Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Алаш автономиясын жариялау.Алаш –орданын азамат согысы жылдарындагы кызмети.


Date: 2015-10-07; view: 4223.


Алаш автономиясының құрылуы

1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ сиезі өтті. Сиезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған. Сыртқы істері

Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.

Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды.

Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына — Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.

Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейханов өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты.

Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейхановтың төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын.

23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет — Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.

Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.

Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.

1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.

Одан әрі хатта, бұл мәселені шешуді жолсапарға өз өкілдерін жіберу арқылы емес, Омбыдағы үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқан Алашорда өкілдері пікіріне жүгіну жолымен шешу дұрыс болатыны ескертілді. Сондай-ақ, хат иелері қазақ халқын басқару туралы Малахов әкелген жоспар-жобаға байланысты өздерінің мынадай ұсыныстарын да көрсетті:

1) Бас уәкілдік туралы. Алаш автономиясын құрайтын қазақ облыстарын басқаратын Бас уәкілдік жекелеген бір министрлік өкілдігі болмауы керек, ол қазақ халқын ұлттық басқару органы болуы тиіс. Сондықтан Бас уәкілдік Ішкі Істер министріне тәуелсіз болып, тек Министрлер Кеңесіне ғана бағынуы керек. Сонымен қатар Бас уәкілдіктің жанында жолдастарымен (орынбасар) қоса, Кеңес құрылуы тиіс.

2) Жергілікті жерлердегі басқару туралы. Бұл басқару ұлттық принципке негізделіп, облыстық әкімшілік және милиция басқармасы қазақ ұлттық басқару органына бағынсын. Ол үшін облыс-уез, болыстарда тікелей Бас уәкілдікке бағынатын ерекше органдар құрылуы қажет. Біздегі земство түрінде ойлайтын, өзін-өзі басқару органдарына келсек, қазіргі облыстық, уездік земстволар (барлық ұлтқа ортақ) сол күйінде қалып, ал болыстық земстволар қазақ, орыс халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің өзара айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан, қазақтардікі орыс халқынан бөлек болғаны жөн. Болыстардағы әкімшілік органы земство мекемелеріне қосылып, оның міндеті земствоның бір мүшесіне жүктелсін.

3) Жекелеген мәселелер туралы. Діни істермен айналысатын жоғары инстанция — Бас уәкілдік жанындағы Кеңес болып, ол діни лауазымдары бар адамдармен толықтырылып отырса. Орыс бодандығындағы қазақтардың, шекаралас шет мемлекеттермен байланысы туралы істеріне қазақ ұлттық басқармасынан да адам қатыстырылуы қажет деп санаймыз.

Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жаңа Ережені жаңғыртқан әрекеті алайда жүзеге асқан жоқ. Мұның себебі, бір жағынан күннен-күнге жеңіліске ұшырап жатқан Ақ Армиядағы сәтсіздіктер болса, екінші жағынан ұлттық қозғалыстарға жауыға қарайтын орыс үкіметтеріне тән қасиетті бойына сіңірген Колчак билігінің өзінен болды.

Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі — аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.

Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.

Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды

 

46..917ж қазан төңкерілісі және онын Қазақстаннын қоғамдық-саяси өміріне тигізген ықпалы

1917ж-ғы 24-25қазан Петрограда большевиктер қарулы көтеріліс арқылы билікті жеңіп алып, Қосөкімет жойлды.Буржуазиялық үкімет құлатылып, Кеңес үкіметі жеңіске жетті. Жермен бітім туралы деректердің қабылдануы, ұлт саясаты бағдарламасының жариялануы революциясының бүкіл елде тез арада жеңіске жетуінде шешуші рольдер атқарды. Қазақстанда солддаттар және 36,5 мың көтерілісші- сарбазддар революцияның негізгі резервіне айналды. 1917 жылғы 15-22 қараша Түркістан өлкесінде Түркіістан халық коммиссарлар кеңесі орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында

мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Колесов мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес,өйткені жергілікті халықтың бізге көзқарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ деп мәлімдеді. 1917ж 22 қараша Қоқан қаласында БүкілТүркістандық төтенше 4 съезд ашылды. Қаралған мәселе: Түркістан автономиясы құрылды президенті М.Шоқай Ислам мемлекеттік дін деп танылды 1917 ж 30қарашада мұсылмандардың манифестациясы болып революцияны қорғау туралы ант алды. Коммунистік басшылар 1918 ж. қаңтарда кеңестердің өлкелік 4 съезінде Түрістан автаномиясының жариялануы мейілінше мезгілсіз деп есептелді Түркістанда ұлт бағдарламасын нақты іске асыру нәтижесінде айқындала түсті: Империялық ойлау мен шовенистік көзқарастын ұлғаюы.Қазан революциясынан көп бұрын қазақ либералдық- демократиялық қозғалысының жетекшілері қазақ өлкесінің әлуметтік экономикалық және саяси дамуына байланысты өздерінің бағдарламаларын насихаттады 1917 ж. 21қарашада алаш партиясы бағдарламасы жарияланды. 1917 ж. қараша- 1918ж қаңтар аралығанда өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің алаш париясы бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Партияға айналған большевиктер алашлода мен тіл табысуға болады деп санады, әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

Кеңес өкіметі орнауының 2 түрлі жолы болды: Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын,жұмысшылар басым Оңт. және Солт аймақтарда-бейбіт жолмен.Сібір,Орал,Жетісу казактары мен офицерлер,кулактар біріккен,контрреволюциялық күштер басым аудандар-қарулы күрес жолмен.1917ж 30 қазан Перовскіде (Қызылорда)Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады.1917ж 1 қарашада Ташкентте қарулы күреспен орнады. 1917ж қараша Әулиатада бейбіт жолмен орнады. 1917ж қараша Черняевта (Шымкентте) бейбіт жолмен орнады. 1917ж 25 желтоқсан Қостанайда қарулы күреспен орнады.1918 ж 16-17 ақпанда Семейде орнады

1917 жылғы қазан революциясы.1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу көкейтесті мәселелерді шешпеді. Қ-ндағы жергідлікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қ-нның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан ары жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді.Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне көшуге бұрынғысынша тыйым салынды. Қазақ халқының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті қойылмады да. Сондықтан Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В.И.Ленин бастаған большевиктер партиясы «Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін»-деген ұранды пайдалана отырып, Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға айналдырды. Бұл елдің барлық жерінде халық бұқарасының большевиктер жағына көптеп шығуына әсер етті. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталып, уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды. Уақытша үкімет құалатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.

Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депуттатары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп, әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік-бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды.

Қазан революциясынан кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қ-нда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, «Оңтүстік шығыс одағы» деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Қ-ндағы бөлігін Халел,Жанша Досмұхамедовтар,Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов басқарды.

Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қ-нның көптеген аудандарында кеңес өкіметі орнады.

Ресейдің орталық аудандарынан Қ-нға көмек көрсету үшін Ә.Жанкелдин, В.Чекмарев, П.Кобезев және төтенше комиссарлардың келуі қазақ халқының арасынан Әделбек Майкотев, Бекен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин, Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Амангелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты көптеген күрескерлерді шығарды. Еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы күресіне басқа ұлт өкілдері К.Шугаев, П.Салов, ПА-виноградов, С.Журавлев, Л.Емелев, Я.Ушанов, А.Розыбакиев, В.Зинченко, П.Басов, И.Дубынин азаматтардың ат салысуы революцияның Қ-нда да жеңуіне жол салды.

Революцияны қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгелдей шықты. Ал қызыл әскер жасақтары бар аудандарда өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің Кеңесте көпшілік орынға ие болуы арқылы жүзеге асты. Мұндай жағдай Қ-нның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ революция қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арасында ғана тиді.

 

47.Қазақ-н азамат соғысы жыл-да. Жұмысшы-шарулар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуды алғашқы күндерден бастап құлатылған таптапрдың қарулы қарсылығын тудырды.Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды,сол себебті революция мен азаматсоғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.Қазақ-ғы азамат соғысы-ң алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж қарашасында Торғай обл-ң әкішілік орталғы Орынборда қалыптасты,Орынбор казактары әскерінің атаманы Дутов совет өкіметін құлатып,Кеңестердің Бүкілресейлік съезінің делегаты Цвиллинг бастаған революц-қ комитеті тұтқынға алады.1917 ж қарашасында революц. Қарсы ошақ Оралда құрылады.Осында көп ұзамай обл-қ әскери үкімет ұзамай жергілікті Кеңесті таратып,өкіметті басып алады.1918 ж қаңтарда қуылған атаман Дутов,1918 ж 3 шілдеде тағы бүлік шығарып,Орынборды басып алады да,кеңестік Түркістанды Орт-қ Ресейге бөліп тастайды.Азамат соғысы жағ-да Қызыл Армияны құру ісі ойдағыдай жүзеге асырылды.Орыстармен бірге Қызыл Армия қатарына қазақ еңбекшілеріде бара бастайды.Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 ж мамырдағы жарлығымен әскерге еркімен бару ісі жалпыға міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылады.1918 ж жазында бірыңғай Қызыл Армияның құрамды бөлігі ретінде ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастайды.Қаз-н жеріндегі ірі-ірі соғыс операциялары Фрунзе,Тухачевский,Чапаев сияқты белгілі қолбасшылар,Белов,Кутяков,Иманов т.б секілді талантты командирлер басшылығымен жүзеге асырылды.1920 ж 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ Респуб-сы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады.

 

48..«Әскери комунизм саясаты»:мәні,әдісі,түрі.. “әскери коммунизм ” саясаты. Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.)

Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барын­ша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.

«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолы­на шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамыр­дағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады. «Әскери коммунизм» саясаты: Большевизмнің «тауарсыздық» утопиясының Қазақсатандық практикасы мен ақиқаты Ленин социалистік революцияның стратегиялық мақсатын «бүкіл өндіріс құрал-жабдықтарын халық игілігіне берумен» байланыстырды. [1]. Ф. Энгельс өндіріс құралдарының нақты иесін атап көрсеткен еді. «Пролетариаттың билікті басып алуымен, — деп жазды ол, — бәрінен бұрын өндіріс кұралы мемлекеттік меншікке айналады».

Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.

 

Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар. Орынбор-Ташкент және Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды.

Ленин Қазан революциясы қарсаңында-ақ: «Буржуйлардан тартып алынған өндіріс құрал-жабдықтарына бүкілхалықтық демократиялық басқаруды ұйымдастырмайынша капитализмді тізе бүктіру мүмкін емес...», — деген болатын. [4]. «Бүкілхалықтық басшылықты» жүзеге асыру мақсатында жұмысшы бақылауы енгізілді, ал елдің экономикасын жоспарлы түрде басқару, оның халық шаруашылығы мен қаржысын бір орталықтан ұйымдастыру үшін кен өкілетті директивалық орган — Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі құрылды.

Демек, үш басымдық – мемлекет меншігіне алу, орталықтандыру және директивалық жоспарлау экономикалық саясатта мемлекет бағдарын дәл айқындайтын болды.

Алайда көп ұзамай мұндай идеология өнеркәсіптін қирауына әкеліп соқтырды. Соңғысы бюджетке түсетін салық түсімдерінің ең маңызды көздерінің бірі болып табылатындықтан, ондағы орасан зор тапшылықты тек станокта басып шығару арқылы ғана жабуға болатын еді. Өнеркәсіптегі және қаржы саласындағы күйзелісті жағдайды, 1918 жылдың көктемі мен жазындағы аса ауыр азық-түлік тапшылығын, сондай-ақ енді басталған Азамат соғысын алға тартып, большевиктер ақталуға, тіпті өздері қалаған тауарсыз утопиясын жүзеге асыру жөніндегі экспериментін барынша ұтымды түсіндіруге тырысты. Ол бойынша коммунистік өндіріс пен болу деп аталатын принципке тікелей көшу жағдайы қарастырылды. Мұндай саясат «әскери коммунизм» деп аталды. Осы идеологияның ауқымында нарық пен тауар-ақша қатынастарын толықтай тұншықтыру, экономикалық институттар мен ынталандыру тетіктерін экономикадан тыс директивалық-болу жүйесімен ауыстыру, өндіріс пен бөлуді орталықтандыру көзделінді. Қарапайым тілмен айтқанда, мұның өзі экономикалық өмірді толықтай билік қыспағында ұстауды, оның барлық саласына бірдей қатаң мемлекеттік бақылау орнатуды, социалистік теңгермешілік әдістін еңгізілуін білдіреді. *Большевиктік насихат қоғамды әр түрлі әлеуметтік жікке бөліп, оларды арасындағы алауыздықты өршітгі. Мәселен, «орақ пен балғанын біртұтас және мызғымас одағы» ретінде өзінің таптық көзқарасының дұрыстығына берік сенген жұмысшы, солдат және еңбекші шаруалар мемлекеті отындық ағаш дайындауға және басқа да ауыр қара жұмыстарға «буржуазиялық» интеллигенцияны салып қойды. Соның нәтижесінде оның көптеген өкілдері моральдық террорға шыдай алмай Отанын тастап кетті.

«Кедей-бай», «Кеңес өкіметіне шын берілген немесе қарсы», «белсенді немесе енжар» принциптері бойынша әлеуметтік топтар ішіне бөліну мен ажырасу рухы себілді, мұның өзі аз да болса сақталып келе жатқан топ аралық тұрақтылық пен тепе-тендікті тас-талқан етті, дәстүрлі ынтымақты-топтасқан қатынастардың аражігін ашып жіберді.

«Революциялық батылдықпен» экономикалық зандылықтарды белден басып, мейлінше тиімсіз нарықтық емес даму жолын қолдан жасап, тауар-ақша қатынастары мен сауда-саттық факторларын көзге ілмей, сөйтіп елдің экономикалық өмірін ортағасырлық томаға-тұйық натуралды шаруашылыққа оралтып, большевиктер тауарсыз утопияны іс жүзіндегі мемлекеттік саясат деңгейіне көтерді. Қоғам осы тәжірибесі үшін қатты зардап шекті (оның біріншісіне ұқсас келесі көрінісі — ұжымдастырудан кейін елдің адымын алпыс жыл бойы тұсады және алғашқысынан да көп құрбандыққа ұшыратты).

Алайда өкімет халық алдында қандай да бір өкініш білдірген жоқ. Тек партия жиналыстарында «қалайда жақсы және тез атқаруға тырыстық», «коммунизмге даңғыл жол жоқ», «құрбандықсыз революция болмайды» (жарқын болашақ үшін құрбандықтың қайсысына болсын төзуге шақырған большевиктік даурықпа үранды кеңес халқының бүкіл ұрпағы үнсіз мойындады) деген сияқты ақталу сипатындағы сөздер айтылды.

Ленин: «Біз тиянақтап есептеп алмастан, ұсақ шаруалы елде өндірісті қайта құрып, дамытуды және өнімді бөлуді пролетарлық мемлекеттің тікелей жарлықтары арқылы коммунистік тұрғыдан жолға қоймақшы болдық, немесе солай деп жорамалдадық» деп жазды. [25]. Есептер орасан зор қателіктерге ұрындырды. Елде экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстар белең алды. «Әскери коммунизм» саясаты мен оның тауарсыз утопияға сүйеніп жүзеге асырылуының ең басты қорытындысы, міне, осы.

 

49Қазақ АКСР-нің одақтас республика ретінде қайта құрылуы. Қазақ КСР-нің 1937 ж. Конституциясы және ақиқат.

