|
Алтын ордаDate: 2015-10-07; view: 3333. 1227 жЖошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.1235 жыл Қарақорымда құрылтай откізілді. Қаралған мәселелер:Еуропаға жорық Әскери қолбасшылығына Батыйды сайлау.Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады,ал монғолдар аз болды.1236-1242 жылдар- Еуропаға жорық жасалды. Жорықтар нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ ,орыскнязьдықтары,Мордова,Еділбұлғарлары,Қырым,СолтүстікКавказ,Польша,Венгрияны,Чехияны жаулады. XXIII ғ. Монғолдар Азия,Шығыс және Орталық Еуропаны жаулап алды.1243 жылЕділді төменгі Алтын Орда мемлекті құрылды.Алғашқы билеушісі-Батыйхан.Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ,Хорезм,Батыс Сібір территориясының бір бөлігі.Астанасы Сарай Бату,кейіннен Сарай Берке қаласы.Сарай Берке Азиядан Еуропағабаратын ірі сауда орталығы.Орыс князьдықтарыАлтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы ,Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы,Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.XIII ғасырдың 60-жылдарынан дербес хандық болып бөлінді. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы Алтын Орда көп ұлтты мемлекет.Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар -қыпшақтар,наймандар,қаңлылар т.б.Отырықшы халқы- Еділ бұлғарлары мордвалар,орыстар,хорезмдіктер т.б.Монғолдар аз болды.XII-XIYғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын “татарлар” деп атаған.Тілі қыпшақ тілі. XIY ғ. Алтын Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді.Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қ. жерінде Шыңғыс ханның “ Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана болып сайланды. Ханның кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобысұлтандар.Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып ,Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Оң қанатБатый хан билігі.Сол қанатОрда Ежен ханның билігі.Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді.Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауыXIII-XIY ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды. Батый хантұсында (1227-1255ж.ж.) Алтын Орда Монғол империясының тәуелді болды. Берке хан (1257-1267ж.ж.)тұсында тәуелсіздігін жариялады.Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.1260 жыл Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстапға ыдырады.XIY ғ бірінші жартысында Өзбек жәнеЖәнібекхандар тұсында мемлекет күшейді:Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан ,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.1312 жыл- Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.1380 жыл Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс(1380-1395) Алтын Ордаға хан болды.Ол билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап,Мәскеуді өртеді.Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің1389,1391,1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.Тоқтамыс пен емір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.Алтын Орда билеушілерінің езгісіне қарсы халық көтерілістері де жиіледі:1240-41 жылдар Кама Булгариясындағы көтеріліс; 1259 жыл Новгород, Ростов,Суздальдағы көтеріліс; 1262 жыл Ярославльдегі көтеріліс ;1270 жыл Кама Булгариясындағы көтеріліс.Алтын Орданың күйреуінің себептері:Билік үшін өзара қырқыстар.Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары.Халық көтерілістері.Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы.XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда . XY ғ.20-40 жылдары Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты. Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады. Темір жорықтары Темірдің соғыстары негізінен жаулап алушылық және тонаушылық соғыстар болды. Мәуереннахрдың ұлық әмірі толып жатқан жорықтар жасады, деректемелерде олардың аттары сақталған: «Темірдің Хорезмге үшінші мәрте жорығы» (1376), «Темірдің Жетеге қарсы төртінші жорығы» (1376), ал Таяу және Орта Шығыс елдеріне қарсы жорықтардың атауларында олардың ұзақтығы туралы мағлұматтар бар: «үш жылдық» (1386-1388), «бесжылдық» (1392-1396), «жетіжылдық» (1399-1404). Соңғысы Темірдің ең ұзаққа созылған жорығы болып, Египет сұлтанын және Осман сұлтаны Баязидті жеңумен аяқталды. Шыңғыс хан секілді Темір де дүние жүзін жаулап алсам деп армандап, бұл жолда көп іс тындыры. Оның жер қайыстырған қолы жолындағының бәрін жапырып, солтүстік-шығыста Ертіске дейін, оңтүстік-шығыста Делиге дейін, солтүстік-батыста Рязан жеріндегі Ельцке дейін, батыста Египет шекарасына дейін жетті. Алайда Мәуереннахрға тек Каспий өңірінің облыстары, Персия, Ауғанстан мен Месопотамия ғана қосылды. Ал басқа аймақтар – Жете елі, Дешті Қыпшақ, Сирия, Үндістан және басқалар Темірдің жойқын шапқыншылықтарының қаншалық сұмдық екенін анық білді. В. В. Бартольд Темірдің жаулап алушылық ниет-пиғылының екі себебі болған деп түсіндіреді: - билеуші ретіндегі өзінің рөлін ерекше жоғары бағалауы. Тарағай баласы өзінің жаратылысынан жаулап алушы болатын және билікке құмарлығында шек болмайтын. Шараф ад-Дин әли Жезі тарихта кең тараған, «дүние жүзінің халық мекендейтін бүкіл жері екі патшасы болуға лайық емес» деген сөздерді Темір айтқан деп жазады; - экономикалық мүдделер. Сан мың армияны ұстау үшін және Орта Азияда ұлан-асыр құрылыстар салу үшін орасан көп күш-қаражат қажет болды. Өзінің соғыстарын Темір ерекше қаталдықпен жүргізді. Оның армиясы Үргеніші, Сарайды, Астраханьды және басқа да көптеген қалаларды талқандады. Қалалар жаулап алынғанда, бейбіт халық көбінде жаппай қырылатын. Деректемелерде «арасына қабаттап крпіш пен балшық салынып тірідей екі мың адам қаланып, мұнара тұрғызылды» деген деректер қалған. Ауғанстандағы Исфизар қаласы алынғанда осылай болған; көтеріліске шыққан Исфаганда салынған мұнаралар жетпіс мың адамның бастарынан қаланған; Кіші Азияда Сивас алынғаннан кейін 4 мың адам тірідей көмілген; Алепподағы жеңіс адамның бастарынан пирамида тұрғызумен аяқталған және бұл жолы Темір бастардың беттерін пирамида жанынан өтетін тірі адмдарға қарап тұратындай етіп қалауға әмір берген. Темірдің қиратқыш әрекеттірін В. В. Бартольд шегіне жеткен, ауру болуға айналаған айуандық деп біледі. Бұған қарсы айтылар ештеңе жоқ. Тек бір жайды айту ғана қалады: Темірдің бар көкегені соғыс қана болмады және қол астындағыларды күштеумен ғана билеген жоқ. Бізідің білетініміз, Темір өз астанасы Самарқанды, Кешті (Шахрисабз), Йасаны және Мәуереннахрдың басқа да қалаларын заңғар ғимараттармен, бақтармен жігерлі түрде абаттандырды; қаңырап қалған жерлерде егіншілікті қалпына келтіру, Мәуереннахрда, Каспий өңіріндегі облыстарда, ауғанстанда және басқа аудандарда жаңа каналдар тарту, бұрынғы суғару жүйелерін қайта құру беймәлім болған дақылдар – кенеп пен зығыр өсіріле бастады. Темір салдырған әсем ғимараттардың біразы біздің кезімізге дейін сақталған, бұл зәулім құрылыстардың архитектурасы мен салыну шеберлігі замандастарының өздерін таңдандырды. Олардың арасында Шах-и Зинда тобындағы мазарларды, қазір Бибіханым атымен аталатын мешітті, Темір және оның әулетінің кейбір мүшелері жерленген Гур-и Әмір зиратын айтуға болады. Және Темірдің замандастарының айтуы бойынша ол билік құрған кезде елде мамыражай тыныштық орнап, сауда-саттық өркендеп, әділеттілік пен адалдық, тәртіп орнады. Темірдің соңғы жорығы мен өлімі.Темір омалып отыруды ұнатпайтын, бей-жайлық оған оғаш еді. Алпыс сегіз жасқа келешек қалпында Қытайға қарсы аттанбаққа бекініп, 1404 жылдың 27 қарашасында Самарқаннан шыққан бетінде Сырдария бойындағы қамал-қала Отырарға келді., осы арада науқастанып, 1405 жылдың ақпанында дүние салды. Бұл қаншалықты қисынсыз болғанымен, деректемелерде Темірдің қайтқан күні әр түрлі айтылады. Хафиз әбруде Темірдің қазасы шағбан айының ортасында, яғни 1405 жылғы ақпанның ортасында болғаны айтылады. Жезді мен Ибн Арабшах жазуына негізделіп 1405 жылғы 18 ақпан деп қабылданған. Ақыр соңында Темірдің ақтық жолының жағдайы туралы. Темірдің көзі жұмылысымен ханзадалар мен әскербасыларының шұғыл кеңесі болып, онда билеушінің қайтқанын біраз уақытқа дейін жасыра тұру ұйғарылды. Әміршінің денесі иісті заттармен, қамфарамен бүркіп, асыл тестармен безендірілген зембілге салынып, түнде Отырардан Самарқанға жіберілді; бұл маңызды жұмыс Жүсіп Қожаға жүктелді. Ол суыт жүре отырып, Самарқанға ақпанның жиырма үшінде-ақ жетті. Сол түнде мәйіт қабірге түсірілді, осының өзінде тек қана қажет деген діни ғұрыптар ғана атқарылды. Алайда Темірдің қазасы қалай болғанда да естілді, біраз ақылдасылғаннан кейін оның әйелдері қалаға, Темір жерленген Мұхаммед Сұлтан ханақасына кіргізілді. Ханымдар мен қайсібір басқа да білікті әйелдер Орталық Азия көшпенділіріндегі салт-ғұрыптарын атқарды. 1405 жылы 18 наурызда Темірдің немересі Халел-Сұлтан Самарқанды алды да, таққа отырды. Екі күннен кейін жас әмірші Мұхаммед-Сұлтан ханақасына барып, қазалық ғұрыптар тағы бір рет, бұл жолы оған аза киімін киген ханымдар, ханзадалар, ақсүйектер мен лауазымды адамдар ғана емес, Самарқан мен оның төңірегінің бүкіл халқы және Темірдің жауынгерлері де қатысты.
16.Әбілхайыр хандығы. XV ғ-ң 20-ж-да қазақстанның орталық, батыс ж/е солт. Батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428ж Шайбани ұрпағы 17 жасар Әбілхайыр(1428-1468) осы аймақтағы билікті қолына алды.Ә-р сырдария бойындағы қалалармен хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты.Шығыс-Дешті қыпшақтың бытыраңқы феодалдарының басын қосып «көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. Территориясы- Жайық- Балхаш-Арал теңізі, сырдарияның төменгі ағысы-Тобыл, Ертіс. Астанасы- алғашқыда Тура, 1431 ж Сығанақ. Халқы- өзбектер. Құрамында қыпшақтар, наймандар, манғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер т.б болды. Елді 40 жыл билесе де, Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмады, бірнеше иелікткрге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің ьилеушілері басқарды.Билік үшін Жошы ұрпақтары арасындағы өзара қырқыстар болды.Толассыз соғыстар тоқтамады. Әбілхайырдың жүргізген соғыстары-Негізгі себептері-Жекелеген ұлыстар арасындағы берік байланыстың болмауы. Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы билік үшін тартыстар. Көшпенділердің ақсуйектер қанауына наразылығы. Сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер. Оның мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді.Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбан (1470-1510ж) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. 15ғ-ң 50-ж-ы Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдің ішкі саяси өміріне араласты. Бұл жағдай Әбілхайырдың саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде 15 ғ 50-ж- аяғы-60ж басында Өзбек хандығынан Жәнібек пен Керей бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшті. 1457ж Үз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде, Көккесене деген жерде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты. 1468ж - Әбілхайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. 1430ж Тобыл өзені бойында Махмуд қожаны жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады.Махмуд ж/е Ахмет хандарды жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды. 1446 ж- Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап,Сығанақты астана етті. 1500ж Мұхаммед Шайбан Самарқанды алды. 1501-1502ж орта азияны жаулады. 1510ж Сығанақ түбінде Қасым ханның әскерінен жеңіліп, қазақ даласындағы ықпалы жойылды.1510ж Мерв түбіндегі шайқаста қаза болды. Әбілхайыр хандығының жеріндегі билік қазақ хандарына толық көшті.Қазақ хандығының құрылуымен, Әбілхайырдан тараған ұрпақтың Шығыс Дешті-Қыпшаққа билік жүргізуіне тыйым салынды.16ғ-ң басында Көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауфмен Мәуреннахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалған тайпалар қазақ хандығының иелігіне қосылып, орта жүз құрамына енді.
17.Ноғай ордасы. Алтын орданың ыдырауы кезінде пайда болған ірі мемлекеттік бірлестіктің бірі-Ноғай ордасы. Ол 14-15ғ-да бат. Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Ол Кавказ, Персия, Польша, Венгрия, Болгария, Сербия, орвс жерлерін шабуылдады.Египетпен дипломатиялық қатынас орнатты,Византия императорының қызына үйленіп, туыстық қатынас орнатты. Берке хан өлгеннен кейін доннан дунайға дейінгі жер ноғайдың бақылауында болды.Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. құрылу тарихы-НОҒАЙ –Алтын орда әскерінің қолбасшысы, Жошы хан немересі (1260-1306) Ноғай ордасының негізін салушы-Әмір Едіге( 1395-1419ж) Ол 15 жылдай Алтын орданы билеп (1396-1411ж) «ұлы Әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едіге әулетінің келісімінсіз қабылданбайтын дәстүрге айналды.Ноғай ордасы алтын ордадан 13ғ 2 жартысынан бөлектене басталы. Бұл процесс 14ғ Әмір Едіге тұсында жалғасып, баласы Нураддин кезінде аяқталды.Ноғай ордасы Едігенің ұлы Нурраддин (1426-1440ж) тұсында алтын ордадан бөлініп, дербес мемлекет атанды. Территориясы-Жайық-Еділ арасы. Ең ірі тайпасының атымен «Маңғыт жұрты» атанған. Астанасы-Сарайшық ( Жайық өзені бойында). Бұл Қаратеңіз жағалауынан орта Азияға дейінгі аралықтағы сауда жолындағы ірі транзистік қала. Халқы-манғыт,қыпшақ, қоңырат, найман, арғын, үйсін,қарлұқ, алшын, тама тайпалары.Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар 15ғ-ң аяғында қалыптасқан Ноғай халқының негізін құрады. Ноғай ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір Еділ ұрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды.Билік рудағы жасы үлкендігіне қарай мұраға қалдырылды. Ноғай ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып , бір орталыққа бағынған үкімет болды.Орда билеушісі –хан, ұлыс билеушісі-мырза. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды.Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жуынгер шығарылды. Малдарынан айрылып, отырықшылыққа көшкен кедейлер- тұмақтар.Ұлыстан қол үзіп, әскери табыс тауып күн көрушілер (көшпелі казактар) болды.Ш. Уалиханов Ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан орда» деп атаған.Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атаған. 16ғ-да Ноғай ордасының орыс мемлекетімен сауда-экономикалық, саяси байланысы дамыды.16ғ-ң 2 жартысында Ноғай ордасы ыдырап 2-ге бөлінді. Үлкен Ноғайлы –Еділдің шығысы, Кіші Ноғайлы-Еділдің батысы. 1600 ж Үлкен Ноғайлы мырзалары Борис Годунов тұсында, Ресейге тәуелділігін мойындап, Иштерек мырза князь атанды.1634ж қалмақтар шабуылынан кейін Үлкен Ноғайлы елдің батысындағы Кіші Ноғайларға келіп қосылды. Кіші Ноғайлы Қазақ хандығын мойындады, кейін Кіші жүз құрамына енді. 18.Моғолстан мемлекеті 14ғ-дың ортасында Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған. Территориясы оңт.-шығ Қ-н мен Қырғызстан. Астанасы Алмалық (Іле алқабында) М-ның шекарасы туралы Мухаммед Хайдар Дулати “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде жазған: “шекараның ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол.” Халқы дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін ж/е т.б. Дулаттар-ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енеді. Мемлекетті-хан, тайпаны-ұлысбегі басқарды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі ж/е сыртқы істері, әскери жорық ж/е жайылымдық жерлерді бөлумен айналасты. Бірінші ханы-дулат тайпасынан шыққан Әмір Болатшы басқарды. Ол хан тұқымы болмағандықтан, Шағатай ұрпағынан шыққан 16жасар Тоғылық-Темір 1348-61ж Моғолстан ханы болды. Ол Мәуеренахрдың едәуір бөлігін жаулап алып, өз билігін нығайту үшін ісләм дінін тірек етті. 14ғ-дың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бірнеше жорықтар жасайды. Одан Моғол хандығы әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан әлсірейді. 19.Қазақ хандығының құрылуы .Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр хандығы және Моғолстанның ішкі саяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылды. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр мен Есенбұғының (Моғолстан ханы) билігіне мойынсұнбады. Сондықтан XV ғасырдың 40-50 жылдары олар Керей мен Жәнібектің маңына: Қаратау,Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады. 1446 жылы Әбілхайыр Созақ, Сығанақ, Аркөк, Үзгент, Аққорған қалаларын басып алғаннан кейін ұлыстар арасындағы тартыс күшейе түсті. XV ғ 50-ж ойраттар Түркістан аймағына жетті. Ал 1457 ж Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі қазақ ру, тайпаларын Керей мен Жәнібектің төңірегіне тығызырақ топтасуын тездетті. Әбілхайыр ханның билігіне наразылық жаппай көшу тасқынын туғызды.XV ғ 50-ж-нан бастап 10 жыл бойы осы тасқын толастамады. Халық Жетісудың батысына, Моғолстанға қарай көшті. Қазақтардың бір мемлекетке бірігу қозғалысы осылайша басталды. Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.Саяси тарихы. · Көшіп келген қазақ руларына Моғолстан ханы Есен- Бұғы Шу мен Талас бойынан жер берді. Есен-Бұғының мақсаты: · - Әбілхайыр мен Темір әулетіне қарсы қазақтардың күшін пайдалану. · - Ойраттар (қалмақтар) шабуылынан Моғолстан шекараларын қорғау. · 1465-1466 ж. – Қазақ хандығы құрылды. · Қазақ хандығы шығысында Моғолстанмен, оңтүстік ж/е батысында Темір ұрпағының мемлекеті ж/е Әбілхайыр хандығымен шектесіп жатты. Жас мемлекеттін қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жәнібек хан Моғолстан ханымен достық қатынаста болуға ұмтылды. Әбілхайыр ханның қазақ хандығының құрылуына бөгет жасауға ұмтылуынан еш нәтиже шықпады. 1468 ж. Моғолстанға қарсы жорыққа аттанған Әбілхайыр жолда кенеттен қайтыс болды. Бұдан кейін Жәнібек пен Керей шекараны кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалар мен Шығыс Дешті-Қыпшақты қосуға ұмтылды. Бұл аймақтардың экономикалық ж/е стратегиялық маңызы күшті болды: Сауда байланыстарының орталығы · Мықты бекіністі қалалар. · Құнарлы жерлері – бағалы қыстау. · Шығыс Дешті-Қыпшақтағы шайбанилер әулетінің билігін қайта орнатуға ұмтылған Мұхаммед Шайбанидің көздегені де осы жерлер болғандықтан, екі арада жаулаушылық соғыстар басталды. Құлдырау жағдайындағы Моғолстанның билеушілері Жүніс пен оның ұлы Сұлтан Махмұд Оңтүстік Қазақстандағы қалалар үшін жанталасты. Бұл күрес 30 жылға созылып, Бұрындық пен Қасым хандар тұсында жеңіспен аяқталды.
