Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Астана – 2013


Date: 2015-10-07; view: 650.


Хаттама № __________

БЕКІТЕМІН

Реєстрація інвалідності населення

nОдиниця спостереження: Випадок стійкої втрати працездатності (інвалідності)

nОблікові документи:

ØНаправлення на МСЕК (ф. № 088/о)

ØСтатистичний талон до акту обстеження МСЕК

nДжерела інформації:

ØЗвіт про причини інвалідності, показання до медичної і соціально-трудової реабілітації (ф. № 14)

ØДокументи і бази даних Державного пенсійного фонду

 

Інвалідність: методика розрахунку та аналізу показників:

Коефіцієнт загальної інвалідності (контингентів інвалідів)

заг.кільк.осіб що отримують пенсії внаслідок інвалідності/середньорічна чис.насел*1000

Коефіцієнт первинної інвалідності (інвалідизації)

Кількість осіб вперше визнаних інвалідами/сер.річ. чисельність населення*1000

 

Структура загальної і первинної інвалідності: розраховується за захворюваннями, віком, статтю, групами інвалідності, причинами виходу на інвалідність (в % до загальної кількості)

 

Қазақстан тарихы кафедрасының

меңгерушісі, т.ғ.к.

Ө.Ж. Бекмағанбетов

_____________________________

«____»_______________2013 ж.

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР мен ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

СОӨЖ

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің бакалавриаттың барлық мамандықтары үшін «Қазақстан тарихы» пәні бойынша СОӨЖ үшін әдістемелік нұсқауды дайындаған оқытушы Е.Зайтхан

Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді

« »____________2013 ж. ( № хаттама)

Кафедра меңгерушісі___________т.ғ.к., аға оқытушы Ө.Ж. Бекмағанбетов

 

Тақырып 1. Қазақстанның ежелгі тарихы

Сабақтың мақсаты –Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметінің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстан территориясындағы тас, қола дәуірінің ескерткіштерінің ерекшеліктеріне, адам санасының даму сатысына сәйкес еңбек құралдарының жетілу үрдісіне сипаттама беру,

Әдістемелік нұсқаулар: Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Тас дәуірінің кезеңдерін анықтап, осыған сәйкес өндіргіш құралдарының даму сатыларын көрсету.

Қазақстан территориясындағы қола дәуірі мәдениетінің ерекшеліктеріне, кезеңделуі мен жерлеу ғұрыптарына тоқталу. Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды: қола металлургиясы, бақташылық және егіншілік. Осы ерекшеліктерге мәдени ескерткіштер арқылы сипаттама беру.

 

 

Тапсырмалар:

1. Кестені толтырыңыз:

 

Тас дәуірінің кезеңдері Тұрақтардың атауы, Орналасқан территориясы Табылған заттар Қазба жұмысын жүргізген археологиялық экспедициялар
         
         
         

 

2. Ғалымдардың зерттеуі бойынша адамның шығуы, оның дамуы ұзақ уақытты бастан кешірді. Ежелгі адамдардың дене бітімінің ерекшеліктеріне, кезеңдерге сәйкес адам түрлеріне сипаттама беріңіз:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

3. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындарына Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындарының табылуы дәлел. Қола дәуірінде кен өндірудің қандай әдістері болған: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Орталық Қазақстанда көп жылдар бойы археологиялық зерттеу жұмысын жүргізген академик Ә.Х. Марғұланның өміріне, шығармашылығына тоқталыңыз:

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

5. Қола дәуірінің ескерткіштеріне берген атауларына, тұрақтарына сипаттама беріңіз:

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Қола дәуірінің кезеңдері Тұрақтары Жерлеу ғұрпы
1. Нұра кезеңі    
2. Атасу кезеңі    
3.Беғазы-Дәндібай кезеңі    

 

Қола дәуірінің басты үш ерекшілігіне сипаттама беріңіз:

Қола металлургиясы:

__________________________________________________________________

Бақташылық:

__________________________________________________________________

Егіншілік:

__________________________________________________________________

 

 

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 -томдық. Т. 1, А. 1996.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана, 2000.

4. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. А.,1995.

5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2008.

6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.