1936 жылы желтоқсанда Кеңестер Одағының жаңа Конституциясы КСРО-ға тікелей қарайтын жаңа одақтас республикалардың құрылуын заң жүзінде іске асырды. Осы уақытқа дейін Одақтың құрамында жеті республика болып келсе, енді олардың саны он бірге жеткізілді. Закавказье Федерациясы таратылып, оған қарап келген Әзірбайжан, Армян, Грузин республикалары енді Одаққа тікелей қарайтын болды. Қзақ, Қырғыз автономиялық республикалары да Одақтас республикаларға айналды. Қзақстанның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзгерістер , оның Одақтас республикаға айналуы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдауды қажет етті. Осыған орай Орталық Атқару Комитеті құрған Конституциялық комиссия жасаған Конституциялық Заң жобасы 1937 жылы 9 ақпанда Республика еңбекшілернің талқылауына ұсынылды. Баспасөз бетінде, ұжымдарда кеңінен талқыланған Конституция жбасын 1937 жылы наурыздың 21-26 аралығында болған Қ-н Кеңестернінің төтенше оныншы съезі қарап бекітті. Конституция Қазақ Кеңес Республикасының жұмысшы, шаруалар табының социалистік мемлекеті екенін, оның саяси негізін еңбекшілер депутаттары кеңесі құрайтынын, сол арқылы бүкіл биліктің еңбекшілердің өз қолдарына топтастыралатыны атап көрсетілді. Республиканың экономикалық негізін шаруашылықтың социалистік системасы және мемлекеттік, сондай-ақ, мемлекеттік-кооперативтік меншіктен тұратын социалистік меншік құрайтынын жариялады. Республикадағы ең жоғарғы мемлекеттік орган төрт жылғы тікелей сайланантын ҚКСР Жоғарғы Кеңесі деп көрсетілді. Жоғарғы Кеңес өзінің Президиумын және Үкіметті-Халық Комиссарлар Кеңесін құрады делінді. Конституция барлық азаматтардың демократиялық құқытарын, бас бостандығы мен міндеттерін белгілеп, республиканың ұлттық ерекшеліктерін ескерді. Онда Қ-нның одақ құрамына егеменді ел ретінде ерікті кіретіні, жерінің тұтастығы мен бөлінбейтіндігі, Қазақ КСР заматтарының КСРО азаматы болып танылатыны туралы айтылды. Конституцияда тұрғылықты халықтың өз тілімен еркін пайдаланып, ана тілінде мектеп, мәдени ошақтар мен мемлекеттік мекемелер ашуға ерікті екені көрсетілді. Заң жүзінде осындай демократиялық еркіндік пен құқықтар мойындалғанымен, іс жүзінде конституциялық ережелердің бұрамалануы, демократияны бұзыушылық пен заңсыздықтың осы жылдарда белең алғаны қазіргі күндерде белгілі болып отыр. Жариялылық тұсында шыншылдықты, ақиқатты қалпына келтіруге , боямасыз көрсетуге ұмтылыс жасалп жатқан бүгінгі таңда сол жылдардың тарихындағы ақтаңдақтар қазір жаңа деректермен, мағлұматтармен шынышылдық тұрғысынын көрсетілуде. 30 жылдардың екінші жартысында, дүниежүзілік қарар бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Жергілікті пратия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Жке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштаау, жапай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, кеңес қызметкрлері, оқыған зиялыллар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 жылы басталды. Бұл жылы «халық жауы» деген айып тағылып, Л:И:Мирзоян, О:Исаев, С.Меңдешев, Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, О.Жандосов, Т,Жүргенов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, А.Қоңыратбаев ұсатлды. Республикадағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қзақстанға Одақтас республика дәрежесін беру, мәдени құрылыстағы, халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйенің тек қатаң идеологиялық қыспағында іске асты.

 

 

50 Қаз-ғы ЖЭС: себебтері барысы, нәтижелері. Империалистік соғыс пен азамат соғысы Ресейдің басқа халықтары сияқты, қазақ халқын да күйзеліске ұшыратты. Қ-нның мемлекет иелігіне алынған 307 кәсіпорынның 250-і істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қ-нда мұнай өндіру – төрт есе , Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтап қалды. Мұнай кәсіпшіліктері тоналып, 400 мың пұттан астам мұнай теңізге ағызылып жіберілді, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істн шығарылды. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небәрі 6,3% болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында екі еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 миллионнан 16,3 миллионға дейін қысқарды.

Кеңес өкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, тіршілік үшін қажетті құралдарды бөлуде коммунистік негіз енгізуді ойластырды. Мәселен, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.

Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Шаруалардың шыдамы таусылды. Қ-нның солтүстігінде шаруалардың қарсылығы «әскери коммунизм» саясаты кезеңінде – ақ пайда болып, «жасылдар» қозғалысы деп аталған еді және олар «ақтарды» да, «қызылдарды» да қолдамаған болатын. Міне сөйтіп 1921 жылы шаруалар азық – түліктің артығын жаппай тартып алуға қарсы шықты.

Бастапқыда көтеріліс Солтүстік Қ-нның Новоишим ауданында тұтанды. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей губернияларында көтеріліс ошақтары пайда болды. Мәселен, 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын көтеріліс отряды Петропавл қаласында Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. Азық – түлік салғыртына наразы орташа шаруалардың бір бөлігі көтерілісшілерге қосылды. Сібір мен елдің орталығы арасындағы темір жол қатынасы үш апта бойы үзіліп қалды. 1921 жылыдың наурызында Орал губерниясының аумағында Сапожков отядының қаруланған 10 мыңнан астам көтерілісшілер әрекет етті. Кеңеске қарсы элементтер «әскери коммунизм» саясатына шаруалардың наразылығын шебер пайдаланып, ұсақ буржуазиялық күштерді Кеңес өкіметі органдарына қарсы бағыттап отырды. Мысалы, Қарқаралы уезінің 70- тен астам басшы партия және кеңес қызметкерлері қаза тапты.

Ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат керек екені айқын бола түсті. Экономика мәселесі саясатқа айналды.

Партияның Х съезі 1921 жылы наурызда азық – түлік салғыртын азық – түлік салығымен алмастыру туралы, жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. Оның мәнісі саяси – идеологиялық салада – қатаң бір партиялық режим, өзгеше ойлау мен өзгеше әрекет етудің қандайын болса да тұншықтырып отыру; экономикада - әміршіл – рыноктық шаруашылық жүйесі болатын.

Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жерді жалға беру мен алуға, жалдама еңбекті қолдануға рұқсат етілді, ауылшаруашылық , несие және кооперациясын дамыту көтермеленеді. «Әскери коммунизм» тұсында енгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке жұмылдыру жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді. Темір жол және автомобиль тасымалының , өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптердің кәсіпорындары шаруашылық есепке көшірілді.

Өлкенің 28 мың коммунисінен өкіл болып, Орынборда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. 1921 жылы наурыз – сәуір айларында республикада азық – түлік салғырты азық – түлік салығымен алмастырылды. Машиналарды жалға беретін алғашқы пункттер пайда болды, базарлар ашылып, кедейлер егістікті бірлесіп жырту үшін бірікті.

Сонымен бірг тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталып, ол әсіресе большевиктердің өлкелік партиялық ұйымының басшысы Ф.И.Голощекин болған кезде күшейе түсті.

1.2 Жаңа экономикалық саясат кезіндегі Қ-нның халық шаруашылығын қалпына келтіру.

Партияның Х съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті. Мал өсірумен айналысатын алты және одан да кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Күш көлік салығы мен ақшалай түтін салығының орнына бірыңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері ауыр болған жоқ. Егер 1924-1925 жылдарда бірыңғай ауылшаруашылық салығы ретінде тауарлы өнімнің сегізден бір бөлігі алынған болса, 1927-1928 жылдарда он үштен бір бөлігі ғана алынды. Рыноктық қатынастардың нығаюына қарай салық төлеудің заттай және ақшалай аралас түрі, ал 1924 жылғы 1 қаңтардан бастап тек қана ақшалай түрі ғана ақшалай түрі енгізілді. Салық үдемелі салық болып, оның негізгі ауыртпалығы кулактар мен байлардың мойнына түсті. Мәселен, 1926-1927 жылдарда көшпенді және жартылай көшпенді аудандарда бай қожалықтардың 8 проценті салықтың 54,8 процентін төледі. Салықтан жиналған қаражат қорғаныс ісіне, халық ағартуды дамытуға жұмсалды.

Ауыл шарушылығын қалпына келтіру ісін ұйымдастыру үшін ауылшаруашылық кредит қоғамы құрылды. Көшпенді халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берілді. Кредит кооперациясының қызметін көбінесе кедейлер мен орташалар, совхоздар, жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері пайдаланды. Мемлекет тұқым беруді жүзеге асырды. Кеңестер кедейлердің мүдделерін байлар мен кулактардың қол сұғуынан қорғады.

Орыс деревняларындағы «Қосшы» одағы, шаруалар комитеттері өздерінің қауымдасып жыртқан жерлерімен, жарналарымен, ақшалай және материалдық қорларымен , ұжымдық басқару нысандарымен кооперацияның бастапқы нысанын құрады.

Олар шаруаларға егістіктерді өңдеуге, ауылшаруашылық машиналарын, сондай – ақ ұсақ кәсіпорындарды (диірмендерді, наубайханаларды, асханаларды, май шайқайтын, мал соятын орындарды, кірпіш заводтарын және т.б.) сатып алуға көмектесті.

Олар серіктестіктер мен колхоздар құруға бастама жасап отырды.

Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға кредит түрінде зор көмек көрсетті. 1924 – 1925 жылдарда республикада 415 троктор әкелінді, оларды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Кредит, қаызға тұқым беру, салық және басқа да экономикалық реттеу құралдары мемлекеттің еңбекші шаруалармен байланысын нығайтуға, өндіргіш күштерді қалпына келтіруге, ауыл мен деревня еңбекшілерінің еңбек белсенділігін арттыруға көмектесті.

Соның нәтижесінде Қазақ АКСР – інің егіс көлемі 1924 жылғы 2,1 миллион гектардан 1928 жылы 4 миллион гектарға дейін артты. Шынына келгенде республикадағы егіс көлемі 1928 жылы 1913 жылғы деңгейіне (4,4 милион га) жеткен еді.

Мал шарушылығы ауылшаруашылығы одан да жоғарғы қарқынмен дамыды. 1924-1928 жылдары мал саны 24,8 миллионнан 41 миллионға жетті. Осы жылдар ішінде шаруа шаруашылықтарының саны 737 мыңнан 1 миллион 333 мыңға дейін көбейді. Астық өндіру артып 1928-1929 жылдары Қ-н1920 жылы азық – түлік салғырты бойынша ел көлемінде жиналған астықтың бүкіл мөлшерінің 4/1 бөлігінен астамын берді. Осы уақытқа қарай Қ-н да 103 коммуна мен 650 ауылшаруашылық артелі болды. Оңтүстік Қ-нда мақта өсіретін «Пахтарал» совхозы ұйымдастырылды.

Сөйтіп жаңа экономикалық саясат шарулар мен қоныс аударған шаруалардың потенциалды мүмкіндігін соғыс , аштық, күйзеліс артқа шегіндіріп тастаған ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіру үшін жұмылдыруға мүмкіндік берген «керемет» болып шықты.

Эконоикалық өрлеу негізінде шаруалар одан әрі жіктеліп жатты: батырақ – кедей шаруашылықтарының проценті екі есе азайды. 1928 жылы ауыл мен деревняның ¾ бөлігі орташалар болды. Кулак бай шаруаларының саны екі еседен астам көбейді.

1.3 Жер-су реформасы..

Қазақ республикасы еңбекшілерінің өмірінде үкімттің патша өкіметінің жер мәселесі жөніндегі саясатының ауыр зардаптарын жою шараларымаңызды роль атқарды.

1921 жылғы сәуір айында патша өкіметі Сібір мен Орал казак әскерлеріне берген жерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декрет шығарылды. Осы декрет бойынша қазақ шаруалары Ертіс жағалауы өңірінен 177 мың десятинадан астам және Жайықтың сол жақ жағалауынан 208 десятинадан астам жер алды.

1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді, ол қазақ , қырғыз және ұйғыр еңбекшілеріне олардан 1916 жылғы көтерілісті басып жаныштау кезіндегі тартып алынған 460 мың десятинадан астам жерді қайтарып берді. Сонымен бірге бұрынғы офицерлер жері мен еркін қоныстану учаскілерінен Жетісу мен Оңтүстік Қ-нның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 миллион десятинадан астам жер қоры құрылды.

Аграрлық өзгерістер 1916 жылы Қытайға эмиграцияға кеткен 300 мың босқынның қайтып оралуына және әлеуметтік – экономикалық жағдайын нығайтуға себепші болды. Алайда реформаны жүзеге асыру кезінде жергілікті жерлерде қателіктер мен асыра сілтеуге жол берілді. Мәселен, кейде қара шекпенді кедейлер шаруашылықтары жерден айырылды. Көбінесе олардың бәрі отаршы – кулактар қатарына жатқызылып, мұның өзі қарашекпенді мен байырғы халық арасында ұлт араздығын туғызды.

Ауылдарда Кеңес өкіметінің нығаюы мен еңбекшілерді мемлекеттік және шаруашылық құрылысқа тарту ісінде 1921 жылы құрылған «Қосшы» одағы (кедейлер одағы) зор роль атқарды. «Қосшы» одағына қазақ кедейлерімен қатар қоныстанушылар деревнияларының кедей шаруалары да тартылды. «Қосшы» одағы кедейлерге еңбек артельдерін құруға көмектесті, жер беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтерді. «Қосшы» одағының мүшелері жер реформасын жүргізуге қатысты. А.Асылбеков,Ә.Жангелдин, Г.Коростелов, С.Меңдешов, Д.Бәрібаев, А.Розыбақиев және басқалар күрделі аграрлық мәселелерді шешуге рух беріктігін, принциптілік көрсетті.

1921-1922 жылдардағы жер реформасы қазақ және орыс еңбекшілерін социалистік құрылысқа тарту ісіне жәрдемдесіп, патша өкіметінің аграрлық қатынастар саласындағы отаршылдық саясатына соққы берді, клімсек кулактардың экономикалық күш қуатын барынша нашарлатып, қазақ аулындағы патриархалдық – феодалдық негізді әлсіретті. Реформа жұмысшы табы мен қазақ шаруалары, өзбек, дүнген, ұйғыр диқандары одағының нығаюына, ұлттық келісімнің орнығуына жәрдемдеседі.

2 ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ.

2.1 Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының жағдайы.

Өнеркәсіптегі өзгерістер де одан кем болған жоқ. Халық шаруашылығының қазақ орталық кеңесі сегіз тесті – «Қожмехтрест», «Казрыбтрест», «Илецксоль», «Повлодарсоль», «Акжал – золото», «Каззап – золото», «Казахсаксаултрест», «Казспирт» трестері мен екі кәсіпорынды – сантонин заводын, Қарғалы шұға фабрикасын біріктірді. Жергілікті маңызы бар кәсіпорындар губерниялық кеңестердің қарауында болды. Олардың бір бөлігі жалға берілді.

Сонымен бірге одақтық маңызы бар трестер жұмыс істей бастады. КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1923 жылы 12 қарашадағы декретімен «...Одақтың қорғанысы үшін, дүниежүзілік рынокта оның мүдделерін қорғау үшін және өнеркәсіпті, тасымалды қалпына келтірудің біртұтас жоспарын жалпы Одақ көлемінде жүргізу үшін бірінші дәрежелі маңызы» бар кәсіпорындар соларға жатқызылды. Қазақ АКСР – інде одақтық маңызы бар «Эмбанефть», «Алтайказполиметалл», «Атбасцветмет» трестері құрылды. «Алтай полиметалл» Риддер полиметалл кәсіпорындарын, Екібастұз көмір кен орындарын, Солтүстік Балқаш өңірінің полиметалл кеніштерін біріктірді. «Атбасцветмет» тресіне Жезқазған мыс кеніштері, Қарағанды және Байқоңыр көмір кен орындары, Успенск мыс кеніші, Спасск пен Қарсақбайдың мыс балқыту заводтары енді. Жалпыодақтық трестер республиканың бюджетіне өз табыстарының едәуір бөлігін аударып отырды. Мәселен, Ембі мұнай кәсіпшіліктері өндірген мұндайдан алынған табыстың 5 проценті Қазақ АКСР – інің өлкелік бюджетіне аударылды. Өнеркәсіпті қалпына келтіру, елдің қорғаныс қуатын қалыптастыру кезеңінде мейілінше қажет болған өнеркәсіпті осылайша шамадан тыс шоғырландыру мен одақтық трестердің, ал кейіннен халық комиссариаттары мен ведомостволардың монополиялық өктемдігі қалыптасты. «Бас басқармашылық» - орталықтандырушылық – идеологиясына сәйкес басшылықтың әміршілдік стилі өмірге енді. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру ісіне теріс әсер етті, Қ-н экономикасы дамуының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипатын анықтап берді.

