![]() |
Реформаны дайындауDate: 2015-10-07; view: 2354. 1. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қазақтардың басқаружүйесін өзгерту үшін құрылған комиссия басшысы: статс- хатшы Бутков 2. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков басқарған комиссия ұсынған жоба бойынша қазақ даласын бөлу көзделді: екі облысқа. * Батыс облыстың орталығы- Торғай * Шығыс облыстың орталығы- Сергиополь (н/е Қарқаралы) 3 . А.П.Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына Орынбор генерал- губернаторы болыпН.А.Крыжановский тағайындалды: 1865 жылы * Жаңа губернатор И.И.Бутков комиссиясының пікірлері мен ұсыныстарықабылдамады. 4. 1865 жылы Қазақ өлкесін басқару жүейсін өзгертуүшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған Ішкі Істер министрлігі кеңесінің мүшесі: Гирс 5. Қазақ даласын басқаружөніндегі «Ереженің» жобасын дайындайтын «Дала комиссиясы» құрылды:ХІХ ғ 60 жылдары. * «Дала комиссиясының» құрамындағылар: бас штабтан- полковник Ф.К.Гейнс, Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский, Батыс Сібір генерал- губернаторлығынан капитан А.П.Проценко. 6. 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған: өлкені зерттеп білумәселелері. 7. ХІХ ғасырдың 60 жылдары әкімшілк басқару жүйесінде өз пікірлерін ұсынған қазақтың ғалымы:Ш.Уәлиханов 8. ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уәлиханов айтқан пікір:халықтың өзін- өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті. 9. ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ережені» бекітті: 1867 жылы 11 шілде. 10. ІІ Александр патша «Орынбор және Батыс генерал –губернаторлығына Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті: 1868 ж 21 қазан. 11. 1867-1868 жылдардағы реформа тұстас келді: Ресейде басыбайлылық құқығының жойылуымен және бірқатар буржуазиялық реформалардың қабылдануымен.
Реформаның мазмұны, мәні. 12. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша бүкіл қазақ жері әкімшілік жағынан бөлінді: 3 генерал- губернаторлығына 13. 1867- 1868 жылдардағы реформаға дейін қазақ даласы бөлінді: 14. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша құрылған генерал- губернаторлықтар: Орынбор, Түркістан, Батыс Сібір І. Орынбор генерал- губернаторлығына қараған облыстар: Торғай мен Орынбор ІІ.Батыс- Сібір генерал- губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей. ІІІ. Түркістан генерал губернаторлығына кірген облыстар: Жетісу, Сырдария. 15. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша 1872 жылдан бастап Бөкей хандығының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахан губерниясына 16. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен енгізілді: Закаспий облысына 17. 1867- 1868 жылдардағы реформа генерал- губернатордың қолында шоғырланған билік: әскери және азаматтық. 18. 1867- 1868 жылдардағы «Ереженің» басты қағидасы(түйінді жері): әскери және азаматтық биліктің бір қолында шоғырлануы. 19. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді: Түркістан генерал губернаторлығына *- 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал губернаторлығына дипломатиялық келіссөздер рұқсат етілген елдер: Қытай мен Иран 20. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша облысты басқарған: генерал- губернатор * Сонымен қатар, сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындалған (наказной) атаманы болып есептеледі. 21. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернатор жанындағы облыстық басқармалар үш бөлімнен тұрды:шаруашылық, сот істері, жарлықты жүзеге асыру. 22. 1867- 1868 жылдардағы реформа облыстық басқарма істерін қадағалаған: Вице губернатор 23. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: уезд. 24. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысына енгнен уездер: Көкшетау, Омбы, Петропавл. * Семей облысы: Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы (кейіннен Павлодар, Өскемен) * Сырдария облысы: Қазалы, перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент, Жизақ. *Жетісу облысы: Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ. * Торғай облысы: Елек, Қостанай, Ырғыз, Торғай *Батыс Қазақстан (Орал): Орал, Атырау, Қалмықов, Жем(Темір). 25. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша уезд бастықтарын тағайындаған: генерал- губернатор. * Уезд бастықтарына көмекші екі кісінің жергілікті халық өкілдерінен алынды. 26. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша уездер аймақтық принципке негізделіп бөлінген әкімшілік буыны:болыстарға 27. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша әр облыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны: 100- 200 шаңырақ. 28. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілген: Шыңғыс тұқымдары, сұлтандар. 9. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария * 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысының отырықшы елді мекендерінің басқару билігі берілді: Ақсақалдарға. 30. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер жиындарына сайланды: 3 жылға. *1867- 1868 жылдардағы реформалар әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралына айналған, ашық таптық сипаты бар сот мекемелері. 31. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны: билер мен қазылар соты 32. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны билер мен қазылар сотын бекіткен: әскери- губернатор. 33. 1867- 1868 жылдардағы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған облыс:Сырдария 34. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысында сақталған сот: қазылар 35. 1867- 1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары: қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жариялануы. 36. 1867- 1868 жылдардағы реформаларды өз шығармаларында сыңға алған қатарлы ойшылдар: Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин
ІІ. ХІХ ғасырдың 60- 70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер. 7. ХІХ ғасырдың екінші жартысында «Уақытша Ерже» бойынша енгізілген міндетті салық: Шаңырақ салығы. 8. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері өсірілді: 1 сомнан 3 сомға 9. 1867-1868 жылдардағы «Ережелердің» көшпенділер үшін ең басты ауыртпалығы: Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялануы, аумақтық негізде пайдалану. 10. 1868 жылдың желтоқсан- 1869 жылдың қазан аралығындағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар: Орал, Торғай. 11. 1868-1869 жылдары Орал және Торғай облыстарындағы халық қозғалысын басқарғандар:Жеңілдіктерінен айырылған рубасылар. * 1868-1869 жылдары Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістің басшылары:Жеңілдіктерінен айырылған рубасылар. 2. 1869 жылы мамырдың 6- ы күні фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскеріне көтерілісшілердің 20 мың қолы шабуыл жасаған жер: Жамансай көлі маңында. 3. 1868- 1869 жылдары Орал және Торғай облыстарындағы халық қозғалысының тағы бір сипаты:антифеодалдық. 4. 1869 жылдың наурыз ,маусым аларында көтерілісшілердің феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдардың саны: 41 5. 1869 жылы наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында феодалдық топтарға қарсы шабуылға қатысқан көтерілісшілер саны: 3 000 6. 1869 жылы Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға аттанған генерал- губернатор: Веревкин Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс. 7. 1867 -1868 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша 40 мың шаңырақтан тұратын адай руының екі жыл ішінде төлеуге тиіс салық мөлшері: 160 мың сом. 48. 1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліске түрткі болған: патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп- қонып жүрген аймақтарға жақындауы болды. 49. 1870 жылы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары: Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы. 50. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:Жазалаушылар талқандалып, Рукин атылып өлді. 51. 1870 жылы Бозащы түбегінде болған жазалаушылар мен көтерілісшілер арасындағы шайқастың нәтижесі: бүкіл Маңғыстаудағы азаттық қозғалыс шарпыды. * 1870 жылы 5 сәуірде қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск фортына шабуыл жасады. 52. 1870 жылы мамыр айында Маңғыстаудағы көтерілісті басуүшін қосымша әскери құрама әкелінді:Кавказдан 53. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу кезінде көтерілісшілер жайында «бұларды келістіріп жазалау керек» деп нұсқау берген министр:Милютин 54. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін басқан кезінде жазалаушылардан ығысып Хиуа хандығына өтіп кеткендер саны: 3000-ға жуық шаңырақ 55. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің жеңілу себебі. Адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархалдық құбылыстың күшін жоймауы. 56. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің басты ерекшелігі. Көтеріліске қазақ жалдама жұмысшыларының қатысуы 7. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі басылғаннан кейін соғыс шығыны ретінде адайлықтар өкіметке: 90 мың қой өткізуге міндеттелді *Кавказ әкімшілігінің талабымен Маңғыстау қазақтарынан 57 901сомқосымша салық жиналды.
ІІІ. Қазақстанның экономикалық дамуы. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару *1861 жылдың 19 ақпанындағы «Ереже» бойынша бірде- бір аграрлық мәселе аяғына дейін шеше алмады. Осындай жағдайда Ресей үкіметі орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудара бастады. * Біріншіден, ішкі губерниялардың әлеуметтік толқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін. * Екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды. 58. Ресейдің орталық аудандарының шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту басталған уақыт: ХІХ ғасырдың 60 жылдарының ортасында. 59. «Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасаған: Г.А. Колпаковский- Жетісу генерал- губернаторы 60. Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің ұсынысына сай «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл: 1868 жылы 61. 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ережесіне сай жан басына берілген жер көлемі: 30 десятина 62. 1868 жылы қабылданған «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже өз күшін сақтады: 1883 жылға дейін 63. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруларға берілген жеңілдік: салықтар мен міндеткірліктен 3 жылға босатылды. 64.1883 жылдан бастап жаңадан қоныс аударушылардың жан басына берілген жер мөлшері: 10 десятина -* 1889 жылы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрыңы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» жөнінде жаңа заң қабылданды. 65. 1891 жылғы «Уақытша ереже» бойынша жан басына шаққанда 15 десятина жер берілді: облыстар мен губернияларды бұрын қоныстанған шаруаларға. 66. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған аймақ: Жетісу өлкесі 67. ХІХ ғасырда қоныстандыру саясаты түгелге жуық қамтыған облыс: Сырдария 8. 1884- 1892 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде орыс, украин шаруалары құрған қоныстар саны: 37. * 1855 -1893 жылдары Ақмола облысы қазақтарынан 250 мыңнан астам десятина жер тартып алынып, 24 село ұйымдастырылды. 69. ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтар арасында отырықшылықтың кең таралуына себепші болған: 1) капитализм дамуы, 2) орыс, украин шаруаларын қоныстандыру. Капитализмнің дамуы. Сауда және қала. 70 . Қазақ даласында капиталистік қатынастардың дами бастаған мерзім: ХІХ ғ.ортасы. 71. ХІХ ғасырда ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгермеген тобына жататын: қазақ жатақтары. * ХІХ ғасырдың 70- 80 жылдарынан бастап кедейленген қазақтар күнкөріс көзін табу мақсатымен тау –кен орындарына, ірілі- ұсақы кәсіпорындарға тартыла бастады. 72. ХІХ ғасырда Ресей Мемлекеттік банк бөлімшелері ашылған қалалар: Орал (1876ж), Петропавл(1881ж), Семей (1887 ж), Омбыда(1895ж), Верный (1912ж)* шаруашылық мен мәдениет ошақтарында 43. ХХ ғасырдың басында филиалдары саны жағынан Қазақстанның шаруашылық өміріне белгілі орын алған банк: «Орыстың сауда өнеркәсіп банкі» 74. Қазақ- орыс сауда байланыстарын дамтыуда ерекше орын алған: Жәрмеңкелер. 5. 1832 жылы қазақ жерінде тұңғыш жәрмеңке ашылды: Бөкей (Ішкі) ордасында. 76. ХІХ ғасырдың 80 жылдары Шығыс Қазақстандағы ірілі- ұсақты қалалық, далалық жәрмеңкелер саны:70- тен астам. 77. ХІХ ғасырдағы Қазақстан аудандарындағы жәрмеңкенің басты дамыған өңірі. Ақмола облысы * Оллыстағы ірі жәрмеңкелер: Тайыншакөл (Петропавл уезі), Константиновка (Еленецкая), Петровка (Атбасар станциясы) 78. 1848 жылы қарқар уезінде ірі жәрмеңке ашылған өңір: Талды Қоянды * Қарқара уезіндегі жәрмеңке аталды: көпес Варнав Ботовтың есімімен 79. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның Ресеймен саудасындағы негізгі тауар:мал. 1. ХІХ ғасырдың аяғына қарай бір саудагердің қазақтарды алдап, «қасиетті от» деп сатқан заты; сіріңке * Кейіннен басып алған көпестердің біреуі қатып қалған тас кәмпитті қазақтарға «Мұхаммедтің тұзы» деп сатқан. 81. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде пайда болған қалалар саны: 19. 82. Ресейде тұңғыш халық санағы өткізілді: 1897 жылы 83. 1897 жылғы халық санағы бойынша көп қоныстанған ірі қалалар: Орал, Верный. 84. ХІХ ғасрдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласы: тау- кен өнеркәсібі. * ХІХ ғ.соңында аталған салада 19 мыңдай жұмысшы болса, ол 1902 жылға қарай 30 мыңға жуық болды. 85. Ұлттық құрамы жағынан қара жұмысщылардың басым бөлігі: қазақтар.
