Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Жапония


Date: 2015-10-07; view: 7232.


1. XX ғасырдың басындағы Жапонияның жағдайы? Жапония дамыған ірі капиталистік елге айналып, басқыншылық саясат жүргізілді

2. Жапонияның сыртқы саясаты? Сыртқы саясатта Жапония Англиямен жақындасып, оның ықпалында болды

3. Жапонияның басты мақсатты? Қытайды өзіне бағындыру

4. Жапония Германияға соғысты қашан жариялады? 1914 жылы тамызда

5. Тынық мұхит пен Қытайдағы неміс иеліктерін қашан басып алды? 1914 жылы тамызда

6. Қашан Қытайға 21 талап ұсынып, оның әскери, саяси, қаржы салаларына үстемдік жүргізе бастады? 1915 жылы

7. 1917-1918 жылдардағы жағдай? Елде нан жетіспей, азық-түліктің бағасы жоғарылай бастады

8. Қашан Жапонияның 36 профектурасында ашыққан тұрғындардың қозғалысы басталды? 1918 жылдың тамыз және қыркүйек айларында

9. «Күріш бүліншілігі» Жапониядағы неше қаланы қамтыды? 144 қаланы

10. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның жағдайы? Соғыс кезінде Жапония қатты күшейді

11. Жапонияда қандай өндіріс салалары өсе түсті? өндірісі, әсіресе әскери техника, металл өндіру, машина жасау, химия салалары өсе түсті

12. Версаль конференциясынан кейінгі Жапония жағдайы? Версаль конференциясынан кейін Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдун түбегін, Тынық мұхиттағы Каролин, Маршалл, Мариан аралдарын өзіне бекітіп алды

13. 1922-1925 жылдардығы Жапония қармағындағы жерлер? Ресейдің құрамындағы Приморье, Солтүстік Сахалин жерлері

14. 1924-1932 жылдары елді басқарып келген партиялар? Сэйюкай, Минсэйто, Каккусин, Курабу сияқты саяси партиялар

15. 1925 жылы заң бойынша сайлауға қатысушылар саны көбейіп, бұл халықтың неше пайызын құрады? 16%-ын

16. 1920 жылдардың екінші жартысында Жапония билеушілері қандай бағыт ұстанды? Озбырлық саяси бағыт

17. Мәскеу қай жылы Шығыс Қытай теміржолын Жапонияға сатып жіберді? 1927 жылы

18. Қашан Жапония Ұлттар Лигасынан шықты? 1933 жылы

19. Озбырлық саяса ұстанған Жапония кімдерге жақындасты? Германия мен Италияға

20. Каноэ үкіметі Қытайға қарсы үлкен соғысты қашан ашты? 1937 жылы 7 шілдеде

21. Қай жылы жапон әскерлері Моңғолияға шабуыл жасады? 1939 жылы

22. Жапония, Германия, Италия «Үштік пакт» аталған соғыс одағын қашан құрды? 1940 жылғы 27 қыркүйекте

23. Жапония мен КСРО неше жылдық бейтараптық шартқа қол қойды? 5 жылдық

24. Жапония мен КСРО қай жылы бейтараптық шартқа қол қойды? 1941 жылы сәуір айында

25. Қай жылы АҚШ Жапонияның Хиросима қаласына алғашқы атом бомбасын тастады? 1945 жылы 6 тамызда

26. Қай жылы АҚШ Жапонияның Нагасаки қаласына алғашқы атом бомбасын тастады? 1945 жылы 9 тамызда

27. Өрт астында қалған Жапонияға КСРО үкіметі Ялта – Потсдам келісіміне сәйкес қай жылы соғыс жариялады? 1945 жылы 9 тамызда

28. Кеңес Қарулы күштері Квантун армиясына соққы беріп, қай жерлерді босатты? Қытайдың солтүстік-шығыс ауданы мен Солтүстік Кореяны

29. Кеңес Қарулы күштері қай жерлерді басып алды? Оңтүстік Сахалинді мен Куриль аралдарын

30. Қай жылы жапон саясатшылары мен генералдары тізе бүгуге еріксіз көнді? 1945 жылы 2 қыркүйекте

31. Отарлық бұғауындағы қай жерлер азаттық алды? Тайвань, Корея мен Қытай жері

 

12. Қытай. Моңғолия

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың жағдайы? Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңына таман Қытайдың саяси бытыраңқылығы барынша ұлғайды

2. 1916 жылы президент Юань Шикай қайтыс болғаннан кейін елді кім басқарды? гебернатор-милитаристер

3. Қай жылы Қытай үкіметі Антанта блогын жақтап, Германия тобына соғыс жариялады? 1917 жылы

4. Қытайда 4 мамыр қозғалысына не себеп болды? Жүние жүзі халықтарының азаттық қозғалысы, көршілес Ресейдегі революция, империалистік елдердің әділетсіз шешімдері

5. Қытай қалаларында не жарияланды? Жапон тауарларына бойкот

6. Шанхайда 60 мың адам қатысқан антижапондық бүкілқытайлық ереуіл неше күнге созылды? 7 күнге

7. Қытайдағы ең күшті антиимпериалистік қозғалыс? «4 мамыр қозғалысы»

8. 1920 жылдардың басында қай қалаларда бірнеше коммунистік үйірме пайда болды? Қытайда Пекин, Шанхай мен Чанша сияқты ірі қалаларда

9. Ең ірі марксшіл үйірменің бірін кім ұйымдастырды? Пекин университетінде профессор ЛИ Дачжао

10. Солтүстік Қытайдағы әскери-милитаристік топтар арсында саяси билік үшін өзара күрес қашан басталды? 1920 жылдың жазында

11. Пекиннен қашқан парламент мүшелері қайда жиналды? Кантонға

12. Қытай Республикасының президенті боп кім жарияланды? Сунт Ятсен

13. Сунь Ятсен президент болып қашан жарияланды? 1921 жылғы сәуірде

14. Қытай Республикасының астанасы? Кантон қаласы

15. Жаңа үкімет қайда құрылды? Кантон қаласында

16. Сунь Ятсен үкіметінің саяси кеңесшісі болып кім белгіленді? Қытай ұлттық-революциялық армиясының бас кеңесшісі болып кейінірек маршал атағын алған В.К.Блюхер

17. Қытай Республикасының Ұлттық үкіметі деп қашан жарияланды? 1925 жылғы 1 маусымда

18. Қытай Республикасының Ұлттық үкіметі деп кім жарияланды? Кантон революциялық үкіметі

19. Революциялық қозғалыс қандай сипат алды? жалпыхалықтық,антиимпериалистік сипат

20. Ұлттық-революциялық армия Солтүстік жорығын қашан бастады? 1926 жылы шілдеде

21. Ұлттық-революциялық армия үлкен жеңістерге қашан жетті? 1926-1927 жылдардағы Солтүстік жорық кезінде

22. Ұлттық үкімет орталығы Кантоннан қайда көшті? Ухань қаласына

23. 1925 жылы наурыз айында Сунь Ятсен қайтыс болғаннан кейін кімдер арасында билік үшін тартыс өршіді? Ұлттық майдан құрамындағы коммунистер мен Гоминьдан арасында

24. Гоминьдан басшылығына келген кім? ұлттық буржуазияның өкілі генерал Чан Кайши

25. 1927 жылы наурыз айында кім Шанхайда, Нанкинде, шілдеде Ухань қаласында төңкеріс жасап,коммунистерді қудалады? Чан Кайшидің жақтастары

26. Біртұтас антиимпериалистік майдан қашан ыдырады? 1927 жылы шілдеде

27. Коминтерннің көмегімен Мәскеуде өткен Қытай компартиясының VI съезінде не бекітілді? өзгерген жағдайдағы күрестің жаңа тактикасы

28. 1927-1937 жылдардың аралығында Оңтүстік және Орталық Қытайда неше аудан құрылды? 15 шақты кеңестік аудан

29. Қызыл Армия бөлімшелерінде неше сарбаз болды? 300 мыңға жуық

30. Әскер қолбасшысы кім? Чжу Дэ

31. Әскер комиссары кім? Мао Цзэдун

32. Орталық Кеңес ауданы қайда орналасты? Цзянси провинциясында

33. Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі қашан құрылды? 1931 жылы қарашада