20 Қазақ халқының қалыптасуының.Қазақ этнонимі. Қазақ халқының қалыптасу процесі көне заманнан б.з.б. 2-1 мыңжылдықтан басталады. Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі – б.з.б. 1 мыңжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне байланысты. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдыйды өзгертті. Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі – 10-12 ғ-да өмір сүрген Қарахан ж/е Қыпшақ хандықтарымен байланысты. 13ғ-дың басында Шыңғыс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керкейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды. 13-14ғ-да Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді. 15ғ-да Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті. 16ғ-дың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі – түркі тілі, антропологиялық типі – монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы. Шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы ж/е егіншілік. “Қазақ” терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы бар:1. Тарихшы Бартольд: “өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам”. 2. М.Ақынжанов: “қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан”. 3. 12-15ғ-да түркі тілінде жазылған деректерде: “еркіндік аңсаушы, батыл” мағынасын білдіреді. 4. Түркологтардың пікірінше, “қазақ” терминінің бастапқы таралған жері – Шығыс Дешті Қыпшақ. 5. Жазба әдебиетте “қазақ” термині 1245ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде араб-қыпшақ сөздігінде бірнеше рет қолданылған .Қазақ жүздерінің қалыптасуы.. Жүз- тарихи-шарушылық және географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз- бөлік,тарап мағынасын білдіреді. Үш жүз географиялық орны мен климаты айырмашылығымен ерекшеленеді. XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан,Ақ Орда,Әбілхайыр хандығы,Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан,халықтар арасында өзара бірігу,топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқшауланудың тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтыла отырып ,3 негізгі этникалық –шаруашылық топқа бөлінді. Қазақ халқы 3 жүзге бөлінеді: Ұлы жүз. Территориясы- Жетісу мен Оңт. Қазақ-н. Рулары-үйсін,дулат,албан,суан,жалайыр т.б. Орта жүз. Территориясы-Орт. және Солт-к Қазақстан. Рулары-қыпшақ,арғын,найман,керей,қонырат,уақ. Кіші жүз. Терри-сы – Батыс Қазақс-н. Рулары-алшын,адай, төртқара,жағалбайлы, табын, тама. Кіші жүзді үш негізгі рулық одақтар құрайды: Жетіру,Әлімұлы, Байұлы
21.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы. Керей мен Жәнібек сұлтандар-Қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар. Қазақ хандығы XV ғ-рдың ІІ жарт-нда, нақтырақ 1465-66 жылдары қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керей қол астындағы елдерімен Әбілхайыр ұлысынан бөлініп шығып, Моғолстан шекарасына қарай көшіп барып, Есен-Бұға бөліп берген жерлерге қоныстану кезінде құрылды. Қазақ хандығы басында Б. Жетісу, Шу, Талас өзендерінің аңғарларын қамтыды. Жәнібек пен Керейдің әрекеттері орталықтанған жеке мем-т құруда халықтың және ру-тайпаларының билеушілерінің мүдделеріне сай болды. XV соңында қазақ хандығы экономикалық жағынан күшейіп, қазақтар ежелден мекендеген жерлерді қоса отырып, территориясын барынша кеңейтті. XVI ғ-рдағы қазақ хандығы нақты қалыптасып, күшею кезеңін бастан кешірді. Оның территориясы 1511-1521 ж-раралығында Қасым хан билік еткен кезде Сырдария өңірін, Жетісуды, Қарқаралы тауларын, Жайық өзеніне дейінгі аймақты қамтыды. Қасым хан кезінде билік күшейді. Қ-нның орталықтары болып Түркістан мен Сығанақ қалыптасты. Халық саны миллионға жетті. Жеті сатылы басқару жүйесі енгізілді: ауыл(аулыбасы)-аймақ (аксакал)-ру (рубасы)- арыс (би)- ұлыс (сұлтан)- жүз (хан)- хандық (қағанан). «Қасым ханны қасқа жолы» заңдар жинағы жасалды. Қ-қ хандығы Еділбойы халықтарымен, Б. Сібір хандарымен дипломатиялық және сауда қатынастарда болды. Қасым Мұхаммед Шайбанимен күрес (1501-1510) жүргізді. Қ-қ хандығы Орта Азияда және Ш. Еуропада көзге түсті. Қасым хан өлген соң 15 жыл бойы саяси дағдарыс болды. Бірнеше хан ауысып, көптеген аумақтардан айырылды. 1538 билікке Қасымның ұлы Хақназар (1538-1580) келді. Ол билік құрған кезде сауда-экономикалық жағдай жақсарды. Қазақтар мен өзбектер араларында сауда қатынастары жақсарды. Ханның өзінің жасақтары (төлеңгіт және қараша) болды. Ханның рұқсатынсыз көшкендер айып пұл төледі. Хан өз пайдасына салықтар жинап отырды. Хақназар Қасым хан кезіндегі қазақ жерлерін қайтаруға әрекеттенді. ХVІ ғасырда, 1552 ж. Қазанды, 1554 ж. Астарханьды алғаннан кейін қазақ хандығына орыс патшалығы таяй түсті. Қазақ хандығы Сырдария өлкесі үшін шайбанидтермен күрестерін жалғастыра берді. Хақназардан кейін хан Тәуекел болды (1582-1598). Ол билік құрған кезеңде Қазақ хандығы мен орыс патшалығының байланыстары кеңейе түсті. Орыс патшасы орыстарға қазақтармен баж салығынсыз сауда жасуаға рұқсат берді. 1583 ж. өзбектермен байланысын үзіп, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын жаулап алды. 1597-98 жылдары Ташкентті басып алды. Сібір хандығы құлағаннан соң сол-к шекаралар да кеңейді. 1598 ж. Мәуереннахрды шабуылдады. 1594 ж. Федор патшамен келісім жасау үшін Мәскеуге елші Құл-Мұхаммед жіберілді. 1595 ж. В. Степанов жауапты сапар жасады. ХІ-ХІІІ ғасырлардағы ерте феодалдық қыпшақ мемлекеттілігіндегі өзіне ғана тән белгіге - хандық биліктің әкеден балаға емес, әкеден немере туысқа не ініге берілетіндігі жатты (Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории... 282-б.). Бұл әдет сырттан әкелінбей қыпшақтарға дейінгі және қыпшақтар кезіндегі жергілікті тайпалардағы әулеттегі жасы үлкенді сыйлаудан, соған құрмет көрсетуден туса керек. Моңғол жаулауы нәтижесінде хандық билік әкеден балаға қалдырылатын заңға айналды. XV ғасырда моңғолдар енгізген бұл жолды жергілікті халықтың әдет-ғұрпы ығыстырып шығарады. Қыпшақ дәуіріндегі хандық биліктің мұрагерлік жолы XV ғасыр ортасында қалпына келтіріле бастайды. Оған Керейдің хан сайланылуы дәлел. Әбілқайыр ханға дейін Дешті Қыпшақтың билеушісі Барақ хан болған еді. Моңғол дәстүрі бойынша келесі хан оның ұлы Жәнібек болуы тиіс. Жергілікті халық дәстүріне сай келесі билік Барақтың немере туысы Керейге тиді. Ал Керейден соң оның ұлына билік тимей, Жәнібек хан болды. Жәнібектен соң хан Бұрындық болды. Міне, не себепті Керей хан болды деген сұрауға біздің жауабымыз осындай.
22Қазақ халқының XV-XVIIғғ.м- 15-18 ғғ басындағы қазақтардың шаруашылығы және мәдениеті. XVғ.-ХІХғ. басы қазақ халқының тарихи м-ті басты орын алған кезең болды Ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды. Қазақтың рухани м-тінің дамуы тарихтың басты үрдісі ХІХ ғ. бастап баяулады. Қазақтың рухани м-тінің құндылығы жойыла берді. ХАЛЫҚТЫҢ АУЫЗША ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ XV-XVII ғ. үлкен көлемде әр түрлі жанрдағы халықтың ауызша шығармашылығы дамыды. Ең жоғарғы орынды “салттық әндер” алды: сәби өмірге келгенде, тойларда, ауырған кезде, адам қайтыс болғанда, жаңа жылды қарсы алғанда т.б. Екі жастың тойында мына өлеңдер айтылады: “Той бастар”, “Жар-жар”, “Беташар”, “Қыз танысу”. Адам қайтыс болғанда немесе қоштасу кезінде өлеңдер айтылады: “Қоштасу”, “Естірту”, “Көңіл айту”, “Жоқтау”, “Жұбату”. Қазақ халқының шығармашылығының ең көп тараған түрі “терме” болды. Ақын жыршылар өздері поэмалар, өлеңдер, тарихи поэмалар, ертегілер т.б. жазды. Терме өз шеңінде дауыс ырғағыменде, өз ерекшелігінде ерекшелінеді. Эпикалық, тарихи айтуларды тек қобызбен, домбырамен жеткізген лирикалық әндер дауыс ырғағымен, мелодиясымен айрықша.Шығармашылық жанрлардың бір түрі ертегі болып саналды. Қазақ халқының өмірін ертегімен айқын көрсетеді. Ертегіде қызықты өмірді, тұрмысты бейнелейді. Ертегілердің көбісі мұсылман дінін қабылдағанша шықты. Халықтың мәдени-тұрмысын ертегі сюжетінен көреміз. Ертегілердің жанрының өзі әр көлемде. Мыс: жануарлар әлемі туралы, тұрмыс жайлы, ғажайып оқиғалар т.б.Ертегілер: “Ер төстік”, “Құла мерген”, “Еділ-жайық”, “Алтын сақа”, “Қара мерген”, «Аламан Жоламан”, “Асан қайғы” т.б. Бұларда сұлулар, мергендер, батырлар, аңшылар, ойшылдар, далалар бейнесі берілген. Жануарларға арналған: “Бозінген”, “Сырттандар”, “Тепек-көк” т.б. үй жануарлары, жабайы аңдар бейнеленген. Ертегілер: “Аяз би”, “Жиренше-шешен”, “Алдар-Көсе”, “Кожанасыр және Шопан”, “Тазша” т.б. қызыл тілге сүйенген, даналардың халық ортасынан шығуы бейнеленген. Қазақ эпосы – бұл ауызша шығармашылықтың бір түрі. Ол Ежелгі дәуір тереңіне байланысты. Ежелгі түрік батырларын алуға болады. Ол эпостар “Қарабек”, “Ер көкше”, “Қобыланды”, “Қамбар”. Бұлар ХІІ-ХІV ғасырға жатады.XVI-XVII ғ. дамудың жаңа этаптары басталды: сюжеттік поэмалар. Онда өз отандарын басқа елден келгендерден қорғау барысы бейнеленген.Әлеуметтік-тұрмысты поэмалар жастар махаббатына арналады, онда айтылған салт-дәстүрлердің, халықтың ерекшеліктерін сипаттау жағынан алатын орны зор. Мәселен, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Күлше қыз”, “Назымбек”, “Сұлу шаш”, “Мақпал қыз” атты поэмалар соның айғағы. Қазақтың лирикалық поэмасына айтарлықтай үлес қосқан шығыс халықтарының классикалық поэзиясы. Махаббат лирикасындағы әндер “Жүсіп пен Зылиха”, “Ләйлі мен Мәжнүн”, “Боз жігіт”, “Сейфуль-Малик”, “Тахир мен Зухра”. Бұларда қазақ халқында белгілі бір орын алған. Қазақ ауыз әдебиетінің жанрлары да кең тамыр жайған: мақал-мәтелдер,жұмбақтар, үзінділер, шешендік сөздер, сатира, юмор, лирикалық әндер (жырлар), тұрмыстық дастандар және т.б. МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ Еңбек көріністері, салт-дәстүр, халық ойындары және мерекелер – музыка әлемінде өздерінің көріністерін тапқан. Вокалды және инструменттік өнердің дамуы поэтикалық дәстүрдің дамуына, түп-тамырын жалғауға негіз болды. Қазақта және басқа да халықтарда тек музыка м-тін қорғаушы, ұрпаққа жеткізуші аспап-саздармен орындаушы, солистік әншілер болды. Әрбір ақынның, әншінің баға жетпес құралы ұшбұрышты, сопақ түрдегі домбыра. Өз кезінде қос ішекті, іші қуыс, асты терімен жабылған қобыз сияқты құралдар болған. XVI-XVII ғғ. халық ойындарында, мерекеде, эпикалық, тарихи, ертегі және тұрмыстық жырларды халық талантары жаңғырта білген. Күйлерді орындаудан бұрын халық таланттары шығарманың мазмұнын қысқаша баяндап, “Енді тыңда, домбыраның сазын” деп аяқтайтын болған. Өткен тарихымыздан біз ауыз әдебиетінің талант иесіне қанша күш беріп, сондай бір тербеніске әкелетінін білеміз.Ауыз әдебиетінің ерекшелігін, алтын қазығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші ақын, жырау, әнші-импровизаторлар. Ақындар орта ғасырда-ақ ауыз әдебиетін жаңғырта білген. Олар екіге бөлінген жыршы және әнші. АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША ӘДЕБИЕТТЕР Поэзия. Жырау. XVғ. басы ХІХ ғ. қазақ әдебиетінде жыраулық ерекше дамыған. Жыраулар көбінесе қоғамдық жұмыстарда, ханның кеңесшісі, соғыс басшылары болып қызмет атқарған.Қазақтардың көрнекті де беделді жырауының бірі Қазтуған Сүйіншіұлы. Ол XVғ. 20 жылдарында Еділдің төменгі ағысындағы Ноғайлы ұлысының беделді биінің жан ұясында дүниеге келген. Оның өлеңдері Ноғай ұлысының басшысы ретінде өзара тайпалардың бірілігіне, ерлікке шақырды. Доспанбет жырау XVғ. 90-жылдарында Азау қаласында дүниеге келді. Бақша сарай және Стамбул қалаларында болған. Ол өз өлеңдерінде ерлікпен адалдықты, отанды қорғауды жырлады. 1523ж. Астрахан соғысында қаза тапты.Қазақ халқының м-тінде Шалгез жырау Тіленшіұлы (1465-1560) үлкен із қалдырды. Ноғай ұлысында Жүсіп пен Смаил арасындағы қақтығыста Шалгез жырау Жүсіпті қолдады, бірақ ол жеңілгеннен кейін Шалгез жырау Қазақ хандығынан тыс жерлерге көшіп кетті. Шалгез поэзиясы терең мағыналы, көркем бейнелерге толы, патриоттық болған. Шалгез қазақтың өлең құрылысын қалыптастырған және батырлық эпостардың жыршысы болған.Жыраулар поэзиясын жалғастырған және байытқан Марғасқа жырау мен Жиембет жырау (XVIIғ.), Марғасқа тек қана жырау болған жоқ, сонымен қатар ол батыр да болған. Ол Тұрсын ханға қарсы соғыстарға қатысқан. Ол “Есім” деген батырлық жырдың авторы болып табылады. Алшын руынан шыққан Жиембет Бортоғашұлы Есім ханның кезінде Кіші жүздің биі болған, ойраттарға және Тұрсын ханға қарсы күрестерге қатысқан. Кіші жүзді Қазақ хандығынан бөліп алғысы келгендігі үшін, қазақ-ойрат шекарасына қарай қуылған. Содан Есім хан қайтыс болғаннан кейін өзінің туған жеріне қайта оралған.Ақтамберді жырау (1675-1768) Оңтүстік Қ-нда Қаратау ауданында дүниеге келген. Ол бала кезінен ақын-импровизатор ретінде таныла бастады. Ол барлық жоңғарларға қарсы күрестерге белсене қатысты, ал XVIIIғ. 50-ші жылдары халықтың шығысқа, жоңғарлардан тартып алынған жерлерге қарай, қозғалысын басқарды. Ақтамберді Семей облысы, Жүрек Жата жерінде жерленген. Үмбетей (1706-1778) халықтың жоңғарларға қарсы батырлық күресін, бейбіт өмірге ұмтылысын жырлаған. Үмбетейдің ең атақты шығармасы Бөгенбай батырға арналған.XVIIІғ. ерекше атаққа Бұхар Қалқаманұлы (1668-1781) ие болған. Бұхар жырау Тауке хан мен Абылай кезіндегі атақты билердің бірі болған. Ол – мемлекеттің біртұтастығына, оны сыртқы жаулардан қорғауға арналған көптеген өлеңдердің авторы. XVIIІғ.аяғы мен ХІХғ. басында Тәттіқара, Көтеш, Шал сияқты атақты ақындар болған. Тәттіқара Сарыкөл жерінде, қазіргі Қостанай обл. дүниеге келген. Цинь империясына қарсы күреске қатысқан. Қазақ батырларының ерлігін жырлап, эпостық жырларды орындаған. Ақын импровизаторлар Көтеш (1745-1818) және Шал (Тілеуке Күлекеулы) (1748-1819) адам, оның моральдық және этникалық күйі жайлы өлеңдер жазған.Жазба әдебиеті. Ауыз әдебиетінен басқа, қазақтарда жазуда дамыған. Әдеби шығармашылықтың негізгі жанрлары – діни және тарихи еңбектер. XV-XVIIIғ. қазақтар арасында “Қысас ал-анабия”, “Бадуаш”, “Суфи Аллаяр”, “Кесік-Баги” және т.б. кітаптар тараған. Бұл шығармалар діни бағытта болған.Бізге XVI-XVIIғ. жазылған тарихи шығармалар да жеткен. “Тарихи рашиди” шығармасы Мағұлстанның және Қазақ хандығының тарихына арналған. Оның авторы-Шухам ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар. Оның “Жахан-наме” деген поэмасы бар.