ІҮ. Қазақ –қытай сауда қатынастары 1.ХІХ ғасырдың басында ресейлік көпестердің қытайлықтармен сауда айналымын кеңейтуге кедергі жасаған: Пекин сарайының басқа елдермен оқшаулану саясатын өзгертпеуі. 2. 1805- 1806 жылдары Ресей үкіметі сауда байланысын реттеу үшін Головкиннің елшілігін аттандырды: Пекинге 3. Ю.А.Головкин бастаған елшілік Пекинге жіберілмей, қайтып оралуға мәжбүр болды: Ургадан (Улан Батор) 4. ХІХ ғасырдың басында Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстың орталығына айналған Қазақстан қалалары: Семей, Бұқтырма. 5. Орта жүздің бура- найман руының белді сұлтаны Құдаймендінің Петербургке ұлы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты: Ертістің оң жағындағы Жәміш бекінісінен Шыңжаңға сауда керуендерін аттандыруға ресми рұқсат беру. 6. ХІХ ғасырдың басында қытай көпестерінің жиі сауда жасайтын орталықтырың бірі: Бұқтырма * 1811 жылы Ресей үкіметінің шекаралық ауданға ерекше өкілдікпен жіберілген тілмашы Н.Г.Путимцевкежүктелген міндет: Қытайлықтардың Бұқтырма туралы саудасының мүмкіндіктерін анықтау. * 1809 жылы Бұқтырманы басып өтіп, Шәуешек қаласында тауарларын сатып оралған көпес: Нерпин * 1812 жылы құны бір милион сомға жуық тауарын Құлжа базарларында тиімді сатып, пайдамен оралған Ташкент көпестері: Мирқұрбан Ниязов және Ахмадий Аширов 7. ХІХ ғасырыдың басында Қытайға баратын саудагерлерді қорғау мақсатында үкімет қабылдаған шешімі:қарулы казактарды бөлді(қарулы топ ұстауға рұқсат берді) 8. 1824 жылы Құлжа мен Қытайдың қалаларында сауда- саттық жүргізіп, Қазақстан арқылы Цин империясына сауда жүргізудің пайдалығына жергілікті басқарушылардың көзін жеткізуге тырысқан Ташкент көпесі: Муминов. 9. ХІХ ғасырдың басында Ресейдің Шыңжаң базар- жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары: өнеркісіптік бұйымдар, матаның кейбір түрлері 10. ХІх ғасырыдың бірініші жартысында Ресей үкіметі осы елмен Қазақстан арқылы байланыс орнатуға мән берді: Цин империясының. 11. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үкіметінің Тибетпен Қазақстан арқылы байланыс орнату бастамасын іске асыруға тырысқан: генерал- лейтенант Глазенап 12. Ресей бодандығынағы бірде- бір адам аяғы баспаған «үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: Семен Мадатов 13. Кашмирде болып, Ресейде кеңтаралған 25 кашмир шәлісін тұңғыш рет Қазақстанға жеткізген грузин көпесі: Семен Мадатов. *Қазақ бұйымдарын Тибетке сатып, көрген- білгендерін Сібір шекаралық комиссиясына қызықты хабарын әкелген, Семейден Қашқарға тікелей апаратын жаңа жолды ұсынған ауған көпесі: Мехти Рафаил 14. Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім:ХІХ ғ.30 жылдары. 15. Салық төлеуден қашып, шекаралық өңірдегі белгіленген керуен жолдарынан ауытқыған көпестерге қоланылған жаза: көпестердің бұйымдары ресейлік заңдар негізінде тәркіленді. 16. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей мен Қытай арасындағы сауданың дамуына кедергі болған жағдай: мемлекетаралық шарттың жоқтығы. *Шекаралық өңірде арнайыжәрмеңкелердің болмауы 17. 1851 жылға дейін Ресеймен Цин империясы арасындағы сауда- экономикалық байланыстары осы қала арқылы жүзеге асырылды: Кяхта 18. Ресей мен Қытай үкіметінің арасында Құлжа келісіміне қол қойылды: 1851 жылы 25 шілде. * Құлжа келісімінен кейінгі бернеше жылдың ішінде Қазақстан арқылы іске асырылатын орыс- қытай саудасы төрт есеге ұлғайды. 19. 1855 жылы Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі:Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті тұрғындардың талан таражға салуы. 1. Шәуешек қайшылығынан кейін Ресей көпестерінің саудасы осы қаламен шектелді: Құлжа. 21. Қазақстан арқылы дамыған орыс- қытай сауда байланыстарының құлдырау кезеңі: ХІХ ғ. 60 жылдарының ІІ жартысында 22. Қырғыз елі мен Жетісу бойын Цин империясы мен Ресейдің иелігі ретінде ресми түрде таныды: 1864 жылы Шәуешек хаттамасы 23. 1881 жылдың 12 ақпандағы Ресей мен Қытай арасында қол қойылған келісім: Петербург 24. Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланысына кең жол ашқан келісім: Петербург шарты. 25. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Шыңжаң қалаларынан Қазақстанға шығарылатын басты тауар: Қытай шайы. 26. 1881 жылғы Петербург шартына сай орыс-қытай шекарасынан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықтарұқсат берілді: шайды баж салығынсыз сатуға рұқсат берілді.(бір фунт үшін 43-55тиын) 27. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс- қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға: Іле өзенінің алабын сауда қарым- қатынасына шығуы. (*ашылуы) 28. 1882 жылы Англиядағы кеме алдырып, Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпес:Вали Ахун Юлдашев 29. 1882 жылыГ.А.Колпаковскийдің қолдауымен Англиядан ірі су кемесін сатып алған инженер:Поклевский. 30. 1883 жылы мамыр айының 4- інде Вали Ахун Юлдашевтің астық тиеген кемесі жеткен Қытай қаласы:Сүйдін 31. Орыс- қытай қарым- қатынасында,ы белді оқиғалардың бірі Іле су жолы ашылды: 1881 жылы 32. ХІХ ғасырдағы Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі: Сүйдін. 33. Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда көзге түскен жәрмеңке: Қарқара 34. 1890 жылы маусым айыднда Шыңжаңмен сауданы ұйымдастыру үшін құрыған сауда округі: Семей 35. Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа сатыға көтерген Сібір темір жолы іске қосылды: 1894 жылы 30 тамыз.
