Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Глоссарий


Date: 2015-10-07; view: 8715.


 

Археология – «архос – көне», логос – ілім» деген мағынаны береді. Бұл көне ғылым емес, ықылым замандарды зерттейтін пән.

Анторпометрия – адам денесінің түрлі мүшелерінің өзгерістерін өлшейтін ғылым саласы.

Алғашқы қауымдық мәдениет – тарихи мәдениет топологиясы бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі архайкалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүкіндігін туғызды.

Архаикалық мәдениет- грекше «ежелгі» деген мағынаны береді. Адамдар қалыптасқан кезден бастап өркениеттілікке дейінгі ежелгі мәдениет саласында кең мағынада қолданылып келген жалпы сипаттамасы. Осы мәдениет туралы зерттеген Э.Тайлордың «Алғашқы қауымдық мәдениет» еңбегі жарық көрді.

Археология мұражайы - Қазақстаннан жүргізілген археологиялық қазбалардан табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме. Тарих, археология, этнология жанынан 1513 жылдан бастап ашылған. Мақсаты – Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамынынң ежелгі дәуірлерден бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму жолын заттай деректер арқылы көрсету.

Архетип – грекше « архе - бастау», «логос – ілім» деген мағынаны береді. Алғашқы үлгі, түп нұсқа. Архетип жалпылаудың рәмізділіктің негізіне шығыс жасампаз қиялдан нәр алатын бастауына жатады.

Антрибуция – «латынша антрибитио – иелену». Бүркеншек атпен қол қойылған және анолизмдік ғылым. Көркем шығыстық автордың жасалу мерзімін, мекен орнын анықтау.

Антрибуция – мұражай ғылымының бір саласы болып табылады.

Антропогенез – адамзат қоғамының пайда болуынан бастап, күрделі қоғамдық ұжымға дейінгі дамуы.

Бұқаралық мәдениет – «ағылшынша маскултуре -бұқаралық мәдениет» деген мағынаны береді. XX ғасырдың басында батыс елдерге тән. Бұқаралық мәдениет ұғымында қазіргі өркениеттегі оның бұқаралық бітіміне ауысу. Бұқаралық ақпарат құралдарының жан – жақты дамуы. Бұқаралық мәдениет адам тіршілігіндегі жалғыздық пен көпшілік , руханилық пен пендешілік, сезім мен парасат сияқты түбегейлік парадигмаларды шешуге бағытталған.

Ветеринизация – «ағылшынша уестерн – батыстық» деген мағына береді. Батыстық мәдениет үлгілерін қабылдау, басқа мәдениеттің батыстандырылуы және батыстық донор мәдениеттен рецепиенттік ретіндегі жеке құндалықтарды қабылдауы. Ветеринизация деп Америка, Африка құрылықтарындағыдай батыстық мәдени формалардың күштеп енгізілуі. Ветеринизация тек батыс техникасы мен өндіріс тоқымаларын қабылдап қана қоймай, өркениетке тән құндылықтарды енгізумен анықталады. Бұл белгілер бойынша Жапония, Оңтүстік Корея, Шығыс Еуропалық мемлекеттерінде айқын байқалуда.

Весицология – тулар, жалау туралы ғылым.

Геральдика – елтаңбалар мен рәміздер туралы ғылым саласы.

Геронтократия – грекше «билік» деген мағынаны береді. Билікті ақсақалдар жүргізетін мемлекеттік басқару үрдісі. ХХ ғасырдың басында ағылшын этнографы Риверс енгізді. Саясаттанушылардың пікірі бойынша: «Жасы ұлғайған басшылардың саясаттығы көп жағдайда жалпақ, тың, әліптің артын бағушылық тән» болып есептеледі

Деректану ғылымы – ауызша, жазбаша жәдігерлер, кино – фото құжаттарын құрумен, талдаумен, жүйелеумен айналысатын ғылым.

Деректану – тарихи деректер олардың өлшеуін зерттейтін және қолданылатын теориясы. Тарихшылардың теориялық, методологиялық және арнаулы даярлығы қаматамасыз етілетін ғылым.

