Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Наймандар, керейіттер, жалайырлар


Date: 2015-10-07; view: 18003.


Е) 2025 ж.

Д) 2023 ж.

В) 2015 ж.

А) 2012 ж.

Е) 2016 ж.

Д) 2015 ж.

С) 2014 ж.

А) 2012 ж.

+В)2013 ж

692. . ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Бостандық, бірлік, тұрақтылық, өркендеу» (29.01.2011ж.) Жолдауында оқытудың 12 жылдық үлгісіне көшу ... белгіленді:

+С) 2020 ж.

 

 

 

Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.

 

Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әсерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.

 

Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой болған. Ал керейіттерде жылқы өсіру басым болды.

Конспект сұрақтар

1.1201 жылы өзін гурхан етіп жариялаған жалайыр тайпасының өкілі:

2.Жалайыр тайпалары туралы мәлімет қалдырған деректер:

3.Жалайыр тайпасының бөліктері:

4.Жалайырдан шыққан атақты ақын, шешен, әрі батыр:

5.Жалайырлар туралы дерек қалдырған Әбілғазы ханның еңбегі:

6.Керейіт мемлекетінің екіге бөлінген кезі:

7.Керейіт мемлекетінің шарықтау кезі:

8.Керейіт тайпаларының қоныстанған аумағы:

9.Керейіт хандығының құрамындағы аймақ саны:

10.Керейіттер жақсы қарым-қатынаста болған хандық:

11.Керейіттерде сан жағынан басым болған мал түрі:

12.Найман мемлекетінің орталығы:

13.Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару жүйесі:

14.Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының Қазақстан өңірін қоныстана бастаған кезі:

15.Найман, керейіт, жалайырлардың көршілес тайпалары:

16.Наймандарды қарақытайлардың үстемдігінен құтқарған хан:

17.Наймандарға қарсы бірігіп, шабуылдаған елдер:

18.Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген тайпа бірлестігі:

19.Шыңғысхан әскерінен Күшлік ханның қашқан аймағы:

20.Шыңғысханның керейіттерді басып алған жылы:

21.Қырғыз, меркіт, найман тайпаларының біріккен құрылтайы шақырылған жыл:

22.Ұлыстардың ішкі істерін жүргізуші:

23.“Керейіттер мәдениеті өте жоғары болған…” деп жазған тарихшы:

12. Қарақытайлар (1125-1212 ж.)

Қытай деректері бойынша, қарақытайлар – Орталық Азиядағы Солтүстік Қытай, Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген қидан тайпалары. Қидандардың 10 ғасырда Батысқа жылжыған бөлігі мұсылман деректерінде қарақытайлар деп айтылады. 1125 жылы Елюй Даши бастаған 40 мың түтін қидандар Жетісуға келіп қоныстанды. Қарахандықтардың әлсірегенін пайдаланған Елюй Даши 1125 жылы өз әскерін Жетісудың орталық аудандарына қарай кіргізеді. Олар Баласағұнды басып алып, оған жақын жерде өздерінің орталығы – Ғұз ордасын құрды. Қарақытайларда мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі болған. Әйелдер де мұрагер бола алған, тек әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті. Алым-салық жүйесі бойынша, әрбір үйден 1 динардан ақша жиналған. Ірі қала әкімі гурханға жыл сайын жер салығын - харадж төлеп отырған. Жетісудың егінші тұрғындары билеушіге өнімнің оннан бір үлесін төлеген. 12 ғасырдың екінші жартысында қарақытайлар бағынышты халықтарға салық салуды күшейткен. Бұған қарсы ел ішінде наразылықтар туа бастаған. 1141 жылы Самарқанға жақын Қатуан даласында болған шайқаста қарақытайлар Бұхараға басып кіреді. Бүкіл Мәуереннахрдың орталық бөлігін басып алады. Қарахандар олардың вассалы болып, салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Қарақытайлар Хорезмді жаулап алады. Хорезмшах жылына 3000 алтын динар төлеп тұруға мәжбүр болды. Қарақытайлар шығысында Гансу жеріндегі ұйғырларды өздеріне тәуелді етті. Батысында Әмударияның төменгі ағысын бағындырды. Оңтүстікте Балх пен Хотан жерлері де оларға тәуелді болды. Қарақытайлар Хорезм шахымен келісім жасай отырып, 1198-1204 жылдары Ауғанстан жеріндегі гурид тайпаларымен соғысып, ауыр жеңіліске ұшырайды. Қарақытайлар 1208 жылы шығыста наймандардан жеңіледі. 1210 жылы оларға Хорезм шахы қарсы шығады. Екі жақтан шабуылға ұшыраған Қарақытай мемлекеті 1212 жылы құлайды.

Конспект сұрақтар

1.1141 жылы қарақытайлар басып алған қала:

2.Ірі қала әкімі төлейтін жер салығы:

3.Елюй Даши гурхан қаза болғасын, билікке келді:

4.Тақ үшін таласта қарақытайлардың көмегін пайдаланған Хорезм билеушісі:

5.Қарақытай тайпаларының бұрынғы атауы:

6.Қарақытайлар Қарахан әскеріне ойсырата соққы берді:

7.Қарақытайларда әр үйден жиналатын салық мөлшері:

8.Қарақытайлардың гурид тайпаларымен соғысқан мерзімі:

9.Қарақытайлардың салықты күшейткен кезі:

10.Қарақытайлардың шығысында тәуелді еткен тайпалары:

11.Қарақытайларға екі жақтан шабуылдады:

12.Қарақытайларға жылына 3000 динар төлеп отырған ел:

13.Қарақытайлықтардың орталығы:

14.Қидандарды түрік тілдес деп көрсететін деректер:

15.Қидандардың Жетісуға келіп, қоныстанған жылы:

13. Қыпшақ хандығы

Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың этникалық құрамы 7-8 ғасырларда қалыптаса бастап, екі бөліктен тұрған. Батыс бірлестігінде 11 тайпа, ал шығыс бірлестігінде 16 тайпа болған. Ең беделдісі – елбөрілер (бөрілер). Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған. Тарихшы Жүзжани елбөрілерді хандар әулетінің тайпасы деп атаған. Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Күші және беделі басым оң қанаттың ордасы – Сарайшық (Жайық өзені бойы), ал сол қанаттың орталығы - Сығанақ (Сырдария өзені) қаласы. Хандық биліктің орталығы “орда” деп аталды. Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде құлды “яланкуг” деп атаған. Ал кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтар болған. Ресей жеріне барып орналасқан қыпшақтар орыс деректерінде “половшылар” (далалықтар) деп аталды. Дунай бойына қоныстанған қыпшақтарды венгрлер “кундар” немесе “командар”деп атаған. Хорезм шахының мұрагері Атсыз қыпшақтардың қол астындағы оғыздар жеріне бірнеше рет шабуылдаған. 1133 жылы қыпшақтар олардан жеңіліп қалды. Осы жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастады. Хорезмдіктер қыпшақтардың ішкі қайшылықтарын пайдалануды көздейді. 13 ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығы арасында шайқастар болды. Қыпшақтар өз ішіндегі алауыздық кесірінен жеңіліп, солтүстікке қарай шегінді. Бұл екі ел үшін Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы ұзақ жылдар бойына қақтығыс көзіне айналды. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін біржола тынды. Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлде жойылып кеткен жоқ. Қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.

Конспект сұрақтар

1.13 ғасырда хорезмдіктер мен қыпшақтардың соғысу себептері:

2.Арба үстіне тігілген үйлер туралы жазған саяхатшы:

3.Орыс деректеріндегі Ресей жеріндегі қыпшақтардың атауы :

4.Хорезм шахы Текештің Сығанақты жаулап алған жылы:

5.Хорезмдіктер мен қыпшақтар арасындағы қақтығыстың нәтижесі:

6.Қыпшақ жылқылары сатылды:

7.Қыпшақ тіліндегі құлдың атауы:

8.Қыпшақ хандығы құрылған мерзім:

9.Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі:

10.Қыпшақтар оғыздарды жеңіп, шекарасын кеңейтті:

11.Қыпшақтар құрамына қарлұқ пен жікіл тайпаларының кірген кезі:

12.Қыпшақтарда малдың көптігі туралы жазды:

13.Қыпшақтарда тамақтың негізгі түрі жасалды:

14.Қыпшақтарда әскери басқару жүйесі бөлінді:

15.Қыпшақтардың ең беделді тайпасы:

16.Қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіретіндігін жазған:

17.Қыпшақтардың этникалық құрамы қалыптаса бастаған кез:

18.Қыпшақтардың қол астындағы оғыздарға шабуылдаған Хорезм шахы:

19.Қыпшақтардың қыстаған жерлері:

20.” Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен” деп жазған:

14. Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы.

Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды. б.з.б.1 ғасырдың ортасында алғаш рет Қытайдан Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыққан. 6 ғасыр - жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі. Жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия, Соғды елдерінде игеріле бастаған. Соғды елі жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен. Қытайдың кейбір қалаларында соғдылықтардың сауда орындары болған. Жапонияның ертедегі астанасы Наргада жібек сататын орындар болған. Нарга қаласындағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр. Византия шеберлері жасаған күміс құмыралар Тараз қаласынан табылды. Қытайдың фарфор ыдыстары Талғар, Испиджаб, Отырар қалаларынан табылды. Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалаларынан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылды. Б.з.б.2 ғасырдың ортасында Жібек жолы халықаралық қатынас жағынан жандана бастады.

Конспект сұрақтар

1.6 ғасырда жібек матасы белгілі болған елдер:

2.Bизантия құмыралары табылған қала:

3.Б.з. алғашқы кезінде жібек өндіру игеріле бастаған елдер:

4.Жібек жолының халықаралық қатынас жағынан жандана бастаған кезі:

5.Жібек жолының Қытайдан басталып, Ыстықкөлге жеткен бағыты:

6.Жібек сататын сауда орындары болған Жапония қаласы:

7.Жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен ел:

8.Мешіт-медресе орындары табылған жер:

9.Патшалар үшін бағалы сыйлық болды:

10.Талғар мен Отырардан табылған бұйымдар:

11.Түрік қағанаты мен Византия арасындағы сауда келісімі жасалды:

12.Үйсіндердің Қытаймен қарым-қатынаста болған уақыты:

13.Ұлы Жібек жолының солтүстік бағытының тармақтары:

15. Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі.

Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік-батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері арқылы солтүстік-шығыс Қазақстанға баратын үшінші бағытпен атақты елші, саяхатшы Рубрук Монғолияға, Мөңке ханға барып қайтқан. Отырар қаласы керуен жолдары торабында орналасқан. Сығанақтан Ақсүмбе қаласы арқылы Орталық Қазақстанға қарай бір тармақ шықты. Монғол шапқыншылығына байланысты сауда қарқыны бәсеңдеді. Жол бойындағы қалалар әлеуметтік-экономикалық өзгеріске түсе бастады. Кейбір қалалар қаңырап бос қалған. Ал 17 ғасырдан бастап теңіз жолдары ашылып, Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастады. 18 ғасырдың екінші жартысынан Қазақстан негізінен солтүстік жағында Ресеймен, ал оңтүстік жағында Қытаймен сауда байланыстарын жүргізе бастаған.

Конспект сұрақтар

1.Васидж қаласынан шыққан жол Сырдың жоғары жағымен қай қалаларға жетті:

2.Византиялық күміс құмыралар қай қаладан табылды:

3.Испиджаб қаласына жеткен Ұлы Жібек жолының тармағы нешеге бөлінді:

4.Отырардан шыққан жолдың біріншісі Отырарға барса, екіншісі қайда барды:

5.Қазақстанның қай аймағы Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын негізгі қақпасы болды:

6.Керуен жолдары торабында орналасқан қала:

7.Керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы:

8.Монғолияға, Мөңке ханға барып қайтқан саяхатшы:

9.Сауда қарқынын бәсеңдеткен жағдай:

10.Сығанақтан Ақсүмбе арқылы шыққан тармақ бағытталды:

16. 4 тарау. 9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы.

Ерте орта ғасырға (6-9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10-12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Оңтүстік Қазақстанда кейінгі зерттеулер бойынша қала саны 37–ге жеткен. Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жері – Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсындағы сағалары. Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Аснас, Жент, Баршынкент қалалары болған. Қалалық отырықшылық мәдениет Жетісу аймағында да дамыды. Оңтүстік –батыс Жетісу аймағынан (орталығы-Тараз) 36 қала орны табылды. Солтүстік- шығыс Жетісудан 70 қала жұрты ашылды. Ортағасырлық қалалар көлемі, экономикалық жағынан өсіп отырған. Олар 3 топқа бөлінді. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қалалар жатады. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар кіреді. Үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар жатады. 10-12 ғасырлардағы қалалар дамуының ерекшелігі – отырықшылық мәдениеттің дамуы Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай тарала бастауы. Дамыған ортағасырлық қалаларға Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбе жатады. 10-12 ғасырлардағы қала құрылысындағы басты жаңалық – мешіттер мен шығыс моншаларының салынуы. 10 ғасырдағы тұрақ-жайларда бөлме саны көбейе бастаған.

Конспект сұрақтар

1.11-12 ғасырға жататын «қоржын үй» қай қалада табылған:

2.Сығанақ қаласы Қазақстанның қай аймағынла орналасқан:

3.Ұлытау етегінде орналасқан Х-ХІІ ғасырларға жататын қалаларды көрсетіңіз:

4.Бірінші топқа жататын қалалар:

5.Екі шығыс моншасы табылған қала:

6.Орталық және Шығыс Қазақстан аймақтарында отырықшылық мәдениеттің тарала бастаған кезі:

7.Ортасы аула ретінде пайдаланылатын тұрғын үйлер салынған аймақ:

8.Отырардың солтүстік-шығысынан табылды:

9.Оңтүстік Қазақстандағы қала орындарының саны:

10.Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың топтаса орналасқан жері:

11.Солтүстік-шығыс Жетісудан табылған қала саны:

12.Сырдың орта ағысында орналасқан қала:

13.Тұрақ-жайларда бөлме саны көбейе бастады:

14.Қазіргі канализацияның қарапайым түрі:

15.Қалалар көлемі жағынан бөлінді:

16.Қарнақ, Шур қалалары орналасқан аймақ:

17.Құйрықтөбе қаласынан табылған үй:

18.Үшінші топқа кіретін қалалар:

19.Өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілді:

17. 9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы

Ортағасырлық қалалардың көбеюі тұтыну бұйымдарын көп өндіруді талап етті. Сондықтан қалаларда шеберханалар көбейе бастады. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Отырар, Құйрықтөбе, Талғар, Тараздан табылды. Құмыралардың іші-сырты жылтырап тұратын түрлі-түсті әйнек тәрізді сырмен сырланған. Бұл ыдыстардың сырлары жер астында қанша уақыт жатса да, өшпей, химиялық өзгеріске ұшырамай сол алғашқы түсін сақтап қалған. Қыш құмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі – шыны бұйымдар жасау. 10 ғасырға жататын шыны ыдыстар Отырар, Тараз, Йасы қалаларынан табылған. Зергерлік кәсіп ұсталықтағы шеберліктің жетістігі деп есептеледі. Отырар, Тараз, Талғардан күміс білезік, алтын сырға, сақина, алқалар табылған. Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кәсіптің бірі- сүйек ұқсату. Cүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көбірек кездесетіні – мүйізден жасалған әшекейлер. Испиджаб, Отырар, Фараб қалаларында ақша шығаратын сарайлар болған. Алайда 10-12 ғасырларда айырбас саудасы басым болған.10-12 ғасырлардағы сауда қалалық отырықшылық мәдениеттің дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш болды. Ол қалалар арасындағы сауда байланысымен бірге, далалық аймақтар тұрғындарының саудаға араласуын, қала мен даланың байланысын да күшейтті. Егіншіліктің дамуы қала санының және тұрғындарының өсуіне байланысты болды. Қала маңындағы егін егуге қажетті жерлер кең түрде игеріле бастады.

Конспект сұрақтар

1.Жетісудан табылған құмыралардың түр-пішіні:

2.Сыры өшпеген қыш құмыралар табылған қала:

3.Сүйек түйреуіштер, шахмат тастары табылды:

4.Таразда ешкі түбіттерімен айырбас сауда болғандығын жазды:

5.Хорезм шахы Мұхаммед Текеш теңге соқтырған жыл:

6.Шу аңғарындағы өңделетін жер көлемі:

7.Шыны ыдыстарды жасау тәсілі:

8.Қалалық отырықшылық мәдениеттің дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш:

9.Қыш құмырашылардың жетістіктері:

10.Ұсталықтағы шеберліктің жетістігі:

18. Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы

Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған. 11-12 ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер – терракота кеңінен қолданылды. Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу орын ала бастаған. 10-12 ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған. Бұл құрылыс жүйелерінің салынуына ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Бұл кездегі ғимараттар – мешіттер, кесенелер, мазарлар, моншалар. 10 ғасырдағы араб-парсы деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттер болғандығы айтылған. Тараз қаласының батыс жағында, 18 км жерде Бабаджа-қатын, Айша-бибі кесенелері орналасқан. Бұл екі кесене - алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер. Отырар моншасының жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас болып келеді. Тараз қаласынан екі монша табылған. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жанында шығыс моншасы салынған. Сонымен орта ғасырдың дамыған кезінде архитектуралық сәнділігімен ерекшеленетін құрылыстар шығыс моншалары болып табылады.

