Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Млн адам 5 page


Date: 2015-10-07; view: 1853.


 

 

ТОҚЫРАУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

І.Қоғамдық –саяси дамудың қайшылықтары

ІІ. Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Ауыл шаруашылығы

ІІІ. Экологиялық дағдарыс және оның салдары.

І.Қоғамдық –саяси дамудың қайшылықтары

1. 1960 жылдардың ортасынан бастп 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы: Тоқырау жылдары

2. Тоқырау жылдары КСРО- дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттің бірі: Египет (Эгославия, КХДР, ҚХР)

3. «Чехолвакия- Прага көктемі» оқиғасы болған жыл: 1968 жыл.

* Бұл елдегі оқиғалар партияны жанартуға, қатып- семіп бара жатқан қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағыталған шаралар үлгісін көрсетті.

4. 1970 жылдардың соңына қарай экономикасында түбегейлі өзгерістер басталған мемлекет: Қытай Халық Республикасы

5. «Кеңес халқының өткен тарихи даму жолының басты қорытындысы кемелденген социалистік қоғам орнату болып табылады» деп айтты: Л.И.Брежнев 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығында.

6.1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясының бірінші хатшысы болып сайланған: Дінмұхаммед Қонаев.

* 1962 жылдан бастап екі жыл Қазқ КСР Министрлер кеңесінің Төрағасы қызметін атқарады.

7. 1964-1986 жылдары Қазақстанда басқарған: Д.Қонаев.

8. КСРО ның соңғы жаңа Конституциясы: 1977 жылы 7 қазан.

9. 1977 жылғы Конституция бойынша «Кеңес қоғамыныңбасты және бағыт беруші күші, оның саяси жүйесінің ұйытқысы»:КОКП

10. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл: 1978 жылы наурыз.

* Қазақстан КП мақұлдауымен Конституция 1978 жылы 20 сәуіде Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс сессиясында қабылдану рәсімінен өтті.

* Сталиннің тұсындағы басқару апараттары ұлтына қарамай көзін жою әдісі арқылы билік басында қаулы көздеген болса, хрущевтік- брежневтік әкішілік «тарихи жаңа қауымдастық- кеңес халқын» жасау ниетін көздеді

11. Алғашқыда 800 студентті біріктірген «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрылды: 1960 жылы.

12. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымын құрған осы қалада оқитын жастар: Мәскеу

13. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымынының идеялықдем берушісі және басты ұйымдастырушысы: Мұрат Әуезов.

14. 1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары: Қадыржанов пен Тайжанов.

15. 1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: «Тайшұбар»

16. 1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым: «Жас қазақ»

17. 1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер: «Гүлдер», «Дос Мұқасан», «Айгүл»

* «Жас тұлпар» ұйымы қазақ жастарының ұлттық санасының өрлеуіне, республикада және одан тыс жерлерде де қоғамдық –саяси ойдың өркендеуіне белгілі дәржеде әсер етті.

18. О.Сүлейменовтың «Аз и Я» тарихи –лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді: 1975жыл

19. 1975жылы жарық көрген О.Сүлейменовтың «Аз и Я» тарихи –лингвистикалық кітабында талқыланған жыр: «Игорь жасағы туралы»

* «Бұл шығармада славяндық және түркілік этностық әлем шекарасында дүниеге келген және онда екі көрші мәдениетінің шындықтары көрініс тапқан»,- деген О.Сүлейменовтың тұжырымы шовинистік өзімшілдік рухта тәрбиеленген (М.Суслов) кейбір орыс зиялыларына ұнамады

20. О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханаларынан алынып тасталған кітабы: «Аз и Я»

21. 1970 жылдары кітабы тауар айналымынан тастап алынған(М.Сусловтың басшылығымен) әйгілі қазақ ақыны: О.Сүлейменов

22. 1979 жылы 16 маусымда жастардың Неміс автономиясын құруға наразылық шеруі болған қала: Целиногрд (Ақмола, Астана)

* Целиноград оқиғасы болған- 1979 жылы 16-19 маусым

23. 1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаның басты себебі: Андропов ұсынған Неміс автномиясын құру

24. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық еткен: А.Коркин

25. 19179 жылғы Қазақстан аумағындағы құрылуға тиіс болған неміс автономиясына аудандары кіруге тиіс облыстар: Павлодар, Қарағанды, Көкшетау.

26. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы : Ерейментау

27. 1979 жылы ұлтаралық қатынастард келенсіз құбылыстардың орын алғандығынның бір көрінісі:

Неміс автономиясы мәселесі

 

* N N Q *

1.1962-1969 жылдар «реформашылдық дүрбелең кезеңі» деп аталды.

2. Кәсіподақтардың негізгі міндеті: еңбеккерлердің әлеуметтік –тұрмыстық жағдайын жақсарту.

3. 1966 жылғы 1 қаңтард кәсіподақтардың 4 млн.мүшесі болды.

4. 1965 жылы республика комсомолының саны: 1 млн- ға жетті.

 

ІІ. Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Ауыл шаруашылығы

28. Жеке адамның ырқымен кету: Валюнтаристік

29. КОКП- ның 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіптіі басқарудың тиімсіз деп жариялаған ұстанымы: Өнеркәсіптік аумақтық.

30. 1965 жылғы КОКП- ң қыркүйек пленумында өнеркәсіпті бсқару жүйесі өзгертілді. Министрліктер құру.

31. 1967 жылға қарай республикадағы жаңаша жұмыс істей бастаған кәсіпорныдар. 193 кәсіпорын. (10%).

32. 1970 жылға жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшкен республика кәсіпорындарының үлесі. 80%.

33. Жамбыл электр станциясы салынды: 1960ж.

34. Қапшағай электр станциясы салынды: 1972ж.

* 1984 жылы республикада электр қуаты 74,6 млрд кВт.сағат (1970 жылы 34,7 млрд кВт.сағ)

35. 1970 жылдар ішіндеАшық әдіспен, өзіндік құны арзан көмір өндірілді: Екібастұз.

* 1984 жылы Қазақстанда өндірілген көмір. 125,5 млн тонна. (Одақ бойынша 17,6%)

36. 1960 жылдардың екінші жартысында мұнай өндіру артқан өңір: Маңғыстау.

37. Өзен кен орнынан алғашқы мұнай алынды: 1965 жылы.

38.1960 жылдың екінші жартысында Өзеннен Жетібай арқылы мұнай, газ құбырлаы тартылған қала: Ақтау

39. ХХ ғасырдың 70-жылдарына қарай республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығына айналды: Шығыс Қазақстан.

* 1960 жылы Өскеменде салынған өнеркәсіп орны: Титан –Магний комбинаты

* 1970-1980 жылдары Шығыс Қазақстан мыс- химия комбинаты салынды.

40. 1960 жылдардың екінші жартысында салынған мұнай-химия зауыты: Атырау мұнай-химия зауыты.

41. 1960 жылдардың екінші жартысында салынған химия-металлургия зауыты. Ертіс химия-металлургия зауыты.

42. 1970 жылдары республитка Одақта жетекші орынға шыққан өндіріс: сары фосфор өндіру.

43. 1984жылы темір кенін өндірудегі жылдық өнімі: 24 млн. т.

44. 1960 жылы Павлодардағы машина жасау зауытының негізінде салынды: Павлодар трактор зауыты.

45. 1960-1970 жылдардың ішінде Семейде салынған зауыт: Арматура зауыты, Кабель зауыты

46. 1960 жылдардың ішінде төмен вольтты аппараттар зауыты салынған қала:Алматы

* Текеліде: аккумулятор зауыты

* Кентау- трансформаторлар зауыты.,

* Өскемен- конденсатор зауыты

47. Өздері тұрған ортаның тазалығын сақтамй, жергілікті ресурстарды үнемді пайаланбаған: Әскери Өнеркәсіп Кешендері (ӘӨК)

48. 1960 жылдардың ішінде былғары аяқ- киім фабикасы салынған қала:Жамбыл

* Мақта- мата комбинаты:Алматы

* Костюмдік штапель маталар комбинаты: Қостанай

* Аяқкиім және шұлық фабркиалары: Қарағанды.

