Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ГЛОССАРИЙ 3 page


Date: 2015-10-07; view: 943.


Тақырып:Қазақстан 50-шi жылдардың II-жартысымен 60-шы жылдардағы саяси, әлеуметтiк және экономикалық жағдай.

Дәрiстiң мазмұны:Жеке басқа табынушылықтың зардаптарымен күрес. Волюнтаризммен субьективизмнiң көрiнiстерi. Республикада жүргiзiлген шаруашылық реформалар және оның нәтижелерi.

Әдебиет:Ч.Мусин. Қазақстан тарихы. А; 2003 ж. 265-274 б.б.

Х.Маданов. Қазақ халқының арғы-бергi тарихы. А:1995ж. 200-206 б.б

ОЖСӨЖ мазмұны:Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ алаңдары және ядролық сынақтардың экологиялық зардаптары. Семей, Капустин яр, Азғыр т.б. Ядролық сынақтардың экологиялық қоршаған орта мен ауыл шаруашылығына әсерi мен салдары.

Әдебиет: К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 180 б.

СӨЖ мазмұны: Қоныс аударылған немiстер мен шешендер (1943-1947 ж.ж.).

Әдебиет: “Қазақ тарихы” жур. А; 1995ж. №4 57-59 б.б.

№13 практикалық сабақ

Тақырып:Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Практикалық сабақтың мазмұны:Германияның КСРО-ға шабуылы. Брест, Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшiн шайқаста қазақстандықтардың ерлiгi. Соғыс жылдарындағы Қазақстандағы әскери өнеркәсiптiк кешендердiң дамуы.

Әдебиет:К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 77-117 б.б.

Ч.Мусин “Қазақстан тарихы” А; 2003ж. 252-259 б.б.

ОЖСӨЖ мазмұны:Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдениет қайраткерлерiмен ғалымдардың ерен еңбектерi. Ж.Жабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсiрепов, Ғ.Мустафин, ақындар Кенен, Шашубай, Нұрпейiс т.б.

Әдебиет: К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж 164-167 б.б.

СӨЖ мазмұны: 1946-1953 жылдардағы қоғамдық саяси өмiр. “Бекмаханов iсi”.

Әдебиет: Ч.Мусин “Қазақстан тарихы” А; 2003ж 265-274 б.б.

№27 дәрiс

Тақырып: 1965-1985 жылдардағы Қазақстан.

Дәрiстiң мазмұны: Қоғамның саяси өмiрi, идеологиялық тоқырау, аграрлық саясат, мақсаттары мен нәтижелерi, өнеркәсiптегi жағдай. Әлеуметтiк дамудың қайшылықтары мен қиыншылықтары.

Әдебиет:К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А;2004ж. 193-198 б.б.

Ч.Мусин “Қазақстан тарихы” А; 2003ж. 278-300 б.б.

ОЖСӨЖ мазмұны:1960-1980 жылдардағы Қазақстан халқының материалдық жағдайы. 1977-1978 жылдардағы КСРО-мен Қазақ КСР-iнiң Конститутцияларының қабылдануы дақпырт пен шындық.

Әдебиет:Х.Маданов “Қазақ халқының арғы-бергi тарихы” А; 1995ж. 208-213 б.

К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 198 б.

СӨЖ мазмұны: Қазақстанның қоғамдық саяси және мәдениетiнiң дамуы (1970-1985 ж.ж.)

Әдебиет:Х.Маданов “Қазақ халқының арғы-бергi тарихы” А; 1995ж. 211-213 б.

№28 дәрiс

Тақырып:М.Горбачев реформалары кезеңiндегi Қазақстан (1985-1991 ж.ж.)

Дәрiстiң мазмұны: 1985 жылғы Сәуiр бетбұрысы. Жеделдету бағыты, жариялылық. Экономикалық қайта құру, қарама-қайшылығы, проблемалары. Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Қазақстан ауыл селоларының 1980-1990 жылдардағы әлеуметтiк дамуы.

Әдебиет: Ә.Әбдәкiмұлы “Қазақстан тарихы” А; 1997ж. 278-288 б.б.

К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 204-206 б.б.

