Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Ерекшелігі


Date: 2015-10-07; view: 753.


Неолит

Палеолит

Кіріспе

Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғниалғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.

Кезеңдері

Қазақстанның тас дәуірі мына кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:

Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.

а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.

ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.

б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.

в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық.

Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.

Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялықтерминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.

Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) пышақ пішінді пластинкаларды, оның ішінде микропластинкаларды бөлу техникасының өте жоғары дамуымен ерекшеленеді. Осы кезеңде пышақ пішінді пластинкадан құралдар жасау өте кең таралды.

Құралдар

Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар, тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды. Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника дамиды. Балта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын, макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең таралады.

Кейбір мезолиттік мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары пайда болады.

Палеолитпен салыстырғанда түрлі сүйек индустриясы қалыптасады. Мезолиттік уақыттың тұрақтарында әртүрлі сүйек және мүйізден жасалған гарпундар, садақтар мен сүнгілердің ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен шот және оларға муфталар, т.б. көптеп кездеседі. Осы құралдардың кейбір түрлері мезолитте ғана жасалынған.

Өнердің сипаттарында да өзгерістер болды. Соңғы палеолитке тән жартастарға жазу біршама азайды. Өнерде шартты-тұспалды сипаттағы бағыт ұлғаяды. Геометриялық оюлар кеңінен таралады. Оюдың негізгі элементтері түрлі сызықтар, нүктелер, штрихтер, "шыршалар", иректер, торлар, т.б. болды. Оюды жүргізуде көбіне ойып түсіру және бұрғылау техникасы пайдаланылды. Зооморфты және антропоморфты бейнелерден тұратын ұсақ пластика кеңінен таралды.Соңғы палеолитпен салыстырғанда қоныстану түрақтары да өзгеріп отырған. Көптеген мезолиттік қоныстар көбіне кедей бұйымдарымен, жұқа мәдени қабатымен ерекшеленетін уақытша, маусымдық тұрақтарда тұрды. Ірі қоныстар өте аз кездеседі. Қазба кезінде табылған үйлер қалдығы әдетте қарапайым күрке тәріздес құрылыс болып келеді, ал соңғы палеолитке тән жертөле немесе жартылай жертөлелер тек солтүстіктегі суық аймақтарда кездеседі.

Мәдениеті

Мезолиттік

Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола жəне темір дәуірлеріне бөлінеді.

Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) пышақ пішінді пластинкаларды, оның ішінде микропластинкаларды бөлу техникасының өте жоғары дамуымен ерекшеленеді. Осы кезеңде пышақ пішінді пластинкадан құралдар жасау өте кең таралды.

Құралдар

Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар, тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды. Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника дамиды. Балөта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын, макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең таралады.

Кейбір мезолиттік мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары пайда болады.

Палеолитпен салыстырғанда түрлі сүйек индустриясы қалыптасады. Мезолиттік уақыттың тұрақтарында әртүрлі сүйек және мүйізден жасалған гарпундар, садақтар мен сүнгілердің ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен шот және оларға муфталар, т.б. көптеп кездеседі. Осы құралдардың кейбір түрлері мезолитте ғана жасалынған.Өнердің сипаттарында да өзгерістер болды. Соңғы палеолитке тән жартастарға жазу біршама азайды. Өнерде шартты-тұспалды сипаттағы бағыт ұлғаяды. Геометриялық оюлар кеңінен таралады. Оюдың негізгі элементтері түрлі сызықтар, нүктелер, штрихтер, "шыршалар", иректер, торлар, т.б. болды. Оюды жүргізуде көбіне ойып түсіру және бұрғылау техникасы пайдаланылды. Зооморфты және антропоморфты бейнелерден тұратын ұсақ пластика кеңінен таралды.Соңғы палеолитпен салыстырғанда қоныстану түрақтары да өзгеріп отырған. Көптеген мезолиттік қоныстар көбіне кедей бұйымдарымен, жұқа мәдени қабатымен ерекшеленетін уақытша, маусымдық тұрақтарда тұрды. Ірі қоныстар өте аз кездеседі.

Қазба кезінде табылған үйлер қалдығы әдетте қарапайым күрке тәріздес құрылыс болып келеді, ал соңғы палеолитке тән жертөле немесе жартылай жертөлелер тек солтүстіктегі суық аймақтарда кездеседі.