Ү. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси- әлеуметтік дамуы. 1886-1891 жылғы «Ережелер» 36. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қабылданған «Ержелерді» заңдастыру созылды: 20 жылға 37. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қабылданған «Ержелерді» заңдастырудың жиырма жылдан артық уақытқа созылу себебі: қазақ шаруалары көтерілістің салдарынан 38. 1886 жылы маусым айының 2- күні бекітілген Ереже: «Түркістан өлкесі басқару және онда жерсалық өзгерістерін енгізу» 39. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесінің басқару орталығы:Ташкент 40. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесіне енген облыстар: Сырдария, Ферғана, Самарқан. 41. 1886 жылғы Ереже бойынша Ферғана облысына енгізілген уезд саны:5 * Сырдария облысына енген уезд саны: 4 * Самарқан облысына енген уезд саны: Әмудария бөлімі+ 5 42. 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған Ереже бойынша құрылған: Ақмола облысы, Торғай облысы, төрт уезд 43. 1891 жылы 25 наурызда қабылданған Ережеге сай Дала генерал- губернаторлығына кірген облыстар:Ақмола, Семей, Жетісу. 44. 1891 жылғы «Ережеге» сай Дала генерал- губернаторлығына кірген үш облыстың орталығы болған қала: Омбы 45. 1891 жылғы Ереже бойынша Жетісу облысына кірген уездер саны: *Семей, Ақмола облыстарына енген уезд саны: 4 * Торғай, Орал облыстарына енген уезд саны:4 * Жетісу және Орал облыстық әскери губернаторлары осы өңірлердегі үкімет тағайындаған: казак әскерінің атаманы болып есептелді. 46. 1886-1891 жылғы «Ереже» бойынша сайланған болыс басқарушылары мен ауыл сатаршындарын бекіткен: әскери губернатор. 47. 1886-1891 жылғы «Ережеге» сай мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны: «халық соты.» 48. 1886-1891 жылғы «Ержеге» сай уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны: «Соттардың төтенше съезі» * Соттардың төтенше съезі тек әскери губернатордыңрұқсаты бойынша шақырылатын. 49. 1886 жылғы Ерже бойынша облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғайтын сот: Бітістіруші сот
Жұмысшы қозғалысының басталуы. 50. ХІХ ғасырдың екінші жартысында өндіріс орындарында жұмыс істеген қазақтардың үлесі: 60-70пайыз. 51. ХІХ ғасырдың екінші жартысында алтын өнеркәсібіндегі әйелдердің үлесі: 1-4 пайыз 52. 1873 жылы Қазақстан кен орындарын жұмыс істейтін әйелдердің үлесі: 12 пайыз 53 1893 жылы Қазақстан кен орындарында жұмыс істейтін әйелдердің үлесі: 17,8 пайыз 54. Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі кеңінен пайдалана бастады: ХІХ ғасырдың 90 жылдары 55. ХІХ ғасырдың 90 жылдарындағы кен орындағы 16 жасқа дейінгі балалардың үлесі: 14 пайыз 56. ХІХ ғасырдың аяғында жұмысшылардың Қазақстан жағдайындағы таптық қарсыластарының бірі: өндіріс орындарын тастап кетуі. 57. ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза: 3 айға абақтыға қамалды * қашқын жұмысшыларды ұстап бергендер тіпті арнайы сыйлық алатын 58. Қазақстанда қолданылған таптық қарсылықтың бір түрі: ереуіл 59. 1849 жылы жұмысшылардың алғашқы бас көтеруі өткен жер: Көкшетау. 60. Өскемен кен өндірісінде ереуіл өкен жыл: 1888 61. 1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі: жалақысы артты 62. Өскемен уезінің Владимирск алтын кенішіндегі ереуіл ұйымдасқан түрде өтті: 1891 жылы * Ереуілге басшылық еткен Қазақстандағы алғашқы жергілікті халықтан шыққан жұмысшы өкілдері: И.Жағалтайұлы, У.Жанғазин, У. Төлегенұлы 63. 1893, 1895 және 1899 жылдары ереуілге шыққан: Батыс Сібір темір жол торабының жұмысшылары, Омбы темір жолшылары. 54. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстандағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігі: өндіріс орындарының ұсақығы, жұмысшылар санының аздығы, олардың арасында билік пен өзара түсінушіліктің жетіспеуі.