34. Орталық жұмысшы-шаруа үкіметінің төрағасы кім сайланды? Мао Цзэдун

35. Орталық үкімет қайда орналасты? Жуйцзин қаласында

36. Қай жылы Гоминьдан үкіметі кеңес аудандарына қарсы ең күшті бесінші жазалау жорығын ұйымдастырып, ауыр соққы берді? 1934 жылы

37. Жапон әскерлері Қытайдың солтүстік-шығыс провинцияларын басып алуға қашан кірісті? 1931 жылы қыркүйекте

38. КСРО мен Қытай арасында өзара достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қашан қойылды? 1937 жылы тамызда

39. КСРО Қытайға қанша мөлшерде несие ашты? 25 млн доллар

40. Моңғолия Азияның ең артта қалған елдерінің бірі боп қай жылға дейін қалды? 1918 жылға дейін

41. Моңғолия қандай ел болды? Жаппай сауатсыз ел болды

42. Моңғол қоғамында шексіз үстемдік еткен кім? Лама діні

43. 1918 жылы моңғол халқының жалпы саны? 647 мыңдай ғана

45. 120 мыңнвн астам жігіт үйленбеуге, балалы болмауға ант беретін кім болды? ламалар болды

46. Сауда қатынастары қандай деңгейде жүрді? баспа бас айырбас деңгейінде

47. Ақшаның рөлі? 37 грамдық күміс кесек атқарды

48. Саяси құрылымы жағынан Моңғолия Қытайдың автономиялық бөлшегі болып, кімге бағында? Патша билігіне

49. Моңғолия билеушісін қалай атады? бағдыхан

50. Моңғолияда орыс большевиктері мен Коминтерннің қолдауы негізінде Сухе-Батор не ұйымдастырды? Моңғол Халық партиясын

51. Моңғол Халық партиясы қашан құрылды? 1921 жылы наурызда

52. Солтүстік Моңғолия аймақтарында не құрылды? Уақытша Халық үкіметі және революциялық армия бөлімшелері

53. Моңғолия революциялық топтардың міндеті? Ресей ақ гвардияшылдары мен қытай милитаристерінің қожалығын жойып, соларды қолдап отырған феодалдық топтардың ықпалын мұқатып, саяси билікті Халық үкіметінің қолына тапсыру еді

54. Урга қаласы қашан азат етілді? 1921 жылы 8 шілдеде

55. Моңғолия шектеулі монархия түріндегіі мемлекеттер қатарында қашан болды? 1921-1924 жылдарда

56. Моңғолия Халық революциясы деп қашан жарияланды? 1921 жылы Ресейдің тікелей қатысуымен өткен төңкерісте

57. Ақырғы бағдыхан дүниеден қашан қайтты? 1924 жылы

58. Конститутция қашан қабылданды? 1924 жылы қарашада

59. Моңғол Халық Республикасы деп қашан жарияланды? 1924 жылы қарашада

60. Ірі феодалдық топтардың мал-мүлкін тәркілеу туралы заң қашан қабылданды? 1929 жылы қаңтарда

61. Қашан Моңғол елі КСРО мемлекетінің саяси ықпалымен Коминтерн мен сталиндік үлгідегі социалистік құрылыс моделін іске асыруға кірісті? XX ғасырдың 1920-1940 жылдарында

62. Монастырьлар жабылып, ламалар таратылып, олардың 70%-ынан астамы қамауға алынып, қашан атылды? 1934 жылы

63. Моңғол алфавиті кириллицаға қашан көшірілді? 1940 жылы

64. 1940 жылы наурызда Моңғолия халықтық-революциялық партиясының қай съезінде жаңа конститутцисының жобасы мақұлданды? X съезінде

65. Қашан Моңғолия Ұлы хуралының VIII отырысында жаңа конститутцияны бекітіп,жарияланды? 1940 жылы маусымда

13. Оңтүстік – Шығыс Азия елдері

1. 1920-1930 жылдарда француз империалистерінің отаршылдық шырмауында өмір сүріп жатқан қай елдер? Үндіқытай түбегіндегі Вьетнам, Лаос, Камбоджа елдері

2. Бұл аймақтың неше пайызы шаруалар болды? 80%-дан астамы

3. Қашан Үндіқытай елдеріне Франция капиталы енгізіп, каучук, шай, кофе плантанцияларына қаржы салу қарқын алды? 1920 жылдардың басында

4. 1929 жылы француз капиталының фабрика-зауыттарындағы жұмысшылар саны қаншаға жетті? 221 мың адамға

5. Күріш өсірілетін егістік жердің 70%-ына кім қожалық етті? Вьетнам помещиктері мен француз жер иеленушілері

6. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың Үндіқыта елдеріне әсері? Айтарлықтай қиыншылықтар әкелді, көптеген өнеркәсіп орындары жабылып, өндіріс едәуір қысқарды

7. Көмір өндіру пайызы? 25%-ға қысқарды

8. Фабрика-зауыттардың жұмыссыздар саны? 25 мыңнан астам

9. 1930 жылдардың басында Вьетнамда неше еруіл болып өтті? 98 ереуіл

10. Вьетнам Коммунистік партиясы деп қашан жарияланды? 1930 жылы 3 ақпанда

11. Вьетнам Коммунистік партиясы қашан Үндіқытай Коммунистік партиясы деп өзгертілді? 1930 жылы қазан айында

12. Нгеань және Хатинь провинцияяларының 116 ауылында Кеңестер қашан құрылды? 1930 жылдың соңында

13. Франция отаршылдары кеңес қозғалысын әскер күшімен талқандап, азаттық қозғалысын қашан басын тастады? 1935 жылы

14. Франциядағы Ұлттық майдан үкіметінің жеңісі орталық қожалықтың жеңілуіне мүмкіншілік қашан берді? 1936 жылы

15. Үндіқытайдағы Францияның отаршылдық үстемдігі қайта қашан күшейді? 1939 жылы

16. Индонезиядағы әкімшілік басқару органдарының 92%-ы кімге бағынды? голландықтарға

17. Коммунистердің сәтсіздікке ұшырауынан кейін антиимпериалистік күрестің басшылығына кім келді? Ұсақ буржуазиялық-демократиялық бағыттағы күштер және оның жас өкілі Ахмед Сукарно

18. Ахмед Сукарно бастаған Индонезияның Ұлттық партиясы қашан құрылды? 1927 жылы

19. 1937 жылы буржуазиялық ұйымдардың солшыл қанаты қандай партияны ұйымдастырды? Гериндо (Индонезия халқының қимылы) атты партияны

20. Гериндо партиясы 1939 жылы 73 бөлімшесі бар неше адам басын біріктірді? 10 мың адамды

21. Гериндо партия бөлімшелердің басшылығында буржуазиялық қайраткерлермен қатар кімдер болды? Коммунистер де болды

14. Үндістан

1. Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыс қашан жандана түсті? XX ғасырдың басында

2. ҮҰК мағынасы? Үнді ұлттық конгресс

3. ҮҰК партиясы қашан құрылды? 1885 жылы

4. ҮҰК партиясының мақсаты? реформалар үшін күресу

5. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында ҮҰҚ партиясының басшылығы? Б.Г.Тилак

6. Ел арасында халыұ бұқарасы неге кеңінен қатыса бастады? сварадж (өзін-өзі билеу) және свадеши (өзіндік өнім шығарушы) қозғалыстарына

7. МЛ мағынасы? Мұсылмандар Лигасы

8. МЛ өмірге қашан келді? Соғыс алдында

9. МЛ-дың іс-әрекеті? мұсылман қауымын азаттық күреске тартуға кірісті

10. Дәстүр бойынша анадан қызына берілуге тиісті алтын сақиналарды, жүзік-сырғаларды жинап алу науқаны қашан жүргізілді? 1915-1916 жылдарда

11. Жұмыс уақыты? 12-14 сағ-қа ұзартылды

12. ҮҰК мен МЛ өз съездерін қайда шақырып, көпшіліктің тілектеріне сәйкес шешімдерді қабылдады? Лакхнау қаласында

