Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Курс саясаты


Date: 2015-10-07; view: 819.


Студенттің оқудағы жетістігінің деңгейі қорытынды бағамен өлшенеді: емтиханға жіберілу рейтингісі (қорытынды бағаның 60 %) және емтихан бағасы (40 %). Емтиханға жіберілу рейтингісі ағымдық және аралық бақылаудың (15 апта) нәтижесінде шығарылады. Оқудағы жетістігі 100 баллдық шкала бойынша бағаланады. Оған (ағымдағы сабақтардағы жауаптары, дәрістегі белсенділіктері, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) енеді.

Оқу бағдарламасымен қарастырылмаған қосымша жұмыс түрлері (ғылыми мақала, публикация, олимпиадаға, конкурсқа, конференцияға қатысуы т.б.) қосымша бонус баллдармен бағаланады. Қатыспаған сабақтар мен қарыздарын өтеу 7,14 аптада аралық бақылаудың алдында қабылданады. Себепсіз қатыспаған сабақтардың тапсырмасы көрсетілген мерзімнен кейін қабылданбайды және рейтингіге қосылмайды.

Әр аптаның соңында үлгеріммен сабаққа қатысудың қорытынды рейтингісі локальді желі арқылы университеттің электронды журналына қойылады.

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Мазмұны Сағат саны Апта  
Модуль 1. Палеолит дәуірінен соңғы орта ғасырларға дейінгі Қазақстан  
Дәріс 1.Кіріспе   апта  
Практикалық сабақ 1.Деректер және тарихнама.  
ОСӨЖ 1.Шет елдік тарихнама    
  Дәріс 2.Ежелгі замандағы Қазақстан   апта  
1.Практикалық сабақҚазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер    
  ОСӨЖ 2.Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар.    
      Дәріс 3. Орта ғасырдағы Қазақстан Ерте ортағасырлық мемлекеттер (VI-X ғғ.)     3 апта    
Практикалық сабақ 3. Дамыған орта ғасырлар мемлекеттері (Х-ХІІ ғғ.)  
ОСӨЖ 3. Орта ғасырдағы мемлекеттердің экономикасы мен мәдениеті  
  Дәріс 4.Қазақстан монғол дәуірінде (ХІІІ ғ. басы – ХҮ ғ. 1-ші жартысы).Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы.     4 апта  
  Практикалық сабақ 4.Қазақстан Алтын Орда құрамында.  
  ОСӨЖ 4.ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.  
СӨЖ 1. “Ұлы Жібек жолы” және Қазақстанның көне қалалары. СӨЖ 2. Қазақстанның VІ-ХIIIғғ. мәдениеті. СӨЖ 3. ХIII-ХV ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті.  
Модуль 2.«Қазақстан ХҮ-ХІХ ғасыр аралығында»  
Дәріс 5. Қазақ хандығының құрылуы.   5 апта  
  Практикалық сабақ 5.Қасым, Хақназар хандар тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы.Тәуекел, Есім хандар тұсындағы Қазақ хандығының Орта Азия және Сыр бойындағы қалалар үшін күресі.  
  ОСӨЖ 5. Қазақ халқының қалыптасуы және “қазақ” этнонимі. Этно аймақтық бірлестіктер – жүздердің пайда болуы, олардың территориясы мен этникалық құрамы.  
Дәріс 6.Қазақ жерін Ресей империясының отарлауы   6 апта  
Практикалық сабақ 6.Кіші және Орта жүздердің Ресей бодандығын қабылдауы, қазақ өлкесін әскери-казактік отарлау, оның салдарлары.  
ОСӨЖ 6. Абылай ханның мемлекеттік қызметі.  
Дәріс 7. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ортасындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы.     7 апта  
  Практикалық сабақ 7.Кіші жүздегі Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797жж.). Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі.  
  ОСӨЖ 7.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847жж.).  
СӨЖ 2. 1. “Жеті-жарғы” – ХҮІІ ғасырдағы қазақтардың құқықтық ескерткіші. 2. 1822-1824 жж. Патша өкіметінің Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалары. 3. А.Құнанбаевтың қара сөздеріне талдау.  
Дәріс 8. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан. 1867-1868жж.реформалар. Патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау билігінің нығаюы. Торғай, Орал облыстарында және Маңғыстаудағы отарлауға қарсы көтерілістер (ХІХ ғ. 60-70 жж.).     8 апта    
  Практикалық сабақ 8.Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударылуы. Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударылуы және оның салдарлары (ХІХ ғ.соңы – ХХғ. бас кезі).  
  ОСӨЖ 8.Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы және оның мәдениет пен қоғамдық ойды дамытудағы рөлі (ХХ ғ. бас кезі).      
   