ҮІ. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аудару. 65. 1862-1877 жылдардағы ұйғыр мен дүнген халықтарының азаттық күресібағытталған әулет: Маньчжур- Цин 66. 1864 жылы Шыңжаңдағы көтеріліс барысында Қашғарияда құрылған мұсылман (ұйғыр) мемлкеті:Жетішар * Іле өлкесінде құрылған:Дүнген хандығы шығар 67. Жетішар мемлекетінің негізін қалаған қоқан әскери басшысы: Якуб. 68. Патша (орыс) әскерінің Іле өлкесіне енгізілуі:1871 69. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы: Шыңжаң (Жаңа шекара) 70. ХІХ ғасырдағы ұйғырлар мен дүнгендердің Жетіуға қоныс аударуының себебі:Ұйғыр, дүнгендергеЦинь үкіметінің қысым көрсетуі. * 1881жылғы Петербург шарты бойынша Іле өлкесінің тұрғындарына қатысты айтылды: Қытай немесе Орыс бодандығына кіру 71. 1881 жылдың күзінен -1884 жылға дейін Шыңжаңдағы ұйғырлар мен дүнгендердің басты қоныс тепкен өлкесі: Жетісу 72. 1881-1884жылдары Қазақстанға қоныс аударған ұйғырлар саны: 45 мың 73. 1881- 1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны: 5 мың 74. ХІХ ғасырдың аяғында Алматы облысында ұйымдастырылған ұйғыр болысының саны: 6 75. Верный уезінің Жаркент болысындағы ауқатты ұйғыр көпесі: Вали Ахун юлдашев 76. ХІХ ғасырдың соңында қоныс аударғн әрбір дүнгенге берілген жер көлемі: 3 десятина 77. Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы: «Он екі мұқам» 78. 1905 жылы Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі «Он екі мұқам» басылып шыққан қала: Қазан 79. Ұйғыр халқының тамаша музыка өнері, ән мен биі жөнінде ой пікірлерін ортаға салған ғалым- саяхатшылар: Ш.Уәлианов, Роьорвский, Пржевальский.
ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті І. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті ІІ. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті ІІІ. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті І. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті Орыс ғалымдарыныңҚазақстанды зерттеуі. 1.ХҮІІІ ғасырда Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болғаналғашқы ірі экспедицияға басшылық еткен: Князь Александр Бекович Черкасский * Экспедиция саяси қатынас тұрғысынан әлсіз аяқталып, Хиуаны бағындыруға аттанған әскери бөлім түгелге жуық қырылды. 2. І Петрдің жеке тапсырмасы бойынша «Азияға жол іздеу» талабымен құрылған әскери экспедиция:Подполковник И.Д.Бухгольцтің экспеициясы 3. «Жоңғария картасын» жасаған орыс экспедициясы құрамында болған тұиқындағы швед офицері:И.Г.Ренат * ХІХ ғасырдың 80- жылдары Жоңғария картасын алғаш рет орыс география қоғамы жазбаларында жариялаған: В.В.Веселовский 4. Сібір тарихын зерттеген еңбегі үшін Сібір тарихының атасы атанған: Миллер * «Сібір тарихы» атты еңбегінде әсіресе Орта жүз туралы жазғаны бүгінгі күнге дейін мәнін жоғалтқан емес. 5. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен көптеген қиыншылықтарын көрсеткен орыс ғалымы: П.И.Рычков 6. Өлкенің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған, Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған: Рычков 7, Қазақстан тарихының топографиясы туралы сирек кездесетін мәліметтер қалдырған жәнеӘбілқайыр ханның сол кезде әлі де жақсы сақталған бейітін суреттеп жазған: Рычков *Оның 1771 жылы «Қырғыз –қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар» атты еңбегінде , алғаш рет Еділ қалмақтарының қазақ даласы арқылы Қытайға қашуы туралы құнды мәліметтер бар. 8. Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған: К.Миллер 9. «Россия мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат» атты еңбегінде халықтың жағдайын, орналсуын, әскери бекіністердің салынуын, олардың өздеріне тән белгілерін дәл суреттеген неміс саяхатшысы, натуралист: Паллас.
Қазақ әдебиеті 10. ХҮІІІ ғасырдашығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі: Ақтамберді ( ) 11. Абылайдың кереметқасиеттерін жырлап Орта жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы танымал ақын:Тәтіқара. 12. Соңғы шығармалары Абылай кезіндегіқазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын ХҮІІІ ғасыда өмір сүрген белгілі жырау: Тәтіқара 13. Бұқар жыраумен замандас Қанжығалы қарт Бөгенбай жоқтау және оның өлімін Абылайға естірту сияқты жырлары бар атақты жырау: Үмбетей 14. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі, Абылай ханның кеңесішісі болған жырау: Бұқар жырау (1668- 1781жж.) 15. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының авторы, ХҮІІІ ғасырдың суырып салма ақындарының бірі: Жанақ ақын(1770-1856) 16. Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі, қазірге дейін сақталған поэма: «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» * Атақты ақын Орынбаймен айтысқан:
