|
Курс: 2Date: 2015-10-07; view: 3294. СИЛЛАБУС
5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы үшін Оқыту түрі: күндізгі Семестр: 3 Кредиттер саны: 3 Барлық сағат саны: 135 соның ішінде: Дәріс: 30 Практикалық сабақтар: 15 ОСӨЖ: 45 СӨЖ: 45 Аралық бақылау: 2 рет Емтихан: 3 семестр
Талдықорған 2015
Оқытушы жайлы мәлімет Жас ерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Бақтыбаев Жанат Шаймұратұлы Сабақ уақыты кесте бойынша Кеңес беру уақыты әр сәрсенбі сағат 10.00 Пәннің пререквизиті «Педагогиканың жалпы негіздері», «Педагогика» пәндері Пәннің постреквизиті: Іргелес пәндері «Психология тарихы», «Этнопедагогика», «Этнопсихология».. Пәнге қысқаша сипаттама Педагогика тарихы пәні тәрбие мен тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің, педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді. Ол өткен ғасырдағы қол жеткен озық педагогикалық тәжірибелерді талдап, қазіргі уақытта пайдалануға көмектеседі. Педагогиканың жалпы тарихы пәні жас ұрпақты тәрбиелеудің озық идеяларын зерттей отырып, жаңа жасампаз, гуманистік педагогиканың дамуын қарастырады. «Педагогика тарихы» курсының негізгі мақсаты: - болашақ мамандарды терең жан-жақты біліммен, біліктілікпен қаруландыру; - кәсіби педагогикалық білімнің ғылыми негіздерін қалыптастыру; - болашақ педагогтың педагогикалық ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру; - болашақ педагог-психологтардың тұлғалық-кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру. Педагогика тарихы курсының міндеттері: - студенттерде өркениеттік-антропологиялық тұрғыдан тарихи-педагогикалық білім жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасау; - тәрбие ісімен айналысқан көрнекті ойшылдармен, түрлі тарихи дәуірлердегі және халықтардағы педагогтармен таныстыру; - жетекші педагогикалық мәселелерді тарихи-салыстырмалы сипатта қарастыру; - педагогикалық мұраға қызығушылығын және оны зерттеуге, меңгеруге ұмтылысын ояту; - тарихи-педагогикалық әдебиеттермен жұмыс істеудің бастапқы біліктерін қалыптастыру; - педагогикалық сана мен тарихи-педагогикалық идеяларға өзіндік жеке бағасын беру біліктілігін қалыптастыруына ықпал жасау. Педагогика тарихы курсы төрт тараудан тұрады: - педагогика тарихы курсының теориялық-әдіснамалық негіздері; - шетел педагогикасы мен мектептерінің тарихы; - Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогика; - Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер. Педагогика тарихы курсы мемлекеттік стандарт бойынша алыс және жақын шетелдердегі педагогикалық ғылымның даму тарихын, Қазақстандағы педагогика ғылымының даму тарихы мен қазіргі жағдайын қамтиды. Педагогика тарихы курсын оқыту барысында студент төмендегідей білімі мен іскерлігі болуы қажет: -алыс және жақын шетелдердегі, сонымен қатар Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы туралы; - тарихи педагогикалық өткенді, бұрынғы және қазіргі педагогикалық көзқарастарды; - шығыс және батыс халықтарының, Қазақстан және Ресейдің түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесі туралы. - педагогиканың прогрессивті идеялары мен көзқарастарын қазіргі жағдайға бейімдеу іскерлігі; -оқу-тәрбие процесін тарихи принципті ескере отырып ұйымдастыру іскерлігі; -өткен тәжірибе негізінде педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің қазіргі күйін талдау іскерлігі болуы керек. Қалыптастыратын құзыреті: (Әлеуметтік-этикалық құзіреттілігі - еңбек рыногындағы бәсекеге қабілетті болуы; педагогикалық және әлеуметтік қарым-қатынас амалдарын меңгеруі; өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесі үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі білуі қажет. Экономимкалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттілігі – ұйымдастыру-басқару іс-әрекеті бойынша теориялық білімдер мен практикалық іскерліктерді меңгеруі; оқушылар ұжымын басқару дағдыларын меңгеруі; психологиялық-педагогикалық менеджмент бойынша білімін жүйелі көтеріп отыруы қажет. Кәсіби құзіреттілігі – өзінің педагогикалық іс-әрекетті, педагогикалық қарым-қатынас пен белгілі бір педагогикалық сана мен идеалдардың, құндылықтардың иесі ретіндегі тұлғалық қасиеттерінің қалыптасқандығын анықтайтын пәндік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеруі; адамдармен қажетті қарым-қатынас орната білуі; өзінің даму мүмкіндіктерін анықтау, өзін дене, рухани және интелектуалдық жағынан дамыту, өзінің көңіл-көйін реттеу және өзін-өзі қолдау амалдарын меңгеруі; инновациялық әдістерді бейімдеу және модификациялау, таңдау туралы білімдерді меңгеруі қажет. Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Пән бойынша студенттің білдімін балмен бағалау көрсеткіші
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Баға қоюдын критерилері
Дәріс кешені 1-тақырып. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы 1. Педагогика тарихының пәні және міндеттері 2. Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы 3. Жанұяның пайда болуы. Жанұядағы бала тәрбиесі
Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы – рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зот болды. Ф.Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді, ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез- құлық тәрбиесінің құралына айналды. Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі – рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді. Адам қоғам дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына құлдық қоғам пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды. Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді.
2-тақырып. Ежелгі мектеп пен тәрбие 1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу (Ежелгі Египет. Ежелгі Үндістан. Ежелгі Қытай). 2. Жерорта теңізіндегі Антикалық әлем тәрбиесі мен білім беру (Ежелгі Греция. Ежелгі Рим.)
3-тақырып. Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар 1. Византиядағы мектеп пен тәрбие. 2. Ортағасырлық Шығыстағы мектеп пен тәрбие (ортағасырлық Үнді мен Қытай). 3. Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар.
4- тақырып. Батыс Европа елдеріндегі мектеп мен тәрбие (XVII-ғасырдың ортасы- XVIIIғасырдың аяғы) 1. XVII-XVIII ғасырлардағы ағарту ісі жайлы педагогикалық ойлар. 2. Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мепктеп жобалары. 3. Я.А.Коменский, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, К.А.Гельвецийдің педагогикалық көзқарастары.