Деректі түсіндіру – баяндалатын нақты оқиға, фактілерді анықтау, мәтіндегі тура және аспарлы сөздерге, метафораларға түсіндірме жасау.

Дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға, өзінің ақыл – сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Басты белгісі – адамның ақыл – ойы, сана – сезімі мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Дін - әлемді байланыстыратын күллі Алланың бар екеніне сену.

Деректі талдау – деректі түп нұсқамен дәлдігін анықтау.

Ескерткіш- елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Негізінен археологиялық, тарихи, сәулет өнері мен мәдениеттік өнері болып бөлінеді. 2. Ұлы тұлғаларды, қала қайраткерлерді тарихи оқиғалады еске алу үшін орнатылған мүсіндік туынды

Ел – көне түркі тіліндегі «халық» сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Дәстүрлі қоғамдағы көшпелі шаруашылық қарым – қатынасының дамыған кезеңдеріндегі халық атауы қуымдастық деңгейден бастап ел деген жалпы атауға ие болды.

Ереже – қазақ халқының дәстүрлі құқығының қайнар көзі. Нормативті құқықтың қағидалары.

Жылнама – оқиғалардың болған жылы, күні бойынша баяндайтын аса маңызды жазба деректер жиынтығы. Қарапайым, күрделі сипат алатын қазақстан тарихына байланысты жылнамалар парсы – түрік тілдерінде жазылды. «Шайбани - наме», «Тарихи – и – Рашиди», «Шежіре – и – Түрк» жылнамаларын мысалға алуға болады.

Лингвистика – тілдер туралы ғылым. Тарихшы лингвистикасының қолдауына жүгінеді, себебі кез келген халықтың тарихы оның тілімен байланысты. О.Сүлейменовтың пікірінше: «Тілдер тарихи ілімдердің қоймасы іспетті. Ешқандай идеологиялық әсерге бой алдырмаған ең көне, әрі обьективті көзқарастар болып табылады.

Мәдениеттану - мәдениет туралы ғылым. Мәдениет жеке пән ретінде 19 ғасырдан қалыптасты. Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениет сапалық ерекшеліктеріне, олардың өзара байланыстары мен сабақтастығын адам дамуының жалпы заңдылықтары.

Мәдениеттілік – адамның тұлғалық қасиеттері әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндеседі. Мәдениеттану жөніндегі өзарар қарым – қатынастар кемел адам ұғымы мен үндестік тауып, адами, кісілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Мәдени археологтар - мәдени түпнұсқалар, адам, табиғат және қоғамдағы орны жөніндегі түскен рәміздер, қазіргі мәдениеттің нормалық құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адам әрекеттеріне жалпы мән беретін баптық құндылық бағдарлар.

Мемлекет – белгілі аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың дамуына мүмкіндік беретін қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқару түрінің жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі; Саяси бірлік ұйымы; Шаруашылық мәселелерін ұйымдастыру, алым – салық жүйесін реттеу, адамдардың құқықтық жағдайын бөлу, қорғанысты қамтамасыз ету қызметтерін атқарады.

Матриархат – қоғамдық дәуірде аналық биліктің жоғарғы дәрежеде болуы.

Нумизматика – металл ақшаларды зерттейтін ғылым.

Неке – тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан, қоғамға негізделетін және реттейтін, ерлі – зайыптылардың отбасыдағы құқықтарымен міндеттерін белгілейтін рәсім. Ер азамат пен бойжеткен, ер мен әйел арасындағы жұбайылық өмір.

Қауымдастық – бірлестік, одақ. Ортақ шаруашылық мақсатқа ғылыми – саяси мәдениеттерге, мақсаттарға жету үшін ұйымдардың немесе тұлғалардың негізінде бірігуі. Қауымдастық өз атынан шарт жасасу, банк несиелерін пайдалану құқығына ие болып табылады.

Палеография – жазу – сызу, жазбалар, хат – хабармен байланыстының бәрін зерттейтін ғылым.

Полезоология– ертеде болған хандарды, олардан қалған ғылыми құжаттарды зерттеумен айналысатын ғылым.

