Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Млн адам 7 page


Date: 2015-10-07; view: 763.


3.1991 ж қыркүйек- Қазақстанның азаматтық қозғалысы «Азат» негізінде «Қазақстанның Республикалық партиясы»

4.1991 жылы 5 қазан- «Қазақсанның Халық Конгресі партиясы»

5.1991 жылы қараша- «Қазақстанның демократиялық прогресс партиясы»

6.1993 жылы ақпан- «Қазақстанның халық бірлігі»

7.1994 жылы желтоқсан- «Қазақстанның халықтық- кооперативтік партиясы»

8.1995 жылы қаңтар- «Қазақстанның өрлеу партиясы»

9.1995 жылы басы- «Қазақстанның аграрлық партиясы»

10.1995 жылы жаз- «Қазақстанның демократиялық партяиясы»

11.1998 жылы қараша- «Ақ жол» қоғамдық қозғалысы

12.1999 жылы қаңтар- «Отан»

13.1999 жылы 14 қаңтар- «Қазақстанның отаншылдар» партясы

14.2001 жылы қараша – «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық- саяси бірлестік

15.2003 жылы желтоқсан- «Асар» партиясы құрылды.

 

 

Тарихи анықтама

-1913-1915- Аграрлық –демократиялық бағыттағы «Айқап» журналы (бас редакторы М.Сералин)

-1913-1918 ж- Либералдық- демократиялық бағыттағы «Қазақ» назеті шықты

-1914 ж. 1 тамыз- 1918 ж. 11 қараша Бірнші Дүниежүзілік соғыс

-1916 ж. 25 маусым- Патшаның Орта Азия мен Қазақстан бұратаналарын майдан шебіндегі қорғаныс құрылыстарын салу жұмыстарына шақыру туралы жарлығы. 19 –дан 43- жас аралығындағы 500 мыңдай жігіт алынатын болды. Жарлық -1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысың себеп болды.

-1916ж.шілде- тамыз- Қазақ демократияшыл зиялыларының халыққа үндеуі.

-1916 ж.23 тамыз- генерал Курпаткиннің құпия бұйрығы бойынша әскерге алудан босатылғандар: қызметтегілер, мұсылман дінбасылары, бұратаналардан шыққан полиция қызметекерлері, есепшілер мен бухгалтерлер.

-1916-1917 ж.- Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт- азаттық көтеріліс.

-1917 ж. 27 ақпан- Ресейдегі Ақпан буржуазиялық –демокартиялық революциясы

-1917 ж.- Уақытша Үкіметтің,еңбекшілер Кеңестері мен қазақ комитеттерінің құрылуы.

-1917ж – Бүкілресейлік мұсылман съезі

-1917ж- Майданға алынғандарды қайтару.

-1917ж- Орынбордағы І Бүкілқазақ съезі.

-1917ж- «Шура ислами» партиясының құрылуы.

-1917ж 25 қазан- Ресейдегі Қазан революциясы.

-1917 ж. 21- 26 шілде- Жалпықазақ съезі «Алаш» партиясын құрды.

-1917ж- «Үш жүз» партиясының құрылуы

-1917 ж- Меркеде «Қазақ жастарының революциялық одағы» (Т.Рысқұлов) құрылды

-1917ж- С.Сейфуллин Ақмола қаласында «Жас қазақ» ұйымын құрды.

-1917ж.қазан- 1918 ж.наурыз- Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

-1917 ж.қараша-1918ж.ақпан- «Қоқан автономиясы» (М.Тынышпаев, М.Шоқай)

-1917ж.желтоқсан- Орынбордағы ІІ Жалпықазақ съезі. «Алашорда» үкіметі құрылды. (Басшысы- Ә.Бөкейханов). Астанасы- Семей қаласы

-1918 ж. қазан- наурыз- Қазақстнада Кеңес өкіметінің орнуы. Оңтүстік және солтүстік аудандарында бейбіт жолмен орнауы

-1918 ж.желт. –Сырдария облысында Кеңес өкіметінің орнауы (Ташкент- қарулы күреспен)

-1918 ж.мамыр- Міндетті әскери міндеткерліктің енгізілуі.

-1918 ж.көктем- В.И.Лениннің ірі өндіріс орындарын национализациялау туралы Декреті шықты.

- 1918. Мамыр- Чехословак корпусының бүлігі

- 1918 ж.мамыр- 1920 маусым- Қазақстандағы шетел интервенциясы мен Азамат соғысы.

