![]() |
ГЛОССАРИЙ 12 pageDate: 2015-10-07; view: 465. 9. Тақырыбы:Қазақстан Ресей мемлекетінің боданы. Мақсаты: Патшалы Ресейдің қазақ жерін отарлаудағы алға қойған мақсаттарын іске асыру барысында Қазақстанға жасаған озбырлықтары туралы толығырақ мәліметтер беру. Негізгі сұрақтары:
Әдістемелік нұсқау:Алдын-ала берілген тапсырма бойынша екі топқа бөліну арқылы жарыссөз ұйымдастыру (бірінші кезең), екінші кезеңде әр студенттің осы тақырып бойынша ой пікірін ортаға салу. 10. Тақырыбы:XVIII ғ-дың орта кезеңіндегі Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы. Мақсаты:Патшалы Ресейдің отарлау саясатын қолдану арқылы қазақ жеріне көрсеткен зорлық-зомбылығын ашып беру. Негізгі сұрақтары:
Әдістемелік нұсқау:Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін бұзған патшалы Ресейдің жүргізген саясаты туралы мәліметтер беретін 1997 ж. маусым айында шыққан «Қазақ тарихы» журналында жарық көрген М.Қойгелдиевтің мақаласын сараптау. 11. Тақырыбы:XVIII ғ-дың екінші жартысындағы Қазақстан. Мақсаты:Ресейдің отарлау саясатына қарсы қазақ жерінде болып өткен ұлт-азаттық көтерілістердің мақсаты мен мазмұнын тереңірек ұғындыру. Негізгі сұрақтары:
2. Бөкей хандығының құрылуының алғы шарттары. 3. Исатай, Махамбет көтерілісі, көтерілістің нәтижесі. 4. Қазақстанның саяси-әлеуметтік құрылысындағы өзгерістер. Әдістемелік нұсқау:Қазақстан жерінде болған көтерілістерге сараптама жасау, дәрістерде айтылған мәселелер жөнінде студенттердің өз пікірлерін тыңдау. 12. Тақырыбы:ХХ-ғасырдың басындағы Қазақстан Мақсаты: Столыпиннің аграрлық реформасыннан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуіне байланысты қазақтардың жері тартып алынып, қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына нұқсан келгендігін, сонымен қатар қазақ халқының хал-ахуалының нашарлағандығын документтерге сүйене отырып дәлелдеу. Негізгі сұрақтары:
Әдістемелік нұсқау:Кестелерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік пікірлерін тыңдау, жүйелеу, сараптау. 13. Тақырыбы:Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Мақсаты:Студенттерді белгілі кезеңде қазақ батырларының көрсеткен ерліктері арқылы отан сүйгіштікке баулу. Негізгі сұрақтары:
Әдістемелік нұсқау:Картаны пайдалана отырып, Отан соғысы болып өткен жерлерде қираған қалалар, түп нұсқасымен жойылған селолар туралы мәліметтер беру арқылы қажетті мәліметтер алу. 14. Тақырыбы:1960-1980 жылдардағы Қазақстан. Мақсаты:Тоталитарлық жүйенің солақай саясатының негізінде Қазақстанға жасалған зорлық-зомбылықтың басым болғандығын баса көрсету. Негізгі сұрақтары:
Әдістемелік нұсқау:Белгілікті тарихи деректерге сүйене отырып, сол кезеңдегі саяси өмірге сараптама жасау. 15. Тақырыбы:Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Мақсаты:Ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздігіміздің тұғырын нық ұстайтындай тың ойларымен дәлелдеп беру. Негізгі сұрақтары:
Әдістемелік нұсқау:Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерін оқу арқылы бүгінгі таңдағы жүргізіліп отырған саясатты дұрыс түсіне білу. Бірнеше топтар арасында пікірсайыс ұйымдастыру. ОЖСӨЖ сабағына әдістемелік нұсқау: Тақырыбы:Ежелгі адамдардың қалыптасуы. Мақсаты:Алғашқы қауымдағы адам баласының өсіп-өнуінің, кісілік жолға түсуінің бастапқы сатыларын толығымен меңгеру. Өту тәсілі:кесте түрінде. Тапсырмалар мен сұрақтар:
|