ОЖСӨЖ мазмұны: 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтiк экономикалық жағдай. Невада-Семей қозғалысы.

Әдебиет:К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 198-200 б.б.

СӨЖ мазмұны:Н.Ә.Назарбаев “Жадымызда жатталсын, татулық дәйiм сақталсын”

Әдебиет: “Егемен Қазақстан” 1998ж. 16-қаңтар.

№14 практикалық сабақ

Тақырып: 1960-1980 жылдардағы Қазақстан.

Практикалық сабақтың мазмұны: Тың және тыңайған жерлердi игеру, қоғамның саяси өмiрi, өнеркәсiптегi жағдай, әлеуметтiк дамудың қайшылықтары мен қиыншылықтары, шаруашылық реформалар және оның нәтижелерi.

Әдебиет:Х.Маданов “Қазақ халқының арғы-бергi тарихы” А; 1995ж. 188,198,200 б.б. К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 169-179 б.б.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстан өнеркәсiбiн қайта құру. Алматы, Құлсары, Өскеменде су электр стансалары, Жезқазғанда жылу-электр орталығының iске қосылуы. Химия өнеркәсiбi, Қарағандыдағы синтетикалық каучук, Ақтөбе хром зауытының iске қосылуы.

Әдебиет: К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 169-173 б.б.

СӨЖ мазмұны: 1986. Желтоқсан: дақпырт және шындық.

Әдебиет: М.Қозыбаев. “Қазақ тарихы” жур. А; 1997ж. №1. 51 б. №3. 35 б.

№29 дәрiс

Тақырып:Қазақстан – тәуелсiз егемендi мемлекет (1990-2005 ж.ж.)

Дәрiстiң мазмұны: КСРО-дағы экономикалық дағдарыс және Қазақстан мен Ресей арасындағы 1990 жылғы шарт. Н.Ә.Назарбаевтiң тұңғыш ел президентi болып сайлануы. КСРО-ның құлауы және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк егемендiк туралы Декларация және Тәуелсiздiк туралы Конститутциялық заңның қабылдануы.

Әдебиет: К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 209-218 б.б.

Ч.Мусин “Қазақстан тарихы” А; 2003ж. 228-256 б.б.

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтпелi кезеңдегi Қазақстанның Конститутциясы және елдегi құқықтық реформалар. Тәуелсiз қазақ мемлекетiнiң негiзiн қалаған тұңғыш Ата Заң. 1995 жылғы жаңа Конститутцияның қабылдануы.

Әдебиет: К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 222-228 б.б.

СӨЖ мазмұны: Қазақстан тәуелсiздiгi мен егемендiгiнiң жаңа нышандары “Мемлекеттiк жалау” “Елтаңба” “Мемлекеттiк ән ұранның” қабылдануы.

Әдебиет: Ә.Әбдәкiмұлы “Қазақстан тарихы” А; 1997ж. 335-346 б.б.

К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 221 б.

№30 дәрiс

Тақырып:Тәуелсiз Қазақстан Республикасының даму бағыттары.

Дәрiстiң мазмұны: Қазақстан экономикасының шет елдер инвестициясының тартылуы, Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы, ядролық қаруды таратпау туралы саясат.

Әдебиет: А.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 234-256 б.б.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстандағы саяси партиялар және бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерi. Бүгiнгi таңдағы саяси партиялардың саны, олардың бағыт-бағдарлары.

Әдебиет: К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 257-262 б.б.

Х.Маданов “Қазақ халқының арғы-бергi тарихы” А; 1995ж. 231-244 б.б.

СӨЖ мазмұны:Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті –Н.Ә.Назарбаев. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы басты дереккөзі.

Әдебиет: “Егемен Қазақстан” 1997ж.

№15 практикалық сабақ

Тақырып:Қазақстан тәуелсiз мемлекет.

Практикалық сабақтың мазмұны: Әмiршiл-әкiмшiл басқару жүйесiнiң дағдарысы. Кеңес Одағының ыдырауы. ТМД елдерiнiң құрылуы. Тiл туралы заңның қабылдануы. Ұлттық валюта тенгенiң айналымға енуi, нарықтық экономикаға көшу.