Республика өнеркәсібі біртіндеп еңсе көтере бастады. Оны қалпына келтіруге РКФСР үкіметі шамасы келгенше көмек көрсетті. Ресейдің орталық аудандарынан Қ-нға бірқатар өнекәсіп орындары көшірілді. Мәселен, Орынборда – Орталық Ресейден көшірілген тоқыма фабрикасы, Қостанайда «Стойкость» шұға фабрикасы жұмыс істей бастады. Қарғалы шұға фабрикасы, Петропавл ет – консерв заводы мен Солтүстік Қ-нның май шайқау заводтары қайтадан жұмыс істеуге көшті. Былғары заводтарының, жүн жуатын орындардың, балық кәсіпшіліктерінің жұмыс істеуге көшті. Былғары заводтарының, жүн жуатын орындардың, балық кәсіпшіліктерінің жұмысы жолға қойылды. Алматыда «Орыс – мұсылман темір ұсталарының еңбек артелі» жұмыс істей бастады.

Қ-нның кен – завод өнеркәсібін, әсіресе түсті металдар өндіруге зор көңіл бөлінді. Кенді Алтай республика түсті металлургиясының басты ауданы болды.

1922 жылы ағылшын кәсіпкері Лесли Урквартпен Риддер мен Екібастұзды оған концессияға беру туралы Кеңес мемлекеті үшін тиімсіз жағдайда шарт жасалды. Тиімсіз болып табылғандықтан бұл шарт жасалды. Тиімсіз болып табылғандықтан бұл шарт қабылданбай тасталды.

Риддер қорғасын заводы мерзімінен бұрын пайдалануға беріліп, ол 1923 жылға қарай жалпы Одақта өндірілетін қорғасынның 40 процентін бере бастады.

Орал – Ембі мұнай кәсіпшіліктерін мұнай кәсіпшіліктерін қалпына келтіретін кез де келді. Әуелі Доссор мұнай кәсіпшілігі , содан соң Мақат кәсіпшілігі жұмыс істей бастады. Гурьевті осы мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастырған тар табанды жол салынды. Одан бұрын (1920ж ) Шымкент сантонин заводы пайдалануға берілген болатын. Қарсақбай комбинаты жоғарғы қарқынмен қалпына келтірілді. Мұнда 1927 жылы мыс өндіріле бастады.

Қ-нда өнеркәсіпті қалпына келтіру процесі орталықпен салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынмен жүргізіліп, 1927 – 1928 жылдары ғана аяқталды.

Жаңа экономикалық саясат кезеңінде тауар айырбасы мен тауар айналымының маңызы артты. РКФСР Халық Комиссариаты Кеңесінің 1921 жылғы 24 мамырдағы «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. Губернияларда кездемелердің, галантерия және бакалея товарларының, ыдыстардың , керамиканың, ауылшаруашылық құрал – саймандарының астыққа айырбастауға арналған қорлары құрылды. Жеке саудаға рұқсат етілді. Қалаларда алуан түрлі жекеше ет, өнеркәсіп товарлары дүкеншілері, асханалар, наубайханалар, шұжық сататын орындар, шайханалар, моншалар, түнемелік орындар, жеке капиталистік фирмалар пайда болды. Мемлекеттік және кооперативтік сауда орындары солармен бәсекеге түсті. Мамандандырылған сауда орындары пайда болды. Мемлекеттік және кооперативтік секторлар жекешелерді көтерме және бөлшек саудадан біртіндеп ығыстырып шығара берді.

Қоянды мен Баянауылда (Семей губерниясы), Атбасарда (Ақмола), Ойыл мен Темірде (Ақтөбе) және Ордада (Бөкей) жәрмеңке саудасы жаңғыртылды. 1927 жылы республикада 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, олардың сауда айналымы 30 миллион сом болды. Оларға Қытайдан, Моңғолиядан келген көпестер қатысты.

Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды.

Тарихтың сол бір тарихи кезеңінде жаңа экономикалық саясат - өркениетті кооператорлар құрылысы – Қ-н экономикасының барлық саласына дем берді.

2.2 Ашаршылыққа қарсы күрес.

Қ-нда жаңа экономикалық саясатқа көшу орасан зор қиыншылықтарға ұшырады. 1921 жылдың жазында республиканың едәуір бөлігін қуаңшылық жайлады. Оның алдында қатты жұт болып, ол кей жерлерде малдың 80% дейін қырылуына әкелді. Ашығушылар саны республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды, олар 1921 жылы қарашада – 1 миллион 508 мың, 1922 жылдың наурыз айында – 2 миллион 303200 адам болды, мамыр – маусым айларында бұл сан едәуір азая бастады.

1921 жылдың жазында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің декретімен Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары ашығушылар қатарына жатқызылды.Аштыққа індет қосылды. 1922 жылдың маусым айына қарай Батыс Қ-нда ашығушылар мен аурулар саны халықтың жалпы санының 82 процентіне дейін жетті.

Қ-нның солтүстік – батыс аудандарында аштық дүлей апаттардың салдарынан ғана болып қана қойған жоқ. Астық мол болған Семей және Ақмола губернияларында орталықтардың азық – түлік отрядтары ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық артығының 80 процентіне дейінгісін алып кетті. Маусым айына қарай Семей мен Ақмола губернияларының шаруаларының азық – түлік салығы бойынша 4 миллион пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Астық, май, ет және басқа да тартып алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары – Москваға, Петроградқа, Самараға, Казанға, Саратовқа жіберілді. Соның нәтижесінде «аман – сау» аудандардың халқы ашыға бастады. Еділ бойынан аш халықтың Қ-нның батыс губерниялары арқылы Түркістанға үздіксіз ағылып келуі де жағдайды қиындата түсті. Егер 1920 жылдың аяғында өлкенің ауылшаруашылығы ХІХ ғасырдың аяғындағы деңгейінде болса, 1923 жылы ол тағы бір ғасырға шегеріліп тасталды.

Кеңес өкіметі Қ-нның ашыққан көмектесу шараларын бірсыпыра кшігіп қолданды. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің декретімен республиканыңегін шықпаған аудандарының халқы азық – түлік салығынан босатылды. 1922 жылы егіс көлемінің 60 процентіне жуығына Кеңес өкіметі берген дән себілді.

1921 жылы 14 маусымда В.И.Ленин «Нақты ет салығы туралы» декретке қол қойды, ол бойынша көшпенді және жартылай көшпенді қазақ шаруалары ет салығынан босатылды. 1922 жылғы 4 тамызда Еңбк және Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ АКСР – іне ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 25 миллион сом бөлінді. Нақ сол жылы Кеңес үкіметі Қ-нға егін шықпауынан зардап шеккен шаруаларының мал сатып алуы үшін 2131 мың сом бөлді.

Азамат соғысы және 1921 жылы егіннің шықпауынан туған қайыршылық пен аштық Кеңес өкіметі органдарынан өлкенің 2 миллионнан астам ашыққан халқына көмек көрсету жөнінде төтенше шаралар қолдануды талап етті. Мысалы, «Известияда» 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мыңдай баланың РКФСР – ге апарылғаны хабарланған. Кедей шаруалары әлеуметтік қамсыздандырудың шектеулі болуы себепті ҚАКСР Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссариаты шаруалардың өзара көмек комитеттерін ұйымдастыруға бастама көтерді. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмк көрсетті. Көп ұлтты өлкенің еңбекшілері өздерінің бауырларына 2 миллион пұттай астық берді.

1921-1922 жылдардағы аштықтың салдарынан республиканың көшпенді жән жартылай көшпенді аудандарындағы 1916-1920 жылдарда қатты нашарлап кеткен демографиялық жағдай одан сайын асқына түсті. Апат аймағында аштықтан тұтас ауылдар мен аудандар қырылып қалды.

 

51. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты: ерекшеліктері, жетістіктері.

20ж аяғына қарай елдің экономикалық стратегиясы ауысты. Жаңа экон-қ саясат орнына индус-у саясаты енгізілді.БК(б)П-ның ХІV

съезі елімізде социалистік индустрияландыруды іске асыру, яғни аграрлық республикадан дамыған өнеркәсіпті республикаға

айналдыру міндетін қойды. Идус-у қарсаңында Қаз-ның жалпы өнімінің 84,5% ауыл шаруашылық өнімдері құрады, халықтың 90%

ауылда тұрды. Инус-у Қаз-н еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қайшы келген жоқ.Оның дамуы біріншіден, ұлттық жұмысшы

табының қалыптасуына, екіншіден жұмысшылардың өндірістік-тех-қ дәрежесін көтеруге, үшіншіден, Қаз-ның өнеркәсіптік деңгейін

көтеруге, сол арқылы көлік шаруашылығын, ауыл шаруашылығын тех-қ негізде қайта құруға сөйтіп халықтың материядық жағдайын көтеруге мүмкіндік беруге тиіс еді.Қаз-ның индус-қ дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеде ұлы державалық- шовинистік,

ұлтшылдық психологияның бой көрсеткенін айта кету керек. Республикада өнеркәсіпті өркендету іске аспайды, өйткені артта

қалған көшпелі халық индус-дың дамуына шыдай алмайды деген шовинистік көзқарастар айтылды.Голощекин рес-да индус-у

идеясын қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп орнына, ауылшаруашылығымен байланысты ұсақ, орта кәсіпорындарды

дамыту жоспарын ұсынды.Интилигенция өкілдері оған қарсы шықты. Олар республикада қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындар

салу талаптарын қойды. Қазақстанда өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор болды.1927ж басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып, істелінген шаралар негізінде ол мерзімінен бұрын 1930ж 25 сәуірде іке қосылып, Орт,. Қазақстанның табиғи байлықтарын игеруде үлкен рөл атқарды.ұрылысқа Рысқұлов,Тынышбаев елеулі үлес қосты.Идус-дың негізгі кемшілігінің бірі -Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық бағыты болды. Сондықтан республика қажетті заттарды -құрал жабдықтарды, цемент, ағаш, тұрмысқа қажетті заттарды сырттан әкелуге мәжбүр болды. Идус-дың дамуы Қазақстан тұрғындарының арасында күрделі өзгерістерге әкеп соқтырды. Жұмысшылардың көбі орыстар, украиндар еді. Ал қазақтар көшпелі мал шаруаш-ғы салтын сақтады. Жаңа экон-қ саясаттан ауытқу, ауыл шаруашылығын ұжымдас тыруда жіберген қателіктер қазақ ауылына қатты әсер тигізді, аштық тудырды, қазақтардың миграцялық үрдісін күшейтті. Қазақстанға басқа республикадан көшіп келгендер саны артып отырды. Миграция

қарқынының өсуі волюнтаристік, тіпті қылмыстық шешімдерден туындады.Қаз-ң 1926-1940ж индус-қ дамуы ірі нәтижелерге жеткізді.Республика шарруаш-да өнеркәсіп басым салаға айналды.Оның өнімінің үлесі 30ж ортасында басым бола бастады,939ж 58,9% жетті, ауылшаруаш-қ өнімі 41,1% болды.Қазақстан Кеңес Одағындағы алдыңғы қатарға шықты.Алайда осы жетістіктерге жету ү/н халықтың шамадан

тыс көп тер төгуіне тура келді.Индус-ң жоғарғы қарқынына халықтың есебінен қол жетті, олардың тұрмыс жағдайы күрт нашарлады. Осы жылдары ауыл шаруаш-ң даму қарқыны төмендеп кетті.1928ж деңгейіне ауыл шаруашылығы тек 1940ж шыға алды, мал шаруа-ында бұл көрсеткіштерге тек 50ж басында ғана қол жетті

 

 

52.Қазақ-ғы ұжымдастыру саласы,оның салдары. ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы. Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс ұсынған болатын. Қазан төңкерісінен (1917) кейін құрылған Кеңес империясының экономикалық даму жолын таңдау мәселесінде үкімет пен партия басшылары екі топқа бөлінді. Олардың алғашқысы — Бухарин тобы (Н.И. Бухарин, А.Н. Рыков, М.П. Томский) экономикалық жүйеде әлі де көп жылдар нарықтық қатынас түрі шешуші тетік болып қала береді деп санады. Екінші топты нағыз сталиншілдер: В.В. Куйбышев, В.М. Молотов, А.А. Андреев, Л.М. Каганович, С.М. Киров, А.И. Микоян, Г.К. Орджоникидзе және т.б., бел алып келе жатқан тоталитарлық тәртіп басшылары құрады. Бұлар берік сенімге және күштеуге сүйену жолымен күрделі экономикалық мәселелерді партиялық-мемлекеттік жүйе шеше алады деген көзқарасты ұстанды және “жарқын болашаққа” жету үшін едәуір құрбандықтардың болуын орынды санады. Алғашқы бухариндік балама жолды кейде толық, кейде ішінара сол кезеңнің ірі экономистері Н.Д. Кондратьев, Н.П. Макаров, В.В. Новожилов, А.В. Чаянов, Л.Н. Юрьевский және т.б. қолдады. Қазақ ұлттық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Н. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, М. Дулатов, М. Шоқай және т.б. Қазақстандағы дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын халықтың эволюциялық дамуын сақтауды жақтады.

Шаруаларды өндірістік кооперацияларға тарту процесі Қазан төңкерісінен кейін іле-шала басталды. Оны бір жағынан мемлекеттік қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді. 1928 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауыл шаруашылығы коммунасы, 1215-і ауыл шаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері еді. 1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық 1-съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытын өмірге енгізуге жол ашып, ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды. Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоз қозғалысы едәуір екпін алды. 1929 жылдың 1 қазанында Қазақстанда 117,7 мың жеке шаруашылықтар (олардың 9,3 проценті) ұжымдастырылды. Келесі қараша айында өткен БК(б)П ОК-нің Пленумы осы жұмыстарды қорытындылап, жекелеген облыстар алдына жаппай ұжымдастыру міндетін қойды. Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына Қазақстаннан Ф.И. Голощекин енгізілді. Осы комиссия дайындаған жоба Саяси Бюро мәжілісінде қаралып, соның негізінде БК(б)П ОК 1930 жылғы 5 қаңтарда “Коллективтендірудің қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы” қаулы қабылдады. Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді. Бірақ Қазақ өлкелік партия коммитеті 1929 жылдың желтоқсан айында-ақ ұжымдастыруды егіншілік аудандарында ғана емес мал шаруашылығы аудандарында да жеделдетуге нұсқау беріп қойған еді. Жаппай коллективтендіру науқаны басталардан бұрын 1926 - 1928 жылдары Қазақстанда “Кіші Қазан” науқандарын, яғни ауылды кеңестендіруді, шабындық және жайылымдық жерлерді қайта бөлуді, ірі мал иелерін тәркілеуді қатыгездікпен белсенді жүзеге асырған Қазақ өлкелік партия к-тінің 1-хатшысы Голощекин жаппай ұжымдастыруда да Қазақстанға тән ерекшеліктерді ескермеді. Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 80 процентке жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ шаруашылық) Қазақстанда болатын. Ұжымдастыру үшін оларды алдымен жерге орналастыру және жаппай отырықшыландыру керек еді. Бұл екі күрделі процесс (отырықшыландыру мен ұжымдастыру) шұғыл түрде қатар жүргізілді. 1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі мал ш-на, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды. Жаппай ұжымдастыру кезінде байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты да жағдайды одан әрі ауырлата түсті (Кулак кәмпеске). Осындай қатал шаралар және ет, астық дайындау науқандарындағы асыра сілтеушілік, қазақтарды дәстүрлі даму жолынан күшпен тайдыру әрекеті халықтың жаппай қарулы наразылықтарын туғызды. Ресми мәліметтер бойынша 1929 - 1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулері болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басты (Ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысы).

Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта (1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана отырықшыланды. 1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 проценті, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 проценті ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. 1929 - 1933 жылдары аралығында Қазақстандағы мал басының саны 16 есе азайды. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына ұрындырды(Ашаршылық, Босқыншылық).