49.1970 жылға қараған шақта жеңіл өнеркәсіп республиканың жалпы өнеркәсіп өнімінің 16% -ын берді.

* 1960 жылдардың алғашқы жартысында ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру және шаруашылық есепке көшіру жаңа қарқынмен жүргізілді.

50. Ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді: 1960 ж соңы

51. 1960 жылдары электрлендіру жұмысы жақсы жүрген облыстар: Шығыс Қазақстан, Семей, Солтүстік Қазақстан.

*. 1965 жылғы республикадағы кеңшарлардың саны. 1521.

52. 1965 жылдың соңында толық шаруашылық есепке көшкен кеңшар саны: 586

53. ХХ ғасырдың 70- ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға үлес қосқан, қағазбастылыққа шектеу қойған: И.Худенко.

54. Әдістемесі «социализмге жат, зиянды» деп танылған Алматы облысындағы кеңшар директоры: Худенко (* абақтыда көз жұмады.)

55. 1970 жылдардың ішінде одақтас республикалар арасында қой санынан алған орны: 2

* 1975 жылғы Қазақстандағы мал (қой)саны: 34,6 млн

56. 1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашлығына шақырып, бастама көтерген аудан: Шұбартау.

* Компартия Қазақстан жастарының алдына қой санын жылдарда 50 млн- ға жуық мақсат етіп қойды. Жастар «50 млн меже емес» деп жауап берді. Қой өсіруші жастар бригадалары алдарына қойылған міндеттерін орындай алмады. Мал басы көбейе қоймады, керісінше, азайып кетті.

7. 1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болған облыстар: Қызылорда мен Атырау.

* 1979 жылғы санақ бойынша Алматыдағы қазақтардың үлесі: 11 %

 

Экологиялық дағдарыс және оның салдары

58. Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналған жыл: 1950 ж.

59. Батыс Қазақстан жеріндегі ядролық полигон. Капустин Яр.

60. Семей полигонында алғашқы ядролық сынақ өткізілді: 1949 жылы.

61. Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылыстар жасалды: 1949-1963 жж.

62. Семей полигонында 1949 жылдан 1963 жылға дейін ауада өткізілген ашық ядролық жарылыстардың саны. 113.

63. 1964 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықта Семей полигонында жасалған жерасты жарылысы: 343

64. Кеңес еліндегі ядролық сынақтардың Семей жерінде өткізілгені: 70%.

65. Семей полигонының зардабын шеккен облыстар: Семей, Қарағанды, Павлодар, Өскемен.

66. Қазақ жерінде ядролық қалдық көметін орындарының саны: 300

67. ХХ ғасырдың ортасынан суы тартылып, Қазақстан, Орта Азияға үлкен экологиялық апат әкелді: Арал теңізі

* *--- Р S Н* Арал теңізінің суы- 3 есе тарылды

*Арал теңізінң құрғап қалған табаны- 30 мың шаршы шақырым

* Басты себеп: Сырдария мен Әмдуария өзендерінің суын пайдалануға ысырапқа жол берілуі.

68. Экологиялық дағдарыстың шиеленісуі көрініс берген қалалар: Қарағанды, Өскемен.Алматы

* Зауыттарда, фабрикаларда, кен орындарында көп жылдар бойы технологиялық үрдістер жаңартылмады, табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану ескерілмеді.

 

 

ҚАЗАҚСТАН ТҮБЕГЕЙЛІ БЕТБҰРЫСТАР КЕЗЕНІНДЕ

І. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары

ІІ. Демократияланыдру үрдісінің одан әрі жалғасуы.