Социогенез– материалдық өркениеттің өркендеуіне жеткізген ұқсату технологиясының және еңбек құралдарының дамуы

Социология - әлеуметтік жүйелер дамуының заңдылықтары мен жүйелер дамуының және қоғамдық феномендер мен процестердің өзара әрекеттестігін, байланыстылығын зерттейтін ғылымдық сала.Терминді ғылымға француз философы О.Конт енгізді.

Сфрагистика – патшалардың аты – жөні, құжаттардың пайда болған уақытын тиянақтауға көмектеседі. Олардың ақиқаттылыған дәлелдейді. Құжаттарға бас мөртаңбалар бойынша жалғандықтан сақтап, оларды анықтайды.

Қолданбалы дерек – тарихтың жеке салаларына, кезеңдеріне, тарауларына байланысты қолданылатын дерек.

Отбасы – шағын мемлекет. Өзіндік қоғамнан дара, жер көлемі бар, мәдениеті бар мемлекетке қосатын үлесі мол шағын топ.

Тарихнама – белгілі бір проблемаға арналған еңбектер жиынтығы.2. тарих пен оның мағынасы. 3. тарихи оқиғалар мен құбылыстардың бейнелеу сатысы.

Тарих – адамзат өткенін зерттейтін ғылым. Ол өткенді және бүгінгі фактілерге сүйенеді. Қоғамның дамуына байланысты тарих ғылымында әр түрлі көзқарастар қолданылады. Қазақстанның қайта тәуелсіздік алуымен тарих қайта жазылды.

Техногенез – адамның маймыл формасынан қазіргі адам формасына қалыптауына дейінгі морфологиялық дамуы.

Тарихи дерек – адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін оны тануға ғылыми негіз болатын қоғам өмірінің сан алуан қырлары.

Шежіре– халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы.Шежіренің көп томдық жинағы Ресей, Германия, Англия, Франция сияқты шығыс елдерінде сақталған.

Өркениет - қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Қазақ өркениеті ұғымы ежелгі өркениеттерден бастау алып, далалық түрін империялық қазақ хандығы тұсында қалыптасқан.

Ұлыс – мекен, аймақ, әкімшілік. Көне түркі атауы 6 ғасырдан бастап қолданысқа енген. Ұлы мекен, қала мағынасында қолданылған. Сібірде мекендеген буряттар мен қалмақтардан рулық бірлестіктегі әкімшілік ұлыс деп аталады. Ұлысты билік басындағы сарқыншақтар басқарады.

Уезд - әкімшілік аумақтағы бөлініс. Ресейде 1937 жылдан бастап қолданылған. Уезд қала мен оған байланысты болыстардан тұрды. 1867 – 1868 жылғы реформаға сәйкес облыс уезге уезд болыстарғы бөлінген. КСРО – да уездер 1923 – 1929 жаңа әкімшілік терреториялық бөліктердің пайда болуына байланысты жойылған.

Этнография -әр халықтың өзінше тұрмыс – салтын, әдет – ғұрпын зерттейтін ғылым.

Фольклор – ауызша шығарылған халық творчествасы үлгілерінің жалпы атауы. Затаевичтің музыка фольклорын мысал ретінде алуға болады.

Урбандалу – латынша «қала» деген мағынаны береді. Қалалар саны мен оның тұрғындарының үлес салмағының өсуі, қалалар желісі мен жүйесінің қалыптасуын, олардың маңыздарының артуы мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуы.

 

«Тарихи өлкетану» пәнi бойынша студенттер бiлiмiн бағалаудың

рейтингтiк жүйесi

Рейтингтiк жүйе негiзiнде студенттер бiлiмiн қадағалап,бағалауға:

- студенттердiң күнделiктi тапсырмаларды орындау деңгейлерiн қадағалау, бағалау;

- дәрiс сабақтары барысында бiлiмдерiн анықтау;

- саминар сабақтарының барысында негiзгi ұғымдар мен заңдылықтарды меңгеру деңгейiн тексеру;

- семинар сабақтарының барысында студенттергдiң жеке тапсырмаларды орындау бiлiктiлiгiн анықтау, бағалау;

- студенттердiң оқытушылардың басшылығымен өз бетiнше жүргiзетiн жұмыстарының уақытында орындалуын қадағалау, тексеру, бағалау жұмыстары жатады.