Мәдениеті

Мезолиттік материалды мәдениеттің айырықшылықтары осындай болды. Ол кейбір палеолиттік техникалық жөне технологиялық әдістердің одан әрі дамуымен және өзгеруімен, сондай-ақ, мезолитте пайда болған жаңа құралдар түрлерін жасау әдістерінің таралуымен сипатталады.

Мезолитте (б.э.б. Х-VІI мыңжылдықтар) мұз кезеңі аяқталып, ұлан-ғайыр территорияларда қазіргі ландшафт пен климат қалыптасты. Ауа райының күрт жылынуына байланысты мұздар шұғыл еріп, мұның өзі топан тасқыны сынды алапатқа әкеліп соқтырған болуы керек. Топан тасқынын куәландыратын деректер мен болжамдар жетіп артылады. Топан тасқынының нәтижесінде адамдар зардап шегіп, біразы қырылып кетті.Зерттеулерде радио-углерод анализ тәсілін көп қолданған американ ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты У.Ф.Либби: «Біздің дәуірімізге дейінгі 10400 жылдары Америка құрылығында адам ізі кенеттен жоғалып кеткен. Деректер осы кезде адамзат қоғамының дамуында бір үзіліс пайда болғанын айғақтайды»[1] дей келіп, бұл кезде адамзаттың даму процесін тоқтатқандай мұз қыспағы болмағанына мән береді. Сондай-ақ, ғалымдар Курдистандағы Шандер үңгірін адам қауымының 100000 жыл бойы үзбей мекендегенін, бірақ ондағы тіршілік б.з.д. 10000 жылдары кенеттен тоқтап қалғанын тілге тиек етуде.

Бұл ретте «Тауратта» жазылған жәйттер көңіл аударарлықтай деп білеміз. Онда алғашқы адамдар – Адам Ата мен Мама Хауаның пайда болуынан бастап олардың топан су басталғанға дейінгі кезеңдегі ұрпақтары санамалап көрсе-тілген. Адам Атадан Нұхқа дейін, мен оны есептеп шықтым, жалғасқан ұрпақтардың уақыты 7500 жыл екен. Ендеше топан су б.з.д 10400 немесе 10500 жылдары басталған болса, оған бірінші адамға дейін созылған жылдарды қосып, кері қарай шегере санасақ алғашқы саналы адам б.з.д. 20-18 мыңыншы жылдары пайда болған деп жорамалдауға болады. Алғашқы саналы адамның пайда болуы, бәлкім Окладниковтың Буретте тапқан ескерткіштерінің жасымен тұспа-тұс келетін шығар?

Жалпы алғанда, Топан тасқыны жөнінде Құрани Кәрімде айтылған. «Худ» сүресінен Нұх кемесінің тоқтаған жері «Джуди тауы» екендігін аңғаруға болады[2]. Бұл тау Шырнақ деген жердің оңтүстігінде. Оның оңтүстігінде, яғни Солтүстік Месопотамияда аталған Топан тасқыны болған. Бұл жерде осынау тасқынды айғақтайтын тік жартастармен қоршалған «Джизре» атаулы бір жазық бар. Нұхтың атымен аталған ауылдар, қоныстар бар. Осынау құбылысты еске түсіретін әпсаналар бүгінгі күнде де жергілікті халықтың жадында жақсы сақталған. Жұрт сол замандардан бері белгілі болған деп есептелінетін әпсанауи дәстүрлерді ұстануда.

Әпсаналарға қарағанда Нұх кемесінен түскеннен кейін осы таудың етегінде бір мешіт пен мал соятын ғимарат салдырып, құрбандық берген. Кемеде Нұх әулетінен басқа 40 еркек және 40 әйел болған. Сондай-ақ, кеме тоқтаған жерде «Семанин» атты ауыл болған. Бұл атаумен қазіргі уақытта бір ауыл аталады. Бір мешіттің ғимараты көрінеді, бірақ оның қашан салынғандығы белгісіз. Бәлкім, бұл әпсанада айтылғандай, Нұх салдырған мешіт шығар?[3]

