|
SyllabusDate: 2015-10-07; view: 674. История Казахстана Оқу түрі: күндізгі Курс: 1 Семестр: 1 Кредит саны: 3 Сағат саны: 135 Дәрістер: 30 Практикалық дәріс: 15 СОӨЖ: 22 СӨЖ: 68 Курстық жоба (жұмыс): Емтихан: 1 семестр Алматы, 2013 Силлабус «Қазақстан тарихы және тілдер» кафедрасында Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде жасалған
Жасаған: доцент Кошкинбаев А.С.
«Қазақстан тарихы және тілдер» кафедрасы отырысында талқыланды Кафедра меңгерушісі: п.ғ.к., профессор Исахметова Р.А. Хаттама № 1 27.08.2013 ж.
Қазақ инженерлік, қаржы банк академиясының оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды Төрайым: т.ғ.д., профессор Бейсенова А.С. Хаттама № 1 28.08.2013ж.
ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ «Қазақстан тарихы және тілдер» кафедрасы факультет «Көлік және басқару» (ауд.322 ) Оқытушы: доцент Көшкінбаев А.С. Жұмыс телефоны: 253-74-14 Пәннің атауы – «Қазақстан тарихы», оқудың өткізілу орны оқу кестесі бойынша «ҚИҚБА» Дүйсенбі 9:30-10:20 Сәрсенбі 10:30-11:20 Жұма 13:30-14:20 1. ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ 1.1.Оқылатын пән сипаттамасы Бұл пән Отан тарихын үйрену бойынша негізгі пән болып табылады. Қазақстан тарихының ежелгі кезеңінен бастап, бүгінгі күндеріне дейінгі маңызды тарихи оқиғалар өзекті түрде беріледі. Сондай-ақ заман үрдісіне сай барлық кезеңдерді сипаттау объективті түрде жүзеге асады.
2.2 Пәннің оқыту мақсаты Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы ұлттық тарихымызбен, тарихи әділдікті қалпына келтіруге қажетті мүмкіндіктер туғызады, бұның өзі ұлттық бірлікті қалыптастыру, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеудің басты факторына айналып отыр. «Қазақстан тарихы» пәнінің негізгі мақсаты: Қазақстан территорясындағы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихи процестерінің негізгі кезеңдері және ерекшеліктері туралы студенттерге толық жүйеленген білім беру Сонымен қатар, қазақ халқының тарихы Евразия тарихының бір бөлімі ретінде және өзіндік ерекше тарихы ретінде көшпелі және салалық өркениеттер әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде де қаралады. 2.3 Пәннің оқыту тапсырмалары жоғарғы оқу орындарында «Қазақстан тарихын» оқытудың міндеттері төмендегі мәселелерден туындайды: - студенттерді қоғамдық дамудың ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі кезеңдеріндегі заңдылықтарымен таныстыру, әрбір кезеңнің ерекшеліктерін көрсету, спецификалық терминдермен және ұғымдармен таныстыру; - студент негізгі материалдарды меңгеруі тиіс, өзекті тарихи мәселелерді оқыту негізінде творчестволық ойлау қабілетін қалыптастыру; - студент нақты тарихи мәліметтер арқылы қазіргі Қазақстан аумағында адамзат қоғамының қалыптасу үрдісін аша білуі және тарихи оқиғаларды барлық қайшылықтарымен, объективті түрде талдай білуі қажет; - күрделі тарихи құбылыстарға талдау жасағанда тарихилық принципінен туындайтын студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыру; - тарихи оқиғаларға талдау жасағанда, ғылыми зерттеуін жазғанда тарих ғылымындағы қалыптасқан методологиялық негіздерді атап айтқанда, тарихилық, жүйелілік, салыстырмалылық принциптерін басшылыққа алуы қажет; - «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту барысында Отан тарихы мәселелерін тарихи шындық көзқарас тұрғысынан зерделеп, ұлттық тарихымызға құрметпен қарауға баулу.
|