13. ҮҰК мен МЛ өз съездерін шақырып, көпшіліктің тілектеріне сәйкес шешімдерді қашан қабылдады? 1916 жылы

14. М.К.Ганди елге қашан оралды? 1916 жылы

15. Революциялық күрес бүкіл Үндістанға қашан таралды? 1917-1923 жылдары

16. Жергілікті және орталыұ өкімет қызметтеріне үндіктерді кім қатыстыра бастады? Монтегю – Челмсфорд реформалары

17. Ағылшындар екіжүзді саясатты қашан қолданды? 1917 жылдың соңы-1918 жылы

18. Роулетт заңы қашан қабылданды? 1912 жылы

19. Роулетт заңы қандай құқықтарды берді? Полицияға өкіметке қарсы шыққандарға табан астында жазалау, сабау, абақтыға отырғызу, шетке айдау, оқ ату құқығын берді

20. Гандидің шақыруымен Мардас, Канпур, Ахмадабад, Бомбей, т.б. қалалар мен өлкелерде не ұйымдастырылды? Хартал (жаппай ереуіл)

21. Гандидің шақыруымен Мардас, Канпур, Ахмадабад, Бомбей, т.б. қалалар мен өлкелерде хартал қашан ұйымдастырылды? 1919 жылы 6 сәуірде

22. Отаршылдар халық арасында үрей туғызу мақсатымен бейбіт митингіге қатысқандарды қашан атқылады? 1919 жылы 13 сәуірде

23. 1919 жылы 13 сәуірде отаршылдар халық арасында үрей туғызу мақсатымен бейбіт митингіге қатысқандарды қайда атқылады? Амритсар қаласында

24. Амритсар қаласында қанша адам оққа ұшырады? 1 мыңдай адам

25. Амритсар қаласында қанша адам жарақатанды? 2 мыңға жуығы

26. Заң шығару жиналысына сайланудан кім бас тартты? ҮҰК

27. Екі саяси партия бірігіп, елге жаппай бағынбаушылық қозғалысы қашан өткізілді? 1920 жылы 1 тамызда

28. ҮҰК қатары неше адамға жетіп, МЛ да күшейді? 10 млн адамға

29. Мұсылмандар арасында сол кезде не өрістеді? Халифатшылар қозғалысы

30. Халифатшылдар қозғалысының себебі? Батыс елдерінің Түркияға қарсы жасаған әрекеттері

31. Бүкіл мұсылмандар үшін Халив болып кім саналды? Түркия сұлтаны

32. Қарапайым тұрғындарды қарсыласуға қатыстыру үшін Ганди нені бастады? «Тұз жорығын»

33. Ағылшындар кімді абақтыға жапты? М.Ганди, Дж.Неру, В.Патель, Р.Прасад және басқаларын

34. МЛ жеке мұсылман мемлекетін құру туралы пікірді қашан туғыза бастады? 1930 жылы

35. ҮҰК мен ағылшын өкіметі келісімге қашан келді? 1931 жылы 5 наурызда

36. Англия Үндістанды басқару туралы актіні – Британдық Үндістан конститутциясын зорлықпен қашан енгізді? 1935 жылы

37. Біраз жеңілдік берген конститутция негізінде сайлау қашан жүрді? 1937 жылы

38. 8 провинция мен орталық заң қабылдаушы жиналыста басым орынға ие болған кім? ҮҰК

39. МЛ кімді жақтады? Англияны

40. ҮКП мағынасы? Үнді Коммунистік партиясы

41. ҮКП қашан құрылды? 1925 жылы

42. астартын қызмет атқарып келген ҮКП сол кезде Коминтерн мен КСРО-ның үлгісімен кімді қолдады? Германияны

43. ҮКП-ның Германияны қолдау себебі? өйткені 1939 жылы тамызда Берлин мен Мәскеу дүниежүзін бөлісу туралы құпия шарт жасасып, оны Коминтерн өзіне мүше партияларымен бірге қолдаған еді

44. Ағылшындар әскеріне қанша үнділіктер тартылды? 1,5 млн-нан астам

45. Германия КСРО-ға шабуыл қашан жасағанда, ҮКП Германияны айыптады? 1941 жылы

46. Ағылшындар үндіктерге ашық қызмет атқаруға қашан рұқсат берді? 1942 жылы

47. ҮҰК қамаудан қашан шықты? тек 1944 жылдың көктемінде

48. МЛ елді екі мемлекетке бөлу туралы шешім қабылдап, оны жүзеге асыру жолындағы күреске қашан бел байлады? 1940 жылы

15. Иран. Ауғанстан

1. Түрік әскерлері Иран, Әзірбайжан аудандарын қашан басып кірді? 1914 жылы

2. 1914 жылы түрік әскерлері Иран мен Әзірбайжанның қай қалаларын иемденді? Хой,Урмия және Тебриз қалаларын

3. Орыс әскерлері қарсы шабылға шыгып, түріктер Әзірбайжаннан қашан қуылды? 1915 жылы

4. Англия және Ресей құпия шартына сәйкес, Иран екі ықпалды аймаққа қашан бөлінді? 1915 жылы

5. Иран аумағын үш елдің басқыншылары бөлісіп, қашан басып алды? 1917 жылдың басында

6. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иранның жағдайы? Иран экономикасы әбден құлдырап, халық арасында жұқпалы аурулар тарады, аштық жайлады

7. Көшек хан төңірегіндегі жиылған партизан жасақтарын қалай атады? Жыңғылдықтар

8. Ағылшын әскері Иранның солтүстік-батыс аймақтарын қашан басып кірді? 1918 жылдың басында

9. Ағылшын-Иран шартына қол қойылып, Иран елі ағылшындардың «қамқорлығына» қашан ұшырады? 1919 жылы 9 тамызда

10. Әділетсіз шарт халықтың наразылығын тудырып, қайда азаттық күрестің ошақтары пайда болды? Ирандық Әзірбайжанда, Гилянда және Хорасанда

11. Гилян Республикасы деп қашан жарияланды? 1920 жылы 5 маусымда

12. Гилян Республикасының төрағасы? Көшек хан

13. Гилян Кеңес республикасы боп қашан жарияланды? 1921 жылы 4 тамызда

14. Англия мен КСРО арасында «Германияға қарсы соғыста бірігіп әркет жасау» туралы шартқа қол қашан қойылды? 1941 жылы 12 шілдеде

15. 1941 жылы 25 тамызда Иранның солтүстік аудандарында не енгізілді? КСРО әскер бөлімдері

16. 1941 жылы 25 тамызда Иранның оңтүстік аудандарында не енгізілді? Ағылшын тобы

17. Шахривар мағынасы? Жыл аты

18. 1941 жылғы 25 тамыздағыИрандағы жағдай Иран тарихында қалай анықталды? «шахривар оқиғасы»

19. Қай патша тағынан бас тартып, саяси қызметтен кетуге мәжбүр болды? Реза шах патша

20. Иран тағына кім отырды? Реза шах патшаның 22 жасар ұлы Мохаммед Реза Пехлеви

21. Иран Германияға соғыс қашан жариялады? 1943 жылы 9 қыркүйекте

22. Үкімет басына кім келді? «Жас ауғандықтар» ұйымының өкілі – жас әмір Аманулла хан

23. Үкімет басына әмір Аманулла хан қашан келді? 1919 жылы 21 ақпанда

24. Кеңес үкіметі Ауғанстанның тәуелсіздігін қашан жариялады? 1919 жылы 27 ақпанда

25. Құлдықты жою туралы заң қашан жарияланды? 1921 жылы

26. Жаңа Конститутция қашан қабылданды? 1923 жылы

27. Ауғанстанның патшасы деп кімді жариялады? Нәдір ханды

28. Нәдір ханды патша етіп қашан жариялады? 1929 жылы қазанда

29. Шіркеттер деп кімдерді атады? Сауда-өнеркәсіптік бірлестіктерді

30. Қашан екі елдің арасында бейтараптық және өзара жауласпау келісіміне қол қойылды? 1931 жылы 24 маусымда