 

53 XIX ғасырдың орта шенінде іске асырылған сот, земство, халық ағарту және басқа да өзгерістер Ресейдің құрамындағы шығыстағы ұлттық аймақтарға әсер етпей қоймады. Патшалы Ресейдің ұлттық аймақтарды шикізат қоры және оның көзі ретінде сақтау саясаты Қ-нды да қамтыды.Негізінде екі генерал-губернаторлыққа бағындырылған (Орынбор, Батыс Сібір) қазақ елін билеп-төстеуді өзгерту ісі патша үкіметінің отаршылдық саясатының бір құрамды бөлігі еді. 1822 жылғы Сібір қазақтарының , 1824 жылғы Орынбор қазақтарының жарғылары жаңа капиталистік қарым-қатынастарға, өрістей бастаған өлкенің шаруашылық даму талабына қайшы келді.Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау Ішкі істер министірлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған «Дала комиссиясына» жүктелді. Оның құрамына Бас штабтан-полковник Ф.К.Гейнс, Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан капитан А.П.Проценко енді.

1865 жылы 5 маусымдағы ІІ Александр патшаның әмірі бойынша өлкені зерттеп білу мәселелері дайындалды. Әкімшілік басқарудың жаңа жүйесіне сай келетін жағдайлардың көпшілігі сонда қамтылған еді: өзіндік ауырпалықтар, жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, алым-салық діни мәселелер, т.б.

Ғалым Шоқан Уалиханов Қ-нды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Қазақ жерінде реформаны тезірек іске асыруды көздеген комиссия ат төбеліндей феодалдық топ өкілдерімен ақылдасып, мәліметті солардан жинады.

Ф.К.Гирстың басшылығымен, құрамында Л.Баллюзек, Л.Мейер, А.П.Проценко болған комиссия Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын, В.Д.Дандевиль, Ф.К.Гейнс және басқалар енген комиссия Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде реформа жобасын дайындады.

1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.

РЕФОРМАНЫҢ МАЗМҰНЫ, МӘНІ.

Бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір.Генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға жіктелді.Орынбор және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлығына, Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына біріктірілді.1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахан губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан тКавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Әскери әне азаматтық биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы 1867-1868 жылдардағы реформаның бір түйінді жері болды.

Облыс басында тұрған әскери губернатор сонымен қатар, сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындаған (наказной) атаманы болып есептелді. Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот істері және жарлықты жүзеге асыру. Облыстық басқарма істерін қадағалау вице-губернаторларға тапсырылды. Облыстық басқарма төрағасының жанында арнайы кеңесшілер тағайындалатын болды.

Облыстар уездерге бөлінді. Сырдария облысында:Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент және Жизақ;Батыс Қ-н облысында: Орал, Атырау, Калмыков, Жем (Темір); Торғай облысында: Елек, Қостанай, Ырғыз және Торғай; Ақмола облысында: Көкшетау, Омбы, Петропавл; реформа қабылдағаннан кейін бір жылдан соң орталығы Атбасар болған Сарысу уезі; Семей облысында: Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы (кейінен Павлодар, Өскемен уездері); Жетісу облысында: Сергиополь,Қапал, Верный, Ыстықкөл және Тоқмақ уездері құрылды.

Генерал-губернаторлар тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті халық өкілдерінен алынды. Уезд бастықтарына полиция да, әскери бөлімдері де, уездегі мекемелер де, бекіністер де бағындырылды.Уездер аумақтық принципке негізделген болыстарға, ал болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. Ірі ақсүйектерден іріктеп алынатын болыс және ауылнайлар патша үкіметінің Қ-ндағы отаршылдық саясатына тірек болды. Шыңғыс тұқымдары-сұлтандар үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамассыз етіліп, ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. Рефоманың таптық мазмұнын, отаршылдық бағытын осыдан да көруге болады.

Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер жиындарында үш жылға сайланатын.Ауылдық және болыстық старшындар сияқты ақсақалдарға да олардың билік көрінісі ретінде қоладан құйылған арнайы белгі және мөр тапсырылатын.Ақсақалдарды сайлау болыс сайлауы сияқты күреспен, руаралық жанжал, шиеленіскен тартыспен өтетін.

1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Ашық таптық сипаты бар сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралына айналды. Сырдария облысында қазылар соты сақталса да, әскери уездік соттардың дау-жанжалдарды шешудегі әсері басым еді. Алайда сот істеріндегі өзгерістер-ол ескі шариғаттық патриархаттық-феодалдық салттардың күнделікті өмірге әсеріне шек қойды.Әрбір болыста төрттен сегізге дейін (шаңырақ санына қарай) билер сайланатын еді.

Шын мәнінде, әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты патша үкіметінің Қ-ндағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды.Уездік және әскери соттар бұқараны қанауды үдетті.Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды.Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын, үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қ-нда да өз күшіне енді.

«Ереже-реформа» Қ-нның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды. Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. Әлеуметтік, шаруашылық өмірге капиталистік құбылыстар ене бастады. Көшпелі мал шарушылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірі өзгеріске түсті. Ауыл тұрғындарының арасында таптық жіктелудің салдарынан жатақшылықтың қалыптаса бастағаны, яғни кедейленген қазақтардың қалаларға, алғашқы өндіріс орындарына шоғырлануы үйреншікті жайға айнала бастады.

Әкімшілік-басқару реформалары жекелеген маңызына қарамастан, қазақ даласында отаршылдық езгісі тереңдетті.Жаңа бекіністер салуға көшпелі шаруалардың жері тартып алынды, салықтар көбейіп, патша шенеуніктері мен отаршылдық басқару қызметіне көшкен феодалдық топтар қысымы бұқараның онсыз да ауыр жағдайын шиеленістірді.Мал-жайымен көшпелі өмір сүрген кедейлерге «Уақытша Ереженің» жерді пайдаланудағы жаңа қағидалары тіпті қолайсыз еді.Қазақ даласы бойынша барлығына міндетті (әрине,ауқаттыларды қоспағанда)шаңырақ салығы енгізілді.1 сомнан 3 сомға дейін өсірілген бұл салық әсіресе әлеуметтік қорғансыз жандарға тіпті ауыр еді.Патша үкіметінің осы салықты бай мен кедейге бірдей дәрежеде төлетуге шешім қабылдағанын ескерсек,шаруалар халінің мүшкіл болғанына көз жеткізу қиын емес.

Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялап, оны аумақтық негізде пайдалану ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенділердің көзқарасына жат болды.Қыстау мен жаздық қоныстардың әр түрлі әкімшілік-аумақтық басқару органдары қарамағында қалуы рулар арасын шиеленістірді.Патша үкіметі отарлық саясатының осындай және басқа ауыртпалықтары 1868-1869 жылдары Орал мен Торғай облыстарын, 1870 жылы маңғыстауды қамтыған қазақ шаруалары күресінің тұтануына себепші болды.

1868 жылдың желтоқсан айы мен 1869 жылдың қазан айы аралығында Орал мен Торғай өңіріндегі көтерілістер отаршылдыққа қарсы бағытталды.Қаруланған қазақ шаруалары патша үкіметінің отарлық саясатына, әлеуметтік қысымына қарсы бас көтерді.Торғай және Орал облыстарындағы бұқаралық сипат алған көтеріліс жергілікті отаршыл басқару жүйесін және Петербург сарайын шошындырды.Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға бірқатар ірі әскери күш жіберілді.Подполковник Рукин, граф Комаровский және генерал-губернатор Н.АА-веревкин бастаған мұздай қаруланған жазалаушылар қазақ ауылдарын оқтың астына алып, қолға түскендерді аяусыз жазалады.Нашар қаруланған, араларында ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген Орал,Торғай шаруаларының қозғалысы жеңіліске ұшырады.Маңғыстау түбегіндегі көтерілістің басты себебі де Орал, Торғай облыстарындағы қозғалыстармен мазмұндас және 1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» қатал отаршыл талаптарымен байланысты еді.Көтеріліске түрткі болған-патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймақтарға жақындауы болды.Көтеріліс аяусыз жанышталды.Үш ай бойы патша әскері Маңғыстаудан кетпеді.Біріншіден,ішкі губерниялардағы әлеуметтік толқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудартуды ұйғарды.

ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қабылданған әкімшілік, сот, басқару реформалары бірден іске аса қойған жоқ.. Қазақ шаруалары көтерілістерінің салдарынан бұл «Ережелерді» заңдастыру жирма жылдан артық уақытқа созылды.1886 жылы маусым айының 2-күні «Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін басқару және онда жер салық өзгерістерін енгізу туралы», ал 1891 жылы наурыз айының 25-інде «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» Ережелер бекітілді.Бұл жаңа заңға сай Қ-нды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.Түркістан өлкесінде үш облыс құрылды:Сырдария, Ферғана және Самарқан.Бұрынғы облыстарды уездерге бөлу жүйесі сақталды.Ферғана облысы-бес, Самарқан-төрт уезден,Сырдария-Әмудария бөлімінен және бес уезден құралды.Өлкенің негізгі басқару орталығы Ташкент қаласы болды.

1891 жылғы 25 наурызда қабылданған «Ережеге» сай Ақмола облысы, Торғай облыстары төрт уезден құралды.Ақмола,Семей және Жетісу облыстары Дала генерал-губернаторлығы құрамына кірді. Үш облыстың негізгі әкімшілік орталығы (облыстардың жеке орталықтарын есептемегенде ) Омбы қаласы болды.Бұл өзгерістер отаршылдық басқармасының рөлін мейлінше күшейтті,генерал-губернаторларға шексіз билік берді.Қ-ндағы облыстық басқару сатылары Ресейдің орталығындағы губерниялық басқармаларға теңестірілді.Жетісу және Орал облыстық әскери губернаторлары, сонымен қатар осы өңірлердегі казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді.

Отаршылдық басқармасының еңбекшілерге қысым көрсететін аппаратының қызметі күшейтілді. Верный, Орал; Петропавл және Семей сияқты ірі облыстық орталықтарда қалалық полицич басқармалары, ал басты уездік қалаларда полицейлік приставтық тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс басқаруларушылары мен ауыл старшындарын бекіту не бекітпеу де облыстық әскери губернатордың қолында болды.

Сот құрылымындағы өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы уақытша сыннан өткізу үшін іске асырыла бастаған әкімшілік –сот саласындағы өзгерістер 1886-1891 жылғы жарлықтарда заң жүзінде бекітілді. 1891 жылғы патшаның жарлығында сотқа қатысты қағидалар «Ережеге» екінші дара бөлім ретінде енгізілген.

1886 жылғы «Ережег» сай Түркістан өлкесінде Ресейдегі үлгімен жаңа сот жүйесі құрылды. Сонымен қатар «халық соты» деген атпен мұсылман тұрғындардың ісін жүргізетін төменгі сот буынын ұйымдастыру көзделді.Шын мәнінде, халықтық құқық негіздері империялық сотқа қосалқы, дербес мәселе шеше алмайтын, тәуелді буын болып қалды.

Соттардың төтенше съезі деп аталып кеткен уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны тек әскери губернатордың рұқсаты бойынша шақырылатын.

Билердің соттары да облыстық дәрежедегі сияқты тек үстем таптар мен отарлаушы басқарманың мүддесін қорғайтын еді. Бітістіруші сот облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғаса, билердің соттары күні кетіп бара жатқан жеңілдіктерін әлі де болса сақтап қалуға тырысқан билеуші топтар мүддесін қорғаштады.

Сот, полициялық жазалаушы мекемелердің қазақ, орыс және басқа еңбекшілерге зорлығын күшейтуі жәбірленгендердің наразылығын тудырды. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде патша өкіметінің езу, қанау саясатына қарсы бағытталған алғашқы ереуілдер де болып өтті.

 

54.Қазақ-нң XX ғ-ң 30 ж қоғамдық саяси өмірі.Қазақ-ғы саяси репрессиялар. Социализмнің тоталитарлық,казармалық сипатының көрінісі:1. Мемлекеттік меншік нығайып,өндіріс-құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап,шаруалар жерден шеттелілді.2. Бюрократиялық орт-қ нығайып,республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады.3. Респуб-ң заң шығару басқармасы болмады.Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып,жазалау шаралары іс жүзіне асырылды.Жазалау шаралары: ату жазасы,жер аудару,еңбекпен түзеу лагерьлерінде қамау,КСРО-дан тыс жерлерге қуып жіберу. Жеке адам құқығы аяққа басылып,балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып,қудаланды. . 1927-1929 жж әр түрлі сылтаулар мен көрнекті мемлекет қайраткерларі: Рысқұлов, Нұрмақов,Қожанов,Мырзағалиевреспубликадан аластатылды Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы: Мыңбаев, Ағарту халық комиссары: Сәдуақасов, Жер халық комиссары: Сұлтанбековжәне басқалар қызметінен алынды.1928 ж Қызылордада «Қызыл астананы»салушылардың қаскүнемдігі ашылды.Талантты сәулетшілер мен инженерлер – М.Тынышпаев, П.Т.Буддаси,С.Б. Голдгор,С.А.Баграковт.б сотқа тартылды.1930 ж 4 сәуір-кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарды.1937-1938 ж террор жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «Халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар-С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді. Жазалау шараларының құрбандары: Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А:Байтұрсынұлы;Тілші ғалым,профессор-Қ.Жұбанов; Қазақтың тарих мектебінің негізін салушы: С.Асфендияров; КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі –М.Төлепов. Қаз-да лагерьлер жүйесі құрылды: Карлаг-ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.ЧСИР-Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.Алжир-Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар,мемлекет қайраткерлері т.б болды. Социалистік құрылысты бұрмаланған жеке адамға табыну идеологиясының зардаптары: Сталинизм-ң идеолог-қ аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды.Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып-жойды. 101 мың қаз-қ ГУЛАГ-қа жабылып,27 мыңы атылды.Халық жауларының 40 мыңы ақталды.

·

 

55. ХХ ғ 20-30жж Қаз-ғы сауатсыздыкпен курес? Билим жане гылымнын дамуы. РК(б)П-ның Х, ХІ съездері КСРО-дағы мәдени құрылыстың жүзеге асырылуына алғышарттар жасады. 1924ж. сәуір айында ҚазАКСР-інде «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. Ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс істеді. 1921-27жж. республикада 200 мыңдай адам оқыды. 1928ж. аяғына қарай жалпы республикада сауатты адамдар 25%, қазақтар 10%-дай ғана болды. ҚАКСР басшылғы 1931ж. 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей мәндетті б.беруді енгізді. 1936ж. сауатсыздықты жою пункттерінде жарты миллионнан астам адам оқыды. 1939ж. республика халқының сауаттылығы 65%-ға, оның ішінде қазақтардыкі 40%-ға жетті. Алматы, Қарағанды, Орал, Әулиеата, Риддер, Шымкент қалалары мен Қарсақбай, Степняк өнеркәсіпті қоныстары жаппай сауатты аймақтарға айналды.

ЖЭС жағдайында барлық мүмкіндіктерді пайдалан отырып, кеңес үкіметі ағарту ісін дамытуға барынша күш салды. 1926 ж. мамырда республика басшылығы «ҚАКСР бірыңғай мектептерінің жарғысын» қабылдады. 1930-31 оқу жылында – отырықшы аудандарда, 1931ж. көктемінен бастап көшпелі халыө бар аудандарда жалпыға бірдей оқу енгізілді. Оқушылар үшін оқуға қажеттінің барлығын жасады (интернат, шәкіртақы, киім-кешек беру).

Мәден құрылыс үрдісін жеделдетуге ұлттық зиялылар қауымының көптеген қайраткерлері елеулі ықпал жасады. Олар ана тілінде бірегей оқулықтар мен оқу құралдарын жасауға белсене қатысты.

20-жылдарда қазақ мектепетеріне арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік әдебиетті жасауға С.Сейфуллин, С.Садуақасов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жолдыбаев, М. Жұмабаев, Қ. Кемеңгеров және басқалар да белсене қатысты. Қазақ тіліндегі оқулықтарды әзірлец мен шығаруды ҚАКСР мем–к баспасы жанындағы құрамына А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, С. Садуақасов, Х. Болғанбаев, Ж.Аймауытов енген редакциялық алқа мүшелері ұйымдастырып отырды. Басуға ұсынылған алғашқы кітаптар қатарында Абай өлеңдері мен А. Байтұрсыновтың мысал, жұмбақтар жинақтары болды. Сол кезде Том университетінің студенті болған Қ. Сәтпаев орта мектепке арналған қазақ тіліндегі алғашқы алгебра оқулығын, Бөкейханов география оқулығын құрастырды.

Білім беру ісіне 1931-32 жж. аштық кері әсерін тигізді. Соғыс қарсаңында мұғалімдер саны 44 мыңнан асып түсті.