Конспект сұрақтар

1.10-ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттердің болғандығы туралы жазылған дерек:

2.Алаша хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында орналасқан:

3.Қ.А.Иасауи ғимаратының қасында орналасқан Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі кімнің ұрпағына арнап салынған:

4.Қай кесене Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 шақырым жерде орналасқан:

5.Айша-бибі кесенесінің күйдірілген кірпіштен қаланып, сақталған бөлігі:

6.Арыстан бейнесі салынған терракота табылды:

7.Бабаджа-қатын кесенесі салынған мерзім:

8.Бабаджа-қатын, Айша-бибі кесенелері орналасқан жер:

9.Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастаған кезде салынған мешіт:

10.Жобалануы жағынан Орта Азияның, Кавказдың моншаларына ұқсас монша:

11.Сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған кезең:

12.Тараз моншасындағы бөлмелер саны:

13.Ғимараттарды өрнектеуде қолданылатын оюланған кірпіштер:

14.Қазіргі кезде мұражайға айналған шығыс моншасы орналасқан қала:

15.Құйрықтөбе қаласынан табылды:

19. Дін және мәдениет. Исламның таралуы

Қазақстанның оңтүстігіндегі және Жетісуда жүргізілген зерттеу жұмыстары қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным-cенімдердің болғандығын білдіреді. Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алған. Ортағасырлық қалаларда отқа табыну әдеті кең таралған. Құйрықтөбе мен Отырардағы үйлердің ошақтары ерекше безендірілген. Жетісу аймағында ертедегі діни сенім дәстүрлері кең тараған. Тәңірге жалбарынудың белгісі, христиандықтың белгілері табылған. Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. Әл-Макдиси өз деректерінде, 10 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған. Құйрықтөбе қала жұртындағы зираттарды зерттегенде адамдардың мұсылманша жерленгені анықталды. Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат қоймай жерлеген. 12 ғасырдың екінші жартысында қыпшақ ақсүйектерінің Хорезммен жақындасуына байланысты қыпшақтар арасында ислам діні кең түрде ене бастады. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласында мешіт, медреселер салынды. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті.

Конспект сұрақтар

1.11-12 ғасырлардағы отқа табыну белгісі:

2.Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим Бұхараны алды:

3.Арабтардың 714 жылы басып алған қаласы:

4.Ертедегі діни дәстүрлер кең тараған аймақ:

5.Жұма мешіті орналасты:

6.Мұсылман дәстүрімен жерленген зират табылды:

7.Насыр ибн Сейяр Қазақстанның оңтүстігіне басып кірді:

8.Отқа май тамызу рәсімі жасалады:

9.Оғыздар қорғаушысы ретінде табынды:

10.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттердің көптеп салына бастағанын жазды:

11.Қыпшақтар арасына ислам дінінің кең түрде ене бастаған мерзімі:

20. Ғылым мен білімнің дамуы

10 ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср әл-Фараби де шығармаларын араб тілінде жазған. Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылды. Фараб өлкесінен ондаған Фарабилердің еңбектері мен есімдері белгілі. 12 ғасырда өмір сүрген ғалымдар қатарына Исхақ әл-Фараби, Жаухари әл-Фараби, Ахмад әл-Фараби жатады. Энциклопедист - ғалым әл-Бируни тарих, математика, география, астрономия, медицина секілді ғылым салаларынан 150-ден астам еңбек жазып қалдырған. Махмуд Қашғаридің үш кітаптан тұратын “Түрік тілдерінің сөздігі “(“Диуани луғат ат-түрк”) – түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар түріктердің мекендерінің атын, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу білік” еңбегі алғаш рет түрік тілінде жазылған кітап. “Құт негізі-білік” (“Құтадғу білік”) еңбегінде философия, астрономия, алгебра ғылымдарына тоқталуы оның жан-жақты, білікті адам екендігін көрсетеді. Ахмет Иүгнекидің бізге жеткен еңбегі “Ақиқат сыйы”. Бұл шығарма халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады. Қожа Ахмет Йасауиден қалған мұра – “Даналық кітабы”(“Диуани хикмет”) болып табылады. Бұл еңбек адалдыққа, имандылыққа, даналыққа шақырады. Сонымен бірге, Аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді. Ахмет Йасауидің шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын Сүлеймен Бақырғани. Әли ақынның “Жүсіп-Зылиха”атты поэмасы махабаттағы адалдықты жырлаған. 10-12 ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес халықтар арасында ғылыми, әдеби шығармалар жазылып, рухани мәдениеттің дамуы алға басқан.

Конспект сұрақтар

1.10 ғасырдан әдеби және ғылыми шығармалар жазылды:

2.1021-1075 жылдар арлығында өмір сүрген ғұлама:

3.13 ғасырдағы махабаттағы адалдықты жырлаған поэма:

4. Бұхара қаласында А.Йасауиге діни білім алуына көмектескен ғұламаны көрсетіңіз:

5.Алғаш рет түрік тілінде жазылған еңбек:

6.Ахмет Иүгнекиге берілген баға:

7.Ахмет Иүгнекидің еңбегі:

8.Ахмет Йасауидің туған қаласы:

9.Ахметке діни білім берген ұстазы:

10.Баласағұни “Құтадғу білік” еңбегін сыйға тартты:

11.Денелердің жерге тартылыс күшін алғаш тапқан ғалым:

12.Жазба әдебиет қалыптаса бастаған кез:

13.Исхақ әл-Фараби өмір сүрді:

14.Йасауидің шәкірті, ғұлама ақын:

15.Махмуд Қашғаридің еңбегі:

16.Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген ғалым:

17.Қарахандықтардың даңқы шыққан ақыны:

18.Қашғариді “түрік тілдерін салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы” деп атаған ғалым:

19.Әл-Фараби өмір сүрді:

20.Әл-Фарабидің терең игерген ғылым саласы:

21.“Асыл тастар” еңбегін жазған энциклопедист-ғалым:

22.“Даналық кітабын” жазған:

21. 13-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында Монғол империясы құрылды. Ұлы хан болып Шыңғысхан (Темүжін) сайланды. Монғол мемлекеті 95 түмен әкімшілік билікке бөлінді. Әскери аумағы жағынан мемлекет үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Олар – барунгар (оң қанат), жоңғар (сол қанат), кул (орталық қанат) деп аталды. Мемлекеттің басты заңы “Жасақ” деп аталды. Оның бірінші бөлімінде Шыңғысханның нақыл сөздері мен ел басқарудағы шешімдері болған. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және жазалау ережелерінен құралды. “Жасақ” бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. 1207-1208 жылдары Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулап алды. Ал 1207-1209 жылдары Шыңғысхан таңғұттарды, Тұрфан кінәздігін, ұйғырларды бағындырды. 1211-1215 жылдар арасында Шыңғысхан Қытай жерін басып алды. 1217 жылы Шыңғысхан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырды. Монғолдар 1218 жылы Жетісу жеріне енді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашылды. Оның басты себебі “Отырар опаты” болған. 1219-1220 жылдары Сыр бойындағы қалалар толығымен монғолдардың иелігіне көшті. Жетісу аймағында монғол шапқыншылығына дейін 200-ден астам елді мекендер болған. Ал13-14 ғасырларда 20-ға жуық қалалар қалған. Монғол шапқыншылығы қалалық мәдениеттің дамуына үлкен кедергі болды. Ең бастысы, халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы ұзақ жылға кешеуілдеді. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін төрт баласына бөліп берді. Қазақстан жерінде Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары пайда болды. Төле Монғолия жерін билеген.

Конспект сұрақтар

1.1217 жылы Жетісуды басып алуға аттанды:

2. Тимучиннің (Шыңғысхан) ел билеген жылдарын көрсетіңіз:

3. Шыңғысханның қай заңы бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды:

4. Қай жылдары Хорезм шахы Мұхамед Текеш Отырар қаласында теңге соқтырған:

5. Қай жылдары Ұрыс хан өз атынан Сығанақта теңге соқтырған:

6. Қандай оқиғаға байланысты қыпшақтар мен Хорезм мемлекетінің Сыр бойындағы қалалар үшін күресі тоқтатылды:

7.Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулады:

8.Жетісу аймағындағы монғол шапқыншылығынан кейінгі қала саны:

9.Жошы бастаған әскерлер аттанды:

10.Жошы ұлысының аумағы:

11.Мемлекеттің басты заңы:

12.Монғол империясы құрылған мерзім:

13.Монғол мемлекетінің әкімшілік билігі:

14.Монғолдардың Жетісуға енген жылы:

15.Монғолияның әскери-әкімшілік аймақтары:

16.Отырар қаласы монғолдарға берілмеді:

17.Отырарды қоршауға алды:

18.Сыр бойындағы қалалар монғолдардың иелігіне көшті:

19.Ханның жеке басын қорғайтын жасауыл:

20.Шыңғысхан Қытай жерін басып алды:

