Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Егемендік. Президент 11 page


Date: 2015-10-07; view: 573.


· 1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.[1]

 

Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл туды тікті.

30-билет 1) 1917 жыл Қазақстанда түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың белсенділік танытуымен сипатталады. Олардың біразы Ресейдегі революциялык қозғалыстың тікелей ықпалымен бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қалыптаса бастаған. 1905 жылы социал-демократиялық топтар Верный, Қостанай, Перовск, Орал, Ақтөбе жәнеСемей қалаларында қалыптаса бастайды. Олардың құрамында темір жол, баспахана, пошта және телеграф жұмысшылары, жергілікті зиялылар өкілдері болды. Басым түрде орыс және басқа славян тұрғындар өкілдерінен құралған бұл топтардың мүшелері өздерінің жабық құпия отырыстарында марксистік әдебиеттермен танысты және оларды халық бұқарасы арасында насихаттау ісін қолға алды.

1913 жылы Омбыдағы түрлі оқу орындарында оқитын қазақ жастары «Бірлік» қоғамын құрды. Қоғамның мақсаты бастапқы кезенде, негізінен, ағартушылык қызметтен тұрды, ал оның басқарушы тобы құрамында Мұхтар Саматов, Нығмет Нұрмақов, Мағжан Жұмабаев, Шаймерден Әлжанов, Сәкен Сейфуллин сияқты жастар бар еді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар тұсында «Бірлік» ұйымы екі қанатқа жарылып кетті. Оның бір қанаты (Ә. Досов, Ж.Сәдуақасов, Жүсіпбеков, т.б.) кеңестік билік жағында болса, екінші қанаты (Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, т.б.) Алаш партиясының бағдарламасын қолдады, өздерін «жас алашшылар» санады.

Түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың саяси белсенділігінің арта түсуі 1917 жылға тұспа-тұс келді. Құрамы жергілікті зиялылар мен оқушы жастардан тұратын бұл ұйымдардың саны жиырмадан асып түсетін еді. Олардың арасында Ақмоладағы «Жасқазақ», Орынбордағы «Еркін дала», Ордадағы «Жігер», Петропавлдағы «Талап», Меркідегі «Қазақ жастарының революциялық одағы» және басқалар бар еді. Бұл қоғамдық ұйымдардың көздеген мақсаты біркелкі болған емес, олардың қайсыбірі жалпыұлттық ұстанымда болса, екінші біреулері соңынан белгілі бір әлеуметтік топтарды ертуді көздеді.

1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.

«Ислам жолындағы кеңестің» ұйымдастыруымен 1917 жылғы қарашада Қоқан қаласында IV төтенше өлкелік мұсылмандар съезі шақырылып, онда кеңестік билікке балама Түркістан (Қокан) автономиясы құрылғандығы жарияланып, үкіметі құрылды.[1]

2) Ауыл шаруашылық рыногы жағдайы бірқатар факторлармен - елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатпен де, жеке проблемалармен де байланысты айқындалады. Нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік пен шаруашылық жүргізудің әр түрлі тәсілдеріне негізделген көпқырлы экономиканы орнықтырумен тікелей байланысты екені белгілі. Осыған байланысты республикадаколхоздар мен совхоздарды қайта құру, меншік түрі мен агрокәсіпорындар статусын өзгерту, жаңа типті меншік иесі - жұмыскерді қалыптастыру, оған өндіріс құралдарын, өнімі мен табысын еркін пайдалану құқығын беру кең келемде жүргізілді. 1995 жылдың басында 30168 әр түрлі агроқұрылымдар, соның ішінде 2946 совхоздар мен басқа да мемлекеттік кәсіпорындар, 1082 ұжымдық кәсіпорын, 295 акционерлік қоғам, 434 колхоз, 487 ауыл шаруашылық кооперативтері, 22401 шаруа қожалығы, 150 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 592 ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін көсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеді. 1995 жылдың бірінші жарты жылдығында 1671 совхоз шаруашылық жүргізудің мемлекеттік емес нысанына айналдырылды, бұл 1992 жылдың 1 каңтарындағы барлық шаруашылықтың 78,8%-ын құрады.

Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің тұрақсыз экономикалық жағдайы - қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуіне, ауыл шаруашылығы мен өндіріс арасындағы тауар алмасудағытеңсіздікке, инфляцияға, бюджет жетіспеушілігіне, мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруына, ресурстардың қымбаттауына байланысты туындады. Нәтижесінде елдің ауыл шаруашылығында өте қиын жағдай қалыптасты. Мұның басты себептерінің бірі — экономикалық реформаны жүргізудің кешенді болмауы еді. Көпқырлы экономиканы қалыптастыру негізіне мемлекеттік меншікті жекешелендіру алынды. Ол аграрлық саладағы барлық проблеманы шешудің негізгі құралы ретінде қаралатын болды. Жаңа типті меншік иесі - еңбекшіні қалыптастыру - совхоздарды жекешелендіру,шаруашылық тетігін түгел есепке алмай жер мен мүлікті бөлісу (баға қалыптастыру, қаржыландыру, несие беру) тұрғысынан қарастырылды. Мысалы, егер өндірістік тауарлардың бағасы 1992 жылы қаңтарда түгелдей дерлік босатылған болса, ауыл шаруашылық өнімдерінің көп түріне мемлекет кесімді сатып алу бағасын белгіледі және жекешеленген кәсіпорындарға да мемлекеттік тапсырыс берілді. Нәтижесінде ендіріс тауарларының бағасы ауыл шаруашылығы өнімдері бағасынан 11 есеге өсті. 1995 жылы ғана барлық түрдегі меншік иелерінен астық өткізуге мемлекеттік тапсырыс алынып тасталды.

Осылайша ауыл шаруашылығын дамытудың кез келген әрекеті баға қайшылығынан жүзеге аспады. Осы және өзге де себептерден ауыл шаруашылық өндірісі тиімсіз болған шаруашылықтар саны жылдам артты. 1993 жылы агроқұрылымдардың жалпы есебіндегі пайдасыз мемлекеттік ауыл шаруашылық көсіпорындары 54,7%-ды құрады, бұл процесс алда да күшейе түсті.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мал, астық, және басқа өнімдерін жанар-жағармайға, қосалқы бөлшекке, еңбекшілердің жалақысын төлеуге т. б. өткізе бастады. Айырбас операциялары жабдықтаушылардың талабымен орындалды. «Реформа саясаты» нәтижесінде республика ауыл шаруашылығы алдында тағы да онға тарта проблема туындады: нарықтық инфрақұрылымныңқалыптаспаған кезіндегі өнім еткізудің қиындығы, салықтың жоғарылығы, өтем қабілетінің төмендігі, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың болмауы және т. б. ауыл шаруашылығының жедел дамуына кедергі келтірді. Алайда жүргізілген реформалар өз жемісін де бере бастады. Ол, әсіресе, 90-жылдардың соңында айқынырақ байқалды, ал XXI ғасырдың басында түбегейлі өзгеріс орнады. Тауар рыногы молайып, кезекке тұру жоғалды, жәрдемақы, еңбекақы уақытында берілетін болды. Теңге едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар меншігі келмеске кетті. Жекешеге берілген мыңдаған орташа және ірі кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Қарапайым азаматтардың тіршілігі едәуір жақсарды. Қаңырап бос қалған көптеген ауыл мен селолар жандана бастады.

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанына куә болып отырмыз. Дағдарыс біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Алайда тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет орнату оңайға түспегені белгілі. Қазақстанныңтоталитарлық жүйенің күйреуінен кейінгі экономикалық саланы қайта құру төжірибесі бұл қиындықтарды да жеңіп шығады деген сенім ұялатады.[1]

3)15 билет 3 сұрақ

 

 

 

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Егемендік. Президент 10 page | 
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.903 s.