Қазақтардың ең маңызды тарихи көркем шығармасы “Жәми ат-тауарих” оның авторы Тәуекел хан тұсындағы ықпалды би болған жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосымұлы.1587ж. ол сұлтан Ораз-Мұхаммедпен бірге орыстардың қолына тұтқынға түсіп Мәскеуде және Касимовта ұзақ уақыт тұрып, өз шығармасын жазды. Кітап XV-XVIғ. қазақ тарихына арналған. Мақал-мәтелдерге бай, шежіреден көп дерек береді. Кітап ағыздық ықпалы бар ежелгі қазақтың әдеби тілінде жазылған.XVIғ. Өтеміс-қажы “Шыңғыс-наме” деген тарихи еңбек жазған. Кітаптың маңыздылығы сол, онда XIV-XVғғ. қазақтардың саяси құрылысы, хандары, Қазақ хандығының ұлықтары мен ұлыстарының шығуы және рулар мен тайпалар туралы мол мағлұматтар береді. Қазақтардың тарихи ауызша шежіре тарату дәстүрі қамтылған. 23 15-18ғғ басындағы Қазақ хандығының әлеуметтәк құрылымы мен мемлекеттік құрылысы. Қазақ хандығы XV ғ-рдың ІІ жарт-нда, нақтырақ 1465-66 жылдары қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керей қол астындағы елдерімен Әбілхайыр ұлысынан бөлініп шығып, Моғолстан шекарасына қарай көшіп барып, Есен-Бұға бөліп берген жерлерге қоныстану кезінде құрылды. Қазақ хандығы басында Б. Жетісу, Шу, Талас өзендерінің аңғарларын қамтыды. Жәнібек пен Керейдің әрекеттері орталықтанған жеке мем-т құруда халықтың және ру-тайпаларының билеушілерінің мүдделеріне сай болды. XV соңында қазақ хандығы экономикалық жағынан күшейіп, қазақтар ежелден мекендеген жерлерді қоса отырып, территориясын барынша кеңейтті. XVI ғ-рдағы қазақ хандығы нақты қалыптасып, күшею кезеңін бастан кешірді. Оның территориясы 1511-1521 ж-раралығында Қасым хан билік еткен кезде Сырдария өңірін, Жетісуды, Қарқаралы тауларын, Жайық өзеніне дейінгі аймақты қамтыды. Қасым хан кезінде билік күшейді. Қ-нның орталықтары болып Түркістан мен Сығанақ қалыптасты. Халық саны миллионға жетті. Жеті сатылы басқару жүйесі енгізілді: ауыл(аулыбасы)-аймақ (аксакал)-ру (рубасы)- арыс (би)- ұлыс (сұлтан)- жүз (хан)- хандық (қағанан). «Қасым ханны қасқа жолы» заңдар жинағы жасалды. Қ-қ хандығы Еділбойы халықтарымен, Б. Сібір хандарымен дипломатиялық және сауда қатынастарда болды. Қасым Мұхаммед Шайбанимен күрес (1501-1510) жүргізді. Қ-қ хандығы Орта Азияда және Ш. Еуропада көзге түсті. Қасым хан өлген соң 15 жыл бойы саяси дағдарыс болды. Бірнеше хан ауысып, көптеген аумақтардан айырылды. 1538 билікке Қасымның ұлы Хақназар (1538-1580) келді. Ол билік құрған кезде сауда-экономикалық жағдай жақсарды. Қазақтар мен өзбектер араларында сауда қатынастары жақсарды. Ханның өзінің жасақтары (төлеңгіт және қараша) болды. Ханның рұқсатынсыз көшкендер айып пұл төледі. Хан өз пайдасына салықтар жинап отырды. Хақназар Қасым хан кезіндегі қазақ жерлерін қайтаруға әрекеттенді. ХVІ ғасырда, 1552 ж. Қазанды, 1554 ж. Астарханьды алғаннан кейін қазақ хандығына орыс патшалығы таяй түсті. Қазақ хандығы Сырдария өлкесі үшін шайбанидтермен күрестерін жалғастыра берді. Хақназардан кейін хан Тәуекел болды (1582-1598). Ол билік құрған кезеңде Қазақ хандығы мен орыс патшалығының байланыстары кеңейе түсті. Орыс патшасы орыстарға қазақтармен баж салығынсыз сауда жасуаға рұқсат берді. 1583 ж. өзбектермен байланысын үзіп, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын жаулап алды. 1597-98 жылдары Ташкентті басып алды. Сібір хандығы құлағаннан соң сол-к шекаралар да кеңейді. 1598 ж. Мәуереннахрды шабуылдады. 1594 ж. Федор патшамен келісім жасау үшін Мәскеуге елші Құл-Мұхаммед жіберілді. 1595 ж. В. Степанов жауапты сапар жасады.
24Тәуке ханның саясаты. «Жеті Жарғы» заңы жинағы. Тәуке хан (1680-1718) билігінің ерекшелігі: хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып,бір орталыққа бағындырылды.Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады.Мем-к құрылыстың негізгі ұстанымдарын анықтайтын «Жеті Жарғы» заңын жасады.Көрщі елдермен достық қатынаста болуды көздеді:қырғыз,қарақалпақ,орыс елдері. Тәуке ханның нег.мақсаты- хан билігін нығайту.17-18 ғ басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім ханның әдет-ғұрып ережелері жүйеге келтіріліп, «Жеті Жарғы» заңдар жинағы шығарылды: Ақсүйектер-ң артықшылық жағдайын қорғау көзделді.Күн төлеу-адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілдіЕр кісі үшін -1000 қой,әйел үшін-500 қой төлеу.Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адмның құнын төлеу.Ұрлық үшін 3 тоыз (27) төлеттіріп,дүре соғу.Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу.Тәуке хан 1686-1693 ж Сібірге 5 рет елшілік жіберіп,орыс-қазақ қатынастарын дамытты. Біріншіден, хан барлық рулардың бірлестігінің бірден-бір басшысы; қазақ хандығының барлықт қарамағындағы жерді билеуге еркі бар жерді бөлісу, қайта қарап рулар арасындағы жерді бөліп беруде ханның шешімі ақырғы шешім болды. Хан өзіне қарасты жердің күшімен елді қорғауға міндетті. Екіншіден, хан басқа елдермен бітім, келісім жасауға немесе бөтен елге соғыс жариялауға құқы бар, ол барлық әскердің қолбасшысы болып есептеледі. Үшіншіден, хан басқа мемлекеттермен дипломатиялық байланыс жасауға, хандықтың барлықь сыртқы саясатын белгілеуге құқы бар. Төртіншіден, хан өзіне қарасты ел ішіндегі тәртіпсіздікті болдырмау үшін, қылмысы ауыр адамға өлім жазасын беруге құқы бар. Бесіншіден, халық хан билігін мойындай отырып, жүзеге асыруға тиісті, заңға қосымша өзгерісті кіргізуге құқы бар. Бірінші, һәм негізгі сала - жер дауы. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс, құдық – мал баққан елдің атадан балаға мирас қып қалдырған еншісі. Өйткені жер – атамекен, кіндік – жұрт, отан. Жер – тіршілік етер отбасы, баба молдасы, кіндікбайлар қасиетті тұрағы. Сондықтан, көшпелілер үшін жерден киелі ештеңе жоқ. Екінші сала – үйшілік тірліктегі сыйластық, байланыстылық, әкуе мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас, үлкен мен кіші арасындағы сыпайыгершілік, ата-анаға деген құрмет, жастарды тәрбиелеу, баулу сықылды инабаттылық, имандылық шаралары. Үшіншісі –ұрлық пен қорлыққа, барымта-сырымтаға кедергі қойып, бұқараны адалдыққа шақырып, еңбекпен күнелтуге бейімдеген заңдар тізбегін қамтиды. Төртіншісі – ел мен ел, халық пе халық, ру мен ру арсындағы дау-дамайды әділдікпен шешуге арналған. Ынтымақтық тілеген ел дауды бірлоікпен емес,білікпен тындыруды көздегені ақиқат. Бесіншісі – ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, сыртқы жауға тойтарыс беру, жасақ құру, сардар сайлау, сауын айту тәрізді жаугершілік кезіндегі мемлекеттік ірі оқиғаларды қамтыған ереже-қағидалар. Алтыншы тармақ – түгелдей құн дауына бағышталған. Жетінші тармақ – жесір дауынан құралады. Енді баптарына тоқталсақ, негізгі мазмұны: - қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адам үшін – 1000 қой, әйел үшін – 500); - ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; - денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ -20 қой); - егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кшірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады); - төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артықтөленеді; - егер ері әйелін өлтірсе, әйелдің құнын төлейді; - ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі; - өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді; - егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса,: 5 айлық бала үшін – 5 ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1 түйеден; - әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі қорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады; - егер ері әйелінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, өлтіруге қақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс, әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;
2515ғ ортасы -17ғ. Қазақ хандығының сыртқы. ХҮІ ғасырдың екінші жартысында соғыстарға, өзара қырқыстарға байланысты Қазақ хандығы қатты әлсіреп кетті. Хақназар хан билік еткен кезеңде бұ мемлекеттің ішкі сыртқы саяси өмірінде белглі бір өрлеу байқалып, ол кейіннен тағы құлдырауме алмасты. ХҮІ ғ. 50-жыл-ң аяғынан бастап Қазақ хандығы ноағйларға, Көшімнің Сібір хандығына, Орта Азия хандықтарына елеулі қауіп төндірді. Хасан бек Румлу «Ахсан ат-таварихта» 963/1556 жылы Барақ хан өлгеннен кейін Хақназар Ташкентті шапты дейді. 1560 жылы Моғостан билеушілерімен ерекше табан тірескен күрес өріс алды. Алайда Тәуекел хан тұсында қазақ хандары мен Моғолстанның Шағатай ұрпақтары арасында одақтастық қатынастар жолға қойылды. Осыған байланысты Шах-Махмұд Шорастың Моғостанда, атасақ, Шалыш пен Турфандағы саяси істеріне Тәуеклдің қатысуы туралы, онда Тәуекел ханның бұл иелік тағына кімнің отыруы жөніндегі мәселені шешуі назар аударарлық. Москваға қазақтар туралы ноғай мырзаларының өздері де жазған. 1537 жылы ноғай мырзасы Жүсіп ІҮ иванға жолдаған грамотасында: «Ал егер Қазақ ордасымен соғысу керек болса, мен қазір де Жавйывқтың арғы жағындағы Елек өзенінде көшіп жүрмін», - деп хабарлаған. Ноғай мырзалары ұлыстардың Ноғай ордасынан бқлініп, олардың қазақұтарға қосылып жатқанын хабарлап отырды. Сол кезде Шайбани ұрпағы, Сібір ханы Көшіммен күрес жүргізіп жатты, онда Хақназар әрқашан жеңіске жете берген жоқ. Бұл кезде Көшім хан өз билігін исламның рөлін күшейту арқылы идеологиялық жағынан негіздеуге ұмтылған еді. Алайда Көшім ханның Орта Азиямен жақын қатынастар орнатуға бағытталған саясатына бұл ғана себеп болған жоқ, оның үстіне Қазан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Сібір хандығы олардан оқшауланып қалған еді. Сондықтан Көшім хан Орта Азияның Билеуші топтарының қолдауы мен көмегіне бағдар ұстады. Башқұрт аңыздарында Хақназарға башқұрттардың да бағынғаны айтылады. Осы аңыздарды негізге ала отырып, Рычков былай деп жазған: « Осы Ақназар хан болған соң, қатты күшейіп алды да, бір ғана ноғайлар мен Башқұрстанға ие болып қана қоймай, Қазан, Сібір, Астрахан патшалықтарын, Бухарияны, Хиуаны, Ташкентті өз қоластына бағындырып, алым жинады». ХҮІ ғасырдың екінші жартысында, Қазан(1552) мен Астраханды(1556) қосып алғаннан кейңн, Ресейдің Орта Азия хандықтарымен байланыстары жолға қойылды, атап айтқанда, қазақ-орыс қатынастары нығайып, кеңейе түсті. Нақ сол кезде Орта Азия орыс саудасы орнығады. Хақөназар хан тұсында Қазақ хандығы Москвамен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым-қатынас жасады. Орта Азиядағы саяси жағдай қазақтарды сенімді де күшті одақтас іздестіруге мәжбүр етті. Олар Реснейдің осындай одақтас бола алатынына көз жеткізді. ХҮІ ғасырдың 90-жыл-н ХҮІІ ғ.басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан кетіп қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 ж. Қазақ-орыс келіссөздері, 1598-99 ж. Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты оқиғалармен толы болды. Қазақ-жоңғар қатынастары тарихи әдебиетте.Орыс тарихнамасында қазақ-ң жоңғар-р басшылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресебұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр (қалмаққырылған) деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғ,ар қатынастарын ХІХ ғ.яғы – ХХғ. Басында М.Ж.Көпеевтің, Ш.Құдайбердиевтің, М.Тынышпаевтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың күш-жігері салуы арқасында ғана егжей-тегдейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақ-ң жоңғар-ға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723-26 жыл-ғы жеңіске жету себептері, қазақ-ң саяси және экон-қ жағдайы, басқа да мәселе-р ХХ ғ. 70-80 жыл-ғы тарихнамада: И.Я.Златкиннің, Н.Г. Апполованың, В.Я.Басиннің, В.А.Моисеевтің монография-да ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді. Атап айтқанда, В.А. Моисеев жоңғар-ң қазақ-н арадағы ұзақ уақытқа созылған өзара қатынас-ң, оның даму барысын, сипатын ашып берді. Ол жоңғар-ң қазақ-ға және Орта Азия халық-на қарсы күрес-гі уақытша жеңіс-ң басты себеп-н ашып көрсетіп, Ресей-ң қазақ-п мен жоңғар-р жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының себеп-н түсіндірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынас-ң бүкіл жүцесін айқындай бастаған жаң а күш-ң саяси аренаға шығу беолгі-н де анықтап берді. Р.Б.Сүлейменов пен В:А:Моисеев-ң «ХҮІІІ ғ-ғы Қ-н тарихынан» деген бірлескен еңбегңінде осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қ-н-ң Ресеймен, Орталық Азиядағы «ең соңғы көшпелі империя» - ХҮІІІ ғ-ғы Жоңғар хандығы-н өзара қатынас-ң тарихы түйінді проблема-ң бірі болып қалуда. Кеңестік кезеңде Қ-н тарихшы-ң бұл проблемаға Қ-н-ң Ресейге қосылуы-ң пргресшіл маңызы сипатында қалам тартқаны мәлім. әлбетте тәуелсіздік жағдайында көзқарас өзгерді. Бұл орайда Қ-н тарихшылары жариялаған деректеме-р мен еңбек-ге сүйене отырып, қазақ-р қорғаныстық азаттық соғысын жүргізіп жатқан кезеңде. Ел басына күн туған зобалаң жыл-да Ресей имприясы Етіс бойымен оңтүстікке қарай ілгерілеп, доңғар-р басып алған қазақ жер-не бекініс-р салғанын, өзінің тым әріде жатқан жоспар-н дипломатия-қ әрекет-н, әскери экспедиция-н нығайта бергенін бүкпесіз де объективті түрде атап өтеді. В.А.Моисеев өзінің соңғы еңбек-де бұрынғы көзқарас-н дәір өзгертті. Оның пікірінше: «Қазақ тарихзшы-ры мен публийис-рі еңбек-де Орыс мемленкеті «солтүстіктегі қанішер жыртқыш», қазақ-ң Жоңғария сияқты тарихи жауы етіп көрсетілген. Ол былай тұрсын, патша үкіметі жоңғар-қазақ соғысына арандатып, ойраттарды қару-н жабдықтаған және олпрды қазақ-ға айдап салған сияқты». В.А.Моисеевтің пікірінше: «Ресей қазақ халқын ойрат-ң басып кіруінн қорғап. Шабуыл жасаушы тарапты тежеу жөнінде қатаң көзқарас ұстанған». Алайда ресей-ойрат қатынас-ң тарихын мұқият зерделеуХҮІІІ ғ. 30-жыл-да Ресей дипломатиясы-ң отаршылдық саясатты жалғастыра бергенін дәлелдейді. Сенат өз жарлығымен Еділ қалмақ-ры ханы-ң Жоңғар хандығына қарчсы соғыс ашуына тыйым салды. иТек 1742-43 ж. Сенат, одан соң орынбор комиссиясы-ң бастығы И.Неплюев-ң ойрат әміршісі-ң ордасына жіберген К.Миллер миссиясы Кіші жүз бен Орта жүз қазақ-н сол кезде-ақ Ресей бодан-ры деп қпрап, Жоңғария хан-н оларға шабуыл жасауды тоқтатуды алғаш рет талап етті. Басқаша айтқанда, Ресейпериясы Кіші жүз бен Орта жүх қазақ-ры Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін 11-12 жыл өткен соң ғана қазақ-ды қолдаған.
26Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі. 1726ж Шымкентке таяу Одабасы деген жерде Үш жүздің басшылары, жиын өткізіп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан ж/е бөгенбай батыр сайланды. 1727ж халықтың қаһарлы қарсылығының алғы шебінде болып,қалмақ әскерлерімен үш жылдай ұрыс жүргізген !Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ ж/е оның жиені ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Санрық батыр Ырғыз уезінің оңтүстік -шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға есенгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды.Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ызы мен кекке суарылған қайрат-жігерінің жемісін көріп қунды.Жеңіс туралы хабар қазақ арасына лезде тарап кетті.Алты алаштың руын көтеріп, оларды күреске шабыттандырған бұл жеңіске қол жеткен жер кейін "Қалмақ қырылған"деп аталды. 1729ж көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бірқатты қырғын соғыс жүрді.Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек,Бөгенбай,Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді.Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты.Көбіқырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерлерініңаңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді.Бұл жер кейін "Аңырақай"деп аталып кетті.Сөйтіп,Аңырақайда аяусы соққыға душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Осы тұста Тәуке ханның баласы үлкен орда иесі Болат хан қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар орын алды. Қазақтың үш жүзінің басын қосып, біртұтас тәуелсіз мемлекеттігін қалыптастыруға тиісті Үлкен орданың басында отырған Болат хан жігерсіз хан болды. Үлкен орданың иелігіне екінші үміткер - Кіші жүздің ханы Әбілқайыр. Үлкен орда билігі оған бұйырмады.Аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Осы бір қиын-қыстау тұста әрбір жүздің ішінде феоалдық бытыраңқылық күшейіп, ру басшылары мен сұлтандары хан билігіне бағынбай, бөлінуін тоқтатпады.Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы өз алдында ел биледі, сол сияқты Орта жүзде Күшік және Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Еділ өзенінің бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды.Сондықтан Кіші жүздің батыс шекарасында тыныштық пен бейбітшілік орнатуды Әбілхайыр хан өзінің басты міндеті деп санады.Сонымен қазақ қауымының ортақ жауы -жоңғарларға қарсы күрес те күн тәртібінен түскен жоқ.1711ж "қан ішер"Абылайдың немересі Әбілмансұр дүниеге келеді. Қалмақтар Түркістанды алып Әбілмансұрдың әкесі Уәлиді өлтіріп,оның 13 жасар ұлын тұтқынға алып,Сатпақшы болады. Ол тұтқынан еліне қашып келіп, ауқатты адамдардың малын бағуға жалданады.Ұйпа-тұйпа болып жүрген оны жұрт Сабалақ деп атаған. 1731ж Сабалақ ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасып, өзінің асқан ерлігімен көзге түседі.Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді.Абылай деген ат беріп, хандық тағын ұсынады.Хандық биліктен бас тартқан Абылай Әбілмәмбет қайтыс болғанға дейін сұлтан дәрежесіне дейін кеңесшісі болады. Абылай қазақ жерін жоңғарлардан тазарту мақсатында үш жүздің жасақтарын жинап,Түркістан,Сыр бойындағықалаларды азат ету жорығына аттанады.Осы жорықта көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай Қаракерей Қабанбай.Абылай бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөледі.Бірінші тобын Бөгенбай, екінші қолды Жәнфібек, Үшінші негізгі қолды Абылай өзі басқарады.Жоңғар қаруы-мылтық, найза, қылыш, түйе үстіне орнатылған 15 зеңбірек болды.Ал қазақтардың жасақтары сойыл, шоқпар, садақ, найзамен қаруланған.Соғыс 2 айға созылды. Қалмақтар Сырдың жоғарғы сағасына шегіндіАмалы таусылған Цевен Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Шымкент қалаларыҚазақтың қармағында қалды.Абылай бұл жолғы күресті жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745ж соғыс бітті.
27 XVIII ғ. басындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы жағдайы. Ресей мен Қазақстан хандығының екі жақты жақындасуына XVIII ғасырдың басында жоңгар феодалдарының шапқыншылығына қарсы тұру мүдделілігі басты себеп болған еді. Бұл кезде қазақ хандығының Бұқар және Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде кала берді. Еділ өзенінің бойындағы қалмақтар мен башкұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Осындай күрделі мәселелерді шешу үшін Солтүстіктегі қуатты көрші Ресеймен мәмілеге келуді керек етті. Қазақстанның басқа көрші ел халықтарымен карым-қатынасын ұшықтырып, өзіне тәуелді болуын іске асыруға бағытталған жымысқы саясат жүргізіп отырған Ресеймен тең кұкықты, тату-тәтті қарым-қатынас орнату қазақ хандары үшін, оның ішінде елдің батыс бетіндегі қалмақтар мен башқұрттардың тынымсыз шабуылынан мазасы кетіп отырған Кіші жүздің ханы Өбілхайыр үшін қазақ даласында тыныштық орнаудың кепілі сиякты көрінді. Қазақ даласы Ресейді Шығыс мемлекеттермен жалғастырғьш көпір іспетті еді. Ол арқылы Еуропа елдерінен шығыстагы елдерге жөне одан кері қарай құрлық пен суға төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Ресейден Орта Азияға, Ауғанстанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа шығыс елдеріне баруға болатын еді. Орыс патшасы Бірінші Петр бұл елдермен экономикалық жөне саяси байланыс орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Ресейге қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. Солардың бірі - подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің экспедициясы. Экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және басқа жерлерден жинап алынды. Әскери-дипломатиялық сипаттағы барлық дайындықтар біткеннен кейін, 1715 жылдың шілдесінде И. Д. Бухгольц отряды жорықка шықты. 1715 жылгы қазанда экспедиция Ямышев көліне жетіп, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды. Осыдан кейін Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасында 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады. Бұл әскери-инженерлік құрылыстардың басты мақсаты оңтүстік-шығыс шекараны, Ресей мемлекетінің сыртқы ықпал ету аймағын кеңейту болып табылды. Батыс Сібір генерал-губернаторы М. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жіберді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды -Колбасин бекіністерін салды. Чередов одан әрі жүріп жаңа бекініс - Семипалат (Семей) бекінісін салатын жерді таңдап алды. Сөйтіп, 1718 жылы Семей камалының, ал 1720 жылы И. М. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін калады.XVIII ғасырдың 20-шы жылдарында Бірінші Петр өкіметі Орта Азия және Қазақстан билеушілерімен елшілік арқылы байланыс жасап тұрды. Қара теңіз бен Балтық теңізі арқылы Еуропаға терезе ашқан Бірінші Петр енді Азия елдеріне төте баратын жолды іздестіре бастады және бұл жолдың қазақ даласы аркылы өтетінін жақсы түсінді.Ресеймен қарым-қатынасты нығайтудың қажеттілігіне бұл тұста Кіші жүзден баска қазақтың Орта жөне Ұлы жүз хандары мен ру басшылары да бой ұра бастаған еді. Өйткені ондаган жылдар бойына созылған жоңғар қалмақтарының және көршілес Орта Азия хандарының шапқыншылық әрекеттері қазақ елін әбден тоздырып әлсіреткен болатын.XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ хандары орыс патша-сынан жоңғар қалмақтарына қарсы көмек сұрап елші жіберді. 1730 жылы 8 кыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейіткүл Қойдағүлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар өйел патша Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға жөне «бүкіл қазақ халқына» олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А. И. Тевкелев бастаған елшілік келді. 1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұлтандары мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы жөнінде шешім кабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, «өзінің мөрін басты». Бірак, бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана жүзеге асырыла бастады. Ресей патшасының Кіші жүзді кол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр патша өйел Анна Иоановнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бүл хатты Петроградқа Хангелді батыр жеткізді.1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа кол қойды.Қазақтар Қазақстанның Ресеймен бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне, саяси, мәдени жағдайының жақсаруына игі ықпал жасайды деп үміт етсе, патша өкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізу үшін пайдасы бар деп санады. 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И. К. Кириллов пен А. И. Тевкелевті жіберді.Патшаның әмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынып, олар біртіндеп ірі қалаларға айнала бастады. Сол тұста Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. XVIII гасырдың 50-ші жылдарында Ертіс өзенінің жағасына салынған Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар қалаларға айналды. Мұндай әскери бекіністер салу отарлау саясатын жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты.Жайық бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бек-іністердің маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендерінің бойындағы кұнарлы жерлерінен айрылып, оңтүстікке карай ығыскан Орта жүздің қазақтары Бұқара мен Ташкент түбіне келіп коныстануға мөжбүр болды.1740 жылы Орынбор экспедициясынъң бастығы генерал-лейтенант князь В. А. Урусов Орынборға елшілік тап-сырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 кыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай жөне Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет жөне Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Оның барысында Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Осы шарттан кейін патша өкіметінің отарлау саясаты жаңа карқын алды. 1740-1743 жылдардың өзінде ғана Кіші жүзбен Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін манда қазақтардың қоныстарын тарылытқан, көптеген жаңа бекіністер салынды. Мұндай жаппай әскери тірек базаларын салуға қарсы болған Әбілқайырмен оның төңірегіндегілердің пікірі ескерусіз қалды.Бұл кезде кең-байтақ Орынбор өлкесін басқарып отырған И. И. Неплюев Ресейдің Кіші жүздегі билігін күшейтуге бар күшін салды. 1742 жылы тамыз айында Әбілқайыр хан үшінші рет Ресейге бодандығы жөнінде ант берді. Неплюев Кіші жүздің бағындырылуын тездету мақсатында «Қосалкы жоспар» әзірлеп, Сенаттың бекітуіне ұсынды, оны сенат 1744 жылгы 1 наурызда бекітті. Осы жоспарға сәйкес барлық ағымдагы істер И. И. Неплюевтің өзіне жүктелді. Әбілқайыр ханның билігін әлсірету үшін Неплюев қарақалпақтар мен башқұрттарды Кіші жүз қазақтарына айдап салды, сөйтіп ұлтаралық кайшылықты қоздырды.1744 жылы Орынбор губерниясы құрылып, оның бірінші губернаторы болып генерал И. И. Неплюев тағайындалғаннан кейін, онымен Әбілқайыр арасында араздық басталды. Неплюев Әбілқайыр ханды саяси аренадан кетіру үшін, небір жымысқа әдістерді қолданды. Ол Орынбор өлкесінде отарлау шараларын адам айтқысыз катыгездікпен жүргізді, орыстардың Кіші жүз жеріне қоныс аударуына барынша қамқорлық жасадьі.Әбілқайыр хан патша өкіметі мен Орынбор губернаторының түпкі максаты бүкіл Қазакстанды империяның отарына айналдыру, өздеріне ұнамайтын ыкпалды сұлтандар мен ру басыларын әр түрлі әдістермен жоюды көздейтінін бірден аңғарды. Олар Әбілқайыр ханды айтқанынан шықпайтын орындаушы деңгейіне дейін төмендетуге тырысты. Ол үшін И. И. Неплюев ханға қарсы Орта жүздің атақты шонжары Барақ сұлтанды айдап салып, бұлардың арасындағы феодалдық топтық қырқысты шиеленістіруге себепші болды. Бұл қырқыс 1848 жылы 1 тамызда Үлкияк жөне Торғай өзендерінің арасында болған кактығыс кезінде Барақ сүлтан тобының Әбілқайыр ханды өлтірумен аякталды. Барақ сүлтан Әбілқайыр ханды зорлыкпен өлтіру өзінің даңкы мен билікке жетуіне даңғыл жол салып береді деп есептеді. Алайда, ол қатты кателесті, өз тайпаластарының көпшілік бөлігін өзіне карсы қойып алды. Қазыбек бидің жетекшілігімен өткізілген билер соты оны ақтағанымен, халық одан теріс айналып кетті, сөйтіп көп ұзамай Баракты саяси қарсыластары улап өлтірді. Ал Кіші жүзде 1749 жылы хан болып Әбілкайырдың баласы Нуралы сұлтан сайланды. Ол алгашқы жылдардан бастап ақ патша өкіметінің айткандарын орындайтын тәуелді билеуші екендігін көрсетті.Сонымен XVIII ғасырдың орта кезінде Ресейге Кіші Жүздің біраз бөлігі, Орта жүздің тек аз бөлігі кірді. Ал, Солтүстік-шығыс жөне Орталык Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек XIX ғасырдың 20-40 жылдарьінда ғана, патша өкіметінің әскери-саяси күш көрсету нөтижесінде қосылды.Патша өкіметі Қазакстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылғы 19 казандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының камалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдың 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алкаптарындағы Орта жуздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ырыстырылды.Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер кұрылысын тездетіп салу жөне тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайык, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін кұру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі кұру, басқарудың дистанциялык жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата косу, ал Орта Азия хандыктармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлык билікті ресейлік әкімшіліктің колына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік кызметіне катыстырмауга тырысты.Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу ушін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалык ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. 28 Ресей құрамына енуінің XVIII ғ. басындағы Ресей және Қазақстан. Бірінші Петр Осы мақсатта қазақ жеріне экспедиция жіберілді. - подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің экспедициясы, 1715 жылдың шілдесінде И. Д. Бухгольц отряды жорықка шықты. 1715 жылгы қазанда экспедиция Ямышев көліне жетіп, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды. Осыдан кейін Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасында 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.. Батыс Сібір генерал-губернаторы М. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жіберді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды -Колбасин бекіністерін салды. Чередов одан әрі жүріп жаңа бекініс - Семипалат (Семей) бекінісін салатын жерді таңдап алды. Сөйтіп, 1718 жылы Семей камалының, ал 1720 жылы И. М. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін калады XVIII ғасырдың елші жіберді. 1730 жылы 8 кыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейіткүл Қойдағүлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар өйел патша Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға жөне «бүкіл қазақ халқына» олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А. И. Тевкелев бастаған елшілік келді. 1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұлтандары мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы жөнінде шешім кабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, «өзінің мөрін басты». Бірак, бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана жүзеге асырыла бастады. 1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа кол қойды. 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И. К. Кириллов пен А. И. Тевкелевті жіберді.. Сол тұста Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды...1740 жылы Орынбор экспедициясынъң бастығы генерал-лейтенант князь В. А. Урусов Орынборға елшілік тап-сырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 кыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай жөне Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет жөне Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Оның барысында Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. 1740-1743 жылдардың өзінде ғана Кіші жүзбен Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін манда қазақтардың қоныстарын тарылытқан, көптеген жаңа бекіністер салынды... 1742 жылы тамыз айында Әбілқайыр хан үшінші рет Ресейге бодандығы жөнінде ант берді. Неплюев Кіші жүздің бағындырылуын тездету мақсатында «Қосалкы жоспар» әзірлеп, Сенаттың бекітуіне ұсынды, оны сенат 1744 жылгы 1 наурызда бекітті. Осы жоспарға сәйкес барлық ағымдагы істер И. И. Неплюевтің өзіне жүктелді. Әбілқайыр ханның билігін әлсірету үшін Неплюев қарақалпақтар мен башқұрттарды Кіші жүз қазақтарына айдап салды, сөйтіп ұлтаралық кайшылықты қоздырды.1744 жылы Орынбор губерниясы құрылып, оның бірінші губернаторы болып генерал И. И. Неплюев тағайындалғаннан кейін, онымен Әбілқайыр арасында араздық басталды 1848 жылы 1 тамызда Үлкияк жөне Торғай өзендерінің арасында болған кактығыс кезінде Барақ сүлтан тобының Әбілқайыр ханды өлтірумен аякталды. Кіші жүзде 1749 жылы хан болып Әбілкайырдың баласы Нуралы сұлтан сайланды. XVIII ғасырдың орта кезінде Ресейге Кіші Жүздің біраз бөлігі, Орта жүздің тек аз бөлігі кірді.1742 жылғы 19 казандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының камалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салындыҚазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер кұрылысын салу, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата косу, ал Орта Азия хандыктармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Патша үкіметінің қазақ елінің басына төуелділік ноқтасын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылга дейін созылды. Патша үкіметінін отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды.. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 жылы 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шакырымнан және орыс бекіністеріне 30 шакырымнан жақын жерде көшіп жүруіне тиым салынды. 1815 жылы Орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін өлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, Уәлихан 1819 жылы қайтыс болган соң, патша екіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше әкімшілікке бөлді. Орта жүз жекелеген әкімшіліктерге бөлініп, Омбы қаласының ішкі округтері деп саналды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарга бөлінді. Болысқа бөлудің негізіне рулық емес, территориялық бөліну принципі алынды.. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар тагайындалып, бұл кызмет шын мәнісінде атадан балаларға мирас болып калдырылып отырды. 1821 жылгы көтеріліс айрыкша тегеурінді болды, оган Түркістан, Шымкент, Әулиеата маңындағы казақ шаруалары катысты. Көтерілісті Тентектөре басқарды, оньщ басшылығымен 12 мыңға жуык көтерілісші шайкасты. Көтерілісшілер Сайрам каласын басып алып, оны өздерінің әскери-стратегиялык тірегіне айналдырды.Олар Қазақстанның оңтүстігі мен Қырғызстан жерін өзіне каратуды көздеді. Ал оңтүстік қазақтары Қазақстанның баска жүздерімен бірге біртұтас елдікті сактап, Ресеймен бірігуге ұмтылды. 1818 жылы Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей кол астына қабылдауын сұрап, патша өкіметімен келіссөз жүргізді. 1819 жылдың 18 каңтарында Сүйін Абылайханов сұлтан өзіне караган 55462 адаммен Ресейге адал болатыны жөнінде ант берді. 1824 жылы I Александр Ұлы жүздің Жетісуда кешіп-конып жүрген 14 сұлтанын (165 мың ер адамы бар) Ресейдің кол астына кабылдауы туралы куәлікке кол койды. 1830 жылы патша Үлы жүздің косылган аудандарын баскару үшін 1848 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторына багынатын үлкен Орданың приставы лауазымы белгіленді. Жетісу өлкесінде 1847 жыл мен 1867 жыл аралығында казак-орыстар түратын 14 станица бекіністері салынды,
29.Абылай ханның мемлекеттік қызметі. Абылай ханның 18ғ 2-ші жартысындағы ішкі және сыртқы саясаты. Қ-нның тәуелсіздік үшін күресіндегі Абылайдың тарихи орны. Абылай – Орта жүз сұлтаны Уәлидің ұлы, Түркістан билеушісі болған Абылайдың (қанішер) немересі. 13 жасында А-йдың ішкі тартыстарда әкесі қайтыс болады. ол ерте өмірге араласып, батырлығымен, ақылымен көзге түседі. Он бес жасынан бастап сыртқы жауларға қарсы соғыстарға қатысады. А. қ-қтардың негізгі жауы жоңғалар екенін түсінгендіктен, ресейлік бағытты ұстанады. 1748 жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен А. Сұлтан Ресейге бағыну туралы ант қабылдайды. Бірақ орта жүздің көбі тәуелсіз болды. Соған қарамастан біраз сұрақтар шешілді: қазақ-орыс сауда қатынастары кеңейіп, орыс керуендерінің қауіпсіздіктері қамтамасыз етілді. А. Жоң,ар хандығының әскери қуатын айтарлықтай әлсіретті. Көреген саясаткер ретінде ортаазия хандықтарының жаугершілік әрекеттерін ауыздықтап отырды. Қытайлықтар жоңғарларды жойғаннан кейін қ-қтар үшін шығыстан қауіп сейілді. Қ-қ хандығына жаңа - Маньчжур-Цинь империясы тарапынан қауіп төнгендіктен, А. 1756 ж. Қытайға да бодан болуға келісті. Жоңғар және цинь басқыншыларына қарсы күресте қазақ қоғамын біріктіруде А-йдың рөлі зор. А. Қазақ жерлерінің территориялық бірлігін қайта жаңғыртты. А-йдың басты мақсаты – қос бодандық арқылы қ-қтардың тәуелсіздігін сақтау болды. Дипломатиялық құралдарды ақылмен қолдана отырып, А. Тарбағатай, Алтай және Зайсан көлінің шығысындағы жерлерді қайтаруға күш салды. Ол келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге тырысып отырды. Қ-қтар Қашғариямен, Яркентпен сауда байланыстарын жөндеп, орыс көпестерімен саудада делдал болып отырды. XVIII ғ-рдың 70-жылдары Ходжент билеушілеріне бір қатар соққылар берді. Ташкент қ-қтарға алым төлеп тұрды. Түркістан, Созақ А-йдың қоластына көшті. 1771 ж. Әбілмәмбет хан өлген соң А. үш жүздің ханы болып көтерілді. Бірақ Ресей оны тек Орта жүздің ханы ғана қылып бекітті (1778 ж. 24 мамыр). А. басқаруды ұрпақтарының арасында бөліп (30 ұлы, 40 қызы болған), хандықты басқаруда бірқатар өзгерістер жасады. Басқару формасы дара хандық билік болды, ал ұлыстарды ханның жақын сұлтандары басқарды. А. сот істерін қарауда билерге шектеу қойды, қуатты әскер құрды, егін шар-ғының дамуын қолдады. Қазақ халқының мәдени және рухани м-тінің дамуына көп жағдай жасады. Әсіресе қ-қ халық музыкасына ерекше көңіл бөліп, өкінішке орай бізге дейін сақталмаған бірнеше күйлер шығарды. 1781 ж. күзде өмірден өтіп, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген. 1771 ж Абылай жалпы қазақтың ханы болып сайланды. Ол ең алдымен ішкі саяси жағдайды нығайту мақсатында іс-әрекеттер жүргізді. Биліктің орталықтандыруын нығайтуға ұмтылды. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруды өз балаларына тапсырды. Сонымен қатар, ханның рөлі де арттырылды. Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Билер кеңесі мен рубасы- ақсақалдар съезінің құқықтары біраз шектелді. Ішкі саяси мәселелерді шешуде Абылай ханның халық арасындағы беделінің өте жоғары болуы да өзіндік әсер етті. Абылайдың сыртқы саясатыда икемділігімен және ымырышылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттері мен қарым-қатынасының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын түсінген хан, бір жағынан, Ресей протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаның да ықпалының күшеюіне жол бермеуге тырысты. Абылайдың күш салуы арқасында Ташкент, Сайрам, Созақ,Шымкент қалалары қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханның 18 ғ 70-шы жылдарындағы сыртқы саясаты Қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығаюына жеткізді. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, тамаша қолбасшы және дипломат болды. 1781 ж Абылай Ташкенттен Түркістанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленді. Абылай қайтыс болғаннан кейін Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді түрде енуіне жағдай жасалды. Абылай хан Қазақ хандығын ақыл парасатымен біріктірді. Қытай мен сауда-қатынастарының кеңеюі байқалды. Ресеймен сауда- қатынастары өте жоғары дамыды. Абылай Түркістанда орныққаннан кейін өз халқының пайдасына алым-салымдарды төлеткізіп, Қоқан бектерінің шапқыншылығынан қорғайтын «хан қорғаны» сынды атақты бекініс салғызды. 1745 ж көктемде Қалдан- Цареннің әскері Зайсан көлінің өңіріне кірді. Бұл мәліметті қабылдаған Абылай оларға қарсы Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай,Жәнібек батырлар басқарған үш түмен әскерін жіберді. Жаудан қазақ жерін толығымен азат ету міндеті тұрды. Жоңғарларға қарсы шешуші күрес аяқталуға жақындады. Аягөз өзені мен Қалмақ Толағай маңындағы шайқаста қазақтар жеңіске жетті. Абылай Пекинге елшілік жіберді. Абылайдың Қытай қамқорлығы орнатылды. Формалді түрде Ресейдің де, Қытайдың да қамқорлығын мойындап шын мәнәсінде ол Орта жүздің тәуелсіз билеушісі болды. Ұлы және кіші жүз билеушілері де Қытайға елшіліктерін жіберіп, өз елі мен жерлерін Цинь патшалығының шапқыншылығынан сақтады. 1762 ж қарақалпақтарға жорық жасап, Ұлы жүздің руларына және қоңыраттарға бұрығы заманнан қазақ жерлері болып табылатын жайылымдарды пайдалануға мүмкіншілік берді. 1765 ж Абылай Қоқанға қарсы және қоқандықтың қарамағындағы қырғыздарға қарсы әскерін жіберді. 1770 ж өткен Жайлау шайқасының нәтижесінде қырғыздар жеңіліске ұшырады. Петербургке Абылайдың елшілігі келіп, 1740 ж берілген шарт қайта бекітілді. Бірақ Абылайдың өзі келген жоқ. Абылай екі мемлекетке де бірдей екі жақтың қамқорлығында болу саясатын жалғастырып, кезекті елшілігін Пекинге де жіберді. Абылайдың қазақ халқының арасындағы беделі 1771 ж, оны Хан ретінде сайлағаннан кейін, едәуір өсті.
30Қазақ-ң С.Датұлы баст.көтерілісі.Игельстром реформасы. Көтерілістің басты қозғаушы күші қарапайым көшпенділер болды. Сонымен қатар азаттық қозғалысқа патша өкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатынасты. Көтерілістің басты мақсаты- ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал қазақ-орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою еді. Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802ж) тұрды. 1783 ж бұл көтеріліс басталғанда- Сырым ақыл тоқтатқан, орнықты,елге өзін танытқан, сөзін тыңдатқан беделі зор адам болған. Батыс Қазақстанда ұлт-азаттық көтерілісі басталған кезде Сырым Байбақты руының старшыны болатын. 1783 ж көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желісіне шабуылы басталды. Қазақ жасақтары Харитоновтың отрядына табанды қарсылық көрсетті, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. 1783 ж тамыз айында әскери шайқастардың бірінде Сырым Орал қазақ-орыс жазалаушы отрядтың қолына түседі. Бірақ 1784 ж көктемде оның Нұралы хан 70 жылқы,350 сом күміс ақша беріп, босатып алуға мәжбүр болды.1784ж мамыр айында Сырым Датов орал қазақтарымен кескілескен ұрыстар жүргізді. Қараша айында Датовтың жасағында 1000-дай адам болды. 1785 ж көктемде қазақ даласына патша өкіметінің жазалаушы әскерлерінің шыққанын естіп, Сырым оларға тойтарыс беру үшін 2700 адамнан жасақ құрады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленшінің шоғыры қосылды. Оларды шекара бойына қалдырып, Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл жасады.Бірақ оның жақындап келгенін білген казактар алдын-ала зеңбіректен оқ атып қарсы алды.Тұтқиылдан тиісемін деп келген Сырым бекіністі ала алмады.Ол жазалаушы шоғырлардың қимыл-қозғалысын бағып , жақын жердегі казактардың бекінісі мен шағын топтарына шабуыл жасап,берекетін кетіреді.Нұралының Сырымға қарсы әрекеті халықты жирендіріп,Сырымның беделі күшейе түсті.1785 ж Орынбордан патша генералы Смирнов,Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастаған әскер шоғырлары шығып,Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болды. Олар қазақ ауылдарын тонап, жазықсыз адамдарды тұтқындап елді зар илетті. Орынбор өлкесінің билеушісі Игельстром арқылы старшындармен кеңесіп,оның ішінде Сырым батырмен пікірлесіп,хандық тәртіпті жоюды ұйғарады.Cырым бұл шараны қолдады. Сырымды алдап-сулап бауырына тартуды көздеген патша әкімдері оны 12 ата Байұлы руларының аға старшыны етіп тағайындыды. Ол жергілікті старшындардың жыл сайын съез-мәслихатын өткізіп, онда халық мүддесіне қатысы бар мәселелерді талқылады. Қыркүйек айында Сырым жасақтары Елек қамалына шабуыл жасады.Бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. Көтерілісшілерді жазалау үшін Орал қазақ-орыс әскерінің атаманы Донсков жазалау тобын ұйымдастырды.1797 ж күзінде полковник Скворкин бастаған әскери топ Сырымды қудалауды күшейтті. Жазалаушыларға ханның туыстары,соның ішінде Бөкей сұлтан басқарған жасақтар қосылды. Алайда, Сырым жасақтарының Ойыл өзені бойына көшіп кетуі жазалаушылардың жоспарын іске асырмады. Оған Скворкин тобына қосылған қазақ старшындарының көпшілігінің өз жақтастарымен ауылдарына тарап кетуі де себеп болды. Сөйтіп, жазалаушылардың тағы да бір қимылы сәтсіздікке ұшырады. Жеңілу себебі: Қазақ феодадары мен старшындық топтар арсындағы алауыздық; руаралық қайшылықтар; көтерісші-ң нашар ұйымдасуы; қару-жарақ-ң аздығы;Сырымның көтер-ң әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.Тарихи маңызы:Еділдің шығ-дағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс;руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.Патша үкіметінің отарлау саясаты-ң түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді;Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып,14 ж созылды. Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А.Игельстром хандық билікті жойып,отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды.Игельстром реформасы: Генерал-губернатор→шекаралық сот (патша чиновниктері,жергілікті шонжарлар)→Ауылдық буындар.П.Екатерина бұл жобаны бекітті
31.Патша үкіметінің 19ғ 20 жж реформалары:1822ж«Сібір Қырғыздарының жарғысы». 1822 ж.Орта жүзде хандық билікті жоюға бағытталған реформа. 1781 ж.Орта жүздің ханы Абылайдың қайтыс болып,билікке келген оның баласы Уәлидің қатігездігі халық наразылығын тудырды. II Екатеринаның атына хат жазған қазақ сұлтан,ақсақалдары Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жібереді. Үкімет сол кезде хан билігін жою жөн емес деп, әлсірету мақсатымен екінші ханды Бөкей сұлтанды тағайындайды.Ресей «бөліп алда билей бер» саясатын жүргізіп,оларды бір-біріне айдап салып,кедейленген өркөкірек хандармен өздерінің байлығы жөнінен бақталас ауқаты сұлтандарды өз жағына тартып отырды. 1817 ж –Бөкей хан,ал 1819 ж Уәли қайтыс болғанан кейін Орта жүзде хан тағайындалмады.Бұл жағдай Орта жүзде жаңа билеу жүйесін қажет етті. Жаңа реформаны әзірлеуді патша аса білімді тұлғалардың бірі Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскиге жүктеді.Оның міндеті Орта жүзде хан мемлекеттілігін жойған жаңа зан актілерін енгізу болды Сперанский болашақ декабрист Г.С Батеньковпен бірігіп заң жобасын жасады.1822ж 22 маусымда патша «Сібір қазақтарының» жарғысын бекітті. Жарғы 10 тарау 319 парагр тұрады.Жарғының мақсаты –Қ-нның солт –шығыс өңірін әкімшілік ,сот,саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету болды. Жарғы бойынша Сібр екіге бөлінді:орталығы Тобыл болған.Бат Сіб орталығы Иркутск болған Шығ Сіб біріншісіне Тобыл,Томск губернияларымен Омбы облысы кірді,орта жүз аудандары «Сібір қазақтарының округі» Омбы обл құрамына енгізілді. Жарғы бойынша «Сібір қазақтарының округі» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Бұлар-Қарқаралы,Көкшетау, Құсмұрын, Баянауыл,Аягөз т.б.Жарғы бойынша өзгерістер әкімшілік-аумақтық құрылымдарына қатысты болды:даладағы жаңа ұштаған –округ,болыс,ауыл бұрынғы рулық басқару жүйесін жою тиіс еді.Ауыл 50-70 дейін шаңырақ, болыс10-12 ге дейін ауыл, 15- 20 болысқа дейін болып белгіленді. 9 параграф бойынша көшпелілер өз еркімен ауысуы шектелді. Жарғыеың 15 параграфы бойынша ауылды-ауыл старшындары,болыстарды – болыс сұлтандары, округтерді – аға сұлтандар басқарды. Бұл Шыңғыс ұрпақтарының ықпалын әлсіретуге бағытталған шара еді.Үкіметтің жергілікті көшпелілер жөніндегі саясатында оларды егіншілікке ынталандыру «бақташылық өмірді жою» олардың жер жыртуға көшуін көтермелеу маңызды бағыт болды.параг177,178 бойынша отырықшылыққа көшкендерге 15 десятинаға дейін жер бөліп беруге рұқсат етілді Қылмыстық талап-арыз және обл басқармаға түскен шағымдарға негізделген жаңа сот жүйесі енгізілді 1822 ж «Сібір қырғыздарының жарғысы» алғашқы патшалық реформа ретінде бүкіл дәстүрлі билік құрылымын құлатып,әлеум,саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын қамтыды, патшалық Ресейдің отарлық саясаты кеңейді. 32. Патша үкіметінің 19ғ 20 жж реформалары: 1824ж «Орынбор қырғыздарының жарғысы» . Орынбор қазақтарының жарғысы – кіші жүздегі хандық билікті жоюға негізделген жарғы Бұл жарғының жобасы 1822 жылы Орынбор генерал-губернаторы Эссен жасады. Эссеннің жобасы сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде 1824 ж 20 наурызда бекітілді. Осы жылдан бастап Кіші жүз қазақтарын басқаруда Ресейдің отарлық әкімшілігінің жаңа жүйесі енгізілді. Жарғы бойынша екі басқару жүйесі енгізілді :шекаралық шепке жақын орналасқан қазақтарды басқару –шептік басқарма және далалық аймақта ,шекара сыртында өмір сүріп жатқан қазақтарды басқару-далалық басқарма .Бұл екі басқармада Орынбор шекаралық комиссияға бағынды. Шептік басқарма –дистанцияға бөлінді. Әрбір дистанцияның шептік дистанцияның басшысы басқарды. Оған бекініс коменданттары бағынды. Далалық басқарма Кіші жүз даласын 4 ке бөлді. Шығ,Орта,Батыс және Ішкі бөлік. Әр бөлікте 3 сатылы басқару болды :ауыл,ру,бөлік. Ауылды-старшындар, руды-билеушілер, бөліктерді аға сұлтандар және кеңес басқарды.Аға сұлтандарды қазақтар өздері сайлады,және олар отаршыл әкімшіліктің ең төменгі сатысы болып есептеді. «Орынбор қазақтарының жарғысы» Шекара комиссиясының міндеттері,оның шенеуліктерінің қызметі ,болыс билеушілері мен ауыл старшындарының басқару тәртібі,іс жүргізу, әр-түрлі қылмыстық істер бойынша қазақтарды соттау туралы, сондай-ақ,салықтың барлық түрлері де айтылған. Орынбор қазақтарының жарғысын енгізу Патшаға өз мақсатына жету үшін ,яғни кіші жүздегі хандық билікті жойып,ондағы басқаруды метрополиядағы басқару жүйесіне жақындату керек болды.