16. Түркия

1. Түркия халқының ұл-азаттық күресі алғышарттарының пісіп-жетілуі немен байланысты? Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шаруашылық күйзеліспен

2. Соғыста жеңілген Түркияның жағдайы? Түркия жеріне Антанта тобының әскері енгізіліп, маңызды аймақтарды басып алды

3. Соғыстың соңында Ресей тұтқынында болған неше түрік солдаттары еліне қайтарылды? 80 мыңнан астам

4. Ұлт-азаттық қозғалыстың басшылығына Құқық қорғау ұйымдары атты буржуазиялық-патриоттық қоғамдар қашан болды? 1918-1923 жылдары

5. Бытыраңқы ұйымдардың басын қосып, жалпыұлттық ұйым құру жұмысын кім өз қолына алды? Анадолыға келген генерал Мұстафа Кемал патша

6. Бытыраңқы ұйымдардың басын қосып, жалпыұлттық ұйым құру жұмысын Мұстафа Кемал патша қашан өз қолына алды? 1919 жылы мамырда

7. 1918-1923 жылдардағы Түркиядағы революция? «Кемалдық революция»

8. М.Кемалдың тікелей қатысуымен Құқық қорғау ұйымдарымен жалпытүркиялық конрестері қашан өткізілді? 1919 жылы тамызда және қыркүйекте

9. Қай жерде өткен конресте 13 адамнан құрылған уәкілетті өкілдік комитет сайланды? Сивас қаласында

10. 13 адамнан құрылған уәкілетті өкілдік комитетте төрағалық қызметі кім атқарды? М.Кемал

11. Ұлы Халық жиналысы қашан шақырылды? 1920 жылы

12. Ұлы Халық жиналысы қайда шақырылды? Анкара қаласына

13. Ұлы жиналыс елдегі жалғыз ғана не? Заңды орган

14. Жаңа үкіметті кім бастады? Мұстафа Кемал

15. М.Кемал үкіметі Мәскеуге өкілдер жіберіп,келіссөзге қашан кірісті? 1920 жылы мамырда

16 М.Кемалға берілген ат: Ататүрік

17. Кеңес – Түркия достық және өзара көмек туралы келісімге қол қашан қойды? 1921 жылы 16 наурызда

18. Түркия армиясы Иненю атты ауылдың маңайында герктің басқыншы армиясын шегіндіріп, бірінші жеңіске қашан ие болды? 1921 жылы наурызда

19. Азаттық жолындағы күрестің шешуші шайқасы қашан өтті? 1921 жылы 23 тамыз – 1921 жылы 13 қыркүйек күндері

20. Азаттық жолындағы күрестің шешуші шайқасы қайда өтті? Сакария өзенінің бойында

21. Кімнің бастауымен революциялық армия грек басқыншыларын талқандап, қарсы шабуылға шықты? М.Кемал

22. Сәтті шабуылдардың барысында гректерден Анатолы түбегі толық қашан тазартылды? 1922 жылы

23. Түркияның Ұлы Халық жиналысы сұлтан билігін жою туралы заңды қашан қабылдады? 1922 жылы қарашада

24. Кім елден қуылды? Империяның ақырғы сұлтаны V Мехмед

25. Түркия халқының ұлы жеңісі қашан бекітілді? Халықаралық конференцияда

26. Халықаралық конференция қашан өтті? 1924 жылы 24 шілді күні

27. Халықаралық конференция қайда өтті? Лозанна қаласында

28. Халықаралық конференциякімдер арсында бітімді бекітті? Түркия мен 7 шет мемлекеттің (Англия, Франция, Италия, Грекия, Румыния, Югославия және Жапония)

29. Ұлт-азаттық қозғалыстың уақыты? 1918-1923 жылдары

30. Ұлт-азаттық қозғалыстың арқа сүйейтін күші кім болды? Анадолы шаруалары

31. Кемал бастаған революция сұлтан билігін біржолата қашан жойды? 1918-1923 жылдары

32. Республикалық халықтық партия қашан құрылды? 1923 жылдың сәуір айында

33. Республикалық халықтық партияның төрағасы? М.Кемал

34. Түркия Республика деп қашан жарияланды? 1923 жылы 29 қазанда

35. Республиканың бірінші президенті болып кім сайланды? М.Кемал патша

36. Сакария жеңісінен кейін М.Кемалға қандай атақ берілді? Маршал шені мен Қазы атағы

37. Мемлекет астанасы қайда көшірілді? Анкараға

38. Мемлекет астанасы қашан көшірілді? 1923 жылы 13 қазанда

39. Қашан халифат жойылып, халив әулеті елден қуылды? 1924 жылы 3 наурызда

40. Түркия мәжілісі жаңа Конститутцияны қашан жариялады? 1924 жылы 20 сәуірде

41. Қай Контитуция республика президентіне билік еркіндігін қашан берді? 1924 жылғы

42. Кемал үкіметінің реформалары елдің мәдени және тұрмыс жағдайына үлкен өзгерістер қашан енгізді? 1920-1930 жылдарда

43. Азаматтық заң жинағы қашан қабылданды? 1926 жылы

44. Еуропалық киім кию, араб әліпбиінен латын алфабитіне көшу қашан жүргізілді? 1925 жылы

45. Мәжіліс фамилия енгізу заңын қашан енгізді? 1934 жылы

46. Түркиянын Ұлы халық жиналысы М.Кемалға қандай фамилия берді? Ататүрік

47. Түркиянын Ұлы халық жиналысы М.Кемалға фамилияны қашан берді? 1934 жылы 24 қарашада

48. Қай заң негізінде ашар салығы жойылып, түрік шаруалары біркелкі ақша салығын қашан төлейтін болды? 1925 жылы

49. 1930 жылдардағы Түркия Республикасының жағдайы? Экономикалық жағдайының тұрақтануына байланысты оның халықаралық жағдайы да жақсара түсті

50. Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына қашан қабылданды? 1932 жылы

51. Түркия Республикасының өтініші бойынша Швейцарияның Монтре қаласына халықаралықконференцияға қашан шақырылды? 1936 жылы

52. 1930 жылдардың соңында Түркия қай елдермен саяси-экономикалық қатынастарын жақсартып, өзінің халықаралық беделін күшейтті? Балқан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция және Германиямен

53. Түркия мен Германия арасында достық және өзара жауласпау шартына қол қашан қойылды? 1941 жылы 18 маусымда

54. Түркия үкіметі бейтараптық саясатты жақтайтының қашан жариялады? 1941 жылы 25 маусымда

55. Исмет Иненю Каир қаласында Рузвельтпен және Черчильмен кездесіп, Англия – АҚШ одағымен жақындасудың жолын қашан ашты? 1943 жылы

56. Түркия Германияға соғысты қашан жариялады? 1945 жылы 23 ақпанда

57. Антигитлерлік одақ жағына ауысқаның қашан білдірді? 1945 жылы 23 ақпанда

58. Қашан КСРО үкіметі 1925 жылғы Кеңес – Түрік бейтараптық келісімін жойғандығын қашан мәлімдеді? 1945 жылы 19 наурызда

17. Азиядағы Араб елдері

1. Англия Хусейн шерифпен астыртып келісімге келіп, Түркияға қарсы бірлесіп соғысты қашан бастады? 1915

2. Іс жүзінде Англия мен Франция Сайкс-Пико қай келісімі бойынша араб жерін өзара бөлісуді көздеді? 1916 жылғы мамыр айында

3. Сан-Ремо келісіміне сәйкес, Франция Сирия мен Ливанға, Англия Палестина мен Иракқа өз қамқоршылығын қашан орнатты? 1920 жылғы сәуірде

4. Сирия, Ливан және Палестина өкілдерінің қатысуымен бір мемлекет құру жоспары қашан дайындалды? 1919 жылы

5. Көтеріліс қыза түскен кезде ағылшындар астыртын қолдау көрсетіп отырған Фейсал өзін кім деп жариялады? Сирия мәлігімін деп