Аралық бақылау 1.(Бақылау жұмысы)      
Модуль 3.«Қазақстан ХХ ғасырдың басынан – ХХ ғасырдың ІІ жартысы аралығында»  
  Дәріс 9. XX ғасыр басындағы Қазақстан   апта  
Практикалық сабақ 9.“Алаш” партиясы және оның бағдарламасының жобасы. Алашорда үкіметінің және Түркістан автономиясының құрылуы және құлауы.  
  ОСӨЖ 9.Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920 жж.).  
  Дәріс 10.ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан         апта  
Практикалық сабақ 10.Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру және оның зардаптары ауыр салдарлары.  
ОСӨЖ10.Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық өзгерістер және олардың салдарлары (ХІХ соңы – ХХ ғғ.).  
    Дәріс 11. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында   11 апта  
Практикалық сабақ 11.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.Қазақстан – майдан арсеналы.  
ОСӨЖ 11.1941-1945 жж. соғыс майдандарындағы қазақстандықтардың ерліктері.  
СӨЖ 3. 1. М.Дулатовтың «Оян,қазақ!» өлеңін жаттау 2. А.Байтұрсыновтың «Маса» еңбегін талдау. 3. С.Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңін жатқа айту.  
Дәріс 12. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан   12 апта  
Практикалық сабақ 12. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.  
ОСӨЖ 12. 1965-1985 жж. Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.  
Модуль 4. «Қазақстан ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың басы аралығында»  
Дәріс 13. Қазақстан тоқырау жылдарында.   13 апта  
Практикалық сабақ 13.ХХ ғ. 70-80 жж. бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.  
ОСӨЖ 13.ХХ ғ. 70-80 жж. бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы.  
Дәріс 14.Қазақстан қайта құру жылдарында     14 апта  
Практикалық сабақ 14.1986-шы жылғы Желтоқсан көтерілісі.  
ОСӨЖ 14.КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы.  
  СӨЖ 4. 1.ҚР Президентінің “Қазақстан - 2030” Үндеуінің стратегиялық мақсаты, міндеттері, маңызы 2.«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 3.Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы  
    Дәріс 15. Тәуелсіз Қазақстан     15 апта  
Практикалық сабақ 15.1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы, негізгі мазмұны.  
ОСӨЖ 15.Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы тіл мәселесі. ҚР Конституциясының 7-бабының маңызы мен мәні.  
Аралық бақылау 2.(Бақылау жұмысы)    
  Емтихан    
  Барлығы: дәріс практикалық сабақ СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ)          

 

 

«Қазақстан тарихы» пәнінің семинар сабақтарының әдістемелік нұсқаулары

Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын игерудің қорытынды кезеңі болып табылады. Сол себепті де мұндай сабақта студенттердің өздік жұмысы қорытылып, бағаланады.

Лекция сабағымен салыстырғанда семинарда салмақ толығымен студент жағына ауысады, студент бұл сабақтарда негізгі рөл атқарады. Семинар сабағында студенттер теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер талқыланатын проблеманы түсіндіру, талқылау, талдау және бағалау әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдары мен позициясын келтіреді: семинар сабағын топтық талқылау мен пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді.

Семинар сабағының тағы да бір ерекшелігі келесідей: әр студент карастырылатын мәселелерді талқылауға тең құқылы және белсенді түрде қатыса алады. Ал оқытушы мұнда студенттердің пікірлерін қорытындылаушы, күрделі мәселелерді айқындаушы, кеңес-консультация беруші рөлдерін аткарады.