1928ж. Қ-нда тұңғыш педагогика институты ашылды. 1931-32 жж. Орал және Қызылорда пединституттары ашылды. 1925-32жж. ішінде педтехникумдар саны 14-тен 29-ға жетіп, оларда 4821 оқушы оқыды. 1931ж. наурызында Алматы медицина институты, 1934 ж. ҚазМУ ашылды. Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер институты ашылды. ҰОС қарасаңында Қ-нда 20 ЖОО, 118 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеп, оларда 40 мыңдай адам оқыды. Орта оқу орындары кен, қаржы, мұнай, ауыл шаруашылық техникумдары болды.

20-30 жж. – Қ-н ғылымының қалыптасқан кезеңі. Қ-нды зерттеу қоғамы (1920ж.құрылған) өлкенің тарихын, географиясын, этнографиясын, экономикасын зерттеудің және жаратылыстану ғылымының орталығы болды. Қоғамның жұмыстарына Асфендияров, Затаевич, Диваев, Жұбанов, Байтұрсынов, Аймауытов, Жолдыбаев, Чулошников, Якубовский белсене қатысты.

КСРО ҒА-ның кешенді эскпедициялары бүкіл Қ-н тер-нда статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, археологиялық және т.б. көптеген зертеулер жүргізді.

Бұл жылдардағы мәлени мұра арсында қазақ әдебиеті ерекше орын алды. Оның бастауында Сейфуллин, Байтұрсынов, Аймауытов, Дулатов, Жұмабаев, Майлин, Жансүгіров, Мұқанов, Мүсірепов тұрды.

1913ж. М.Жұмабаевтың «Шолпан» атты жинағы шықты. Мағжанның эпикалық мазмұнда жазылған «Батыр Баян», «Ертегі», «Қойлыбайдың қобызы», «Жүсіпхан» атты дастандарында халқымыздың т-хындағы белесті оқиғалар, біртуар қайраткерлер жырланды. Сейфуллиннің «Көкшетау», Мұқановтың «Сұлушаш», И.Байзақовтың «Құралай сұлу» сияқты үздік шығармалары қазақ кеңестік әдебиеіне қосылды. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы қазақтардың 1916 ж. көтеріліске, Қазан төңкерісіне, азамат соғысына қатысуларын, осыған байланысты оқиғаларды сипаттайды. Қазақ прозасы Б.Майлиннің «Қартқожа», Аймауытовтың «Қартқожа», С. Мұқановтың «Жұмбақ жалау», С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ. Мұстафиннің «Өмір және өлім» сияқты көркем шығармаларымен толықты.

Қазақ драматургиясы жанрында да зор табыстарға қол жетті. Әуезовтың «Айман-Шолпан», «Түнгі сарын», Б.Майлиннің «Жалбыр», Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», Ж. Аймауытовтың «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» жіне т.б. дүниеге келді.

М. Әуезов театр саласын дамытты. Затаевич 1925ж. «Қазақ халқының 1000 әні», 1931ж. «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтиар жариялады. 20-жылдардың ортасында Әміре Қашаубаев өзінің бұлбұл дауысымен бүкіл Еуропаны таңғалтты.

1926 ж. қаңтар айында Қызылордада тұңғыш кәсіби театр ашылды. 1933ж. Алматыда ұйғыр, 1937ж. Қызылордада корей театры ашылды.

30 жылдары «Востоккино» тресінің Аламты бөлімшесі көптеген деректі фильмдер түсіріп, 1938 ж. «Амангелдні» тсірді.

1934 ж. қазақ мем-к музыка театры ашылды. «Айман-Шолпан» алғашқы қойылым болды. 1934ж. Құрманғазы оркестрі құрылды. 1934ж. қазақ филормониясы құрылды.

Хлудов пен Қастеев қазақтың бейнелеу өнерін өрге сүйреді. Бұл кезде көптеген м-т үйлері, кітапханалар, клубтар ашылды

 

 

56.1928ж. Қ-нда тұңғыш педагогика институты ашылды. 1931-32 жж. Орал және Қызылорда пединституттары ашылды. 1925-32жж. ішінде педтехникумдар саны 14-тен 29-ға жетіп, оларда 4821 оқушы оқыды. 1931ж. наурызында Алматы медицина институты, 1934 ж. ҚазМУ ашылды. Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер институты ашылды. ҰОС қарасаңында Қ-нда 20 ЖОО, 118 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеп, оларда 40 мыңдай адам оқыды. Орта оқу орындары кен, қаржы, мұнай, ауыл шаруашылық техникумдары болды.

20-30 жж. – Қ-н ғылымының қалыптасқан кезеңі. Қ-нды зерттеу қоғамы (1920ж.құрылған) өлкенің тарихын, географиясын, этнографиясын, экономикасын зерттеудің және жаратылыстану ғылымының орталығы болды. Қоғамның жұмыстарына Асфендияров, Затаевич, Диваев, Жұбанов, Байтұрсынов, Аймауытов, Жолдыбаев, Чулошников, Якубовский белсене қатысты.

КСРО ҒА-ның кешенді эскпедициялары бүкіл Қ-н тер-нда статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, археологиялық және т.б. көптеген зертеулер жүргізді.

Бұл жылдардағы мәлени мұра арсында қазақ әдебиеті ерекше орын алды. Оның бастауында Сейфуллин, Байтұрсынов, Аймауытов, Дулатов, Жұмабаев, Майлин, Жансүгіров, Мұқанов, Мүсірепов тұрды.

1913ж. М.Жұмабаевтың «Шолпан» атты жинағы шықты. Мағжанның эпикалық мазмұнда жазылған «Батыр Баян», «Ертегі», «Қойлыбайдың қобызы», «Жүсіпхан» атты дастандарында халқымыздың т-хындағы белесті оқиғалар, біртуар қайраткерлер жырланды. Сейфуллиннің «Көкшетау», Мұқановтың «Сұлушаш», И.Байзақовтың «Құралай сұлу» сияқты үздік шығармалары қазақ кеңестік әдебиеіне қосылды. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы қазақтардың 1916 ж. көтеріліске, Қазан төңкерісіне, азамат соғысына қатысуларын, осыған байланысты оқиғаларды сипаттайды. Қазақ прозасы Б.Майлиннің «Қартқожа», Аймауытовтың «Қартқожа», С. Мұқановтың «Жұмбақ жалау», С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ. Мұстафиннің «Өмір және өлім» сияқты көркем шығармаларымен толықты.

Қазақ драматургиясы жанрында да зор табыстарға қол жетті. Әуезовтың «Айман-Шолпан», «Түнгі сарын», Б.Майлиннің «Жалбыр», Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», Ж. Аймауытовтың «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» жіне т.б. дүниеге келді.

М. Әуезов театр саласын дамытты. Затаевич 1925ж. «Қазақ халқының 1000 әні», 1931ж. «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтиар жариялады. 20-жылдардың ортасында Әміре Қашаубаев өзінің бұлбұл дауысымен бүкіл Еуропаны таңғалтты.

1926 ж. қаңтар айында Қызылордада тұңғыш кәсіби театр ашылды. 1933ж. Алматыда ұйғыр, 1937ж. Қызылордада корей театры ашылды.

30 жылдары «Востоккино» тресінің Аламты бөлімшесі көптеген деректі фильмдер түсіріп, 1938 ж. «Амангелдні» тсірді.

1934 ж. қазақ мем-к музыка театры ашылды. «Айман-Шолпан» алғашқы қойылым болды. 1934ж. Құрманғазы оркестрі құрылды. 1934ж. қазақ филормониясы құрылды.

Хлудов пен Қастеев қазақтың бейнелеу өнерін өрге сүйреді. Бұл кезде көптеген м-т үйлері, кітапханалар, клубтар ашылды.

 

57 . Ұлы Отан соғысы басталуы сипаты. Қаз-н фашизм жоспарларында. Майдандағы ерліктер. Депортация немесе халықты зорлықпен көшіру-біздің елдің ең қайғылы беттерінің бірі болып табылады. Депортациямен байланысты оқиғалар жылы жабылды. Депортация соғыс алдында басталды. 1937 жылы Қ-н мен Орта Азияға корей халқы қоныс аударылды. Қоныс аударушылар Алматы облысы, Оңтүстік Қ-н, Ақтөбе облысы, Солтүстік Қ-н облысы, Қарағанда , Қостанай, Батыс Қ-н облысына қоныстандырылды. Бұл уақытта КСРО-ныңң оңтүстік шекараларынан Қ-нға курдтар, армяндар, түріктер жер аударылды. 1940-41 жылдары поляктар жер аударылды. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 1941 жылы 28 тамызда «Поволжье ауданында орналасқан немістерді қоныс аудару » туралы жарғы шықты. Жаңа жерге орналастыру үшін жер жыртуы мол аудандар, Новосібір және Омбы облыстары, Алтай өлкесі, Қ-н және басқа да республиканың жерлері бөлініп берілді. Міндетті түрде қоныстандырлыған жерде қашу үшін 20 жыл айдаудағы жұмсы берілетін болды. Немістердің қоныстану ерекшелігінің бірі мекен-жайлары ауылдық жерлер болған. Поволжьеде 1918 жылы Поволжьенің неістердің еңбек коммунасы құрылды, 1924 жылы Поволжье немістерінің автономды ССР-ге айналды. 1941 жылы ол таратылды. 1991 жылы 26 сәуірде «Қуғынға ұшыраған халықтарды ақтау туралы», 19991 жылы 18 қазанда «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңдар қабылданған. 1944 жылы мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті түбектен қырым татарларын жер аудару туралы қаулы қабылдады. Шешім бұл халықтардың фашисттік оккупанттармен қызметтестікпен мотивацияланды. 1943-44 жылдары Қ-нға Солтүстік Кавказ өкілдері жер аударылды: қалмық, балкарлықтар, чечендер, ингуш, карачай, түрік-месхетиндер. Омбы облысы, Новосібір облысы, Алтай аймағы, Красноярск аймағына қоныстандырылды. Солтүстік кавказ халықтары Сібір, Қ-н, Орта Азия, Оралдағы жұмыстарға жіберілді. Қарашайлар Оңтүстік Қ-н, Жамбыл облысына қоныстандырылды. Шешен, ингуштер Алматы, Қостанай, қарағанды, Ақмола, Солтүстік қ-н, Жамбыл, Оңтүстік қзақстан, семей облысына орналасты. Жер аударушылардың тағдыры қайғылы болды. Әйел, балалар, ақсақалдардың көп саны жолда қайтыс болды. Жаңадан қоныс аударушыларды басқа климаттық жағдай күтті.Қ-н территориясына қоныс аударғандар арнайы қоныс аударғандар статусында болды. Еңбекке бнйімді арнайы жер аударғандар қоғамдық жұмыс еңбегімен айналысуға міндетті болды.1942 жылы қаңтарда мысалы, немістер 15 жастан 55 жасқа дейін соғыс аяқталғанға дейін еңбек колонналарына біріктірілді. Арнайы қоныс аударушылар орналастырған жер ауданынан шығуға құқығы жоқ болды. Бұл қашу және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Арнайы қоныс аударушылар 3 күн ішінде НКВД-ға отбасы құрамында болған өзгерістер туралы хабарлауы қажет болды (баланың туылуы, мүшесінің қайтыс болуы немесе қашу). Көптеген отбасылар көпке бір-бірінен ажыратылған болды.

1953 жылы 13 желтоқсанда немістердің және отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайлары алынды, бірақ Отанға қайтуға құқығын алған жоқ. 1964 жылы 29 тамызда немістерден барлық айыптар алынды. 1972 жылы оларға басқа аудандарға орналасу және отанға қайтуға рұқсат берілді

Қ-ндықтар Мәскеу (30 қыркүйек 1941ж. – 20 сәуір 1942ж.), Ленинград (8 қыркүйек 1941ж. –

27 қаңтар 1944ж. 871 күн) үшін шайқаста

-ҰОС алғашқы кезінде Қаз-нда 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды;

- Брест қамалын қорғаушылар ішінде қ-ндықтар болды.

- Дивизия комиисары Рыков 1941 ж. 20 қыркүйегінде 800 жауынгермен үш тәулік соғысып, қаза тапты.

- Мәскеу түбінде генерал-майор Панфиловтың 316 атқыштар дивизиясы.

- 1941 ж. қарашада 1075-атқыштар дивизиясы Дубосеково түбінде.

- Б. Момышұлы, ротаның саяси жетекшісі М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы.

Бородино түбінде неміс штабына басып кіріп, 5 неміс офицерін жойған Т. Тоқтаров КСРО Батыры атанды.

- Ленинград түбінде С. Баймағанбетов атақты Мотросовтың ерлігін қайталады.

- Қ-нда құрылған әскери бөлімдердің үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты.

- 1941 ж. қыркүйегінде Жамбыл «Ленинградтық өрендерім».

Сталинград шайқасы (1942ж. 17 шілде – 1943ж. 2 ақпан)

- 1942 ж. жазында ұрыстар басталды.

- Осы жылы күзде Каспий өңірінде соғыс жағдайы енгізілді.

- Нұркен Әбдіров 1942 ж. 19 желтоқсанда әуе айқасында ұшағын жау шоғырына бағыттады.

- 300 фашистің тегеурініне 11 қаһарман төтеп берді. Жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» д.а.

- Дон мен Еділ жағасында жау топтарын қоршауға алу жөніндегі операция кезінде қ-ндық подполковник Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі ерекше көге түсті.

- Қ-ндық партизандар 3,5 мың адамнан асып түсті.

Қайсенов, Ағаділова, Воробьева, Семенова.

Жауды батысқа тықсыру. Берлин операциясы (1945ж. 16 сәуірі мен 8 мамыры).

- С. Нұрмағамбетов, Съянов, Қайдоуов,Тұрарбеков, Көбеков, Т. Бигелдинов, Еремеев, Шелихов. Р. Қошқарбаев досы Булатовпен бірге Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен. Ал Мәденов пен Қараманов 1008-атқыштар дивизиясының туын тіккен.

- Әрқайсысы 200-ден астам ұшуға шығып, әуе мен жерде 10-нан астам ұшақтарды, көптеген танкілерді, ұрыс техникасының басқа да түрлерін және жүздеген фашистерді жойған шабуылшы ұшқыштар Т.Бигельдиновке, Л.Бедаға және Иван Павловқа, жеке өзі 37 ұшақты және топтасқан ұрыстарда жаудың тағы да 6 ұшағын атып тсірген Сергей Луганскийге 2 мәрте КСРО батыры атағы берілді.

- М. Маметова, А. Молдағұлова

- 500 қ-ндық солдаттар, сержанттар, офицерлер КСРО батыры атанды.

- Қ-ндықтар Квантунь әскерлеріне қарсы соғысты.

- 1942 ж. қыркүйегінде «Қ-н комсомолы» 45 танк жасап, Сталинград майданына жіберді.

- Республикада танк колонналары мен авиция үшін 480 млн. сом жиналды.

- Рес-ка оқушылары 4 млн. сомнан астам ақшасын «Қ-н пионері» қорына аударды.

 

 

58 Қазақстан – соғыс арсеналы. Қазақстандықтардың майданға көмегі.

Республика тасмалы үздіксіз жұмыс істеп, Қазақстан тылын майданмен және елдің өнеркәсіпті аудандарымен байланыстырып отырды. 1944 ж 20 мыңнан астам жүрдек поезд жөнелтілді.Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парыздарын айтарлықтай өтеді. 1941-1945 ж олар майдан мен елге 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.Республика еңбекшілері өздерінің жеке жинағанан майдан қорына 407 млрд. сом ақша берді. Олар майдангерлерге 2 млн. астам жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. Көмек Украина, Ленинград, Белоруссияға, Солт. Кавказға көрсетілді.

