![]() |
Италия. ИспанияDate: 2015-10-07; view: 3956. 1. Кім Париж бітім конференциясының Төрттік кеңесіне кірді? Италияның премьер-министрі В.Э.Орландо 2. Соғыстан кейінгі Италияның шетелдерге қарызы қанша болды? Алтынмен 65 млрд лир 3. Италиядағы нағыз саяси партия? Социалистік партия 4. 1919 жылы католиктік топтарды жақтаушы не құрылды? Халықтық партия 5. Италияның фашистік ұйымы қашаннан құрыла бастады? 1919 жылдың көктемінен 6. Фашизм ұғымы? Италияның Фашио деген сөзінен шыққан, мағынасы – Бума, одақ, бірлестік, күрес одақтары дегенді білдіреді 7. Помещиктерге қарсы шаруалар ұйымы қашан құрыла бастады? XIX ғасырдың соңында 8. XIX ғасырдың соңында помещиктерге қарсы шаруалар ұйымы қайда құрыла бастады? Сицилияда 9. Бірінші жалпыұлттық фашистік жиын қашан өтті? 1919 жылы наурызда 10. 1919 жылы наурызда бірінші жалпыұлттық фашистік жиын қайда өтті? Милан қаласында 11. Бірінші жалпыұлттық фашистік жиында не құрылды? Фашистік әскери отрядтар одағы 12. Фашистер қандай ұрандар көтерді? «Жер шаруаларға берілсін!», «Сұрқия буржуазия мен ұлттық қанаушылар жойылсын!» 13. Фашистер съезі үкіметтен бірқатар министірлік портфельдер беруін қашан талап етті? 1922 жылы қазанда 14. Муссолини қашан фашистік топтарды Римге қарсы жорыққа бастады? 1922 жылы 28 наурызда 15. Король Муссолиниге жаңа үкімет құруды жүктеді және фашистерге жаңа кабинеттен не беруге келісім берді? 4 портфель 16. Кім фашистерді сынап, сайлаудағы заңсыздық әрекеттерін әшкерелеген болатын? Халық партиясының жетекшісі Джакомо Маттеотти 17. Конститутциялық монархия лаңкестік диктатураға қашан ұласты? 1924-1926 жылдары 18. Барлық азаматтар және саяси бостандықтар жойылды, тұрғындар барлық құқығынан қашан айырылды? 1926 жылдың қараша айында 19. 1927 жылы фашистік диктатураның маңызды жазалаушы қандай органы құрылды? Ерекше трибунал және құпия саяси полиция 20. «Еңбек хартиясы» қашан құрылды? 1927 жылдың көктемінде 21. Италия мемлекеті мен католиктік шіркеу арасындағы тартыстар қашан реттелді? 1929 жылы 22. Фашистік Италияның сыртқы саясаты немен ерекшелінді? өзінің озбырлық бағытымен 23. Италия – Эфиопия сығысының уақыты? 1935-1936 жылдары 24. Эфиопия Италия отарына қашан айналды? 1936 жылы 25. Дато қашан өлтірілді? 1921 жылы 26. Датоны кім өлтірді?анархияшылдар 27. 1923-1930 жылдар аралығындағы кезең қалай аталды? Примо де Ривераның диктатурасы 28. Генералдар мен адмиралдардан тұратын не құрылды? әскери диктатура 29. Диктаторды қолдаудан кімдер бас тартты? Испан социалистік жұмысшы партиясы басшылығы және Еңбекшілердің жалпы одағы 30. Буржуазиялық-демократиялық революцияның уақыты? 1931-1936 жылдар 31. Революция қандай кезеңде өтті? 2 кезеңде өтті: буржуазиялық-демократиялық және Халық майдан кезеңі 32. Буржуазиялық-демократиялық кезеңнің уақыты? 1931-1936 жылдар 33. Халықтық майдан кезеңнің уақыты? 1936-1939 жылдар 34. Муниципалдық сайлаулар қашан өткізілді? 1931 жылдың 12 сәуірінде 35. Демократиялық республика неден тұрады? Бір палаталы парламент - кортестен 36. Бір палаталы парламент – кортестен тұратын демократиялық республика қашан жарияланды? 1930 жылғы 14 сәуірде 37. Гитлерлік партияға ұқсас нені құрды? Испания флангасын 38. Гитлерлік партияға ұқсас Испания фалангасын қашан құрды? 