 

 

Рейтингтiк баллдарды бақылаудың түрлерiне сай бөлу:

 

 

Қорытынды бақылау түрi Бақылау түрлерi Баллдары
Емтихан Қортынды бақылау
Аралық бақылау 5+5
Ағымдық(апталық)бақылау  
Барлығы

 

 

Аудиториялық сабақтардың ауқымы:

Дәрiс сабақтары – 15

Семинарлар - 15

СОЖӨЖ (барлық студенттер үшiн мiндеттi) - 15

СОЖӨЖ (студенттердiң берешектерiн өтеу жұмыстары) – 15

Барлығы – 60 сабақ

 

1. Ағымдық және аралық бақылау баллдары бөлiнiсi ( 60 балл )

Аралық бақылауға 5 балл берiледi. Барлығы 2 аралық бақылау өткiзiледi.

2 АБ = 5 балл + 5 балл =10 балл.

 

Аралық бақылау өткiзудiң кескiндемесi (графигi):

 

  Бақылау түрлерi Өткiзiлетiн уақыты Берiлетiн балы Тақырыптар
Аралық бақылау Тестiлiк Тапсырмалар,ссәйкестендiру тапсырмалары 7-апта 1-7тақырыптар
Аралық бақылау Комплекстi тапсырмалар орындау, бақылау жұмысы     15 - апта         8-15 тақырыптар

 

Ағымдық бақылауға 50 балл берiледi (25 балл бiрiншi аттестация және 25 балл екiншi аттестация). Бұл баллдарды 15 семинар сабағы мен 15 студенттердiң оқытушылардың басшылығымен жүргiзетiн өз бетiнше жасайтын жұмыстары барысында жинақтау мүмкiндiгi бар. Олардың 14 сабағы бiрiншi аттестацияға дейiн өткiзiледi (7 апта бойы), ал 16 сабағы екiншi аттестацияға дейiн өтiледi (8 апта бойы). Осы уақыттар аралығында студенттер барлығ 50 балл жинақтаулары қажет. (Әр сабақта – 1,56 балл).

 

2. Орындалатын тапсырмалардың түрлерiне қарай баллдарды бөлу:

Сабақ түрлерi:

-семинар сабақтарындағы жауаптар мен СОЖӨЖ - өте жақсы – 1 балл

жақсы - 0,7 балл

қанағат. - 0,5 балл

қанағат-сыз – минус 0,5 балл

-лекция қатысқаны және конспект үшін-0,2 балл

-қосымшалар – 0,3-0,5 балл;

-баяндамалар дайындау –1,5 балл;

-реферат жазу – 1 балл;

-жедел бақылау жұмысы – 0,3 балл;

-үйде орындалатын тапсырмалар:

- сөздiк жасау-0,2балл;

-сөзжұмбақтар құрастыру-0,3балл;

-бақылау жұмысы – 0,3 балл;

-БАҚ, арнайы әдебиетпен жұмыс- 0,2 балл;

-студенттiк ғылыми конференцияға дайындық-1 балл.

Студенттер орындаған жұмыстар бойынша есеп - семинар сабақтарында немесе СОЖӨЖ сабақтарында берiледi (сабақ кестесiне сай).

 

3. Аралық бақылау оқытушының қалауымен тест, жазбаша,пiкiрлесу,белгiлi бiр тақырыптардың ұғымдарымен жұмыс жасау түрлерiнде өткiзiледi.

Емтихан нәтижелерi бойынша рейтингтiк баллдарды бөлу:

 

Студенттер жауаптарының бағалануы % Баллдары Бағалары
90-100 37-40 5 (өте жақсы )
75-89 31-36 4 (жақсы )
50-74 20-30 3 (қанағат.)
0-49 0-19 2(қанағаттан – сыз)

 

 

4. «Тарихи өлкетану» пәнi бойынша қорытынды баға:

Студенттердiң рейтингтiк жалпы балдары Бағалары
90-100 5 (өте жақсы )
75-89 4 (жақсы )
50-74 3 (қанақат.)
0-49 2 (қанағат.-сыз)