Тақырып 2. Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттік бірлестіктер

Сабақтың мақсаты –Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б.з.б. I мыңжылдықта пайда болды. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн. Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қоғамда мүлік теңсіздігі-топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш - мемлекет. Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің саяси тарихы мен қоғамдық құрылысындағы ерекшеліктерге сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқаулар:Қазақстан территориясында мекен еткен ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылымдық ерекшеліктеріне, саяси оқиғаларына, өзара тарихи байланыстарына тоқталу.

Ғұндарды ықпалды мемлекетке айналдырған Мөде тәңірқұтының заманындағы саяси оқиғаларды баяндау.

Тапсырмалар:

1. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Сақ тайпалары неше топқа бөлінген:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

2. Сақтардың шаруашылығы.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Сақтардың ұйымдық сипаты және әлеуметтік құрылымы.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

2. Кестені толтырыңыз:

 

Сақтардың қорымдары Орналасқан территориясы Қорымдардың ерекшеліктері Табылған заттарға сипаттама
       

 

3. Кестені толтырыңыз.

 

Ежелгі мемлекеттік бірлестіктер Территориясы Қоғамдық құрылысы Археологиялық ескерткіштері Шаруашылығы
         
         
         

 

4. Ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған Мөде шаньюйдің кезіндегі саяси оқиғаларға тоқталыңыз:

________________________________________________________________________________________________________________________________

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 -томдық. Т. 1, А. 1996.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана, 2000.

4. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. А.,1995.

5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2008.

6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.

7. Гумилев Л.Н. Хұндар. А., 1998.

8. Акишев К.А. Курган Иссык. А-А., 1978.

9. Жандарбеков Б. Саки. А., 1998.

3-тақырып. Қазақстан тарихындағы түрік дәуірі

Сабақтың мақсаты –VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген. Еуразияның кеңістігінде елеулі із қалдырған түркі тарихына жан-жақты тоқталып, түрік мемлекеттерінің өзара ортақ байланысын анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар:Ежелгі түрік тайпалары одағының қалыптасуы туралы айтып беру.Қазақстан территориясында құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін қарастыру. Түрік қағанатының халықаралық байланыстарын анықтау. Мәдениет пен қолөнерді кеңірек қарастыру. Ежелгі түрік империясының Орталық Азия халықтарының тарихындағы алар орнын қарастыру. Жер иеленудің түрлері. Иқта институтының әлеуметтік-таптық мәнін ашып көрсету. Түріктердің наным-сенімдері мен өнеріне салыстырмалы сипаттама беру. Ғылым мен мәдениеттің дамуын қарастыру. Қалалардың өсуі мен сәулет құрылыстарына тоқталу.

Тапсырмалар:

1. «Түрік» этнонимінің тұңғыш рет аталуы 542 жылы қытай шежірелерінен кездеседі. Осы сөздің мағынасына түсінік беріңіз.

________________________________________________________________

 

2. Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті жайлы толық мағлұмат беріңіз.

3. «Орхан-Енисей» ескерткішінің табылған жері, ескерткіште жазылған сөздердің тарихи оқиғаларға байланыстылығы жөнінде

________________________________________________________________

 

5. «Қазақстан территориясындағы түрік мемлекеттері» атты кестені толтырыңыз.

________________________________________________________________

 

Мемлекеттің атауы Хроноло-гиясы Территориясы мен астанасы Саяси оқиғалар жылнамасы Әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері
Түрік қағанаты        
Батыс түрік қағанаты        
Түргеш қағанаты        
Қарлұқ қағанаты        
Оғыз мемлекеті        
Қимақ мемлекеті        
Қыпшақ хандығы        
Қарахан мемлекеті        

 

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 1, А. 1996.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана, 2000.

4. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. А.,1995.

5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2008.

6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.

7. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. А., 1999.

8. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. А., 1996.

9. Шәлекенов У.Х. Түріктердің отырықшы мәдениеті. А., 2003.

 

4-тақырып. Қазақстан моңғол дәуірінде (ХІІІ-ХV ғғ.)

Сабақтың мақсаты –Моңғол шапқыншылығының барысы мен салдарына, сондай-ақ Қазақстан территориясындағы этникалық процеске тигізген кері әсеріне жан-жақты тоқталу.