Әдебиет: К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 209-218 б.б.

Ч.Мусин “Қазақстан тарихы” А; 2003ж. 328-356 б.б.

ОЖСӨЖ мазмұны:Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басым-бағыттары. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықӘдебиет: К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 270-273 б.б.

СӨЖ мазмұны:Қазақстан Республикасының саяси құрылысы.

Әдебиет:К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” А; 2004ж. 230-233 б.б.

3. Пән бойынша берілген тапсырманың орындалу кестесі.

№ Р/с Жұмыстың түрі Тапсырманың мазмұнымен мақсаты Әдебиеттер Орындалу ұзақтығы Балы Бақылау формасы
ОЖСӨЖ-дің орындалуы Теориялық дайындықты тексеру К. Аманжолов Қазақстан тарихы Алматы 2004 ж. 8 - 15 б.б. Апта ішінде Ауысша жауап
СӨЖ тапсырмасы Өзіндік жұмысты тексеру Ч. Мусин Қазақстан тарихы А; 2003 ж. Ә. Әбдәкімұлы Қазақстан тарихы А; 1997 ж. 38-42 б.б. Апта ішінде Ауысша жауап немесе коспект тексеру
Бақылау жұмысы Оқылған материал бойынша теориалық дайындықты тексеру Х. Маданов, Ч. Мусин Ұлы дала тарихы А; 1994ж. 78-80 б.б. Қазақстан тарихы очерктер, А; 1994ж 119-157 б.б. Апта ішінде Вариантпен жазбаша жұмыс
Глосарий Студенттің өзіндік дайындығы, жаңа терминдерді игеру -//-//-//-//-//-//-//- 6,14 апта ішінде Ауысша жауап
Микроэкзамен Толық білімді тексеру   7,15 апта ішінде Тесттік жұмыс

 

Қазақстан тарихы пәні бойынша глоссарий

(пән атауы)

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Адамның маймыл тектес түрiнен қазiргi адамға дейiнгi морфологиялық дамуы. Антропогенез
Адам-зат тарихының ежелгi кезең зерттейтiн ғылым. Археология
Амудария ағысының төменгi сағасы. Аракс
Базис/қондырма. База-дегенiмiз қоғамның экономикалық негiздерi, ал қондырма – базаға негiзделген әлеуметтiк және идиологиялық тұжырымдамалар. Базис Base /superstructure
Мақұлдамауды көрсетудiң ұйымдасқан амалы. Байкот Baycoot
Большевиктiк партияның саяси теориясымен практикасы. Большевизм  
Бiр халықты мәдениетiнiң белгiлерiне қарап, қасақана қыру. Геноцит Genocide
Геосаясат. Саясатқа XIX ғасырдың аяғында Германияда пайда болған сыртқы саясат жүргiзудi белгiлi бiр аумақпен және тiршiлiк өрiсiмен шектейтiн көзқарас. Геопалитика  
Жариялылық. Орыс сөзi: қоғамның байыпты зерттеуге ашық болуы. Гласность Glasnost
Халық билiгi. Демократия Democracy
“Дипломатия” қатынас жасау. Дипломатия Diplomacy
  Зороастризм  
Сыртқы дүниенi сана арқылы тану керек дейтiн доктрина Идиализм Idealism
Emigre – французша сөзбе-сөз басқа елге кеткендер. Иммиграция Immigration
Ұжымдастыру. Жерге жеке меншiктi жою процессi. Коллективизация Collectivization
Отарошылдық. Күштi державаны өзiнiң аумақтық бақылауын неғұрлым әлсiз елге немесе халыққа тарататын саясатымен практикасы. Колониялизм Colanialism
Тап. Атау атағына немесе қоғам дамуының деңгейiне қарай ажырататын қоғам бөлiктерi немесе жiгi. Класс Class
Әйел билiгi. Матриархат Matrarchy
Орта тас дәуiрi. Мезолит  
Көшi-қон Миграция Migration
Саяси партия билiк басына қайта оралса, өзi ұсынатын қимыл бағдарламасын баяндайтын құжат. Манифест Manifest
Көшпендiлiк. Намадизм  
Жаңа тас дәуiрi. Неолит  
ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) кеңес одағында 1921 ж. Наурызда қатаң орталықтандырылған бақылау орнына енгiзiлген саясат. НЭП (новая экономическая политика) NEP (New Economic Policy)
Ежелгi тас дәуiрi. Полеолит  
Суреттелiнген жазу. Пиктография  
Тасқа салынған сурет. Петроглиф  
Қайта құру. Ол орталық камитеттiң 1987 жылғы сәуiр пленумынан кейiн кеңес каммунистiк партиясының ресми саясаты ретiнде қабылданды. Перестройка Perestroika
Саналы адам. Хомосапиенс Homo Sapiens
Кезеңдi зерттейтiн ғылым. Хронология  
Тас-мыс кезеңi Энеолит  
Әлде бiр жүйенiң немесе құрылымның уақыт өте келе табиғи түрде өзгеруiн бiлдiредi. Эволютция Evolution