5. Әрiптiк рәмiздердi (символдарды ) пайдаланып баға қою жүйесi:

 

Баллдар әрiптiк жүйемен бағалау Баллдардың сандық баламалары Дәстүрлi жүйемен бағалау
95-100 А 4,0 өте жақсы
90-94 А- 3,67
85-89 В+ 3,33 Жақсы
80-84 В 3,0
75-79 В- 2,67
70-74 С+ 2,33 қанағаттандырарлық
65-69 С 2,0
60-64 С- 1,67
55-69 Д+ 1,33
50-54 Д 1,0
0-49 F қанағаттандырғысыз

 

 

Аралық бақылау сұрақтарының тапсырмалары.

1 бақылау сұрақтары. Тест жұмысы.

1. «Өлкетану» т үсінігі. Өлкетану терминінің маңызы.

2. Өлкетану бастауы.

3. Тарихи өлкетанудың қалыптасуы мен дамуы.

4. Тарихи мәдени ескерткіштер өлкетану зерттеу обьектісі.

5. XVIII ғ. ылыми экспедициялардың зерттеулері.

6. XIX ғ. ғылыми зерттеулер және олардың маңызы

7. Табиғат- өлкетанудың негізгі зерттеу обьектісі.

8. Халық және өлкенің экономикасы - өлкетану обьектісі.

9. Өлкетанудағы ауызша деректер.

10. Ономастика.

11. Ауызша халық шығармашылығы.

12. Мемлекеттік мұрағаттар- тарихи өлкетану көзі.

13. Өлкетану библиографиясы – өлкенің дерек көзі.

14. Өнертану өлкетануы – оның маңызы мен мағынасы.

15. Өнертану- өлкетануының объектілері.

16. Мектеп мұғалімін өлкетану жұмысына дайындау.

17. Мектептегі өлкетану жұмысы – оны ұйымдастыру және негізгі түрлері.

18. Мектептегі мұражай- өлкетану жұмысының нәтижесі.

19. Археологиялық материалдар- өлкетанудың деректері.

20. Этнографиялық мактериалдар- өлкетанудың деректері.

21. Архитектуралық ескерткіштер өлкетанудың дерк көздері.

22.Өлкетану деректері қай дәуірге жатады?

23.Қай ғасырда Қазақстанда европойдтық елші келді?

24.Қандай араб ғалымы , саяхатшы, географ мына еңбекті жазды «Книга путешествий и государств» .

25.Қандай араб ғалымы, саяхатшысы «Мавереннахр картасын» құрастырды.

26.Археология ғылымында қандай дерек негізгі болып табылады.

27.Этнология ғылымының объектісі

28. «Керамика» термині қалай аударылады.

29.«Архитектура» термині қалай аударылады.

30.Ономастика нені зерттейді.

31.Қазақстандағы тарихи өлкетану қозғалысы.

32.Қай жылы ғылыми-өлкетану бірінші бүкілқазақ съезі болды.

33. «Киргизское родословие» еңбектің авторы кім.

34.Қай қалада ең бірінші Азиаттық типография болды.

35.Қай жылы Орталық өлкетану мұражайы Қазақстанның Орынбордан Алматыға көшірілді.

36.1931 жылы Қазақстанда қанша өлкетану мұражайы болды.

37.Географ, энциклопедист 8 нұсқалы әлемде және бірінші глобусты картаны құрастырды

38.«Жоңғария очерктері» ғылыми еңбектің авторы кім.

39.ХХ ғасырда Қазақстанда қанша өлкетану мұражайы болды.

40.Семейде қай жылы өлкетану мұражайы және кітапхана ашылды.

2 аралық бақылау сұрақтары.Тест жұмысы.

1.Ауызша халық шығармашылығы.

2. «Алтын адамды» тапқан археолог.

3. XII-XIV ғ.ғ. найзаның ұштарықай жерде табылды.

4.«Орхон ескерткіштері» қайдан табылды.

5. 1893 жылы ежелгі түрік жазуын кім оқып тапты.

6.1894 жылы кім Күлтегін мен Білге қаған жазуларын орыс тілі мен неміс тілдеріне аударды.