21.Шыңғысханның туған жылы:

22.Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуын ұзақ жылға кешеуілдеткен жағдай:

23.Қазақстан жеріндегі монғол ұлыстары:

24.Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашудағы басты себеп:

25.Құрамына Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағы кірген ұлыс:

26.Үгедей ұлысының аумағы:

27.Ұлы хан Мөңке қайтыс болды:

28.Өкімет билігінің жоғарғы органы:

22.Алтын Орда (13 ғ.ортасы-16 ғ. басы)

Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Орталығы алғашында Сарай-Бату (Еділ бойында), кейін Сарай-Беркеге көшірілді. Батый хан Алтын Орданы құрып, 1227-1255 жылдары мемлекетті басқарған. Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Батый хан мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттыруға, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгендігі айтылған. 1236-1242 жылдары Батысқа жасалған жеті жылдық жорықты Батый хан басқарды. Берке хан Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкілмонғолдық құрылтайға қатынасудан бас тартты. Берке хан Алтын Орданы күшейту үшін мұсылман дінін қабылдады. Меңгу-Темір 1271 жылы Египетпен байланысына кедергі болуға тырысқан Византияға қарсы жорыққа шықты. Византия императоры соғыстан бас тартып, бейбіт келісімге келді. Бұл келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда қатынасын жақсартты. Тохты хан Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосты. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырған. Египетпен тығыз қатынаста болды. Алтын Орданың гүлденген кезі Өзбек хан мен баласы Жәнібек ханның билігі тұсында болды. Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген. Оның билігі кезінде мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. 14 ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейді. Жошы ханның екінші бір ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін алады. Әмір Темір Алтын Ордаға шабуылдап, бас көтере алмастай етіп тұралатты. 15 ғасырдың ортасында Алтын Орда бірнеше хандықтарға бөлініп кетті. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізді. Азаматтық басқару билігі түрік әулетінен шыққан “мәлік” деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылды. Алтын Ордада басқару жүйесінде басқақтар маңызды орын алады. Олар басқару қызметімен қатар, жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді. Даруғалар салық жинаумен шұғылданды. Әскери істі беклер бек басқарған. Азаматтық билік уәзірлердің қолында болған. 14 ғасырда Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айнала бастаған.

Конспект сұрақтар

1.Алтын Ордада даруғалардың қызметін көрсетіңіз:

2.Алтын Орда мемлекет ретінде жойылды:

3.Алтын Орда мен Египет арасындағы байланыс күшейді:

4.Алтын Ордада іс жүргізу жұмыстарында пайдаланған жазу:

5.Алтын Ордада алауыздық күшейген кез:

6.Алтын Ордадағы даруғалар қызметі:

7.Алтын Орданы бас көтере алмастай тұралатқан билеуші:

8.Алтын Орданы құрған монғол ханы:

9.Алтын Ордаға салық төлеуге мәжбүр болған елдер:

10.Батый хан елдің экономикасын арттыруға көңіл бөлді деп жазды:

11.Батый ханның әділдігі туралы жазған парсы тарихшысы:

12.Батыйдың есімі тарихи деректерде айтыла бастаған кез:

13.Берке ханның исламды күшейтудегі мақсаты:

14.Беркеден кейін хан болды:

15.Жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізушілер:

16.Жошы ұлысының орнына құрылған ірі мемлекет:

17.Мемлекеттік әкімшілік аппарат қызметкерлері негізінен құралды:

18.Монғол империясына тәуелділігін мойындамаған Алтын Орда ханы:

19.Мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы атанған хан:

20.Тохты хан сауда байланысын жандандырған ел:

21.Тоқтамыс хан Мәскеуді өртеді:

22.Түрік әулетінен шыққан жергілікті әкімдер:

23.Әскери істі басқарушылар:

24.Өзбек пен Жәнібек хандар тұсындағы Алтын Орданың жағдайы:

25.Өзбек хан Египет сұлтанына хабарлады:

23. Ақ Орда (13-1 5 ғасырдың басы)

Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы - Сығанақ қаласы. Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржола бөліне бастады. 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Ордада аласапыран төңккеріс басталды. 60-жылдары Сарай қаласында бір жылдың ішінде 4 хан ауысқан. Осы тартысты пайдаланған Ұрұс хан билікті қолына алып, мемлекетті нығайтты. Әмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алуға тырысады. Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды. 1395 жылы Әмір Темір Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына Қойыршақ оғланды (Ұрұстың баласы) хан етіп қойды. Ақ Орда ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады. Әбілхайыр Шайбани Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрды. Ал Ұрұс хан ұрпақтары 15 ғасырда Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекетін құрды.

Конспект сұрақтар

1.1380 жылы Тоқтамыс хан басып алды:

2.14 ғасырдың 60-жылдары Сарай қаласында бір жылда билікке келді:

3.Ақ Орда билеушісі, Жәнібектің әкесі:

4.Ақ Орда мемлекетінің сипаты:

5.Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған кезі:

6.Ақ Орданың аумағы:

7.Ақ Орданың біраз жерін жаулап, өз хандығын құрды:

8.Ерзен хан тұсында Ақ Ордада дамыды:

9.Жошы ұлысының сол қанатын басқарды:

10.Мүбәрак хан өз атынан теңге соқтырды:

11.Сырдария бойындағы қалалар үшін Ұлықбекпен соғысты:

12.Тоқтамыс Сығанақты біржола алды:

13.Қазақстан аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет:

14.Ұлытау, Орал тауларының бөктерлері пайдаланылды:

15.Ұрұс ханның Сарайды, Қажы-Тарханды басып алған уақыты:

16.Әмір Темірдің Тоқтамысқа көмектескендегі мақсаты:

24. Моғолстан (14 ғасырдың ортасы – 16 ғасырдың басы)

14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық-Темір хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің орталығы – Алмалық қаласы. Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-Темір бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекеттенді.1360-1361 жылдары Мәуереннахрға екі рет сәтті жорық жасады. 1365 жылғыТашкент қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Ол 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасады. Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де тоқтамады. Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырды. 1462 жылы Есен-бұға қаза болғасын Жүніс Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енді.

Конспект сұрақтар

1.1365 жылғы Әмір Темір мен Ілияс Қожа арасындағы шайқас:

2.1433-1462 жылдары хандық билікте болды:

3.Ілияс Қожа қоршауға алған қала:

4.Жүніс ханның билік еткен жері:

5.Моғолстан мемлекеті қайсы ұлыстың орнына құрылды?

6.Моғолстан хандығындағы беделді тайпа:

7.Моғолстанда бір күнде ислам дінін қабылдаған адам саны:

8.Моғолстанның аумағы туралы жазылған еңбек:

9.Тоғылық-Темір хан болып сайланды:

10.Тоғылық-Темірдің сыртқы саясаттағы көздеген мақсаты:

11.Қазақ хандығы құрамына енген Моғолстанның бөлігі:

12.Әмір Темір Моғолстанға алғашқы жорығын жасады:

25. 13-15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір

13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы– Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам . Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейін Едіге. Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды. Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер-мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.

 

Батыс Сібір жерінде туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігі болды. Бірлестікте керейіттер басты рөл атқарған. Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кіріп, Шайбани әулеті жері саналған. Бірақ елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжарлары әулетінің қолында болды. Сібір хандығының негізгі жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғарлары болды. Астанасы - Чимги-Тура (Қызыл-Тура). 1428 жылы Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттанады. Ол Махмуд Қожаны жеңіп, Батыс Сібір Әбілхайыр ханның қарамағына өтеді. Шайбани ұрпағы Ибақ хан өз билігін Чимги-Тура, Тобыл, Ертіске жақын жерлерге жүргізеді. Ибақ хан орыс патшасы III Иванмен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатындағы достық одақ құруға шарт жасасты. 1495 жылы Мұхаммедтің басшылығымен Чимги-Турада Ибақ ханды өлтіреді. Тайбұғалық Мұхаммед билеуші болып жарияланды. Қазақстан аумағында Шыңғыс әулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне қарамастан, қоғамдық қатынастардың өрістеуі, тілдік қатынастың дамуы, шаруашылық салаларының өсуі жергілікті этникалық ортада дамыды. Қазақстандағы феодалдық мемлекеттердің негізгі этникалық құрамы біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.