-1918ж.тамыз- қараша- Ә.Жангелдиннің интернационалдық отрядының экспедициясы----- 1918ж.тамыз-1919 жылы .шілде- Солтүстік Жетісудағы Черкасск қорғанысы

-1919ж.қаңтар- азық түлік салғырты

-1919ж. 19 қыркүйек- Орынбордың Қазақтанға қосылуы туралы шешім қабылданды

-1920 ж.маусым- Верныйдағы антикеңестік бүлік.

-1920 ж. 26 тамыз- Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы

-1920 ж. – ҚАКСР еңбекшілерінің құқығы декларациясы.

-1920-1924 – Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Репсубликасының бірінші астанасы- Орынбор қаласы.

-1921ж. жаз- Құрғақшылық, аштық.

-1921ж. наурыз- Жаңа экономикалық саясатта көшу (Х партия съезінің азық- түлік салығымен алмастырылуы)

-1921 ж, 14 наурыз- Түркістан Республикасы ОАК- нің Верный қаласы атын Алматы деп өзгерту туралы Декреті.

-1921ж.- «Қосшы» одағы құрылды

-1921-1922ж.- Жер-су реформасы (ЖЭС-тің құрамдас бөлігі), қазақтарға патша тартып алған жерлер қайтарылды

-1922ж. көктем- Қазақ даласында «Қызыл керуен» кешенді экспедициясы жіберілді, Ә.Жангелдин басқарды , экспедиция Орынбордан Семейге дейін жол жүріп өтті, мақсаты- Кеңес өкіметтің декреттерін насихаттау, мен ұлттық саясатты түсіндіру

-1923ж.қараша- Қазақстан ОАК «Іс қағаздарын Қырғыз (Қазақ) тілінде жүргізу туралы» декрет қабылдады.

-1924ж.- Орта Азия республикаларының ұлттық- мемлекеттік шекарасын белгілеу. Қазақ жерлерінің тұтастай ҚАКСР құрамына енуі.

-1924ж. қаңтар- «Сауатсыздықты жою» қоғамы құрылды

-1924ж. 27 қазан- КСРО ОАК қаулысымен Қазақ АКСР құрамына АКСР- нің әкімшілік бөлінісін қайта құру 1925 жылдың басына қарай аяқталды. Тұрғындар саны 1468 адамға көбейіп, 5230 мың адамға жетті. 1926 жылы тұрғындарының 61,3 пайызын құрады. Қазақ АКСР- інің астанасы- Ақмешіт.

-1925ж.- Қазақ халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру және Қырғыз АКСР- ін Қазақ КСР-і деп қайта құру.

-1925ж- Қазақ АКСР-і астанасын Орынбордан Қызылордағы көшіру

- 1925-1933жж.- РК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин. азақ ауылдарының «Кіші қазан» бағыы. Басшылықтың әміршіл- әкімшілік әдісі

- 1926ж. 13 қаңтар- Қазақ мемлекеттік драма театрының ашылуы

-1926-1937ж.- Өндірісті индустрияландыруды өткізу.

-1925- 1932- Ұжымдастыру. Тұрғындар 2 млн адамға (қазақтар) кеміді немесе 49 пайызға азайды.

-1927-1931ж.- Түркістан Сібір темір жолы құрылысы. 1929 жылы мамырда құрылыста 39,5 мың жұмысшы мен қызметкер істеді

-1928ж.- Алғашқы жоғарғы оқу орны- Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуы.

-1928 ж.-1932ж- Бірнші Бесжылдық жылдары

-1928ж. 27 тамыз- Қазақстан ОАК пен ХКК «Аса ірі және жартылай феодал байларды тәркілеу және жер аудару туралы» Декретке қол қойды

-1928ж- «қызыл астана құрылысының араңдатушылығы ашылды», яғни талантты сәулетішелр мен инженерлер тобы (П.Буддаси, С.Голдгор, М.Тынышпаев, т.б. ) қуғындалды.

-1928ж. тамыз- 1933ж. 1- жартысы- Ірі байлардың шаруашылықтарын тәркілеу. 145 мың

-1929 ж.- Мал дәрігерлік институты

-1929ж.- Қазақ жазуы араб әрпінен латын әрпіне көшірілді.

-1929ж.- Қазақ АКСР-і астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшіру.

-1929-1933ж.- Күштеп ұжымдастыр. Тұрғындардың аштықтан жаппай қырылуы мен республикадан тыс жерлерге көшуі.