33 Қ-нның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қосып алу барысындағы бейбіт және зорлық әдістердің ара - қатынасы. Қазақ-орыс қарым-қатынастарында Қ-н және Ресей екеуінің қызығушылықтары болды. Ресейдің қызығушылықтары: 1. Сібір ханы Көшіммен күресте одақтас 2.Орта Азия рыноктарына шығу 3. Қ-н территориясы бойынша керуен маршруттарын қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қ-нның қызығушылығы: 1.Жоңғарлармен күресте көмек 2. Экономикалық мәселелерді шешу. (Есіл, Ертіс, Жайық өзендерінде көшіп-қону мүмкіндігі) 3. Сауданы жандандыру Өзін Ресей империясының сенімді өкілі екендігін алға тартып, дүние-мүлікке қызықтыру аркылы пара беру, уәделі келісімге көндіру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жасап қорқыту арқылы А. Тевкелев келіссөздерді ақыры өз пайдасына шешті. Ресей елшісі Әбілқайырдың төңірегіндегілерді Ресейдін қол астына өтуге көндірді. 1731 жылдың 10 қазан күні Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті. Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алды- мен «хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелері болатын. Бірінші болып Әбілқайыр хан, одан соң старшина Бөкенбай, Есет батыр, Құдаймендімырза ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерінің едәуір тобы келіссөздер жүріп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге дүниеге қызығып, ашықтан-ашық сатылып кетті. Қазақтардың Ресейдің кол астына өтуі, міне, осылай басталды. Әбілқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепілі ретінде өзінің ұлдарының қатарынан Ресейге аманат жіберуге уәде етті. Ресейдің дипломатиялық тапсырмамен келген елшілері Қазақстан аумағында бір жылдан астам уақыт бойы болды. Ол қазақ қоғамын егжей-тегжейлі жан-жақты зерттеді, қаншалықты мол мүмкіндіктер бар екенін байқап қарады. Тевкелев Кіші жүзде атқарған сәтті дипломатиялық қызметі үшін әуелі полковник, одан сәл кейінірек орыс армиясының генералы әскери шенін алды. Ақырында оның ұрпақтары Орынбор өлкесіндегі ірі-ірі мұсылман помещиктеріне айналды, олардың мың-мыңдаған басыбайлы шаруалары болды. Ал башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді. Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр хан Ресейдің қол астына өтуді қабылдағаннан кейін Кіші жүз қазақтарының арасындағы беделі мен ықпалынан айырыла бастады. Бұл ретте Орта Азия хандықтарының билеушілері келеңсіз рөл атқарды. Өйткені олар бұл аймақта ислам дінінің ықпалы елеулі түрде әлсірейтін болды деп түсінді. Ал Әбілқайыр Ресей мемлекетінің қол астына өтуден алған мәртебесіне көңілі толмай, Ресей аумағына шабуыл жасай бастады. Сондықтан да патша үкіметі кейінірек оны тағы да екі рет ант қабылдауға мәжбүр етті.
34 И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс. · Көтерілістің болған жері: Бөкей Ордасы(Жайық пен Еділдің арасы) · Себептері: Бөкей қазақтарында феодалдық қанаудың күшейе түсуі. Жайылымдарды пайдаланғаны үшін алынатын ж/е басқа да салықтардың көбеюі. Патша өкіметі тарапынан да жайылымды пайдалануға шектеу жасаудың арта түсуі. · Сылтауы:Малшылардың бір бөлігінде Каспий облысының басқарушысы – Қарауыл Қожаның халықтан салық жинау кезінде жасаған қысымшылығына байланысты арадағы дау. · Көтерілістің барысы: · I кезең: 1836 -1837 ж-дың 1-ші жартысы көтерілісшілер отрядтарының жасақталуы. Исатайдың ханнан шенеуліктердің зорлық – зомбылығынан құтқаруға көмек сұрауының сәтсіздікке ұшырауы. Қозғалыстың кенеюі. · II кезең: 1837ж-дың 2-ші жартысы көтерілісшілердің Қарауыл Қожаның ауылына қару – жарақпен шабуыл жасап, тасталқан етуі. Жекеленген феодалдардың малын қуып кету. Хан ордасын талқандауға төнген қауіп. · 1837 ж-дың қараша айында көтерілісшілердің патшаның жазалаушы отрядтарынмен Тас Төбе деген жерде болған соғыста жеңіліске ұшырауы: қатынасқандарды қатаң жазалау. · III кезең: 1838 ж-дың 1-ші жартысы Исатайдың Кіші жүздегі әрекеті. Кіші жүз қазақтарын патшаға қарсы көтеріліске көтеруге жасалған әрекеттер. Жергелікті ж/е хиуа феодалдардың ықпалымен қозғалыстың феодалдарға қарсы – «ғазауат ұраны «сенімсіз Ресейге» қарсы деген сипатқа ие болуы. Мұндай үндеу жергілікті халықтың тарапынан қолдау таппады. · 1838 ж-дың шілдесі – Исатай отрядының Ақ- Бұлақ мекенінде патша әскерлерінен жеңіліске ұшырауы Исатайдың өлімі. Оның үзеңгілесі Махамбет Өтемісұлы 1846 ж. өлтірілді. · Жеңілістің себептері: · Қозғалыстың ұйымдаспаушылығы, Исатай мен Махамбет Кіші жүздегі, Ішкі Ордадағы барлық көтерушілер отрядтарының бастарын қоса алмады, өздерінен жақсы қаруланған, арнайы әскери тәртіппен, дайындықтан өткен патша жазалаушы күштерімен арпаласу қиындыққа түсті. Тарихи маңызы · Феодалдарға қарсы халық көтерілісі. Езушілерге қарсы еңбекшілердің қалың қауымы жүргізген күрес, аса ірі оқиға ретінде Ішкі (Бөкей) Ордада басқару тәртібі жөніндегі мәселені мейлінше шиеленістірді. · 29. ·
35 Кенесары Қасымов 1837-1847 Себептері:Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайларының нашарлауы. Қазақтардың тәуелсіздігін мүлдем жоюға (әскери құрылыстар мен бекіністер салу, ең шұрайлы жайылымдық жерлерді жаппай тартып алу, шектен тыс салықтарды салу , әкімшілік басқаруға байланысты патша реформасын жүргізу) бағытталған патша саясатына жалпылама наразылықтың өсуі. Қозғалыстың барысы: 1838 жылдың көктемі – патша отрядтарымен қарулы қақтығыстар. Кенесары отрядтарының Ақмола бекінісін талқандауы. Жазда көтерілісшілердің сұлтандар ауылдарына шабуылдары. Күзде Кенесары отрядтарының көбеюі. Көтерілістің орталығы орта жүзден кіші жүзге ауысуы. Көтеріліс мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау;Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқ. Отарлауды тоқтату: Қоқандықтар- 1837 жылдың күзі – көтерілісшілер отрядтарының ұйымдастырылуы 1840 жыл – Ұлы жүздің қазақтарын босатып, өзіне қосып алу мақсатымен Кенесары Қоқан хандығына басып кірді. 1841 жыл – көтеріліс орталығының Торғай даласына ауысуы. Кенесарыны (патшаның жарлықтарына керісінше) хан етіп сайлау. Кенесарының әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге. Ресеймен тепе-теңдік жағдайда қарым-қатынастар жүргізуге талпыныстар жасауы. 1843 жыл – Батыс шекара бөлістеріне және Қоқан иеліктеріне шабуылдар жасау. Кенесарыға қарсы патшаның жазалау отрядын ұйымдастыру. 1844-1845 – көтеріліс Қазақстанның барлық негізгі аудандарын қамтыды. Көтерілісшілердің Константиновск бекінісіне шабуыл жасауы. Кенесары сарбаздарының көтеріліске қолдау көрсетпеген ауылдарды қырып-жойып, қатыгездік жасауы. 1845 – Дала төсінде тағы да патшаның екі әскери бекінісін салу. Көтерілісшілердің оңтүстікке қарай шегінуі. Қоқандықтармен жаңа қақтығыстар. 1846 – Кенесары отрядтарының қырғыз руларының территориясына кіру. Кенесарының қырғыз манаптарымен ұрыс-керістері. 1847 – Кенесары отрядтарының қырғыз ауылдарына шабуыл жасауы. Кенесары мен оның серіктерінің өлімі. Көтерлістің жеңіліске ұшырауы. Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып,ұлт-азатық сипат алды.Көтеріліс басты қозғаушы күші: қазақ шаруалар. Тарихи маңызы: Алдындағыларға қарағанда территорияларда қамту мен халықтың көп қатысуы жөнінде ең көлемді ұлт-азаттық қозғалыс болды. Тәуелсіздік жолында халық қарсылығының, біркелкі орталықтандырылған мемлекет құруға тырысушылықтың күшін көрсетті. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы. XV-XVII ғғ. Қазақ хандығының сыртқы саясаты. Жеңілу себебтері:Қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі; Ресей билеушілерінен жеңілдітер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы;Руаралық қайшылықтар;Кеңесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі;Бұхар,Қоқан феодалдарымен соғысып күшін сарқыған Кеңесары тобының Ресейге қарсы 36.Жанқожа Нұрмұхамед ұлы бастаған көтеріліс:. Орыстардың Сырдария сағасына келуіне байланысты осында тұратын қазақтар патша үкіметінің билігін мойындады. Әрине бұл Хиуа хандарының сыртқы саясатына қайшы келді. Олар қазақтар арасында орыстарға қарсы насихатты күшейтті. Хиуалықтар орыс бекіністеріне жақын жерде көшіп жүрген қазақтарға шабуыл жасауын жалғастыра берді. Әсіресе, Хиуа хандары Сырдария мен Үстірт қазақтарына үздіксіз шабуыл жасай бастады. 1847 жылғы 23 тамызда Райым бекінісінің бастығы Ерофеев Хиуаның Жаңақала бекінісіне Жанқожа басшылық еткен 200 казак және 700 қазақ отрядтарын жіберді. Отряд жауды Қуаңдарияның арғы жағына қуып тастады, одан 3 мың түйе, 500 жылқы, 200 бас ірі қара және 50 мың қой тартылып алынды. Орыс әскерлерінің қолдауымен Жанқожа Нұрмұхамбетов бастаған Сырдария қазақтары Хиуа басқыншыларын қуып шығып, Сырдарияның төменгі ағыстарында орыс әскери күштері орнықты. Сырдария шекаралық өкімет ұйымдары қазақтарды Райымның және № 1 форттың әскери бекіністерін салуға мәжбүрлеу тәртібімен жұмылдырылды. Бұл форпастарды салу үшін мыңдаған кедейлер айдап әкелінді. Мәжбүрлеу жұмыстары Сырдария қазақтарының 1856-57 жылдардағы көтерілісі себептерінің бірі болды. Патша әкімшілігі барлық жаулап алынған аумақтардағы сияқты, Сырдарияның төменгі ағысына да Орынбор және Орал бекіністі шептерінен казактардың отбасыларын көшіре бастады. Қоныс аударушылар саны жылдан жылға көбейе берді. Көшіп келушілер ежелгі тұрғындар қазақтарды ығыстырып шығарып, Сырдария жағасындағы шұрайлы және жақсы суландырылатын жерлерге орналастырылды. Арал өңірінің қазақтары Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібаровтың жетекшілігімен отаршылдық езгіге қарсы көтерілді. Олар екі бөлікке : Үлкен шекті және Кішкене шекті болып бөлінетін шекті руынан шыққан еді. Біріншісіне – Есет Көтібаров, ал екіншісіне – Жанқожа Нұрмұхамедов басшылық етті. Жанқожа өзінің бүкіл өмірін Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнаған аса ірі тарихи тұлға. Ол ХІХ ғасырдың 1- ші ширегінде Хиуаның зұлымдығына қарсы күрескен Арынғазы Әбілғазиевтің істерін ілгері жалғастырды. 1836 жылды Жанқожа өз жауынгерлерімен бірге Әмудария мен Сырдария арасында орналасқан Хиуаның тұрақты әскерлеріне қарсы күрес бастады. 1842 жылдың күзінде оның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып, қала коменданты Бабажанды, сондай – ақ оның баласы Майқараны тұтқынға алды. Қазақтарға қатыгездік көрсеткені үшін Бабажан қазыққа отырғызылды, ал оның баласы жас болғандықтан босатылып жіберілді. 1843 жылы Жанқожаның жасағы Қуаңдариядағы Хиуа бекінісін қиратты, ал 1845 жылдың көктемінде Хиуа ханы Сырдарияның төменгі ағысындағы қиратылған бекіністерді қалпына келтіру үшін жіберілген саны екі мыңға жететін Хиуа әскерін тас – талқан етіп қиратты. Бұл туралы Жанқожа Орынбор бекінісінің бастығына : «Хиуалықтар біздің жерімізге бекініс салды, бірақ біз оны қираттық. Ал қақтығыс кезінде көптеген хиуалықтады өлтіріп, кейбіреулерін Хиуаға қуып жібердік», - деп хабарлады. Кенесары Қасымовпен бірге Жанқожа Сырдарияның төменгі ағыстарында орналасқан қоқандықтардың әскери бекіністері: Жаңақорғанға, Күмісқорғанға, Шымқорғанға, Қосқорғанға шабуыл жасады. 1845 жылы Кенесарының өтініші бойынша Жанқожа қоқандықтардың Созақ бекінісін алуға қатысты. 1847 жылы Жанқожа саны көп жасағымен Хиуаның Қожанияз қала бекінісін қиратты, бекініс гарнизонының тас – талқанын шығарды. Ресейдің Арал өңірін жаулап алуы халық бұқарасының жағдайын жеңілдетпеді. Салықтың екі есе көбейтілуі, қоныс аударушылар мен шенеуніктердің пайдасына қазақтардан суармалы жерлерінің алып қойылуы Ресей отаршылдығының Хиуа қолшоқпарларының отарлауынан еш артықшылығы жоқ екеніне барған сайын қазақ шаруаларының көзін жеткізе түсті. Бой көрсетуге патша шенеуніктерінің Сырдария қазақтарының Жанқожа , Сұлтанбөрі және басқалар сияқты рулық үстем топтарының кейбір өкілдерінің мүдделері мен кісілігіне қысым жасауы себеп болды. Мысалы, тілмаш Ахметов өз қолшоқпарларының бір тобын Жанқожаның ауылына жіберіп, онда да өз пайдасына «сыйлықтар» жинауға бұйрық берген. Бірақ батыр Ресей заңы бойынша да ешбір жағдайда мұндай алым орын алмауға тиіс екенін мәлімдеп, қандай да болсын алым жинауға рұқсат етпеді. Жанқожаның қарсы қимылына ашуланған Ахметов ауылға өзі келіп, «өз бұйрықтарына қарсылық көрсеткені үшін» айыппұл өндіріп ала бастады. Ақыры Жанқожа наразы қазақтардың қозғалысын өзі басқармақ болып ұйғарады. 1856 жылдың желтоқсанында Сырдария қазақтарының қарулы күресі басталды. Желтоқсанның ортасына қарай көтерілісшілер саны үш мың адамға дейін жетті. Көтеріліс орталығы Хиуаның бұрынғы Жаңақала бекінісі болды. Көтерілісшілерді бұдан бұрын аталған Кішкене шекті руының ірі ру жетекшісі, қартайған Жанқожа батыр басқарды. Ірі байлар: Сұлтанбөрі, Дабыл, Қожа Баймұхамед және басқалар серіктері болды. Бұл көтеріліске шектілердің ғана емес, Сырдарияның төменгі ағысында қоныстанған басқа рулардың да өкілдері қатысты. Көтерілісшілердің едәуір бөлігі жаяу адамдар болатын. Көтерілісшілер қатарында жаяу қазақтардың болуы көтеріліске қатысушылардың әлеуметтік құрамын сипаттайды. Олар шотпен, сойылмен, кетпенмен қаруланған болатын, азын – аулақ адамдарының ғана мылтықтары болды. 1856 жылғы желтоқсанның орта шенінде Жанқожанның қосынында 1500 көтерілісші болды. Ол орта есеппен алғанда 150-200 адамдық бірнеше шағын жасақ ұйымдастырды, олар орыстардың №1 Қазалы форты мен Перовск фортының бекіністеріне жақын жерге орналастырылып, күтпеген жерден Сырдария шебіне шабуыл жасады. 1856 жылғы желтоқсанның аяғында Қазалыны көтерілісшілер қоршап алды. Кенеттен бұрқ еткен көтеріліс мазасыздандырған Орынбор генерал – губернаторы Перовский Сырдария шебінің командашысы Фитингофқа көтерілісті басу үшін жорыққа дереу әскер жіберуге өкім берді. Жанқожа жетекшілік еткен көтерілісшілер Қазалы фортына шабуыл жасауға мұқият дайындалды. 1857 жылдың қаңтарында көтерілісшілердің қатары бес мыңға жетті. Перовскийдің нұсқауын орындай отырып, Фитингофтың отряды 9 қаңтарда жолға шықты. Оның құрамында 300 казак, 320 жаяу әскер кірді. Олардың 54 – і алысқа ататын мылтықпен қаруланған еді, 1 зеңбірегі және 2 ракеталық станогы болатын. Көтерілісшілермен қақтығыс нақ сол күні Арықбалық алқабында болды. Қамыс арасында отырған қазақ атқыштары жазалау отрядының ту сыртынан оқ жаудырды. Күндізгі сағат 2 – де Фитинговтың отряды шабуылға шығып, қоян – қолтық шайқас болды, соның салдарынан көтерілісшілердің негізгі күштері жеңіліс тауып, олардың ауылдары аяусыз жазаланып тоналды. Казак отрядтары тұрғындардың малын тартып алды, қолға түсірілген ірі қараның өзі ғана 20 мыңнан асты. Көтерілісшілердің жеңіліс табуына нашар қаруланғандығы және ескірген әскери тактика себеп болды. Саны басым болғанына қарамастан көтерілісшілердің 5 мыңдық жасағы Фитингофтың шағын отрядын жеңе алмады. Көтерілісті басуға кейбір қазақ феодалдары: билер, сұлтандар да қатысты. Мәселен, Фитингов отрядының құрамында бірнеше жүз адам жасағымен Ермұхамед Қасымов болды. Ол көтерілісті басуға мейлінше белсене белсене қатысты. Қасымов жалғыз емес еді. Көтеріліс басылғаннан кейін 1857 жылы ерлік көрсеткен қазақ старшындары наградаларға ұсынылды. Көтеріліс талқандалғаннан кейін Сырдариядағы екі жақты отаршылдық езгі бұрынғысынан да күшейе түсті. Сырдария бекінісінің билігіндегі аумақта жазалау отрядтары қимыл жасады. Қазақтың көптеген сұлтандары , старшындары, билері патша өкіметіне қызметке көшіп, шекаралық бастықтардың пәрменін құлақкесті орындаушылары, Сырдарияның төменгі ағысында патшалық отаршылдық саясаттың уағыздаушылары болды. Кейбір жергілікті рулық үстем топқа сүйене отырып, шекаралық өкімет көтерілістің қалған мүшелерін аяусыз қырып жойды. Әскерлер қазақ ауылдарын мейірімсіздікпен талап тонады. Жекелеген казак отрядтары ауылдарды аралап жүріп, тұрғындардың малын тартып алды. Арал өңірі қазақтарының көтерілісі шағын халықтық бой көрсету болды. Оған әр түрлі руларға жататын қазақтардың едәуір бөлігі қатысты. Көтерілісшілер арасында Кішкене шекті руларына жататын қазақтар басым болды. Көтерілісті прогресшіл деп санау ләзім, өйткені ол отаршылдық езгіге қарсы бағытталды. Көтерілістің басында күресте сынақтан өткен жетекші, жат жерлік отаршыларға өзінің ымырасыз көзқарасымен ерекше көзге түскен Жанқожа тұрды. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнады. Сырдария қазақтарының көтерілісі басып – жанышталғаннан кейін патша әкімшілігі Жанқожаны жою үшін арнаулы жазалау отрядын жіберді. Бұл отряд 1860 жылы Жанқара көліне жақын жердегі Қызылқұмда орналасқан Жанқожа ауылын кенеттен қоршап алып, сол жерде 80 жастағы Жанқожа батырды мерт қылды. Оның ауылы тоналды.
