Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Марксистік саяси идеялар. 3 page


Date: 2015-10-07; view: 5034.


1556 жылы қандай оқиғадан кейін Ресей Қазақ хандығының іргелес көршісі болды?Астраханды жаулап алып, Ноғай қоныстарына баса-көктеп енгеннен кейін

1558-1560 жылдары Қазақтарды «ислам дініне сенетін халықтар» деп жазған ағылшын көпесі: А.Дженкинсон

1569-1573 ж.ж. Қазақ хандығына жіберілген орыс елшілері: Т.Чебуков пен Семен Мальцев

1570 жылдардың аяғында Моғолстаннан Қазақ хандығына өткен жерлер: Жетісудың батысы

1570 жылдардың аяғында Хақназардың билігінде болған өңір: Шу, Талас өңірі

1573 ж. Третьяк Чебуков қазақ хандығы туралы мәліметтер қалдырды: 4 Иван тұсында

1579 жылы Хақназар ханға қолдау білдірген өзбек ханы: Абдаллах

1580 ж. Сарайшық қаласының біржола қирау себебі: Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасау салдары

1580 жылы Хақназар ханды астыртын өлтіруге бұйрық берген: Баба сұлтан

1580-1582 жылдары Қазақ хандығын басқарған: Шығай хан

1582 ж. Баба сұлтанды жеңіп, Хақназар хан мен Жалым сұлтанның кегін қайтарған: Тәуекел сұлтан

1582 ж. маусым айында Шығайдың баласы Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері шешуші шайқаста Баба сұлтанның әскерін талқандап, Баба сұлтанды өлтіріп, Хақназар хан мен Жалым сұлтанның кегін қайтарды:Түркістан түбіндегі шайқаста

1582 жылы Тәуекел сұлтан бастаған әскерлері баба сұлтанның әскерін жеңді: Түркістан түбінде

1583 жылы «Ант беріскен шартты» бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханы Абдаллахтан қайтарып алған қалалар: Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам

1583 жылы өзбек ханы Абдаллахпен «ант беріскен шартты» бұзған хан: Тәуекел

1584 ж. Ермакты жеңген қазақ батыры: Сәтбек

1588 жылы Ертіс өзенінің бойында орыс әскерлері тұтқындап Мәскеуге алып кеткен қазақ ғұлама ғалымы: Қадырғали Жалайыри

1592 ж. Федор Иванович патша шведттермен және Қырым хандығымен соғыста көрсеткен ерлігі үшін Ораз-Мұхаммедке Ока жағалауындағы жерлерді сыйға тартты, ал 1600 жылы Б.Годунов оны қай хандықтың ханы етіп тағайындады? Қасым хандығы

1594 ж. Тәуекел ханның өкілі Құл-Мұхаммед бастаған алғашқы қазақ елшілігі Москваға келді. Құл-Мұхаммед қандай маңызды сұрақты шешу керек болды? Москвада "аманат" ретінде қалдырылған інісі Ораз-Мұхаммедті босату және орыс үкіметімен достық қатынас құру

1595 жылдың наурызында Құл-Мұхаммедтің елшілік сапарына жауап ретінде Мәскеуден Тәуекел ханға келген елшіні көрсет:В.Степанов

1597-1598 ж.ж. қысында Тәуекел хан Абдаллах ханның әскерін талқандаған жері: Ташкент қаласының түбінде

1598 ж. Тәуекел хан қайтыс болған қала: Ташкент

1598 ж. Тәуекел хан қайтыс болды. Оған қай қаладағы ұрыста алған ауыр жарақаты себеп болды? Бұқарадағы

1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар: Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы

1598 жылы Қазақ хандығының билігін қолына алған Тәуекел ханның інісі:Есім хан

1598 жылы Өзбек хандығымен шайқаста Тәуекел хан басып алған қалалар: Ташкент, Самарқан

1598 жылы Тәуекел хан 70-80 мың әскерімен қоршауға алған Өзбек хандығының астанасы: Бұхара

1603 жылы бірінші қазақ-бұхар шайқасы болған жер: Айғыржар

1603-1624 жылдары болған қазақ-бұқар шайқасында 7 рет жорық жасаған қазақ қолына негізінен басшылық жасаған хандар: Есім, Тұрсын хандар