Жүз мыңдаған оқушылар егіс даласында жұмыс істеп, масақ, метал сынықтарын жинады. Олар өздері тапқан 4 миллион сомнан астам ақшасын «Қазақстан пионері» қорына аударды. Соғыстың соңғы кезеңінде «Қазақстан пионері» танк коллонасы жауды талқандауға қатысты.Үш күн ішінде Алматы жастары 400 мың сомнан астам ақша жинап Луганскийға жаңа истебительді табыс етті. Республика еңбекшілері майданға сыйлықтар, сәлемдемелер, жылы киімдер жинап жіберу ісінде жоғары белсенділік көрсетті.1943 ж республикадан заводтарды қалпына келтіру үшін 1439 комсомол жіберді.1942 ж қырқүйек «Қазақ-н комсомолы» деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді.Қазақстан еңбеккерлері танк колонналары мен авиация эскадрильяларын жасау үшін 480млн. сом тапсырды.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданындағы ерліктері. Қазақстандықдар ерлік үлгісін көрсете білді-1941ж қырк. Дивизия комиссары, Ертіс өңірінің перзенті Рыков полтава облысы Шумейково тоғайында ерлікпен қаза болды. Киевтағы орталықтағы көшеге, катон орта мектебіне Рыков есімі берілді.

Соғыс тарихында алғаш рет Кеңес одағының батыры атағын алған қазақстандық-танк әскерлерінің генерал-мойоры Семенченко.

Қара теңіз флотының контр-адмирал атыраулық Владимирский батылдығымен ерекшеленді.

Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапқан Вихревке Батыр атағы берілді.

Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Мрмышұлы қолбасшылық еткен батальон жауынгерлері ерлікпен шайқасты. 1990ж қайтыс болғаннан кейін батыр атағы берілді.

Кеңес одағының батыры Т. Тоқтаров ерлігі:Бородино селосында неміс бөлімінің штабына кіріп, 5 офицердің көзін жойған.

Кеңес одағының батыры ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин ерлігі: ол басқарған автоматшылар тобы жау танкісін жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып щықты.

ЛЕНИНГРАД партия ұйымдастырушысы С. Баймағамбетов Мотросовтың ерлігін қайталап( жау дзотын кеудесімен жауып) Батыр атанды.

48-атқыштар дивизиясының мергені Дүйсенбай Шыныбеков Ораниенбайм алғы шебінде шайқасты.

СТАЛИНГРАД 1942ж 19 желт қарағандылық ұшқыш Н. әбдіров пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты.

Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73 гв див жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойып жіберді.

Оңт қазақстандық жауынгер Толыбай Мырзаев «павлов үйін» қорғауда ерлік көрсеті.

Жауынгер Қасым Аманжолов ерлікпен осы шайқаста қаза тапты.

Кеңестік шығыс әйелдері арасынан алғашқы болып Ленин орденімен ж/е алтын жұлдыз медалімен марапатталған қазақ қыздары. Мерген -әлия, пулеметші-Мәншүк.

Партизандар: Қ. Қайсенов. әбдірайымов. Ахмедяров. Шәріпов. Оразбаев. Саин. Жұмабаев.

Берлин операциясы: қатысушылар- Сағадат Нұрмағанбетов. Офицер Р. Қошқарбаев досы Булатовпен бірге рейхстаг терезелеріне алғашқылардың бірі болып жеңіс туын ілді.

Оралдық офицерлер К. Мәденов пен Қараманов 1008-атқыштар полкінің туын Берлин Ратушкасының төбесіне тікті.

Көкшетаулық батыр Янко гастеллоның ерлігін қайталады.

·

 

· 59 Ұлы Отан соғыс жылдарындағы ғылым, білім ж/е мәдениет.

· Соғыстың алғашқы жылдарында «КСРО Ғылым Академиясының Орал, Батыс Сібір ж/е Қазақстан байлықтары қорғаныс мұқтаждарына жұмылдыру жөніндегі комиссиясы құрылды». Бұл комиссияның ғылыми ұстанымдары Қазақстанның әскери экономикасын дамытудың негізіне алынды.

· Республикаға елдің аса ірі ғылыми күштері шоғырландырылды:

· Алматыда 20-дан астам ғылыми-зерттеу институттары орналасты.

· - КСРО Ғылым академикасының философия, география, физиология институттары;

· - УКСР Ғылым академикасының физика механика институты;

· - КСРО Сәулет академикасы т.б. бар.

· 1942 ж –Жезқазған мыс кен орындарын зертеген көп жылдық еңбегі үшін Қ.И.СатпаевқаМемлекеттік сыйлық берілді.

· Оқу – материалдық база нашарлап, мұғалімдер мен жоғарғы сынып оқушыларының бір бөлігі әскер н/се өндіріске кетті.

· 1945 ж-ғы қазан – КСРО үкіметі Қазақ Ғылым Академиясын құру туралы шешім қабылдады.

· Әдебиет пен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты идеялық қаруы болды.

· Қазақстанның 92-ге жуық жазушысы мен ақындары майданда шайқасты. Қазақ поэзиясы соғыс тақырыбына арналды:

· - Ж.Жабаев – «Ленинградтық өренім»;

· 1941 ж-ғы 15 қараша – көркем фильмдердің біріккен орталық киностудиясы ұйымдастырылды.

· - Қ.Аманжолов – «Ақын өлімі туралы» аңызын;

· - Ж.Саин - Өлеңдер жинағын.

· Өнер қызметкерлері өз өлеңдері арқ. Жауынгерлерді рухтандырып, кеңес адамдарының жеңіске деген сенімін арттырды.

· Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері жоқшылық пен ауырпалықтарға қарамастан Отанымызды фашизмнен қорғап, тылда жанқиярлықпен еңбек етті.

 

60. 53.Қазақс-ң соғыстан кейінгі ж-ғы әлеуметтік-эком-қ дамуы (40ж аяғы- 50ж басы) Жаңа саяси жолды таңдау шаруашылықтағы бағдарлырды өзгертуді талап етті.Шарушы-ы экстенсивті жолмен дамыту өз мүмкіндігін сарқып,оны интенсивті дамыту жолына түсіру қажеттігі айқындала түсті.Еліміздің эконом-қ күш-қуатының өсуі үшін қажетті алғышырттар: Өндірісті басқарудың жаңа жолдарын іздестіру;Ғылыми-техникалық прогресстің қарқынын жеделдету;Басқаруды демократияландыру;Одақтық респуб-ң шаруашылық құқыларын кеңейту.Эконом-ң даму қарқыны өсіп,1954-1958 ж 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды.Олар: Жезқазған байыту фаб-сы;Өскемен тау-кен жабдықтарын шығаратын машина жасау зауыт-ң 1-кезегі;Соколов-Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері;Ақтөбе хром қоспалары зауыты;Шымкент гидролиз зауыты

61 Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы. 1946 жылға карай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, өнеркәсіп орындары қайтадан іске қосылды. Ауылдар жанданып, қалалар қирандыдан тазартылды. 1945 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заңнан кейін миллион даған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды. Демобилизациямен қатар кеңес басшылығы кеңестік азаматтарды жұмысқа орналастыруға, әскери ендірісті шаруашылық мақсаттағы өнім шығаруға конверсиялау секілді күрделі жүмыстар жүргізді.

Соғыс аяқталған соң басқару органдарын қайта күру басталды: халық комиссариаттарының максаттары және міндеттері өзгере бастады, милитаризмнен бас тартуға нүсқау берілді. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті таратылды, мекемелерде 8 сағаттық жұмыс күні қайта қалпына келтірілді, уақытынан артык жұмыс істеу жойылды. Экономиканы бейбіт жолға көшіру жоспары белгіленіп, ол жүзеге асырыла бастады. Мысалы, Алматыда Киров атындағы зауыт, Алматы ауыр машина жасау зауыты бейбіт өнім шығаруға кірісті. Қазақстанға кезінде елдің еуропалық бөлігінен көшіп келген көптеген жұмысшылар жаңа Отанда қалуға ынта білдірді. 1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «КСРО халық шаруашылығын қайта қалпына келтірудің және дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспары туралы Заң» қабылданып, онда елеулі қаржыны республиканың ауыр өнеркәсібін дамытуға, жаңа темір жол желілерін салуға, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға жұмсау қарастырылды. Соғыстан кейінгі құрылыстьң болашағы, жақсы өмірге деген үміт республика еңбекшілерін мемлекет жоспарын орындауға рухтандырды. Зауыттар, кәсіпорындар, өндіріс салалары арасында социалистік жарыс ұйымдастырылды. Қарағанды көмір бассейннің кеншілері еңбекте қомақты табыстарға қол жеткізді. Бұл жылдары еңбектің озық төсілдерін насихаттау, тәжірибе алмасу, ерекше көзге түскендерді марапаттау кең құлаш жайды. Жоспарды орындаудың, үлкен жетістіктерге жетудің жолдары қоғамдық жиындарда жиі-жиі талқыланды. Кез келген жаңсақтық немесе жетістіктен тиісті қорытындылар жасалып отырды. Адамдар да болашаққа, Компартияға сеніммен қарады. 1946-1951 жылдары еңбекшілердің қалың топтарының күш- жігері, қажырлы қайрат көрсетуінің аркасында республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және кемір өнер- көсібіне арналған жасанды талшық өндіру жолға қойылды. Осы жылдары қара металлургия өндірісі кендяен дамыды. Теміртау металлургиялық зауытында үш прокат станы және екі мартен пеші, Ақтөбеде ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жұмыстары жалғастырылды. Республикада көмір өндіру қарқынды дамыды. 1965 жылға қарай елімізде 19,5 тонна көмір шыға ратын өндірістік қуат іске қосылды. 1954 жылдан Екібастүз бассейнінің калың қабаттарынан көмір ендіріле бастады. 1965 жылы Екібастүзда 14,3 млн тонна көмір шығарылды.

Республиканың батысында жаңа мұнай кәсіпшіліктері іске қосылды.Мәселен: Мұнайлы, Ембі бассейндерін және баска да кәсіпшіліктерді өндіріске косу арқылы 1950 жылы мұнай өндіруді соғыска дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52%-ға арттыруға мүмкшдік туды. Осы кезеңде жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Тамақ өнеркәсібінде 60-жылдардың соңына қарай 40-тан астам жаңа кәсіпорын салынып, іске қосылды. Дегенмен де тамақ өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркөсіп өндірісінің 17%-ын ғана қамтыды. Бұл сала одан әрі жетілдіре түсуді қажет етті. 1950 жылдары қайта жабдықталған Семейдегі май зауыты, Петропавлдағы «Комсомол» тігін фабрикасы өнім бере бастады, Жамбыл (қазіргі Тараз), Қызылорда, Павлодардағы тері зауыттарының қүрылысы аякталды. Бұл жылдары Қазақстанның өзінің қуатты ауыр өнеркәсіп базасы қүрылды. Жүмысшылардың ішінде ерекше кезге түскендері жоғарғы еңбек марапаттарына ие болды. Атақты кеншілер Т. Күзембаев, Ж. Әбдірахманов, П. Акулов Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атақ алды. Елімізде экономикалық дамудың қарқыны одан әрі артты. 1954- 1958 жылдары республикамызда 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар салынып, іске қосылды. Олардың қатарында Жезқазған кен байыту, Өскемен таукен жабдықтарын жасау зауытының, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының бірінші кезектері, Ақтөбе хром қоспалары зауыты, Шымкент гидролиз зауыты, Қарағанды, Семей және Шымкент цемент зауыттары болды. Осының бәрі 1958 жылы Қазакстанға өнім шығаруда одақтас республикалар бойынша 3-орынға шығуға мүмкіндік жасады. 1960 жылдардың ортасына қарай республиканың өнеркәсіп әлеуеті екі есе өсті. 729 ірі өнеркәсіп орны және 535 цех қатарга қосылды. 60- жылдардың соңына қарай тағыда 445 ірі кәсіпорын мен цехтар іске қосылды. Жүздеген зауыттар мен фабрикалар қайта құрылып, озық техникамен жарақтандырылды. Қазакстан өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыты етіп өндірісті механикаландыру таңдап алынды. Қазақстандағы экономикалық дамудың қарқыны жұмысшы табының жаңа мамандарын даярлауды талап етті. Еңбек резервтерінің жүйесі бір бесжылдық ішіінде ел экономикасына аса қажетті мамандықты меңгерген 50 мың жұмысшы даярлады. Дегенмен мамандар даярлаудың бұл жүйесі өсіп келе жатқан қажеттшіктерді қанағаттандыра алмады. Жұмысшылар қатары республикадан тыс жерлерден келгендер есебінен толығын отырды. Бұл құбылыс әсіресе Қарағанды көмір бассейні, Шымкент, Жамбыл, Ақмола және Алматы өнеркәсіп кәсіпорындарында байқалды. Республиканың экономикалық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының артуына алып келді. 1945 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлер саны 1 044 мың адам (оның ішінде 304 мыңы – өнеркәсіпте) болса, 1950 жылы бұл көрсеткіш тиісішпе 1 403 мың және 366 мыңға жетті. Жоғары маман жұмысшылар үлкен қалалардағы ірі кәсіпорындарда шоғырланды. 1951-1955 жылдары ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарындағы мамандар саны 1,8 есе өсті. Нәтижесінде қала халқының саны қарқынды түрде есіп, 1959 жылы 44%-ға жетті. Осы жылдары Қазақстанның қартасында 15 жаңа қала және 86 қала типтес кент пайда болды. Өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте жүмыс істеу үшін республикадан тыс жерлерден жұмысшы күшін тарту көлемі артты. Күштер мен ресурстардың ауыр өнеркәсіпте шектен тыс шоғырлануы, адамдардың қалаға толассыз келуі әлеуметтік саясатқа, халықтың тұрмыстық деңгейіне елеулі әсерін тигізді. Тұрғын үй, тұрмыс жағдайлары өте ауыр болды, түрғын үй салу үнемі артта қалып отырды. Мындаған жұмысшылар жатақханада, олардың көбі вагондар мен палаткаларда тұрды. Тұрғын үйдің, тауар, азық-түліктің жетіспеуішлігіне қарамастан жұмысшылар белгіленген мерзімнен тыс жұмысқа тартылды, демалыссыз жұмыс істеді.

Көлік және байланыс жүйесі. Энергетика

Экономиканың интенсивті дамуы көлік және байланыс жүйесін қатар дамытуды талап етті. Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің дамуы өз кезегінде көлік жүйесінін кеңейе түсуіне ықпал eттi. 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жол тармағы салынды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл-Шолақтау темір жол желісімен пойыздар жүре бастады. 1960 жылы темір жол желісі 1945 жылғымен (8,2 мың км) салыстырғанда 11,47 мың км-ге жетті. Темір жолдағы қалыпты жұмыс оның жекелеген бөліктерінің Түркістан-Сібір, Қарағанды, Орынбор, Ташкент, Омбы, Рязань-Орал, Томск темір жолдарының кұрамына кіруіне байланысты күрделене түсті. 1958 жылы республика аумағьнда Қазак Темір жолының (қазіргі «Қазақстан Темір жолы») кұрылуымен қиындықтар жойылды. 1951- 1955 жылдары Қазақстандағы пайдаланылатын темір жол ұзындығы 8 407 км-ден 9 973 км-ге дейін (яғни 1566 км-ге артық) ұзарды. 1960 жылдардың соңында Қазақстанда темір жолдың ұзындығы 13120 км-ге жетті. Бұл Одақтык, көлемдегі темір жолдың 9,3%-ы еді. Қазақстан темір жолы бүкіл Одақтағы темір жолмен жүк тасу айналымының 8,3%-ын, жолаушы тасу айналымышың 5,9%-ын қамтамасыз етті. Республикамызда темір жол транспортымен бірге автомобиль транспортын дамытуға зор көңіл бөлінді. 1960 жылы тас төселген автомобиль жолдарының ұзындығы 11,2 мың км-ге жетті. Осы жылдары барлық аудан орталықтарында телефон орнатылды, совхоздар, ауыл және село Кеңестерінің көпшілігі аудан орталыктарымен телефон байланысына ие болды. 1949 жылдың көктеміне қарай Алматыда астананы елдің 56 қаласымен байланыстырған автоматтық телефон станциясы жұмыс істей бастады, радио хабарын тарататын станциялар саны 1940 жылмен салыстырғанда екі еседей артты. Қүрылыс жұмыстарының ауқымды көлемі, түсті және қара металлургияның, машина жасаудың және отын өнеркәсібінің жоғары карқынмен дамуы Қазақстандағы энергетикалық базаның ілгері дамуының объективті негізі болды. 1945 жылы республикада 1,15 млн квт/сағат электр куаты өндірілсе, 1960 жылы оның көлемі 10,5 млн квт/сағатка тең болды. Қазақстанның темір кенін өндірудегі одақтағы үлес салмағы 5,4%-ға жетті. Қарағанды металлургия комбинаты тек республиканың ғана емес, сондай-ак Сібір, Орал, Орта Азияны да металмен қамтамасыз ету базасына айналды.