1933 жылдың соңында 39. 1933 жылдың соңында гитлерлік партияға ұқсас Испания фалангасын кім құрды? Бұрынғы диктатордың баласы Хосе-Антонио Примо де Ривера 40. Қай жерлерде қарулы көтерілістер басталды? Баскония, Каталония және Мадрид аймақтарында 41. Халықтық майдан пактісіне қашан келісті? 1936 жылдың қаңтарында 42. Халықтық майдан пактісіне қандай мақсатпен келісті? Республикашылдар фашизмге қарсы бірігіп күресу мақсатында 43. Испания жағдайы? Испанияны азамат соғысы шарпыды 44. Испан фашистері Гитлер мен Муссолини қолдауына сүйене отырып, қашан бүлік шығарды?1936 жылғы 17 шілдеде 45. Франко өз диктатурасын орнатып, оны қалай атады? Каудильо (көсем) 46. Не себепті республика жеңіліске ұшырады? КСРО көмектескенімен, фашистік дежавалардың интервенциясы және Батыс мемлекеттерінің «араласпау» саясаты салдарынан 7. Орталық және Оңтүстік – Шығыс Еуропа елдері 1. 1918 жылы Еуропаның саяси картасында қандай мемлекеттер пайда болды? Финляндия, Австрия, Венгрия, Югославия, Чехословакия және Польша 2. Жаңадан құрылған мемлекеттердің экономикалық және саяси жүйелерінде құрылымдық өзгерістер қашан болды? 1918 жылдан 1923 жылға дейін 3. Венгрия мен Польша қандай мемлекетке жатты? аграрлық-индустриялық 4. Албания, Болгария, Румыния және Югославия қандай мемлекеттерге жатты? аграрлық 5. 1918 жылғы Қараша революциясының нәтижесі? Австрия өзін Республика деп жариялады 6. Австрия өзін Республика деп қашан жариялады? 1918 жылғы 12 қарашада 7. Коалициялық үкіметті кім құрды? Австрия социал-демократиялық партиясының жетекшісі К.Реннер канцлер болып тағайындалған 8. Құрылтай жиналысы дворяндық титулдар мен атақтарды қашан жойды? 1919 жылдың көктемінде 9. Австрия мен Германия арасында достық қатынас қайтадан қашан орнады? 1934 жылы 10. Неміс әскерінің Австрияны басып кіруге жол қашан ашылды? 1938 жылғы 12 наурызда 11. Австрия енді Герман мемлекеті болып жарияланып, кімнің құрамына кірді? ұлтшыл рейх 12. 1939 жылы Венгрия өзінің неге қосылатыны туралы хабарлады? «Антикоминтерндік пактіге» 13. Ұлттық комитетті кім бастады? көрнекті саясаткер Томаш Масарик 14. Словакияның Венгриядан бөлінгені және оның чехтармен біріккендері қашан белгілі болды? 1918 жылғы 28 қазанда 15. Словакияның Венгриядан бөлінгені және оның чехтармен біріккендерінің нәтижесі? Чехословакия мемлекетінің құрылғандығы 16. Чехословакия Республика боп қашан жарияланды? 1918 жылы 14 қарашада 17. Чехословакия Республикасының президенті боп кім сайланды? Т.Масарик 18. Заң бойынша не орнатылды? 8 сағ-тық жұмыс 19. 1920 жылдың нәтижесі? 1920 жылы қабылданған конститутцияда Чехословакия Республикасының қалыптасуы аяқталып, негізгі демократиялық бостандықтар белгіленді 20. Чехословакия Франциямен жақындасып, Шағын Антанта әскери-саяси одағы қашан құрылды? 1920-1921 жылдарда 21. Чехословакия Франциямен жақындасып, 1920-1921 жылдарда Шағын антанта әскери-саяси одағын кімдермен бірге құрды? Румыния, Югословакиямен 22. Мюнхенде конференцияға кімдер жиналды? Франция, Ұлыбритания, Германия және Италия 23. Франция, Ұлыбритания, Германия және Италия Мюнхенде конференцияға қашан жиналды? 1938 жылдың қыркүйек айының соңында 24. Кімнің қамқорлығымен автономиялы үкімет құрды?