ІІІ. Экономикада қалыптасқан жағдай.

І. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары

1.КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыты қабылданды: 1985 жылы сәуір.

2. КСРО-да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам жасалды. 1987 жылы.

3. Қырық жылдан астам Қазақстан өкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған: Д.Қонаев.

4. 1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады: Г.Колбинді

* Г.В.Колбин Ульяновск облыстық партия комитетін басқарған болатын. Бұрынырақ Грузияда республикалық партия ұйымының екінші хатшысы болып істеді. Ресейдің әр жерінде түрлі қызметтер атқарған Г.В.Колбин Қазақстан картадан ғана білетін, республик үшін бөгде адам еді.

5. 1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумын жүргізген КОКП ОК- нің хатшысы: Г.Разумовский.

6. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кезінде дені студент және жұмысшы жастар жиналған алаңның қазіргі атауы: Республика алаңы

7. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар: «Бұрқасын-86»

8. Желтоқсан оқиғаларына қатысқан жастарға тағылған айдар:«Ұлтшылдық», «Қылмыстық.»

* Алматыға арнайы жіберілген КОКПОК Саяси бюросының мүшесі М.С.Соломеневтің нұсқауымен, КСРО- ның барлық бұқаралық ақпарат құралдары желтоқсан оқиғаларын «маскүнемдер мен нашақорлықтың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірілді.

9. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны 8500-ге жуық

10. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жоғары оқу орындарынан шығарылды: 246 студент

* 12 ЖЖ-ның ректорлары орнынан түсірілді.

11. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендердің саны: 2

*Сотталған адамдардың саны:99

* *--- Р S Н* * Жарақат алды -1720

*ІІМ Жүйесімен жұмыстан қуылғандарының саны:1200

*Наразылық бейбіт және саяси сипатта болды.

* Шеруді басу үшін қатысқан жазалаушылар саны- 16мың

*Колбиннің шын мәнінде атқарған қызметі – генерал- губернатор

12. «Жасақшы Савицкийді өлтірді» деп айып тағылған, жас демократ, жалынды ақын Қ.Рысқұлбеков

13. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жігерлі жас, жалынды ақын: Қ.Рысқұлбеков

14. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы: М.Шаханов

* N N Q *1. Қ.Рысқұлбековқа «Қалық Қаһарманы» атағы берілді: 1996 жылы 9 желтоқсан

2. «1986 жылы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жаапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Президент жарлығы шықты: 1991 жыы 12 желтоқсан.

3. 17 желтоқсан- Демокртиялық жаңару күні

 

 

ІІ. Демократияланыдру үрдісінің одан әрі жалғасуы.

Қайта оралған есімдер және тіл саясаты.

· 1988 жылы ҚазақстанКомпартиясы Оталық Комитетінің қаулысымен 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды (бес арыстың есімдері хаыққа қайтарылды.)

15. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған көрнекті ақын, философ: Ш.Құдайбердиев (1858-1931)

16. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған жазушы әрі ғалым: Ж.Аймауытов (1889-1931)

17. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог : М.Жұмабаев(1833-1938)

18. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған-тіл, әдебиет, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған: А.Байтұрсынов

* *--- Р S Н*1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған- жазушы, педагог-М.Дұлатұлы (1885-1935)

* Қазақ және орыс тілдері туралы Қаулылар шықты: 1987

19. «Қазақ КСР- індегі Тілдер Туралы қазақ КСР- нің Заңы» қабылданды: 1989 жылы 22 қыркүйек

20. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымыа дейін бір жылдың ішінде ашылған республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін балбақшаның саны: 482

21. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымыа дейін бір жылдың ішінде ашылған республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін мектептің саны: 155

* Қазақ тілінде тәлім беретін кәсіп- техникалық училищеер саны: 4

 

Қоғамдық- саяси бірлестіктер

22.1989 жылдың 28 ақпанында құрылғанАнтиядролық, экологиялық қозғалыс: «Невада-Семей»

23. «Невада-Семей» антиядролық, экологиялық қозғалысының жетекшісі: О.Сүлейменов

* Қозғалыс Семей полигонын жаптыру міндетін алдына қойды. Сонымен қатар әлемдегі аса ірі полигондардың бәрін жою, әскери мақсаттағы- ядролық соғыс қаупін ыдырату сияқты ғаламдық мәселелерді көтерді.