Ғылыми-техникалық прогресс.

КОКП XX съезінде қабылданған қоғамды демократияландыру бағыты экономикалық саясаттағы кейбір өзгерістерге қолайлы жағдай қалыптастырды. Мемлекет басшыларының сөздерінде және партия қүжаттарында алғашқы бесжылдық жылдарындағы шаруашылықты жүргізу жүйесі 50-жылдардың ортасына карай ескіргені және жаңа талаптарға жауап бермейтіні туралы айтылды. Экономиканың экстенсивті даму жолы мүмкіншіліктері сарқылды, жаңа технологиялардың жетіспеушілігі байқалды. Осы кезенде өндірісті басқаруды жетілдірудің, ғылыми-техникалық прогресс екпінін жылдамдатудың, ауыл шаруашылығының артта калуын жоюдың жолдары карастырылды. Экономикалық іс-шаралардың біраз бөлігі басқаруды жаңаша ұйымдастыруға, одақтас республикалардың шаруашылық қүқықтарын кеңейтуге бағытталды. Бұл Қазақстанның қоғамдык өмірінің дамуына қолайлы әсерін тигізді. Экономиканы экстенсивті түрде дамытуға алынған бағыт республиканы КСРО-ның еуропалық бөлігінін; шикізат кезіне айналдырды. Республика аумағында алып өнеркәсіптік кұрылыстарды жүргізген орталық ведомстволар, одақтық министрліктер жиі волюнтаристік шаралар қолданып, әлеуметтік базаны дамыту мен экологиялық теңдікті сақтауды ескермеді.

Экономиканы тиімді басқаруда түбірлі өзгерістердің қажеттігі.

 

1957 жылдан келе жатқан халық шаруашылығы кеңестер жүйесін құруда қарастырылған салаларды аумақтық принциптер бойынша басқару ісі көп етпей-ақ жарамсыздығын көрсетті. Кәсіпорындарға министрліктер емес, халық шаруашылығы кеңестері мардымсыз көмек керсетіп, бақылай бастады. Экономикалық тетіктер жұмыс істемеді. Мәжілістерде мамандар экономикалық өзгерістердің және басқарудың жаңа формаларының тиімсіздігі туралы жиі айтты. Сәтсіздіктер асығыс қабылданған шешімдердің, субъективтік бұрмалаушылықтардың жаңа толқынын туғызды. Мұндағы басты рөлді КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы Н. С. Хрущев атқарды. 1962 жылы Қазақстандагы халық шаруашылыгы кеңестерін ірілендіру әрекеті жасалды. Осы жылы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық бөлімдерінен тұратын басқару органдарын қайта ұйымдастыру жүзеге асты. Бірақ ел басшылығы бұрынғысынша саяси реформа жүргізудің, саясаттың идеологиялык негіздеріне елеулі түзету енгізудің қажеттілігін түсінбеді. Рационализация, волюнтаризм, жоспарлау, жарыстар, түсті металлургия, қара металлургия

Назар аударыңдар! Бұл сендердің білгірліктеріңді арттырады!

62. «Хрущев» жылымығы жылдарындағы Қазақстанның Қоғамдық – саяси өмірі . 50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.

*. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.

1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару

2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері

 

63.Қаз-да тың ж/е тыңайған жерлерді игеру: тәжірибесі, мәселелері,салдары.1954 ж қаңтар-наурыз КОКП Орт-қ Комитетінің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру,тың ж/е тыңайған жерлерді игеру тур.» қаулы қабыл-ды.Тың жерлер игерілетін аймақтар:Қаз-н,Сібір,Орал,Солт-к Кавказ,Еділ бойы.1954-1955 ж 1 млрд.100млн.-1млрд 200млн. пұт астық алу белгіленді.Қазақ-ғы тың жерлерді игеретін аудандар:Қостанай,Ақмола,Солт.Қаз-н,Көкшетау ,Торғай,Павлодар обл.1954 ж тамызда жыртылған жер көлемі:КСРО-13,4 млн.га;Қаз-да -6,5 млн.га.Тың жерлерді игеру саясатының салдары: Жағымды жақтары:1.Қаз-н КСРО-ның негізгі астықты аймағына айналды.2.Эконом-ң басқа салаларының дамуына әсер етті;3.Қаз-н-көп ұлтты респуб-а болды;4.Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті;Жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді. Жағымсыз жақт-ы:1.Экологияның жағдай ауырлады;2.Мал шаруаш-ғы төмендеді;3.Тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді;4.Жер-су аттары орысша аталды.5.Респуб-ң ұлттық ерекшелік-і ескерілмеді;6.Тілдік ж/е демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады.

 

64.1946-1970 ж республикада ғылым әдебиет,өнер саласының дамуы.1947ж қараша –«Қазақ КСР-де жоғары ж/е орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы Қаулы қабылданды. Нәтижесі – республикаға орталықтан мамандар жіберілді. Жергілікті жастарды орталықтардағы жоғарғы оқу орындарына түсуге көбірек жіберді.Интернат жүйесі қалыптасты.

1950ж-ы білім беру жүйесінде маңызды шаралар іске асырылды. Міндетті түрде білім алуға ж/е облыс орталықтары, өнеркәсіпті қалаларда онжылдық білім алуға көшу. Кешкі ж/е сырттай оқитын мектептер ашу.1950ж 9088 мектепте 1 млн 493 мың оқушы оқыды. Кемшіліктері- оқу бөлмелері жетіспеді. Оқулықтар жеткіліксіз болды. Оқушылар саны аз болды.

1947ж М. Әуезовтің «Абай» роман эпопеясы аяқталды.

1949ж Әуезовке «Абай» романы үшін 1 дәрежелі Мемлекеттік сыйлық берілді. 1947 ж 14 наурыз Қазақ-н Компартиясы ОК-ң «Тарихты,әдебиетті,өнерді,зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күресті өрістету тур.» Қаулы қабылданды. 1947ж 21 қаңтар «Қазақ КСР Ғылым Академиясының тіл ж/е әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер тур.» Қаулы шықты. Қаралған мәселе: Қазақ халқының революцияға дейінгі,әсіресе 19 ғ рухани мұрасын ғылыми зерттеуге тыйым салу. Қазақс-да «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Ермұхан Бекмаханов 1943ж шыққан « Қазақ ССР тарихы» еңбегінің авторларының бірі.1946ж Е.Бекмаханов КСРО Ғылым Академиясында докторлық диссертация қорғайды. 1947ж «19 ғ 20-40 ж Қаз-н» деген жеке монографиясы шықты.1946 ж маусым Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды.Тұңғыш президенті-Қ.И.Сатпаев. Биология,медицина,геология саласындағы ғылымдарға «космополит» айыбы тағылып,қызмет орындарынан қуылды.1950 ж соңы Академия жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу мекемесі,16 институт,13 сектор,2 музей,обсерватория,3 ботаникалық бақ,8 ғылыми база болды.500-ге жуық аспирант оқыды

 

65 Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформасы.

Ғылыми-техникалық прогресс қоғамның әлеуметтік-экоомикалық дамуының аса маңызды факторы.60 жылдары ғылыми-техникалық прогрестің табыстары кең көлемде енгізілді: электрлендіру және химияландыру,кәсіпорындарды біржолы қуаты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру,учаскелерді,цехтарды ,кәсіпорындарды, механикаландыру,автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтендірілді. Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процесстері:қазу,құлату,тазалау,жер астындағы тасымалдау,темір жол вагондарына тиеу т.б механикаландырылды. Метталургия кәсіпорындарында технологиялық факторларды шапшаңдатушы фактор ретінде оттегі көп қолданды. Балхаш кен-метталургия комбинатында мыс қоспаларын тікелей конверторлардың өзінде өңдеу процессі енгізілді.1965 ж 308 мұнай скважинасында мұнай шығару процесстері комплексті автоматтандырды және телемеханикаландырылды.Машина жасауда құюдың озық әдісі енгізілді.Шығарылған бұйымдардың конструкцияларында озық материалдар:полимерлер,ағаш пластиктер, және басқалар пайдаланылды.Сайып келгенде республика өнеркәсібінде кәсіпорындарды қайта құру және техникамен қайта жарақаттандыруда жаңа техниканы,озық технологияны енгізуде, белгілі табыстарға қол жетті. Республиканың бүкіл экономикасы сияқты өнеркәсіпте өндіріс алаңдарын кеңейту ,шаруашылық айналымға шикізаттың жаңа көздерін тарту ,кадрлардың санын көбейту есебінен дамып отырды.

1960 жылдарда –ақ халық шаруашылығына бюрократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең еместігі айқын сезіле бастады.

КОКП ОК-нің 1965 ж наурызда,қыркүйекте,қазанда өткен пленумында өнеркәсіпте басшылықты жақсарту ,жоспарлануды,ынталандыруды жетілдіру шараларын бекітті. Осыған байланысты кәсіпорындар мен салаларда есеп беру,шаруашылықты жүргізу дербестігі кеңейтілді,пайда,баға,сыйлық,несие сияқты аса маңызды экономикалық тіректер тиімді пайдаланылды. Шаруашылық реформасы республиканың экономикаллық дамуын белгілі дәрежеде қозғау салды.Бірақ реформаны жүзеге асырудың алғашқы қадамынан бастап-ақ жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа принціптерінің артықшылықтары,мүмкіндіктері толық пайдаланылмады. Реформа бір жағынан нақты жұмысшы орнына жетпей, екінші жағынан басқарудың сатылы буындарына соқпай кәсіпорындардың дәрежесінде тоқтап қалған сияқты болды. Саяси қолайлы жағдайлар болмағандықтан басқару жүйесінде түбірлі жаңа өзгерістер жасалмапды. Ел басшылары саяси жүйені өзгеріссіз қалдырып, үйлеспейтін нәрсені:басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін үйлестіруге тырысты. Экономикада инфлициялық көріністер жалпы өнімнің ,пайда мен жалақының өсуі,бағаның өсуі күшейді.Экономикаы өсудің экстенсивті факторларына бағыттай отырып,реформа көп жағдайда шығын көздерінің дамуына көмектесті.

 

 

 

70Қазақстан қайта құру кезеңінде 1986 жылы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы және оның саяси бағасы80- ж-да басында КСРО экономикалық,әлеуметтік,саяси дағдарыс алдында тұрды.Әміршіл-әміршіл жүйе қазіргі заманның нақты жағдайына жауап бере алмайтын еді.Қоғамның барлық жақтарын,оның эконоикалық негіздерін,әлеуметтік өмірді,саяси құрылымды,рухани саланы жаңарту қажеттілігі сезілді.1982 жылғы 10 қараша –Л.И.Брежнев қайтыс болды.Партия мен үкімет басшылығына Ю.В.Андропов келді.Ол 80 ж басындағы елде қалыптасқан жағдайдың күрделілігін түсіне білді.1984 жылғы ақпан – Ю.В.Андропов қайтыс болды.Саяси басшылық КОКП Орт.Комитеттің Бас хатшылығына К.У.Черненконы сайлады.1984ж ақпан -1985 ж наурыз аралығы тоқырау кезеңінің нашар дәстүрлерінің қайта тууымен сипатталады.1985ж наурыз К.У.Черненко қайтыс болды.КОКП Орт.Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985ж сәуір КОКП Орт.Комитеті пленумында әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қаруға әрекет жасалынды. 1985ж сәуір Пленумы әлеуметтік-экономикалық дамытуды жеделдету бағыты.Кемшіліктері: Жеделтету бағыты ғылыми концепциясыз,анық бағдарламасыз жүргізілді.Әлеуметтік ж/е экономикалық дағдарысты мемлекеттік жүйені қайта құру арқ. Емес,жекелеген шаралардың көмегімен , идеалық-саяси тәрбиені күшейту арқ. жоюға болады деп есептеді.Жеделдету бағытың сәтсіздікке ұшырауының негізгі айыптылары жекеленген басшылар деп жарияланды.1987 ж қаңтар КОКП ОК-ң Пленумында «Қайта құру ж/е партияның кадр саясаты тур.» мәселе талқыланды.Кемшіліктер: Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. Жаппай өзгерістердің символына айналып,сөз жүзінде ғана салтанат құрды.1986 ж ақпан-наурыз - Қаз-н Компартиясының 16 съезі әлеуметтік-экономикалық дағдарыс-ң себебтеріне терең талдау жасамай,жекеленген кемшілік-ді сынаумен шектелді.Республика басшысы,дарынды қайраткер Д.А.Қонаев-ң (1986ж) өзі де әміршіл-әкімшіл жүйенің өкілі ғана болып қалды. Д.А.Қонаев-ң тағдыры Кремльде шешілді. 1986 ж 16 желтоқсан - Қазақ-н Компартиясы Орт-қ Комитетінің 5 пленумында (18минуттық) ұйымдастыру мәселесі қаралды.Шешімі: КОКП Орт.Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен Қонаев қызметінен алынды. Қаз-н Үкіметінің басшылығына КОКП-ң Ульяновск обл-қ комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды. 1986 ж 17 желтоқсан Алматыда жаппай толқу басталды.Кейін бұл толқу респуб-ң басқа қалаларына тарады. Желтоқсан оқиғасының басталуының сылтауы – Колбиннің респуб-ң жоғарғы басшылығына тағайындалуы.Желтоқсан оқиғасының болу себебі: орталық өктемдік әрекеттері мен қайта құру жарияланған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама-қайшылықтар.Шеру бейбіт ж/е саяси сипатта болды.Басқа халықтарға қарсылық ж/е мемлекеттік құрылысты жою үндеулері болған жоқ.КОКП Ішкі істер министрі А.В.Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдап,заң бұзушылыққа жол берді.Шеруді тарату кезінде сойылдар,саперлік күректер,үйретілген итттер,су шашатын машиналар пайдаланылды.Желтоқсан құрбаны-Қайрат Рысқұлбеков.1988 ж қайтыс болды,1996ж 9 мамырда « Халық қаһарманы» берілді.1987 ж шілде КОКП Орт. Комитеті «Қаз-қ респуб-қ партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық ж/е патриот-қ тәрбие берудегі жұмыстары тур.» қаулы қабылдады.Желтоқсан оқиғасы «қазақ ұлтшыл-ң көрінісі» д.бағалады. Көпшіліктің табандылықпен талап етуінен қаулыдағы қазақ ұлт-ғы деген айып қате деп мойындалды.