6. Фейсалды елден қашан ығыстырды? 1920 жылы

7. Сирияда неше көтеріліс болды? 35 көтеріліс

8. Сирия мен Ливанда халық көтерілістері уздіксіз қашан болып тұрды? 1925 жылы

9. Египеттегі толқулар мен көтерілістер Палестина мен Иракта қолжау тауып, жағдай қашан қатты шиеліністі? 1919-1922 жылдары

10. Трансиордания әмірлігін қашан құрды? 1923 жылы мамырда

11. Трансиордания әмірлігі қайда құрылды? Иордан өзенінің шығысындағы өңірде

12. Трансиордания әмірлігіннің басына кім койылды? Хусейннің ұлы Абдолла

13. Ел тұрғындары көтеріліске шығып, тәуелсіздікті қашан талап етті? 1918 жылы

14. Қандай ұйымдар пайда болды? «Ислам өркендеу қоғамы», «Тәуелсіздің қалқамы»

15. Қарулы жасақтар саны? 130 мыңға жетті

16. Ағылшындар 150 мың әскер төгіп, қашан көптеген қала, кенттерді басып алды? 1920 жылы күзінде

17. Әскери қимылдар жүріп жатқанда ағылшындар Ирак өкілдерімен келіссөз бастап, не шешті? Мандатты мойындаған мәліктік құруға уағдаласты

18. Мандатты мойындаған мәліктің басына кім отырғызылды? Фейсал әмір

19. Ағылшындарға тәуелді болған кімдер? Аден, Хадрамаут, Маскат, Оман, Катар, Бахрейн және Кувейт әмірліктері

20. Арабия түбегінің қалған бөлігінде кімдер орналасты? Хиджаз, Неджд, Джебел-Шаммар, Асир және Йемен

21. Йеменнің басында кім тұрды? Яхья имам

22. Хусейнді жеңген кім? Абд әл – Азиз ибн Сауд

23. Мәлік атанып, үлкен мемлекетті басқарған кім? Абд әл – Азиз ибн Сауд

24. Абд әл – Азиз ибн Сауд қашан мәлік атанып, улкен мемлекетті басқарды? 1927 жылы

25. Сирияда қашан Құрылтай жиналысы өтті? 1928 жылы

26. Құрылтай жиналысында сайлауда жеңіске кім жетті? Ұлтшыл-буржуазиялық «Ұлттық блок»

27. Жаңа Конститутция қашан дайындалды? 1930 жылы

28. Мандат тәртібі сақталған Сирия Республикасы өмірге қашан келді? 1930 жылы

29. Трансиорданиямен шарт қашан жасасты? 1928 жылы

30. Ирак пен Англия бес жылдан соң мандаттық тәртіпті құрту туралы келісімге қашан келді? 1927 жылғы 14 желтоқсанда

31. Үкімет басына кім келді? Н.Саид

32. Н.Саид үкімет басына қашан келді? 1930 жылы

33. Н.Саид Англиямен неше жылдық күші баржаңа шарт жасасты? 25 жылдық

34. Кім бастаған күрд тайпалары қолдарына қару алып, күреске шықты? Ахмед және Мұстафа Барзани

35. Неше жыл ішінде раламент үш рет жаңартылды? 2,5 жыл ішінде

36. Неше үкімет ауысты? 8 үкімет

37. Қашан араб тайпалары, күрдтер, шийттер көтерілді? 1934-1935 жылдарда

18. Африкадағы Араб елдері

1. Араб елдері Африканың қай жерінде өмір сүрді? Солтүстік Африкада

2. Қашан түріктердің қол астында болған? XVI ғасырдан бері

3. Қашан Батыс елдері бұл аймақты өзіне қарата бастады? XVIII ғасырдың соңында

4. Өзара тартыса жүріп араб жерін жаулап ала бастаған елдер? Англия, Франция, Ресей, Германия, Италия және Испания

5. Қырым соғысында жеңіліс тапқан Ресей қашан шетте қалып қойды? XX ғасырдың екінші жартысында

6. Франция Алжирді қашан жаулап алды? 1830 жылы

7. Франция Тунисті қашан жаулап алды? XIX ғасырдың соңында

8. Франция Марокконың көп жерін өіне қашан қаратты? XX ғасырдың басында

9. Мароккаға кімдер таласты? Испания мен Германия

10. Марокка елі Франция мен Испанияға қашан тәуелді болды? 1912 жылы

11. Судан мен Египетте не өсіруге мамандалды? мақта

12. Алжир мен Тунисте не өсіруге мамандалды? жүзім

13. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде араб халықтарының отаршылдарға қарсы қозғалысының бірі?

Египетте өтті

14. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде араб халықтарының отаршылдарға қарсы қозғалысының екіншісі? Мароккода

15. Кім бастаған жасақ испандықтардың 20 мың әскерін ойсырата жеңді? Мұхаммед ибн Абд әл - Керим

16. Мұхаммед ибн Абд әл – Керим бастаған жасағының уақыты? 1921 жылы

17. Риф Республикасы қашан құрылды? 1921 жылы

18. Риф Республикасының президенті кім болды? Абд әл - Керим

19. Франция кіммен бақталас болды? Испаниямен

20. Екі ел қашан бірікті? 1924 жылы

21. 300 мың әскер күшінің іс-әрекеті? Мароккодағы ұлт-азаттық қозғалысты тұңшықтырды

22. Франциядағы алжирліктер арасында Ахмед Мессали қажының басқаруымен не құрылды? «Солтүстік Африка жұлдызы»

23. «Солтүстік Африка жұлдызы» қашан құрылды? 1925 жылы

24. Социалистік федерация қашан құрылды? 1919 жылы

25. Социалистік федерация қайда құрылды? Тунисте

26. «Дұстүр партиясы» қашан өмірге келді? 1920 жылы

27. Дұстүр мағынасы? Арабша - конститутция

28. Дұстүр жаппай ереуіл қашан ұйымдастырды? 1922 жылдың қаңтарында

29. Буржуазиялық топтар не құрды? әл – Уафд әл – Мысри (Египет өкілдігі)

30. Әл – Уафд әл- Мысри партиясының жетекшісі? Ағылшын протекторатынан шыққан, тәуелсіздік жолында батыл қимылдаған Саад Зағлұл

31. Зағлұл бір топ серіктерімен қашан тұтқындалды? 1918 жылғы 8 наурызда

32. Англия Египет тәуелсіздігін қашан мойындады? 1922 жылы ақпанда

33. Сұлтан Фуад не атанды? мәлік

34. Сұлтан Фуад таққа қашанға дейін отырды? 1936 жылға дейін

35. Жаңа конститутция қашан бекітілді? 1923 жылы

36. Египет конститутциялық монархияға қашан ауысты? 1923 жылы

37. Бірінші сайлауда жеңіске кім жетті?Уафд партиясы

38. Үкімет басына кім келді? Зағлұл үкімет

39. Уафд партиясы нені аңсады? Египет мен Суданды қосуды

40. Англия Египетке біраз жеңілдік жасаған болып, келісімге келуді қашан ұсынды? 1927 жылы

41. Зағлұлдың орнын басқан кім? Мұстафа Наххас паша

42. Англиямен одақтасуға кім келіспеді? Мұстафа Наххас паша

43. Ағылшындардың мақта өсіретін, шикізат өнімдерін беретін отарына айналған кім? Судан

44. Экспорттың қанша табысы тек мақтадан түсетін? 70%

45. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарындағы Араб елдері? Араб елдері қатты күйзеліске ұшырады, ауылшаруашылық өнімдері өтпей, өндіріс күрт қысқарды

46. Алжир астығының бағасы? 30 – 60%-ға қысқарды

47. Мароккода темір кені мен фосфорит шығару нешеге азайды? 2–5 есе

48. Темір кенін өндіру нешеге жуық кеміді? 4 есеге

49. Франция «Бербер заңын» қашан жариялады? 1930 жылы мамырда

50. Франция «Бербер заңын» қайда жариялады? Мароккода

51. Марокко ұлттық комитеті қашан құрылды? 1934 жылы

52. Мекнес, Маракеш, Фес қалаларында ереуілге шыққан тұрғындар мен феллахтар оқ астына қашан алынды? 1927 жылы