Бұл жерде Нұх пайғамбар кемесінің тоқтаған жері Тауратта да тілге алынғандығын, ол жер «Ағры» (яғни «Арарат») деп жазылғандығын еске сала кетпекшіміз[4]. Түркиялық геолог Момын Көксойдың жазғанындай, ассириялықтардың тілінде «Урарту» – тау, ибраниліктер тілінде «Арарат» – тау, арабтар-да «Джуди» де – тау деген мағынада қолданылғандығын ескерсек, Нұхтың кемесі тоқтаған «Ағрыны» («Тауратта» айтылған) тау немесе жоғарыдағы «ел» деп түсінудің қисыны бар сияқты. Олай болса, оны Арарат тауы деп түсіндіретін армян авторларының пайымдауларын қабылдау қиынға соғады[5].

Топан тасқынының себептері туралы болжамдар бар. Солардың бірі оны Аймен байланыстырады. Б.з.д. V ғасырдың математигі және астрономы, әйгілі философ Анаксагор Жер орбитасында Айдың кейін пайда болғанын хабарлайды. Топан тасқынына Айдың тікелей әсері болғанын неміс ғалымы Герстенкорн, швед астрономы Хеннес Альвен, америка астро-номы Г.Юри (Наука и человечество, 1964. «О происхождении Земли и Луны») өз еңбектерінде сеніммен атады. Г.Юри өз пікірін былай тұжырады: «Ай – ғарыштық зілзаланың әсерінен Жер серігіне айналған планета. Аса ірі ғарыш денесі жанынан өткенде, ол өз орбитасынан шығып кетіп, аспан кеңістігінде маңып жүргенде, Жер өзіне «тартып» алған».Айдың Жер орбитасына енуі Жерді осінен тайдырмағанмен, қатты қозғап жіберген. Осының салдарынан теңіздер құрлықтарды басып қалған. Профессор Хартманн басқашалау пікірді алға тартады: «Марстың көлеміндей аспандық алып дене жерге келіп соқтығысқан, нәтижесінде жердің бір бөлігі ажырап кетіп, оның

орнында

Тынық мұхиты пайда болған. Ай деп жүргеніміз жердің осы бөлігі. Осы себептерге байланысты Жапония бұдан 12000 жыл бұрын құрлықтан ажырап кеткен болуы керек».

Голоцен кезеңінде климат күрт өзгеріп, жер бетінде жаңа экологиялық жағдайлар қалыптаса бастады. Күннің қызуының күрт көтеріліп кетуіне байланысты жер бетінде сіресіп жатқан тоң, таулардың басы мен аңғарларын басқан мұз еріп, жер бетін тасқын су қаптады. Содан «мамонт тәріздес» жануарлар түгелімен қырылып, жойылып кетті. Көп ұзамай жұмыр жер бетінің барлық аумағында дерлік жаңа өркениет өскіндері шыға бастады. Жоғарыда айтқан бұл «апатты» құбылыстың сырын профессор Э.П.Изох (1997) деректердің негізінде біздің дәуірімізден 10000 жыл бұрын Жердің кометамен соқтығы-суының салдарынан болды деп түсіндіреді.

Айдың қалайша пайда болғаны жөніндегі болжамды былай қоя тұрып Түркістан тұрғындарының топан тасқынынан кейінгі мезолит кезеңдеріндегі тыныс-тіршілігін сипаттауды жалғастыра түсеміз. Бұл кезендерде аң аулаудың жекеше тәсілдеріне көшу басталып, жебелі садақ, бумеранг және гарпун сияқты жетілген құралдар дүниеге келді. Бумеранг – 100 м қашықтыққа дейін ұшатын ағаштан жасалған орақ тәріздес қару. Гарпун – ұзын жіпке байланған найза сияқты қару. Еңбек құралдарын жасау техникасында өзгерістер байқалды: микролиттік индустрияның элементтері және ағаштың ұшына сүйір де үшкір тас немесе сүйек орнатылған құралдар пайда болады. Мезолит тұрағын қазған кезде биіктігі адам бойындай, ал жебесінің ұзындығы 1 метрге жететін садақтар табылды.

Мезолит адамдары негізінен аңшылар мен терімшілер болып қала берді. Бір жерде отырып бүкіл қауымды асырау қиын болғандықтан, адамдар жайылым іздеген жануарлардың артынан көшіп жүруге мәжбүр болды.