Әдістемелік нұсқаулар:Моңғол және татар тайпалары, олардың қоныстануы мен қоғамдық-саяси құрылысына тоқталу. Шыңғысханның ұлы жиһангер ретіндегі өсу жолына талдау жасау. Моңғолдардың Қазақстанға басып кіруі мен Отырар, Сығанақ қорғанысын ауқымды қарастыру. Жошы, Үгедей, Шағатай ұлыстарының құрылуына тоқталу. Алтын Орданың ішкі-сыртқы саясатын қарастыру. Алтын Орданың Евразиядағы тарихи оқиғаларға әсерін анықтау.

Тапсырмалар:

1. Шыңғысханның әлемдік тарихта алатын орнын анықтаңыз.

2. Моңғолдардың жаулап алған жерлерін және Қазақстанның территориясында құрылған ұлыстардың аумағын картаның эскизінде сызыңыз.

3. Шыңғысхан әскеріндегі тәртіп күші немен ерекшеленді? Шыңғысхан мемлекетінің қалыптасуында әскердің рөлі қандай болды?

4. Шыңғыс ханның жаулап алған жерлерін өз ұлдарына бөліп бергені белгілі.

Ұлдарына қай территояларды бөліп берді:

Жошы Ұлысы ___________________________________________________

________________________________________________________________

Шағатай Ұлысы____________________________________________________

________________________________________________________________

Үгедей Ұлысы _____________________________________________________

________________________________________________________________

Төле ұлысы _______________________________________________________

 

6. Алтын Орданың құрамына кірген халықтардың этникалық құрамы, шаруашылығы қандай болды? Алтын Орда неше хандыққа ыдырады?

________________________________________________________________

________________________________________________________________

 

Мемлекеттің атауы Хроноло-гиясы Территориясы мен астанасы Саяси оқиғалар жылнамасы Әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері
Алтын Орда        
Ақ Орда        
Моғолстан        
Ноғай Ордасы        
Сібір хандығы        
Әбілхайыр хандығы        

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 2, А. 1998.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана, 2000.

4. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. А.,1995.

5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2008.

6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.

7. Әбілғазы. Түрік шежіресі. А., 1998.

8. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. А., 1996.

9. Кычанов Е. Жизнь Темучжина, думавшего покорить мир. А., 1992.

 

5-тақырып. XV-XVI ғғ. Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты –Қазақ хандығының құрылуының қандай алғышарттарына болғанына, хандықтың саяси-экономикалық даму жағдайына тоқталу.

Әдістемелік нұсқаулар:Қазақ хандығының құрылуына себепші болған жағдайларды айқындау. Әбілхайыр хандығының әлсіреу себептеріне тоқталу.

Қазақ халқының құрамына енген этникалық компоненттерді анықтау. «Қазақ» этнониміне анықтама беру

Қазақ жерлерінің қазақ мемлекеттілігі шекарасына бірігуіне тоқталу. Қасым ханның ішкі-сыртқы саясатын қарастыру. Қасым хан тұсында қазақ хандығы аумағының кеңеюі. Моғол билеушілерінің Жетісудан Қашқарияға кету себептерін ашып көрсету.

Тапсырмалар:

1.Қазақ халқының ортағасырлық ғылыми тарихын жазуда дерек көзі ретінде екі еңбектің орны бөлек. Олар Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-и-Рашиди» және Қадырғали би Қосымұлының ХVІ ғ. соңы мен ХVІІ ғ. алғашқы жылдары жазылған (1602 жылы аяқталған) «Жылнамалар жинағы» еңбегі. Жоғарыда аты аталған адамдар және олардың еңбектері жайлы айтып беріңіз.

2. Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары туралы айтып беріңіз:

Экономикалық алғышарттар –

Этникалық алғышарттар –

Саяси алғышарттар –

3. Қазақ этногенезінің қайнар көздері және қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдеріне тоқталыңыз. «Қазақ» этнонимі туралы айтып беріңіз.

4. «Қасым ханның қасқа жолы».

Өзінің мазмұны жағынан бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі диктатура арнасына барып тіреледі. Халық Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті. Бұл заңға кірген ережелерді толтырыңыз.

 

1. Мүлік заңы-_______________________________________________________

2. Қылмыс заңы- _______________________________________________________

3. Әскери заң- _______________________________________________________

4. Елшілік жоралары- _______________________________________________________

5.Жұртшылық заңы- _______________________________________________________

 

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 2, А., 1998.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана, 2000.