1603-1624 жылдары Қазақ хандығымен шайқасқа түсті: Бұқар хандығы

1611 ж. Ташкент түбінде Имамқұлды жеңген: Есім хан

1611 жылы Ташкент түбінде қазақ хандығына қарсы бұхар әскерін басқарып келген хан: Имамқұл

1613 ж. өзін Ташкент қаласының билеушісі деп жариялап, өз атынан ақша шығарған хан: Тұрсын

1613 жылы Есім хан бастаған қазақ әскері шабуыл жасайды: Самарқанға

1620-1621 жылдары 4,5,6-шы қазақ-бұхар соғысында қазақ әскерін:Тұрсынхан бастап шықты

1627 ж. ең соңғы 7-ші қазақ-бұқар шайқасында әскерді: Есім хан өзі бастады

1627 жылы Есім ханға қарсы шыққан Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысқан жырау: Жиембет жырау

1627 жылы ең соңғы қазақ-бұхар шайқасында қазақтар көбінесе шектелген соғыс тәсілі: Қорғанысты шайқас

1627 жылы қазақ-бұхар шайқасында Есім ханды жеңіске жеткізді: Ұтымды соғыс тәсілі

1628-1652 жылдары хан тағына отырған Есім ханның баласы: Жәңгір (Салқам)

1628-1652 жылдары Қазақ ханы болған Есім ханның баласы: Жәңгір

1635, 1643, 1652 жылдары қазақтарға қарсы жорықты басқарған жоңғар қонтайшысы: Батыр

1640 жылы салынған бекініс: Гурьев (Атырау)

1643 ж. Арал маңындағы қазақтар Әбілғазы Бахадурды (1603-1664) өзінің ханы етіп сайлайды? Хиуаға қарсы жүргізілген екі жылдық соғыстан кейін, ол Хиуа ханы болды. бірақ өз еркімен тақтан бас тартып, кітап жазуға кірісті. Сол кітаптың аты?«Шежіре-и Түрік»

1643 ж. жоңғарларға қарсы ерлікпен шайқасқан хан: Жәңгір

1643 ж. Орбұлақ шайқасындағы батырлар: найман Көксерек, алшын Жиембет, қаңлы Сарпың, шапырашты Қарасай, арғын Ағынтай

1643 жылғы Жәңгір ханның басшылығымен қазақтар жоңғарларды жеңген шайқас: Орбұлақ шайқасы

1643 жылы жоңғармен шайқаста Алшын Жалаңтөс батыр көмекке келді: Жәңгір ханға

1643 жылы Орбұлақ шайқасында жоңғарлар: 10 мың әскерінен айрылды

1652 жылы жоңғар қолының қазақтарды ойсырата жеңуінің себебі:Жоңғарлардың отты қарумен жарақтануы

1652 жылы қазақ жеріне шабуыл жасаған жоңғар қоңтайшысы: Батыр

1653-1670 жылдары Жоңғар тағына отырған қонтайшы: Қалдан-Бошоқты

1655-1663 ж.ж. Алексей Михайлович патша тұсында соғылған орыстың мыс тиындары қай жерден табылады?Отырардан

1665 ж. «Түрік шежіресін» жазған: Әбілғазы

1675-1768 жылдары өмір сүрген ауыз әдебиетінің өкілі, көрнекті жырау: Ақтамберді жырау

1680 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде аман қалған қала: Түркістан

1680 жылы жоңғарлар шабуылынан Түркістан қаласының аман қалу себебі: Тәуке хан әскерімен қалада болды

1680 жылы Қазақ хандығының билігін қолына алған Жәңгір ханның ұлы: Тәуке

1680-1718 жылдары қазақ ханы болды: Тәуке хан

1681-1685 жылдары жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жасаған шабуылы кезінде қиратылған қала: Сайрам

1681-1685 жылдары жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстан жеріне шабуыл жасап, әскерлерінің бір тобы жетті: Сарысу өзеніне дейін

1681-1685 жылдары Оңтүстік Қазақстан жеріне бірнеше рет шабуыл жасады: Жоңғарлар

1694 ж. Тәуке хан I Петрмен елші Аталықов арқылы келісім жасады: сауда байланысын күшейтуге