Гитлердің 25. Гитлердің қамқорлығымен автономиялы үкімет қашан құрылды? 1938 жылы қазанда 26. Республика өзінің өмір сүруін қашан тоқтатты? 1939 жылы 15 наурызда 27. Республика өзінің өмір сүруін не себепті тоқтатты? Қарбалас жағдайда герман әскерлері Чехословакияның қалған жерін басып алды 28. Гитлершілдер жаулап алған жерін қалай жариялады? «Богемия мен Моравия протектораты» 29. Польша Халықтық Республика деп қашан жарияланды? 1918 жылы қарашада 30. Польша тәуелсіздігін қашан орнатты? 1918 жылы қарашада 31. 1918 жылы қарашада Польша тәуелсіздігін қайта орнату жолындағы поляк халқының неше жылға созылған ұлт-азаттық күресі аяқталды? 120 жылға 32. 1921 жылы қандай атпен елде диктаторлық тәртіп орнады? санация 33. Санациялық тәртіп қашан толық орнады? 1930 жылдың бірінші жартысында 34. Белградта Карагеоргиевичтер бастаған сербтердің, хорваттардың,словендердің Біріккен корльдігі қашан жарияланды? 1918 жылдың 1 желтоқсанында 35. Санациялық тәртіп жаңа конститутцияда қашан орнады? 1935 жылы 36. СХС корльдігі қалай өзгертілді? Югославия корольдігі 37. Болгарияның соғыстан шығуы кезінде Фердинанд патша кімді патша етіп жариялады? өз ұлын III Борис деген атпен патша етіп жариялады 38. 1919 жылдың тамыз айында Халық жиналысының сайлауында бірінші орынға қандай ұйым шықты? Аграрлық партия – Болгар жер игеру Халықтық одақ ұйымы 39. Аграрлық партия – Болгар жер игеру Халықтық одақ ұйымының жетекшісі? Александр Стамболийский 40. Александр Стамболийский қашан өлді? 1923 жылы 41. III Борис патша билікті толығымен өз қолына қашан алды? 1935 жылдың соңында 42. 1928 жылы республиканы жойып, өзін король деп кім жариялады? Албанияның президенті А.Зогу 43. Албания мемлекеті не себепті Еуропаның саяси картасынан жойылды? Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін Батыс Еуропа мен АҚШ-тың мюнхен саясатының салдарынан 8. Кеңес Одағы 1. «Әскери коммунизмнің» уақыты? 1918 жылдың жазынан бастап 1921 жылдың басына дейін 2. «Әскери коммунизм» неден тұрды? Саясаты экономикалық және саяси-әлеуметтік салаларды қамтитын кешенді іс-шаралардан 3. Кеңес үкіметі барлық ірі және орташа кәсіпорындарды мемлекет меншігіне алу туралы Декреті қашан қабылдады? 1918 жылдың 28 маусымында 4. Үкімет бекіткен азық-түлік бағасы? базардағы нарықтық бағадан 40 есе төмен болды 5. Бұрынғы қанаушы таптар өкілдері еңбектік міндет тәртібіне қашаннан бастап тартылды? 1918 жылдан бастап 6. Жаппай еңбекке араласу міндеті қашан енгізілді? 1920 жылы 7. 1920 жылы бұрынғы Ресей империясының құрамындағы кімдермен жақындасты? Эстония, Литвия, Литва, Финляндия мемлекеттерімен 8. 1920 жылы бұрынғы Ресей империясы кімдермен достық қатынастар орнатты? Иран, Түркия және Ауғаныстанмен 9. 1921 жылдың ақпанында осы елдермен жасалған келіссөздер негізінде Ресей оларға не істеді? Олардың патша үкіметі кезінде қарыздарын кешіріп, ерекше артықшылық құқығынан бас тартты 10. Кеңес үкіметі кіммен достық қатынас орнатты? Монғолия елімен 11. Кеңес үкіметі кімдермен сауда-саттық келісімдеріне қол қойды? Германия, Италия, норвегия елдерімен 12. 1920 жылы желтоқсанда ашылған Кеңестердің Жалпыресейлік нешінші съезі жаппай электрлендіру жөніндегі ГОЭЛРО жоспарын бекітті? VIII съезі 13. В.