4. Құдайбердиев Ш. Қазақ, қырғыз, түрік һәм хандар шежіресі. А., 1990

5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2008.

6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.

7. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди. А., 1999.

8. Абусеитова М. Казахстан и Центральная Азия в ХУ-ХУІІ вв.:история, политика, дипломатия. А., 1998.

 

6-тақырып. XVII ғ. Қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты –ХVІІ ғ. қазақ хандығының саяси тарихы мен дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылысының ерекшеліктерін ашып көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар:Қазақ хандарының ішкі саясатына тоқталу. Қазақстанның Орта Азия, Сібір хандықтарымен қарым-қатынасын анықтау. Жәңгір ханның Жоңғариямен азаттық үшін соғыстарының барысын ашып көрсету. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетіне жан-жақты тоқталу. Халық шығармашылығы мен батырлық эпостарды қарастыру. Халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері және қазақ халқының діни наным-сенімдеріне кеңірек тоқталу.

Тапсырмалар:

1. ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениетіне тоқталыңыз.

2. «Қазақ хандары» атты кестені толтырыңыз.

 

Хан Билеген жылдары Ішкі саясаты Сыртқы саясаты
       

3. Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үйдің түрлері мен құрылысы туралы айтып беріңіз. Киіз үйден басқа баспананың қандай түрлері болды?

4. Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» құрастыруға қазақтың билері қатысты. Билердің қазақ қоғамында алатын орнын айқындаңыз және шешендік, тапқырлық дана сөздеріне тоқталыңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер).

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 2, А. 1998.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана, 2000.

4. Құдайбердиев Ш. Қазақ, қырғыз, түрік һәм хандар шежіресі. А., 1990

5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2008

6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.

7. Кәрібай Б. Түркістан және Қазақ хандығы. А., 1999.

8. Абусеитова М. Казахстан и Центральная Азия в ХУ-ХУІІ вв.:история, политика, дипломатия. А., 1998.

 

7-тақырып. ХVІІІ ғ. Қазақстан. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы

Сабақтың мақсаты– Қазақ халқының Ресейге қосылуының тарихи алғышарттары мен барысына, сипатына тоқталып, Абылай ханның қазақ халқының тарихында алатын орнына баға беру.

Әдістемелік нұсқаулар:ХVІІІ ғ. бірінші жартысындағыҚазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын анықтау. Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі мен ХVІІІ ғ. 20-40 жылдарындағы Қазақстанға жоңғарлардың басып кіруінің себептерін түсіндіру. Ордабасындағы қазақ ақсақалдарының съезі- территориялық тұтастықты сақтап қалу мен өзара келісімге келудің алғашқы қадамы. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресін қарастыру.

Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи алғышарттарын қарастыру. Кіші жүз және ішінара орта жүз рулары қазақтарының Ресей империясы билігін қабылдауы.

Абылайдың ішкі және сыртқы саясатын кеңірек қарастыру. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі қазақ батырларының рөлін ашып көрсету.

Тапсырмалар:

1.Абылайдың сыртқы саясаты.

2. Жоңғарларға қарсы күрестегі қазақ батырларының рөлін анықтаңыз. Қазақ батырларының ерлігіне тоқталыңыз (Бөгенбай, Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Наурызбай, Малайсары).

3. Не себепті қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырап, жоңғарларға тойтарыс бере алмады? Себебін ауқымды түрде түсіндіріңіз.

4. «Елім - ай» жоқтауының авторы Қожаберген жырау туралы айтып беріңіз.

 

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 3, А. 2002.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана, 2000.

4. Құдайбердиев Ш. Қазақ, қырғыз, түрік һәм хандар шежіресі. А., 1990

5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2008.

6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.

7. Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. А., 1999

8. Мамырұлы К. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. А., 1994.

9. Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758 гг.). М., 1983.

8-тақырып. XIX ғасырдағы Қазақстан

Сабақтың мақсаты –ХІХ ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталып, әкімшілік-территориялық реформалардың мәнін ашып көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар:Ресейдің Қазақстандағы ықпалының күшеюі. Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылу себептерін ашып көрсету. Әкімшілік басқарудағы өзгерістер. XIX ғ. 60-90 жж. әкімшілік-территориялық реформалардың мәнін ашып көрсету.