-1930ж.- Жаппай саяси қуғын-сүргін. 27 мыңнан астам адам атылды. ГУЛАГ- та 101 мың қазақстанық отырып шықты.

-1930. 4 сәуір- Ж.Аймауытов ату жазасына кесілді.

-1930-1932ж. –Қазақстандағы ашаршылық.

-1931 ж.- Медицина институты

-1931ж. желт.- Сауатсыз тұрғындарды жаппай міндетті оқыту енгізілді.

-1931-1932ж.- Қазақстаннан 1 млн 700 мың адам шетелге кетті,

-1931-1933 ж.- 6,2 млн республика тұрғынының 2,1 млн-ы аштан қырылды. 40,5 млн малдан 4,5 млн қалды.

-1932ж.- Сталинге аштыққа байланысты апаттың көлемі туралы республика қайраткерлерінің бір тобы хат жазды. Ғ.Мүсрепов, М.Ғатаулин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев.(«Бесеудің хаты»)

-1933ж.- Аштықпен байланысты апат көлемі туралы Тү.Рысқұловтың Сталинге хат жазды

-1934ж.- ҚазМУ-дің құрылуы

-1936 ж.9- ақпан-ҚАКСР ОК қаулысы- «қазақтар», «Қазақстан» деп жазуға шешім қабылдады,

-1936ж. – Қазақ АКСР-ің одақтық республика етіп қайта құру (ҚазКСР)

-1937 ж. наурыз- Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды.

-1937-1951ж.- халықтарды Қазақстанға күштеп көшіру

-1939 ж.- Қазақстан тұрғындарының сауаттылығы 65 пайыз, ал қазақтар арасында 44 пайызға жетті.

-1939ж. 1 қыркүйек- 1941ж. 22 маусым- Екінші дүниежүзілік соғыс – Ұлы Отан соғысының басталуы. Ұлы Отан соғысы. Соғыстағы армия қатарында 1 196 164 қазақстандық болды. Шығын шамамен -410 мың адам.

-1941ж. 16 қараша- Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде 28 панциловшы- батырлар ерлік көрсетті.

-1945 ж. 9мамыр- Фашистік Германияны талқандаған Жеңіс күні.

-1945ж. 2 қыркүйек – Екінші дүниежүзілік және Ұлы отас соғысы аяқталды.

-1946ж. наурыз. -1946-1950 жылдарға арналған КСРО- ның соғыстан кейінгі қалпына келтіру мен халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары туралы заң қабылдады,

-1946.- Қазақ КСР ҒА құрылды (президенті- Қ.И.Сәтбаев.)

-1947 ж.- Ақша ревормасы

-1947ж. желтоқсан- Азық –түлік және өндірістік тауарлардың карточкалық жүйесі жойылды.

-1947ж. – Е.Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты моногрфиясы жарық көрді, осы кітабы үшін ол буржуазияшыл-ұлтшыл деп жарияланды,

- 1949 ж.- Семей ядролық полигонындағы жер үсті жарылысы (полигон: Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен жерде)

-1952 ж.- Е.Бекмахановтың сот алқасы 25 жылға соттады.

-1953ж. 5 наурыз- И.В.Сталин қайтыс болды.

-1954ж.- Е.Бекмаханов Қазақстанға оралды.

-1954ж.- Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы, екі жылға есептелген тың көтеру жоспары бір жылда орындалды, тыңға арналған жер өндеудің тиімді жүйесі 20 жылдан кейін жасалды.

-1954-1959 ж.- Қазақстан тыңын игеруге 20 млрд. Сом жұмсады

-1954-1962ж.- Тың игеруге КСРО- ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді.

-1954-1965ж- Қазақстанға өндіріс пен транспортта жұмыс істеуге 0,5 млн адам келді.

-1956ж.- Байқоңыр ғарыш кешенің іске қосу.

-1956ж. – Жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беруді енгізу.

-1957 ж. Экономикалық аумақтық ұстаным бойынша басқаруды қайта құру. Совнаркомдар құру.

- КОКП ХХ съезі тауар ақша қатынасын тікелей тауармен алмастыру идеясын көтерді.

- КОКП ХХ съезі Сталиннің жеке басына табынушылықта айыптады.

- КОКП ХХІ съезі –коммунистік қоғамның кең көлемді құрылысына бағыт алу.

- 1959 ж.- Металлургия комбинатындағы құрылысшылардың ауыр жағдайына байланысты Теміртау қаласындағы толқулары.

-1959ж.- Жаппай міндетті сегізжылдық білім берудің енгізілуі.