Шөпқоректі ірі аңдар өліп бітті, басқа жануарлардың көбісі құрып кетті. Сондықтан да жазда аңшылықпен айналысатын адамдар уақытша тұрақтарды мекендеп, қыстың күні жылырақ жаққа көшіп кетіп отырды. Кейінірек көшпелі өмір отырықшылыққа ауысты. Осы кезеңде адамдардың Азияның Қиыр Солтүстігіне дейін барып қоныстануы үдей түсті.Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материал-дық қалдықтар кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі ескерткіштерінен елеулі айырмашы-лықтары жоқ. Жебелердің ұштарындағы болмашы ғана айырмашылықтарды атап

өтуге болады.

Мезолит пен ерте неолит ескерткіштері Самарқант қала-сының аршылған тұрақтарынан, Байсун ауданындағы Мачай үңгірінен, Шерабаттағы жартастарға салынған суреттерден мәлім. Құралдар бұрынғысындай тастарды жарып бөлшектеу арқылы емес, оларға екі жағынан қысым түсіру (отжимная тех-ника) жолымен жасалынған. Жебелі садақ қолданылған, оның ұшына пышақ тәріздес пластинкалар орнатылған. Кескіштер, қырғыштар, қашау тәріздес құралдар пайда болды. Бұлардың жәрдемімен мүйіз бен сүйектерді өндеуге болатын еді. Жебелі садақтың маңызы өз кезеңінде өркениетті елдерде қолданыл-ған мылтық сияқты құралдан еш кем болмаған. Сүйектерден біз, ине жасалынған. Жануарлардың терісінен киім тіккен. Балық аулауға қажетті құралдар – қармақтар жасалынған.

Өзбекстанның оңтүстігінде тау ешкісі, ал Самарқант аймағында жабайы жылқы ауланған. Жер үйлер де кездеседі.

Сурхандария облысының Шерабад ауданындағы Зарауыт-сай тау шатқалының екі жағында, сондай-ақ Зарауыт-Қамар үңгірінің қабырғаларына салынған суреттер назар аударар-лықтай. Онда адам тұлғасы бейнеленген. Біреуі қоңырау тәріздес кең шапан киген, екіншісінің шапаны жоқ, тек денесі мен басы бейнеленген. Қолында садағы бар, артқы жағынан кұйрығы көрінеді. Жүгіріп бара жатқан үш иттің сұлбасы салынған. Мұндай суреттер ТМД елдерінің ішінен тек Орал мен Қырым шатқалдарының жартастарында ғана кездеседі. Жалпы алғанда неолиттік ескерткіштер Қызылқұмның орталық бөлігінен, Түркістанның, яғни Қарақұмның солтүстік бөлігінен, Қаратау жоталары және басқа шөлейтті аймақтардан көптеп табылған.

Неолит дәуірінде түрлі территорияларда біркелкі даму болмаған. Түркістан жерлерінде (неолит б.з.д.VIII мыңжылдық пен б.з.д. IV мыңжылдықты қамтып, тіпті ол кейбір аймақ-тарда б.з.д. VI-б.з.д. II мыңжылдықтарда аяқталған) тасты қыру, аралап кесу, ұнтақтау сияқты тасты өңдеу техникасы жетілдірілді. Шикізат ретінде сүйек және нефрит пайдала-нылды. Балта пайда болды. Қайық, шаңғы, аң аулау мен балық ұстауға қажетті құралдарды жасауға мүмкіндік туды.

Азық-түлік өндіруге, жейтін өсімдіктерді өсіруге, жануарларды қолға үйрету мен өсіруге көшу адамзат тарихында адамның отты пайдалану өнерін меңгергеннен кейінгі ұлы экономикалық революция еді. Ендігі жерде адамдар еңбегі табиғаттан мол өнім алуға пайдаланылып, өздерін тамақ қорымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етті. Оларға тек күш жұмсау ғана қалды[6].

Ғылымда бұл құбылыс «неолит төңкерісі» деп аталды. Оны Европадағы өнеркәсіптік революциямен салыстыруға болады. Бірақ ол 100 жыл емес, жүздеген жылдардың жемісі болып, үлкен нәтижелермен аяқталды да өзімен бірге таптық қоғамды ала келді.