Семинар сабақтарында теориялық мәселелер практикалық тұрғыдан қолдану аясында қарастырылып, меңгеріледі. Ғылыми проблеманы талқылау практикада кездескен ситуацияларды мысал ретінде келтіру немесе кемшіліктерді сынау түріде ғана өтпейді, мұндай жұмыстар талдау (анализ) әрекеттерін қолдануды талап етеді. Сабақта студенттер жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселелердің аясында нақты баяндау, логикалық тұжырымдау, басқалардың пікірін сыни тұрғыдан бағалау сияқты біліктерін көрсете білуі керек.

Семинар сабақтарында теориялық оқу материалын меңгерудің келесі тиімді нысандарын қолдануға болады: проблемалардың шешімін табу, ақпаратты (статистикалық көрсеткіштер, ғылыми көзқарас, тұжырым, заңнамалық ережелер, т.б.) талдау мен бағалау, практикалық ситуацияларды жан-жақты талқылау мен оларды шешу жолдарын қарастыру.

Семинарға дайындалу барысында студенттер силлабустарда келтірілген өздік жұмыс тапсырмаларын орындап, қосымша әдебиетпен (ғылыми журналдардағы мақалалар, Интернеттегі мәліметтер, жаңа ресми құжаттар, ғылыми басылымдар, т.б.) танысуы керек.

Семинар сабақтары белгілі бір ғылыми проблеманы немесе пәннің бір бөлімін тереңінен және жан-жақты қарастыру мен талқылауға арналып, студенттерде келесі тәжірибе, білік, дағды, машықтарды қалыптастыруға бағытталады:

- абстрактылық, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

- танымның методологиялық және әдістемелік тәсілдерін практикада қолдану мен оларды жетілдіру;

- бірлесе жұмыс жасау (топ ішінде, команда құрамында) дағдыларын жетілдіру;

- кез келген ақпаратты талдау қабілеттерін, таңдау жасау, қорытындылау мен шешім жасау біліктерін қалыптастыру мен жетілдіру;

- теориялық білімді практикада, өндірістік ситуацияларда қолдану біліктерін жетілдіру;

- қарастырылатын проблемалар бойынша өз ойы мен пікірін қысқа, айқын, дәлелді түрде жеткізу;

- кез келген білімді өздігімен игеріп, оның негізінде шығармашылық арқылы жаңа түсінік пен білім құрастыру.

 

СӨЖ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

Кредиттік оқу жүйесінде ӨЖ студенттің білім алудағы негізгі әрекетіне жатады.Динамика мен өзгерістерге толы, ақпараттың шектен тыс өрбіген заманында тұлғаның негізгі қасиеті өздігімен үйрену мен білім игеру болып табылатындықтан, өздік жұмыстың маңызы барған сайын арта түсуде.

Кредиттік оқу жүйесі бойынша кез келген теориялық тақырып бойынша студенттердің талдау жұмысы келесідей тәртіппен өтуі ұтымды:

1.Студенттер оқытушы ұсынған теориялық материалды өздігімен шығармашылық тұрғыдан меңгереді, нәтижесін жазба жұмысында келтіреді.

2. Студенттер өз жұмыстарын аудиториядан тыс уақытта бірлесе талқылап, жұмыстарын тереңдетудің жолдарын қарастырады, бір-біріне кеңес береді, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

3. Студенттердің өткізген шығармашылық жұмыстары оқытушы тұрғысынан бағаланады.

ӨЖ студенттердің пәнді жүйелі түрде меңгеру, игерілген білім, білік, дағды, түсінікпен құзырлықтарды бекіту, дәріс және семинар сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларды өздігімен үйрену дағдыларын қалыптастырады.

ӨЖ дегеніміз студенттің оқытушының қатысуынсыз және сабақтан тыс уақытта оқу жоспарында (силлабуста) белгіленген тапсырмаларды орындап, атқарған жұмысы туралы жазбаша есеп немесе ақпарат беруі.

ӨЖ –та студенттер алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйренеді.

ӨЖ студенттердің өз біліміне деген жауапкершілігін арттырып, өз білімінің мазмұндық траекториясын анықтауға және қолданатын әдіс-тәсілдерді таңдауға баулиды.