XIX ғ. 80-90 жж. қоныс аудару саясаты. Өлкеге капиталистік қатынастардың енуі. Сауда мен жәрмеңкелердің дамуы. Кәсіпкерліктің пайда болуы.

Қазақстанды зерттеудегі орыс ғалымдарының қосқан үлесін айқындау. Қазақ ағартушыларының қызметін көрсету.

Тапсырмалар:

1.«ХІХ ғ. патша үкіметінің Қазақстандағы әкімшілік – территориялық реформалары» атты кестені толтырыңыз.

 

Реформа Қабылдаған жылы Мазмұны Реформалардың салдары
       

 

2. ХУІІІ-ХІХ ғғ. Ресей үкіметінің қазақ жеріне бекіністер мен шептерді салудағы мақсатын ашып көрсетіңіз.

3. «ХІХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері» тақырыбына әңгіме құрастырыңыз.

4.Қазақстанды зерттеген орыс ғалымдары мен зиялыларының қызметіне тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 3, А. 2002.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана, 2000.

4. Абдиров М. История казачество Казахстана. А., 1994

5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2008.

6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.

7. Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг. А-А., 1965

8. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында. А., 1994.

 

9-тақырып. ХVІІІ ғ. аяғы-ХІХ ғ. қазақ халқының отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресі

Сабақтың мақсаты –Қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық күресінің барысы мен сипатына тоқталу және көтерілістердің өзара байланыстарын анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар:Сырым Датұлыбастағанкөтерілістің себептеріне, барысына, сипатына және қозғаушы күштеріне тоқталу. Патша үкіметінің Кіші жүзде хандық билікті жоюға және оны қайта қалпына келтіру әрекеттерінің себептерін ашып көрсету. Көтерілістің әлсіреуі, оның жеңілу себептері және көтерілістің тарихи маңызына тоқталу. Сырым батыр бейнесі халық шығармашылығы мен тарихи әдебиетте.

Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілістің қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері мен жеңілу себептерін қарастыру. ХІХ ғ. 50- жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі. Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістер.

Бөкей Ордасындағы жер мәселесінің шиеленісуі. Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы халық көтерілісінің барысы, қозғаушы күші мен қорытындысына тоқталу.

Тапсырмалар:

1. Сырым Датұлы – әрі батыр, әрі шешен. Сырымның батырлығы мен шешендігі жайлы айтып беріңіз.

2. Бөкей Ордасының ханы Жәңгір (1824-1845) және оның реформалары туралы айтып беріңіз.

Қоғамдық – саяси реформасы –

Әлеуметтік – экономикалық реформасы –

Білім берудегі реформа –

3. Тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтап байланған халықтың мұң-мұқтажы мен қайғы-қасіретін жырлаушыларды «Зар заман» мектебінің ойшылдары деп атады. Қазақ халқының тәуелсіздіктен толық айырылып, қазақ жерінің нағыз тонауға түскен – отарлау саясатының ең күшейген кезеңін зар заман мектебінің ақындары торығу, сары уайымға салыну сарынымен жырлады. «Зар заман» мектебінің көрнекті тұлғаларының шығармашылығына тоқталыңыз.

4.Қазақстан территориясындағы ұлт – азаттық көтерілістердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарына тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 3, А. 2002.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана, 2000.

4. Жамбылов Д. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. А., 2001.

5. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында. А., 1994.

6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.

7. Қасымбаев Ж. Кенесары хан. А., 1995

8. Аничков И. Жанқожа Нұрмұхамедұлы. А., 1991.

 

10-тақырып. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

Сабақтың мақсаты -ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталып, қазақ зиялыларының қызметін айқындау және саяси оқиғалардың барысын ашып көрсету болып табылады.

Әдістемелік нұсқаулар:Ресейэкономикасындағы аграрлы мәселе және патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатының күшеюіне тоқталу. Столыпиннің аграрлы реформасының мәнін ашып көрсету.