И.Ленин неше жылдық мерзімді қамтитын жоспарды партияның екінші бағдарламасы деп сипаттады? 10-15 жылдық 14. Орта шаруа топтарының қолдауына сүйенген кулактар қайда антикеңестік көтерілістер ұйымдастырылды? Украинада, Тамбов облысында, Еділ бойында, Сібірде 15. Саяси дағдарыстың көрінісі қай кезде байқалды? 1921 жылғы Кронштадт көтерілісі кезінде 16. Шешуші экономикалық өзгерістер РК(б)П-ның қай съезінде айқындалды? X съезінде 17. Шешуші экономикалық өзгерістер РК(б)П-ның X съезі қашан айқындалды? 1921 жылы наурызда 18. Не кезінде ақы төлеудегі теңгермешілік және өндірген өнім үлесіне қарай төленетін болды? «Әскери коммунизм» 19. 1923-1928 жылдардағы жағдай? ЖЭС әміршіл-әкімшілік жүйенің қыспағына оралып, дағдарысқа үшырады 20. КСРО-ның құрылу жылы? 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы құрылды 21. КСРО-ның құрылуын кім жариялады? 1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық съезі 22. КСРО-ның Конститутциясы қашан бекітілді? 1924 жылы 23. Онда КСРО-ның құрылуы туралы не қабылданды? Декларация қабылданып, шарт жасалды 24. Бастапқы кезде КСРО-ның құрамына кімдер біріккен еді? РКФСР, Украина, Белоруссия және Закавказье Федерациясы 25. Ауыр индустрия кәсіпорындарының жаңа түрлерін салуға жоспарланған қаржының неше пайызы игерілді? 84%-ы 26. Кеңес Одағы өнеркәсіп өнімін шығару жөнінен Еуропада 1-ші орынға және дүниежүзінде 2-ші орынға шығып, индустриялы-аграрлы елге қашан айналды? 1930 жылдардың соңында 27. Жаңа экономиялық саясат негізінде қалыптасқан бағыт түбірінен қашан өзгерді? 1920 жылдардың екінші жартысында 28. Сталиннің «Ұлы бетбұрыс» мақаласы қай газетте шықты? «Правда» газетінде» 29. Сталиннің «Ұлы бетбұрыс» мақаласы «Правда» газетіне қашан шықты? 1929 жылы 7 қарашада 30. Көптеген аймақтарда болған шаруа көтерілістерді қанша адам қамтыды? 700 мың адам 31. Қай жылдарда елде ашаршылық болды? 1932-1933 жылдарда 32. Шаруалардың неше пайызы ұжымшар қатарында болды? 93%-ы 33. Кеңестердің Жалпыодақтық нешінші съезі жаңа Конститутцияны қабылдады? VI төтенше съезі 34. Кеңестердің Жалпыодақтық VI төтенше съезі жаңа Конститутцияны қашан қабылдады? 1936 жылы 5 желтоқсанда 35. Кеңестер Одағы жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп қашан жарияланды? 1936 жылы 5 желтоқсанда 36. Одаққа неше республика бірікті? 11 республика 37. Тоталитарлық жүйенің қылмыстарын іске асырған кімдер болды? Ішкі істер Халық Комиссариаты (НКВД) және Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті (КГБ) 38. 32 саяси бюро мүшелері болған 32 адамның неше пайызы қуғынға ұшырады? 75%-ы 39. 32 саяси бюро мүшелері болған 32 адамның 75%-ы қуғынға қашан ұшырады? 1917-1934 жылдарда 40. Қызыл Армияның ең жоғары шенді қолбасшылары қатарынан қанша маршал жөнсіз кінәләніп жауапқа тартылды? 5 маршал 41. Қызыл Армияның ең жоғары шенді қолбасшылары қатарынан қанша армия генералы жөнсіз кінәләніп жауапқа тартылды? 3 армия генералы 42. Қызыл Армияның ең жоғары шенді қолбасшылары қатарынан қанша полковник жөнсіз кінәләніп жауапқа тартылды? 401 полковник 9. Америка Құрама Штаттары. Канада 1. 1920 жылы АҚШ дүниежүзінде өндіретін таскөмірдің қанша пайызы шығарылатын болды? 