СӨЖ тапсырмаларының күнтізбелік – тақырыптық жоспары

Тапсырма мазмұны Сағ. саны Өткізу мерзімі Бақылау түрі
1. “Ұлы Жібек жолы” және Қазақстанның көне қалалары.         4 апта конспект
2. Қазақстанның VІ-ХIIIғғ. мәдениеті. конспект
3. ХIII-ХV ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті. конспект
1. “Жеті-жарғы” – ХҮІІ ғасырдағы қазақтардың құқықтық ескерткіші.     7 апта конспект  
2. 1822-1824 жж. Патша өкіметінің Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалары. кластер
3. А.Құнанбаевтың қара сөздеріне талдау. конспект
33 1.М.Дулатовтың «Оян,қазақ!» өлеңін жаттау 11 апта Жатқа айту
2.А.Байтұрсыновтың «Маса» еңбегін талдау. кластер
3.С.Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңін жатқа айту. Жатқа айту
1.ҚР Президентінің “Қазақстан - 2030” Үндеуінің стратегиялық мақсаты, міндеттері, маңызы   14 апта конспект
2.«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты   конспект
3.Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 18 қаңтар 2014ж.   конспект
  Барлығы СӨЖ сағаты    

Теориялық білімді тексеруге арналған тапсырмалар

 

Рефераттар тақырыбы.

1. Тәуке ханның қазақ қоғамындағы ролі.

2. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары. Қожаберген жыраудың «Елім-ай»дастаны.

3. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ батырлары.

4. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ билерінің қоғамда алар орны.

5. Әбілхайыр хан туралы тарихшылар не дейді?

6. Қазақстанның Ресейге қосылу тарихының тарихнамасы..

7. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың тарихнамасы.

8. Жәңгір ханның қазақ қоғамындағы ролі. (жаңаша көзқарас)

9. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.

10. Бұқар- жырау және кеңесші.

11. Саржан сүлтан,Жоламан Тіленшев бастаған көтерілістер.

12. Исатай мен Махамбет бастаған халық-азаттық көтеріліс.

13. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күресі.

14. Е.Бекмаханов және бекмахановшылдық.

15. Ж.Нұрмұхамедұлы, Есет батыр бастаған Сыр бойы қазақтарының ұлт-азаттық күресі.

16. Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің,А.Құнанбаевтың ағартушылық қызыметі.

 

 

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша

мемлекеттік емтихан сұрақтары

 

1. Қазақстан тарихы курсы: мақсаты мен міндеттері, пәнді оқып үйренудің негізгі деректері.

2. Тас ғасыры дәуіріндегі Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары.

3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов мәдениеті.

4. Сақтар туралы деректер. Сақ тайпаларының орналасу территориясы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы, мәдениеті.

5. Ғұндар мен Үйсіндер мемлекеттері туралы деректер, олардың саяси тарихы, шаруашылығы және әлеуметтік құрылысы.

6. Қаңлылар туралы жазба деректер, олардың территориясы, саяси тарихы, шаруашылығы.

7. Түрік және Батыс Түрік қағандықтары.

8. Түргеш және Қарлұқ қағандықтары.

9. Қарахандықтармемлекеті.

10. Оғыздар: саяси тарихы, этникалық құрылымы, шаруашылығы және тұрмысы, әлеуметтік құрылысы.

11. Қимақтармемлекеті: орналасу аумағы, шаруашылығы және әлеуметтік құрылысы.

12. Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы –1219 ж.).

13. “Ұлы Жібек жолы” және Қазақстанның көне қалалары.

14. ҚазақстанныңVІ-ХIIIғғ. мәдениеті.

15. Қазақстан өлкесін моңғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы.

16. Алтын Орда құрамындағы Қазақстан: саяси және мемлекеттік құрылысы.

17. ХІV-ХVғасырдың І-жартысындағы Ақ Орда.

18. ХІV-ХVІ ғасырдың бас кезіндегі Ноғай ордасының саяси тарихы мен этникалық құрамы.

19. Моғолстан мемлекеті және ӘмірТемірдің Қазақстан жеріне басқыншылық жорықтары.

20. ХIII-ХV ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті.

21. Қазақ хандығының құрылуы.

22. Қазақ халқының қалыптасуы және “қазақ” этнонимі.

23. Қасым, Хақназар хандар тұсындағы Қазақхандығының нығаюы.

24. Тәуекел, Есім хандартұсындағы Қазақ хандығының Орта Азия және Сыр бойындағы қалалар үшін күресі.

