| Жылдары
|
1783 - 1797
|
1837 - 1847
|
| Басшылары
| Сырым Датұлы – байбақты руының старшыны
| Кенесары Қасымұлы
(Абылайдың немересі)
|
| Көтеріліс болған жерлер
| Кіші жүз
| Бүкіл Қазақстан
|
| Қозғаушы
күштері
| Қарапайым көшпенділер, шаруалар, би, старшын, батырлар
| Қазақ шаруалары, ірі ақсүйек өкілдері (80-нен астам сұлтан, би, батыр, старшын)
|
| Қатысқан рулары
| Шекті, төртқара, қаракесек, шөмекей, кете, алаш, серкеш, таз, байбақты, беріш, табын, жағалбайлы
| Қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас, бағаналы, табын, арғын
|
| Мақсаттары
| - Жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру
- Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату
- Нұралы хан т.б. ақсүйектердің озбырлығына шек қою
| - Қазақстанның Ресейге қосылып үлгермеген жерлерінің дербестігін сақтау
- Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату
- Оңтүстікті қоқандықтардан азат ету
|
| Жазалаушы
отрядтары
| - 1778 жылы Орал казак әскерлері С. Датұлы балаларын өлтірді
- 1785 жылы 405 казактан тұратын топты Назаров бастап келді
- 1787 жылы 15 наурызда 1250 қарулы казакты старшындар Калпаков пен Пономарев бастап шықты
- 1790 жылы атаман Донсков 1500 солдатпен келді
| - 1842 жылы Сотников тобы, кейіннен Сібір жазалаушы отряды келді
- 1843 жылы старшын Лебедев 300 адаммен келді
|
| Жеңілу себептері
| - Старшындар арасындағы алауыздық
- Әр кезде көтеріліс мақсатының өзгеріп отыруы
- Нашар ұйымдасуы
- Жеке топтар арасындағы байланыстың болмауы
- Рулар арасындағы қайшылықтар
| - Ресей империясы билеушілерінен жеңілдіктер алған аға сұлтандар мен билердің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы
- Үстем тап өкілдерінің опасыздығы, олардың көтерілісшілердің басын қоса алмауы
- Қару-жарақтын нашарлығы
- Рулық-патриархаттық жіктелу
- Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсету
|
| Тарихи маңызы
| · Еділдің шығыс жағындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс
· Патша үкіметінің түпкі мақсаты жер басып алу екенін дәлелдеді
· Ру арасындағы қайшылық халықтың басты мақсатына жетуге кедергі болатының көрсетті
| · Отарлық езгіге қарсы үш жүзді қамтыған тұңғыш көтеріліс
· Патша үкіметінің Орта Азияны жаулап алуын кешеуілдетті
· Қазақ елінің ішкі қайшылықтары патша үкіметінің саясатымен байланыстылығын көрсетті
|
| | |