50%-ы 2. 1920 жылы АҚШ дүниежүзінде өндіретін шойын мен болаттың қанша пайызы шығарылатын болды? 35 %-ы 3. 1920 жылы АҚШ дүниежүзінде өндіретін мұнайдың қанша пайызы шығарылатын болды? 23%-ы 4. 1920 жылы АҚШ дүниежүзінде өндіретін автомобильдердің қанша пайызы шығарылатын болды? 85%-ы 5. 1918 жылы 8 қаңтарда конгреске ұсынған 14 баптан тұратын жолдауында кім соғыстан кейінгі жүниежүзі елдерінің болашағына байланысты бағдарламасын жариялады? Президент Вудро Вильсон 6. Републикашылдар билікке қашан жетті? 1920 жылы 7. Републикашылдар билікке жету себебі? Сайлауда Демократиялық партия жеңілді 8. Републикашылдардың президенті? Огайо штатының сенаторы Уоррен Гардинг 9. Уоррен Гардинг қашан қайтыс болды? 1924 жылы 10. Уоррен Гардингтен кейінгі президент? Массачусетс штатының губенаторлығынан вице-президенттікке көтерілген Калвин Кулидж 11. Жаңа үкімет қандай ұранды алға тартты? «Америка бизнеспен айналысады!» 12. Республикалық партия өкілі болып кім сайланды? Герберт Гувер президент болды 13. Республикалық партия өкілі Герберт Гувер президент болып қашан сайланды? 1928 жылы 14. Президент Герберт Гувер қандай уәде берді? Америка азаматтарына керемет жақсы өмір орнайтындығы жөнінде 15. 1929-1933 жыл АҚШ-та қалай аталды? Ұлы дағдарыс жылдары 16. АҚШ-ты 1913 жылғы деңгейге шегінуінің себебі? Экономикалық дағдарыстың күшті болғаны сонша, дағдарыс бүкіл экономиканы күйретті 17. Қанша адам жұмысынан айырылды? 13 млн 18. 1933 жылдың наурызында акцияның жалпы құны? 4,5 есе төмендеді 19. 4 жыл ішінде неше банк жұмысын тоқтатты? 5,5 мың банк 20. Әркім өз тағдырына өзі жауапты деген қандай идеология? Қатал дарашылдық 21. 1932 жылғы қарашадағы президент сайлауында Герберт Гуверге бәсекелес болған кім? демократиялық партияның өкілі Франклин Рузвельт 22. Франклин Рузвельт қай жылдары президент болды? 1932-1945 жылдарда 23. Не себепті «Жаңа бағыт» ұранға айналды? Рузвельт сайлау науқаны барысындағы бір сөзінде: «Мен американдықтарға жаңа бағыт беремін» деген, сол үшін 24. «Жаңа бағытының» негізгі міндетті? Мемлекеттік өнім өндіру үрдісіне тікелей араласуымен елді дағдарыстан шығару болатын 25. Не арқылы экономиканы мемлекеттік реттеу АҚШ өмірінің тұрақты факторына айналды? «Жаңа бағыт» арқылы 26. Федералдық ауқымда көмек көрсететін мемлекеттік ұйымдар құру мақсатында не құрылды? Төтенше федералдық ұйым 27. ҰӨҚК? Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы Заң 28. «Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру» заңының екінші бөлімі? Кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы қатынасты реттеу 29. ҰӨҚК заңы еңбек қатынастары туралы акт қашан қабылданды? 1935 жылы 30. АҚШ-тың сыртқы саясатына дүниежүзілік экономикалық дағдарыс қашан қатты әсер етті? 1929-1933 жылдары 31. АҚШ-тың сыртқы саясаты қандай сипатта болды? Оқшау сипатта 32. 1931жылы Стерлинг тобы атты ұйым мүшелігіне кімдер енді? Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия, Оңтүстік Африка Одағы және Англия отарлары 33. Англия әр доминионмен екі жақты сауда келісімдерін жасасып, өзара саудаларында бір-біріне жеңілдіктерді қашан белгіледі? 1932 жылы 34. Канада экономикасы тұрақтылығымен қашан ерекшелінді? 1920-1930 жылдарда
|