1694 жылы I Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын дамытуға келісім жасаған хан: Тәуке

1705-1785 жылдары өмір сүрген батыр: Райымбек

1706-1778 жылдары өмір сүрген белгілі ақын: Үмбетей

1710 ж. жоңғарларға қарсы күресу үшін үш жүз өкілдерінің бас қосқан жері: Қарақұм

1710 жылы жоңғарларға қарсы үш жүздің басын қосқан: Тәуке хан

1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңына бас қосу себебі: Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру

1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері жоңғарларға соққы берудің мүмкіндіктерін талқылаған жер: Қарақұм

1710 жылы Тәуке ханның ордасында үш жүздің өкілдері талқылаған мәселе: Жоңғарларға қарсы күш біріктіру

1711-1781 жылдары өмір сүрген қазақтың ұлы ханы: Абылай

1712 ж. қазақ жасақтары қайда басып кірді? Жоңғарияға

1714-1718 ж.ж. Ресеймен шығыс елдерін тікелей байланыстыратын су жолдарын іздеу мақсатымен Каспий теңізіне, Хиуаға және Ертістің бас жағына ұйымдастырылған 4 әскери-барлау экспедициясының екеуі А. Бекович- Черкаскийдің, ал үшіншісі-И.Бухгольцтің басшылығымен жүргізілді. Төртінші экспедицияны кім басқарды?И.Лихарев

1714-1720 жылдары патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу

1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: Қайып

1716 жылы I Петрға елшілік жіберген хан: Қайып хан

1716 жылы Ертісте бекіністің салынуының маңызы: Жонғарлардың казақ даласына тікелей енуіне тосқауыл қойылды

1716 жылы жоңғар әскері Іле өзенінен бағыт алды: Аягөзге

1716 жылы қыркүйектегі Қайып ханның Тобольскіге елшілігін кім басқарды: Бекболат Екешов және Байдәулет Бориев

1716 жылы салынған бекініс: Жәміш (Ямышевск)

1716 жылы салынған бекініс: Омбы

1716-1720 жылдары Ертіс өзенінің бойына салынған бекіністер: Железинск, Коряков

1716-1720 жылдары Ертістің бойына салынған бекіністер: Жәміш, Өскемен

1716-1720 жылдары Ертістің жағалауына салынған бекіністер: Омбы, Семей

1717 жылы салынған бекініс: Железинск

1718 жылдың көктемінде Аягөз маңында үш күнге созылған қан төгіс ұрыс болды. Қазақтар үшінші күні жеңіліске ұшырады. Себебі, әскерді басқарған Әбілқайыр сұлтан мен Қайып сұлтан соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Дәл осы жылы тағыда Жоңғар әскері қай өзеннің бойында қазақтарды жеңді: Арыс

1718 жылы Аягөз маңында қазақ-жоңғар шайқасында қазақ жасақтарының сәтсіздікке ұшырау себебі: Әбілқайыр мен Қайып сұлтанның соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеуі

1718 жылы Аягөз өзенінің бойында жоңғар әскерлерін женген шайқаста қазақ қолына басшылық жасады: Қабанбай мен Жауғашар батыр

1718 жылы жоғары Ертіс бойына салынған әскери бекініс: Семей

1718 жылы жоңғарлармен шайқас болған жер: Аягөз өзені жағасында

1718 жылы Қабанбай мен Жауғашар батырлардың басшылығымен жоңғар әскерін жеңген жер: Аягөз өзенінің бойы

1718 жылы қазақ-жоңғар шайқасы болған жер:Аягөз өзені жағасында

1718 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры:Қайып хан

1718-1748 ж.ж. Әбілхайыр хан болды: Кіші жүзге

1720 жылы салынған бекіністер: Өскемен, Павлодар, Обинск, Осморыжск, Черногорская және Коряковская

1723 жылы Жоңғария бейбіт қарым-қатынас орнатты: Цин империясымен

1723 жылы Жоңғарияның қоңтайшысы Цеван Рабданның барлық күш-қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі: Цин императоры Кансидың өлімі

1723 жылы жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Орта жүз рулары ойысқан өңір: Самарқан