Конспект сұрақтар

1.13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында құрылған хандық:

2.15 ғасырдың ортасында ноғайлар жаулап алды:

3.17 ғасырдың басында үлкен Ноғай Ордасының халқы ығысқан аймақ:

4.Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам:

5.Батыс Сібір аймағында Торғай, Есіл, Ертіс бойын мекендеді:

6.Батыс Сібір тайпаларына ықпал етті:

7.Батыс Сібір хандығымен достық шарт жасасқан ел:

8.Батыс Сібір хандығының астанасы:

9.Батыс Сібір Әбілхайыр хандығына өтті:

10.Батыс Сібірді басқарушы әулет:

11.Батыс Сібірде ноғайлардың қолдауымен билікке келді:

12.Едіге Тоқтамыспен үздіксіз соғыс жүргізді:

13.Едіге ұрпақтарының келісімінсіз қабылданбады:

14.Ибақ ханды өлтірді:

15.Ноғай Ордасы халқының негізгі құрамы:

16.Ноғай Ордасы ыдырай бастады:

17.Ноғай Ордасымен экономикалық, саяси байланыста болған елдер:

18.Ноғай Ордасындағы ұлысты билеушілер:

19.Ноғай Ордасының негізін қалаушы:

20.Ноғайлар оңтүстік-батысында көшіп-қонып жүрді:

21.Нұрад-дин кезіндегі Ноғай Ордасының саясаты:

22.Сібір хандығының негізгі жерлері:

23.Сарайшық қаласы біржола қирады:

24.Сарайшық қаласы Кавказ бен Қырымды байланыстырды:

25.Сарайшықтың гүлденген дәуірі:

26.Түрік тілдес тайпалардың бірлестігінде басты рөл атқарды:

27.Шоқан Уәлиханов “екі туысқан Орда” деп атады:

28.Қазақ хандары Жәнібек, Кереймен одақтасқан Шайбани ұрпағы:

26. Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы)

1428 жылы ақсүйек, шонжарлар 17 жастағы Әбілхайырды хан етіп сайлады. Хандық Өзбек ұлысы, Өзбек хандығы, Шайбани ұлысы, Әбілхайыр ұлысы деп аталады. Ұлыстың алып жатқан жері мен халқының көпшілігі қыпшақтар болғандықтан оны Қыпшақ хандығы деп те атаған. Әбілхайыр хандығы батысында-Жайық, шығысында-Балқаш, оңтүстігінде-Арал мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде-Тобыл,Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты. Рузбихан дерегі бойынша, Әбілхайыр хандығы негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған. 1431 жылы Екіретүп деген жердегі Тоқа Темір ұрпақтарымен болған шайқаста Әбілхайыр жеңіске жетті. Кейін Орда-Базарды бағындырып, өзінің орталығы етті.Оған дейін астана Тура қаласы болған. 1446 жылы Әбілхайыр хан Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етті. Бұл жеңістен кейін Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алды. Cығанақ қаласын өзінің орталығы етті. 1446 жылы Самарқанды алады. 1456-1457 жылдары Әбілхайыр хан Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір бастаған ойраттардан жеңіліп қалды. Ол 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Аққыстау деген жерде қайтыс болды. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілхайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылды.

Конспект сұрақтар

1.Масуд ибн Усман Кухистанидің еңбегін көрсетіңіз:

2.Найман, бұйрық, қарлұқ тайпаларының қыстаған жерлері:

3.Тоқа Темір ұрпақтарымен болған шайқас:

4.Әбілхайыр 16 жасында тұтқынға түседі:

5.Әбілхайыр хан болып сайланды:

6.Әбілхайыр хан Сығанақ түбінде жеңілді:

7.Әбілхайыр хан қайтыс болған жер:

8.Әбілхайыр хан әскерінің құрамына қосылған ру-тайпа саны:

9.Әбілхайыр хандығы шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған деп жазды:

10.Әбілхайыр хандығының батысындағы аймақ:

11.Әбілхайыр ханның көп күш,жігерін жұмсаған жері:

12.Әбілхайыр ханның Самарқанды алған жылы:

13.Әбілхайырдың Мұстафа ханды жеңген шайқасы болды:

27. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Әмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370 -1405 жылдары Мәуереннахрда билік еткен. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңілгесін Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданыңбұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391жылы Құндызша деген жерде Тоқтамыс әскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Әмір Темір әскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін жетіп, шабуылдады. Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірілді. Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын байқады. Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасады. Одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.

Конспект сұрақтар

1.1390 жылдары Әмір Темірге толық тәуелділікке түскен ел:

2.1391 жылғы Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы шайқас:

3.1395 жылғы Терек шайқасының нәтижесі:

4.Қай жылы Әмір Темір Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салуға бұйрық берді:

5.Алтын Орда экономикасына оңалмастай нұсқан келтірген жағдай:

6.Ақ Орданың жаңа ханы Темір-Мәлік Тоқтамысты жеңіліске ұшыратты:

7.Ақ Орданың жеңілуіне әкеп соққан жағдай:

8.Тоқтамыстың 1380 жылдан бастап жаулап алған жерлері:

9.Қамар ад-дин Әмір Темір әскерінен күйрей жеңілді:

10.Әмір Темір қайтыс болған жер:

11.Әмір Темір әскері Алмалықтың жанында талқандады:

12.Әмір Темірге қарсы одақ құруға әрекет жасаған елдер:

13.Әмір Темірдің Алтын Орданы басып алудан бұрын көздеген мақсаты:

14.Әмір Темірдің Моғолстанның қолбасшысы Қамар ад-динді талқандаған жері:

15.Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған барлық жорықтарының мерзімі:

16.Әмір Темірдің Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейінгі жорығы бағытталды:

17.Әмір Темірдің Қамар ад-динді талқандау үшін жіберген әскерінің саны:

18.Әмір Темірдің қатыгездікпен жүргізген басқыншылық жорықтары бағытталған аймақ:

19.Әмір Темірдің өмір сүрген уақыты:

28. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы

Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделген.Хандық биліктің ең жоғарғы өкілдері – хан, сұлтандар, оғландар. Хан кеңесінің құрамы хан тұқымдарынан, ұлысбектерден, әмірлер мен бек, билерден тұрған. Ханның кеңесшісі уәзірлер болған. Құрылтай – хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны. Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстанда түрік тайпаларының басшылары “әмір” деп аталған. Ал Ноғай Ордасында оларды “мырза” деп атаған. Қарапайым халық “қараша” деп аталады. Әділ үкім шығаратын “би” қызметі болған. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген.Осы жерлер “інжу”деп аталған. Иқта,сойырғал деп аталатын сый-жерлер әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет еткендерге берілген. Әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық тағар деп аталған. Жан басына және мал басына құшыр салығы салынды. Жер көлеміне байланысты қалан салығы салынған. Мал салығы зекет деп аталған. Отырықшы егінші аймақтардан харадж, баж салықтары алынған. Мұрагердің “тел бауырын” көкілташ деп атаған. Ал мұрагердің тәрбиешісі атабектер болған. Жастайынан сайланған хандарға ақыл беретін кеңесшінің лауазымы “наиб” болған. Ханның аңшылық ісін басқаратындар миршикар деп аталған. Жасауылдар жиын-той, мерекелерде тәртіп, салт-дәстүрді қадағалап отырған. Cарай қызметінің басшылары ішік аға басы делінсе, хан кеңесшілері инақтар деп аталған. Ал даруғалардың міндеттеріне салық жинау, тәртіпті қадағалау кірген. Хандық өкіметтердің мемлекеттік-әкімшілік жүйесі билеушілер мүддесін қорғауға бағытталған.

Конспект сұрақтар

1.Алтын Орда хандарының інжулік жерлері орналасқан аймақ:

2.Жан басына және мал басына салынатын салық:

3.Миршикар атқаратын қызмет түрі:

4.Мұрагердің “тел бауыры”:

5.Тікелей хандардың қарамағындағы жерлер:

6.Түрік тайпаларының басшылары:

7.Хан кеңесінің құрамы:

8.Хандық биліктің ең жоғарғы өкілдері:

9.Хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны:

10.Ханға адал қызмет істегендерге берілетін сый-жерлер:

11.Харадж, баж салықтары алынды:

12.Шағатай мемлекетінің інжулік жерінің аумағы:

13.Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері:

14.Қарапайым халықтың атауы:

15.Әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық:

16.“Бек” атауы берілген:

29. 14-15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы

Монғолшапқыншылығынан кейін мал шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өміріХІІI ғасырдың соңында қайта жандана бастады. Шаруашылықтың 3 түрі болды. Отырықшы жер шаруашылығы Оңтүстік Қазақстанда дамыған. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Солтүстік Қазақстан аймақтарында жанданған. Жартылай отырықшы мал шаруашылығыЖетісуда дамыған. Мал өсірудің үшінші түрі – көшпелі мал шарушылығы Орталық, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан тұрғындарының көшіп, қону бағыттарына байланысты қалыптасты. Суармалы егін шаруашылығының орталығына Йасы, Сауран, Отырар қалаларын жатқызуға болады.Жетісудың оңтүстік-батыс жағында, Тараз маңында қалалық өмір сақталып, суармалы егіншілік орталығы болған. Монғол шапқыншылығы қалалық мәдениеттің дамуына зардабын тигізді. Іле алқабындағы қалалық мәдениет 13 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басында мүлдем құрып бітті. Талас жағасында 1269 жылы құрылтай өткізіліп, отырықшы халық пен қала тұрғындарынан белгіленген салық көлемінен артық алуға тыйым салынған заң шығарылды. Қалалық өмірдің дамыған кезі - Ақ Орда хандары Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтайлардың билік құрған тұсы. Күлтөбе, Раң қалаларынан ыдыс жасайтын шеберхана орындары табылды. 13 ғасырдың екінші жартысынан бастап Сырдария қалаларында кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастаған. Отырар, Түркістан қалаларынан жергілікті шеберлер жасаған қола айналар мен шырағдандар табылды. Күмістен жасалған орама білезіктер Оңтүстік Қазақстанда және Орта Азияның солтүстік аудандарында кең тараған. Отырар, Тараз қалаларында әйнек жасау кәсібі 10-11 ғасырлардан белгілі болған. Монғол шапқыншылығынан кейін бұл кәсіп тоқырауға ұшырағанымен, 13 ғасырдың аяғында қайта жандана бастаған. Қалалық мәдениеттің дамуы адам тіршілігіне қажетті барлық кәсіптің жандануына жол ашты.