Өндірістің аңшылық пен терімшілік әдістерінің егіншілік және мал шаруашылығымен ауысуы Таяу Шығыста б.з.д. 9500 жылдары басталып, б.з.д. 6500 жылдары аяқталған, яғни бұл процесс аталмыш жерлерде 3000 жжылғаөсозылған, ал біздің аймақта б.з.д. 6000 жылдан б.з.д. 4000 жыл аралығын қамтыды (2000 жыл). Неолитте Таяу Шығыста дәнді дақылдардың бар-лық түрлері, жеміс-жидектің көп бөлігі өсірілді, үй жануарла-рының дерлік негізгі түрлері қолға үйретілді. Біздің далала-рымызда жылқы малын қолға үйрету энеолитте қолға алынды. Мұны «Неолиттік төңкерістің» тәмәмдалуы деп атауға болады. Дегенмен неолитте қауымдық қоғам сақталынып қалды.

Түркістанның оңтүстік аудандарынан ұзындығы 12-18 сантиметрлік төрт қырлы немесе жапырақ тәріздес тас құралдары мен домалақтау етіп жасалған кола біз (12 см) табылды.

Ал Шыршық өзенінің жағалауынан бір балта мен орақты археологтар олжалады. Тасқа қысым түсіру арқылы одан екі жағының жұқа да өткір қырлары бар қалақшалар алынды. Оларды балта мен соқа ретінде пайдаланған. Балшықты күйдіріп, ыдыстар дайындаған. Олардың үстіңгі жағы қызыл түстес, мойны кең, корпусы шығыңқы, банка тәріздес; ыдыстың жоғарғы жағынан мойнына дейінгі аралықта оның бойын айналдыра параллельді және толқынды сызықтар тартылып, тісті штамп пен нүктелі тесіктер түсіру арқылы орнамент жасалынған. Жасалу техникасы жағынан ыдыстар Оңтүстік Еділ өңіріндегі Хвалын мәдениетінің ескерткіштерін еске түсіреді.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан мезолит дәуірінің хронологиялык шеңбері, шамамен, б.з.д. 12—5-мыңжылдықтар арасы. Мезолитте төрттік дәуірде жер бетін жапқан мұздықтар еріді. Жер жүзінде бүгінгіге жақын табиғи-климаттық, фауналық, флоралық жағдай қалыптаса бастады. Қазіргіге жақын жануарлар дүниесінің қалыптасуы аңшылықтың жаңа тәсілдерін іздестіруді қажет етті.
Жалпы, мезолит дәуірінің ең бір үлкен жаңалығы — садақ пен жебенің пайда болуы. Садақ пен жебенің пайда болуы аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Аң аулаудың бұл жаңа тәсілі аңшылық кәсібінің өнімділігі мен оңтайлылығын біршама арттырды. Мезолит дәуірінің тағы бір жаңалығы — еңбек құралдарын дайындауда сынатасты пайдалану қолға алынды. Палеолит дәуірінің соңына қарай Оңтүстік Сібір мен Алтайда микролит құралдары пайда бола бастады. Микролит дегеніміз — ұсак тас тілікшесінен немесе ұсак тас жаңқасынан жасалған құралдар. Олар, әдетте басқа бір құралға сыналанып орнатылады. Орта тас дəуірінің ерекшеліктері, микролиттердің п/ б, садақ пен жебенің п/б., олардың адамдар өміріндегі маңызы, мезолит дəуіріндегі табиғи-климаттық өзгерістер (мұздықтардың еруі, күннің жылынуы), жануарлар əлемі мен өсімдіктер дүниесіндегі өзгерістер,; Қ/н тер/ясындағы мезолит дəуірінің тұрақтары; мезолит дəуіріндегі алғашқы адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер, рулық қауымның нығаюырулардың тайпаларға бірігуі, егіншілік пен мал/ш-ның п/б, еңбек бөлінісі. Тас дәуірінің осы үш аймағының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардағы тас өндірісінің жалпы даму бағыты ұқсас.

 

 

.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет,


<== previous lecture | next lecture ==>
ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ | Наукова теорія
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.601 s.