Қазақстандағы Уақытша үкіметтің саясатының мәнін анықтау. Бірінші бүкілқазақ съезі және оның құжаттарының мазмұнына тоқталу. «Үш жүз» партиясы және оның саяси бағытын анықтау. Эсерлер, кадеттер, социал-демократтар ұйымдары қызметінің белсенділігін қарастыру. Ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтеріне баға беру.

Тапсырмалар:

1. 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда бірінші бүкілқазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бұл қандай мәселелер еді және олар қалай шешілді?

2. ХХ ғасырдың басында Қазақстан халқы көп ұлтты бола бастады. Бұл құбылыстың себебін түсіндіріңіз.

3. ХХ ғ. басындағы ұлт зиялылары (Алаш қайраткерлері – Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Халел мен Жанша Досмұхамедовтер, М.Тынышпаев және т.б. ) және олардың қызметіне тоқталыңыз.

4. 1917 ж Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдардың қызметіне тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 3, А., 2002.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана., 2000.

4. Байтұрсынов А. Ақ жол. А.,1991.

5. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. А., 1995.

6. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.

7. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995.

 

11-тақырып. Қазақстан Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарында (1917-1920 жж.)

Сабақтың мақсаты –Өлкедегі саяси оқиғалардың барысына тоқталып, олардың мәнін ашып көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар:Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктеріне тоқталу. Екінші бүкілқазақ съезі және оның автономия туралы шешімін талқылау.

Саяси ахуалдың шиеленісуін түсіндіру. Азамат соғысы жылдарында қоғамның әскери-саяси жіктелуін қарастырып, «ақ» және «қызыл террордың» мәнін түсіндіру. Азамат соғысының әлеуметтік-экономикалық және саяси нәтижелері.

ҚазАКСР-ның құрылуының алғышарттарына тоқталу.

Тапсырмалар:

1.1917 жылғы қазан революциясының нәтижесінде Кеңес өкіметі орнады. Қазақстанда Кеңес өкіметі қандай жолдармен орнады?

2.1917 ж. 26 қарашада Қоқан қаласында мұсылмандардың ІУ съезі шақырылды. Съезд Түркістан автономиясының (Қоқан) құрылғанын жариялады. Оның басшысы Мұстафа Шоқай болды. М.Шоқайдың қызметіне тоқталыңыз.

3. «Қазақстан азамат соғысы жылдарында».

 

Сұрақтар Жауаптар
Азамат соғысына анықтама беріңіз.  
Партизандық қозғалыстар  
Қазақстандағы Колчак әскерлерін талқандау қай майданға жүктелді және қандай топтарға бөлінді,басшылары кім болды?  
Азамат соғысының соңғы майданы  
Азамат соғысының қорытындылары  
Интервенция,Контрреволюцияға анықтама беріңіз.  

 

4.Төмендегі кестеде Қазақ АКСР жайлы мәлімет берілген. Кестені толтырыңыз.

Атауы ҚАЗ АКСР құру туралы Декрет жыл,айы ҚАЗ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болған жыл,айы ҚАЗ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы ҚАЗ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Астана-сы Аумағы
Қазақ АКСР                        

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 4, А., 2010.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана., 2000.

4. Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. А.,1997.

5. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

6. Шоқай М. Таңдамалы. 1-2 кітап. А., 1998-1999.

7. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995.

 

12-тақырып. Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде ( ХХ ғ. 20 – 30 жж. )

Сабақтың мақсаты –Қызыл саясаттың қазақ халқына тигізген зардабын жан-жақты зерделеу, саяси науқандардың салдарына тоқталу.

Әдістемелік нұсқаулар: ЖЭС-ке өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарына тоқталу. Демографиялық ахуал:1926 ж. Санақтың көрсеткіштеріне тоқталу. Өлкедегі қоғамдық-саяси және идеялық күрес мәселесі. «Кіші Қазан» идеясы және қазақ ауылын күштеп кеңестендіру мәселесін қарастыру. Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының жолдары жөнінде пікір-таластар: мал шаруашылығы мен астық шаруашылығының, индустрияландыру және мәдени құрылыстың болашағы мен проблемаларын талқылау. Ұжымдастыру – шаруалар қасіреті. Индустрияландыру және қор жинау мәселесін түсіндіру. Қазақстанның дәстүрлі құрылымының түпкілікті жойылуы және оның қасіреті, зардаптарын түсіндіру. Шаруалардың қарсыласу көтерілістеріне талдау жасау.

Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуалға кеңірек тоқталу. Саяси террордың мәнін ашып көрсету.

Халыққа білім беру, сауатсыздықты жою мәселесін қарастыру. Қазақ кеңестік әдебиеттің, өнердің қалыптасуы. Ұлттық интеллигенцияның трагедиялық тағдырына тоқталу.

Тапсырмалар:

1. ЖЭС-тің нәтижелері туралы жазыңыз.

2. Хронологиялық кестені толықтырыңыз.. Екі жауап көрсетілген тек дұрыс жауапты кестеге сәйкестендіріңіз.

 

Жылы Оқиғасы Дұрыс жауап
1928 ж. 1929 ж. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы»декрет шығарды.  
1927 ж. 1928ж. Компартияның ХҮ съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.  
1929ж. 1932ж. Қазақ АКСР- інде ұжымдастыруды аяқтауды белгіледі.  
1929ж. І-жартысы. 1929ж. ІІ-жартысы. Республикада ұжымшар құрылысы жедел дамыды  
1928 ж. 1929 ж. Алғашқы МТС құрылды.  
1931-32 жж. 1930-32жж. Аштық етек алды.  
1931-32жж. 1931-33 жж. Республиканың 6,2 млн тұрғынының 2,1 млн-ы аштықтан қырылды.  
1932ж. маусым. 1932ж. шілде. Республика қайраткерлерінің бір тобы – Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев тікелей Ф.Голощекинге ашық хат жазды.  
1933ж. наурыз. 1932ж. наурыз. Т.Рысқұлов И.В.Сталинге елдегі жағдайға байланысты хат жазды  
1928-31ж.ж. 1929-31ж.ж. Қазақстанда қарулы қарсылықтар толқыны болып өтті.  
1931ж. жаз. 1931ж. күз. Жауап жоқ Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарында көтеріліс жасаған шаруалар түгел дерліктей қырылып тасталды.  

 

3.Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы төмендегі кестеде көрсетілген. Кестені толтырыңыз.

 

Жылы,айы Қай жерде Нәтижесі
1929 ж ІХ    
1930 ж. ІІ  
1930ж. ІІІ  
1930 ж. ІІ-Ү  
1931 ж. көктем  

 

4.1.1937-1938 жж. жаппай жазалауда қазақтың көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерлері, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ірі тұлғалары тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Міне, осы қайраткерлердің қызметіне тоқталыңыз (Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин).

4.2.Қазақ өнері мен ғылымының аса көрнекті қайраткерлерінің шығармашылығы туралы жазыңыз.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 4, А., 2010.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана., 2000.

4. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. А.,1992.

5. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. А., 1997.

6. Михайлов В. Хроника Великого джута. А., 1989.

7. Голод в казахской степи. Сборник документов А., 1991.

 

 

13-тақырып. ХХ ғ. 40-60 жж. Қазақстан

 

Сабақтың мақсаты –Ұлы Отан соғысының барысы мен соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталу.

Әдістемелік нұсқаулар:Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы. Қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград үшін шайқастардағы қаһармандық ерліктеріне тоқталу. Қазақстан – майданның ең ірі арсеналы. Майданға көмек көрсететін халық қозғалысы мен Қорғаныс қорына қаржы жинау жұмыстарына тоқталу.

Қазақстан ғалымдарының жауды талқандаудағы ортақ іске қосқан үлесін қарастыру. Концерттік бригадалардың майдандағы еңбектерін бағалау.

«Бекмаханов ісіне» тоқталу. КОКП-ның ХХ-шы съезі мен Сталиннің жеке басқа табынуын жою мәселесін қарастыру. Ауыл шаруашылығындағы дағдарысты жағдайды түсіндіру.

Тапсырмалар:

1.1.Төмендегі кестені толтырыңыз.

  Қала аты Кімдер қатысқан Қандай ерлік көрсеткен
Мәскеу    
Ленинград    
Сталинград    
Қорытынды

 

1.2. «Ғылым мен мәдениет – майданға» тақырыбында әңгіме жазыңыз.

2. Қазақтан шыққан кәсіби тарихшы Е.Бекмахановтың еңбегіне баға беріңіз.