-1959 ж.- Елге санақ жүргіу. Республика тұрғындарының саны- 9295 мың қазақтар -2787 мың.

-1960ж.- Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы болып сайланды. (осы қызметі 1986 жылғы желтоқсанға дейін атқарды)

-1961 ж.- Ақмола қаласы атын Целиноградқа (Хрущев бастамасымен)

-1961ж. 1сәуір- Байқоңырғарыш айлағының басқарылатын ғарыш кемесінің ағаш ұшырылуы.

-1963ж.- Ядролық қаруды ада, ғарыш кеңістігінде және су астында жаруға тыйым салу туралы шарт.

-1965 ж.- Шаруашылық реформа: өнеркәсіп салалары бойынша одақтық- республикалық министрліктердің құрылуы (Совнархоздар таратылды)

-1969ж.- Даман аралында, Жалаңашкөл көлінде Қытаймен қарулы қақтығыс.

- ХХ ғ. 60-70 жылдары – Сауатсыздықты біржолата жою.

- ХХғ. 70-ж. И.Н.Худенконың ауыл шаруашылығын басқарудың экономикалық әдістерін пайдалану жөніндегі бастамасы.

-1970ж.- Жалпыға бірдей міндетті орта білім беруді реттеу.

1974-1977ж.- Екпінді құрылыстрға комсомолдық жолдамамен 25 мыңнан аса жігіттер мен қыздар жіберілді.

-1977 ж. –КСРО Конституциясын қабылдау

-1978ж.- Қазақ КСР Конституциясын қабылдау.

-1979ж.- Қазақстанда неміс автономиясын құруға қарсы Целиноград тағы шеру

-1979ж-1988ж.- Ауған соғысы. Оған 21979 қазақстандық қатысты, академик А.Д.Сахаров Ауғанстанға әскер кіргізуге қарсы шықты.

- 1980ж ж.—Экономикадағы, саясаттағы дағдарыс.

1982ж.- Азық- түлік бағдарламасының қабылдануы.

-1985ж. наурыз- М.С.Горбачев КОКП ОК бас хатшысы болып сайланды.

1985ж. сәуір- КОКП ОК сәуір Пленумы қайта құруға бағыт ұстады.

1985-1991жж.- КСРО- да өткен мемлекеттік мекемелер жүйесін қайта құру (перестройка)

1954-1986ж- Республикда қазақ тілінде 600- ден астам мектеп жабылды.

-1960-1962 және 1964-1986ж- Республиканы қонаев басқарды.

-ХХғ. 80ж. 2 жартысы- Экономикадағы дағдарыстық жағдай.

-1986ж. 16 желтоқсан- Қазақстан компартиясы ОК Ү Пленумы Қонаевты орнынан алып, бінші басшысы қызметіне Колбинді сайлады.

-1986ж. 17 желт.-18желт- Алматыдағы жаппай толқулар, Қазақстаннан басқа республикаларға 9 мыңнан аса қазақ жастары кетуге мәжбүр болды.

-1987ж.- Республиканың халық шаруашылығы құлдырай бастады.

-1988ж.- Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов, М.Дулатовтар ақталды.

-1989- Қарағанды шахтерлерінің ереуілі.

-1989- «Невада- Семей» О.Сүлейменолвтың экологиялық қозғалысы

-1989ж.- «Әділет » тарихи –ағарту қоғамы құрылды.

-1989ж. 15 ақпан- Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару.

-1989ж.- Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан Компартиясы ОК Бірінші хатшылығына сайлау.

-1989ж. маусым- Қордаланған, шешілмеген әлеуметтік проблемалар Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздікке ұрындырды, ол тәртіп қорғау органдары және әскер көмегімен басылды.

1989ж 22 қыркүйек.- «Тілдер туралы Қазақ КСР» заңы қабылданды, қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды.

-1989ж.- Санақ жүргізу. Республика тұрғындары – 16 млн 465 мың адамға жетті.

1990ж.- «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды (1991ж. күзден- саяси партия)

-1990ж.- «Алаш», «Бірлік», «Желтоқсан» қозғалыстары пайда болды.

1990ж. – Қазақстанның социал –демократиялық партиясы құрылды.

1990ж. сәуір.- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Назарбаевты Қазақ КСР-інің Президенті еіп сайлады

-1990ж- Президент «30-40 жылдар мен 50- жылдардағы заңсыз қуғын- сүргіннен жапа шеккен, ақтлған азаматтарға көмек көрсету жөнідегі шаралар туралы » Жарлыққа қол қойды.