 

 

71-72Қазақ ССР-ң мемлекеттік тәуелсіздігі тур декларация».КСРО-ның ыдырауы.Қаз-н тәуелсіздігі –ң жариялануы.Қаз-н Республикасының рәміздері. 1991 ж тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ң ыдырау процесі тез қарқынмен жүзеге аса бастады.1991 ж 8 желтоқсан Минскідегі Беловеж келісімі.(Белорусь,РКФСР,Украина респуб-ң басшылары)Қаралған мәселе: 1922 ж КСРО-ны құру тур. Келісім шартты жою;Тәуелсіз Мемлекет-р Достастығын (ТМД) құру тур. Келісімге келу.1991 ж 21 желтоқсан Алматы келісімі.Қатысушы елдер:Қаз-н,Қырғызстан,Өзбекстан,Тәжікстан,Түркіменстан,РКФСР,Украина,Белорусь,Молдова,Әзірбайжан,Армения балығы 11 респуб-ка.Грузия бақылаушы есебінде қатысты.КСРО президенті Горбачев шақырылған жоқ.Қаралған мәселе: КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты;Құрамына кірген респуб-р тең құқылы құрылтайшысы болып саналатын Тәуелсіз Мем-р Достастығы құрылды.Ядролық қаруы бар мем-р (Қаз-н,Украина,РКФСР,Белорусь) ТМД-ға енетін барлық респуб-ң ұжымдық қауіпсіздігін қамтамассыз етуге келісті1991 ж 25 желтоқсан Горбачев КСРО Президенті қызметінен кетті.1991 ж 26 желтоқсан КСРО-ң өмір сүруін тоқтатқандығы тур.Декларация жарияланды.1991 ж 1 желтоқсан бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қаз.Президенті болып сайланды.1991 ж 10 желт-н Президентінің таққа отыру рәсімі б-п,ант берді.1991 ж 10ж Қазқ-н Республикасы күні д. өзгертілді. 1991 ж 16 желт-н Тәуелсіздік күні.Тәуелсіз Қазақ-ды әлем мем-ң арасында бірінші болып бауырлас Түрік Респуб-сы таныды.1991 ж соңына дейін Қазақ-ң тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды.1992 ж респуб-а тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады.1992 ж 2 наурыз Қазақ-н БҰҰ-на мүше болып кірді. Қазақс-ң тәуелсіз мем-т болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде респуб-ң мем-к рәміздерін қабылдауды талап етті.1992 ж 4 маусым Қаз-н Респуб-ң мемлеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков.Елтаңба авторлары- сәулетшілер Ж.Мәлібеков,Шот-аман Уәлиханов. 1992 ж 11 желтоқсан ҚР-сы мем-к Әнұран-ң мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар-М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева.Әуенін жазғандар-М.Төлебаев,Е.Брусиловский,Л.Хамиди.1993 ж 23 қаңтар ҚР-ң тұңғыш Конститутциясы қаб-ды.1995 ж 30 тамыз еліміздің жаңа Конститут-сы қабылданды.1993 ж 15 қараша ҚР президентінің жарлығымен ұлттық валюта енгізілді.1991 ж 2 қазан алғашқы қазақ-р ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

Осындай жағдайда 91ж ү желтоқсанда Минскіде Ресей,Украина, Белорусия басшылары кездесіп КСРО-ныің ыдырауы және ТМД құрылуы туралы шарт қабылдады. Оған жауап ретінде 13-14 желтоқсанда Ашхабатта Орт.Азия мен Казахстан басшылары кездесі. Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 2-жақ компрамистік шешімге келіп 21 желтоқсанда ТМД құру тұралы «Астана деклорациясы» құрылуын мәлімдеді.

 

 

73Қазақстан Республикасының Конституциясы. (1993ж). Жаңа Конституцияның қабылдануы.(1995ж)

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі кезеңдегі басты саяси міндет жаңа Конституция жобасын талқылау болды. Жоғарғы

Кеңесте талқылаудан өткеннен кейін бірінші жоба 1992 ж-ң маусымында бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, баспасөзде

жарияланды, екіншісі -бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 ж-ң қарашасында жарияланды. Парламент пен қоғамда аса белсенділікпен талқыланған негізгі мәселелер мыналар еді: экономикалық( әсіресе меншік), Қазақстанның әкімшілік-аймақтық құрылымы, мемле-ттік тіл,басқарутүрлері, азаматтық алу мәселелері. Басқару түрі: Президенттің ұсынысы б/ша Конституция жобасына бірқатар өзгертулер енгізу туралы Жоғарғы Кеңеске ұсыныс жасалды:Президенттің парламентті тартуы туралы, екі палаталы парламент құру туралы, Президенттің импичменті және Конституцияны референдум арқылы қабылдау туралы. Алайда бұл ұсыныстарЖоғарғы Кеңес тарапынан қолдау таппады.1993ж. 28 қаңтарында Жоғарғы кеңесКонституция жобасын қабылдады. Бұл егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясы еді.1990ж.сайланған Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесінің өкілеттігі1995 жылға дейін еді. Алайда 1993 ж-ң аяғында елдің саяси өміріндебіраз өзгерістер болды. 1993 ж. қараша айында Алматы қаласы Әуезов аудандық халық депутаттарынының кеңесі өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады және барлық деңгейдегі кеңестерге де осындай ұсыныс жасады.9 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес ҚР-сы халық депутаттарының жергіліктікеңестерінің өкілеттіктерін тоқтату туралы шешім қабылдады. 10 желтоқсанда "ҚР Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша өкілеттіктерді уақытша беру туралы" Заң қабылдады. Сол күні Жоғарғы Кеңестің 360 депутатының 200-ден астамы өз өкілеттіктерін тоқтатынын жариялады.Осының нәтижесінде 1993 ж. 10 желтоқсанында Жоғарғы кеңес өзін-өзі тарату туралы шешім қабылданды. бұл Қаз-нның парламентсіз қалғандығын жәнеҚаз-да кеңес өкіметі жойылғандығының белгісі болды.10 желтоқсанда Президент Жарлығы б/ша ҚР-ының жергілікті өкілеттік және атқарушы органдары туралы заңы күшіне еніп, республикадағы билік жүйесі түбегейлі өзгертілді.1993 жылдың 17 желтоқсанында ҚР-ының "ҚР-ындағы сайлау туралы" Кодексі жарық көрді. Соған сәйкес сайлаудың жаңа жүйесі енгізіліп,парламентке бес жылдық мерзімге 177 депутат сайланатын болды.1993ж. наурызында Президент жарлығымен "Қаз-н респ-ның мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жж. арналғанҰлттық бағдарламасы" қабылданды. 1995 жылы шілденің басында Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау басталды. Оның барысында жоба б/ша көптеген сын пікірлер айтылды. Мысалы: Конституциялық соттың алты мүшесінің мәлімдемесінде жобада дам құқықтары мен бостандықтары біршама шектелген, биліктің бөліну принципі бұрмаланған деп атап көрсетілді.Жобаны талдау барысында Конституцияның балама жобалары ұсынылды. 1995 ж. 30 тамызында жаңа конституцияның жобасы б/ша бұкілхалықтық референдум болып өтті. Референдумға сайлаушылардың 90% қатысты. Олардың 89% жаңа конституцияға дауыс берді. 1995 жыл. 1 қыркүйекте оппозициялық партиялар мен қозғалыстардың өкілдері мен баспасөз конференциясын өткізіп, референдумның қорытындыларын теріске шығарды. 1995 ж. 6 қыркү-те Президент резиденциясында жаңа конституция ресми түрде енгізілді.30 тамыз мемлекеттік мереке-конституция күні болып жарияланды.1995 ж. 7 желтоқсанда Қаз-нның жаңа парламентіне сайлау болып өтті.Жаңа конституцияға алдыңғысы мен салыстырғанда көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Бұрынғы ата-заң 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрған болса, кейінгісі 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. жаңа констиуцияда еліміздің экономикалық күш қуаты ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына құқықтар беретін мәселелерді шешу ескертілді.Қаз-н жаңа конституцияны қабылдау арқылы дүнеижүзілік қауымдастықтан өзінің лайықты орнын алды. Ата-заң еліміздің көшпелі және одан әрі алға даму кезеңіндегі маңызды тарихи құжат.Сондықтан республиканың әрбір азаматы мазмұнын жете біліп, талаптарымен қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемл-ттік нышандарды құрметтеуге міндетті

 

74Қазақ-ң қоғмдық-саяси өмірі. Партиялар мен қоғамдық ұйымдар.Ұлтаралық қатынастар.(20ғ 90ж). Әлемдегі ең үлкен мемлекет-КСРО-ң ыдырауы ж/е оның құрамындағы респуб-ң саяси,эконом-қ ж/е мәдени бөлінуі көптеген қиыншылықтар туғызды. 1993 ж Президент Н.Ә.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қаз-н ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды.1992 ж қырқүйек қазан Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті.Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарына үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан мен Ресейден келушілер көп болды.Барлық қатысушылар-800 адам. Құрылтайда Қаз-н Жоғарғы кеңесінің 1992 ж 26 маусымда қабылдаған «Көшіп келу тур.» Заң негізінде қандастарымызды елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.Қазақ-ң егемендік алуы,КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялық өрістеуіне жол ашты. 1993 ж соңы 4 саяси партия тіркелді- Қаз-ң социалистік партиясы,ҚР-қ партиясы,Қаз-ң халық конгресі партиясы,Қаз-ң коммунисттік партиясы.1995 ж басы «Қаз-ң аграрлық партиясы» құрылды.1995 ж жаз «Қаз-ң демократиялық партиясы» құрылды.1998 ж қараша «Ақ жол» партиясы құрылды.Жетекшісі-Н.Оразалин.1999 ж қаңтар «Отан» партиясы құрылды.Төрағасы –Терещенко.2000 ж қарша «Қаз-ң демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестік құрылды.2000 ж респуб-ғы ресми тіркелген партиялар саны-15.Елімізде саяси партия-ң ж/е партиялық жүйелердің орнығуына,тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді.Бұл жағдай респуб-ң өркендеуіне,қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, эконом-ң ж/е халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.

 

 

75.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі: мақсаты,әдістері,нәтижесі. Қазақстанда шаруашылықтың әкімшілік командалық жүйелерінен нарықтық жүйеге өтуді іске асыруда.Өтпелі кезеңнің 3 кезеңі бөліп көрсетіледі.1кезең . Дағдарыстың даму кезеңі, өндірісітің жалпы құлдырауы, жоғары инфляция,инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен сипатталады.2кезең.макро-экономикалық тұрақтандыру. Жалпы құлдырау құрылымдық дағдарыстан өтеді. 3кезең.Экономикалық өсудің жандану кезеңі ,төмен инфляция іскерлік белсенділіктің артуы.Материалдық өндіріс көрсеткішінің өсуі ,дамуымен сипатталады.Тәуелсіздік жылдарындағы Қ.Р.-дағы жүиелік-экономикалық өзгерістерді бірнеше кезеңдерге біріктіруге болады. 1.1992-1993 жылдағы қарашасына дейінгі өз валютасын жоқ жағдайындағы экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгерту басталған кезеңді қамтиды.Осы кезеңде республика экономикасы көп жағдайда Ресейде қабылданған шешімдерге тәуелді болып , Қазақстан макро экономикалық саясатқа әсер ету тетігі болмады. 2.1993 қараша ұлттық валютаны енгізу,макро-экономикалық саясатын қалыптастырумен байланысты.Ол салық салу облысында бюджеттік ,банктік сферадағы қатынастарды, соның ішінде шетелдік капиталды тарту,кеден ісін құрумен 2 кезеңнің басты нәтижесі жаңа экономикалық жағдай болды.3. 1997-2000.негізгі макро –экономикалық көрсеткіштің жағымды динамикасының салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. Мемлекет ең алдымен орта таптың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр.Село –таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады. Қазақстан-өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел.Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді. Қазақс-ң салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.

 

 

 

 

77ҚР-ң халықаралық жағдайы ж/е сыртқы саясаты.Қазақ-ң сыртқы саясатында басты 3 мәселеге ерекше назар аударды: ТМД,Азия,Еуропа елдері,АҚШ Тынық мұхиты,Таяу Шығ. Аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету; Мәдени-эконом-қ байланысты күшейте отырып,алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу; Қаз-ң қауіпсіздігін сақтау,ядролық қаруды қолданбау, дүниежүзілік соғысты болдырмау. Қазақ-ң сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын ж/е ірі көрші мемлекет-н,солт.Ресеймен,шығ-Қытай ХРмен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Қазақстан-Ресей қатынастары 1992 ж 25 мамыр Қазақ-н мен Ресей арсында достық,ынтымақтастық ж/е өзара көмек тур. шарт жасалды. 1998 ж 6 шілде Мәскеуде 21 ғ бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық тур.» Декларация қабылданды. Қазақ-н-Қытай байланыс-ры. 1990 ж Қаз-н мен Қытай келісімі нәт-де темір жол арқ. өзара байланыс іске асты.Нәт-сі:Қаз-н Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігі ие болды.Қаз-н-АҚШ байланыс-ры. Қаз-ң сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынас-ң өте зор.1991 ж 25 жел-н АҚШ Қаз-н Репуб-ң мем-к тәуелсіздігін таныды.Қазіргі кезде АҚШ Қаз-н экономикасының аса ірі инвесторы.Қаз-н ж/е ТМД елдері.ТМД елдерімен тығыз өзара қарым-қатынаста болу біздің ел үшін өте қажет.Қоғамдық ж/е әлеуметтік-эконом-қ өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграция-ң жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

 

 

 

 

 

81 Қазақстан - 2030. 1997 жылы қазанда Назарбаев Республика халқына "Қазақстан - 2030"деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығуды және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың сондай-ақ алдыңғықатарлы мемлекеттіңғ қатарына қосылудың немесе "Қазақстан барысын қалыптастырудың жаңа бағдарламасын" ұсынды. Ондаеліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық даму жолдары мен мүмкіндіктері мен жан-жақты көрсетілді. Елдің ішкі бекем тұстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттіңдамуындағы ұзақ мерзімді 7 басымдықты іске асыру көзделген. Олар: ұлттық қауіпсіздікті сақтау, ішкі саяси тұрақтылықпен қоғамның топтасуын нығайту, нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу Қаз-н азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру, энергетика ресурстарын жете пайдалану, инфра құрылым, көлік және байланысты дамыту, демократиялық кәсіби мемлекетті құру. "Қаз-н 2030" бағдар-сының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігімен тәуелсіз-гін нығайту, әлемдік станд-тарға сай түзілген заңнамалық құқықтық базаны жетілдіру орасан зор жұмыстар жүргізілді. атап айтқанда биліктің, сот, құқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының құрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді."Қаз-н - 2030"стратегиясында көрсет-дей соңғы жылдары республикадан тұрақты эконо-лық өрлеу, өндіріс өсуі байқалып отыр.Тек 2000-2002жж жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5% құрады. Сауатты макроэконом-лық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қаз-н ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарату жөнінен көш бастады.Осының нәтижесінде республика экономикасының барлық саласында әсіресе ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік сеторы басым бола түсті. "Қаз-н 2030" бағдарламасынжүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктері- мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болғанын айтқан жөн. бұл барлық Қаз-дықтардың өсіп-өркендеуінде, әл-ауқатының артуына кең өріс ашты. қазір біздің республикада нарықтық экономикамен демократиялық мемлекеттің іргесі қаланып қойған жоқ, сонымен қатар барлық Қаз- дықтардың игілігі үшін кәделі, әрі ішкі ресурстары мол әлеуметті-экономикалы дамудың үлгісінің нақты нышандары қалыптасты. Оған дәлел ретінде бүкіл әлемдегі ең күшті мемлекет - АҚШ-тың Қаз-ға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесі беру туралы шешімін ерекше атап көрсеткен жөн. Сөйтіп, Қаз-нның ТМД елдерінің арасында осы мәртебені бірінші болып алуы кездейсоқтық емес. Бұл шешім Қаз-ға АҚШ және т.б дамыған елдер тарапынан түзетулерді алып тастаудан өзінің көрінісін тапты. Ол болашақта республиканың нарық қатынасына көшкен ел ретінде дүниежүзілік сауда ұйымының кіруінің алғы шарты болып табылады."Қаз-н 2030" стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттарын 7 бағыт ерекше көрсетілді.Олар:

Ұлттық қауіпсіздік

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

Экономикалық өрлеу

Қаз-н азаматтарынның денсаулығы, білімі,әл-ауқаты

Энергетика ресурстары

Инфра құрылым, Көлік және байланыс

кәсіпқой мемлекет

Бұл ұлы мақсатты жүзеге асыруға Қазақстанда жеткілікті атап айтқанда артықшылық бар:

Бізде тәуелсіз мемлекеттің негізі қаланды

Бүгін мүлде өзге саяси және экономикалық жұмыс істеуде

Қазіргі кезеңде барлығында біздің игіміз үшін ғана емес, ең

алдымен балаларымызбен немерелеріміз үшін жасауда

Қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігі

Соңғы жылдары еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Н.Ә.Н 2000 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялайды. Бұл жыл мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығатуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Оның қатарында 468 кітапхана, 329 клуб, 5 театр бар.Теартлар Астанада, Петропавлда, Өскеменде, Түркістан қаласында ашылды.2003 ж. кітапхана қорындағы кітаптардың жалпы саны 67,7 млн.данаға 8,4 млн. газет-журналдар, ондағы оқушылардың қатары 4 млн-ға жетті.Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 2001ж. жарық көрген 198 кітаптың 96700 данасын ауыл кітапханасына тегін таратты. 1992-1995 жыл аралығыда мың-ға жуық кітапханалар жабылса, 2003 жылы 3312 кітапхана ашылды. Оның 2742 ауылдық жерлерде жұмыс іст

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Алаш» партиясынын курылуы жане онын багдарламасы. | What can you say about colonial history of the United States?
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.523 s.