Конспект сұрақтар

1.1269 жылғы Талас жағасындағы құрылтайда қарастырылған мәселе:

2.14 ғасырдағы Күлтөбе, Раң қалаларының орнынан табылды:

3.Іле алқабында қалалық мәдениет мүлдем жойылды:

4.Ақ Орда хандары Ерзен, Мүбарак тұсында:

5.Вақф-грамотасы бойынша берілді:

6.Кірпіш күйдіретін шеберханалары болған қалалар:

7.Күмістен жасалған орама білезіктер кең тараған аймақ:

8.Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындардың көшу бағытының ұзақтығы:

9.Мал шаруашылығы мен отырықшылық өмір қайта жандана бастаған кезең:

10.Отырар мен Түркістанның жергілікті шеберлері жасаған бұйымдар:

11.Суармалы егіншіліктің орталығы:

12.Төменарық, Бозғыларық каналдары қазылған жер:

13.Шаруашылықтың негізгі түрлері:

14.Қалаларда тіршіліктің жандана бастауы туралы жазды:

15.Әйнек жасау кәсібі белгілі болған кезең:

30. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы

Қазақстанда қола дәуірінде еуропеоидтық өңдес андрон тайпалары өмір сүрген. Ғалым О. Смағұловтың пікірінше, сақ, сармат, үйсіндердің келбеттері андрондықтарға ұқсас болған. Шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласуының нәтижесінде монғолоидтық белгілер дами бастады. Монғолдар түркіленіп, Шыңғыс тұқымдарының өзі түрік тілінде сөйлеп, монғолдық сипаттан ажырады. Монғолдарға дейін жергілікті ру-тайпалардағы пайда бола бастаған монғолоидтық тұрпат күшейе түсті. 13 ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу барысын бұзды. Қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі 150-200 жылға кешеуілдеді. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты рөл атқарды. Жетісу жері – үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағының бірі. 15 ғасырдың 1жартысында Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы тілі, түр-тұрпаты, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, салт-санасы жағынан ұқсас болған. Олар “92 баулы өзбектер” шежіресі бойынша 92 тайпадан тұрған. Тарихшы Рузбиханның жазуынша, өзбектерге шайбанилер, қазақтар, маңғыттар жатады. Бұл деректен байқалатыны Өзбек хан хандық құрған кездің өзінде қазақтар халық ретінде ерекшелене бастаған.

Конспект сұрақтар

1.Қазақ хандығының негізі қаланған жерді көрсетіңіз:

2.Монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасу үрдісін кешеуілдетті:

3.Монғолоидтық белгілер тереңдей түсті:

4.Сақ, сармат, үйсіндердің келбеттеріне ұқсас тайпа:

5.Қазақ жерінде пайда болған түркіленген жаңа этникалық топтар:

6.Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарды:

7.Қазақ хандары Әмен мен Сәменді жазалаған билеуші:

8.Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы ұқсас болған кезең:

9.Үйсіндер деген атау уақытша айтылмай, орнына аталды:

10.Өзбектерге басты үш халық жататынын жазған тарихшы:

11.Өзбектерге кіретін үш халықтың ержүрегі және ең көбі:

31. Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі

15 ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы серпіліс хандық өкіметтердің ішіндегі саяси бытыраңқылықты күшейтті. Жетісу аймағындағы ру-тайпалар Орталық Қазақстанға, Орта Азияға көше бастаған. Бұл жағдай Моғол хандығындағы этносаяси қауымдастықты әлсіретті. Әбілхайыр хандығындағы ру-тайпалардың жан-жаққа бытырауы бұл хандықтың мүлде жойылып, ал қалған бөліктерінің Орта Азияға барып, өзбек халқының негізін қалауына себеп болды. Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың Жәнібек пен Керей сұлтандар төңірегіне шоғырлануы Қазақ хандығының құрылуына жол салды және қазақ халқының этникалық құрамының күшеюіне мүмкіндік туғызды. Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен басты жағдай - оның құрамына қыпшақ тайпалар одағы мен үйсін тайпалар одағының енуі. Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқы кезде “өзбек-қазақтар” деп аталды. Қазақ атауы тұрақтанып қазақ халқының этникалық атына айналды. “Қазақ” cөзі 13 ғасырға дейін бостандық сүйгіш “еркін адамдар”деген мағынада қолданылып келген. Ал 14 ғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастаған. “Алаша хан” аңызында қазақ халқы мен қазақ жүздерінің пайда болуы туралы айтылады. “Алаш”сөзі алғаш рет 9-10 ғасырларда айтылған. Жезқазған аймағындағы Жанғабыл өзені бойында Алаша хан ордасы болған. Ал Қаракеңгір өзенінің оң жағасында Алаша хан күмбезі болған. Қазақ халқының жүзге бөлінуі өз жерін қорғау қажеттілігінен туған.

Конспект сұрақтар

1.Алаша хан ордасы орналасқан аймақ:

2.Жетісу аймағындағы ру-тайпалардың көшкен жері:

3.Жәнібек пен Керей хандарға ілесіп көшкен тайпалар:

4.Ру-тайпалардың ен-таңбаларын салған жартас табылған жер:

5.Түркімен жеріне қыпшақтардың “қазақ” болып барған кезі:

6.Шығыс Дешті Қыпшақта “қазақ”атауы қолданылды:

7.Қазақ халқы мен қазақ жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз:

8.Қазақ халқының өз жерін қорғау қажеттілігінен туындады:

9.Қазақ хандығының құрылып, нығайған кезі:

10.Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен басты екі этникалық топ:

11.“Алаш” сөзі алғаш рет айтылды:

12.“Араб-қыпшақ” сөздігінде “қазақ” атауына берілген түсініктеме:

13.“Қазғақ оғлұм” атауы кездесетін жазбалар:

14.”Қазақ” сөзі этникалық мағынаға ие бола бастады:

32. 14-15 ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы

14-15 ғасырларда шаруашылықтың басым түрі мал шаруашылығы болды. Материалдық игіліктер мал басынан алынатын шикізат көзіне байланысты жасалып отырды. Отырықшы аудандарда жер өңдеуге темір соқа, жерді тегістейтін мала, орақ, шалғы, кетпен, ағаш күрек пайдаланылған. Ұн тартатын су және қол диірмендер, бидай және тары түйетін келі-келсаптар болған. 14-15 ғасырларда ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды. Фольклордың ертедегі үлгілері мифологиялық сюжеттерден тұрады. Ғарыш пен Жердің Ғайыптан пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы түрлі аңыздар сақталған. 6-8 ғасырлардан бастау алған батырлық жырлары толықтырылып, 14-15 ғасырларда эпостық жырға айнала бастады. 13-15 ғасырларда авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері дами бастады. Ауызша поэзияның өкілдері: Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғы. 14-15 ғасыр аралығында ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет те дами бастады. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар: “Жошы ханның жортуы”, “Ақсақ құлан”, “Ел айырылған”, “Сағыныш”. 14 ғасырда Өзбек пен Тоғылық-Темір хандардың билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлген. Қазақстанда исламның суфизм тармағы таралған. Суфизмнің кейбір идеялары мен әдет-ғұрыптары шаманизмнің наным-сенімдеріне жақын болған. Сонымен 14-15 ғасырларда ислам діні мен шаманизмнің кейбір наным-сенімдері қатар өмір сүрген.

