынақ мерзімі: Егер жұмысшы сынақ мерзімімен қабылданатын болса, онда оның мерзімі көрсетіледі. Сынақ мерзімі күнмен де, аптамен де көрсетіле береді. Мысалы: Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді. / Жұмысшы үш ай сынақ мерзімімен қабылданды.
9. Жұмысшының міндеттері: Мұнда жұмысшының кәсіптік міндеттері және оның қандай құжат (бұйрық, нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсетіледі. Мысалы: – Жұмысшы өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға; – келісімнің 1.3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға; – техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға; – мемлекеттік құпияны жария етпеуге; – ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті. 10. Жұмыс беруші міндеттері: Бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу мерзімі; медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер айтылады. Мысалы: Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі. 11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат: Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқын қорғауға берілетін қосымша кепілдіктер жайлы айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық көлікте жүруге берілетін жеңілдік, медициналық, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, т.б. Мысалы: Еңбек келісімінде көрсетілген мерзім аралығында, жұмысшы көрсетілген міндеттерді толық атқарып, келісім талаптарын орындаған жағдайда жұмыс беруші әкімшілік тарапынан қосымша мынадай жеңілдіктерге кепілдік береді: а) Қазақстан Республикасы Президентінің 21.04.1993 жылғы №431 Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға; ә) Қазақстан Республикасы Президентінің 22.07.1995 жылғы №132 Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға; б) Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға. 12. Еңбек пен демалыс тәртібі: Бұл бөлікте жұмысшының еңбек тәртібі, оның ерекшеліктері айтылады. Мысалы: Жұмысшыға 5 күндік (40 сағаттық) жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес жұмысшы өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін. 13.Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі: Бұл бөлікте еңбекақы төлеу тәртібі және қосымша берілетін ақшалай сыйлық көлемі мен оның берілу тәртібі айтылады. Мекеме немесе ұйымның өз ерекшелігіне, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім жағдайына қарай: а) лауазымдық төлемақы көлемі (айына_____теңге); о) сағаттық төлемақы көлемі (сағатына _____теңге); б) атқарылатын жұмыс ерекшелігіне қарай үстеме ақы (лауазымдық төлемақы мөлшерінің ____ пайызы); в) басқа қосымша ақы мөлшері (теңгемен я пайызбен); г) мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері (теңгемен, пайызбен) көрсетіледі. 14.Демалыс алу тәртібі: Бұл бөлікте негізгі еңбек демалысының ұзақтығы, қосымша алынатын демалыс ұзақтығы, оларды алу тәртібі, сонымен қатар ақы төленбейтін демалыс алу тәртібі анықталады. Мысалы: «Жұмысшыға жылына бір рет Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы кодексіне сәйкес, ұзақтығы 18 жұмыс күні мөлшерінде ақылы демалыс беріледі. Демалыстың берілу мерзімін әкімшілік анықтайды. Жұмысшының қалауына қарай екі бөлікке бөлініп те беріледі. Мұнда демалыстың бір бөлігінің ұзақтығы кемінде бес жұмыс күнінен тұрады. Ақы төленбейтін қосымша демалыс 10 жұмыс күні мөлшерінде жұмысшының жеке басының жағдайына байланысты әкімшілік шешімімен беріледі». 15.Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар: Бұл бөлікте келісімнің негізгі бөлімдерінде айтылмаған, екі жақтың қосымша міндеттері сөз болады. Мысалы: «Жұмысшыға жылына бір рет арнайы жұмыс киімі мен аяқ киім беріледі». «Жұмысшының мектеп жасына дейінгі баласы болса, ұйымның балабақшасынан орын беріледі» т.б. 16.Келісімдегі ерекше жағдайлар: Бұл бөлікте екі жақтың жазбаша келісімін қажет ететін ерекше жағдайлар айтылады. Бұл жағдайлар әр мекемедегі еңбекті ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты, сондықтан әр мекеменің ішкі жағдайына қарай қаралады. Сонымен қатар бұл бөлікте ерекше жағдайлардан басқа келісім бұзылатын немесе қайта қаралатын, күшін жоятын жағдайлар сөз болады. 17.Келісімнің тоқтатылуы: Бұл бөлікте келісім күшін жоятын жағдайлар атап көрсетіледі. Мысалы: «Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады: – екі жақтың бірі келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда (бұл жөнінде келісім аяқталудан 1ай бұрын жазбаша хабарлауы керек); – мезгілінен бұрын, егер екі жақтың бірі үнемі өз міндетін орындамаған жағдайда; –кәсіпорын я мекеме таратылған жағдайда. Келісім мезгілінен бұрын тоқтатылатын болса, ол жайлы екі жақ бір-біріне мерзімінен 15 жұмыс күн бұрын жазбаша хабарлауы керек». 18.Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері: Бұл бөлікте екі жақтың толық мекенжайы мен реквизиттері жазылады. Жұмыс беруші мекенжайы сол жаққа, жұмысшы мекенжайы оң жаққа жазылады. Мысалы, «индекс 480100«индекс 480005 Алматы қаласы,Алматы қаласы Сәтбаев көшесі, 22Тастақ ықшамауданы Қаныш Сәтбаев атындағы№2 үй 89 пәтер Қазақ ұлттық техникалық,А.Ж. Бейсенова» университетінің ректоры Е.Н. Нүсіпов» 19.Сигнатура: /екі жақтың қойылатын қолы/. 20. Күні: /шартқа қол қойылған күн/. Еңбек келісіміндегі сигнатура, дата бөліктерінің жазылуы, безендірілуі басқа ісқағаздарындағы сияқты.
21. Келісімге қосымша: Егер келісімге қосымша берілетін құжат немесе мәліметтер болса, ол жайында екі жақ қол қоятын жолдан 1 интервал төмен алынып, ескерту жазылады.
|