53. Рия және Жебел аудандарына автономия беру туралы уәде арқылы жергілікті феодалдарды өзіне қашан жақындатып алды? 1936 жылы

54. Мароккодағы ереуілдерді қашан аяусыз басып-жаншылды? 1938-1939 жылдары

55. Азаттық қозғалыс едәуір қайда жанданды? Алжирде

56. Реформашылар одағы қашан пайда болды? 1930 жылдардың басында

57. «Жаңа дұстүр» қашан құрылды? 1934 жылы

58. «Жаңа дұстүр» жетекшісі кім? Адвокат Хабиб Бургиба

59. Халық майданы құрған үкімет Туниске француз заңдарын енгізіп, абақтыда жатқан «Жаңа дұстүр» жетекшілерін қашан босатты? 1936 жылы

60. Қанат жайған ереуілдерді басуға отаршылдар әскери күш жұмсап, көптеген адамдарды қашан қамап тастады? 1937-1938 жылдары

61. Кімді толық бағындыру үшін Италия үкіметі 1930 жылдардың ортасында барлық күшін пайдаланды? Ливияны

62. Сенуссимен тіл табысуға тырысты? Мұхаммед Ыдырыс

63. Уафд үкіметі қызметтен қашан кетті? 1929 жылы

64. Билікке кім келді? Халық партиясының жетекшісі Исмаил Сидки

65. Жаңа конститутцияны қашан енгізбек болды? 1930 жылы

66. Азық-түлік бағасы өсуіне байланысты қалаларда жаппай ереуілдер қашан басталды? 1934 жылы

67. Сарай тобы мен ағылшындар конститутцияны қайтадан күшіне енгізуге қашан мәжбүр болды? 1923 жылы

68. Қай сайлауда Уафд жеңіске жетті? 1936 жылғы

69. Үкімет басына кім келді? Наххас паша

70. Наххас паша Англиямен неше жылдық шарт жасасты? 20 жылдық

71. Уафд беделі төмендеп, қай сайлауда жеңіліске ұшырады? 1938 жылғы

72. Наххас паша үкімет басына қайтадан қашан келді? 1942 жылы

73. Египет Германияға қарсы соғыс жариялауға қашан келісті? 1945 жылғы ақпанда

74. БҰҰ құруға қашан қатысты? 1945 жылы

75. Француз отаршылдары Алжир халқының ұлт-азаттық қозғалысын әскери күштерді пайдаланып қашан басып тастады? 1945 жылғы мамыр айында

76. 1945 жылы 8-17 мамыр аралығында қанша алжирлік қаза тапты? 40 мың алжирлік

77. Араб елдерінің Лигасы қашан құрылды? 1945 жылы соғыс аяқталар кезде араб елдері бірігу мәселесін қайта көтергенде

19. Тропиктік және Оңтүстік Африка елдері

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Африка неге айналды? Батыс Еуропа елдерінің конгломератына

2. Франция қай аймақтарда қожалық етті? Батыс және тропиктік аймақтарда, Мадагаскар мен Үнді мұхиттағы аралдарды

3. Германия үстемдігі қайда орнады? Танганьика, Уганда, Руанда, Бурунди, Того, Камерун, Намибия елдерінде

4. Португалия қай аралдарды иемденді? Мозамбик, Ангола, Гвинея-Бисау, Жасыл мүйіс

5. Италия кімді өз қолында ұстады? Қазіргі Сомали, Эритреяны

6. Испания нені иеленген еді? Батыс Сахара мен Марокконы

7. Оңтүстік аудандарда Англияға бағынышты не құрылды? Оңтүстік Африка Одағы

8. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Германияның отарлары кімге өтіп кетті? Англияға, Францияға, Бельгияға

9. Германдық Оңтүстік-Батыс Африка кімге тәуелді болды? Оңтүстік Африка Одағына

10. Африка елдерінде шетелдіктер үстемдігі қашан нығая түсті? 1920-1930 жылдарда

11. Неше сағаттық жұмыс күні бекітілді? 14-16 сағ-тық

12. Қара нәсілді африкалықтар қашан қалаларда үй қызметкерлері ретінде ғана кездесті? 1920-1930 жылдары

13. 1909-1910 жылдары Оңтүстік Африкадағы отарларына не берілді? Англия өзін-өзі билеу құқығын берді

14. Оңтүстік Африка Одағы қашан құрылды? 1909-1910 жылдары

15. 1912 жылы не ұйымдастырылды? Африка Ұлттық конгресі

16. Италияның фашистік үкіметі Эфиопияны жаулауға қашан кірісті? 1930 жылдардың ортасында

17. Батыс Африка Ұлттық конгері қашан құрылды? 1920 жылы

20. Екі соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар

1. Қашан пацифизм заманында Еуропа және АҚШ саясаткерлері қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге қашан тырысты? 1920 жылдардағы

2. Француздар мен Бельгия басшылары Оур облысын қашан басып алды? 1923 жылы

3. «Дауэс жоспары» Германияға тиісті қарыз мөлшері? 1 млрд марка мөлшерінде

4. Ұлттар Лигасы қарусыздандыду мәселесін талқандау үшін халықаралық конференция шақыруға дайындық жұмыстарын қашан бастады? 1925 жылы

5. Локарно қаласында Рейн кепілдік пакті атты құжатқа қолды қашан қойды? 1925 жылы

6. Женевада конференциясы қашан өткізілді? 1927 жылы

7. Англия, Германия, Италия, Норвегия елдерімен сауда саттық қатынастар қашан орналасты? 1921 жылы

8. Германия мен РКФСР арасында келісімге қол қашан қойылды? 1922 жылы ақпанда

9. Германия мен РКФСР арасында келісімге қол қайда қойылды? Раппало қаласында

10. Кеңес үкіметін кім мойындады? Ұлыбритания, Италия, Франция, Норвегия, Швеция, Австрия, Дания, Грекия, Мексика, Қытай, Жапония мемлекеттері

11. Кеңес үкіметін қашан мойындады? 1924 жылы

12. Ұлттар Лигасына мүшелікке кімді алды? КСРО-ны

13. Версаль – Вашингтон жүйесі қашан күйреді? 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында

14. Ұлы Азия бірлігін орнатуды кім аңсады? Жапония

15. Жапония Маньчжурияны басып алуды қашан бастады? 1931 жылы

16. Англия – Франция – Кеңес Одағы өкілдері Мәскеуде кездесіп, басқыншылық бола қалған жағдайда өзара көмек көрсету туралы үшжақты пакт жасауды көздеген келіссөздер қашан басталды? 1939 жылғы сәуір – мамыр айларында

17. Мәскеудегі келіссөздер кезінде КСРО үкіметінің Еуропадағы қаіпсіздік туралы шартқа қол қою ниеті қашан іске аспады? 1939 жылы

18. Германия Кеңес үкіметін неше жылдық мерзімге шабуыл жасаспау туралы пактіге келісуге шақырды? 10 жылдық

19. КСРО мен Германия шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қашан қойды? 1939 жылы 23 тамызда

20. КСРО мен Германия шабуыл жасаспау туралы шартқа қолды қайда қойды? Мәскеуде

21. Өзара шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қашан қойылды? 1939 жылы 23 тамызда

22. Өзара шабуыл жасаспау туралы Кеңес – Герман келісімі және оған тіркелген құпия хаттама қалай аталды? Риббентроп – Молотов пактісі

21. Екінші дүниежүзілік соғыс

1. Фашистік Германия әскері Польшаға баса-көктеп қашан кірді? 1939 жылдың 1 қыркүйегінде

2. Польшаға шабуыл жоспары қашан дайындалған болатын? 1939 жылдың 11 сәуірінде

3. Немістің қай дивизиясына қарсы 33 поляк дивизясы ерлікпен шайқасты? 57 дивизиясы

4. Жылжымалы топ бөлшемелеріне сүйенген Гитлер әскері майданы бірнеше жерден бұзып, Польша әскерін бөлшектеп, неше күн ішінде далқандады? 2 апта ішінде