Конспект сұрақтар

1.13-15 ғасырлардағы ауызша поэзияның өкілдері:

2.14-15 ғасырларда жазбаша әдебиеттің көпшілігі жазылды:

3.14-15 ғасырларда ислам дінімен қатар өмір сүрген діни сенім:

4.Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар:

5.Басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданды:

6.Дінсіздердің көп бөлігін ислам дініне кіргізген хан:

7.Күн мен Айдың және жұлдыздың пайда болғандығы туралы аңыз:

8.Мал басынан алынатын шикізат көздері:

9.Отырықшы аудандардағы жерді тегістейтін құрал:

10.Қуаңшылық кезінде жасалатын ырым:

11.Қыпшақтардың сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін жазды:

12.“Ер Тарғын”,”Ер Қосай” батырлық жырлары пайда болды:

13.“Ислам діні” мақаласын жазды:

14.“Қобыланды батыр” жырында кездесетін есімдер:

33. Қазақстанның 14-15 ғасырлардағы сәулет өнері

14-15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері - Арыстан баб, Қожа Ахмет Йасауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелері. Отырардың батысында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын жерде Арыстан баб кесенесі орналасқан. Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салуға 1397 жылы Әмір Темір бұйрық берген. Кесене биіктігі – 37,5 метр, екі биік күмбезді. 35 бөлмеден тұрады, ең негізгісі – кітапхана, басты бөлмесі – көрхана. Оңтүстік жағындағы үлкен және кіші ақсарайда атақты адамдар жерленген. Көккесене - Сығанақтың маңында, Төменарық кентінен 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Алаша хан кесенесі Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған. 15 ғасырдың II жартысында салынған Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі Йасауи ғимаратының шығысында, 60 м жерде орналасқан. 14-15 ғасырларда сәулет өнерінің жаңа үлгілері қалыптаса бастады. Ғимарат төбесін жабу ісінде күмбез-шатыр жүйесі жетілдірілді, жаңа қаптама материалдар пайда болды. Құрылыс материалының соншалықты жоғары сапалы болуы сәулет өнерінің орта ғасырларда биік деңгейде болғанын дәлелдей түседі.

Конспект сұрақтар

1.14-15 ғасырларда ғимарат төбесін жабу ісінде жетілдірілді:

2.Алаша хан кесенесі қай жерде орналасқан:

3.Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан:

4.Қожа Ахмет Йассауидің ұстазын көрсетіңіз:

5.Ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған мезгіл:

6.Арыстан баб кесенесі орналасқан жер:

7.Далалық сәулет өнері үлгісінде жасалған кесене:

8.Рабиға Сұлтан Бегім кесенесіндегі бөлме саны:

9.Қабырғаларының сырты кілем өрнегіне ұқсатып қаланған кесене:

10.Қожа Ахмет Йасауи кесенесі салынды:

34. Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

15 ғасырдың ортасында Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс, дербес хандықтар пайда болды. Олардың өзара жер үшін таласы тайпалар арасында араздықты туғызып, елде бей-берекетсіздік өршіді. Мұндай саяси бытыраңқылық біртұтас ұлттық мемлекеттің қажет екендігін көрсетті. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілхайырдың билігі тұсында шарықтау шегіне жетті. Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы басты 3 аймаққа шоғырланды. Олар Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу, Түркістан. Біртұтас қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының негізі экономикалық жағынан дамуы болды. Қазақстанда өмір сүрген ру-тайпалар қола дәуірінен бақташылық мал өсіру және теселі жер өңдеумен айналысқан. Осы шаруашылықтың дамуы барысында жартылай көшпелі және отырықшы жер өңдеу кәсібі қалыптасқан. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу аймағында орта ғасырларда қалалық отырықшылық шаруашылық өркендеген. Қазақ жерінің Ұлы Жібек жолының бойында жатуы да ру-тайпалардың экономикалық және мәдени жағынан дамуына зор ықпал еткен. Тілі, материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады. Қазақ халқының бірігуінің іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.

Конспект сұрақтар

1.15 ғасырдағы Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықтағы ұлыс саны:

2.Керей мен Жәнібек хандармен бірге көшіп-қонып жүрген ру-тайпаларды алғашқы кезде қалай атады:

3.Моғолстан ханы Есен-бұға не себепті Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдады:

4.Қазақ хандығы қалыптасқан кезеңде арғындар қай аймақта мекендеді:

5.Қазақ хандығы қалыптасқан кезеңде қоңыраттар қай аймақта мекендеді:

6.Әбілқайыр хан кімдерден жеңіліс тапқанның әсерінен ел ішіндегі беделі түсе бастады.

7.Әбілқайыр хандығы қашан құрылды:

8.Жартылай мал өсірумен және егіншілікпен айналысқан ру-тайпалардың қоныстанған жері:

9.Ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы шоғырланған аймақ:

10.Саяси бытыраңқылықтың шарықтау шегіне жеткен кезі:

35.Қазақ хандығының құрылуы

15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс тепкен. Керейлердің мекені – Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі, Обь және Тобыл өзендері аралығы. Қаңлылар Қаратау бауырын, Сырдария мен Жетісу өзендері бойын мекен еткен. Дулаттар Іле, Шу, Талас өзендері бойында, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде тұрған. Жалайырлардың мекені – Қаратау, Сырдария бойы, Жетісу. Үйсіндер Жетісуда қоныстанған. Қазақ хандығының іргесін нығайтып, күш-қуатын арттыру, ірі, дербес мемлекетке айналдыруға бағытталған іс-әрекеттер қазақ қоғамының билеуші топтарының мүддесіне сай келді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы, Қаратау баурайындағы, Сырдария бойындағы, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі тайпалардың көпшілігі 15 ғасырдың 40-50 жылдарынан бастап Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасты. 15 ғасырдың басында Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Керей мен Жәнібек Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. Хандықтың алғашқы құрылған кездегі аумағы Қозыбасы мен Шу аумағы болған. Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт тайпалары болды. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі деп Моғолстанды айтамыз. Қазақ хандары қырғыз халқымен де өзара тату тұрған.

Конспект сұрақтар

1.15 ғасырда Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерде мекендеді:

2.«Тарих-и Рашиди» еңбегінде қай хандықтың құрылуы жайында мәліметтер кездеседі:

3.«Шаруалардың Жетісуға көшуі туралы Уақытша ережелер» қай жылы қабылданды:

4.Керей мен Жәнібек сұлтандар қай мемлекеттен бөлініп шықты:

5.М.Х.Дулати еңбегінде Қазақ хандығы қай жылдары құрылған деп көрсеткен:

6.Моғолстанның қай ханы Керей мен Жәнібекке Жетісудың батысынан жер берді:

7.Қай тарихшының еңбегінде Қазақ хандығының құрылуы жөнінде мәліметтер кездеседі:

8.Жәнібек ханның баласын өздеріне хан ету үшін сұраған көрші ел:

9.Жәнібек ханның қоныстанған жері:

10.Керей мен Жәнібек сұлтандардың төңірегіне тайпалардың топтасуы басталды:

11.Керей мен Жәнібектің қазақ тайпаларын бастап, көш бастаған бағыты:

12.Қазақ хандығы құрылды:

13.Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі:

14.Қаңлылардың мекендеген жері:

36. Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)

15 ғасырдың II жартысында Қазақ хандығы орда тіккен Жетісуға 200 мың адам қоныстанды. Бұл кең өріс-қонысты керек етті. Қазақ хандығы өз алдына тарихи міндеттерін қойды. 1) Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан жайылымды пайдалану тәртібін қалпына келтіру. 2) Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қарату. 3) Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру. Хандардың Сыр бойындағы қалаларды өзінің экономикалық-әскери тірегіне айналдыруы Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болған. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы 30 жылдан астам уақытқа созылды. Сыр бойындағы Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. 15 ғасырдың соңында Сырдария өңіріндегі күрес барысы, билікке таласушы күштердің арақатынасы қазақ хандарының басымдылығын танытты. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығындағы ішкі феодалдық қырқыстар мен таластарды тоқтатты. Қазақ хандығының нығаюы көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын жыл мерзімдері бойынша тиімді пайдалануына жағдай жасады.