7.1980 жылдары XIX-XXI ғғ дейін қандай мемлекеттер Орхон ежелгі түрік ескерткіштерін зерттеуге қатысты?

8. Қандай деректердің айтуынша VI-VIIIғғ түркі тілдес тайпасында ауыз әдебиетінің дәстүрі қалыптасқан.

9. Нешінші ғасырларда Білге қаған мен Күлтегін ескерткіштері туралы айтылған

10. Қорқыт кім болды?

11. Қорқыт ата эпосы неше поэмадан және әңгімеден тұрады.

12. Кім XIIIғ. Оғызнама эпосын жазды.

13. Нешінші ғасырда Әбілғазы хан «Оғызнама» эпосын жазды.

14. Ерте даму сатысындағы қазақ тілі қай тілдердің тобына жатады.

15. Оғызнама эпосында қандай оқиғалар жинақталған.

16. Қазақ фольклорында жанрдың неше түрлері бар.

17. Қай шығармада жан қиярлық махаббат туралы жазылған.

18. Ж.Баласағұнидің шығармасы.

19.Қандай мағынада Құтты Білік поэмасы жазылған.

20. Құтты Білік поэмасының негізгі идеясы.

21. Диуани-Хикмет кітабының авторы.

22. «Замур назир кітабы» (Ақыр заман кітабы) шығармасының авторы.

23. Кім «Алпамыс батырды» VII-VIII ғғ өмір сүрді деп, бірақ X-XII ғғ қалыптасты деп айтты.

24. Мектептегі өлкетанудың негізгі объектісі.

25. Кеңестік өлкетану қандай ұстанымдар арқылы қалыптасқан.

26. Құжаттарды сақтайтын тұрақты орындар мен бөлімдер.

27. Сабақтан тыс уақыттағы қосымша сабақ.қалай аталады.

28. Өлкетанудың негізгі ұстанымдары.

29. Мектептегі оқу формасы.

30. Тарихи өлкетанудың ең негізгі объектілері.

31. Өткенде және жаңа шыққан әдебиеттегі маңызды ақпарат.

32. Ш.Уәлихановтың өмір сүрген жылдары.

33. Омбы қаласын бітірген Ш.Уәлиханов қандай атақ алып шықты.

34. «Қашғария» тарихи-географиялық еңбегінде Ш.Уәлиханов не туралы жазған.

35. Нешінші жылдары Ш.Уәлиханов Петербург қаласында өмір сүрді.

36. Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары.

37. 1890-1898 жж Абайдың жазған өлеңі.

38. Ы.Алтынсариннің өмір сүрген жылдары.

39. Қай қалада 1860ж. Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнап мектеп ашты.

40. Жазылған деректемелерді ең бірінші рет жинап,сақтау қайдан тарады.

 

Реферат тақырыптары:

Рефератты жазу әдістемесі: Рефераттар даярлау. Реферат деген белгіленген тақырып бойынша ғылыми әдебиеттердегі концепцияларды қысқаша баяндау. Негізгі мәнісі деректерден маңыздыны белгілеп алып,оны қысқаша түрде баяндау.

Рефераттың көлемі 2 интервал арқылы жазылған 8 баспа беттен кем емес және 20 баспа беттен аз емес болуы керек. Рефераттың мәтіні үш бөлімге бөлінеді: кіріспеге, негізгі бөлімге және қорытындыға. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, негізгі мәселенің қысқаша сипаттамасының түйіні, жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, пайдаланған түп нұсқа деректердің мәнісін айқындау қажет. Негізгі бөлім бір-бірімен байланысты,тізбектелген

1.Ауызша халық шығармашылығы.

2.Мемлекеттік мұрағаттар- тарихи өлкетану көзі.

3.Өлкетану библиографиясы – өлкенің дерек көзі.

4.Өнертану өлкетануы – оның маңызы мен мағынасы

5.Мектеп мұғалімін өлкетану жұмысына дайындау.

6.Мектептегі өлкетану жұмысы – оны ұйымдастыру және негізгі түрлері.

7.Мектептегі мұражай- өлкетану жұмысының нәтижесі.

8.Археологиялық материалдар- өлкетанудың деректері.