1723 жылы қазақ жеріне басып кірген жоңғар әскерінің саны: 70 мың

1724-1725 ж.ж. жоңғарлар шапқыншылығы нәтижесінде қазақтар қай қалалардан айырылды?Түркістан, Ташкент

1725 жылы жоңғарлар жаулап алған қалалар: Түркістан мен Ташкент

1726 ж. атақты Ордабасындағы кеңесте жалпы қазақ әскерінің қолбасы болып, кім сайланды? Әбілхайыр хан

1726 ж. Жоңғарға қарсы азаттық күресте қазақ жасауылын кім басқарды?Бөгенбай батыр

1726 ж. жоңғарларды талқандаудың қандай маңызы болды? Қазақ халқын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды

1726 ж. Петербургке елшi Көбекұлы келгенде Казақстаннық Ресей кұрамына кiруi жөнiндегi мәселе қаралмау себебi: Ресей қазақ елшiлiгінiң өкiлетгiлiгiне күмәнданды

1726 жылы "Қалмақ қырылған" шайқасы болған өзеннің жағасы:Бұланты

1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді

1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғар әскерлеріне күйрете соққы берген жер:Бұланты өзені

1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған» («Қара сиыр» деген жерде)

1726 жылы қазақ жүздерінің құрылтайы өткен жер:Ордабасы
1729 ж. жоңғарлардың Аңырақай шайқасында толық жеңіліске ұшырамауына қандай жағдай себеп болды? Қазақ хандарының арасындағы келіспеушілігі

1730 жылы Аңырақай шайқасына басшылық жасады: Әбілқайыр

1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай түбінде жоңғарларға қарсы соққы берген қазақ жасақтарына басшылық жасады: Әбілқайыр

1731 ж. 10 қазанда қазақ старшындарының жиылысының едәуір бөлігі Кіші жүздің Ресейге қосылуы жөніндегі актіні қабылдауды қолдады. Осы актіні қабылдауға қарсы күресті кім басқарды: Барақ сұлтан

1731 ж. Әбілқайыр ханның Ресейге берген анты қай жерде қабылданды?Ханның сарайында

1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын

1734 ж. Ресейде құрылған «Қырғыз-қайсақ» экспедициясының мақсаттарының бірі: Кіші жүз жеріндегі табиғи ресурстарды зерттеу

1734 жылы И.К.Кириллов бастаған арнайы экспедицияның мақсаты: Ор бекінісін тұрғызу

1734 жылы қазақ жерінде ұйымдастырылған экспедиция: «Қырғыз-қайсақ»

1734 жылы Ресейде құрылған «қырғыз-қайсақ» экспедицияның жетекшісі: И.К.Кириллов

1735 жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны: 50000

1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс: Ор

1735 жылы Патшаның отарлық саясатына қарсы күреске шыққан башқұрттардың қарсылықты жаныштау кезінде бас сауғалап көршілес Қазақстанға қашқандары: 50 мың

1737 ж. Орыс үкіметі Кіші жүздің жасақтарын қандай көтерілісті басып тастауға жұмсады?Башкириядағы көтерілісті

1738 жылы қазақ сұлтандарының съезі шақырылды: Орынборда

1738 жылы Орынборда Әбілқайырмен қатар Ресейге ант берген Кіші және Орта жүз старшындарының саны: 60

1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы: В.Татищев

1740 жылдары Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды тұтқыннан босатып әкелген би: Қазыбек би
1740 жылдары Кіші жүздің, Сырдария өңірі қазақтарының жағдайының қиындай түсуінің себебі: Парсы әміршісі Нәдір шахтың Хиуаны талқандауы

1740 жылы 28 тамызда Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның Орскіге келіп, билігін мойындаған империя: Ресей

1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет: Иран (Парсы)

1740 жылы тамызда Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның Орскіге келіп, билігін мойындаған империя: Ресей

1741 ж. жоңғарлардың тұтқиыл шабуылы салдарынан тұтқынға түскен саяси тұлға: Абылай

1741-1743 ж.ж. Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның

1742 жылы 20 мамырдағы Ресей Сенатының Жарлығы:Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы

1743 ж. Орынбор шекаралық комиссияның төрағасы И.И.Неплюев Орск қалашығын жаңа жерге көшірді: Қоныс Орынбор деп аталды

1743 жылы салынған бекініс: Орынбор

1745 ж. қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығының уақытша токталуына не себеп болды? Галдан Цереннің қайтыс болуы жоңғарлардың өз ішінде билік, үшін күресті күшейтті

1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: Қайып сұлтан

1747 жылы Нәдір шахтың өлтірілуінен соң, Әбілқайырдың бұл өңірдегі әсерін әлсіреткен жағдай: Хиуа тағына Қайыптың сайлануы

1748 ж. Абылай хан мен оның жақтастары Ресейге қосылу жөнінде келісімге келген кезде тағы қандай мәселелер қаралды? Жоғарырыда аталғандар

1748 жылы Барақ сұлтан Әбілхайыр ханды өлтірді. 1749 жылы патша әкімшілігі Әбілхайырдың баласы Нұралыны Кіші жүздің ханы етіп тағайындауына қарамай Кіші жүздің ішкі саяси жағдайы шиеленісе түсті. Мұның себебі неде болды? Жоғарыдағы себептердің бәрі

1748 жылы Нұралы ханды мойындамаған шекті руы өз ханы деп таныды: Батыр сұлтанды

1748 жылы Сұлтан Абылай кімге ант берді: Ресей

1749 жылдың 10 шілдесінде Кіші жүздің қай ханы Россияға ант берді: Нұралы

1750-1770 ж.ж. Кіші жүздегі патша отаршылдық саясаты неден көрінді?Жайық өзенінің төменгі сағасында мал жаюға тыйым салудан

1750-1770 ж.ж. Ресей Кіші жүзге қандай отаршылдық саясат бастады? 1756 жылғы Жарлық

1752 жылы Есілдің бойында бой көтерген қала: Петропавл (Қызылжар)

1755 ж. 6 наурызда Ресейдің сыртқы істер Коллегиясының Орта жүз қазақтарына өздерінің тұрақты көші-қоныс мекендері: Ертістің оң жағына өтуге тиым салу туралы шешім шықты

1755 жылы басталған соғыс: Қытай-Жоңғар

1756 жылы Абылай сұлтан кімге ант берді? Қытай

1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюға

1757 ж. Алтайда кен өндiру iсiне үлкен қауiп төндiрген қандай оқиға: Маньчжур-Цинь империясы әскерiнiң қазақ жерiне шабуылы

1758 ж. жазда кіші жүз сұлтандарының сьезінде қабылданған шешім: Нұралы ханды тақтан тайдыру

1758 жылы Жоңғарияны толық бағындырған: Қытай әскері

1761 ж. Абылай орыстың осы патшасынан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап, хат жазды: II Екатерина (Елизавета Петровна, себебі II Екатерина 1762-1796 ж.ж. билік етті)

1761 жылғы Жоңғарияның тағдыры: Цинь үкіметінің қол астына өтті

1761 жылы Жоңғар хандығының орнына құрылған аймақ: Шыңжаң

1761 жылы салынған бекініс: Бұқтырма

1766 жылы II Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан: Әбілмәмбет

1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі: Түркістан арқылы өтетін керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу

1766 жылыБұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет ІІ Екатеринаға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін керуендерді қай бекіністерде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды: Семей, Жәміш

1771 ж. Н.П.Рычковтың Орынборда жазып қалдырған еңбегі: Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар

1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз

1771 жылы «қырғыз қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар» атты қызықты еңбек қалдырған: Н.П.Рычков

1771 жылы ақ киізге көтеріліп, хан сайланған: Абылай хан

1771-1772 жылдары салынған бекіністер: Жайық, Кулагин

1771-1781 ж.ж. билік еткен хан:Абылай

1773 ж. Пугачевпен бірге Орынборды қоршауға қатысқан қазақтар саны:200 астам

1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі: Зәбір

1773 жылы көтерілісшілер қай бекініске шабуыл жасады: Пресногорьковск


<== previous lecture | next lecture ==>
Марксистік саяси идеялар. 2 page | Марксистік саяси идеялар. 4 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.489 s.