ІІ. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті Ағарту ісінің жағдайы *Қазақ жерінің Ресейге қосылуы өлкенің әлеуметтік- экономикалық даму барысында әсер етіп қана қоймай, білім беру, ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дәстүрлері мен мәдениетінің жаңа бағыт аулына да барынша әсер етті. 17. ХІХ ғасырдың бас кезінде медреселерде оқытылған тіл: араб 18. ХІХ ғасырдың баында мектептерде оқытылған діни білмдер: «Шариғат ұл Иман», «Әптиек» 19. ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата- аналар балаларын жіберді: Бұхар, Самарқан, Хиуа, Ташкент. 20. Қазақ жерінде тілмаштар дайындайтын «Азиялық училище»ашылған жыл: 1789 жылы * Моңғол, маньчжур, қытай, парсы және басқа да Азия қалықтары тілін оқып- үйренген мектеп түлектері-алғашқы сауатты мамандарболып шықты. 21. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда ашылаған әскери училищелерде даярланған мамандар: шенеуніктер. 22. 1813 жылы Омбыда ашылған әскери училище 1837 жылы: Сібір кадет корпусы болып өзгертілді 23. 1825 жылы Орынборда ашылған әскери училище1844жылы: Неплюев кадет корпусынаболып қайта құрылды 24. 1844 жылы Неплюевтің кадет корпусы орналасқан қала: Орынбор 25. 1831 жылы қыркүйек айының 18- і күні орысша білім беретін училище ашылған қала:Семей 26. 1836 жылы жанында қазақтар үшін интернаты бар училище ашылған қала:Өскемен 27. 1841 жылы татарша- орысша білім беретін мектеп ашылған хандық: Бөкей ордасы(Ішкі орда) 28. 1841 жылы татарша- орысша білім беретін мектептерді ұйымдастырушы: Жәңгір хан. 29. ХІХ ғасырда теңізде жүзу ісін үйрететін мектеп ашылған қала:Атырау 30. Орынборда шекаралық комиссияның жанынан қазақтарға орысша білім беретін бірнеше мектептер ашылған мерзім: 1850 жылы
Қазақстандағы саяси жер аударылғандар *Декабристер көтерілісінің жеңілуі азатық қозғалыс өкілдерінің Ресей империясына қараған шеткі аймақар өкілімен танысуына себепші болды. Декабристер ісі бойынша жауапқа тартылған579 адамның 108 –і Сібірге, соның ішінде Ертіс бойындағы бекіністерге, Орынбор шебіне айдалды. 31. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында декабристерден «Бұқтырмада көп емдеп, көп көмектестім»,- деп жазған декабрист: М.И.Муравьев- Апостол 32. Қазақстанға жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені, Мәскеу университетінің түлегі, этикалық- саяси ғалымдар магистрі: С.Семенов * Немістің атақты саяхатшы- ғалымдары Гумбольдт, Эренберг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, қазақ елін, жерін аралады, тұрлықты халықтың өмірімен танысты. 33. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысқан, «Кіші жүз руларының картасын» жасаған декабрист: Вольховский 34. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Каспий теңізінің солтүстік- шығыс жағалауларын зертетеуге арналған экспедицияға қатысқан: Карелин 35. 1848-1849 жылдары Арал теңізіне жасалаған экспедицияны басқарған: Бутаков. 36.1867 жылы Мәскеуде жарық көрген «Батыс Сібірді Сипаттау» атты еңбегінің авторы, қазақ халөы тарихымен айналысқан зерттеуші:И.Завалишин 37. «Іле бекінісіне бару» деген очеркінде қазақ жері, оның шексіз даласы,байлығы туралы тамаша пікірлер айтқан:Коровков 38. 1849 жылы М.Петрашевский ісі бойынша тұтқындалып, «Белинскийдің идеясын» таратқаны үшін Сібірге жер аударылған, кейін солдат болып Семейге ауыстырылған: Достоевский * Жазушының өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлуінің көрінісі: Археологиялық ескеткіштер жинаумен айналысуы. 39. А.Бутаковтыңбасшылығымен ұйымдастырылған Арал экспедициясындаөлкенің тарихи- геограяилық бейнесін, көшпелі қазақтардың ауыр жағдайын суреттеген, белгілі шығыстанушы: Макшеев. 40. 1831 жылы Орынбордағы Неплюевкадет корпусы жанынан ашылған мұражай арналған: осы өлкенің тұрмысын, тарихын сипаттауға 41. Қазақ халқының озық ойлы ұлдарының орыс демократиялық қозғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізген: Петрашевшілдер
Орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақстанды зерттей бастауы 42.В.И.Дальдің Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттаған шығармасы: «Бикей мен Мәулен» 43. В.И.Дальдің осы көтеріліс басшыларына жаңашырлық білдірді: И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы * В.И.Даль 1833-1841 жылдары Орынбор әскери губернаторының жанында арнайы тапсырмалардыорындайтын шенеунік қызметін атқарған 44. Қазақ жерінде болған А.С.Пушкин шығармашылығыа арқау болған көтеріліс: Пугачев 45. А.С.Пушкиннің Орынборда (Қазақстанда) болған жылдары: 1833 46. А.С.Пушкиннің Орынбор қаласында жинаға тарихи материалдары негізінде жазылған еңбегі: «Пугачев бүлігінің тарихы» 47. А.С.Пушкиннің Оралда қағазға түсірген поэмасы: «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» 48. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында көшпелі қазақ халқының әдет- ғұрыптары мен салт- дәстүрін зерттеген белгілі орыс ғалымы: 49. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы: Левшин Қазақ әдебиеті. 50. Махамбет Өтемісұлынің өмір сүрген жылдары: 1802- 1846 жж. 51. 1824- 1829 жылдары М.Өтемісұлы тұрған қала: Орынбор *Жәңгірхан Махамбетті өз ұлы Зұлқарнайынның тәрбиешісі ретінде қосып алуға жіберген. 52. Махамбеттің шаруалар толқынына қатысқаны үшін Қалмықов бекінісінде қамауда отырған жылы:1829жылы 53. Халық мүддесіне мейлінше берілген Махамбет өлеңдеріндегі Махамбет өлендеріндегі негізгі тақырып:еңбекшілер өмірі, билеуші таптың озбырлығы *Махамбеттің Бөкей ордасы билеушілеріне өшпенділігін ашық білдірген өлеңі: «Баймағамбет сұлтанға» 54. ХІХ ғасырдың бірініші жартысында шығармашлығында суырып салма өнерді одан әрі дамытқан ақын:Шернияз Жарылғасыұлы 55. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Шернияз Жарылғасыұлының әдебиет саласына қосқан үлкен жаңалығы: суырыпсалмалық өнерін одан әрі жетілдірді. * Шернияз Жарылғасыұлы (1807-1867жж.) 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтеріліске қатысты 56. Жастай екі көзінен айырылып, ақындық өнері күнкөріс болған ақын: Шөже Қаржаубайұлы 57. Әйгілі «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының ең көркем нұсқасын таратқан эпик ақын: Шөже 58. Шөже Қаржаубайұлының суырыпсалма өнерін жоғары бағалаған: Ш.Уәлиханов 59. 