*--- Р S Н*«Невада-Семей» қозғалысының әлемдегі ірі полигондарды жою мақсатындағы формуласы- 5-5

24. 1990 жылдың жазында құрылған азаматтық қозғалыс: «Азат»

25. «Азат» азаматтық қозғалысын ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы: Қазақстанның егеменді ел болуы

26. Қазақстанда тұратын славян текті жұрттар өкілдерінің мүдделерін қорғау ниетін көздеп құрылған қоғам : «Славян»

* Қазақстандық немістердің ұйымы: «Видергебург» («Қайта өрлеу»)

27. 1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғамдық бірлестіктердің саны: Жүзден астам

28. «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң» қабылданды: 1991 жылдың маусымында.

29.1989 жылдың маусымында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болған қала: Жаңаөзен.

* Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруіне сбеп болған : әлеуметтік мәселелер

* Жаңаөзен оқиғалары сырттай қарағанда ұлтаралық қақтығыс сипатта өтті.

30. 1989 жылдың шілдесінде жұмысшылардың бас көтеруі болған қала: Қарағанды.

31. 1989 жылдың шілдесінде Қарағандыдағы кеншілер ереуілін тыныштандыру үшін шұғыл келген Қазақстанның басшысы: Н.Назарбаев.

* Екі жақ орталық ведомстволарының монополияық биліктеріне наразылықтарын білдіріп, экономикалық дербестікті жақтады.

32 Кеңес Одағы Ауғанстандағы басқыншы әскерін алып кетуді аяқтады: 1989 жылы маусым

33. Прагада Варшава шарты ұйымының жұмысы тоқттылды: 1991 жылы.

* N N Q *1. Бактерологиялық полигондар(Арал теңізі): Барскелмес, Возрождение аралдырында

2. 1991 жылы 28 тамызда Презиент Н.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қо қойды.

3. 1993 жылы Презиент Н.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды.

 

 

ІІІ. Экономикада қалыптасқан жағдай.

34. 1988 жылы республикадан сыртқа шығарылған өнімнің бағасы : 6,7 млрд.сом

35. 1988 жылы Қазақстанға сырттан әкелінген өнімнің бағасы: 13,8 млрд. сом

36. 1990 жылдары Қазақстанның сыртқа шығарған өнімінің негізі: Шикізат және жартылай дайын өнім

37. 1980 жылдардың соңына қарай Қазақстанның сыртқа шығарған өніміндегі шикізаттар мен жартылай дайын өнімдердің үлесі: 97 %

38. 1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстан үкіметі қабылдаған заң: «Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақ туралы», «Қазақ КСР-індегі шетел инвестициялар туралы»

*--- Р S Н*1990 жылдың ішінде әр түрлі экономикалық ассоциациялардың, корпорациялардың құрылуы сауданың көлемін арттырды: 1,5 есе

39. 1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстанда құрылған банк: Сыртқы экономикалық банк

* Сонымен қатар республикалық сыртықы экономикалық байланыс министрлігі құрылды.

40. 1990 жылы құрылған Қазақстан мен Сауд Арабиясының бірікен банкі. «Әл-Баракабанк Қазақстан».

41. Қазақстанның Сауд Арабиясымен біріккен «әл-Баракабанк-Қазақстан» банкі құрылды 1990 жылдың қарашасында


<== previous lecture | next lecture ==>
Млн адам 4 page | Млн адам 6 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.421 s.