Чех педагогы Ян Амос Коменский ХVІ ғасырдың аяғы, ХVІІ ғасырдың басында педагогика ғылымының негізін салды. 1592 жылы 28 наурызда дүниеге келген. Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегі дүние жүзіне танылып, алғашқылардың бірі болып оқытудың заңдылықтарын, принциптерін, сынып – сабақ жүйесінің негізін салған. Сондай-ақ ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелерін зерттеген. 1641-1654 жылдары аралығында Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформасын әзірлеу ісіне қатысып, оқулықтар жазған. Адам болу үшін ол білім алу тиіс, білімді адам нағыз адам .Тәрбие ісі табиғатқа сәйкес жүргізілуі керек, яғни адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарап, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттау тиіс. Осыған байланысты «Табиғатқа сәйкестік принципін» ұсынады. Мектептегі оқу жүйесін зерттеп, адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың 4 сатылы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды: 1) Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде – «Ана мектебі» 2) 6-дан 12 жасқа дейіегі балалар үшін әрбір қауымда «Ана тілі» мектебі. 3) 12-ден 18 жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі. 4) 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді. Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «нақтылыдан абстрактылыға», «жеңілден ауырға» қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды. ХVІІ ғасырда Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел еді, дворянствоның біраз тобы мұнда өз мүдделерін өрлеу жолындағы капитализмнің мүдделерімен ұштастырды.Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың саяси-әлеуметтік, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер етті. Джон Локктың философиялық көзқарастарының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары күшті әсер етті. Ол таным теориясын зерттеп, Бэкон негізін салған ағылшын материализімін ілгері дамытты. Атақты француз жазушысы, ағартушы-философы және педагогы, ХVІІІ ғасырдағы революция қарсаңындағы буржуазиялық интеллигенцияның тамаша өкілдерінің бірі – Жан-Жак Руссо. 1712 жылы 28 шілдеде Женевада сағатшының семьясында туған.1749 жылы Дижон академиясы «Ғылым мен өнер прогресі мінездің жөнделуінде немесе әлсіреуіне ықпал етті ме?» деген тақырыпта жарияланған конкурста ол өзінің мақаласын ұсынып, саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екі жүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы негізінен көркем шығармасы «Эмиль» атты романында баяндалды, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі пікірлерін жүйелі теория дәрежесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бөле зерттеді.
5-тақырып. Батыс Европа елдеріндегі ХІХ-ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие 1. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары. 2. ХІХ ғасырдың педагогика классиктері (И.Г.Песталоцци. В.Дистервег.) 3. Қазіргі шетелдік мектеп және педагогика
Иоганн Генрих Песталоций жас кезінен Швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Песталоций 1774 жылы «кедейлер үйін» ашып, оған елуге тарта жетім және панасыз балаларды жинады. ХІХ ғасырдың бас кезінде жарияланған «Гертруда балаларын қалай оқытады», «Аналар кітабы», «Бақылау азбукасы», «Сан жөнінде көрнекті ілім» атты еңбектерінде Песталоции бастауыш білім берудің жаңа әдістерін ұсынды. Песталоцийдің дүниеге көзқарасы демократиялық сипатта болды. Иоганн Фридрих Гербарт 1776 жылы Германияда чиновник отбасында туған.Ол әуелі классикалық латын мектебін, онан кейін Иен университетін бітірді.1802 жылдан бастап Гербарт Геттинг және Кенигсберг университеттерінде профессорлық қызметте болады. Өзінің философиялық пікірлері бойынша, ол метафизик болды. Гербарт – ассоциативтік психологияның көрнекті өкілі. Гербарттың оқыту «сатылар» деп, оқуды бір ғана қалыпқа бағыттады,сабақ құрылысындағы бір сарындылықты негіздеді. Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта шеніндегі Герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының прогрессивті өкілі болып табылады.Дистервег 1835 жылы өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық» атты үлкен еңбегін жариялады. Дистевег математикадан, неміс тілінен, географиядан, астрономиядан 20-дан аса оқулық және оқу құралдарын жазды. 1827 жылдан бастап Дистервег «Тәрбие және оқыту жөнінде Рейн беттері» атты журнал шығарып тұрды. Дистервег жалпы халықтық тәрбие беру идеясын жақтады, яғни сословиелік тәрбиеге қарсы болды.Дистерверг оқыту әдістерінің мәнің балалардың ақыл-ойын дамытуға тигізетін әсеріне қарай бағалады. Роберт Оуэнкөрнекті ағылшын қоғам қайраткері, өз кезінде оқыту, тәрбиелеу, жалпы педагогика мәселелеріне көп көңіл бөлді.Жиырма жасында фабрика басқарып, еңбекшілердің ауыр тұрмысын өз көзімен көрді.Ол фабрикада жұмыс күнін 14 сағаттан 10 сағатқа дейін қысқартты. 10 жасқа толмаған балаларды фабрикаға жұмысқа алуға тыйым салды. Роберт Оуэн «Сәбилер мектебіне» көп қамқорлық жасады.Балалар кішкентайынан ән айтуға, билеуге үйретілді және уақытының көпшілігін таза ауада өткізді. Табиғат, айналадағы заттар мен құбылыстар жөнінде әңгіме өткізді. Эстетикалық тәрбиеге жете көңіл бөлінді. Сәбилерді тәрбиелеуге балаларды сүйетін фабриканың жас жұмысшылары шақырылды.Бастауыш мектепке оқушылар ана тілін, арифметика, география, жаратылыс және тарих пәндерін оқыды.
6-тақырып. Х-ХҮІІ ғасырлардағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру 1. Ресейде ағарту ісінің дамуының бастау алуы (христиандық қабылдау және мектептер). 2. Шіркеулік – діни педагогика. 3. Өсиет. (жанұялық тәрбие бойынша нұсқаулар). Туысқандық мектептер, академиялар.
ХVІІІ ғасырда Ресей экономикалық дамуда елеулі табыстарға ие болуы ағарту ісі жөніндегі реформаларға ықпал етті.Ресей мәдениетінің дамуында алғашқы мемлекеттік мектептер ашылды. Алғашқы заңа типті оқу орны 1701 жылы І Петр Мәскеуде ашқан математика және новигация ғылымдарының мектебі болды.Бұл мектепте «төменгі сословиенің» балалары да болды. Мектептің негізгі мұғалімі Леонтий Филиппович Магницкийболды. 1721 жылы Оралда алғашқы тау-кен мектебі ашылды, кейін Оралдағы ірі заводтардың жанынан арифметикалық мектептер, кейбір заводтар жанынан тау-кен мектептері ашылды. 1718 жылы 42 есеп мектептері ашылды.1725 жылы Петербургте ғылымдар Академиясы құрылды.Оның уставы І Петрдің жобасы бойынша академия жанынан университет, гимназия ашылды. М.В.Ломоносов шаруаның баласы, үйде өз бетімен хат танып, 19 жасында Мәскеудегі славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. 1745 жылы Ломоносов химия ғылымының профессоры, ал кейін академик болады.Университет пен гимназия үшін бірнеше оқулықтар жазды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдегі революцияшыл педагогикалық ойдың көрнекті өкілі А. Н. Радищев болды.А.Н. Радищевтің педагогикалық көзқарасынан оның материалистік көзқараста болды. «Петербургтен Мәскеуге саяхат» атты негізгі шығармасында Радищев шаруа балаларының помещиктердің қанауынан көрген азабын ашып көрсетті. Шаруа балаларының рухани дамуына крепостнойлық режимнің кедері жасап отырғанын, олардың табиғи қабілеттерінің дамуына қамқорлық болмай отырғанын дәлелдеді. «Сонымен қатар, баланың табиғи ерекшелігін ескертуді қажет деп санады.
