![]() |
Тест 8 – 38Date: 2015-10-07; view: 540. 1.Өздерінің ежелгі ата – мекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін қалай атайды? А) диаспора В) этнос С) ирредента Д) қауым 2. 1810 – 1822 және 1835 жылдары салынған шеп арқылы патша үкіметі қазақтардан қанша десятина құнарлы жерін тартып алды? А) 1 млн. В) 1,5 млн. С) 3 млн. Д) 4 млн. 3. 1897 жылғы санақ бойынша Самара губерниясында қанша қазақ тұрып жатты? А) 42,6 мың В) 74 мың С) 207,3 мың Д) 105 мың 4. Құлынды даласын пайдаланғаны үшін қазақтар мемлекетке жылына қанша шанырақ басына салық төлеуі тиіс болды? А) 1,5 сом В) 2 сом С) 4 сом Д) 6 сом 5. Орта Азия мемлекеттерінің аумағында қазақтар көп тұрып жатқан аймақ? А) Африкент, Үзгент В) Ташкент, Хорезм С) Ташкент, Жызақ, Ходжент Д) Хорасан, Үзкент
6. 1911 жылғы есеп бойынша Томск губерниясында қанша қазақ тұрған? А) 5 мың В) 15 мың С) 20 мың Д) 29 мың 7. 1916 жылғы көтеріліс кезінде Қазақстаннан Қытайға қанша адам көшіп кеткен? А) 100 мың В) 150 мың С) 200 мың Д) 300 мың 8. Батыс Сібірдің оңтүстік жағындағы аймақтан XVII – XVIII ғасырларда қазақ тайпаларын кімдер ығыстырып шығарды? А) моңғолдар В) башқұрттар С) жоңғарлар Д) ұйғырлар 9. Орта жүз қазақтары Тобыл мен Томск губернияларымен шекаралас аймақтарда уақытша көшіп – қонуға қай жылы рұқсат алды? А) 1751 ж. В) 1761 ж. С) 1771 ж. Д) 1781 ж. 10. Патшаның 1788 жәнен 1789 жылдары шыққан жарлықтары бойынша қазақтардың бір бөлігіне қай өзеннің оң жақ бетінде « мәңгі көшіп – қонып жүруге » рұқсат етілді? А) Есіл В) Ертіс С) Ембі Д) Тобыл 11. Синьцзянь атты аймақ Қытай өкіметі қай мемлекет орнына құрған? А) Ұйғыр В) Өзбек С) Жоңғар Д) Тибет 12. Қытай өкіметі мен жаулап алынған жерлерді қайтарып беру туралы келіссөздерін жүргізген қазақ билеушісі? А) Уәли В) Абылай С) Сәмеке Д) Жолбарыс 13. Монғолия жеріне қазақтар қай елден қоныс аударды? А) Ресей В) Қазақстан С) Қытай Д) Өзбекстан 14. XX ғ. бас кезінде Монғолиядағы қазақтардың жалпы саны қанша болды? А) 12 мың В) 25 мың С) 40 мың Д) 55 мың 15. Қытай өкіметі қазақтарға Синьцзяньға көшуге рұқсат берді? А) 1747 ж. В) 1757 ж. С) 1767ж. Д) 1778ж. 16. XIX ғасырдың аяқ кезінде Қытайда қанша мыңға жуық қазақ тұрды? А) 10 мың В) 50 мың С) 100 мың Д) 250 мың 17. Қытайдағы қазақтар сол елдің азаматтығын қай жылы алды? А) 1911 ж. В) 1914 ж. С) 1917ж. Д) 1923ж. 18. Ауғаныстан жерінде қазақтар қай уақыттан бастап қоныстанды? А) XIX ғ. 20 жж. В) XIX ғ. 40 жж. С) XIX ғ. 80 жж. Д) XX ғ. бас кезі
19. Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Түрікмен жеріне қай жылдары ауып кеткен? А) 1857 – 1860 жж. В) 1869 – 1870 жж. С) 1875 – 1878 жж. Д) 1889 – 1891 жж. 20. 1897 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың саны 73 мыңға жуық болған ел? А) Қытай В) Түрікменстан С) Өзбекстан Д) Ресей
|