5. Кеңес Одағы КСРО – Германия келісімінің құпия бағыты бойынша қашан кеңес әскерін Польшаға енгізді? 1939 жылдың 17 қыркүйегінде

6. Кеңес әскері Финдляндияға қарсы соғыс әрекетін қашан бастады? 1939 жылдың 30 қарашада

7. Кеңес әскері Финдляндияға қарсы соғыс әрекетін не себепті бастады? Кеңес Одағы Фин үкіметінен шекарасын Ленинградтан шегіндіруді өтінді, Финдляндия бұл талапты орындаудан бас тартты

8. Кеңес – Фин соғысы бітімшартына қол қоюмен қашан аяқталды? 1940 жылы 12 наурызда

9. Финдляндия шекарасы Ленинград қаласынан едәуір алыстатылып, ол елдің неше аумағы КСРО-ға өтті? ¼ аумағы

10. Батыста француздар мен ағылшындардың қай дивизиясы қимылсыз қарап тұрды? 115 дивизиясы

11. Неміс әскерлері Батыс майданда шабуылға қашан шықты? 1940 жылдың көктемінде

12. Неміс әскерлері Дания мен Норвегияны қашан басып алды? 1940 жылдың 9 сәуірде

13. Германия Францияға шабуылын қашан бастады? 1940 жылдың 10 мамырда

14. Германия Бельгия мен Голландияға қашан басып кірді? 1940 жылдың 14 мамырда

15. Германияға Бельгия қашан тізе бүкті? 1940 жылдың 28 мамырда

16. Франция басшылары Парижден қайда көшті? Бордо

17. Франция басшылары Парижден Бордоға қашан көшті? 1940 жылдың 10 маусымында

18. Францияға қарсы Италия соғысты қашан ашты? 1940 жылдың 10 маусымында

19. Франция премьер-министрі қызметіне маршал Петэн қашан отырды? 1940 жылдың 16 маусымында

20. Германия мен Франция, кейін Италия мен Франция татуластық келісіміне қол қашан қойды? 1940 жылдың 22 маусымында

21. Германия мен Франция, кейін Италия мен Франция татуластық келісіміне қол қайда қойылды? Компьен орманында

22. Англияда жүріп Азат Францияны патриоттық қозғалысын кім басқарды? Әскери министрдің бұрынғы орынбасары генерал Шарль де Голль

23. Гитлер Англия жеңілді деп есептеп, оны келісімшартқа қашан шақырды? 1940 жылдың жазында

24. АҚШ конгресілендлиз туралы заң қашан қабылданды? 1941 жылы наурызда

25. Соғыс қимылдары Шығыс және Солтүстік Африка аумағындағы елдерді қашан қамтыды? 1940 жылдан бастап

26. Неміс әскерлері Грекия мен Югославакияны қашан жаулап алды? 1941 жылы сәуірде

27. Германия мен Италия Еуропаның 12 мемлекетін басып алып, Еуропа кеңістігінде өз билігін қашан орнатты? 1941 жылдың жазында

28. англияда Чехияның, Польшаның, Бельгияның, Голландияның, Данияның, Люксембургтің, Грекияның, Югославакияның, Латвияның, Литваның, Эстонияның эмигранттық өкілдері қашан болды? 1941 жылдың жазында

29. Гитлер неге қол қойды? «Барбаросса» жоспарына

30. Гитлер «Барбаросса» жоспарына қол қашан қойды? 1940 жылғы 18 желтоқсанда

31. Гитлершілер КСРО-ға қарсы не жоспарлады? «Қауырт соғыс» (блицкриг)

32. «Қауырт соғыс» (блицкриг) қашан аяқталуға тиіс еді? 8-10 апта ішінде

33. Фашист әскерлері КСРО аумағына соғыс жарияламыстан баса-көктеп қашан кірді? 1941 жылдың 22 маусымында таңға жуық

34. Кеңес Одағына қарсы неше дивизия қатысты? 190 дивизиясы

35. Кеңес Одағына қарсы неше неміс дивизиясы қатысты? 153 неміс дивизиясы

36. Кеңес Одағына қарсы қанша Герман Қарулы күштері қатысты? 80%-ы

37. КСРО-ның батыс шекаралық аймақтарында қанша дивизия шоғырланған еді? 170 дивизия

38. Қызыл армияның әлсіреу себебі? Соғыс қарсанңында 40 мыңнан астам

39. Неміс әскерлері Шығыс майдандағы шабуылын қашан жаңғыртты? 1942 жылдың жазында

40. Неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдавияны, Украинаны, Белорусияны қашан басып алды? 1941 жылдың күзінде

41. 10 күндік жасырын сапар шеккен Жапония кемелері тұтқиылдан Пёрл-Харборға қашан шабуылдады? 1941 жылы 7 желтоқсанында

42. Ф.Рувельт пен У.Черчилль нені жариялады? «Атлант хартиясын»

43. «Атлант хартиясын» қашан жариялады? 1941 жылы тамызда

44. Антифашистіккоалицияға кім қосылды? Үш ірі держава – Ұлыбритания, АҚШ және КСРО

45. Германия мен Италия АҚШ-қа қарсы соғысты қашан жариялады? 1941 жылы 11 желтоқсанда

46. 26 ел Атлант хартиясының принциптері мен мақсатына қашан қосылды? 1942 жылы 41 қаңтарда

47. Біріккен Ұлттар Декларациясына қол қашан қойылды? 1942 жылы 1 қаңтарда

48. Соғыстың түбірлі өзгерістерін не айқындады? Сталинград түбіндегі жеңіс және 1943 жылғы жаздағы Курск түбіндегі шайқас

49. Кім Роммель бастаған Германия – Италия әскерінің тас-талқаның шығарды? Монтгомери бастаған 8-ағылшын армиясы

50. Германия – Италия тас-талқаның қайда шығарды? әл – Аламейн ауданында

51. Солтүстік Африканың Марокко және Алжир жағалауында АҚШ-тың десанттары түсіріліп, Италия – Германия әскери топтарын тізе бүгуге қашан мәжбүр етті? 1942 жылы 8 қарашада

52. Одақтастар десант түсіру арқылыт Оңтүстік Италияны тез қашан басып алды?1943 жылы 10 шілдеде

53. Кеңес армиясы жаппай ереуілге қашан шықты? 1944 жылдың басында

54. Ағылшын – американ әскерлері қашан екі десанттық операция жүргізді? 1944 жылы

55. Фашистік блок толығымен қашан қирады? 1945 жылдың басында

56. Кеңес әскерлері Венаға қашан шықты? 1945 жылы 13 сәуірде

57. Кеңес әскерлері Берлинді қоршауға қашан алды? 1945 жылы 24 сәуірде

58. Гитлер өзін-өзі қашан өлтірді? 1945 жылы 30 сәуірде

59. Қашан одақтас әскерлердің бас қолбасшысы генерал Эйзенхауер Реймсте Германияның тізе бүгіунің алғашқы шарттарына қол қашан қойды? 1945 жылы 7 мамырда

60. Берлинде мршал Г.Жуковтың төралығымен фашистік Германияның сөзсіз тізе бүгуіне қол қашан қойылды? 1945 жылы 8 мамырда

61. Қырым конференциясы қашан қабылданды? 1945 жылы ақпанда

62. Потсдам конференциясы қашан өтті? 1945 жылғы шілде, тамыз айларында

63. Потсдам конференциясының басшылары? КСРО, АҚШ, Ұлыбритания өкімет басшылары

64. Қашан Лейте аралы маңында бүкіл соғыстар арсындағы ең ірі, 4 күнге созылған теңіз шайқасы болды? 1944 жылы қазанда

65. Бұл соғысқа қанша соғыс кемесі қатысты? 300-ге жуық

66. Одақтас жапон басқыншылары қашан Филиппин мен Бирманың бірқатар бөлігін қуып шығып, Индонезияны азат етті? 1945 жылдың жазында

67. Қашан Америка ұшақтары жапон қаласы Хиросимаға атом бомбасын тастады? 1945 жылғы 6 тамызда

68. Қашан Америка ұшақтары екінші бомба Нагасакидің тас-талқаның шығарды? 1945 жылы 8 тамызда