7-тақырып. ХҮІІІ ғасырлардағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика 1. Білім беру және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі. 2. Халықтық тәрбие және халықтық мектеп.
ХІХ ғасырдың 30–40 жылдарында Ресейдің алдыңғы қатарлы қоғамдық-педагогикалық ой-пікірдің дамуында осы кезеңнің екі ұлы ойшылы болған В.Г. Белинскийдің және А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың алатын орны аса ерекше. Олардың 30–40 жылдардағы орыс ой-пікірінің рухани көсемдері болды. В.Г.Белинский өзінің әдеби-сын жұмысында үнемі тәрбие мен білімнің келелі мәселелеріне көңіл болумен болды. Ол 1837 жылы «Орыс тілі грамматикасының негізі» деген ғылыми-методикалық зор мәні бар еңбек жазды. Ұлы сыншының орыс мектептерінің оқулықтарына және балалар кітаптарына жазған көптеген пікірлерінде терең мазмұнды педагогикалық көзқарастары баяндалды. А.Н.Герцен өз пікірлерінде диалектика, психология , педагогика мәселелеріне зор мән берді. Демократияшыл педагогиканың мақсаты – баланың табиғи мүмкіншіліктері мен күшіне сеніммен қарауға тиіс, әр балада теріс мінез-құлық ерекшеліктерімен бірге жағымды және ұнамды жақтары болады, ал енді тәрбие өнерінің міндеті – сол ерекшеліктерді байқап, одан әрі дамытуды тиіс деген.
8-тақырып. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу 1. К.Д.Ушинский – ғылыми педагогиканың негізін салушы. 2. Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары. 3. П.Ф.Лесгафтың антропологиялық принципі.
К.Д.Ушинский 1824 жылы 18 ақпанда Тула қаласында туды. Әкесі оқыған офицер дәрежесін 1812 жылғы Отан соғысына қатысты. Өзінің саяси-қоғамдық көзқарастар бойынша Ушинский буржуазиялық демократ, ағартушы болды. К. Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні - әрбір елде халықтың мақсат-мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деп көрсеткен .Өз шығармаларында педагогикалық әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екенін, тәрбие мақсаты мен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы, мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылыми негізде шешті, өзінің прогресшіл педагогикалық жүйесін құрды. Л. Н. Толстой өзі үстем таптың өкілі бола тұра, шаруалардың мүддесін жоқтады. Бірақ осыған қарсы күресуінің орнына, ол соған көнуге шақырды. Өз шығармаларында Л.Н. Толстойдың сол дәуірдегі қоғамдық тәртіпті сынауын, оның шығармаларын жоғары бағалады. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балаларына мектеп ашып, мұғалімдер шақырып, бұл мектепте өзі де сабақ берді. 1872 жылы Л. Н. Толстой жазған «Азбука», 1875 жылы «Жаңа азбука» және 4 оқу кітабы басылып шықты. Осы жылдарда ол бастауыш білім берудің методикалық шұғылданды. Оқытудың өмірге жақын болуын жақтап, Л.Н. Толстой балаларды байқағыштыққа үйрету қажет деп есептеді. Ясная Поляна мектебінде ол экскурсия және тәжірибе жасаужы көп қолданды. Таблица мен картиналарды пайдалануды да қуаттады. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресейде үлкен қоғамдық қозғалыс кезеңі болды. 1853 – 1855 жылдардағы Қырым соғысы Ресейдегі крепостнойлық жағдайдың әлсіздігі, ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы Ресейдегі революциялық қозғалыс саяси, экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық қозғалыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі болды. Белгілі дәрежеде революцияшыл-демократиялық бағыттың буржуазиялық–либералшыл педагогикалық бағыттан айырмашылығы бар. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі Н.И.Пирогов, В.Я. Стюнин, И.А. Корф. Н.И. Пирогов – белгілі орыс ғалымы, атақты хирург, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, әрі ірі педагог. Пирогов жалпы адамгершілік тәрбиесіне байланысты сословиелік мектепте қарсы бағытталған мектеп жүйесінің жаңа жобасын ұсынды. Демек, Пирогов мектеп жүйесін бірнеше сатылы болу керек деп есептеді. Бастауыш 2 жылдық мектептен кейін екі типті 4 жылдық прогимназия, одан кейін тағы да екі типі 3 – 5 жылдық оқу мерзімі бар гимназия. Н. И. Пирогов өзінің оқу округтары бойынша шығарған нұсқауларына мұғалімдердің ескі, догматикалық оқу тәсілін алып тастап, жаңа әдістерді қолдануға баса назар аударған болатын. Пирогов балалардың ойын, қабілетін дамытуға, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыруға көңіл аударып отырды. Пирогов саналық, көрнекті, оқушылардың белсенділігі мен дербестігі деп санады. Сонымен қатар кіші жастағы мектеп балаларының музыкамен, ән-күймен және басқа да көркемөнердің түрлерімен шұғылданулары қажет деп есептеді.Егер оқушы тәртіпсіздік жасаған жағдайда, педагог сол тәртіпсіздіктің болған себебін анықтап, сол жағымсыз қылыққа берілген жазаның әділеттің болуын талап ету керек деді.
9-тақырып. Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы 1. С.Т.Шацкий, П.П.Блонскийдің педагогикалық көзқарастары. 2. А.С.Макаренконың тәрбие жүйесі және педагогикалық қызметі. 3. В.А.Сухомлинскийдің тәрбиені гуманистік тұрғыдан қарауы. Халық ағарту комиссариатының (Наркомпрос) мектептері.