-1990ж.- Сауд Арабиясы қатысуымен- шетелмен бірлескен алғашқы банк –«әл- Барака- Банк Қазақстан» құрылды

-1990ж. 25 қазан- Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданды.

1990ж- Ақшаның құнсыздануы, инфляция, бағаның өсуі, халық тұынатын тауарлардың жетіспеуі

1991ж. – Қазақстан Компартиясының кезектен тыс және төтенше съезі коммунистік партияны таратуға шешім шығарды; жаңадан құрылған партия социалистік деп аталды.

1991ж.- Қазақстан комсомолы Қазақстан Жастары Одағы деп өзгертілді

-1991ж. – Қазақстанда 48 кәсіби театр, 19 ұлттық- мәдени орталық жұмыс істеді.

-1991ж. қазан.- тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991ж. желт. – Назарбаев бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайланды

-1991ж.тамыз- Мәскеудегі мемлекеттік төнкеріс жасауға әрекет.

1991ж.- Қазақ КСР Қауіпсіздік Кеңесінің құрылуы

-1991ж.- Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындарының Қазақ КСР үкіметі қарамағына өтуі.

-1992ж. қаңтар- Қазақстанның алғашқы алтыны.

-1991ж. Қазақ КСР- інің алтын қоры мен алмаз қорын құру.

1991ж.- Семей ядролық полигонының жабылуы

1991ж- «Қазақстан халық конгресі» партиясының құрылуы

-1991ж.- Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасына ауыстыру.

- 1991ж – Қазақстан президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылғандарды ақтау туралы» Жарлығы

- 1991ж 10 желтоқсан. – Алматыда – Президент инаугурациясы өтті.

- 1991 ж. 16 желтоқсан- «Қазақстан Республикасының Мемлекет Тәуелсіздігі туралы» Коституциялық заңы қабылданды

- 1991ж 8 желтоқсан- Минскідегі РКФСР; Белоруссия, Украина басшыларының басқосуы; ТМД құру.

- 1991ж 21 желтоқсан- 11 бұрыңғы одақтық республика Алматыда ТМД құрылғаны туалы хаттамаға қол қойды, баспасөз конференцясын Н.Ә.Назарбаев ашты.

- 1991ж -инфляцияның күшеюі, тұрғындарының басым бөлігі тұрмыс деңгейінің төмендеуі.

- 1991ж- Нарықтық экономикаға бағыт алу;

- 1991ж- Қазақстанның ЕҚЫҰ мүшелігіне қабылдануы.

-1922ж. 30желтоқсаннан-1991ж. 26 желтоқсаны- КСРО өмір сүрген кезең.

- 1992ж.- Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру.

-1992ж.- қаңтар- Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30- дан аса мемлекеті таныды

-1992ж. қазан- Қазақстанның халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүшелікке қабылдануы.

-1992ж. 29 қыркүйек—Қазақтардың дүниежүзілік алғашқы құрылтайы

- 1992ж.- Мемлекеттік рәміздер бекітілді.

-1992ж. желтоқсан- Қазақстан халықаралық форумы

-1993ж. 28 қаңтар- Қазақстан Республикасындағы Конституциясы қабылданды

-1993ж. 15 қараша- Қазақстан Республикасыныңң ұлттық- валютасы – теңге енгізілді.

-1993ж. – Н.Ә.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды.онда Қазқстан ядролық қарусыз аймақ деп жарияланды

- 1994 ж. наурыз- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі сайлауы

-1994ж. сәуір- Министрлері Кабинетінің энергиямен қамтамасыз ету бағасын босату туралы қаулысы.

-1994ж. Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағын мерзімін ұзарту құқығымен Ресейге 20 жыл мерзімге жаңа жалға беру туралы келісім.

-1994ж. – Қазақстан Қырғызстан, Өзбекстан арасында біртұтас экономикалық кеңістік- Орталық Азия одағын құру туралы шартқа қол қойды.

-1995ж. 30 тамыз- Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының екінші Конституциясын қабылдау

-1995 ж. 28 қаңтар- Екі палаталы Парламент сайлау өтті.

1995ж.- Қазақстанның «Ислам конференциясы» ұйымына қабылдануы

1996ж. наурыз- Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстандағы экономикалық және гуманиарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қойылды (1998 жылы Тәжікстан республикасы қосылды)


<== previous lecture | next lecture ==>
Млн адам 6 page | Млн адам 8 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.708 s.