69. КСРО қашан Жапонияға қарсы соғыс ашты? 1945 жылы 9 тамызда

70. Жапония сөзсіз тізе бүгу актісіне қолды қашан қойды? 1945 жылдың 2 қыркүйегінде

71. Жапония сөзсіз тізе бүгу актісіне қолды қайда қойды? АҚШ-тың «Миссури»

72. Екінші дүниежүзілік соғыс неше жылға созылды? 6 жылғы созылды, барлық әлемді қамтыды

22. Ұлыбритания

1. Соғыс жылдарында Ұлыбритания ұлттық табысының жағдайы? 25%-нан айырылды

2. Соғыс қажетіне алтын қорының едәуір бөлігін және шетелдердегі салымдардың қанша бөлігін жұмсады? ¼ бөлігін

3. Соғыс жылдарында У.Черчилль үкіметінің қолдауына сүйенген кімдер ұлттар мен ұлыстардың бірлігін нығайтып, басын біріктіруге маңызды рөл атқарды? Консерваторлар, лейбористер мен либералдар коалициясы

4. Қай сайлауда консерваторлар мен лейбористер партиялары арасында билік үшін саяси тартыс белең алды? 1945 жылғы парламент сайлауында

5. Лейбористердің Қауымдық палата шеңберінде ірі жеңіске жеткенін не көрсетіп берді? 1945 жылғы 5 шілдеде өткен сайлау қорытындысы

6. Лейбористік өкіметі кім бастады? К.Эттли

7. Құрама Штаттар Англияға лендлиз арқылы қаражат төлеуді қашан тоқтатты? 1945 жылы тамызда

8. Лейбористер өкіметі қанша доллар мөлшерінде қарыз болды? 5,6 млрд доллар

9. Лейбористер нені жойды? 1927 жылы қабылданған жұмысшыларға қарсы заңның күшін

10. Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларында жаңа жүйе қашан енгізілді? 1945-1949 жылдары

11. Денсаулық сақтау саласының ұлттық жүйесі құрылып, тегін дәрілік көмек көрсету ісі қолға қашан алына бастады? 1948 жылы

12. Британия экономиясы соғысқа дейінгі деңгейге жетіп, елдің әлеуметтік жағдайы қашан тұрақталды? 1948 жылы

13. «Маршалл жоспарынан» бас тартуға кім мәжбүр болды? Эттли кабинеті

14. Эттли кабинеті бас тартуға қашан мәжбүр болды? 1950 жылы

15. Эттли кабинеті «қырғи-қабақ соғыс» тартысына жол қашан ашты? 1946 жылы 5 наурызда

16. Британияда атом бомбасын жасау туралы шешім қашан қабылдады? 1946 жылы

17. Британия Батыс одақ бірлігіне қашан қабылданды? 1948 жылы

18. Британия Еуропа Кеңесінің мүшелігіне қашан қабылданды? 1949 жылы

19. Ұлыбритания мен АҚШ үкіметі Солтүстік Атлант блогын (НАТО) құрушылардың алдыңғы тобында қашан болды? 1949 жылы

20. 1951 жылы өткен сайлауда жеңіске кімдер жетті? Консерваторлар партиясы

21. Англияның экономикалық жағдайы қашан жақсарды? 1950 жылдардың ортасына қарай

22. У.Черчилль қызметтен кеткен соң консерваторлық кабинет басшылығына кім келді? А.Иден

23. Иден консерваторлық кабинет басшылығында қанша отырды? 1955-1957 жылдары

24. Англия қандай блокқа мүше болып кірді? Оңтүстік – Шығыс Азия елдері блогына

25. Англия неге мүше болып кірді? Бағдад пактісіне

26. Англия Франция мен Израильге қосылып, Египетке қарсы соғыситы қашан ұйымдастырды? 1956 жылғы қазан – қараша айларында

27. А.Иден кбинетінің қызметтен қашан кетті? 1956 жылы

28. Иденнің қызметтен кету себебі? Суец каналы аймағындағы тартыстың сәтсіздігінен

29. Жаңа үкіметті кім басқарды? Г.Макмиллан

30. Барлық Британия отарлары тәуелсіздікті қашан алды? 1960 жылдардың басында

31. «Лейбористер және ғылыми революция» бағдарламасын қашан қабылдады? 1964 жылы

32. Бірінші ұлттың бесжылдық экономикалық жоспарын кім қабылдады? Лейбористердің Г.Вильсон өкіметі

33. Британия империясы не деп жаңаланды? Ұлттар Достығы

34. 1965 жылы сыртқы саясатта Г.Вильсон қандай мәселе қойды? Елдің Жалпы рынокқа араласуы туралы

35. Ұлыбритания неге ынталы екендігін білдірді? Еуропалық экономикалық қауымдастыққы (қазіргі Еуропалық экономикалық одақ) (ЕЭО)

36. Франция кашанға дейін «Жалпы рынок» бірлестігіне мүше болуға қарсылық білдірді? 1973 жылға дейін

37. Парламент сайлауында консерваторлар жеңіске қашан жетті? 1970 жылы

38. Жаңа үкіметті кім басқарды? Консерваторлар жетекшісі Э.Хит

39. Англия ЕЭО мүшесі қашан болды? 1973 жылғы 1 қаңтарда

40. Ольстер қаласында плебисцит қашан өткізілді? 1973 жылы наурызда

41. 1974 жылы мерзімінен бұрын болған парламент саулауында біршама артық дауыспен жеңіске кім жетті? лейбористер

42. Премьер-министр Г.Вильсон басқа қандай жоспар түрін қабылдауға мәжбүр болды? баға мен кіріс саясаты

43. Лейбористер қандай заңды жойды? Өнеркәсіптік қатынастар туралы заңдарды

44. Ольстер, Шотландия, Уельс мәселелері қашан қиын жағдайда болды? 1970 жылдары

45. Англия тарихында өте ауыр экономикалық дағдарыс қай жылдары болды? 1979-1981 жылдары

46. Консерваторлар партиясы дағдарыстан шығу қандай бағдарламасын жасады? Дұрыс көзқарас

47. Дұрыс көзқарас бағдарламасы қашан жасалынды? 1979 жылы

48. Билікке кім келді? Партиының жаңа жетекшісі Маргарет Тэтчер

49. Маргарет Тэтчердің билік ету уақыты? 1979-1990 жылдары

50. Экономика мен әлеуметтік салалардағы жаңа саясат қалай аталды? «тэтчеризм»

51. Лейбористер ірі корпорацияларды мемлекет меншігіне алу жоспарын қашан қабылдады? 1970 жылдардың басында

52. 1980 жылдары қанша отбасы жеңілдік шарт негізінде пәтер үй сатып алды? 1,1 млн отбасы

53. 1990 жылы Британия жаңа, кімді мойындады? Премьер-министрді – Джон Мэйджорды

54. 1992 жылы қандай заң жобасы бекітілді? «Шағын бизнестің Хартиясы»

55. Фолкленд аралы үшін болған ағылшын-аргентиналық тартыста екі ел арасында қайшылықтарды бейбіт реттеуден қашан бас тартты? 1982 жылы

56. Ұлыбритания Гонконг мәселесі бойынша Қытай Халық Республикасымен ымыраға қашан келді? 1997 жылы

57. Лейбористер партиясы басқа партияларды басып озып, жеңіске қашан жетті? 1997 жылғы мамыр айындағы сайлауда

58. Ағылшын экономикасы жақсы қарқынмен жаму жолына қашан түсті? XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында

59. Ел ішінде неше шетел компаниясы жұмыс істеді? 13 мың шетел компаниясы

60. АҚШ-тың делдалдығы негізінде Ұлыбритания және Ирландия үшжақты бейбіт келісімге қол қашан жеткізді? 1998 жылы

61. Лейбористер екінші рет жеңіске қашан жетті? 2001 жылғы сайлауда

62. Лейбористер үкімет билігін қай жылғы дейін бақылайтын мүмкіншілік алды? 2006 жылғы дейін


<== previous lecture | next lecture ==>
Латын Америка елдері | Франция
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.095 s.