 

4. Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

 

Кафедра Қазақстан тарихы тьютор Бақтығұлова Б.Н.

(аты-жөні)

 

Пән Қазақстан Республикасының тарихы

(пән атауы)

Кредит саны 3

 

№   Әдебиет атауы   Барлығы   Ескерту  
кітапханада   кафедрада   Студенттердің қамтылу пайызы (%) Электронды түрі  
Қазақстан тарихы (1,2,3 том.)     - Оқу залы 2
Қазақстан тарихы очерктер   - Оқу залы 2
К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” (1,2 дәрiстер курсы) 1-54 2-54   - Оқу залы 2
М.Чапай “Қазақстан тарихы”   - Оқу залы 2
Қ.Салғарин «Алтын тамыр» А;1986ж.   - Оқу залы 3  
Аманжолов К., Рахметов К. Түркі халықтарының тарихы. 2-к. А;1997 -   - Оқу залы 3
Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы. А; 1992 ж.   - Оқу залы 2
Кәрібаев Б.Б. Түркістан және қазақ хандығы А; 1999 ж.   - Оқу залы 3
Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдағы 20-40 жылдарында. А;1994 ж.   - Оқу залы 2
Рысбеков Т.З. Өскен өлке тарихы А; 1997 ж.   - Оқу залы 2
Қонаев Д.А. Өтті дәрен осылай А; 1992 ж.   - Оқу залы 2
Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А; 1996   - Оқу залы 3

Электрондық оқулықтар тізімі:

№   Әдебиет атауы   Барлығы   Ескерту  
кітапханада   кафедрада   Студенттердің қамтылу пайызы (%) Электронды түрі  
Этнография рус.и каз. Аманжолова Д., Алаш, Алматы, 2009, 410 с. № 3 оқу залында     +  
Асфендияров. Ист Казахстана. № 3 оқу залында     +  
Атабаев К. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. № 3 оқу залында     +  
Зиманов История России и Букеевского ханства. № 3 оқу залында     +  
Рысбеков Т., Менін Қазақстаным. Орал. 2002. 162 б. № 3 оқу залында     +  
Рысбеков Т.З. Диалог с историей. Уральск. 2004. 124 с. № 3 оқу залында     +  
Мендикулова Г. Исторические судьбы казахской диаспоры. № 3 оқу залында     +  
Кенжалиев И. М. Өтемісұлы. № 3 оқу залында     +  
Кенжалиев И. И Тайманұлы . № 3 оқу залында     +  
Сдыков М.Н., История населения Западного Казахстана. Алматы. 2004, 408 с. № 3 оқу залында     +  
Мухтар А.К. Қазақ мұнайының тарихы, Алматы, 2006, 224 б. № 3 оқу залында     +  
Казахстан и ОБСЕ Монография. № 3 оқу залында     +  

5. Тақырыптық дәрістер.

1-дәрiс.

Тақырыбы: Ежелгi дәуiрдегi Қазақстан.

Дәрістің мазмұны: 1.Ежелгi дәуiр. Адамның қалыптасуы. Тас дәуiрi кезеңдерi.

2.Адамзаттың түрлерi.

3. Қола дәуірі. Қола дәуiрiне тән ескеркiштер.