9.Этнографиялық материалдар- өлкетанудың деректері.

10. Архитектуралық ескерткіштер өлкетанудың дерек көздері

11.Тарихи өлкетанудың даму тарихы.

12.Өлкетану мұражайы және оның құрылымы.

13.Топонимика-өлке тарихын танып білудің көзі

14.Ерте түрік жазба ескерткіштері

15.Жібек Жолы бойындағы Қазақстанның ежелгі қалалары

16.Қазақ баспасөзі (ХІХ ғасырдың 2-ші жарт мен ХХғ.басы)

17.Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты

18.Ш. Уәлиханов – шығыстанушы, этнограф, тарихшы және саяхатшы.

19. Абайдың қазақ мәдениеті мен тарихындағы рөлі.

20. Ы. Алтынсариннің қазақ топографиясы мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

6. Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане,А-А., 1982.

7. Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М.: «Просвещение». 1987.

8. Ащурков В.Н,. КацюбаД.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М.1980.

9. Горфрейн М.,Шепелов Л. Архивоведение. М.1981.

10. Левкин К.Г. Музееведение. М.,1988.

6.А.Күзембайұлы, Т.Әлібек, Р.Байдалы, Е.Әбіл «Топонимическая история Костанайской области» , Қостанай,2009 ж.

7. Қазақстан тарихы.3 томдық, «Атамұра» баспасы, Алматы, 2002.

8. Ә. Әбдәкімұлы. Қазақстан тарихы. «Қазақстан», Алматы, 2005.

9. Г.В.Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007.

Қосымша:

28. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы:Ғылым,1973,288бет

29. Народы мира. Энциклопедический сборник . М.,2002.

30. Рассохина Э.Н. Казахские национальные традиции.А-А.,1996.

31. Сарсенбаев Н.С. Обычаи,традиции и общественная жизнь казахов.А-А.,1992.

32. Морохин В.Н. Методика собирания фольклора. М.,1990

33. Мурзаев Н. Очерки топонимики. М.,1975.

34. Нурбекова Н. Целесообразность изучения краеведческого материала на уроках.// История Казахстана: преподавание в школе № 4,2005

35. Кравченко Л.Б. О работе школьного краеведческого музея школы гимназии №6 г.Семипалатинска.// История Казахстана: преподавание в школе №4 2005.

36. Кравченко Л.Б. Тематические выставки в школьном краеведческом музее. // История Казахстана: преподавание в школе №7,2004

37. Токарев С.А. История русской этнографии. М.,1986

38. Курумбаев Н. Этнокультурное обследование Западно-Казахстанской области. // История Казахстана: преподавание в школе № 6,2004

39. Курумбаев Н. Семипалатинская интерпретация казахских поверий.// История Казахстана: преподавание в школе №6,2004

40. Қ.Орманов. «Өлкетану тарихи атаулардан басталады» / /Ана тілі .№37.2006ж.

41. Қалқаман Жақып. «Қазағымның бір қонысы Қостанай» //Жас Өркен.Қостанай.

42. А.Мауданов. «Күн сәулелі Қостанайым» 2006ж.

43. Қ.Оспанова. «Мұражай ғасырлар зердесі» //Қостанай таңы. 9 маусым.2006ж.

44. С.Сыздықов. «Туған жердің ту көтерген батырлары» // Қостанай таңы. 19 шілде. 2006ж.

45. Б.Қойшыбайұлы. «Ұжымдастырудың ащы сабағы.» //Қостанай таңы. 8 тамыз. 1999ж.

46. А.Шаяхметов. «Қостанай атауы туралы» //Қостанай таңы 15 қаңтар. 1992ж.

47. С.Сыздықов. «Туған өлке шежіресі» //Қостанай таңы 29 қаңтар. 1

48. Пылев А.И. Ходжа Ахмед Ясави суфийский поэт, его эпоха и творчество. Алматы, 1997.

49. Сегизбаев О.А.Казахская философия ХҮ-начала ХХ века. Алматы: «Ғылым», 1996

50. Сулейменов Р.Б. Моисеев В.А. Чокан Валиханов-востоковед. Алматы: Наука,1985.

51. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Алматы, 1995

52. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы,1985.