3. Төмендегі кестені толтырыңыз. Тың игерудің нәтижелері мен салдары туралы нақты фактілер келтіріңіз.

 

Жетістігі Кемшілігі
1. 2.      

 

4.1959 жылы Теміртау қаласында жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Бұл оқиғаның себебін түсіндіріңіз және баға беріңіз.

 

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5–томдық. Т. 4, А., 2010.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия)

Астана., 2000.

4. Совет Одағының Қазақстандық Батырлары. 1-2 том. А., 1969.

5. Қонаев Д.А. Өтті дәурен осылай. А., 1992.

6. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992.

7. Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. А., 1992.

8. Козыбаев М.К. Казахстан – арсенал фронта. А-А., 1970.

 

 

14-тақырып. Қазақстан кемелденген социализм дағдарысы және М.С.Горбачевтың реформасы жағдайында (1965-1990 жж.)

Сабақтың мақсаты –тоқырау жылдарындағы Республиканың қоғамдық-саяси өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қайшылықтарға тоқталып, Желтоқсан көтерілісінің мәнін ашып көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар:Ғылыми-техникалық прогресс және1965 ж. Шаруашылық реформаның мазмұнын ашып көрсету. Қазақстанның халық-шаруашылық жоспарларына салыстырмалы талдау жасау. Олардың орындалу барысы және негізгі нәтижелеріне тоқталу. Республиканың саяси өмірі мен ұлт қатынастарына тоқталып, әлеуметтік-демографиялық процестерді ауқымды түрде қарастыру. Қазақстандағы экологиялық жағдайдың ушығуы.

КОКП ОК сәуір Пленумы (1985 ж.), қоғамды демократияландыру мен жариялылықтың мәнін ашып көрсету. Желтоқсан оқиғасы, оның себептері мен барысына тоқталу.

Тапсырмалар:

1.70-80 жж. республиканың дамуындағы қайшылықтар» тақырыбындағы кестені толтырыңыз.

 

Экономикада Әлеуметтік салада Экологиялық салада Ұлттық қатынас-тар саласында
       

 

2.1986 жылы Алматыдағы шеруге қатысқан жастарды басып тастау үшін билік басындағылардың жүргізген шараларын қалай бағалайсыз ? Өз ойыңызды жазыңыз.

Жас демократ Қ.Рысқұлбеков туралы айтып беріңіз.

3.Республиканы жиырма жылдан астам уақыт басқарған Д.А.Қонаевтың қоғамдық-саяси қызметіне тоқталыңыз.

4.1990 ж. 25 қазандағы Қазақстанның егемендігі туралы Декларацияның қабылдануының тарихи маңызы неде?

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5–томдық. Т. 4, А., 2010.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А., 1996.

4. Алматы. 1986. Желтоқсан. 1-2 кітап. А.,1992.

5. Қонаев Д.А. Өтті дәурен осылай. А., 1992.

6. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992.

7. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. А., 1994.

 

15-тақырып. Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың мақсаты -Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуына жан-жақты тоқталу.

Әдістемелік нұсқаулар:КСРО-ның құлау себептерінанықтау. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясына тоқталу. Қазақстан Республикасының конституциясының баптарына тоқталу.

Қазақстан экономикасы нарыққа өту кезеңінде және оның сипаты. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық байланыстарын айқындау. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі мәдени процестерді қарастыру.

Тапсырмалар:

1. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде КСРО-ның құлау себептеріне тоқталады. Осы себептерді анықтаңыз.

2. Екінші рет Конституцияны қабылдау қандай қажеттіліктен туындады?

Түсінік беріңіз.

3.«Н.Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында баяндама жазыңыз.

4. «Қазақстан әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі» атты кестені толтырыңыз.

 

Ұйымның аты Қабылданған уақыты Қызметінің негізгі бағыттары
     

 

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5–томдық. Т. 5, А., 2010.

2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993.

3. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А., 1996.

4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы. А., 1997.

5. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. А., 2003.

6. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. А., 1991.

7. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 1995.

8. Мұхамедов М. Қазақстан әлемдік қауымдастықта. А., 2000.

 

 

Дайындаған оқытушы: Е.Зайтхан

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Реєстрація захворюваності з тимчасовою втратою працездатності | Гісторыя макрамэ
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.291 s.