37 Патшалықтың XIX ғ. 60-90 жж. реформалары XIX ғасырдың орта шенінде іске асырылған сот, земство, халық ағарту және басқа да өзгерістер Ресейдің құрамындағы шығыстағы ұлттық аймақтарға әсер етпей қоймады. Патшалы Ресейдің ұлттық аймақтарды шикізат қоры және оның көзі ретінде сақтау саясаты Қ-нды да қамтыды.Негізінде екі генерал-губернаторлыққа бағындырылған (Орынбор, Батыс Сібір) қазақ елін билеп-төстеуді өзгерту ісі патша үкіметінің отаршылдық саясатының бір құрамды бөлігі еді. 1822 жылғы Сібір қазақтарының , 1824 жылғы Орынбор қазақтарының жарғылары жаңа капиталистік қарым-қатынастарға, өрістей бастаған өлкенің шаруашылық даму талабына қайшы келді.Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау Ішкі істер министірлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған «Дала комиссиясына» жүктелді. Оның құрамына Бас штабтан-полковник Ф.К.Гейнс, Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан капитан А.П.Проценко енді. 1865 жылы 5 маусымдағы ІІ Александр патшаның әмірі бойынша өлкені зерттеп білу мәселелері дайындалды. Әкімшілік басқарудың жаңа жүйесіне сай келетін жағдайлардың көпшілігі сонда қамтылған еді: өзіндік ауырпалықтар, жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, алым-салық діни мәселелер, т.б. Ғалым Шоқан Уалиханов Қ-нды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Қазақ жерінде реформаны тезірек іске асыруды көздеген комиссия ат төбеліндей феодалдық топ өкілдерімен ақылдасып, мәліметті солардан жинады. Ф.К.Гирстың басшылығымен, құрамында Л.Баллюзек, Л.Мейер, А.П.Проценко болған комиссия Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын, В.Д.Дандевиль, Ф.К.Гейнс және басқалар енген комиссия Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде реформа жобасын дайындады. 1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті. Қызылқұмда орналасқан Жанқожа ауылын кенеттен қоршап алып, сол жерде 80 жастағы Жанқожа батырды мерт қылды. Оның ауылы тоналды. 37. XIX ғ.60-90жж Қ-ндағы әкімшілік территориялық және сот реформасы. І кезең 1861 – 1885 жж ІІ кезең 1886 – 1905 жж ІІІ кезең 1906 – 1917 жж І кезең 1861 жылғы реформа жер мәселесін помещиктер мен дворяндардың пайдасына шешті. Жердің елеулі бөлігін солар алды. Шаруалардан кесінді жер кесіп алуға құқылы болды. Ресей шаруалары қайыршылыққа, аштыққа ұшырады. Салықтардың ауыртпалығы сондай шаруаларды туған жерін тастап кетуге мәжбүр етті. 1868 ж «Жетісуда Ресей шаруаларын қоныстандыру туралы» уақытша ереже қабылданды. Олардың жан басына 30 десятина жер бөлініп, 15 жылға алым – салықтан, әскери міндеткерліктен босатылды. 1883 жылы шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерге де жаңа ереже белгіленді. Оларға 10 десятинадан жер, 3 жылға жеңілдіктер берілді. ІІ кезең 1889 жыл 13 шілде «Село тұрғындары мен мещандарына қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударған жағдайын қарастыру» жөнінде жаңа заң қабылданды. Тобыл, Том губерниялары, Жетісу, Ақмола, Семей облыстары шаруаларды қоныс аудартатын басты аймақтар ретінде белгіленді, жан басына 15 десятина жер берілді. 1870 – 1895 жж Ақмола облысында халық саны 2 есе артты. 114553 адамға өсті. Жетісу облысының 752197 десятина жері, Сырдария облысының 159501 десятина, Ферғана облысының 9925 десятина жері тартып алынды. 1855-1893 жылдар аралығында Ақмола облысында 251779 десятина жер, Семей облысында – 33064 десятина жер тартып алынды. Қоныстанудың басты аймағы Жетісу болды. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде 37 қоныс құрылды. ІІІ кезең 1905 жылғы қоныстандыру басқармасы құрылды. 1905 – 1917 жж 1 млн-ға жуық қоныс аударуышлар Қ-нға орналасты. Жетісу мен Сырдария облысында 2462265 десятина жері тартып алынды. Қоныс аудару. Тартып алынған жерлер
Қ-ндағы қоныс аударушылардың үлес салмағы Түйін: Патша үкіметі орыс шаруаларын қазақ жеріне ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап қоныс аудартуы мынандай мақсаттарды көздеді: 1. Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету; 2. Жер тапшылығын шешу; 3. Ұлттық аймақтарды әлеуметтік тірек жасау; Жерді алып беру үшін 1905 жылы жаңа басқару құрылды. Ол қоныс аудару және жерге орналастыру бас басқармасы деп аталды. Оның мекемелері губерния, облыс, уездерде құрылып, бүкіл Қ-нды қамтыды. Нәтижесінде Қ-н халқы атамекен жерінен айрылып, ортарлау саясатының құрбанына айналды. Патша үкіметі отарлық басқару саясатын кеңейту үшін тағы да бірнеше ережелер қабылдады. Ондағы көздеген мақсаттар: Жергілікті ақсүйектердің қазақ даласына саяси және басқарушы ықпалын әкімгершілік ісін мүлдем жою, рулық басқару негізін әлсіретіп, қанатын қию, беделін түсіру, сөйтіп оларға бас көтертпеу; Соның нәтижесінде байтақ жерді біржолата басыбайлы иемдену арқылы қазақ халқын патша үкіметіне толық бағындыру; Қ-н есебінен Ресей шаруашылығын көтеру; Қ-н арқылы ішкерідегі Орта Азия елдеріне ену, сөйтіп оларды да біртіндеп өздеріне қарату; Жергілікті халық арасына өзінің тәртібін, білімін тарату және мұсылмен, дін иелерінің ықпалын әлсірету.
38 XIX ғ. – XX ғ. қонысаудару саясаты:, 19 ғас. 60-жылдарында крепостниктік құқығы жойылғанан кейін Ресей шаруаларының еркін жүріп тұруы мүмкін болған кезде, Дала өлкесінің жергілік өкімет орындары өз бетімен қоныс аудару проблемасына тап болды. Ресейдегі капиталистік қатынастардың жедел қарқынмен дамуы Қазақстан сияқты шет аймақтарда жергілікті шикізатқа негізделген өнеркәсіп орындарын көптеп ашу, оларды азық-түлік тауарлары,мал, астық, өнімдерімен қамтамасыз ету үшінде бұл өңірлерге қосымша тұрғындарды көптеп жіберуді қажет етті. Қосып алған өлкенің халқын жаппай орыстандыру, осы арқылы оны Ресей империясының заңды құрамдас бөлігі ету де, патша әкімшілігінің осы бағыттағы саясатының негізгі жоспарларына жатты. Әсіресе Қазақстанның Шығыс және Алтай аймағындағы бағалы және түсті металдардың өлшеусіз қоры, әсем де бай табиғаты, жерінің құнарлығы бұл өңірді жылдам және жаппай қоныстандыруға, тау-кен өндіріс орындарын неғұрлым көбейтуге жол ашты. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақтардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығының күйзеліп, мал санының азаюына әкеп соқты. Қазақтарды байырғы жерлерінен қуып, қолайсыз жерлеріге ығыстыру 19ғ. 2-ші жартысынан одан ары жалғастырылды.
40.XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қ-н халықтарының м-ті мен оның көршілес елдер м-тімен өзара қатынасы. Ауыз әдебиет:19 ғасырда дәстүрлі ақындар поэзиясы халық арасында айрықша кең тыныс тапты.Жанақ,Орынбай, Арыстанбай сияқты суырып салма ақындар бүкіл қазақ даласын өлең-жырға толтырды. Жетісуда Сүйінбай өзінің өткір жырларымен танылса, Майлықожа Шығыс үлгісіне бейім жырға машығады. Ал Сыр өңірінде Базар жырлары өріс табады. 19 ғасыр салдар мен серілер өнернамасы болды. Серілердің ең атақтылары-Біржан, Ақан, Әсет. Біржан сал1834-1897 ж қазақ рухани м-тінің тарихында қын,композитор әрі әнші ретінде белгілі.Оның әндері музыка өнерін жаңа сатыға көтерді.Ел билеушілердің озбырлығын әшкерелейді, адам тағдырының қиындығы туралы толғайды.Сарамен айтысы ақындық даңқын шығарды. "Жамбас сипар", "Биржан сал", "Жанбота", "Лайлым шырак" өлеңдері қазақ халқының классикасына кірді. 1843-1913ж композитор, әнші Ақан сері де Біржанмен тағдырлас. Ақан жастық шақтың қуанышын,аңшылық,саятшылықты жыр етеді.Өмірінің екінші кезеңінде мұң басым. Жаңа тәртіп зардаптарын суреттейді. Ақан серінің әндері музыка м-тінің асыл қорына енген. 19 ғасырдың екінші жартысында халықтың ауыз әдебиетімен бірге қазақтың жазба әдебиеті де дамыды. Оның негізін қалаушы ұлы ақын Абай Құнанбаев болды. Лирикасында адамгершілік, шыншылдық, гуманистік идеялар мен принциптерге айнымас адалдық жырланды. Қазақ арасынан орыс м-тін үлгі тұтатын адамдар бой көрсетті. Оның ішінде Шоқан Уәлиханов (1835-1865) Шығыс Түркістан өлкесін, Ыстық көл алабын зерттеп, география ғылымна үлес қосты. Қырғыз эпосы «Манастың» таңдаулы тарауларын қағазға түсірді.Қазақ және қырғыз халықтарының тарихына, этнографиясына, әдебиеті мен м-тіне көптеген зертеу еңбектер жазды. Ы.Алтынсарин қазақ прозасының негізін салушылардың бірі болды. Әңігімелері шыншылдық, тәрбиелік қасиеттер, тіл көркемділігімен ерекшеленеді. Л.Толстойды, к.Ушинский, И.Крыловтың мысалдарын аударды. Проза,драматургия, әдебиет сыны сияқты жаңа жанрлар қалыптасты. Поэзия дамыды, оның жарқын өкілдері Шортанбай Қанайұлы(1818-1881), «Зар Заман» поэмасының авторы Дулат Бабатайұлы (1802-1874 ж), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906 ж) Діни мұсылмандық әдебиеттің көрнекті өкілі Әубәкір Кердері (1858-1903 ж). Өзінің шығармаларында діни мәселеге назар аударды. 19 ғ ІІ ж басқа бағыт анықталды. Оның ішінде Сүйінбай Аронұлы (1822-1885 ж). Халық ағарту және білім беру ісі XIX ғасырдың екінші жартысында қалалық училищелер, гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауылдық мектептер және алғашқы сауат ашу мектептері ашылды. Бұл оқу мекемелері мемлекет қаржысына құрылып, алғашқы білім беру мекемелерінің рөлін атқарды. 1841 жБөкей Ордасында жоғары класс мектептері ашылды. Мұндай мектептерде негізінен екі кластық училищелерді бітірген және мұғалімдік семинарияларда мұғалімдік атаққа сынақ тапсырған, сауатты қазақтар дәріс бере алатын болды. 1846 ж негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Қ-нда бастауыш халықтық мектептердің ашылуы Ы.Алтынсариннің атымен байланысты. 1867-1868 жж. реформалар енгізілгеннен кейін қазақ өлкесінің әр аймақтарында осындай мектептер ашыла бастады. 1869 ж Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінң тілмәштарын, хатшыларын даярлайтын бөлімше құрылды. Білім беру ісіндегі маңызды қадамдардың бірі - қыздар білімін дамыту болды. Ы.Алтынсариннің зор еңбегінің нәтижесінде 1887 ж. Ырғызда қазақ қыздары училищесі, ал 1890-1896 ж. Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақ поселкесінде, Ақтөбеде орыс-қазақ қыздар училищелері ашылды.XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап өлкеде оқу округтері пайда болды. Орынбор оқу округінің қарауында – Орал және Торғай облыстары, Батыс-Сібір оқу округіне – Ақмола, Семей облыстары, Түркістан оқу округіне – Сырдария және Жетісу облыстары кірді.XIX ғасырдың аяғында әлемдік дамудың күшті ықпалымен Ресей қосып алған шығыс жерлеріне деген қызығушылық пайда болды. Қ-нға шығыстанушы ғалымдар, географтар мен саяхатшылар келіп, тарихшылар зерттей бастады. Өз зерттеулерімен өлкені тануға П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.А.Северцев, ИА-в.Мушкетов, ВА-в.Радлов т.б. үлкен үлестерін қосты. Қ-н Орыс географиялық қоғамы бөлімшесінің зерттеу объектісіне арналды. Мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді, өлкелік мұражайлар ашылып, ежелгі ескерткіштер, халық ауыз әдебиеті зерттеліп, орыс-қазақ мектептері және кітапханалар ашыла бастады. Ұлы Абай Құнанбайұлы Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшелерінің бірі болды. Қазақ даласында тұңғыш кітапханалардың ішінде ерекше көзге түскен 1883 ж. ашылған Семейдегі қоғамдық кітапхана. Оңтүстік Қ-нды зерттеу орталығы Ташкенттің ғылыми мекемелері болды. Бұл өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеумен халықшылдар П.И.Пашино, Г.С.Загряжский, Д.Иванов, Г.Усов, И.Гейер т.б. айналысты.Патша үкіметі бұл мектептерді ашуда - қазақ жастарын орысша сауаттылыққа ғана тартып, алғашқы біліммен шектеу саясатын ұстанды. Қазақ балаларының орта оқу орындарына тартылуына шектеу қойылды. Өйткені олар ұлттық интеллигенцияның өсіп-жетілуінен, ұлттық сананың өсуінен, қазақ халқының отарлық саясатқа қарсы ұлт-азаттық көтерілісінен қорықты.Қазақ балалары негізінен медреселерде оқыды. Бұл кезеңде оқу құралы ретінде «Шариғат – ұлы иман» немесе «Иман-шарт» қолданылды. Мұнда ислам дінінің негіздері оқытылды. Баспасөз.Қазақтың ұлттық баспасөзі дүниеге келді. 1870-1882 ж Ташкентте «Түркістан уәлаяты» газеті, 1888-1902 жОмбыда «Дала уәлаятының» газеті шығып тұрды. Патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктердің өкімі бойынша бұл басылымдар Орта Азия мен Қ-н жерінде отарлық басып алуды, халықтарды рухани жағынан бағындыру саясатын насихаттады. Осы мақсатпен түркі халықтарынң тарихы, этнографиясы, әдебиеті,ғылым мен техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат басылды. Ғылым 19 ғасырдың екінші жартысында капиталистік құрылыс пен онымен бірге дамыған әлеуметтік мәдени өзгерістер қазақ м-тіндегі бағыт-революцияшыл-демократиялық бағыт анықталды. 19 ғ ІІ ж Ресейдің ғылыми қоғамдарының филиалдары мен мекемелері құрылды. 1867 ж Ташкент елдің ірі ғылыми орталыққа айналады. 1897 ж Орыс географиялық қоғамның бөлімі Қ-нның оңтүстігін зерттеуг мақсатында құрылды. 1887 ж желтоқсанда Орынбор архивті комиссия құрылды. Комиссия мақсаты-генерал-губернатор канцеляриясындағы ғылыми зерттеулерді дайындау, қалпына келтіру.Орынбор мұражайы салныды. Архивті комиссия мүшесі И.Кастанье болды. XIX в Қ-н облыстық орталығында статистикалық комитеттер құрылды. Ғылыми мекемелерде Ресейдің шығыстанушылары В. Григорьев, В. Вельяминов-Зернов, Я.Ханыков, И. Березин, В. Бартольд, А. Харузин, Н. Аристов жұмыс істеді.