53. Масанов Н.Э.Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР.Алматы, 1966.

54. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1985.Казахи. Историко-этнографическое

Курсты оқыту саясаты

1. Курсты оқу пассивті емес белсенді болу керек, себебі студент жүйелі түрде өздік жұмысты уақытында дайындау қажет. Студент дәріске және практикалық сабақтарға даяр болу қажет. Сабаққа даярлық тестік және ауызша сұрақтармен тексеріледі.

2. Барлық бақылау түрлері жағымсыз баға алған кезінде бір рет тапсырылуы қажет. Бұл үшін балл 0,8 коэфицентіне азаяды. Қанағаттанарлықсыз бағаны тапсыруға болмайды.

3. Студент себепсіз сабақ қалдыруға болмайды. Егер студент себепті сабақты жіберіп алса, онда белгіленген мерзімде міндетті түрде тапсыруы қажет.

Студент институтта оқыған кезеңде жоғары оқу орнының Жарғысында қойылған барлық талаптарды орындауға міндетті. Олар келесілер:

· Сабаққа кешікпеу.

· Сабаққа жоғары киіммен кіруге тиым салынады.

· Сабақта студент техника қауіпсіздігін сақтауы қажет.Ұялы телефонды пайдалануға болмайды.

· Сабақ қалдырмау, ауырған жағдайда анықтама алып келу.

· Оқытушы көрсеткен уақытта қалдырылған сабақтардың орнын толтыру.

· Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

· Үй тапсырмасын уақытында орындау, оқу процесіне белсенді қатысу.

· Пунктуальды және жауапты болу.

 

 

2.1. Пәнді оқу технологиясы

Пән бойынша барлық материал төрт бөлікке бөлінген:

§ Лекция сабақтары

§ Семинар сабақтары.

§ Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы.

§ Студенттің өзіндік жұмысы.

Қажет оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет бар, пәннің көптеген бөлімдері бойынша семинар сабақтары өткізіледі. Студент семинар сабақтарына дайындалуға міндетті, дайындалмаған студент орнын толтырады.

Кредиттік технология жоғары деңгейлі өзіндік білімге және білімді шығармашылық игеруге негізделгендіктен, кафедра студентке толықтай өзіндік жұмысты «жүктейді». Студенттердің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді. Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) кесте бойынша аудиторлық сағатта өткізіледі. Алайда ол барлық студенттер үшін міндетті емес. Әр СОӨЖ-ге лекцияға кірмеген және қандай да бір сұрақтарды бөлшектеп қарауға немесе кеңірек және тереңірек қарауға, оларды талдау дағдыларын жетілдіруге көмектесетін материалдар дайындалады. Өз бетінше жақсы жұмыс істей алатын студент аудиторлық сағаттан босатылады. Студенттің дайындық деңгейін анықтау үшін тұрақты түрде әр студенттің оқу жетістіктерінің мониторингі жүргізіледі. СОӨЖ уақытында студенттің жеткен жетістіктерін бағалау жүргізіледі, олар арнайы журналға жазылады.

Пәнді оқытуға арналған уақыттың төрттен бір бөлігінде студент оқытушының көмегінсіз өз бетінше жұмыс істейді. Бұл үшін ол оны орындауға арналған қажет тапсырмалармен және ұсыныстармен қамтамасыз етіледі.

Барлық тапсырмалар тексеру уақыты ескеріліп беріледі, оларды оқу жылының аяғында тапсыруға жол берілмейді. Бұл үшін тапсырмаларды беру және оларды тексеру графигі құрастырылады, оны қатаң түрде орындау студенттің академиялық табысқа жетуіне кепілдік береді.

 

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

Пәннің атауы Ұсынылатын оқу-әдістемелік әдебиет Кітапханада бары Қамтамасыз етілу мәселесінің шешілуі.
  Тарихи өлкетану 1.Матюшин Г.Н. Историческое краеведение: учебное пособие. Просвещение 1987-205с Матюшин Г.Н. Историческое краеведение: учебное пособие. Просвещение 1987-205с   48 экз

 

 

 

.

 

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Лекция тезистері | УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ КОМПЛЕКС
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.148 s.