Конспект сұрақтар

1.1470 жылы Керей хан шабуылдаған қала:

2.1470 жылы Керей хан Түркістанға шабуыл жасайды, ал Жәнібек хан қай қаланы шабуылдайды:

3.15-ғасырдың 80-жылдары Шайбани хан екінші рет қай қаланы басып алды:

4.Қазақ хандары Әбілқайыр хандығымен не үшін соғыс жүргізді:

5.Дешті Қыпшақ даласын билеудегі басты шарт:

6.Шайбани ханмен одақ құрған хандық:

7.Шайбани ханның Сыр бойындағы қалаларды басып алған жылы:

8.Шайбани ханға қарсы шығу үшін Қазақ хандары бірлесті:

9.Қазақ хандарының Сырдария бойы мен Қаратау өңірін басып алған уақыты:

10.Қазақ хандығының саяси беделін нығайтып, әлемге танытқан қалалар:

37.Қасым хан (1511-1518)

Жәнібек пен Керейден кейін Қазақ хандығына Керейдің ұлы Бұрындық келді. Оның ел басқарған уақыты 1473/1474-1511 жылдар. 1511-1518 жылдар аралығында ел басқарған Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өрледі. М.Х.Дулати Қасымның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгенін, оның халқының саны 1 млн-нан астам болғандығын айтады. Сонымен бірге Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. М.Х.Дулати да Қасым ханның әскер саны 300 мың деп көрсетеді. “Қасым ханның қасқа жолы” құқықтық заңына енетін ережелер – мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары, жұртшылық заңы. Ол қазақтардың негізгі этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді. 16 ғасырдың басында Қазақ хандығының шекарасы солтүстікте және Шығыс Солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тауына дейін жетті. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағы мен Сырдария бойындағы қалаларды қосып алды. Шығыс Оңтүстікте Жетісу жерінің басым бөлігі, Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендерінің алабы қарады. Батыс Солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым хан тұсында хандықтың саяси-әкімшілік, сауда-экономикалық орталығы бастапқы кезде Сығанақ болды. Қасым хан алғашында Түркістан қаласында, ал өмірінің соңғы кезінде Сарайшықта билік жүргізген. Қасым хандығы Орта Азия хандықтарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда және дипломатиялық байланыстар жасады. 16 ғасыр Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды. Жер көлемі ұлғайды, халықтың саны артты, халықаралық беделі өсті, хандықтағы тартыстар азайды. Өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болған. Қасым хан Мұхаммед Хайдар дерегі бойынша, 1518 жылы қайтыс болған. Орыс деректерінде 1521 жылы қыста Сарайшық қаласында қаза тапты деп айтылады.

Конспект сұрақтар

1.1473/1474-1511 жылдары Қазақ хандығын басқарды:

2.16 ғасырдың басында Қасым хандығы батыс-солтүстікте созылды:

3.16 ғасырдың басында Қасым ханның сыртқы саясатындағы басты бағыт:

4. Моғолстан билеушісі Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі Қасым ханның Жетісудағы билігінің ...... себеп болды:

5. Мұхаммед Хайдар Дулати өз деректерінде Қасым ханды қай жылы қайтыс болған деп көрсеткен:

6.М.Х.Дулати дерегіндегі Қасым кезіндегі халық саны:

7.Мұхаммед Хайдар дерегі бойынша, Қасым хан қайтыс болды:

8.Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі:

9.Қазақ хандығының сауда және дипломатиялық байланыста болған елдері:

10.Қасым хан ұлыс басшылығына сайлады:

11.Қасым хан өмірінің соңғы кезінде билік жүргізді:

12.Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсуінің себебі :

13.Қасым ханның шабуылы сәтсіз болды:

14.“Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді”- деп жазған ортағасырлық ғұлама ғалым:

15.“Қазақ сұлтандары мен хандарының бір де біреуі бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған” деп жазған:

16.“Қасым ханның қасқа жолы” құқықтық заңындағы аламан міндеті, ердің құны қаралатын ереже:

38. Хақназар хан (1538-1580)

Қасым хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды. Саяси жағынан ыдырай бастаған хандықты біріктіріп, аймақтық жағынан ұлғайтуға, халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538 -1580) зор үлес қосты. Хан өзінің сыртқы саясатында Моғол хандығымен, Ноғай Ордасымен, Орыс мемлекетімен, өзбектермен бейбіт қарым-қатынас жасауды басты міндеті санады. Хақназар хан батыстағы Ноғай Ордасымен, оңтүстігінде Орта Азиямен, солтүстігінде Сібір хандығымен, іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатты. Жетісуға ойраттардың тонаушылық жорықтарының жиілеуі Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатты. Моғолдармен соғыстағы сәтсіздік пен ойраттардың шапқыншылығы салдарынан Хақназар хан Жетісудың біршама жерінен айырылды. Хақназар хан Бұхар ханы II Абдаллахпен “Дос болып, өзара көмектесу” жөнінде “ ант беріскен шарт” жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, сауда қатынасы ұлғайды. 1579 жылы II Абдаллах пен Ташкент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды. Хақназар жасырын түрде екеуін де қолдайды. Абдаллах хан оған Түркістан аймағындағы қалаларды сыйға берді. Баба сұлтан да Хақназарға Түркістан, Сауран қалаларын тарту етті. 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды жақтамақ болған әрекеттерін сезіп қалған Баба сұлтан, жансыздары арқылы Хақназарды сұлтандарымен бірге өлтіреді. Хақназар хан сыртқы жағдайларды ел мүддесіне пайдалана білді. Қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді.

Конспект сұрақтар

1.1569-1573 жылдары Қазақ хандығында болып қайтты:

2.16 ғасырдың ортасында Дон даласына қарай ығысты:

3.Cаяси жағынан ыдырай бастаған хандықты біріктіруге үлес қосқан билеуші:

4.II Абдаллах пен Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды:

5.Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан жағдай:

6.Моғолстанға қарсы құрылған әскери одақ:

7.Хақназар хан батысында қарым-қатынас орнатқан ел:

8.Хақназар хан “Дос болып, өзара көмектесу” жөнінде шарт жасасты:

9.Хақназар ханның сыртқы саясаттағы басты міндеті:

10.Қазақ хандығына келіп қосылған Ноғай Ордасының тайпалары:

39. Тәуекел хан (1582-1598)

1580-1582 жылдары хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80 жастағы Шығай отырды. Ол Баба сұлтанның Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, қарсы шықты. Баласы Тәуекел сұлтан екеуі Абдаллах ханмен бірігіп, 1582 жылы Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасалды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті Қыпшақ даласына қашты. Осы жорықта Шығай хан қайтыс болды. 1582 жылы маусым айында Тәуекелдің сарбаздары Түркістан түбінде Баба сұлтанды өлтіріп, әскерін талқандады. Тәуекел сұлтанға риза болған Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты. 1582 жылы Тәуекелдің билікті алған кездегі хандықтың сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Біріншіден, Абдаллах Қазақ хандығына қарсы шықты. Екіншіден, шығыс жақтан моғолдар мен жоңғарлар ұдайы қауіп төндірді. Алайда Тәуекел хандық билікті нығайтып, қазақ жерін кеңейтіп, хандықтың беделін халықаралық деңгейге көтере білді. Тәуекел ханның дипломатиялық жұмыстары нәтижелі болды. Хан өзінің бір баласын қарақалпақтардың бірқатар руын басқаруға, ал інісі Шахмұханбетті қалмақтарды басқаруға қойған. Қалмақтардың біраз бөлігі Тәуекел ханға бағынышты болған. Тәуекел ханның басты мақсаты Өзбек хандығына кеткен қалаларды қайтару болды. 1583 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан “ант беріскен шартты” бұзды. Өзбек хандығына шабуылдап, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрамды басып алды. Ташкентке қауіп төндірді. Тәуекел хан Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған тартыстан кейін Мәскеумен қарым-қатынас орнатуды қолға алады. Тәуекел хан елшілігі 1594 жылы Мәскеуге барды. Қазақ елшілігіне жауап ретінде 1595 жылы Мәскеуден Вельямин Степанов жіберілді. Қазақ-орыс қатынастарының дамуы керуен саудасының кеңеюіне жағдай жасады.1598 жылдың қысында Ташкент түбінде өзбек әскерін ойсырата жеңді. Бұл жеңіс хандықтың беделін, күш-қуатын арттыра түсті. Тәуекел хан көп жасағымен 1598 жылдың жазында Мәуереннахрға басып кірді. Бұхара түбінде ауыр жарақаттанып, Тәуекел хан қайтыс болды. Қазақ хандарының ұзаққа созылған соғыстары Сыр бойындағы қалаларды және ірі қала – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. 1598 жылы Сібір хандығы жойылып, Cібір хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды.

Конспект сұрақтар

1.1580-1582 жылдары хан тағына отырды:

2.1583 жылы Тәуекел хан шартты бұзып, қатер төндірді:

3.1595 жылы Мәскеуден Қазақ хандығына келген елші:

4.1598 жылы жойылған хандық:

5. Бұхара ханы Абдолла Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі қай уәлаятты сыйға береді:

6. Қазақтың қай ханы Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы күрес жүргізді:

7. Қазақтың қай ханына Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты:

8.Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасалды:

9.Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның әскерін талқандады:

10.Тәуекел хан Бұхараны қоршады:

11.Тәуекел хан жасағының Мәуереннахрға кірген жылы:

12.Тәуекел ханның елшісі Құл-Мұхаммедтің орыс патшасына барған жылы:

13.Тәуекел ханның тұсында шығыстан қауіп төндірді:

14.Тәуекел ханға бағынышты болды:

15.Тәуекелге Сібір ханы Көшіммен соғысу талабын қойды:

16.Ұзаққа созылған соғыстың нәтижесінде Қазақ хандығына қосылды:


<== previous lecture | next lecture ==>
Д) 1998 ж. ж. | Есім хан (1598-1628)
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.122 s.