25. Этно аймақтық бірлестіктер – жүздердің пайда болуы, олардың территориясы мен этникалық құрамы.

26. ХVІ-ХVIII ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының шаруашылығы.

27. “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама”. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі.

28. ХVI-ХVIIIғғ. бас кезіндегі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.

29. “Жеті-жарғы” – ХҮІІ ғасырдағы қазақтардың құқықтық ескерткіші.

30. ХVI-ХVIII ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының мәдениеті.

31. Кіші және Орта жүздердің Ресей бодандығын қабылдауы, қазақ өлкесін әскери-казактік отарлау, оның салдарлары.

32. Абылай ханның мемлекеттік қызметі.

33. Кіші жүздегі Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797жж.).

34. Бөкей хандығының құрылуы, оның саяси және экономикалық-әлеуметтік жағдайы.

35. 1822-1824 жж. Патша өкіметінің Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалары.

36. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі.

37. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847жж.).

38. 1867-1868жж.реформалар. Патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау билігінің нығаюы.

39. Торғай, Орал облыстарында және Маңғыстаудағы отарлауға қарсы көтерілістер (ХІХ ғ. 60-70 жж.).

40. Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударылуы.

41. ХІХ-ХХ ғғ. бас кезіндегі Қазақстанның мәдени дамуы.

42. Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударылуы және оның салдарлары (ХІХ ғ.соңы – ХХғ. бас кезі).

43. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі: сипаты мен ерекшеліктері.

44. 1905-1907 жж. 1-орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері.

45. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы және оның мәдениет пен қоғамдық ойды дамытудағы рөлі (ХХ ғ. бас кезі).

46. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918 жж.).

47. 1916 жылғы Торғай өңіріндегі ұлт-азаттық көтеріліс.

48. 1916 ж. Жетісу облысындағы ұлт-азаттық көтеріліс.

49. 1917 ж. Ақпан революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне ықпалы.

50. “Алаш” партиясы және оның бағдарламасының жобасы.

51. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның мәдени, шаруашылық құрылыстағы алғашқы қадамдары.

52. Алашорда үкіметінің және Түркістан автономиясының құрылуы және құлауы.

53. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920 жж.).

54. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы және оның тарихи маңызы.

55. Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.

56. Қазақстандағы индустрияландыру және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.

57. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру және оның зардаптары ауыр салдарлары.

58. Қазақстандағы 1929-1930жж. шаруалар көтерілістері.

59. 1932-1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және оның зардаптары.

60. Қазақ зиялыларының қуғын-сүргін жылдарындағы тағдыры.

61. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.

62. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени өмірі.

63. Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық өзгерістер және олардың салдарлары (ХІХ соңы – ХХ ғғ.).

64. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.Қазақстан – майдан арсеналы.

65. 1941-1945 жж. соғыс майдандарындағы қазақстандықтардың ерліктері.

66. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі және ауылшаруашылығымен өнеркәсібінің дамуы (1946 - 1953 жж.).

67. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.

68. 1965-1985 жж. Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.

69. «Тоқырау жылдарындағы» (ХХ ғ. 70-80 жж.) Қазақстаның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірі

70. М.Горбачевтің реформалары кезеңіндегі Қазақстан (1985-1991 жж.).

71. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы: себептері мен сипаты.

72. КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы.

73. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.

74. Қазақстандағы экологиялық мәселелер. “Невада-Семей” қозғалысы.

75. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы экономикалық қайта құрулар және нарыққа көшудің қиындықтары

76. Қазақстанның БҰҰ-на мүше болуы. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы

77. 1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы, негізгі мазмұны.

78. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

79. Қазіргі Қазақстанның әкімшілік – территориялық құрылымы және географиялық жағдайы

80. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуы

81. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. Ұлттық мәдени орталықтар

82. ҚР Президентінің “Қазақстан - 2030” Үндеуінің стратегиялық мақсаты, міндеттері, маңызы

83. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы мәдениеттің дамуы

84. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы тіл мәселесі. ҚР Конституциясының 7-бабының маңызы мен мәні.

85. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

86. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы


<== previous lecture | next lecture ==>
С И Л Л А Б У С | ГЛОССАРИЙ
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.347 s.