1822- 1895 жылдары өмір сүрген халық ақыны: Сүйінбай Аронұлы 60. Сүйінбай Аронұлы дүниеге келген жер: Қаракәстек ІІІ. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті Орыс демократиялық мәдениеті 1.Орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі: ХІХ ғ.екінші жартысы 2. Дүние жүзінде белгілі ғалым, «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» атты еңбектерінің авторы:Семенов- Тяньшанский * ХІХ ғасырдың екінші жартысында Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, өлкені жан- жақты зерттеді. 3. ХІХ ғасырдың аяғында Іле алқабын, Жетісуді зерттеп, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыс зерттеушісі, академик: Радлов 4. «Орынбор ведомствасындағы қырғыз даласы» еңбегінде Кіші Жүз тарихын жан- жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші: Мейер. 5. «Сібір қырғыздарының облысы» атты еңбектің авторы: Красовский. 6. «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты еңбектің авторы, қазақ жерінің Ресей құрамына қослыу дәуірін біршама толық зерттеген: Добромыслов. 7. ХІХ ғасырда қазақ халқы тақырыбы шығармашылығында белгілі орын алған украин халқының ұлы ақыны: Т.Г.Шевченко 8. Украин халқының ұлы ақыны Шевченконың қазақ жерінде айдауда болған жылдары: 1847- 1857 жылдары 9. Т.Г.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі: «Менің ойларым» * Т.Г.Шевченконың тұрмыстың шындық жақтарын бейнелеген суреттері «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ», «Байғұстар» 10. Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбор, омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл: 1845 ж 11. Қазақ пен орыс халқының өнегенлі өкілдері достығының тамаша бір көрінісі: Абай мен Михаэлистің қарым- қатынасы Шоқан Уәлиханов 12. Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары: 1835- 1865 жж. 13. Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхаммед Қанапия 14. Шоқан Уәлихановтың ата- тегі: Сырымбет 15. Шоқан Уәлихановтың туған жері: Құсмұрын. 16. Шоқан Уәлихановтың атамекені Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған сұлу өңір:Сырымбет 17. Шоқаның сана- сезімінің ерте оянуына ықпал еткен: әжесі Айғаным 18. Шоқан Уәлихановтың оқыған Омбы қаласындағы оқу орны: 1847 ж Сібір кадет корпусы * Декабрист Завалишиннің бағасы бойынша, бұл оқу орны- «ағарту ісі мен патриотизмнің ордасы» 19. Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусында білім алға жалдары: 1847- 1853 20. Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусын бітірген кездегі жасы: 18 21. 1853 жылы Сібір кадет корпусын бітірген Шоқанның әскери шені: Корнет 22. Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ: Семенов- Тяньшанский 23. Шоқан Уәлихановтың Құлжаға барған жылдары: 1856ж * Шоқан Қытаймен екі ел арасындағы сауда байланысын жақсартуға үлесін қосып, Қытайұлықтарымен келіссөз жүргізді. 24. Шоқан Уәлиханов қағазға түсірген эпикалық шығарма: Манас 25. 1856 жылы Шоқан Уәлихановтың топографиялық және картографиялық деректерде сипаттаған өлі:Ыстықкөл * Шоқан Уәлиханов орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды: 22 жасында (1857ж) 26. Шоқанды әлемге әйгілі еткен сапары: Қашқарияға сапары 27.Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі: Қашқарияға сапар 28. Шоқанның Петербргте болған жылдары: 1859-1861 ж. 29. Шоқанның досы, аса көрнекті орыс жазушысы: Ф.М.Достаевский 30. 1864 жылы Шоқан Уәлихановтың генерал Черняевтің әскери экспедициясы құрамында басыпа алуға қатысқан бекініс: Әулиеата 31. Әулиеата бекінісіндегі алудағы генерал Черняевтің әділетсіздігіне налыған Шоқан Уәлихановтың Верныйға қайтқан жылы: 1864 жылы маусым айы 32. Ш.Уәлихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы «Русский инвалид» газетінде ақырғы еңбегі жарияланған жыл: 1865 ж 33. Шоқан Уәлиханов қайтыс болған жер: Алтын Емел (Көшек тоғаны дерле, албан руының аға сұлтаны Тезектің аулында) Қазақстандағы халық ағарту ісі. 34. Түркістан статистикалық комитеті құрылғн жыл: 1868 жыл. 35.Семей облыстық статистикалық комитеті шылған жыл: 1878 жыл 36. 1878 жылы ашылға Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшесінің бірі: Абай Құнанбайұлы 37. 1883 жылы қоғамдық кітапхана ашылған облыс: Семей * Алғашында кітап қоры 260 томнан тұрды. * ХІХ ғасырдың екінші жартысында ақысыз пайдаланылатын қоғамдық кітапаналар ашылған қалалар:Торғай, Орынбор. 38. 1861 жылы орыс- қазақ мектебі ашылған қала: Троицк 39. 1867-1868 жылғы Уақытша ережеге сай ағарту ісін дамыту үшін қазақтарға берілген құқық: өз еріктерімен қаржы жинауға. * Мұсылман дін өкілдері ауылдарда мешіт жанына мектептер ашу үшін уездік басқармадан ерекшерұқсат алуы қажет болды. 40. Исламдық метептерге шек қоюға бағытталған Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары» бекітілді: 1867 жылы. 41. 1883 жылы тұңғыш қазақ мұғалімдік мектеп ашылған қала. Орск. 42. Ресей империясындағы мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы мәселе алғаш рет үкімет шешімінде бекітілді: 1870 ж 26 наурыз * Ержеге сай мешіттердің жанында ашылған мектептерде орыс тілін оқыту міндеті деп табылды. 43. ХІХ ғасырда «Ереже» бойынша оқу орнына қабылданатын оқушылар жасы. 16-ға дейін. 44. «Ереже» бойынша Қазақстанда медреселердің оқу жылы: Мамырда басталып тамызда аяқталған. 45. ХІХ ғасырда медресені бітіргендер өзі білімдерін жалғастырды: Бұхара мен Ташкенттегі медреселерде 46. 1888 жылғы мағлұмат бойынша Түркістан өлкесіндегі медреселер саны. 206 медресе. * 3 660 мектеп,4000 мұғалім,49 мыңдай оқушы. 