Мақсаты:Студенттерге өткен тарихымыз туралы жалпылама түсінік беру.

 

1.Ежелгi дәуiр. Адамның қалыптасуы. Тас дәуiрi кезеңдерi.

Адамзат тарихы тас дәуiрi қола дәуiрi және темiр дәуiрi болып үш кезеңге бөлiнедi. Ежелгi тас дәуiрi адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердiң бiрi. Бұл кезде адамдар жерден бауырын көтерiп, екi қол еңбек әрекетiне бейiмделдi. Мұның өзi алғашқы адам iспеттес тiршiлiк иелерiнiң күнкөрiс үшiн тас құралдарын жасауына мүмкiндiк бердi. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының, ең ұзаққа созылған тас дәуiрiнiң уақытын шартты түрде белгiлеуге мұрындық болды.

Алғашқы адам тақiлеттес тiршiлiк иелерi мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңiн қамтитын ежелгi тас дәуiрi өндiргiш күштердiң өте төмен деңгейiмен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсiбiнiң мәнi табиғаттың дайын өнiмдерiн пайдаланумен шектелген. Олар өздiгiнен өсiп тұрған дәндердi, жемiс-жидектердi терiп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етiмен қоректенедi. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдiгiне, еңбек бөлiнiсiнiң жынысқа, жасқа қарап реттелуiне негiзделедi.

Палеолит дәуiрiндегi адамдар қоғамдық ұйымдасу мен дамудың ұзақ және күрделi сатысынан өттi. Оның бастапқы кезеңiнде табиғаттың дүлей күштерiнен қорғану, шабуыл жасау, аң аулау, жемiс теру үшiн бiрiгiп, белгiлi бiр тобыр құру керек болды. Рулық қарым-қатынас қалыптасқанға дейiнгi бұл әлеуметтiк құрылымда қоғамдық қатынастар дамып, жетiлмеген едi, үй шаруашылығы да болған жоқ.

2.Адамзаттың түрлерi.

Еңбекке бейiмi бар, адам тақiлеттес ең әуелгi тiршiлiк иесi ғылымда «презинджантроп»ген атпен белгiлi. Оның сүйектерiнiң қалдықтары Шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмiр сүрген. Оның миының аумағы 652 см. (куб), яғни ертедегi маймылдың миынан әжептәуiр көлемдi де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы маьта тастың сындырылған түрлерiнiң қырлары пышақ сияқты өткiрленiп, кесу үшiн пайдаланылған.

Адамзаттың дамуындағы тас дәуiрiнiң орта және соңғы кезеңдерiне сәйкес келетiн «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп және синантроп болып екiге бөлiндi. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетiлудiң оң өзгерiстерi болғаны, сонымен бiрге олардың дамуында сабақтастық бары байқалады.

Бiрiншi питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бiр миллиондай жыл бұрын өмiр сүрген. Ол «Homo habilis»-пен салыстырғанда елеулi эволюциялық өзгерiстерге ұшыраған. Ми көлемi үлкейiп, бас сүйегi мен жақ сүйектерi кiшiрейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.

Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дянь үңгiрiнен табылды. Одан синантроптың сүйектерiмен бiрге әр түрлi формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгi антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектiк дәуiр фаунасы жануарларының көп сүйектерi кездескен. Бұдан синантроптар сол кездiң өзiнде-ақ от жағуды бiлген деген қорытынды жасауға болады.

Тас дәуiрiнiң тарихында мезолит пен неолит бiздiң заманымыздан бұрынғы XII-X ғасырларды және V-III мың жылдықтардың арасын қамтиды (мезолит-орта тас дәуiрi, неолит-соңғы тас дәуiрi). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесiнiң құрамы өзгерiп, аңшылар көбiнесе бизон мен жылқы, жабайы ешкi мен киiк, қоян, үйрек аулады. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебенi ойлап шығаруы үлкен жетiстiк едi және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрiздi ұсақ қалақтар қолданылды.


<== previous lecture | next lecture ==>
ГЛОССАРИЙ 2 page | ГЛОССАРИЙ 4 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.041 s.