Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Катион активті заттар


Date: 2014-02-26; view: 1380.


Кесте

Кесте

Кесте

Кейбір заттың беттік керілуі

Сұйықтар Температура-ны өлшеу, 0С d, эрг/см2 Сұйықтар Температураны өлшеу, 0С d, эрг/см2
Сынап Гексан  
Су 72,75 Алтын  
Глицерин 66,0 Қалайы  
Этиленгликоль 46,7 Натрий хлориді  
Анилин 42,9 Оттегі -198  
Бензол 28,9 Сутегі -252  
Хлороформ 27,1 Гелий -270  
Этил спирті 21,6      

беттік керілу ішкі қысымға пропорционал және де молекулааралық әсерлесулер үлкен болған, сайын, беттік керілу шамасы да үлкен болады.

Жеке сұйықар үшін беттік қабаттың түзілуі кезінде беттік керілу мәні тез тұрақтыланады, жуық шамамен 0,001 с.

Температура артса, сұйықтықтың беттік кепілуі түзу сызықты заң бойынша төмендейді. Бұл температуралық коэффициент – dv/dT тұрақты дерлік, теріс мәнде болады (тіпті критикалыққа жақындары, дегендібілдіреді критикалық температурада фазааралық шекара жоғалып, беттік керілу 0-ге тең болады. Бұл тек сұйық – бу жүйесін ғана емесі сұйық – сұйық жүйесіне де қабысты).

Сұйық – газ немесе сұйық – бу шекарасындағы беттік керілудің шамасын анықтау үшін капиллярлы көтеру, өлшеу немесе тамшыларды есептеу, көбіктердің ең көп қысым, сақинаның үзілуі және т.б. әдістерді қолдануға болады.

Жоғарыда сұйық – газ немесе сұйық – бу шекарасындағы беттік зарядсызданғандықтан, сұйық және газ молекулаларының өзара әсерін азайтуға болады. Мұны сұйық-сұйық шекарасында беттік керілуді азайта алмаймыз. Егер бірінші сұйық қабатында басқа мұнымен араласпайтын сұйық қабаты болса, фазааралық беттік керілу туындайды себебі екінші сұйық молекулалары өздеріне 1-сұйық молекулаларын тартады

Осылайша бірінші сұйық бетіне әсер ететін компенсирленбеген күштер азаяды 2 сұйықтықтардың молярлылықтарындағы айырмашылық аз блған сайын, фазааралық беттік керілу төмендей береді. Полярлылықтары мәні жақын сұйықтар барлық қатынастарда бір-бірімен араласа береді, сондықтан олардың арасындағы беттік ерілу нольге тең болады. Егер сұйықтар бір-бірінде шекті еритін болса, 1907 ж. Г.Н.Антонов айтқандай сұйық-сұйық шекарасындағы беттік керілу жуық шамамен өзара қаныққан сұйықтардың ауамен шекарасындағы беттік керілудің айырмасына тең. (Антонов ережесі). Кестеде Антонов ережесіне сәйкес сұйықтарының бірі су болғандағы мәндері көрсетілген.

Сұйықтардың беттік керілуі

Сұйықтар Температура-ны өлшеу, 0С d, ауа шекарасында эрг/см2 d, сұйық- су шекарасында эрг/см2
Сулы қабат Органикалық сұйықтық қабаты Есептелген мәні Тәжірибе жүзінде алынған мәні
Бензол 63,2 28,8 34,4 34,4
Анилин 46,4 42,2 4,2 4,8
Хлороформ 59,8 26,4 33,8 33,8
Төртхлорлы көміртек 70,9 26,7 43,5 43,8
Амил спирті 26,3 21,5 4,8 4,8
Крезол 37,8 34,3 3,5 3,9

Сұйық-сұйық шекарасындағы беттік керілуді, сұйық-газ шекарасындағы беттік керілуді анықтауға қолданылған әдістерге ұқсас әдістермен анықтауға болады.

Ал, қатты денелердің беттік керілуін анықтауға тек жанаша әдістер қолданылады.

Кейбір кристалдың беттік керілуі

Кристалдар Температураны өлшеу, 0С d, эрг/см2
CaF2
SrSO4
BaSO4
PbF2
AgCrO4
CaSO4 2H2O
PbI2

Бұл кестеде берілген кристалдың беттік керілулері ерігіштік әдіс көмегімен табылған. Бұл әдіс Томсон (Кельвин) заңына; бөлшек мөлшері мен беттік керілудің ерігіштікпен байланыстылығына негізделген.

Кристалдың беттік керілуі жайлы айтқанда, кристалдың тығыздығын ескеру керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Беттік керілу ұғымы

2. Беттік керілу , оны анықтау әдістері

3.Сұйықтардың беттік керілуі

4. Кристалды заттардың беттік керілуі

5. Кейбір кристалдың беттік керілуі

6. Беттік активті заттар түсінік

 

Дәрістің тақырыбы : БАЗ-дар туралы түсінік

Дәрістің жоспары:

1. Беттік активті заттар туралы түсінік


<== previous lecture | next lecture ==>
Коллоидты ерітінділер | Анион активті заттар
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.193 s.