А.С.Макаренко 1888 жылы 1 наурызда Харьков губерниясындағы Белополье қаласында темір жол жұмысшысының отбасында дүниеге келді. Қалалық училищені, онан кейін оқытушылар даярлайтын курстарды бітіргеннен кейін, Антон Семенович Макаренко Крюковадағы екі класты темір жол училищесіне оқытушы болып тағайындалды. Макаренконың педагогкалық қызметі 1905 жылы, бүкіл Ресейге бірінші орыс революциясының толқыны кеңінен жайылған кезеңде басталды Антон Семенович Макаренко өзінің естеліктерінде : «Максим Горкий мен үшін жазушы ғана емес, өмірлік ұстазым болды» , - дейді. 1914 жылдан 1917 жылғадейін Макаренко Полтаваның оқытушылары институтында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. Кейіннен А. М. Горкий атымен аталған осы колонияда Макаренко бүкіл тәрбие процесін, оқуды ауыл шаруашылық еңбегімен байланыстыруға негіздей отыра құрған. 1928 -1935 жылдарда Макаренко Харьковтағы Ф. Э. Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқарған. Дзержинский атындағы коммунаның өмірін Макаренко өзінің «Мұнара үстіндегі тулар» деген повесінде баяндаған. Макаренконың тікелей өзі құрып, өзі басқарған бұл екі оқу-тәрбие орнынан үш мыңға жуық бұрынғы панасыздар мен заң бұзушылар шын жаңа совет азаматы болып қайта тәрбиеленген еді, олар өздерінің көзқарасы және қоғамға сіңірген еңбектеріне қарағанда, Отанына шын берілген, отандық борышын түсіне білетін жігерлі, табанды, тәртіпті, әр түрлі мамандықтарға ие болған еңбек сүйгіш адамдар болып қалыптасты. Алексей Максимович Горький талантты жаңашыл педагогтың бұл зор еңбегін бағалай келе, Макаренкоға жолдаған хатында былай дейді : «Маңызы орасан зор және мейілінше ойдағыдай болып шыққан сіздің педагогикалық эксперименттеріңіздің меніңше жер жүзілік маңызы бар». Ұлы жазушының бұл өте жоғары да орынды берілген бағасы болған. 1939 жылы 1 ақпанда тамаша ізгі адам, педагогика ғылымының қайраткері және талантты жазушы Антон Семенович Макаренко кенеттен қайтыс болды. Антон Семенович Макаренко өзінің артына өлмейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оның жүзге жуық жазылған педагогикалық шығармалары бар.
10-тақырып. Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогикасы 1. Педагогикалық технологияларға шолу. Тұлғаға бағдарланған технологиялар. 2. Ш.А.Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы.
11-тақырып. Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (ҮІ – ХҮғғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер 1. Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы. Ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, әл-Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары. 2. Ислам. Мұсылмандық мектептер мен медреселердегі білім беру мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері. 3. Ұлы дала ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлер (Қорқыт ата, Қ.А.Иассауи).
Қазақ халқының Әл Фарабиден кейінгі ұлы педагогы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин. Жаңашыл педагог батыс, шығыс әдебиеті мен мәдениетін жан-жақты зерттеп, оны қазақ халқы үшін пайдаланды.1860 жылы ол қазақ балалары үшін мектеп ашты. Педагог арифметиканы ана тілінде оқытты, қазақ әліппесін жаңаша құрмақ болып, 1879 жылы қазақ хрестоматиясын орыс әріптерімен жазды.
12-тақырып. ХҮІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Қазақстандығы педагогикалық ой- пікірлер 1. Қазақ жырауларының жырларының тәрбиелік-қолданбалы және идеялық-эстетикалық мәні (Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұхар жырау). 2. Орыс емес халықтардың ағарту ісіндегі патша саясаты.
13-тақырып. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой- пікірлер 1. Мұсылмандық мектептерді реформалау. Жаңа әдістік мектептер мен медреселер. 2. Ш.Уәлихановтың көзқарасындағы білім беру, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер. 3. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлері. 4. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары. Қазақ халқының жазу әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай Құнанбаев халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді. Абай Шығыс мәдениетінен ақындык пен шешендік өнерін, мұсылмандық ғакдияларды танып, Батыс мәдениетінен ғылым негіздерін, көркем әдебиетті үйренуді уағыздады. Абай өлеңдерінің эстетикалық тәрбиелік мәні зор. Абай оқып-үйрену, білім алу ушін үш нәрсені білу керек: 1. "Ықылас қоя тындау керек. 2. Тындағанды бірнеше рет ойда қайталау керек. 3. Ой кеселдерінен сақ болу керек", — дейді. Ұлы Абайдың қара сөздері (оны ғақлиялары, өсиет сөздері деп те жүрміз) қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Шоқан Уалиханов шығыстану ғылымына елеулі үлес қосқаны үшін 22 жасында орыс География қоғамының толық мүшесі болды. Данышпан ғалым қазақ даласындағы тәлім-тәрбиенің басты құралы — жыр (өлең, терме, тақпақ, т.б.) деп, жырдың түрлеріне (жоқтау, қайым өлең, қара өлең, терме, эпостық жырлар, ғашықтық жырлар) талдау жасап, олардың дүниетанымдық, тәрбиелік мәнін жоғары бағалады. Шоқан халықтың мәдениетін, ағарту ісін дамыту үшін оған жаңаша жағдай керек екенін атап көрсетті. Ғалымның данышпандық ой-мақсаттары — қазақ халқының ұлттық (этностық) педагогикасына бір арна болып қосылған асыл мұра болып табылады. Мағжан Жұмабаев (1893-1938) ақын, ауқымды аудармашы, білікті педагог. Педагогика ғылымын терең зерттеген, Абайдан кейін асыл сөздің аспанын биіктетумен қатар, қазақ халқының ұлттық педагогикасының ғылыми іргетасын қалап, 1922 жылы "Педагогйка" оқулығын жазды. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, М.Жұмабаев ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: "Әр тәрбиешінің қолданатын жолы — ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті", — дейді. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, оған дүние танытудың жолдарын талдап көрсетіп берді. Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931) — ақын, жазушы, драматург, сыншы, публицист, аудармашы, психолог, педагог. Ол қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман жазушылардың бірі және бірнеше повестер мен сатиралық шығармалардың, пьесалардың авторы."Психология" ("Жан жүйесі") ғылымының педагогика ғылымымен тікелей байланыстылығын және бұл ғылымдарды өмірге қолданудың ұлттық ерекшеліктері болатынын жан-жақты талдап көрсетті. Қазақ халқының келешегі — жастарды тәрбиелеуде ең әуелі әрбір тәрбиеленушінің бейімділігін танып, дарынын дамытып, білім беріп, кәсіпке үйретіп, деген мақсатына жеткізу қажеттігін айта келіп бұл істе зор рөл атқаратын ұстаз шәкіртінің жан жүйесін" жақсы білу үшін ілтипаты тұақты, кең, мінезі ауыр, жатық, бойына берік, ұстамды болу керек, шәкірттерінің қылт еткен қылығын байқап, жауабына әзір тұруы керек" дейді. Адамның кісілігін қалыптастыратын тәрбие, ал кісіні қалай тәрбиелеу мәселесін терең шешу үшін психологияны (жан жүйесін) жақсы білу керек екенін дәлелдеп, Жүсіпбек Аймауытов қазақтың ұлттық психология ғылымының негізін қалады. Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) қазақтың халық педагогикасын жан-жақты зерттеп, қазақ этнопедагогикасының негізін қалады, ұлттық білімнің шамшырағы болды. Ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы, қазақтың білімінің іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсемсөз иесі, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама — Ахмет Байтұрсынов жан-жақты зерттеп, олардың тәрбиелік мәнін ашып берді. Сондай-ақ қазақ өнерін, тарихын, тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын жан-жақты зерттеп, жақсы білді. Өзі де ән шығарып, күй тартып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіру үшін "Қазақтың 1000 әнін" жинаған А.В.Затаевичке көмек көрсетті. 1913 жылы "Мәдениет тарихы" деген кітап жазып бітірді, бірақ ол кітап түрлі себептермен басылмай, жарияланбай қалды. Қазақ этнопедагогикасының бір саласы этнопедагогикалық ойлар тарихында үлкен орын алатын Ахмет Байтүрсыновтың ғылыми-педагогикалық еңбектерінің ұлттық ерекшеліктері мол. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) педагогикалық ой-мақсаттарын өз шығармалары арқылы халық санасына жеткізе білген ұлы ақын. Дарынды жазушы "Қамар сұлу" романы мен "Кім жазықты", "Кедей" т.б. поэмаларында қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріндегі келеңсіз жағдайларды қатты сынап, дәстүрлердің озықтарын, жаңаша қалыптаса бастаған түрлерін ұлттық мәдениетке пайдалана білуді ұсынды. Халық педагогикасының негізгі бір саласы — ұлттық салт-дәстүрлердегі "қалың мал" беріп еріксіз үйлендіру, еріксіз "атастыру" т.б. кесір дәстүрлерге жол беру — ұлттық мәдениетке зардабын тигізетінін ашып айтады. Ақын "Мен кіммін", "Қала ақыны мен дала ақыны" деген шығармалары арқылы тұрмыс-салт дәстүрлерінің пайдалы, зиянды жақтарын айқындап айтып, ұрпақтың келешегін кемелдендіретін ата дәстүрлерді алға тартады. Әсіресе, халықтың кайырымдылық дәстүрін жоғары бағалап, "Бишараны шын досқа санар едім, сол үшін оқастына барар едім" деп қайырымдылықтың үлгісін көрсетеді. «Оқудағы мақсат не» деген өлеңі арқылы оқу ұлттық білім беру жолындағы ұлы іс екенін, оқу тек күнкөріс, шен-шекпен алу үшін жасалынатын әрекет қана емес екеңдігін ұрпаққа ұғындыра жеткізеді. Ұлттық мәдениеттің дамуына поэзия зор ықпал етті.
14-тақырып. Қазақстандағы мектеп мен педагогика (20-30 жж.) 1. ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс. Ұлттық мәдениет және ана тілінде оқытатын мектептер. 2. Білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін баспасөз беттерінде талқылау. 3. Этнопедагогика және этнопсихология мәселелерін қарастыру.
15-тақырып. ХХ ғасырдың 40-60 жылдарында Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері 1. Р.Г.Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері.. 2. А.И.Сембаевтың мектептің тұтас тарихы және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы. Қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептерінің даму тарихы. 3. Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарасы мен идеялары. 4. К.Бержановтың педагогикалық мұрасы. 5. ХХ ғ. Басындағы қазақ педагогикасы және оның дамуына орыс педагогикалық ғылымының ықпалы.
ЖҰБАНОВ Қүдайберген (1899-1938) - қазақ педагогикасының дамып, қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген профессор. Ағартушы-педагог методика, бағдарлама, оқулық жазу істерін басқарды, тіл білімі ғылымының көптеген кадрларын (мамандарын) даярлады. ЖИЕНБАЕВ Сейіл (1896-1945) - қазақ тілінің методикасы мен окулығын жазған белгілі педагог. ЖОЛДЫБАЕВ Молдағали (1887-1937) - оқу-ағарту ісінің қайраткері, педагог-методист.Қазақ тілі мен әдебиетінің алғашқы әдістеме жасаушыларының бірі. ҚҰЛЖАНОВА Нәзипа (1887-1934) - XX ғасырдың басында қазақ әйелдерінен озық шыққан ағартушы, мектептен бұрынғы тәрбие туралы қазақтың ұлттық педагогикасына алғаш ғылыми еңбек жазып, жариялаған педагог. ТӘЖІБАЕВ Төлеген (1910-1964) — педагогика ғылымының докторы (1962), профессор (1949), ҚазақССР Ғылым академиясының академигі (1954). Қазақстандағы халық ағарту ісінің (1938-1964) дамып, қалыптасуына еңбек сіңірген белгілі педагог. КӨБЕЕВ Спандияр (1878-1956) — XX ғасырдағы қазақ этнопедагогикасының тарихында өз орны бар, ағартушы, педагог. Педагог жазушы әсіресе оқыту әдістемесіне ерекше еңбек сіңіріп, қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиетін оқытудың әдістеме негізін қалады. БЕРЖАНОВ Қартбай (1924-1976) — педагогика ғылымының докторы (1965), ұзақ жылдары (1947-1976) жоғары оқу орындарында педагогика пәнінен сабақ берді. "Халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы" (1965) деген еңбегінде қазақтың педагогикалық ойларының дамуына орыс педагогтарының да ықпалы болғанын баяндады. Оның З.Мусинмен бірігіп жазған "Педагогика тарихы" (1983) деген еңбегі жалпы педагогика тарихы болғанмен, қазақтың ұлттық педагогикасының XIX ғасырдағы нұсқаларын жан-жақты баяндаған ұлттық тілдегі алғашқы оқулықтардың бірі болды.Ғалым ұстаз отыз жыл бойы жоғары оку орындарында педагогика пәнінен сабақ бере жүріп, жүздеген педагогтарды тәрбиеледі.
16-тақырып. Егеменді Қазақстандағы мектеп және педагогика (1992 ж. қазіргі күнге дейін) 1. РҚР Конституциясының білім беру жөніндегі аспектілері. 2. ҚР Білім Заңы, ҚР Жоғары білім Заңы, білім берудің мемлекеттік стандарттары.. 3. Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары және оларды топтау. Тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары. 4. Мұғалімдер даярлаудағы үздіксіз білім беруді дамытудың ұлттық жүйесін жасау мәселелерінде І.Жансүгіров атындағы ЖМУ қызметі.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы. АЕУ.,1998. 2. Әбенбаев С. Сынып жетекшісі: оқу-әдістемелік құрал. –Алматы: Дарын, 2004. -204 бет. 3. Педагогическая энциклопедия. –М., «Валдос»1992 г. 4. Щуркова Н.Е. Вы стали классным руководителем. –М., 1986 5. Иванова И.П. Энциклопедия коллективных творческих дел. –М., 1989 г. 6. Сухомлинский В. А. Таңдамалы педагогикалық шығарма- 7. Болдырев Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының 8. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. /Құрастыру- 9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. — А.: Мектеп, 10. Нұрмағанбетов С, Овчинникова Р. Мектептегі кластан тыс 11. Абилова 3. Оқушыларға кластан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру. - А., 976. 12. Абенбаев С. Ш. Оқушы жастарға эстетикалық төрбие беруді жетілдіру. - А., 1992.