41 Қазақстан бірінші орыс ревалюциясы жылдарында.(1905-1907) 1905-1907 ж-ғ революциянын алғы шарты-патшанын аграрлық саясаты.1853-1905ж 4 млн. дес.1806-1907-17млн. жер тартып алынды.1905ж қанды жексенбі, Түрк,Жосалы,Шалқар қарсылықтар болды.Қарқаралыдағы қарсылыққа М Дулатұлы қатысты.Пировскіде саяси демонстратция қазақ орыс жұмысшыларынын бірлесуімен өткізілді.1905 ж желт. 12 күнге созылған Успен кеніші ішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл с-б жалақы тапшылығы,ағылшын капиталистер қатыгездігі, азық-түлік бағасы.Семейде почта телеграф қызметкерлер ереуілі,Жаркент гарнизоны әскери қарсылықтар.1906 Семей 500 жұмысшылы ереуіл жұмыс күнін 10сағ.қысқарту талап қойды.1905-1907 алғашқы рев. Жеңілуі:қазақ жұмысшыларынын аздығы ;қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы; Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжірибесінің жеткіліксіздігі.Революцияның тарихи маңызы: отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды;Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді.Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді.Қазақ еңбекшілерін «ғасырлық ұйқыдан» оятып,революциялық күреске шақырды. Биринши орыс революциясы. Оның Қазақстандағы қоғамдық омирге ыкпалы. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының қызметі. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының м-ті ғасырлар бойы дамыған, өзіндік тарихи ерекшеліктері бар рухани мұраның жалғасы. 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс, таптық күрестің шегінуі және қайтадан өрлеуі де қазақ м-ті салаларының жаңа мазмұнда қарқындап дамуына әсер етті. 1907 ж. наурызда Тройцкіде «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Оны басқарған М.Дулатов болды. Бірақ бұл газеттің екі саны ғана жарық көрді. А.Бөкейханов. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Омбы техникалық училищесінде, Санкт-Петербург орман-техникалық институтының экономика факультетінде оқып, Омбының орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық және ғылыми жұмыспен шұғылданған. "Ресей. Біздің өлкенің толық географиялық сипаттамасы" деген 18 томдық жинақтың Қ-н туралы бөлімінің авторы (1903 ж.). 1905 ж. конституциялық демократиялық партияның мүшесі (кадет). Бірінші мемлекеттік Думаның депутаты 1905 - 1907 жж. "Ертіс" "Дауыс" кадеттік газеттерінде редактор боп қызмет істеді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтардың шығарған "Қазақ" газетінің тарихи маңызы зор болды. Ә. Бөкейханов "Алаш" партиясының негізгі қалаушылардың бірі. 1917 ж. желтоқсанда ІІ Бүкілқазақ Құрылтайында Ә. Бөкейхановтың бастауымен "Алаш Орда" құрылды. Алашордашылар 1919 ж. дейін большевиктерге қарсы күштердің қатарында болды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ә. Бөкейханов саяси және мемлекеттік қызметтерден бас тартты. Оқу ағарту, м-т саласында жұмыс істеп, 1921 ж. Академиялық орталықты (болашақ Ғылым Академиясы) басқарды. 1937 ж. 27 қыркүйекте Москвада қамауға алынып, атылды. А.Байтұрсынұлы (1873-1937 жж.) – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі-ғалым лингвист, түріктанушы, ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Орыс-қазақ училищесін бітіргеннен кейін Орынбордың қазақ мұғалімдері мектебінде оқыды. 1895 - 1909 жж. Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы ояздарындағы училищелерде дәріс берді. 1905 ж. саяси қызметке белсене араласты "Қарқаралы петициясының" авторларының бірі. 1909 ж. патша әкімшілігін сынаған үшін түрмеге қамалды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ағартушылық қызметте болды (халық ағарту комиссары). 1920 ж. алашордашы ретінде қамауға алынып Архангельскіге, ал әйелі Шолпан деген қызымен бірге Томск облысына жер аударылды. 1934 ж. кезде Қызыл Крест комиссиясында жұмыс істеп жүрген Е. Пешкованың (М. Горькийдің әйелі) араласуымен А. Байтұрсынов ақталды. Алайда, 1937 ж. қазанда қайта қамауға алынып, атылды. «Қазақ» газеті А.Байтұрсыновтың басшылығымен шықты. Ол 1913 жылдан 1918 жылдың қаңтарына дейін шығып тұрды. Бұл газет беттерінде патша үкіметінің зұлымдық саясаты, халқына жасап отырған зорлық-зомбылығы ашып көрсетілді. Газет бiрден танымал болды. 1913 жылдың соңында газетке 3 мың тұрақты оқырман жазылса, 1917 жылдың басында ол көрсеткiш 8 мыңға жеттi. Газет шiлде айынан бастап «Алаш» партиясының ресми баспа органына айналды Ол отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. А.Байтұрсынов жер аударылған кезде бұл газетке М.Дулатов басшылық жасады. Бұл газеттің, қазақ халқының жанашыры болуына А.Бөкейханов зор үлес қосты. А. Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Бөкейхановтың күш жігерін біріктіруінің арқасында «Қазақ» газеті жаңа ғасырдағы шын мәнідегі ұлттық газетке айналды. Бұл газеттің маңайына қазақтың демократиялық интеллигенциялары: Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Г.Қарашев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Дөнентаев, М.Шоқай т.б. топтасты. Бұл демократиялық интеллигенция өкілдері отаршылдардың саясатына қарсы шығып, қазақ халқын патриотттыққа тәрбиеледі. 1911 ж. Орынборда А. Байтұрсыновтың «Маса» атты өлеңдер және аударма, мысалдар жинағы басылды. Бұл еңбегі бір жағынан қазақ халқының отарлық, теңдіксіз ауыр жағдайын суреттеуге арналса, екінші жағынан қазақ халқын оқуға, білімге, ғылымға шақырды. Өз шығармасын «Маса» атай отырып, А.Байтұрсынов ұйқыдағы халықты оятуға тырысты. 1909 ж. «Қырық мысал» атты шығармалар жинағы Крылов мысалдарына негізге ала отырып жазылды. А.Байтұрсынов – қазақ тілін негіздеуші ретінде де атай аламыз. Ол араб графика негізінде алфавит жасады. Бұл алфавит 1924 ж. «Жаңа емле» ретінде қабылданды. 1912 ж. «оқу құралын» кітабын жазды. Кейінірек «Тіл құралы» оқулығы шықты. Бұл фонетика, морфология, синтаксис деп үш бөлімнен тұрды. Бұл А.Байтұрсыновтың тек қазақ халқына ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес халықтар әлеміне енгізілген үлкен жаңалығы болды. М.Дулатов (1885-1935 жж.) – Ахметтің халықты азаттық күреске шақыру жолындағы пікірлес жолдасы. Дулатов Міржақып - қоғам қайраткері, ақын-жазушы, драматург, ұстаз. Қазақ-орыс училищесі мен оқытушылар курсын бітіргеннен кейін ауыл мектептерінде мұғалім болды. 1902 ж. Омбыдағы революциялық үйірмелердің жұмысына, 1905 - 1907 жж. Қарқарлыдағы шерулерге, Оралдағы қазақ кадеттері съезінің жұмысына қатысқан. Әдебиет, м-т, тарих, этнография, тіл білімі және математика саласында 2 мыңнан астам мақалалар мен еңбектер жазған. 1913 - 1918 жж. "Қазақ" газеті редакторларының бірі. 1917 - 1919 жж. Алаш Орда үкіметінің басшы қызметтерінде болды. 1920 ж. бастап оқытушылық, баспагерлік жұмыспен шұғылданды. Семейде сот қызметкері, Ташкентте "Ақ жол" газетінің редакторы болды. 1929 ж. қуғынға ұшырап, 1930 ж. 10 жылға түрмеге қамалды. Соловецк лагерінде қайтыс болды. Оның 1909 ж. Қазанда жарық көрген «Оян қазақ» атты жинағы – халықтың тағдыры мәселесі көтерілген тұңғыш шығармалардың бірі. Өз оқырмандарының санасы мен жүрегіне әсер ете отырып, ол әр адамды халық алдындағы жауапкершілікке шақырады. Қазақ қоғамының жағымсыз жақтарын ашып көрсете отырып, М.Дулатов өз отандастарын жаңа өмірге, басқа ұлттардың жақсы жақтарын қабылдауға шақырады. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп жатқан халқын: «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекет жасауға шақырды. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты – түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп тұрды. Бірақ кейін бұл кітапты патша үкіметі отарлауға қарсы бағытталған деп бағалап, кітапты жойып, авторын түрмеге жауып, қудалауға ұшыратады. Бірақ М.Дулатовты патша үкіметінің бұл қылықтары жасыта алмайды, осы кезеңде 1910 ж. Орныборда оның «Бақытсыз Жамал», 1913 ж. «Азамат» деп аталатын шығармалар жинағы, 1915 ж. «Терме» атты еңбегі жарық көрді. 1913 жылдан бастап А.Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетінде өз халқын отарлауға қарсы күреске шақырып талмай еңбек етті. 42.1916ж ұлт-азаттық революция. 20ғ-ң басында Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді- 1914ж 1 тамыз- Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Соғысқа қатысушы басты елдер-Үштік одақ, Антанта. 1907-12ж 2 млн. 400 мың адам Қазақ өлкесіне қоныстандырылды. 1916ж- 40 млн. Га жер алынды.1917ж- 45 млн. Жер тартып алды. 1914ж 1 тамыз- Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Соғысқа қатысушы басты елдер-Үштік одақ, Антанта. Соғыстық Қазақстан дамуына әсері. Экономикалық дағдарыс күшейді. Әлеуметтік қайшылық тереңдеді. Революциялық күрус үшін алғышарттар жасалды. Ер адамдардың жетіспеушілігіне байланысты ауыл шаруашылығы төмендеді. Ресейдің дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі өлкені тонауды күшейтті, 10-ға жуық соғыс салығы енгізілді. Жетісудан 34 млн. Сом мөлшерінде мал ж/е мал өнімдері әкетілді.Осы жылдары жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы-20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы-12-14 сағат.Қымбатшылық артты,ұн 70% ,қант 50%, сабын 200 %-ға қымбаттады.Кен өрдіру , мүнай,көмір өндіру құлдырады. Өрдірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Патша әкімшілігі шовинистік ұрандар таратып, ұлтаралық араздықты ушықтырды. 1914ж 19 қазан «Жетісудағы орыс қоныстарындағы дәулетті топтарды қаруландыру туралы» құпия бұйрық шықты.Патша үліметінің аграрлық ж/е отарлық саясатына қарсы қазақ еңбекшілері бас көтерді. 1915 ж маусым- Екібастұз, Спасск мыс кеніштеріндегі, Орынбор-Ташкент темір жолындағы ереуілдер. 1916ж қаңтар-Верный, Семейдегі толқулар. 1916 ж –Орынбор облысының Ақбұлақ мекенінде, Лепсі, Верный уездерінде солдатқа алынғандар әйелдерінің бас көтеоулері. Зайсандағы солдат әйелдерінің қарсылықтары әскери күшпен тоқтатылып, 13 әйел қамауға алынды. Соғыс жылдары Әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троиц лагері «өлілер лагері» атанды. Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916ж Қазақ өлкесінде, Орта Азияда, Сібір мен Кавказдың бір бөлігінде көтеріліс басталды.Көтерілістің алғышарттары- Жер мәселесі. Қоныстану саясаты. Соғыс салығы. Көтерілістің басталу себебі-1916ж 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығының шығуы. Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды.Феодалдық басшы топтар ж-е жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. Революцияшыл топ өкілдері( Жангельдин, Иманов, Бокин, Әшекеев) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. Либералдық-демократиялық зиялылыр(Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов) патша үкіметінен келісімпаздық бағыт ұстанды.Олардың мақсаттары-Қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт созу.. Қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу.Ұлттық автономия құру. Патша жарлығына жауап ретінде шілде айының басында өлкеде стихиялық бас көтерулер болып тұрды. Негізгі қозғаушы күші-қазақ жұмысшылары, шаруалары, қолөнершілер.Жетекші күші-халықпен тығыз байланысты ел басшылары, негізінен үстем тап өкілдері. Ұлттың аман қалуы ж-е рухани түлеу проблемалары күрестің өзегіне айналды.Көтеріліске қатысушы революцияшыл-демократияшыл зиялылар өкілдері Рысқұлов. Бокин. Әшекеев. Мәмбетов. Қосақов. Жангельдин. Иманов. Мендешов. әйтиев. Мыңбаев. Майкөтов. Қатысқан қазақ жұмысшыларының шаруа қожалықтарымен байланысы көтеріліске стихиялы қозғалыс сипатын берді. Көтерілске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді.(Хан сайлау. әкім –елбегі. Сот алқасы-жасақшы. Қазына билеушісі-қазынашы. әскери басшысы-сардарбек.1916ж 23 тамыз-генерал-губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығы шықты.Басқармалардың лауазымды адамдары, төменгі полициялық шенділер, имам, молда, мүдәрістер, есепші бухгалтерлер,үкіметтің оқу орындағы оқушылар, жоғарғы лауазымдылар, дворяндық ж/е құрметті азаматтық құқықтарын пайдаланатындар қара жұмыстан босатылды.Көтерілісшілер әрекеті-Қара жұмысқа шақырушылардың тізімдерін жою. Борышқорлық ж/е салық тілхаттарын, жер сату жөніндегі құжаттарды жою. Болыс басқармаларын, ауылдарын талқандау. Патша әскерімен қақтығыс. Жеңілу себептері-бытыраңқылығы. әскери қарудың жеткіліксіздігі. Руаралық тартыстар. Жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. Ұлттық демократиялық зиялылар арасында бірліктің болмауы. Қазақ феодалдарының сатқындығы. Тарихи маңызы-Қазақ халқының революциялық таптық санасы өсті. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. Салдары-қазақ өлкесінде-446 мыңға қазақтар саны азайды. Сипаты- империализмге ж/е отаршылдыққа қарсы. Патшалық отаршыл әкімшілік 1916ж ұлт азаттық қозғалысты қатаң жазалап, Дала мен Түркістан өлкесінен 250 мыңнан астам адамды күштеп тыл жұмысына алды.
43 Қ-н 1917ж. Ақпан революциясы кезінде, таптық саяси күштердің орналасуы.партиялардын пайда болуы. Қазіргі таңда ғасырға жуық «социалистік» адамдардың сансын билеген жүйенің билігенен босаған қоғам өз өткенін қайта саралап, тарихына жаңа тұрғыдан көз жүгіртуде. Евразия құрлығының тең жартысына жуық аймақты қамтыған Кеңестік социалистік республикалар одағының (КСРО) 70 жылдай дәурен құрып, әлемдегі жетекші күшке айналып, «одақтас» он төрт мемлекеттің тағдырын қолында ұстауы 1917 жылы 27 ақпандағы Ресейдегі буржуазиялық революциядан бастау алған еді. Ақпан ревоюциясы Қазан төңкерілісіне бастау болды. Өз кезегінде Қазан төңкерілісі большевиктердің, Коммунистік партияның тасын өрге сүйреді. Қалай десек те ақпан буржуазиялық революциясы Ресей монархиялық билігінің қол астында езгіде бодан болған басқа елдердей қазақ халқы үшін бостандық демесек те, езгі мен толық құрып кетуде аман алып қалды деп айту хақ. Сондықтан да, Ресейлік патша мен тоталитарлық аппараттың құрығына түсуден қорықпай, тәуелсіз, ешкімге жалтақтамайтын еркін ұрпақ ретінде Ақпан буржуазиялық революциясы туралы өзіндік ой түйіп, қорытындылар жасау мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты Ақпан төңкерілісінің алғышарттарын, барысын, Уақытша үкіметтің саясатын және сол кезеңдегі саяси партиялардың әрекеттерін қарастыру. Бұл жолда Кеңес өкіметі кезінде жариялауға рұқсат болмаған мәліметтерді және авторлардың еңбектерін қарастыру. Жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім қарастырылатын мәселесі бойынша екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде,төңкерілістің алғышарттары, оның барысы, Қ-н аумағындағы Уақытша үкімет органдарының құрылуымен, оның әрекеттері мен саясаты қарастырылады. Екінші бөлім қазақ қоғамының саяси белсенділігінің артуын, жалпықазақ съезін, саяси партиялар мен олардың саяси бағыттарын қарастырады. Аталмыш мәселенің тарихнамасына келетін болсақ, бұл тақырыпта көптеген ғалымдардың қалам тартқанын атап өту керек. Олардың қатарына В.И. Ленинді, Ф.И. Голощекеиндң, С.Н. Покровскийді, Т. Елеуовты, Г.Ф. Дахшлейгерді, П. Пахмурныйды, В. Григорьевті, К. Нурпеисовты және тағы да басқа көптген Кеңестік ғалымдарды атауға болады. Ақпан төңкерілісі Кеңес Одағының Коммунистік партиясының билікке келуіне бірден-бір алғышарт болғандықтан да, оның тарихы КОКП жанындағы арнайы институттарды, ғылыми академияларда кеңінен қарсатырылған. Әрине, онда бұл мәселеге маркстік, лениндік көзқарстар басым болғаны да рас. Еліміз тәуелсіздік тұғырына қонғаннан бері, Ақпан төңкерісіне байланысты біраз зерттеулер де жарық көрді. Бұл салада Кеңестік дәуірде жарыққа шығаруға рұқсат етілмеген, 1996 жылы қайта басылып шыққан Г. Сафаровтың «Колониальная революция» еңбегін ерекше атап өткен жөн. «1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде Қ-ндағы таптық саяси күштердің орналасуы» атты рефераттық жұмысты студенттер мен мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына Қ-нның қазіргі заман тарихын оқыту барысында қолдануға болады.
44"Алаш" партиясының құрылуы,
|