Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ЕРЕЖЕСІ


Date: 2015-10-07; view: 488.


КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН

Аудан әкімінің орынбасары Алматы облысы жастар

_____________С.Қорғанбаев саясаты орталығы КММ

«___»________2015 жыл директоры

А.Нұрмұхамбетов

«___»________ 2015жыл

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай

«Мәңгілік ел - тарихтан» атты сурет байқауының

Байқаудың мақсаты

– Өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен олардың қазақ тарихына мақтанышпен қарау;

– жастарды Қазақстан тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

– жастардың шығармашылық қабілетіне қанат бітіру.

 

Байқауды ұйымдастырушылардың міндеттері

– жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі және әуесқой жастар арасында көркем сурет байқауын ұйымдастырып, өткізу;

– байқауға қатысушы жастардың санын мейлінше арттыру;

– байқауға қатысушылардың шығармасын бағалау үшін білікті баға беретін әділқазылардың жұмысын ұйымдастыру;

– байқау туралы ақпаратты ұйымдастыруды қамтасыз ету;

– байқауға қатысушылар мен жеңімпаздарға арналған сыйлықтарды қажетті мөлшерде алу.

 

Байқаудың ұйымдастырушылары

«Алматы облысының жастар саясаты орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы - “Ақсу ауданының жастары”, «Жаңа леп. Жастар» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен өтеді.

Байқаудың шарттары мен өткізу тәртібі

Байқауға Ақсу ауданының барлық ауылдық округтеріден 14 жастан 18 жасқа дейінгі өкілдері және 19 жастан 30 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Суретті барлық қағаздың түріне салуға болады (мысалы, ватман, картон, кенеп және басқа да қағаздар). Сонымен қатар, әртүрлі сурет бояуының техникасын (майлы және езілген бояу, тушь, түрлі-түсті қарындаш және т.б.) пайдалануға болады. Байқауға ұсынылған жұмыс А3 (420 мм х 580 мм) пішімді қағаздан кіші болмауы қажет.

 

Байқауға қабылданатын мерзімі

Байқауға қатысуға тілек білдірген авторлардың салған суреттері 2015 жылдың 10 қыркүйектен бастап, 2015 жылдың 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Автордың аты-жөні, жасы, қолөнердің атауы, автордың тұрғылықты мекен-жайын берілген туындыда көрсетілуі керек.

 

 

Марапаттау тәртібі

I орын - арнайы диплом және бағалы сыйлық;

II орын - арнайы диплом және бағалы сыйлық;

III орын - арнайы диплом және бағалы сыйлық;

Ынталандыру сыйлығы - арнайы диплом және бағалы сыйлық.

Ұйымдастырушылардың мекен – жайы: Жансүгіров ауылдық округі, Қабанбай көшесі № 42, Ақын Сара мәдени – жастар орталығы

тел: 2- 05 -21.

 

«Алматы облысының жастар саясаты

орталығы» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің филиалы – «Ақсу

ауданының жастары» жетекшісі А.Ахмет

 


<== previous lecture | next lecture ==>
 | Старажытный Рым.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.555 s.