Негізгі әдебиеттер 13. Ю Бозжанова К. Б. Оқушылармен жүргізілетін кластан және мектептен тыс жұмыстар жүйесі. /16-лекция/. - А., 1991. 14. Көпжасарова М. Оқушыларды кластан тыс жұмыстарда 15. Назаров И. Ф. Стать воспитателем. - А., 1980. 16. Сыдықов Т. Ғасырдың кәуасар бұлағы. Алматы, Қазақстан, 1980. 17. Узакбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы, білім қоғам. 1990. 18. Эстетическое воспитание учащихъся во внешкольных учреждениях. Пособие для учителя. Сост. Л.А. Сахарова, А:Н. Шахова, М., Просвещение, 1986. 21. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. //Халық кеңесі, 1992ж.20ақпан 22. Сухомлинский В.А. Избранные педагогические сочинения. В 3-т. Т.1.- М., 1979 23. Коменский Я.А. Великая дидактика. Изб. Пед.соч. в 2 томах-М.: Педагогика, 1981. Т.1. 24. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. -M.1968. – 207 с. 25. Ясвин В.А. Педагогика и природа: /сборник/-М. "Знание", 1994.- 92с. 26. Сарыбеков Н.С. Ұрпақты сақтаймыз десек.//Қазақстан мектебі. №7- 8.1992.-236. 27. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А.Коллективті калыптастыру және оқушының жеке басының оған ықпалы. 17 лекция. - Алматы. 1991. 28. Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия. Республика Казахстан, Алматы: РИІЖ CO, 2002 г. - 222с. 29. Сейтешов А.П. Профессиональная направленность. /Теория и практика воспитания/ - Алматы: Наука, 1990. - C.126. 30. Хмель Н.Д.Педагогический процесс как объект деятельности учителя. - Алма-Ата: Мектеп, 1984.- 134с. 31. СабыровТ.Оқушылардың оқу белсенділігін аттыру жолдары. Алматы: Мектеп, 1978.-1106. 32. Бейсенбаева А.А. Мектептегі оку-тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс (24-лекция). Алматы, 1991.-166. 33. Мұқанова Б.Ы. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын педколледждің оқу-тәрбие процесінде пайдалану: Пед. ғыл. канд. ... дис. Алматы, 1998. - 173 6. 34. Калиев С.К. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. -Алматы. Рауан, 1998. - 128-7 6. 35. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. -Алматы. Білім, 1995.- 232-396. 36. Аймағамбетова Қ, К.Жүнісова, Н.Нүрахметов. Дүниетану: жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулык. -Алматы: Атамұра, 1997.-144 б., суретті. 37. Дүйсембінова Р.Қ. Қазақ этнопедагогикасын - мектеп практикасына ендіру. Монография. - Алматы: Ғылым, 2000. - 335 б.
"Педагогика траихы » пәні бойынша дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
ӨСӨЖ-дің күнтізбелік- тақырыптық жоспары
СӨЖ –дің жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқау
Өзіндік тапсырмаларға дайындалу барысында студенттер әр тақырып бойынша берілген әдебиеттермен танысып, қысқаша конспект, аннотация жасаулары керек. Содан кейін берілген тақырыптың мазмұнын ашу қажет, ал реферат жазу үшін берілген тақырып бойынша жүйелілік каталогтарда қосымша қандай материалдар бар екендігіне назар аударулары қажет. Тапсырманы орындап болған соң пайдаланған әдебиеттердің тізімін жасау керек, яғни оқулық не мақала авторының аты-жөні, мақала не оқулықтың аты, тақырыбы, шыққан орны , жылы, беті, журнал мен газет материалдары болса номері көрсетілуі қажет. Жоғары оқу орындарында білім алу барысында кез келген студентке баяндама, реферат,бақылау жұмысы,курстық жұмыс және дипломдық жұмыстар сияқты түрлі ғылыми жұмыстар жазуына тура келеді.Бұл ғылыми жұмыстар бір-бірінен көлемі, күрделілігі жағынан ерекшелінеді. Бір жұмыс қолда бар ғылыми еңбектерге сын көзбен қарап, баға берумен шектелсеғ келесісі студенттің педагогикалық тәжірибеде жүргізген жұмыс нәтижесі, ал енді біреуі, ғылыми мәселенің шығармашылық пен шешу қорытындысы болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ауқымы өте кең. Оларға: реферат, баяндама, бақылау жұмысы, курстық және дипломдық жұмыстар жатады. Ғылыми жұмыстар тақырыбы бүгінгі күннің талаптарына сай, өзекті болуы тиіс. Бұл ғылыми - зерттеу жұмыстары сынақ түрінде болғандықтан,олардың мазмұны мен жазылу үрдісіне белгілі талаптар қойылады.