47. ХІХ ғасырда Сырдария және Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылды: Түркістан генерал-губернаторлығына * Оралмен Торғай облыстарындағы оқу орындары бағындырылды: Орынбор оқу округіне. * Семей мен Ақмола облыстарындағы оқу орындары қарады: Батыс Сібір округіне 48. 1896 жылы Торғай облысынан Ресейдің әр түрлі оқу орындарында білім алған қазақ студенттерінің саны: 50- ге жуық 49. 1897 жылғы қазақ халқының арасында сауатты қазақтардың үлесі. 10%. *Кеңес заманында отарлық кезінде қазақтардың сауаттылығы екі пайыздан аспады деген жалған қорытынды көрсетілген. 51. ХІХ ғасырда Қазақстанда халық-ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп. Білімді ұстаздардың жетіспеуі. 52. Петропавл қалалық мұсылмандар кітапханасы думаның қаржыландырумен жұмыс істеді: 1910 жылға дейін Ыбырай Алтынсарыұлы 1.Ыбырай Алынсариннің өмір сүрген жылдары. 1841-1889 жылдар. 2. . Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог. Ыбырай Алтынсарин 3. Әкесінен айрылған Ыбырай Алтынсарин қамқорлығында болды: Атасы Балқожа бидің 4. Ыбырай Алтынсарыұлы Орынбор шекаралық комисиясы жанындағы мектепті алтынмедальмен бітірген:1857 жылы * Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкіліВ.В.Григорьевпен жақындасты 5. Ыбырай Алтынсарыұлы Орынбор бекінісінде қазақ мектебін ашты: 1864 жылы 6. 1879 жылы Ыбырай Алтынсарин мектеп инспекторы болып тағайындалған облыс. Торғайоблысы. 7. Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ұйымдастырған қала. Ырғыз. * Ыбырай Алтынсарин- қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы. 8. Ыбырай Алтынсаринның орыс-қазақ мектептеріне арнап жазған негізгі еңбегі. «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық». («Қырғыз хрестоматиясы») *Ыбырай Алтынсарыұлы бұл оқу құралдары құрастырылған: орыс алфавиті негізінде * Ыбырай Алтынсарыұлы ның педагогикалық көзқарасына әсерін тигізген Сібірде,Орта Азияда және Қазақстанда қозғалыстың рухтандырушы: Ильминский. 9.Ыбырай Алтынсарыұлы «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесіарқылы уағыздаған шаруашылық түрі:егіншілік Абай Құнанбайұлы. 10.Абай Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары. 1845-1904 жылдар. 1. Абай Құнанбайұлының дүниеге келген жері: Семей облысының Шыңғыстау өңірінде 12. Абайдың шың есімі: Ибраһим * Абайдың шыққан руы: тобықты. 13. Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінде алатын орны. Жазба әдебиетінің негізін салушы 14. Абайдың Семейде оқыған оқу орны. Ахмет Риза медресесі 15. Құнанбайдың Абайды Семейдегі оқу орнын аяқтатпай елге алып кетуінің себебі. Ел билеу ісіне тартқысы келді 16. Абайдың ұлы Әбдрахманның Петербургте бітірген оқу орны. Артиллерия училищесі 17. Абайдың нақыл сөздері берілген шығармасы: «Қара сөздері» * Абайдың өсиетке толы шығармасы. «Ғақлиялар». 18.Абай Құнанбайұлы(*Құнанбай) тоғыз жыл басқарған болыс. Шыңғыс болысы. *Білімді де талантты Әбдірахманның (1895 жылы), одан кейінгі сүйікті баласы Мағауияның (1904ж) құрт ауруынан дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды. 1904 жылы ұлы ақынның өзі қайтыс болды. Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті. 9. . «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты картинаның авторы. В.Верещагин. 20. Суреші Н.Хлудовтың шығармалары: «Көш», «Мал айдау», «Отынға бару» 21. 1896 жылы жергілікті ұста, шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдардың көрмесі өткен қала. Петропавл 22. 1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған қазақ қолөнер бұйымдары. Зергерлік өнер заттары, ұлттық киімдер. 23. 1872 жылы қазақ музыка аспаптары көрмеге қойылған қала. Мәскеу. * ХІХ ғасырдың екінші жартысы – көрнекті халық сазгерлері мен классикалық сипатта қалыптаса бастаған музыка өнерінің негізі қаланған кез. 24. ХІХ ғасырда өмір сүрген Шертпе күй негізін салушылардың бірі, күйші. Тәттімбет Қазанғапұлы. 25. Тәттімбет Қазанғапұлының халықты қыспаққа алып, жәбірлеп жатқан төрелердісынауға арналған күйі. «Бестөре». 26. 1855 жылы Петербургке барып, күміс медальға ие болған күйші. Тәттімбет Қазанғапұлы. 27.ХІХ ғасырдағы аса көрнекті күйші, сазгер, аспаптық музыканың (күйдің) классигі: Құрманғазы Сарғыбайұлы 28. Құрманғазы Сарғыбайұлының өмір сүрген жылдары: 1818- 1889жж. 29. Құрманғазы Сағырбайұлы дүниеге келді: Бөкей ордасында.(Жиделі деген жерде) 30. Құрманғазы Сағырбайұлының алғашқы ұстазы. Ханбазар. 31. Құрманғазы Сағырбайұлының шаруалар көтерілісінің жетекшісі Исатай Тайманұлына арналған күйі.«Кішкентай». 32. Құрманғазы Сағырбайұлының туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас қайратын сипаттайтын күйі. «Сарыарқа». 33. Құрманғазы Сағырбайұлының би күйі. «Балбырауын». «Қызыл қайың» 34. Құрманғазы Сағырбайұлының бізге дейін жеткен күйлерінің саны: 60- тан астам
35. Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы, күйші. Дәулеткерей Шығайұлы 36. Дәулеткерей Шығайұлының өмір сүрген жылдары: 1820- 1887 жж. * Дәулеткерей ақсүйектер тобынан шықты. 37. Дәулеткерей Шығайұлының көзқарасын қалыптастырула ықпал етті: 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы көтеріліс. 38. Дәулеткерейдің орыс музыкасындағы әскери марштар әсерімен шығарған күйлері: «Ващенко», «Қос ішек», «Топан», «Қоңыр» 39. 1834- 1897 жылдары өмір сүрген атақты сазгер, әнші ақын: Біржан Қожағұлұлы 40. Біржанның сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне әсер етті: 1865 ж Абаймен
|