|
Лекция негіздеріDate: 2015-10-07; view: 724. Лекция негіздері
Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық тәсілі. Икемсіз жалақы. 2. Жиынтық ұсыныс қисығын құру, оған әсер етуші факторларды атап шығыңыздар. 3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі қалай қалыптасады? Негізгі әдебиет:(306-319, 324-331 б. /4/) 4 тақырып. Игіліктер нарығы Лекция мақсаты:Игіліктер нарығындағы тепе-тендіктің қалыптасу жағдайларын анықтау. Негізгі терминдер:еңбек нарығы, тепе-теңдік, инвестициялық функциясы, пайыз мөлшерлемесі, бюджет-салық саясаты.
Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
Тауарлар мен қызметтер нарығындағы байланысты түсіну үшін игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастыру қажет. Оны IS қисығы арқылы көрсетуге болады. Ол тауарлар мен қызметтер нарығында пайда болатын пайыздық мөлшерлеме мен табыс көлемі арасындағы байланысты көрсетеді. Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтары, фирма мен мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге жаратуға жоспарлаған шығындар сомасы. Нақты шығындардың жоспарланған шығындардан айырмашылығы – фирмалардың қорларға жоспарланбаған инвестицияларды салуға міндеттілігі. Яғни, фирмалардың төменгі немесе жоғарғы сату деңгейіне байланысты өздерінің тауарлық-материалдық қорлар деңгейін көтеруі немесе төмендетуі болып табылады. Экономика жабық және таза экспорт нөлге тең деп алайық, сонда Е жоспарланған шығыстарды, С тұтыну, I жоспарланған инвестиция мен G мемлекеттік шығыстардың сомасы деп қарастыруға болады:
E = C + I + G.
C=C(Y-T) бұл тұтыну қолдағы табысқа байланысты. Сонымен қатар жоспарланған инвестиция деңгейі тұрақтандырылған (
Осы теңдеуден жоспарланған шығыстар Е табыс Y функциясы болып табылады. E = Y. Жоспарланған шығыстар табыс көлеміне байланысты. Себебі табыстың жоғары болуы тұтынудың жоғарлануына әкеледі. сызықтың иілуі тұтынуға шекті бейімділікті (MPC) көрсетеді. Нақты шығыстар = жоспарланған шығыстар, Y = E. Осы жағдайда экономика тепе-теңдікте болады. Осы теңдеу макроэкономикалық тепе-теңдік шарты. Бұл тепе-теңдік сақталмаған жағдайда игіліктерді кем өндіру немесе артық өндіру арқасында экономикада инфляция немесе өндірістің құлдырауы немесе жұмыссыздық пайда болуы мүмкін. Арнайы кейнстік теория жағдайында инвестициялар І тіркелген шама болып саналады. Мұндай жағдай орын алуы мүмкін, егер Орталық банк пайыз мөлшерлемесін өзгеріссіз ұстап қалса. Сондықтан, E=C(Y-T)+I+G жоспарланатын шығыстар графигінің көлбеуі де MPC тең (3.2 Сурет). E=C+I+G жоспарланатын шығыстар сызығы C=C(Y-T) тұтынушылық шығыстар сызығының (I+G) шамасына жоғарыға параллель түрде жылжуы арқылы шығарылады.
|