Зерттеу жұмыстарын орындау кезеңдері; -зерттеу белгілеу және бекіту; -зерттеу жоспарын құру; -зерттеу мәселесіне сәйкес және басқа да әдебиеттерді талдау; -жарық көрген басылымдардан зерттеу мәселесінің теориялық және тарихи деректемесін жинақтау; -жинақталған деректерді ұғынып,зерттеу болжамын белгілеу; -тәжірибелі - эксперимент жұмыстарын ұйымдастырып , оларды жүргізу әдістемесін таңдап алу; -эксперимент нәтижелерін талдап,жалпылау; -зерттеу жұмысының текстік жағын жүйелеу; Өзіндік тапсырмаларға дайындалу барысында студенттер әр тақырып бойынша берілген әдістемелеік құралдармен танысып, қысқаша конспект, аннотация жасай білулері керек. Берілген тақырыптың мазмұнын ашу қажет, ал реферат жазу үшін берілген тақырып бойынша жоспар құрылып, әр бөлімнің мазмұны ашылуы керек. Тақырып бойынша жүйелілік каталогтарда қосымша қандай ақпараттар бар екендігіне де назар аударулары қажет. СӨЖ-дің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
СӨЖ материалдары № -1 Бұл сабақта студенттер педагогика сөзінің мағынасын ашып, іс-әрекеттің құндылығын айқындайды. Педагогика сөзінің бірнеше мағынасы бар. Бірінші -педагогика ғылыми ретінде түсіндірілсе, екіншіден, педагогика - өнер ретінде түсіндіріледі. Педагогика ғылыми ретінде адам іс-әрекетін теориялық жағынан қарастырып, жүйелейді. "Іс-әрекет" сөзі қарапайым баламада еңбек, іс деген мағына білдірсе, ғылымда іс-әрекет сөзі адам өмірімен байланыста философия, психология, тарих, мәдениеттену, педагогика ғылымдарының зерттеу объектісіне айналады. Іс-әрекеттің адам өміріндегі негізгі функциясы -белсенділік таныту. Философияда іс-әрекетті - адамның коршаған өмірге қатысты белсенділік формасы делінген. Іс-әрекеттің бірнеше түрі бар: рухани, практикалық, репродуктивтік, шығармашылық, жеке және ұжымдық. Педагогикалық іс-әрекет - кәсіптік іс-әрекеттің бір түрі, мақсаты - оқыту, білім беру, тәрбиелеу дамыту. Педагог білім беру, тәрбиелеу арқылы, бойындағы білімін шәкіртіне дарытып, сапалық өзгерістерге жетеді. Педагогикалық іс-әрекетпен арнайы білімі бар адам айналысады және өмір бойы өзінің кәсіби деңгейін әртүрлі курстарда білім алып, көтеріп отырады. Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің негізгі субъектісі ретінде қарастырылады, "мұғалім-оқушы" феноменінің өзіндік онтологиялық сипаттамасы бар, себебі адамның өмір сүруі, адам мәдениетінің дамуы үйрететін, оқытатын адамсыз іске аспайды. №-2 Педагогикалық іс-әрекет аға ұрпақ пен жас ұрпақты байланыстыратын құнды іс-әрекет. Бұл іс-әрекеттің құндылық сипаттамасын анықтау үш түрлі бағытта жұмыс жасау а) педагогтың гуманитарлық санасы; б) балаға деген сүйіспеншілік; в) педагогтың гуманитарлық мәдениеті. Педагогикалық іс-әрекеттің құндылығы оның рухани, адамгершілік сипатта болуында. Педагог тұлға ретінде оқушыға ізгіліктің эталоны болуы қажет деген тұжырымға келу. №-3 Сабақ барысында студенттер "тұлға ", "мәдениет" терминдеріне анықтама беріп, түсіндіру қажет. Мұғалім мамандығының табысты болуы оның мәдениеттілігінде. Педагогикалық мәдениет тұлғаның ішкі қасиеттерімен жаңадан қосылған тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы. Мәдениет жүйелі элеуеметтік құбылыс, адам қолымен жасалған құндылықтар қоймасы. Адам өмірінің әр саласында жоғарғы жетістік критериіне жеткізетін руханилық ядросы мен жасампаздық энергиясы. Мәдениетті жасаушы - нақты тұлға. Педагог В.А.Сухомлинский: "Ақылды тәрбиелейтін ақыл, ұятты - ұят, Отанға деген сүйіспеншілікті - отанға қызмет көрсету" - деген. Тұлғаның жалпы мәдениетінің ядросы-тұлғаның білімі мен тәрбиесінің гармониялық үйлесімділігі. №4 Тұлғаның жан-жақты қалыптасуына "Мен - концепциясының" 3 -компоненті тікелей әсер етеді. "Мен бейнесі", өзіне баға беру, идеал бейнеге ұмтылу. Мұғалім өз білімін жеке пәннен ғана емес, педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерді оқу арқылы толықтырып отыруы қажет. Карьераға анықтама беру . Оның түрлері. Оқытудың сырттай формасы үшін күнтізбелік-тақырыптық жоспар (Бқс-231 және Пқс-231/Пқс-511)
Тест сұрақтары:
1. «Адамға қажетті бір сапа - мінез - құлықтағы мәдениеттілік» - деп кім айтқан? A) Д.Локк B) Аристотель C) .Ж.Ж.Руссо D) Платон E) Дұрыс жауабы жоқ 2. Бала жаны оның айтуынша табиғатынан ақ тақта сияқты тап - таза болады - деп қай педагог ғалым айтқан? A) Д.Локк B) Макаренко C) Платон D) Аристотель E) Ушинский 3. Я. А. Каменскийдің « Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» еңбегі қай жылы жарыққа шықты? A) 1631ж. B) 1634ж C) 1636ж D) 1936ж E) 1650ж 4. Әл - Фараби ілімі бойынша адамды тану неше сатыдан тұрады? A) 2 B) 3 C) 4 D) 4-6 E) 10 5. « ұлы Дидактика» еңбегімен танылған чех ғалымы, педагог Я. А. Коменский қай ғасырларда өмір сүрген? A) ХҮІІ - ХҮІІІ B) ХҮ - ХІҮ C) ХІҮ - ХІІІ D) ХҮІІІ - ІХ E) ХҮІІІ - ХХ 6. Я. А. Каменскийдің « Тілдермен барлық ғылымдардың ашық есігі» деген еңбегі қанша тілге аударылған A) 15 B) 20 C) 12 D) 13 E) 30 7. « Әлем тілкегі және жүрек жұмбағы» еңбегінде Я. А. Каменский қандай бағытты басым ұстайды? A) Демократизм B) Гуманизм C) Социализм D) Патриотизм E) Капитализм 8. Тәрбиенің басты принципі - A) Тәрбие мен білім беру B) Тек білім беру C) Оқыту және тәрбиелеу D) Тәрбиелеу және білім берудің жоқтығы E) барлығы дұрыс 9. « Адам болу үшін білім алу тиіс, білімділер нағыз адам» пікірі қай педагогтікі? A) Я. А. Каменский B) А.С. Макаренко C) Д. П. Эльконин D) А. В. Песталоций E) Дұрыс жауабы жоқ 10. Барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін шеберхана - A) Мектеп B) Отбасы C) Балабақша D) Бар E) Компьютерлік клубтар 11. Басты диалектикалық талап бұл - A) Барлық жауабы дұрыс B) Оқытуға қолайлы бағытты таңдау C) Оқушыларды ынталандыру D) Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту E) Бала табиғатын ескеру 12. Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципі неге негізделген A) барлық жауабы дұрыс B) бардан жоққа C) анықтан белгісізге D) негіздіден негізсізге E) Белгіліден белгісізге 13. Педагогика тарихында ең алғаш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі? A) Класс - сабақ жүйесі B) Оқыту - сабақ жүйесі C) Оқыту -білім беру жүйесі D) Оқыту - тәрбиелеу жүйесі E) Барлығы дұрыс 14. Мұғалімнің балаға әсер ету күшіне тең келе алмайды - пікір кімдікі? A) Я. А. Каменский B) А. С. Макаренко C) А. Б. Ушинский D) В. Д. Эльконин E) Дұрыс жауабы жоқ 15. Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие беру арқылы... A) Жақсы болып шығуы - біздің қолымызда B) Адам қатарына қосуы керек C) Адам санатына шығару дұрыс D) Оқыту керек E) Дұрыс жауабы жоқ 16. « Тәрбиенің Галелейі» әділ атағы кімге тиесілі? A) А Я. А. Каменский B) А. С. Макаренко C) А. Б. Ушинский D) В. Д. Эльконин E) Бәріне тиесілі 17. Оқыту дегеніміз не? A) Мұғалім мен оқушының мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігі B) Оқушылардың өздігінен білім алуы C) Мұғалім мен оқушылардың әңгімелесуі D) Оқушыны мәжбүрлеп оқыту E) Оқушының өз бетімен ізденушілігі 18. Қазақша « Педагогика» оқулығының авторы? A) М. Жұмабаев B) А. Байтұрсынов C) С. Сейфуллин D) М. Дулатов E) Ы. Алтынсарин 19. Жеке тұлға дамуына әсер ететін факторлар: A) Биологиялық - әлеуметтік тәрбие B) Тұқым қуалау, тәрбие, оқыту C) Қоғам, тәрбие, оқыту D) Білім,саясат, отбасы E) Отбасы, тәрбие, оқыту 20. Тұтас педагогикалық процесс теориясының негізін салушы? A) Н. Д. Хмель B) М. Махмудов C) П. Лернер D) Т. Шамова E) Д. Зуев 21. Тәрбие функция қалыптастырады: A) Дүниеге көзқарасты B) Ғылыми білімді C) Арнайы және жалын оқу - іскерлігін қалыптастырады. D) Түсінікті E) Дағдыны 22. ақыл - ой және дене еңбегінің арасындағы бөлінбеушіліктің пайда болуы неге байланысты? A) Қоғамның таптық сипатына B) Еңбек құралдарының пайда болуына C) Отбасының пайда болуына D) Жеке меншіктің пайда болуына E) Шіркеудің пайда болуына Аралық бақылау сұрақтары
1. А.Дистервергтің тәрбие, оқыту, оқыту принциптері мен ережелері және мұғалімге қойылатын еңбектері туралы пікірі. 2. XIX ғасырдың ІІ –ші жартысындағы Ресейдегі білім беру жүйесі. 3. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақстандағы мектептер. 4. Әл-Фарабидің педагогикалық көзқарасы. 5. К.Д.Ушинскийдің оқыту мен тәрбие процесіндегі ана тілінің рөлі және тәрбиенің халықтық сипатта болуы туралы пікірлері. 6. VI-ХІІІ ғғ. Русьегі тәрбие жүйесі. 7. А.С.Макаренконың ұжым, еңбек және жанұя тәрбиесі туралы пікірі. 8. Ш.А.Амонашвилидің гуманистік пікірлері. 9. Джон Локктың тәрбие мазмұны (дене, ақыл-ой, діни, адамгершілік, еңбек тәрбиесі ) туралы пікірі. 10. Кеңес дәуіріндегі педагогика мен мектеп. 11. К.Д.Ушинскийдің еңбек және оның тәрбиелік мәні туралы пікірлері. 12. Марк Фабий Квинтилианның педагогикалық көзқарасы. 13. И.Ф.Гербарттың дидактикалық кеңестері мен адамгершілік тәрбиесінің міндеттері туралы пікірі. 14. 1917-1919 жылдардағы Кеңестер одағындағы білім беру жүйесі. 15. В .А.Сухомлинскийдің негізгі еңбектері. 16. Р.Оуэннің педагогикалық қызметі мен 4-деңгейлі мектеп жүйесі. 17. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық қызметі мен көзқарасы. 18. А.Байтұрсыновтың 20 –шы жылдары қазақ халқының рухани көсемі аталу себебі. 19. Л.Н.Толстойдың педагогикалық көзқарастары мен қызметі. 20. И.Г.Песталоццидің жеке пәндерді оқыту әдістері туралы пікірі. 21. Француа Рабленің педагогикалық идеялары мен еңбегі. 22. Месопотамиядағы мектептердің мақсаты.. 23. К.Д.Ушинскийдің оқыту, оқытуды ұйымдастыру туралы пікірі. 24. Н.И.Пироговтың халыққа білім беру жүйесі. 25. Рим империясындағы білім мен тәрбие жүйесі. 26. 1921-41 жылдардағы кеңес мектебі мен педагогикасы. 27. А.С.Макаренконың педагогикалық қызметі мен пікірлері. 28. Ертедегі шығыс елдеріндегі тәрбие мен оқу ісі. 29. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарастары мен қызметі. 30. Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі мен көзқарасы. 31. Құлдық қоғамдағы тәрбиенің ерекшеліктері. 32. XVIII-ші ғасырдағы ағарту саласындағы реформалар (Л.Ф.Магницкий, Н.И.Новиков). 33. Ш.Уалиханов пен А.Құнанбаевтің педагогикалық көзқарасы. 34. Р.Оуэннің Нью-Лэнарктегі педагогикалық тәжірибесі. 35. К.Д.Ушинскийдің мұғалім туралы пікірі. 36. А.Я.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы. 37. А.Дистервегтің педагогикалық қызметі мен дидактикалық пікірлері. 38. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы мектеп реформалары: а) Бастауыш халық училищелерінің жағдайы; б) Гимназия мен прогимназия уставтары; в) Жоғары мектеп реформасы. 39. Кеңес өкіметіне дейінгі Қазақстандағы мектептердің түрлері. 40. И.Ф.Гербарттың педагогикалық теориясы. 41. Д.Локктың тәрбиенің мақсаты және оны ұйымдастыру туралы пікірі. 42. Ж.Аймауытовтың педагогикалық көзқарасы. 43. Ж.Ж.Руссоның табиғи тәрбие теориясы. 44.Н.А.Добролюбовтың педагогикалық көзқарасы. 45. ХХ-шы ғасырдың ІІ –ші жартысында Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар. 46. Көрнекті грек философтары Аристотель мен Платонның педагогикалық ойлары 47. Д.Локк пен Ж.Ж Руссоның саяси әлеуметтік, педагогикалық көзқарастары. 48. Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы мектептер жүйесі. 49. Я.А.Коменскийдің адамгершілік және мектептегі тәртіп туралы пікірлері. 50. А.Н.Герценнің педагогикалық көзқарасы. 51. Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрлері. 52. Сократ пен Демокриттің педагогикалық көзқарастары. 53. Француз материалистерінің философиялық көзқарастары. 54. Ы.Алтынсариннің шығармаларының тәрбиелік мәні. 55. Я.А.Коменскийдің педагогикалық қызметі мен көзқарасы. 56. В.Г.Ломоносов пен А.И.Радищевтің қызметі. 57. С.Торайғыровтың оқу ағарту ісіне сіңірген еңбектері.
|